Психологтың кәсіби қызмет үлгісі


Мазмұны
Кіріспе
1 МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
1. 1 Психологтың кәсіби қызмет үлгісі
1. 2 Мектептегі педагог-психолог маманның атқаратын іс-әрекетіне сипаттама
1. 3 Мектептегі педагог-психолог маманның жоғары сынып оқушылармен атқаратын қызметінің моделі
2 МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Педагог-психолог маманның сабақтан тыс тәрбиелік іс-шаралар арқылы жоғары сынып оқушыларын жан-жақты қалыптастыру жолдары
2. 2 Тәжірибелік-педагогикалық эксперименттің нәтижесі, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қолданылған әдебиеттер тізімі
3
5
5
8
13
23
23
37
45
47
Кіріспе
Бұл мәселені талкылаудың қажеттлігі, біздің ойымызша, ең бірінші практикалық психологтың жұмысы жеке адаммен тікелей байланыстылығында. Әрине, психолог өзі толық құқығы бар жеке адам ретінде алынады. Осыған байланысты практикалық психологтың әлеуметтік мәніне сай көптеген мәселелер туындайды, мысалы, оның жұмысының тиімділігінің көрінісі, мамандығының дәрежесі, айналып келгенде практикалық психологтардың кәсіби дайындығы. Осыған орай, көптеген мәселелер психологтардың барлық елдерде кеңінен таралуы кәсіби және әдептілік кодекстері арқылы шешіледі. Практикалық психологтардың іс-тәжірибесінің мәнін аша білу үшін, оның жұмысының іс-әрекетіне психологтың жұмыс барысында айрықшаланып тұратын, он түрлі негізгі кәсіби қызметінің сапасы, біздін ойымызша, оның жеке басының алатын орнын нақты анықтауға және оның кәсіби дайындық барысындағы «Мен-тұжырымдамасын» белгілеуге мүмкіндік береді.
Нарықтық қатынастар орныға бастаған егемен еліміздегі білім мекемелерінің алдына оқушыларға берілетін білім мен тәрбие сапасын көтеру және жақсарту міндеттері қойылды. Соңғы уақытта заман ағымына байланысты білім мазмұнында көптеген түбегейлі өзгерістер болуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы заңында” [1], “Қазақстан Республикасы азаматтарының жаңа әлеуметтік мінез- құлқын қалыптастыру” [2], “Қазақстан Республикасы мәдени-этникалық білім беру” [3], “Білім мазмұнын гуманитарландыру” [4] тұжырымдамаларында білім беру ісінде жаңа рухани-мәдени құндылықтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып өсуіне жағдай жасау, кәсіби білім берудің сапасын көтруге кең жол ашу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру Мемлекеттік бағдарламасы қазіргі ақпараттық-коммуникациялық технологияларға бағдарланған болашақ мамандардың ақпараттық мәдениеті мен педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерінің қалыптасуына объективті жағдай туғызуда. Бүгінгі білім саласында Республикалық білім кеңістігін әлемдік деңгейге жеткізуге ұмтылыс барысында оқушыларға педагогикалық -психологиялық дайындықтың қажет екендігі мәлім.
Олай болса, қазір қоғам алдындағы негізгі міндеттердің бірі - заман сұранысына сай оқу-ағарту, тәрбие мәселелерін сараптай келе ауыл жәнеи кейбір қала мектептерінде педагог-психолог қызметін сағат саны жетпей қалған пән мұғалімдері мен басқа сала мамандары атқарды. Бұл мамандар педагог-психолог қызметін өз деңгейінде атқара алмайтыны кімге болса да мәлім.
Осындай себептерден кейін оқушылармен педагогикалық-психологиялық жұмыс жасайтын, психологиялық кеңес беретін, тұлғалық, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда мектепте педагог-психолог маманнының қажеттілігі туындап, штаттар мен арнайы бөлмелер ашыла бастады.
Зерттеу барысында айқындағанымыздай бұл өзекті тың тақырып бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде шешімін таппаған. Сондықтан, мектептерде педагог-психологтың қызметінің өз дәрежесінде іске асырылмауы мен аталмыш мәселенің бүгінгі сұранысқа қажеттілігі арасындағы қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы қайшылықты ескере отырып, ғылыми-зерттеу жұмысының тақырыбын “Мектеп психологының кәсіби даярлық мәселесі” -деп таңдап толық мәлімет беру үшін жоғары сынып оқушыларын зерттеуді жөн көрдік.
Зерттеу объектісі: Жалпы білім беретін мектептердегі педагог-психологтың іс-әрекеті .
Зерттеу пәні: Жоғары сынып оқушыларымен педагог-психолог қызметінің жүйесі.
Зерттеу мақсаты: қазіргі мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен педагог-психологтың кәсіби даярлығын теориялық тұрғыда негіздеу және оны тәжірибеде қолданудың тиімді жолдарын белгілеу.
Зерттеудің міндеттері:
- жоғары сынып оқушыларына педагогикалық-психологиялық жеке көмек беру;
- педагогикалық, психологиялық ғылыми еңбектерді негізге ала отырып, жоғары сынып оқушыларының жан-жақты, тұлғалық, жеке даралық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету;
- мектеп әкімшілігімен сынып жетекшілерінің және ата-аналардың сұраныстары бойынша педагогикалық-психологиялық қызмет, психологиялық сақтандыру, диагностикалық түзету, психокоррекциялық жаттығулар, кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
Зерттеудің болжамы: Егер, мектептегі педагог-психологтың қызметі ғылыми теориялық тұрғыда негізделсе, онда оқушылардың білім сапасы артып, жоғары мәдениетті оқушы тұлғасының қалыптасуына мүмкіндігін тигізер еді.
Зерттеудің негізгі ойы. Қазіргі ақпараттық ғасырда мектепте қызмет жасайтын педагог-психолог мамандардың оқушыларды жан-жақты дамытуы компьютер, интернет, жаңа оқыту технологиялары және қарым-қатынас құралдарымен тығыз байланысты. Педагог-психолог мамандар бұл ақпаратпен өзін-өзі қамтамассыз ету арқылы өзінің іскерлігін, белсенділігін, білімділігін, мәдениетін, жалпы айтқанда ғылымми көзқарасын дамытып, оқушылардың оқу-тәрбие сапасының жақсаруына тиімділігін тигізіп, адами-құндылық қасиеттерінің қалыптасуына ықпал етер еді.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы: Мектептерге педагог-психолог мамандардың қажеттілігі ғылыми тұрғыдан дәлелденіп, атқаратын қызметінің моделі дайындалып, тәжірибелік эксперименттер жүргізілді.
Курстық жұмысының құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттері тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 МЕКТЕП ПСИХОЛОГЫНЫҢ КӘСІБИ ДАЯРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
1. 1 Психологтың кәсіби қызмет үлгісі
Сонымен өз ісіне білікті психологтың кәсіби қызметінің төмендегідей белгілермен айырықшаланатынын тәжірибеде кеңінен қолданылып жүрген ТМД әдебиеттеріндегі материалдарға сүйенеміз.
Ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамды оның мақсаттарын анықтап көрсететін мінез-құлық болу керек екендігін мейлінше мүмкіндіктерін ашып береді. Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамға мақсаты айқын мәдени-өнімділік тұлға болу, яғни жалпы мәдениет барысында өмірге икемді, алдағы атқаратын істерін толық сезе білетін, өміріне көзқарасы қажетті дәреже танытатын адам деп түсіне алады. Басқа сөзбен айтқанда, өз ісіне білікті психолог психологиялық тұрғыда көмек көрсетуді өзіне көңіл аударған адамның қарым-қатынас жасау барысында атқаратын психологиялық көмек деп қарастырады.
- Өз ісіне білікті емес психолог өзіне көңіл аударған адамды тек өзінің жеке мақсаттарына пайдалану мақсатын ғана көздейді. Мысалы, психолог өзіне көңіл аударған адамға өз мамандығын жете меңгерген кәсіп иесі екендігін көрсете алудың орнына немесе өз ой түйіні арқылы өзіне көңіл аударған адамның түсініктерін түгелдей жоққа шығарып, мән-мағынаның бәрін жойып жібереді.
- Өз ісіне білікті емес психолог психологиялық көмек көрсету мақсатын өзінің «Мен-тұжырымдамасы» арқылы құруға тырысады. Басқа сөзбен айтқанда, өзіне қөңіл аударған адамның «Мен-тұжырымдамасын» жоққа шығарып, оның құқықты қолдану жүзеге асыруға ықыласты білдірмейді. Өз ісіне білікті емес психолог - бұл мақсатын көздейді, өзінің бойындағы ерекшеліктерін іске асыру үшін қолданады. Клиенттің қобалжуына, мазасыздануына алып келеді.
- Өз ісіне білікті психолог вербальды және вербальды емес кең көлемді мәселелер мен жағдайлар барысында өз мінез-құлық ерекшеліктеріне жауап қайтарып, назар аударуды таба білуі керек.
- Өз ісіне білікті емес психолог мінез-құлықтың әдеттегі барысына сай мән беруге икемді емес.
- Өз ісіне білікті психолог жағдайларға байланысты клиенттің әрекеттеріне баға беруге, тек өз пікірін айтуға ұмтылмайды.
- Өз ісіне білікті емес психолог үшін клиенттің әрекеті бір қалыпты, жаттанды болып көрінуі мүмкін.
- Өз ісіне білікті психолог өз зерттеулеріндегі мәселенің және жеке адамға әрекет етудің күрделілігін және оларды бір тұжырымдаманың шеңберінде ғана қарап зерттеудің мүмкін еместігін түсінеді, өйткені жұмыс барысында көптеген тұжырымдамаларды түсініп, пайдалануға тырысады.
- Өз ісіне білікті емес психологтың анық тұжырымдамасы болмайды, өзінің практикалық қызметіндегі жағдайларға көңіл аудара алмайды, өз жұмысын белгілі бір шеңбердің ішінде шектейді. Осындай бір сарынды тұжырымдаманың мазмұны оған көп жағдайда түсініксіз болып қала береді.
- Өз ісіне білікті психолог көптеген ойларды, сөздерді және өзінің мәдениет тұрғысында тәртібінің үлгісін басқа мәдениеттің шеңберіндегі үлгілерімен шығаруға тырысады. Оның жеке басының және мәдениетінің дәрежесі, байқағыштығы мәдени бағытта іс-әрекетті атқара алуының негізі болып табылады. Мұның өзі өзіне көңіл аударған адамның (клиент) тіршілігіне араласа отырып, мәселелерді бірлесіп шешуіне жол ашады және де мұның өзі өз ісіне білікті психологқа бұрынғы түсінігінен бөлек өмір жолын табуға мүмкіндік береді. Сөйтіп, өз ісіне білікті психолог мәдени іс өнімділігін «Мен» деген тұжырымдаманың негізінде емес, өзіне көңіл аударған адаммен өзара қатынасқа байланысты. Жоғарғы мәдениеттілікті көрсететін практикалық психолог кәсібіне негізделген байланыстарға байланысты жүзеге асырады.
- Өз ісіне білікті емес психолог «Мен» деген тұжырымдаманың мазмұны арқылы түсінетін бір шеңбер ішінде ғана іс-әрекет атқаруға шамасы келеді, ол өзінің мәдени өнімді іс-әрекетін жалпы мәдениеттің нормалары, мінез-құлықтың стандартты деп түсінеді.
- Өз ісіне білікті психолог жұмыстағы құпия сақтай алуы әр уақытта көрініп тұрады. Осы псилогиялық бағдарламаның мазмұнына және өзіне көңіл аударушының маңыздылығына бірден көңіл аударып отырады. Сондай-ақ, психологиялық ақпаратты тапсырушыны, өзіне көңіл аударушыны және психологиялық ақпаратпен пайдаланушы бір-бірінен нақты ажырата алады.
- Өз ісіне білікті психолог кәсіби қызметті барысында барлық қатысушылардың жауапкершілік шегін дұрыс түсінеді және оларды заң жүзіңде бір-бірінен дұрыс ажыратып отыру жауапкершілігін жүзеге асырады.
- Өз ісіне білікті емес психолог құпиялықты сақтай алмайды, психологиялық ақпараттарды таратып жіберуге, оларды сақтай алмауға икемділік танытады.
- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби қызметіне үнемі көңіл бөліп, өз мүмкіндіктері мен мамандық дәрәжесін дұрыс бағалай алады. Өз мүмкіндіктерін дұрыс түсініп, соның шеңберінде жұмыс істейді. Өзіне ұқсас әріптестермен психиатрлармен, терапевт-дәрігерлермен, психоневрологтармен, нейропсихологтармен және басқалармен бірігіп жұмыс істей алады. Өз ісіне білікті психолог өз жұмысына жеке басының «Мен тұжырымдамасын» қолданудан аулақ тұрады. Оны тек қана кәсіби бағытта өсудің бір мүмкіндігі ғана деп санайды.
- Өз ісіне білікті психолог өзінің кәсіби бағытта өсу мәселесіне өз әріптестерімен кәсіби түрде қарым-қатынас жасаудың қажеттігі бар деп қарайды.
- Өз ісіне білікті психолог өзіне көңіл аударған адамдарға: «Мен, бұл мәселелер төңірінде жұмыс істеймін»- дегені оның өз ісіне жете білмейтіндігін көрсетпейді, керісінше, сыпайылық танытып, бейтаныс істерден шектей отырып, өзі үшін де тәжірибе жүзінде орынды үлгіні көрсетеді.
- Өз ісіне білікті емес психолог жауапсыз жұмыс істеп, кез-келген жұмысты қолға алады, іс жүзінде қолданыла алмайтын мәселелерге барады. Басқа өз ісіне білікті кәсіби дәрежесін танытамын деп, өз пікірі бойынша ғана жұмыс істеуді қарастырып, өзінің «Мен тұжырымдамасын» психологиялық ақпараттың қайнар көзі деп санайды. Оның бұл мәселе төңірегіндегі көзқарасы: «психолог ретінде менің жасағандарым қалайда, әрі әр кезеңде дұрыс, өйткені, мен солай деп санаймын»- деген сенімді ойда болады.
- Өз ісіне білікті психолог оның іс-әрекеті өзіне көңіл аударған адамдарға әсер ете алады және де керісінше клиенттің өзіне әсерін өз сезіміндей және мүмкіндігіндей, ықыласындай ескеріп, айқындайды, әрі түсінуге тырысады. Өз ісіне білікті психолог мұны өзіне көңіл аударған адамға мұның бәрінің әсер ету, бір-біріне өзара әсер ететіндігі маңызды нәрсе, яғни мұның өзі ойларда, сезімдерде, тілектер мен мүмкіндіктерде болатын өзгерістерді көрсетеді.
- Өз ісіне білікті емес психолог үшін тұлғааралық және өзара әсер етуде түсінушілік болмайды. Ол өз іс-әрекетінің барысында тек тікелей әсер етудің бейнесін бір жақты байқайды және көреді. Сөйтіп, өз ісіне білікті емес психолог «Мен тұжырымдамасын» және оның дәрежесін жоғары қойып, көңіл аударған адаммен есептеспей, өзінің ойын ерекше бөліп көрсетуге тырысады. Ал, өз ісіне білікті психолог өзінің «Мен тұжырымдамасының» мазмұнын және оның клиентпен өзара әрекеттегі қосылу дәрежесін бөліп, айырықша атап қарамайды.
Психологтың жұмысында адамның жетістігі өзіндік құндылығымен сипатталады. Өз ісіне білікті психолог үшін өзіне көңіл аударған адамның адамгершілігін сыйлау, оның сол адаммен қарым-қатынас жасау барысындағы, оған психологиялық ақпараттар беруде пайдаланудағы аксиома болып табылады. Өз ісіне білікті психологтың жұмысының бір көрінісі өзіне көңіл аударған адамға психологиялық ақпаратты жеткізу ең басты нәрсе.
- Өз ісіне білікті емес психолог үшін өзіне көңіл аударған адамға сыйластық көрсетпеу оның қызметінің рефлексиясы болып саналмайды, ол өзінің жұмысы барысында басқа адамдарға деген менмендік көрсетуге, керек болса мазақ ету қатынасына баруы оның кәсіби рефлексиясының пәні болып табылмайды. Ол басқаларға үстінен қарау позициясын көрсетуі өз кәсібін өте жоғары санауына икемді екенін көрсетеді.
- Өз ісіне білікті емес психологтар үшін психологиялық ақпараттарды беру мен қабылдау барысында арнайы кәсіби мәселелер болмайды. Ол көп жағдайда жалған пікірлермен немесе арнайы терминдермен араластыра отырып, өзінің мықтылығын айырықша көрсеткендігін байқатады.
- Өз ісіне білікті психологтың жұмысында жалпылама теория маңызды орын алады. Бұл жалпылама ғылыми білім өз жұмысының барысындағы жаңа теориялар мен жаңа қағидаларды үнемі жүзеге асыруды талап етеді. Өз ісіне білікті психолог оларды негізінде психологиялық көмек көрсетудің өзіндік тұжырымдамасын дамытады. Ол бір ғана теорияны ұстанғанмен жаңа білімдерді игеруге, ұқсас көзқарастарды қабылдауға икемділік танытып, өзінің практикалық жұмыс барысында жүйелі жолға көшуге тырысады.
- Өз ісіне білікті емес психолог бір ғана өзіне танымалы теориямен жүруді көздеп, альтернативтік ойларға көңіл аудармайды, ол басқа көзқарастарға жүйе ретінде талдау жасай алмайды, басқаша айтқанда өз ісіне білікті емес психологтың қорытындыланған теориясы өзінің жеке ойының нәтижесі емес.
- Өз ісіне білікті психологтың жалпылама теорияға қатынасы - сол теорияны шындықтық көрінісі деп түсінумен сипатталады. Осыдан оның мәдени және жыныстық тиістіліктен туындайтын ойлау мәнерін дұрыс көріп байқайды және түсінеді. Ол теорияны адамның мәдени және жыныстық тиістілігіне байланысты жетілдіретін және өзгертетін, ойлаудың тәсілі деп қарастырады. Осыған орай, өз ісіне білікті психологтың қатынасы өз мәнерінде кез-келген теорияны ойлауда адам өмірінің психикалық шындығын, сондай-ақ мәдени және жыныстық тиістіліктің шындығын бейнелейтін кезеңдерде бөліп қарауға негізделген. Басқа сөзбен айтқанда өз ісіне білікті психолог кез-келген теорияда оның пәні мен тәсілдерін сипатталуы бар екенін түсінеді, егер пән (адамдардың ішкі дүниесі) барлық зерттеушілер үшін біреу болса, онда оны сипаттау тәсілі, талдауы, жалпыламалауы барлық авторлар үшін әр түрлі болып келеді. Ол мұны өз теориясын қорытындылағанда көрінетіндіктен, басқа теориялармен салыстыра алады.
- Өз ісінің білікті емес психолог әр түрлі теорияның авторларына қарсы шығып, теорияның заты мен әдістерін жеке көрсете алмайды. Ол үшін өз теориясын басқа авторлардың теориясымен салыстырып қарау мәселесі ескерілмейді. Өз ісіне берік психолог позициясы кәсіби рефлекске құрылады, ал өз ісінің берік емес психологтың позициясы Мен-концепциясына құрылады. Мұны мына төмендегідей формуламен көрсетуге болады.
ПБП (практикалық білікті психолог) - (жалпылама теория; Мен-психолог; «Мен-тұжырымдама»), бұл жерде ПБП өз ісіне білікті психологтың позициясы. Ол жалпылама теорияның рефлексиясына, оның кәсібіне қатынасы, мен-тұжырымдама мазмұны рефлексиясы дегенді білдіреді.
ПБК (Мен-психолог; Мен-тұжырымдама), бұл жерде өзіне көңіл аударған адаммен қарым-қатынас мәнісі (Мен) практикалық психологтың Мен-тұжырымдамасының мазмұнымен анықталады.
Бұл формуларлық негізінде сипаттау өз ісіне білікті практикалық психологтың күрделілік дәрежесіне қарай оның жұмысын ұшқыштың жұмысына тең келетін күрделі сәт. Мұның өзі тұрақты кәсіби рефлексияның өзіне көңіл аударған адаммен /тұрақты/ қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі, яғни кәсіби нақты әрекет жасай отырып, пайдалы психологиялық көмек көрсетудің көрінісі деп айтуга болады.
1. 2 Мектептегі педагог-психолог маманның атқаратын іс-әрекетіне сипаттама
Педагог- психологтың іс-әрекет - бұл кәсіби іс-әрекет, оның мазмұны оқушыларға білім беру, оқыту, тәрбиелеу, психологиялық кеңес беру және т. б. қызметтер көрсету.
Педагогикалық- психологиялық іс-әрекеттің ең маңызды қасиеттерінің бірі - бұл іс-әрекетте педагогтың өзін-өзі шыңдауы мен оқытуға бағытталған білімділігі, тәртіптілігі, дамытуы.
Кәсіби іс-әрекет арнайы білімді талап етеді, яғни, сол кәсіпке байланысты қызмет атқаруға қажетті арнайы білім, білік, дағдылар жүйесін меңгеру. Бұл білім-біліктерді меңгере отырып, теориялық және практикалық педагогиканы меңгересіздер; іс-єрекеттің жоғары нәтиже алу үшін, кәсіпкерліктің жоғары деңгейіне жету үшін қажет білімдермен қаруланып шыңдаласыздар.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекетпен шұғылданатын адамды: тєрбиеші, мұғалім, оқытушы, педагог деп атайды.
Ойланып көрңіздер, педагогикалық іс-әрекет ауқымы қандай кең, осы іс-әрекет арқылы қанша адам өтеді?
Отбасында оқытады, тәрбиелейді (ата-ана, єже мен ата, бала бағушы, репетиторлар, үй мұғалімдері) ; балабақшада оқытады, тәрбиелейді (тәрбиешілер, үйірме жетекшілері, т. б. ) ; мектепте оқытады, тєрбиелейді (педагог-психологтар, сынып жетекшілері, ұзартылған топ педагогтары, қосымша білім беретін педагогтар, т. б) . Сондықтан өсіп келе жатќан адам балалық шағынан бастап, көптеген адамдардың педагогикалық іс-әрекеттің нысаны болып табылады [29] .
Әрбір педагог-психолог мамандығын алып шыққан соң, өмірде өз білімін тереңдетіп, мамандығын көтеріп, іс-әрекетін өзгертеді, тіпті әртүрлі себептерге байланысты мамандығын да өзгертуге тура келеді. Осыған орай, ол әр түрлі курстарда оқып, білім жетілдіру институттарында білім алады, жаңа және қосымша білім алады және педагогикалық іс-әрекетке түседі. Яғни, бірде бір адам педагогикалық іс-әрекет нысаны болмай өмір сүре алмайды екен.
Енді іс-әрекеттің шығуына, пайда болуына келейік. Бұл іс-әрекет қашан пайда болды? Осы сұраққа жауап беруге бола ма? Жауапты педагогика, психология сөздігінен қарастырсақ, онда Антикалық Грецияда алғашқы мектептер ашылып, сауаттылық, білімділік азаматтардың ерікті қабілет-қасиеті болып есептеле басталды. Мұнда мектепке барар алдында ерікті азаматтардың балалары отбасылық тәрбие алған. Құл иеленшілердің балаларын репетиторларға құлдар жетектеп апарған. Осыдан баланы жетектейтін - педагогика пайда болған.
Ғалымдар былай деп есептейді: тәрбие мен оқыту адамдардың әлеуметтік-мәдени іс-әрекеттерінің маңызды түріне жатады.
Педагогикалық іс-әрекеттің тууы, оның кәсібилігі, арнайы білімдер мен біліктіліктерді меңгеруі сауаттылық, жазу пайда болуымен байланысты. Ауызша берілген тәрбие жазу арқылы бекітілген.
Ал таным тарихындағы іс-әрекет ұғымына келетін болсақ олекі түрлі мәнде болады біріншіден, дүниеге көзқарастық ұстанымы ретінде, екіншіден, әр түрлі әлеуметтік ғылымдарға негіз болған.
ХХ ғасырда әлеуметтік өмір формалары мен мәдени құндылықтардың пайда болуының негізі, қайнар көзі іс-әрекет деп қарайтын ұстанымы бірқатар әлеуметтік ғылымдардың қалыптасып дамуына негіз болды. Күнделікті өмірде „іс-әрекет“ сөзі - еңбек, іс деген қарапайым ұғымды білдіреді. Ал ғылымда адамның болмысымен байланысты қарастырылады, онымен ғылымның бірнеше салалары: философия, психология, тарих, мәдениеттану, педагогика жєне т. с. с. шұғылданады. Ал, Л. А. Беляеваның пікірінше, «Педагогикалық іс-әрекет - педагогикалық шындық болмысының тәсілі. Педагогикалық іс-әрекеттен тыс тәрбие туралы да, педагогикалық шындықтың басқа құбылыстары туралы да айтуға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz