ТАБИҒАТТАНУДЫ ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ТАБИҒАТТАНУ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
1.1 "Табиғаттану" ұғымының ғылыми негізі
1.2 Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен сабақтастығы

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛ МЕЗГІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілі әдістемесінің зерттелу тарихы
2.2 Қазіргі кездегі мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілі туралы ұғымын қалыптастыру жолдары

3 ТАБИҒАТТАНУДЫ ОҚЫТУДА ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
3.1 Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттану материалдарын балаларға тиянақты меңгерту жолдары
3.2 Табиғаттану сабақтарында ойын тәсілдерін және танымдық материалдарды пайдалану

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3

5
5

8

13

13

16

22

22

25

28
30

КІРІСПЕ

Бүгінгі танда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі -- оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын білім мазмұнын жетілдіру. Білім -- табиғаттанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтана түседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам, табиғат, қоғам -- біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және оларды үнемі бірлікте дамитынын балалар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі жолға қойылып отыр. Өйткені табиғаттануды мектепке дейінгі мекемеде оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды. Әртүрлі оқу әрекеттері нәтижесінде олар дүниені біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау арқылы санасында білім қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.
"Дүниетаным", "таным", "қазақ дүниетанымы" саласында көптеген құнды ой-пікірлер мен көзқарастар философ ғалымдардың (С.Б.Крымский, Б.М.Кедров, Ә.Нысанбаев, А.Қасабеков, М.Орынбеков, Ж.Алтаев, Кішібеков және т.б.) еңбектерінде жан-жақты талқыланып келеді.
Г.И.Шукина оқып білу жаңадан шындық ашу емес, бұрыннан белгілі адам тәжірибесінен өткен шындықтардың жиынтығын меңгеру. Сондықтан бұл шындықтарды балалар санасына жеткізу үшін ең алдымен тәрбиешілер осы білімдерді шәкіртке жеткізудің әдіс-тәсілдерін меңгеруі керек деп дәлелдейді. Б.П.Баранов оқытуды жеке бастың психологиялық дамуын тездету үшін және тірі табиғаттың бұрыннан белгілі заңдылықтарын балаларға меңгерту үшін жасанды ұйымдастырылған танымдық іс-әрекеттердің жиынтығы деп санайды. Осы жайында тіпті өз кезінде Я.А.Коменский болса, "мүмкіндігінше адамдар білімді кітап бойынша ғана емес аспаннан, жерден, еменнен, жөкеден, яғни, басқа біреудің байқағанынан, не сол жайында берген мәлімдемесінен емес, заттың өзінен алсын" -- деп тұжырымдайды.
Балалардың танымдық әрекетін арттыруда проблемалық оқытудың атқаратын ролінің ерекше екендігін, оны ұйымдастыру әдістері балалардың ойлау процесі мен ізденушілік әрекетінің дамуына елеулі әсерін тигізетінін қазақтың белгілі дидактері И.Нұғыманов, Т. Сабыров және т.б. өз еңбектерінде дәлелдеп отыр. Бұл пікірлер оқытудың басты мақсаты -- балаларға айқын дүние зандылықтарын, фактілерін таныту деген түсінік береді.
Әлбетте, бұл пікірлермен толығымен келісуге болады. Өйткені, қоршаған заттар мен құбылыстар жайында білім алу, оны нақты қабылдау барысында балалар әртүрлі оқу әрекеттерін қолданады. Алдымен затты не құбылысты көру әрекеті арқылы түрі, түсі, пішінін, көлемін анықтап, таныса, ұстап сезіну әрекеті арқылы оның күйін, қатты-жұмсақтығын және басқа да сапасын айқындау, онан әрі затты не құбылысты бақылау іс-әрекеттері негізінде ой қорытып, заттарды салыстырып, айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Міне, осындай түрлі таным әрекеттері нәтижесінде балалар затты не құбылысты қабылдайды және олардың ғылыми ұғымның негізі қаланады. Осы аталған әрекеттер арқылы түсінік алған балаларда келешекте эмоциялық, іскерлік, интеллектуалдық дағдылардың дамуына жағдай туады.
Зерттеу проблемасы саласында жарық көрген арнайы ғылыми еңбектерге, оқу-әдістемелік құралдарға, олардың мектепке дейінгі мекеме балаларының оқу-тәрбие процесіне сіңірілу тәжірибесіне жасаған талдау барысында табиғаттануды оқытудың теориялық негізіне байланысты кемшіліктер жағдайлар байқалды:
- балалар дүниетанымын қалыптастырып, оларға қоршаған дүниеден ғылыми және экологиялық білім негізін меңгертуде пәннің маңызы сараланғанмен, осы кезге дейін осы бағдарламалық талаптардың өз деңгейінде жүзеге аспай отырғаны;
- мектепке дейінгі мекемеде табиғаттан берілетін білімнің адам өмірімен, қоғаммен байланысы толық ашылмағандығы, мектептердің үнемі аударма оқулықтарды пайдаланумен шектеліп келгендігі;
- балалардың шығармашылық белсенділігін арттыратын өздігінен жұмыс істеу әрекеттерін ұйымдастыруға негіз болып, бағыт беретін оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеуге арналған әдістемелік жұмыстардың жеткіліксіздігі;
Бүгінгі күні білім мазмұнын кіріктіріп оқыту арқылы оның ғылыми деңгейін көтеру мәселесі қойылып отырған жағдайда мектепке дейінгі мекемеде балаларға табиғат, адам, қоғам жайында беретін білім негізінде олардың дүние танымын қалыптастыру үшін табиғаттануды оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасау орынды талаптардың бірі.
Курстық жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілі әдістемесін талдау.
Осыған орай, мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- мектепке дейінгі мекемеде табиғаттану сабақтарын ұйымдастыруды талдау;
- мектепке дейінгі мекемеде табиғаттануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен сабақтастығын қарастыру;
- мектеп жасына дейінгі балаларға жыл мезгілі туралы түсінік беру;
- мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілі әдістемесінің зерттелу тарихын зерделеу;
- қазіргі кездегі мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілі туралы ұғымын қалыптастыру жолдарын талдау;
- мектепке дейінгі мекемеде табиғаттану материалдарын балаларға тиянақты меңгерту жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ТАБИҒАТТАНУ САБАҚТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ

1.1 "Табиғаттану" ұғымының ғылыми негізі

Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі республикамыздағы "Білім туралы" заңының қабылдануы.
Президент Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" атты Қазақстан халқына Жолдауында болашақ қоғам мүшелері -- жастардың қавдай болуға тиіс екендігін айта келіп, "Біздің балаларымыз білігі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, магазиндердің иелері, тәрбиешілер мен дәрігерлер, зауыттар мен фабрикалардың иелері, биржа делдалдары және спортшылары болады. Олар мұнай, газ бен электр қуатын, тамақ өнімдерін өндіретін, әрі олармен әлемдік экономиканы қамтамасыз ететін болады...", -- дейді.
Жастардың болашаққа деген бағыт-бағдары отбасында, мектепке дейінгі мекеме қабырғасында, Жалпы қоғамдық деңгейде алсақ, бүкіл қоршаған дүние ортасында қалыптасады. Әрине, қоршаған дүниенің әр саласының көзқарасқа тигізетін әсері, беретін білімі, тәрбиеге ықпалы әртүрлі. Мемлекетіміз осының бәрін ескеріп, білім беру жүйесін баса дамытуға, оның дүниежүзілік деңгейге көтерілуіне аса мән беруде. Осындай аса маңызды сенім жүктеліп отырған жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға сапалы білім беру, саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеру оқу-ағарту саласының үлесіне тиеді.
Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды. Білімнің әрбір бөлігі балалар дүниетанымын қалыптастыруға септігін тигізіп, олардың әлем туралы ой жүйесін дамытуға негіз салуы тиіс. Орта білім стандартында "Мектепке дейінгі мекеменің әрбір саласында жеке тұлғаны дамыту міндетіне сай білім мазмұнының толық жүзеге асуын қамтамасыз ету" талабы қойылып отыр. Мұнда әсіресе, балалардың дүниетанымын қалыптастыру мәселесі басты орынды алмақ.
"Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз -- айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктін мәні, мағынасы туралы көзқарастың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы". Дүниетанымның көзі -- білім. Білім неғұрлым тереңдеген сайын дүниетаным да қалыптасып, тұрақтанады. Мектепке дейінгі мекеме қабырғасыңца алған білімнің шындығы мен ғылымилығы практика жүзінде қолдану барысында айқындала түспек. Осы арқылы адам, заттар, құбылыстар арасындағы қарым-қатынас пайда болады.
"Адамзаттың, қоғамның пайда болып қалыптасуы қоршаған табиғи ортаның қажетті алғы шарттардың, жағдайлардың болуына байланысты...", "...адамның өмір тіршілігінің қызмет әрекетінің негізі табиғат заттары мен табиғи процестер" -- дейді, философтар Д.Кішібеков пен Ү.Сыдықов. Табиғатты танып, білу, игеру барысында адам тірі табиғатқа ауқымды, қуатты ықпал ете алатын күш екенін және осы қарым-қатынас барысында дүниетанымы қалыптасатынын АТ.Спиркин, В.С.Степин, Д.П.Горский, А.П.Шептулин, А.Ф.Файзуллаев еңбектері де әр саладан дәлелдейді. Адам тіршілігінің көзі -- табиғат. Осы табиғат заттары туралы оқып, оны танып білу арқылы адам сол табиғатпен қатынасқа түседі, оның заттарын пайдаланып, екінші бір қолдан жасалған заттар шығарады. "Екінші затты жасау үшін ол ақылын, білімін жұмсайды, соның нәтижесінде "екінші табиғат" заттары пайда болады. Бұл "екінші табиғат" дүниелері қоғамның дамуына тікелей әсер етеді. Табиғат заттары туралы ғана емес, оның құбылыстары жайында ұққандарын да ой елегінен өткізіп, табиғаттың даму зандылықтарын ашатын да -- адам. Мұндай жетістіктерге ол тірі табиғатқа бақылау жүргізу, ой қорыту, ғылыми-зерттеулер жүргізу нәтижесінде жетеді.
Табиғат заттарын оқып білу арқылы адам табиғат байлығын керегіне пайдаланады. Сонымен қатар бүкіл білімін, дағдысын, шеберлігін жұмсап, оны өндіру үшін еңбек етеді. Осының нәтижесінде жасалған заттарды әлеуметтік өмірде қолданып, қажетіне жаратады.
Ғылым мен техника дамыған сайын әлеуметтік өмір деңгейі де өзгереді. Осының бәрі табиғат байлығын игерудегі адам миы мен күшінің жұмысы. Адам табиғат, қоғам -- біртұтас дүние. Тұтас дүниені өз мәнінде бір-бірімен байланысты қабылдау таным үрдісі арқылы жүзеге асады.
Табиғаттану ұғымы диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығына сүйенбей өте алмайды. Дүние -- ол тек бізді қоршаған табиғат қана емес, ол -- адам, адам мен адамның қарым-қатысы, ол -- табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол -- қоғам. Әр қоғамның өркендеуіне адамның ойы мен білімі қандай керек болса, табиғат пен оның байлығы да сондай керек. Осының өзі дүниенің бір-бірімен байланысты дамитын, оны бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын орта екенін көрсетеді.
Табиғаттану -- "дүние" және "тану" деп аталатын екі бөліктен тұрады. Алдымен нені танып-білу керектігін анықтауымыз керек. Балаларға танытқалы отырғанымыз -- дүние. Сол дүниені танып-білу әдістері мен оларды қаруландыру жолын іздестіріп, тиімділерін іс жүзінде қолдануға ұсынбақпыз. Дүние -- қоршаған орта, табиғат, бүкіл әлем, олай болса бұған енбейтін, оның құрамына кірмейтін бірде бір зат не құбылыс жоқ. Адам дүниені өмір бойы танып, білумен, оның таусылмас ерекшеліктерін бақылап, байқаумен айналысатыны анық. Бірақ оның сырын түгел біліп шегіне шыға меңгеру мүмкін емес. Дүниені өз дәрежесінде танып-білу әр адамның меңгерген білім деңгейі мен оның мазмұнына байланысты жүзеге асады.
Адамның әрбір даму кезеңіне байланысты дүниені тану шеңбері мен оның мәнін ұғыну дәрежесі тереңдей түседі. Әр кезеңнің психологиялық ерекшелігіне байланысты дүние тану мүмкіндігі де өзгереді. Дүниені өз мәнінде тану үшін адамның санасы, ой-пікірі, білім деңгейі дамуы керек. Керісінше дүниені танып-білуге байланысты білім көлемі мен ұғым деңгейі, сана-сезімі кеңейе түседі, адамның көзқарасы қалыптасады. Сөйтіп, диалектикалық дамудың қарама-қарсылығы мен біртұтастығы жүзеге асады. "Материалды дүниеге айналадағы қоршаған заттардың бәрі, яғни адамның санасынан, ой-жүйесінен тысқары, әрі одан тәуелсіз, объективті түрде өмір сүретіннің бәрі жатады".
Қоршаған дүниені білу танымға байланысты. Таным -- адам санасын дамытуды" негізі және ол арқылы адам өзін тірі табиғатты игеруге де үйренеді.
"Таным" -- философиялық ұғым, "...айналадағы материалдық шындықты" адам санасында бейнеленуі". Қоршаған дүние объективті түрде өмір сүретін болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну арқьыы сезім мүшелерімізге материалдық заттар әсер етеді де, біз оларды қабылдаймыз. Қабылданған дүниені танып білеміз. Сезім арқылы таныған дүниені ғылыми біліммен байланыстырғанда ғана білім қалыптасады. Қабылдау барысында сыртқы сезім мен ішкі сезімдер біріге отырып, танымды нақтылай түседі. Сезінуді ойлау процесі құптау арқылы танымның логикалық формасы дамиды.
Адам баласы таным арқылы білмеуден білуге көшіп отырады. Ол затты құбылысты танығаннан кейін, енді таныс емес-терін білуге ұмтылады, ізденеді. Сөйтіп, әлде де толық емес білім, толығырақ, дәлірек білімге қарай дамиды. Тану үшін адам дүниеге белсенді әсер етеді, оған ықпал жасап, өзгертеді, екінші зат өндіреді, соның нәтижесінде өзі де өзгереді.
Таным арқылы заттар мен құбылыстардың басты белгілері, ұқсастықтары мен айырмашылықтары жайындағы бейнелі қабылдау нәтижесінде ұғым туады. "Таным... практикалық қызмет барысында іске асады".
Осылайша таным нақты дүниеге, тірі табиғатта бар заттарға негізделсе, оны өз мәнінде танып-білу үшін ғылым керек. Дүниетанымды қалыптастыру үшін биологиялық, химиялық, тілдік және басқа ғылым салаларынан, өз ұлтымыздың мәдениеті, әдебиеті, қазіргі таңда рухани өмірде жеткен жетістіктерін бір-бірімен байланыстыра отырып білім беруді қамтамасыз ету керек.
Дамыған қоғам мен биологиялық ғылымның, техниканың ара қатысынан айқын тартылған шекараны табу қиын.
Академик В.В.Струминский философия ғылымы мен Гшологиялық ғылымның бірін-бірі толықтырып, біріне-бірі сүйене отырып, дүниетаным шекарасын күшейте түсетінін айта келіп, "Искать границу раздела -- это значит воздвигнуть стену между естественными и общественными науками" дейді.
Қазіргі танда адамның дүниені тани білу ауқымын тіпті күшейте, кеңейте түсу талабы туып отыр. Бүкіл әлемді, галактиканы, жұлдыздардың пайда болуы мен дамуын зерттеп отырған астроайналамен танысу ғылымы болса, маман емес адамдардың өзі онда болып жатқан жаңалықты біліп, түсінуге тырысады.
Табиғаттану ұғымына диалектикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, қазіргі таңдағы ғылым мен техниканың дамуын, ірі ашылыстарды ғана есепке алып қоймай, өндіріс күштерінің, ондағы адам мен қоғамаралық қатынасты да қадағалай білген жөн.
Жаңа заманда ғылым қоғамның үлкен өндіріс күшіне айналуына байланысты өндіріс күшін өндірістік қатынастан бөліп қарауға болмайды. Керісінше, қадағалау арқылы ғылыми-техникалық революцияның қоғамға тигізер пайдасымен қатар, табиғи ортаға, адам тіршілігіне келтіретін қиындығын түсіну қажет.
Ғылым мен техниканың дамуына байланысты адам баласы табиғи дүниемен қарама-қайшылыққа түсіп отыр. Себебі дамыған техниканың әсерінен айнала қоршаған орта ластанып, табиғи объектілердің, заттардың түрлері азайып, адам денсаулығы мен өміріне қауіп төнуде. Түрлі машиналардан, зауыттар мен өндіріс орындарынан шыққан улы газдар көбейіп, тіршілікке қауіп туғызуда.

1.2 Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен сабақтастығы

Философиялық ұғымда "Дүниеге көзқарас дегеніміз -- айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы". Осы философиялық қағида табиғаттану көзқарасының түп нұсқасы ретінде оның қалыптасу жолын көрсетеді.
Философия көзқарастың қалыптасуының теориялық мәселелерімен айналысса, оның дидактикалық жағымен педагогика ғылымы айналысады. Дүниеге көзқарас тірі табиғатпен, қоғамдық өмірмен, тіршілікпен байланысты туатын болса, ол үнемі дамуда болатыны занды. Даму өз өзінен тумайды. Ол -- тынымсыз ізденіс, қателіктер мен қиындықтарды жеңе отырып, шындыққа жақындау және жету жолы. Қоғамдық өмірдің дамуы, рухани дүниеде болатын өзгерістер, осыған байланысты адамның өмірлік тәжірибесінің молаюы, өзгеруі дүниеге көзқарастың да өзгеруіне әкеліп соғады. Философиялық тұрғыдан алғанда адам қоршаған дүниенің ішінде тіршілік етеді. Оның көзқарасы бүкіл дүниемен, табиғатпен қоғаммен қатынас жасау арқылы дамиды. Қазіргі өркендеген қоғам өзгерісі (түрлі техника, ғарышты игеру және т.б., адам мен қоғам арасындағы жаңа байланысты тудырьш, олардың дүние туралы көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр.
Көзқарастың қалыптасуы мектепке дейінгі мекеме қабырғасында білім алу барысында жүзеге асады. Сондықтан да, мектепке дейінгі мекемеде дүние туралы білім беру, яғни, балалардың дүниетанымын қалыптастыру мақсаты жүзеге асады. Балалар адамның, табиғаттың және қоғамның бірлігі, ондағы адамның алатын орны жайындағы білім жүйесін нақты заттар мен құбылыстарды меңгере отырып, абстракциялық ойға көшу арқылы ұғынады. Олардың ара қатынасын таңдап, жинақтап, ой қорытатын деңгейге көтеріледі. 1-сыныпта дүниенің тұтастығы жайында қарапайым ұғымдардан бастаған балалар 4-сыныпта дүниенің әрбір заңдылықтарын талдауға, олардың себебін ашу дәрежесіне жетеді.
Балалардың табиғаттану көзқарасы ғылыми білім негізінде, оны тиянақты меңгеру нәтижесінде ғана қалыптаспақ. Жоғарыда айтқандай, қоғамның даму дәрежесі төмен, оқу-ағарту жұмыстар әлде де жетіле қоймаған кездің өзінде де балаларда дүниеге деген қызығушылық, оны білуге, үйренуге талпынушылық болды. Бірақ, ол ғылымға негізделмегендіктен, үстіртін көзге бірден түсетін, тез шалынған белгілер мен байланыстар жайындағы пікірлер болғандықтан, көбіне қате ұғымдардың қалыптасуына әкеліп соғып отырды. Өйткені балалар байқап көргендерін өз қалпында, өр затты не құбылысты тек сыртқы түріне, көрінісіне байланысты қабылдайды.
Қоғам дамуы, оқу-ағарту ісінің ғылыми деңгейге көтерілуі нәтижесінде көзқарастың ғылыми мәні жоғарылады. Білім мазмұнының тереңдеуіне байланысты дүниеге көзқарас та нақтылана түсті. Білім арқылы ғана әр заттың не құбылыстың шынайы мәні ашылады. Осыны білген ойшылдарымыз ертеде-ақ халыққа білім берудің маңызын түсініп, "көзі ашық" болуы тек біліммен байланысты екенін айтып кетті. Білімсіздіктің мүшкіл халін Абайдың мына бір шумағынан-ақ түсінуге болады:
"Білмеген соқыр,
Қайғысыз отыр,
Тамағы тойса, жатуға" -- деп, білімсіздіктің аянышты халін күйіне жырлайды. Білім жоқ болса, көзқарастың дұрыс дамуы мүмкін емес. Табиғаттанудан білім беру барысында ғылыми ұғымды меңгерту арқылы дүние заттарының, құбылыстарының нақтылығын, олардың біздің санамыздан тыс өмір сүретінін және бір-бірімен байланыстылығын, заттар мен құбылыстардың даму заңдылықтарын түсіндіріп, шындыққа сенімдерін арттыру мақсаты жүзеге асады. Білімнің ғылымилығы балалар сенімінің көзі деуге болады. Себебі әрбір ғылыми ұғымды меңгеру үшін балалар іс-әрекеттер жасап, практикалық жұмыстар, тәжірибелер арқылы проблемалық ахуалдарды шешу барысында шындыққа жетеді. Шындыққа жету жолында өз іс-әрекеттерін қорытып, ой толғайды, оның нәтижесін тұжырымдайды. Белгілі дәлелділікке жеткеннен кейін алған ұғымдарына сенімі артады. Сонымен қатар, әрекет жасап, ізденіп, талпыну арқылы өз-өзіне, алдына қойған мақсатты шеше алатындығына деген сенімі артады.
Мектепке дейінгі мекемеде "Дүниені" танытуға байланысты материалдарды оқытуда бірнеше мақсат көзделеді.
Біріншіден, адам баласы саясатпен, ғылыммен, өнермен және т.б осы сияқты саяси, рухани мәселелермен айналысу үшін олардың көңіл күйі көтеріңкі, дені сау, рухани дүниесі бай болуы қажет. Материалдық дүние, яғни, киім-кешек, ішім-жем, баспана және т.б. тіршілікке керекті жағдайлар сай болмаса, адамның рухани мәселелермен айналысуға мүмкіндігі келмейді. Өзіне қолайлы жағдай жасау үшін адамның еңбек етуі, өз өмірін өзі ұйымдастыра білуі, материалдық игіліктерді өндірумен айналысуы қажет.
Материалдық игілікті өндіруге адам күш жұмсайды және күшті қолданатын нақты зат болуы керек. Ол заттар табиғаттан алынады. Сонымен қатар, өнімді дұрыс өндіруге, оны қоғам игілігіне және жеке бас игілігіне пайдалануға білімділік, ұйымдастырушылық қабілет пен күш керек. Табиғат байлығының мән-мағынасын түсініп, оны орынды, үнемді, тиімді пайдалану шеберлігіне адам баласы білім мен біліктілік арқылы жетеді. Бұл сияқты қоғамдық өмір талабына икемділік, бейімділік, шеберлік, білімділік балаларға бастауыш сыныптағы табиғаттану материалдарын оқыту арқылы қалыптаса бастайды.
Балалардың дүниетанымының қалыптасуында эмоция мен логикалық ойдың мәні зор. Қазіргі тандағы ғылыми еңбектерде адам эмоциясының және логикалық ойдың бір-бірімен тығыз байланыстылығы дәлелденіп отыр. Бұл екеуі де -- адамның ішкі сезімі, жан әрекеті. Сыртқы шындықты сезімге әсер етуінен түрлі хабарлар миға жетіп, эмоция тудырады да, ой осыған орай шешім қабылдайды. Ой -- қорытынды шығарып, шешім қабылдау тірегі десек, эмоция оның көзге түсетін нәтижесі ретінде сыртқа шығатын күйі (қобалжу, ренжу, қуану, құптау не жоққа шығару және т.б.), түрі. Осыған қарап, эмоция мен ойдың көзқарасының қалыптасуына тікелей әсер ететінін көруге болады. Бір затты не құбылысты танып білуде олар үнемі қатар жүреді. Ал танып білу нәтижесінде дүниетаным қалыптасады.
Дүниетанымдық қабілеттің керектігі адам баласының бүкіл өмірі табиғат аясында, қоғам ортасында, олармен қарым-қатынаста өтетіндіктен, ол қатынастардың әдіс-тәсілін меңгеруі тиіс. Мұндай әдіс-тәсіл бала жастан қоршаған орта туралы білім алу арқылы меңгеріледі. Мәселен, әр затты байқау, бағдарлап қарау, олардың түр-түсін сезіну арқылы қасиеттерін айқындай түсу -- мұның бәрі адамда бірден пайда болатын икемдік пен іскерліктер емес. Ол жүйелі меңгерілген білім нәтижесінде қалыптасады.
Адамның болмысы туралы философтар анықтама бергенде, "Адам -- еңбек әрекетімен шұғылдана түсетін, өзара байланыс жасауға толық қабілеті бар тіршілік иесі", -- дейді. Олай болса, сол қатынастарды ғылыми негізде этикалық, эстетикалық, адами тұрғыда жүзеге асыру үшін адам қоршаған дүниеден білім жүйесін меңгеруі тиіс.
Адамның бүкіл болмысы үш түрлі өлшемнен (биологиялық, психологиялық, әлеуметтік) тұратынын білеміз. Әр өлшемнің өз деңгейі мен мазмұны бар.
Биологиялық өлшем адамның дене бітімін, түр-тұлғасын, ой-өрісін қамтиды. Дамуды биологиялық тұрғыдан айсақ, ол -- дененің дамуы, деннің саулығы, мидың жұмыс істеу қабілеті. Бұл өлшемнің түпкі шығу тегі генетикалық болғанымен, оны керегінше шындау адамның өзіне байланысты. Адам өзін-өзі тәрбиелеудің, жетілдірудің жолын меңгерсе ғана, бұл талаптарды орындай алады. Өзін-өзі тәрбиелей білетін, жетілдіру жолында еңбек етіп, тер төгетін адам білімді болуға тиіс. Бұл -- дүниетанымдық деңгейдің көтерілуіне қажет алғы шарттың бірі. Табиғаттануды оқытудың мәні де осында.
Адамның екінші өлшемі -- психологиялық өлшем. Бұл адамның жан дүниесі, темпераменті, санасы, есі және т.б. Қысқаша айтқанда, ағзасында жүріп жатқан процестер. Адамның бұл өлшемі биологиялық өлшеммен тығыз байланысты. Мәселен, адамның көңіл-күйінің өзгерісін мидан бөлек алып қарай алмаймыз. Психикалық тұрғыдан бір нәрсеге өзінің қатысын көрсету үшін адам алдымен ойланады. Сол ойдан келіп оның сүйсіну, ренжу және т.б сияқты сезімдік қатысы байқалады.
Адамның бүкіл болмысын әлеуметтік ортадан бөліп алып қарауға болмайды. Адамның жеке бас ретінде дамуына биологиялық өлшем қандай маңызды болса, әлеуметтік орта да сондай маңызды. Адам қоғамдық ортада дамиды. Сонымен қатар, "Қоғам дамуының қозғаушы күші -- адам". Қоғамның алғашқы сатысы -- жанұя, ағайын-туысы. Онан әрі оқу-тәрбие беретін арнаулы ұйымдар, еңбек ететін ортасы, өз елі, туған жері, Отаны. Осы әлеуметтік орта адам дамуының, оның рухани дүниесінің азығы.
Адамның жеке бас ретіндегі ерекшілігі осы үш өлшемнің бірлігінен туады. Ал бұл өлшемдердің дұрыс қалыптасуы білім алу арқылы жүзеге асады. Табиғаттануды оқытып, адамның табиғатпен, қоғаммен қатысын түсіндіру барысында олардың әлеуметтік өлшемін кеңейту мүмкіндігі туады. Адамның дұрыс қалыптасуыңца қоғамдық еңбекгің мәні зор, осы тұрғыдан алсақ та, табиғаттануды оқытудың маңызын түсінуге болады. Табиғаттануды оқыту барысында бір жағынан қоғам туралы білім беріп, қоғамның адаммен, табиғатпен байланысын айқындау, екінші жағынан, қоғамды дамытудағы адам еңбегінің маңызын ұғындыру мақсаты алға қойылады.
Қоғамның дамуы еңбекпен тығыз байланысты оған ой еңбегі де, қол еңбегі де жатады. Қоғам материалдық игілікті өндіру арқылы ғана өркендейді деуге болмайды. Ой еңбегінің нәтижесінде ғылым мен техника жетіліп, өндіріс өнімдерінің молаюы қоғамңың дамуын тездетеді. Осы тұрғыдан алғанда да табиғаттануды мектепке дейінгі мекемеде оқытудың зор маңызы бар.
Дүниені тану, білу барысында бала эмоциясының рөлі күшті. Ол затқа, құбылысқа қызыға қарау, қуану, өкіну, қажеттілігін ажырату сияқты өз қатыстарын аңғартады. Өз кезегінде көрген, байқаған объектілеріне қатысын, оған деген көңіл күйін білдіру ақыл-ойға әсер етеді.
Табиғаттануды мектепке дейінгі мекемеде оқытудың барысында оқушының таным процесі дамиды. Олардың танымына сезім мүшелердің қызметі көмегін тигізеді. Балалар сыртқы дүниені сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Сезініп, қабылдау нәтижесінде оның ой-өрісі дамып, тиянақты ұғым алады.
Психологиялық тұрғыдан алғанда, адамның бірнеше даму кезеңі бар екені белгілі. Сол даму кезеңінің әрқайсысында бір жетекші әрекеттің басым болуы тән. Мысалы, үш жасқа дейінгі сәби кезеңінде коммуникативті әрекет, яғни, қарым-қатынас әрекеті басым. Баланың маңайы мен адамдар арасындағы қарым-қатысының нәтижесінде тілі дамиды. Заттарды танып, қажеттілерін сұрап, атын атайды, өз әлінше пайдасына жаратады. Осы коммуникативті әрекет нәтижесінде білмеуден білуге көшеді. Тілдің дамуы оның маңайымен қатысын күшейтеді де, енді басқа әрекеттерді меңгере бастайды. Одан кейінгі екінші кезең үш жастан басталады. Бұрын маңайымен қарым-қатынас әрекетін меңгерген бала енді ойын әрекетінің басқа да әрекеттермен қабысқан ерекше түріне көшеді. Бала ойын арқылы маңайымен қарым-қатынас жасап қана қоймайды, сонымен бірге оның таным әрекеті қатар жүреді. Үшінші кезең -- мектепке дейінгі мекеме өмірінен басталады. Бұл кезеңдегі бүкіл әрекеттердің ішіндегі жетекшісі -- таным әрекеті. Оқудың мақсаттылығы, жүйелілігі және оны меңгеруге балалардың міндеттілігі өріле бірігіп, оқушының оқуға байланысты әрекеттерінің бәрі осы таным әрекетіне тіреледі. Онан әрі жасөспірім кезеңінде құндылық-бағыттылық әрекет басым орын алады.

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЫЛ МЕЗГІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың жыл мезгілі әдістемесінің зерттелу тарихы

Бала мектепке дейінгі жылдарда күн сайын өзі үшін жаңа заттармен, құбылыстармен ұшырасады. Л. Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық,қалған бүкіл өмірімде мен сонық жүзден біріне де ие болмаран шығар мын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жада туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық деп жазды.
Алайда тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін. Бала бұлтты -- мақта, ал жұлдыздарды электр шамдары деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. К- И. Чуковскийдің Екіден беске дейін деген кітабында бала ақыл-ойының талапшылдығын дәлелдейтін көптеген балалардың сөйдеген сөздерін келтіреді.
Балалардық білім қорын дәйекті түрде ұлғайту, оларды ретке келтіру, нақтылау, жүйелеу тәрбиешінің міндеті болып табылады. Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу және т. б.) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алуы керек. Сондай-ақ ол кейбір табиғат құбылыстары, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл мезгіліне тән белгілері және осы белгілердін өзара байланысы кейбір хайуанаттардың өздеріне тән ерекшеліктері жане олардың осы хайуанат-тардын өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын, өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың бойында дүние жайлы ұғымдардың бастамасын қалыптастырады.
Мектепке дейінгі балаларды олар түсіне алатын қоғамдық құбылыс-тармен жәңе оқиғалармен: еліміздің астанасы - Астанамен, ел басымыз Н.Ә.Назарбаевтің өмірімен, оның атқаратын қызметімен, елімізде болатын атулы мереке күндерімен таныстырады. Қоғамдық құбылыстармен, оқиғалармен танысу балалардың бойында еліміздін қоғамдық өміріне деген қызығушылыкты тәрбиелеуге, Отанға деген сүйіспенщілік сезімінің және интернационализм негіздерінің калыптасуына жәрдемдеседі.
Ғалымдар табиғат туралы қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, акыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел мектеп жасына дейінгі педагогика тарихына көз жіберетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде емір сүрген педагогтар болмасыи, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетіп отыр. Тәлімгерлердің қайсысы болмасын өздерінің оқыту тәрбиелеу жүйесін жасау барысында, балаға қарапайым табиғат сырын 9ғындырудың қажеттілігін мойындай отырып, оның мазмұны мен көлемін анықтауға үлес қосқан.
Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының ебегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап-тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді.
Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е. И. Водовозова (1913), Н. К. Крупская (1917), Е. И. Тихеева (1928), Л. К. Шлегердің (1930) педагогикалық еңбектері болған (30-35).
Ол кезеңдегі педагогика ғылымының бет бұрысы тәрбислей отырып оқыту бағытында болғандықтан, барлық білім балаға табиғат жайында ұғым беру ісіне негізделген. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру, оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды .
Л. С. Выготский (1935) балабаша бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлес қосты. Ғалымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек, себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байланысты болған жағдайда ғана баланың ақыл-ойының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен.
Сондай-ақ аса көрнекті педагог В.А. Сухомлинский де өз тәжіри- бесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан-жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе, Балаға жүрек жылуы атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын түңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білу әлеміне ендіріп, ашық аспан аясында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады.
В. А. Сухомлинский Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен -- бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет-дейді.
Сол кезеңдегі жүргізілген ғалымдардың педагогикалық-психо- логиялық зерттеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту үшін қоршаған орта, табиғат жайында жүйелі ұғым беру қажеттігін атап өтті.
Ақыл-ой тәрбиесі мәселесіне арналған зерттеулер А. В. Запорожец, Л. С. Выготский, Б. Г. Ананьев, А. А. Люблинская, В. И. Логинова, В. В. Давыдов.
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл -- ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізгі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні қоршаған, орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті балалармен жүргізілетін барлық педагогикалық процесстер, ақыл -- ойын, тілін дамытуда пайдаланылатын ойындар, жұмбақ-мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.
Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым ғылыми білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгерте отырып олардың ой -- өрісін, білім дәрежесінің деңгейін кеңейту, сана -- сезім, таным, қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігінің қалыптастыру қажеттігін баса айтады ғалымдар.
Дегенмен қазірге кезде балалардың даму деңгейін, білуге, білімге ынталы екендігін педагогикалық психология саласындағы зерттеулер дәлелдеп отыр. Сол себепті балалардың теориялық ойлау операцияларын дамыту, олардың белгілі бір объектінің ішкі сырын ұғынып, оның себеп-салдарын, заңды байланыстырып таба білуге, қарапайым логикалық ой-қорытындыларын жасауға үйрету, баланың психологиялық-физиологиялық мүмкіндіктерін барлық жағыннан дамыту, сезім, таным, ерік әрекетій жетілдіру мектептегі оқу ісіне, ой еңбегіне дайындау, тәрбиелей отырып, қарапайым білім негіздерін меңгерту, дамыта отыру ісіне баса көңіл бөлген.
Ол үшін бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алу қажет деген мәселені А. П. Усова, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддъяковтар өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.
Сондай-ақ бүл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі С. А. Веретенникова, Н. Ф. Виноградовалар болды.
А. П. Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады, біріншісі-қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс-әрекеттерінде бақылау арқылы жүргізіледі. Екіншісі -- балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен байланысты жүргізіліуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендІрілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланысты адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардың іс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен.
Умственное воспитание детей в процессе ознакомления с природой атты еңбегінде Н. Ф. Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте үлкен мән берген. Ол мектеп жасына дейінгі баланың ойының және тілінің дамуы қоршаған ортаны табиғатты қабылдауына, бала тілінің жетілгендігі ақыл-ойдың даму нәтижесінен туындайды және тіл мен ой байланысты. Сондықтан да балабақшада тіл дамыту ісін табиғатпен таныстырумен байланыстырып бақылау, серуен, топсеруен кездерінде жүзеге асыруды ұсынды.
Н.Н.Поддъяковтың психологиялық зерттелуінде баланың логикалық ойының дамуы заттар мен табиғи құбылыстарды тікелей ұстау, сезіну, көру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетану пәнінен дәріс кешені
Мектепке дейінгі мекемеде табиғаттану материалдарын балаларға тиянақты меңгерту жолдары
Бастауыш сыныптарында дүниетану үйірме жұмыстары
Мектеп жасына дейінгі балалардың өз өлкесін таныстыру
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Дүниетану сабақтарында дамыта оқытудың практикалық аспектілері
ДҮНИЕТАНУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
«Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы» пәнінің әдістемелік кешені
Бастауыш мектепте сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың біліктерін қалыптастырудың жолдарын анықтау
Пәндер