Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мектеп жасына дейінгі балалардымен ұйымдастырылатын дене жаттығулары
2. Гимнастика
3. Ойындар
4. Спорттық жаттығулар
5. Қарапайым туризм
6. Үйретудің әдіс-тәсілдері
7. Дене шынықтыруда қолданылатын құрал-жабдықтар
Педагогикалық тұжырым (қорытынды)
Қорытынды
3
5
8
13
16
18
19
21
24
26
КІРІСПЕ
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Ден тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық - тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми - техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлауды жүзеге асыру маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мектеп жасына дейінгі балаларды дене жаттығуларына үйретудің әдіс-тәсілдерін анықтау. Курстық жұмыстың анықталған мақсатына орай, мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылатын дене жаттығулары туралы жалпы түсінік беру;
- гимнастиканы өткізу әдістерін баяндау;
- ойындардың түрлеріне тоқталу;
- мектеп жасына дейінгі балалармен ұйымдастырылатын спорттық жаттығуларды анықтау
- қарапайым туризмге мысалдар келтіру;
- үйретудің әдіс-тәсілдерін талдау;
- дене шынықтыруда қолданылатын құрал-жабдықтар туралы мәліметтер келтіру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
1) физкультура сабақтары;
2) физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);
3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл - қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.
Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.
Сәби жастағы топтың балаларымен жұмыс істеудің негізгі формасы дене жаттықтыруларымен жеке айналысу болып табылады (қимыл-қозғалыс ойындары, гимнастика, массаж).
Ертеңгілік гимнастика және физкультура сабақтары кішкентайлардың бірінші кішкентайлар тобынан бастап барлық топтарда жүргізіледі, бірақ әрбір топта олар қозғағыз материал мен сабақ өткізу методикасын іріктеу жөнінен өзіндік ерекшелікке ие болады.
Балабақшаның ересектер тобында маңызы басым физкультминуткалар жақсы тынығу және балалардың жұмыс қабілетін қалпына келтіру сәті ретінде сабаққа және екі сабақтың аралығына енгізіледі.
Шынықтыратын процедуралар барлық топтарда пайдаланылады. Алайда бөлме ішіндегі, даладағы қимыл - қозғалдыс кезіндегі бірте - бірте температурасы төмендейтін таза ауа ваннасы көбінесе ересектер тобында қолданылады.
Балаларды таза ауадағы қимыл - қозғалыс ойындары және өз бетінше сан алуан қимыл жасау әрекеті барлық жастағы топтарда балалардың күнделікті өмірінің міндетті түрде мазмұны болып табылады.
Физкультура сабақтары - балаларға дене тәрбиесі жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл-қозғалыс үйрету мен дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады.
Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыруда болып табылады, олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қимыл-қозғалыс дағдларын игеруін, физкультура мен спортқа эмоционалды-жағымды қатынасын қалыптастыруды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.
Сауықтыру міндеттерін жүзеге асыру тиімді гигиеналық жағдайда организмдегі бүкіл физиологиялық процестердің артуына, оның өмір іс-әрекетін күшейтуге көмектесетін сабақтарда балалардың жан-жақты қимыл әрекеттері жолымен қамтамасыз етіледі.
Тәрбие-білім беру міндеті сабақ процесінде баланың жеке басының моральдық ерік-жігер белгілерін қалыптастыру, физкультура мен спорт саласын кейбір қарапайым білім мен терминдерді хабарлау, дұрыс қимыл-қозғалыс дағдыларын және дене қасиетін тәрбиелеу жолымен шешіледі. Мұның бәрі баланың танымын, ерік және эмоционалдық күшін, оның ақыл-ой қабілетін, адамгершілік қасиеті мен шығармашылық белсенділігін кешенді дамытуға бағытталған. Сабақ қоршаған ортаға жақсы бейімделгіш, алға қойылған тапсырмаға сай нысаналы, тез әрі сенімді түрде әрекет ете алатын тәртіпті адамдарды тәрбиелеуге көмектеседі.
Ертеңгілік гимнастика - баланың отбасындағы, балабақшадағы күнделікті режимінің міндетті бөлігі. Оны ересек адамның басшылығымен жүйелі түрде жүргізу балалардың бойында жанға жағымды бұлшық ет сезімдерімен, оңды эмоциялармен байланысты шат көңіл туғызатын дене жаттығуларын жасауға үйреншікті әдетті қалыптастырады.
Ертеңгілік гинастиканың маңызы саналуан: ол организмнің тіршілік әрекетін арттырады, ұйқыдан кейін нерв жүйесін сергітеді, ұйқыдан ширақтыққа ауысу уақытын қысқартады
Ертеңгілік гимнастика тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсертете отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектесді.
Ертеңгілік гимнастика балалардың зеректігін, мақсатқа жетуге ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттыруға көмектеседі, эмоция мен қуанышты сезім туғызады. Балалардың дене жаттығуларын таза ауада немесе фрамугалары, терезелері ашық таза бөлмеде су процедурасымен ұштастыра орындауы барынша жақсы сауықтыру тиімділігін жеткізеді.
Физкультминутка (қысқа мерзімді дене жатттығулары) - естиярлар, ересектер және даярлық топтарында сабақтар арасындағы үзілісте, сондай-ақ нақ сабақ процесінде (сурет салу, жапсыру, ана тілі т.б.) өткізіледі.
Физкультминутканың маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың эмоциялық-жағымды жай-күйін қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен баланың іс-әрекет сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады.
Физкультминутка зейінді, бүкіл организмнің әрекет ету жағдайын қалпына келтіруге бағытталған.
Дене жаттығуларымен ұштастырылған процедуралар неғұрлым тиімді болады. Бұлшық еттердің ширақ жұмыс істеуі жылжу ретеу процесін жетілдіруге және сол арқылы организмнің қоршаған сырттқы ортаға бейімделуіне көмектеседі.
ДЕНЕ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
ЖАТТЫҒУ
ҚАРАПАЙЫМ ТУРИЗМ
СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУЛАР
ОЙЫНДАР
Негізгі қосымшалар
Жалпы дамту жаттығулары
Сапқа тұру және қайталау сапқа тұру
Би жаттығуларыы
Қозғалысты сюжетті сюжетсіз
Спорттық оыйндар
Жазғы жүзу, велосипедпен жүру, өз бетінше тебу
Жаяу жүру
Қысқы: шаңғымен жүру, конькимен, шанамен сырғанау

Шынықтыру процесінде организмнің терең өзгеруі іске асады, ал егер бала ширақ болса, ол өзгеріс табиғи әрі қарапайым жүзеге асады. Балалар үшін қызықты дене жатттығуларымен және ойындармен ұштастырылған шынықтыру шаралары эмоциялық өрлеуді туғызады, жоғары жүйке орталықтарының қызметін жақсартады, ішкі органдардың жұмысы мен зат алмасуды реттейтін вегативтік жүйке жүйесіне жақсы ықпал жасайды.
Күнделікті өмірде балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру баланың денсаулық жағдайы және күні бойғы оның психхикасы үшін қажетті режимін орындауды қамтамасыз етеді.
Балалардың дене тәрбиесі бағдарламасының сауықтыру және тәрбиелі білім беру міндеттері әр түрлі формада жүзеге асырылады: қимыл-қозғалыс ойындары, серуендеу, жекелеген балалармен және шағын топтармен жеке жұмыс істеу, дене тәрбиесі жаттығуларының және физкультура мерекесінің сан алуан түрлерімен балаларының өз беттерінше айналысуы.
Қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дамуына жағдайды, организмді сауықтыруға көмектеседі, балалардың өмірін жаңа мазмұнмен байытады, олардың сезімін, мінез-құлқын, қоршаған ортада бағдар ұстауын, дербестігі мен шығармашылық инициативасын қалыптастыру.
Тәжірибе көрсеткендей, ерте суда жүзуге үйреткен баланың жақсы дамуына мүмкіндік туғызады да организмнің барлық жүйелеріне дұрыс әсерін тигізеді.
Шыныққан балалар күннің ылғалдығын, ыстықты және суықты жақсы көтереді, суық тиіп және басқа да ауруларға онша көп ұшырамайды.
2 жастағы балалардың қозғалыстарын жетілдіретін негізгі жаттығулар: жүру, өрмелеу, кедергілерден өту, доптармен, ойыншықтармен, обручтармен, гимнастикалық таяқтармен, скакалкалармен ойнайтын әр түрлі ойындар. Бұл жастағы балаларға аранлған сабақ түрі - ойын. Ойын арқылы балалар өздерінің қимыл қозғалыстарға деген сұраныстарын қанағаттандырады. Дене тәрбиесі жаттығулары сабақтары аптасына 2-3 рет өткізіледі.
Тәңертеңгілік гимнастиканың ұзақтығы 2 жастағы балалар үшін 5 минутқа созылады.
2 жастағы балалардың дене тәрбиесі кезінде барлық дене қуаты қасиеттерін дамыту міндеттері орындалады. Ең алдымен, ептілік, қимыл үйлесімділігі қасиеттерін дамытуға назар аудару керек. Олар: тепе-теңдікті ұстай білу, дәлділік, ырғақтық, әр түрлі қозғалыстар үйлесімділігі. Ойын кезіндегі қарапайым қимыл-әрекеттерді орындау, қайталау арқылы жылдамдық қасиеттері дамиды. Жаттығулар арапайым және ойын түрлерінде беріледі.
Бұл жастағы балаларға берілетін дене қуаты жүктемесі орташа, онша ауыр да емес, сондай жеңілде емес болып берілуі керек.
2. Гимнастика
Қимыл - қозғалыс ойындары балаларда қалыптасқан қозғалыс әрекеттері және физикалық сапаларын арттырудың әдісі ретінде қолданылады.
Ойын барысында бала мақсатқа жету үшін бар зейінін соған аударады. Ол ойын ережелеріне бағына отырып , қимыл - қозғалыс әрекеттерін арттыра түседі. Мысалы, сол үшін Волк во рву ойыны,балалар ұзындықта секіруді үйренгенде ғана, ойнатылады.
Қимыл - қозғалыс өзіндік спецификасы бар: ол балалардан белгілі бір белгілерге жылдам реакцияларын және ойын барысында өзгеріп отыратын жайттарға тез бейімделуді қажет етеді. Ойын барысындағы әр түрлі ситуациялық жағдайлар қозғалыстар бағыттарының өзгеруіне, бұлшықеттеріне жүктеме түсуіне әкеледі. Мысалы, Ловишки ойында әрбір бала жүргізушінің әрекеттерін бақылайды. Жүргізуші жақындай бергенде, бала қарама - қарсы жаққа жүгіріп, жылдамдығын арттырады. Ол өзін қорғанышта екенін сезгенде жылдамдығын азайтады, ал жүргізуші қайта жақындаса, қайта жылдамдығын арттырып қашады.
Барлық қимыл - қозғалыс ойыны белгілі бір белгілер бар, яғни сол белгілер арқылы бір қимыл - қозғалысын өзгертеді. Мысалы, Дружные ребята ойынында построиться! деген белгі балаларда жылдам рекция береді, яғни бұл кезде балалар қимыл - қозғалыс бағыттарын өзгертеді, мұнда ақырын жүгіріс белгілі бір бағытталған мақсатқа айналады, олар бір сызық бойына лезде жиналады.
Мұндай белсенді қимыл әрекет балаларда жүйке жүйесін жаттықтырды және қозу мен тежелу процесстерін бір қалыпта ұстай білуге, және де байқағыштықты, ойлау қабілетін , кеңістік бағдарлай білуге және тығырықтардан шыға білуге , батылдыққа, шапшаңдыққа үйретеді.
Көптеген зерттеулер мен тәжірибелер нәтижесінде ересек топтарда және мектеп алды даярлық топтарында спорттық ойындар жүргізілу керек деген ойға келді. Спорттық біртіндеп бағдарламаға ендіреді. Яғни балалар қимыл - қозғалыс ойындарын ұйымдастырылып ойнай бастағаннан бастап. Олар ойын - эстафета, жарыс түрінде ұйымдастырылады. Спорттық ойын қимыл - қозғалыс ойыны қарағанда ұйымшылдықты, байқағыштықты, техникалық әрекеттерді көбірек қажет етеді.
Осы спорттық мен басқа ойын түрлерін біріктіретін белгілер ол сауықтыру, оқыту және тәрбиелік мәні бар, және де көңіл - күйлерінің көтерілуі және өздерінің қимыл - қозғалыс әрекеттерін арттыру.
Бірақта қимыл - қозғалыс ойындар спорт ойындарының айырмашылығы инциативасын көрсете алады және түрлі қимыл белгіленген әрекет болды және оның өзіндік спецификасы бар. Командалар құрамында балалар саны шектелген және ойын уақыты да шектелген. Ойынды жүргізу шарттарына байланысты арнайы жасақталған орны болады.
Берілген ойындар балалар дұрыс дағдылар қалыптасады. Олар спорттық ойындар жалпы техникалық дағдыларды меңгерді.
Қозғалыс ойындарының өзіне тән ерекшеліктері.
Ойын қандай түрде болмасын, баланы қуантады. Ал қимыл - қозғалыс ойыны ерекше қуанышқа бөлейді. Ол алауан түрлі сәттермен қызықты тосын әрекеттерге толы. Осы ойындарда балаларда жағымды қасиеттер, көтеріңкі көңіл - күй қалыптасады.
Қимыл - қозғалыс ойыны тақырыптарының талдауды қажет етеді.
Кез келген ойын - шығармашылық, дидактикалық, музыкалық және де қимыл- қозғалысты - бұл балаларды қоршаған ортамен, әлеммен танысуға мүмкіндік жасайды.
Қимыл - қозғалыс ойынының мазмұнында көптеген таным процестерін қалыптастыратын және баланың көзқарасын кеңейтеді. Балалар қоршаған ортаны дұрыс қабылдау үшін, шынайы жағдай келбеті және шынайы ойындық ситуация қажет. Бұл арқылы педагог балаларда эмоциналды түрде ашылуына әсер етеді.
Қозғалыс ойындарын тәрбиеші әр кезде түрлендіріп отыруы керек. Бұл түрлендіру тек қана балалардың қызығушылықтарын арттырып қоймай сонымен қатар, педагогикалық мәселелерді шешуіне әсер етеді. Яғни балалардың қимыл - қозғалыстары неғұрлым жақсырақ болуы үшін және де түрлі қиынрақ ойындар кезінде өзін ұстай білуге , түрлі ситуациялық жағдайлардан шыға білуі үшін түрлендіріп отырады.
Дене тәрбиеснің бір маңызды бөлігі ,ол мектеп жасына дейінгі балаларда физикалық нышандарын дұрыс қалыптастыра білу.
Физикалық нышандарды дұрыс қалыптасытыру, ол баланың морфофункцияналдық, психофизиологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен байланысты болып келеді. Бұл нышандарды қалыптастыру балаларда болшақта өздеріне деген сенімділік және психикалық жағынан тұрақты, салмақты, организмі шыныққан, көңіл - күйі тқрақты және үнемі жақсы көңілде болуы, жаңадан құбылыстарды заттарды тез қабылдауына әкеледі.
Жылдамдық дене тәрбие теориясында ол : адамның функцияналдық комплекстік жағдайы, жәнеде ол қозғалыстың жылдамдығын сипаттайтын, жәнеде қозғалыстың реакциялық уақыты болып есептеледі. Яғни ол қозғалыстың ең минималды уақыт ішінде қимыл жасауы.
Жылдамдық қозғалыстық реакция кезінде анықталады. Реакцияның қарапайым және күрделі түрлері болады. Қарапайым рекацияда бала алдын ала белгілі іс - әрекеттерге жауабы. Ал күрделі реакция ол - қозғалыстағы объектіге реакция не реакцияны таңдау кезі. Мектеп жасына дейінгі балаларға ең тиімдісі элементарлы қозғалыстағы заттарға реакциясы. Мысалы: допты лақтыру, бір - бірлеріне лақтыруы және т.б.
Шапшаңдық - жаңадан қимыл - қозғалыстарды лезде, тез қабылдауы және үйренуі.
Шапшаңдықтың дамуы ол жүйке жүйесінің икемділігіне, өздерінің қимыл әрекеттерін түсіне білуі және айналадағы жағдайды түсінуіне байланысты болып келеді. Қозғалыстық тапсырмалардың орындалуы сол қимлыдың кеңістік, уақыттық және күштің компанентілігіне байланысты.
Балаларда шапшаңдықтың дамуы ол кеңістікті бағдарлауына , қимылдарды кезектесіп, ұйысдасқан түрде орныдалуына байланысты. Шапшаңдық кез келген қимылдың компоненті болып табылады.
Күш - спорттық немесе сыртқы құбылыстарға төтеп берудегі бұлшықеттік жүктеме.
Күштің көрінуі ол, бастапқыдан, жүйке жүйенің концентрациясына, және бұлшықеттік аппарттың реттелуіне байланысты.
Мектеп жасына дейінгі балаларда тәрбиелеуде олардың жас ерекшелігін және олардың ағзаның ерекшеліктерін ескеру керек. Сондықтан балаларға олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып , салмақты аз - аздан түсіру керек.
Шыдамдылық - белгілі бір қимылдық әрекеттерге төтеп бере алу қабілеті. Мектеп жасына дейінгі балаларда энергетикалық ресурстары олардың дамуына көп жұмасалады. Балада біртіндеп жалпы шыдамдылықты дамыту керек.
Түрлі қимылды әрекеттер балаларға мазасыздық, ауыршаңдық, шаршауға әкеледі.
Икемділік - морфофункцияналдық қалыпы тірек - қимыл аппарат жүйесіне байланысты. Икемділік бұлшықеттердің эластикасына байланысты.
Гимнастика. Саптық жаттығулар
Оқушыларды саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау:
Бір орында.
- Бір қатардан екі қатарға тұру.
- Екі қатардан бір қатарға тұру.
Жүрісте:
- Бір колоннадан ортадан екі колоннамен жүру.
- Бір колоннадан ортадан үш колоннамен жүру.
- Бір колоннадан ортадан төрт колоннамен жүру.
Содан соң екі, үш, төрт колоннадан бір колоннаға шығу.
Алға, артқа домалауды жетілдіру:
- Алға жинақталып домалау.
- Артқа жинақталып домалау.
- Көпір жасау
Қозғалмалы ойын. Қашпа доп
Гимнастика. Саптық жаттығулар
Өткізілетін орны: Спортзал
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Саптағы гимнастикалық жаттығуларды бағалау. Алға, артқа домалауды жетілдіру.
2. Денсаулық сақтау: Шапшандық, икемділік және күш сапаларын дамыту.
3. Тәрбиелеу: Сабақтағы жүктемесін дұрыс орындау, тәртіпке тарту.
Қолданатын спорт құралдары: ысқырғыш, гиманстикалық маттар, секіртпе.
Сабақ барысы
1. Кіріспе бөлімі
Сапқа тұрғызу. Рапорт қабылдау.
Сабақтың мақсатын түсіндіру.
Саптағы жаттығулар:
Оңға, солға айналып бұрылу.
Жүру жаттығулары:
- аяқтың ұшымен қол жоғарыда.
- қол желкеде, өкшемен жүру.
- қол белде табанның сыртымен жүру.
- қол белде табанның ішімен жүру.
- отырып, жартылай отырып жүру.
Назар аудару жаттығулары:
- жүріс
- жүгіріс
Спорт жүрісі
Жүгіру жаттығулары:
- Түзу аяқты алға көтеріп жұгіру.
- Түзу аяқты артқа лақтырып жүгіру.
- Түзу аяқты жан - жаққа лақтырып жүгіру.
- Он жағымен жүгіру
- Сол жағымен жүгіру.
- Теріс қарап жүгіру.
Жалпы дамыту жаттығуларын бір орында жасау:
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1 - 4 басты оң жаққа айналдыру.
1 - 4 басты сол жаққа айналдыру.
- Ж. Б: Аяқтың ашып қол белде.
1, 2 денені оң жаққа бұру.
3, 4 денені сол жаққа бұру.
- Ж. Б: Аяқты аласа ашып қол белде.
1 - оң аяққа еңкею.
2 - ортаға еңкею.
3 - сол аяққа еңкею.
4 - Ж. Б.
- Ж. Б: Н. Т.
1 - 4: оң аяқта секіру.
1 - 4: сол аяқта секіру.
1 - 4: екі аяқта секіру.
2. Негізгі бөлім

- Бір колонадан ортадан екі колонамен жүру.
- Бір колонадан ортадан үш колонамен жүру.
- Бір колонадан ортадан төрт колонамен жүру.
Содан соң екі, үш, төрт колонадан бір колонаға шығу.
Алға, артқа домалауды жетілдіру:
- Алға жинақталып домалау.
- Артқа жинақталып домалау.
- Көпір жасау
Қозғалмалы ойын. Қашпа доп
3. Қорытынды бөлім
1. Сапқа тұрғызу.
2. Сабақтың қорытындысын жасап бағалау.
3. Үйге тапсырма " Саптық бұрылулар "
4. Ұйымдастырып қайтару.
3. Ойындар
Дене тәрбиесі сабақтары балалар бақшасындағы 3-6 жастағы балалармен дене тәрбиесі жұмыстарын жүргізудің негізгі түріне жатады. Сабақтың мақсаттары: жаңа қозғалыстарға үйрету, алдыңғы сабақтарда меңгерген әрекеттерді жетілдіру, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу. Дене тәрбиесі сабағы тәрбиешінің басшылығымен жетісіне 2- 3 рет жүргізіледі.
Сабақтың ұзактығы 3-4 жастағы балаларға 15-20 мин, 4-5 жасқа дейінгі балаларға 20-25 мин, 5-6 жастағы балаларға 25-30 мин созылады. Сабақ үш бөлімге бөлінеді: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімнің міндеттері - балаларды ұйымдастыру, олардың зейіндерін келешек орындалатын жаттығуларға шоғырландыру, бала ағзасын негізгі бөлімде орындайтын жаттығуларға дайындау, денелерін қыздыру. Кіріспе бөлімде негізінен қозғалыс түріндегі жаттығулар орындалады. Олар: жүру, аяқтың үшімен, өкшемен жүру, жүгіру, бағыттарын өзгертіп жүру, жүгіру, жыланша жүру, заттардың арасымен жүру және т.б.
Сабақтың негізгі бөлімінде балаларға жаңа жаттығулар үйрету, қайталау, алдыңғы сабақтарда өтілген жаттығуларды жетілдіру және дене қуаты қасйеттерін тәрбиелеу міндетгері орындалады. Негізгі бөлімде ең алдымен жалпы дене дамыту жаттығулары, жоғарыдан төмен кезектестікпен -- алдымен қол, иық деңгейі жаттығулары, сонан соң кеуде, аяқ бұлшық ет жаттығулары орындалады. Жалпы дене дамыту жаттығуларынан кейін спорт түрлерінің негізгі қозғалыс түріндегі жаттығулары: жүру, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру және тепе -- тендік жаттығулары орындалады. Міндетті түрде негізгі бөлімге балаға физиологиялық және эмоциялық әсер беретін қозғалмалы ойын түрлері кіргізіледі.
Қорытынды бөлімде бала ағзасын қалпына келтіру, босаңсыту жаттығулары беріледі. Берілген жүктемелерді төмендету үшін жүру жаттығулары, тыныс алу жаттығулары, қозғалысы аз қозғалмалы ойындар, ықыласқа арналған жатгығулар орындалады.
Бөлімдердің уақыттары мүмкіндігінше мынандай болуы қажет: кіріспе бөлім - 2-6 минөт, негізгі бөлім -- 15-25 минөт, қорытынды бөлім - 2 -- 3 минөт. Әрбір бөлімдердің уақыттарының ұзақтығын қойылған міндетгерге, жатғушылардың жастарына, дене қуаты дайындығына байланысты өзгертуге болады.
Кіріспе бөлім аяқталған кездегі балалардың жүрек соғу жиіліктері 20-25%, негізгі бөлімнен кейін 50%, қозғалмалы ойындардан кейін 70-80% немесе 100% аспауы керек. Сабақ аяқталғаннан кейін 2-3 мин кейін баланың жүрек соғу жиілігі бастапқы деңгейге дейін қалпына келуге тиісті. 3-4 жастағы балалардың
жүктеме тиімділігі, жүрек соғу жиілігі 130-140 соғу мин, 5-7 жастағы балалардікі 140-150 соғумин болады.
Күн тәртібіндегі дене тәрбиесін сауықтыру жұмыстары.
Күн кестесінде дене шынықтыру жөнінен ұйымдастырылатын іс-шараларға: сабақка дейінгі гимнастика, сергіту минуттары және үзілісті тиімді ұйымдастыру жатады.
Күн кестесінде балалардың дене шынықтыруды дұрыс ұйымдастыру, балалардың денсаулық жағдайын жақсартуды денесінің дамуын күшейтеді.
Тәңертеңгілік гимнастика - балабақшада күнделікті өткізілетін дене жаттығулары. Гимнастика, сауықтыру, тәрбиелеу міндеттерін шешеді. Күнделікті ұйымдастырылған гимнастиканың маңызы зор. Ол ағзаның тіршілік әрекетін, орталық жүйке жүйесінің қызметін, дұрыс тұлға қалыптастыра отырып, тыныс алуды тереңдетеді, қан айналысын күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі. Ұжымдық түрде ұйымдастырылған гимнастика жаттығулары балаларды тәртіптілікке тәрбиелеиді.
Өткізілген орын қажетті санитарлық гигиеналық талаптарға сай болуы керек.
Гимнастика мазмұнына кіретін жаттығулар:
а) бұлшық ет топтарынг жан-жақты әсер ету, жүректің бір қалыпты белсенді қызмет атқаруын;
ә) дұрыс тұлға қалыптсістыруын;
б) жаттығулар құрылысы балаларға таныс бірден жылдам қабылдайтын болуын;
в) көңіл - күйлерін көтеретін;
г) өткізетін орынға сәйкес болуын ескеру қажет.
Сергіту минуттары. Сергіту минуттары (қысқа мерзімде дене жаттығулары) сабақ барысында өткізіледі. Сергіту минуттарының маңызы шаршағанды ұмыттыратын, психиканың жағымды жай-күйінің қалпына келтіретін қимыл белсенділігі жолымен оқушының іс-әрекеті сипаты мен дене қалпының өзгеруінде болып табылады.
Жаттығулардың мазмұнына иық белдеу еттерінің,
кеуде мен аяқтың негізгі топтарын белсенді іске тартатын, тұлға түзейтін, жүйке жүйесінің қызметін жандандыратын балаларға таныс жаттығулар қолданылады. Мысалы, қолды жоғары көтеру, оны қозғалту, жан-жаққа созу және төмен түсіру, тартылу, жартылай отыру, аяқты тізеден бүгу, кеудені жан-жаққа бұру, алға төмен иіліп, ізінше бойды тіктеп түзету, т.б.
Үйрету дене шынықтыру сабағында жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын орындау арқылы бала өз бетімен дене тәрбиесі жаттығуларын меңгеруді, жетілдіруді үйренеді, ал ол оның келешек өміріне маңызы зор.
Үй тапсырмаларына көбінесе дене тәрбиесі сабағында үйренген спорт түрлерінің негізгі, дайындық, жақындататын жаттығуларын қайталау, қимыл шеберлігін жетілдіру мен дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz