Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ

1 МАСКҮНЕМДІК ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Маскүнемдік және девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері
1.2 Маскүнемдік қауіпті әлеуметтік құбылыс ретінде

2. ҚР АЗАМАТТАРЫ АРСЫНДАҒЫ МАСКҮНЕМДІК ПЕН ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫН АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
2.1 ҚР маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау
2.2 Маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері

3. ҚР АЗАМАТТАРЫ АРАСЫНДАҒЫ МАСКҮНЕМДІК ПЕН ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ТАРАЛУЫНА ҚАРСЫ КҮРЕС ШАРАЛАРЫ МЕН ОСЫ БАҒЫТТАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ



КІРІСПЕ

Маскүнемдік (алкоголизм) -- спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкі,ліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелд енген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.
Қазіргі кезде жүрек-қан тамырлары аурулары өлімге душар етуі жағынан бірінші орынға шықты, ал әзірге ем-дауасы жоқ қатерлі дерт - рак. Үшінші орынға шыққан макүнемдік те қыруар адам өмірін жалмауда. Маскүнемдік - денсаулықты тез тоздыратын, адамды аздырып, түрлі сырқаттарға ұшырататын, адамгершіліктен жұрдай ететін, еңбек қабілетін кемітетін қауіпті нәрсе. Маскүнемдік ең алдымен орталық нерв жүйесін уландырады. Араққұмарлардың жасына жетпей ақыл-ойдан алжаса бастауы, ұмытшақ болуы, ұйқыларының бұзылуы, қолдарының қалтырауы, адамгершіліктен жұрдай болуы осының салдарынан. Ішімдікке салынған адамның рухани байлығы азаяды, есілдерті араққа ғана ауады. Маскүнемдік асқазанның тамақ қорыту қабілетін нашарлатып, ас қорыту процесіне пайдалы сөлдердің бөлінуін тежейді. Адамның асқа деген тәбетін төмендетеді, әр түріл қауіпті ауруларға ұрындырады (церроз, созылмалы бауыр ауруы, өкпе эсземасы, стенокардия, полиневрит, тағы басқалар). Орыстың ұлы физиологы И.П.Павлов 20-30 г. арақ немесе бір саптыаяқ сыра 10-40 минут ішінде адамның ойлау қабілетін 16-17 пайыз төмендететінін дәлелдеген болатын. Үнемі ішімдікке салыну ұрпақтың денсаулығына да зиянын тигізбей қоймайды. Нәресте шала тууы немесе ақыл-ойы кем болып тууы мүмкін. Алкогольдің зиянды зардаптары әйелдерге ерекше байқалады. Маскүнемдікке шалдыққандардың 60-70 пайызының балалары алкогольге бейім болып туылады. Қалада болсын, ауылда болсын спирттік ішімдіктер сататын орындар, дүкендер, кафе, барлар жаңбырдан кейінгі қозықұйрықтай дүрілдеп өсуде.
Ішімдікке салыну, тіпті аз мөлшерде ішкеннің өзінде де, созылмалы алкоголизмге ішпесе тұра алмайтын дертке шалдықтыруы, ішкі органдары кеселге ұшыратуы, адамның мінез-құлқын өзгертуі мүмкін. Ауру бірте-бірте өршиді. Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі.
Курстық жұмыстың мақсаты - маскүнемдік және девиация проблемаларын қарастыру. Осы мақсатқа сүйене отырып, жұмысты жазу барысында мынадай міндеттерді алға қойдым:
- Маскүнемдік және девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктеріне тоқталу;
- Маскүнемдікті қауіпті әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру;
- ҚР маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау жасау;
- Маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістерін жіктеу.
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МАСКҮНЕМДІК ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫС ПРОБЛЕМАСЫ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Маскүнемдік және девианттық мінез-құлық даму классификациясы, тенденциялары мен түсініктері

Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, оқшау тұрып та, кез келген бөтелкелестері мен бірлесіп те іше береді, барған сайын сау жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды.
Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады. Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы -- бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара-бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, мас болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Мұндайда (бірнеше күннен екі-үш аптаға дейін) спиртті ішімдіктерді өлшеусіз ішеді (күніне 1 литрге дейін,не 2 литрдей шарап), суррогаттарды да (әтір, политура) ішеді. Бірте-бірте мұндай жағдай жиілей түседі.
Алкоголизм
Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады -- еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Алкоголизмнің екінші сатысы 10 -- 15 жылға созыл ып, үшінші сатысына ауысады да, мидың нерв клеткалары тұтастай зақымданады -- алкаголь энцефалопатиясына ұшырайды. Мұндайда адам алкогольді көтере алмайды, спиртті ішімдіктің шағын дозасының өзі мас етеді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.
Емі. Ауру асқынбай тұрғанда -- созылмалы алкоголизмге дейін -- әркімнің ішімдіктен бас тартуына болады. Тек өзіне ерік беріп, ішімдікке салынудың денсаулығына да, туыстары мен жора-жолдастарына да, қоғамға да зиянды екендігін түсінсе болғаны. Созылмалы алкоголизмге шалдыққан адам, әдетте, еркінен айырылып, үйренген дағдысынан бастарта алмайды. Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн. ҚР Денсаулықсақтау министрлігінде созылмалы алкоголизмге шалдыққан адамды міндетті түрде емдеудің алғашқы қурсы бекітілген. Бұл курс 3 жыл ұдайы бақылау және емдеу мерзімінен тұрады, осыдан кейін (егер осы уақытта аузына ішімдік алмаса) 2 жылдай бақылауда болады. Емдеудің басты мақсаты -- маскүнем спиртті ішімдіктерді аузына алмауына қол жеткізу. Емдеуден кейін аздап ішсе де, ол қайтадан маскүнемдікке соқтырады. Емдеудің негізгі . үш кезеңі бар: олар -- алкогольден улану зардабын жою және жалпы көңіл-күйін қалпына келтіру; ішімдікке әуестік әдетті жойыл, спиртті ішімдіктерге жиіркеніш тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру; аурудың қайталамауына бағытталған емдік шараларды ұзақ уақыт қолдану. Дәрі-дәрмекті және психотерапияны қолданумен қоса, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар. Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары -- республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар.Сонымен бірге еңбекке қатыстыра отырып жартылай стационарда емдеу (мәселен,күндізгі стационарлар мен өнеркәсіп орындары жанындағы түнгі профилакторийлер)түрлері қолданылады. Ауылдық жерлердемас күнемд ерді емдеу үшін аудандық орталық аурухана жанынан наркологиялық кабинеттер ұйымдастырылған. Қажет болған жағдайда маскүнемдерді психиатрия ауруханасының жанындағы арнайы наркологиялық бөлімге жібереді.
ССР Одағы мен одақтас республикалардың денсаулық сақтау туралы негізгі заңдарында маскүнемдік қоғамдық ортаға қауіпті ауруға жатқызылған және арнайы емдеу мен сауықтыру шараларын жүргізу міндеттелген. ҚР-де маскүнемдік пен алкоголизмге қарсы күреске мемлекет және партия органдары, кәсіодақ комсомол және басқа да қоғамдық ұйымдар белсене араласады. Мәселен, барлық одақтас республикаларда (соның ішінде Қазақстанда да) халық депутаттары жергілікті Советтерінің атқару комитеттері мен республика Министрлер Советтерінің жайын да мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың маскүнемдікпен күресу жөніндегі жұмысын үйлестіретін комиссия құрылған. Емделуден бас тартқан, не емделгеннен кейін спиртті ішімдіктерді ішуін тоқтатпаған маскүнемдерді еркінен тыс ықтиярсыз емдету және еңбекпен түзеу шаралары, халық сотының шешімі бойынша дәрігердің қорытындысы болған жағдайда)емдеу-еңбекпен түзеу мекемелерінде (профилакторийде) 1 жылдан 2 жыл мерзімге дейін жүргізіледі.
Заңда қоғамдық орындарда спиртті ішімдіктерді ішкені, бұл орындарға мас болып келгені, ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік тарапынан қолданылатын шаралар белгіленген. Автотранспортты мас, не қызу күйінде пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктер күшейтілді. Ондай адамға ақшалай айып белгіленеді, әр түрлі мерзімге (3 жылға дейін) жүргізу құжатынан айырады. Ықпалындағы кәмелетке толмаған балаларды ішкілікке үйреткені, оларды мас еткені үшін қылмыстық жазаға тарту көзделген. Үйде сииртті ішімдіктерді (самогон, чача, арақ, тұт арағы, брага) жасағаны, сатқаны, сақгағаны үшін, спиртті ішімдіктерді сату тәртібін бұзғаны үшін, егер әкімшілік шаралар ықпалы әсер етпесе, қылмыстық жазалар белгіленген. Совет заңы бойынша мас күйінде қылмыс жасау кінәлі адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатпайды, қайта жаз асын ауырлата түседі.
Мастықтың әсерінен ауруға шалдыққан адамға аурулығы туралы листок берілмейді және де уақытша еңбекке жарамсыздығы жөніндегі жәрдем төленбейді.
Спиртті ішімдікке салыну салдарынан өз жанұясының материалдық жағдайын ауырлатқан адамдарға, сот арқылы жаұясына жәрдем көрсетуі міндеттемеледі.
Маскүнемдікті емдеудің негізгі үш кезеңі бар:
oo алкогольден улану зардабын жою және науқастың көңіл-күйін қалпына келтіру;
oo ішімдікке әуестікті жойып,
oo оларға жиіркеніш сезімін тудыру және оған төзе алмаушылықты қалыптастыру.
Негізгі емі витаминотерапия, дәрі-дәрмектер (инсулин, атропин, аминазин, т.б.) пайдалану. Сонымен қатар, ауру адамды қамқорлыққа алудың, тұрмыс жағдайын түзейтін әлеуметтік шаралар жасаудың айрықша маңызы бар.

1.2 Маскүнемдік қауіпті әлеуметтік құбылыс ретінде

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстан маскүнемдікке салынған азаматтар санының көптігі жағынан әлем бойынша алғашқы ондықтың қатарында тұр екен. Әрине, бұл - дабыл қағатын жағдай. Осыған қарап, егемен елдің ертеңі үшін алаңдауға негіз бар. Себебі, мамандардың пікірінше, алкогольдік ішімдіктер адам ағзасын улап қана қоймай, түрлі ауруларға шалдығуына себепкер болады. Статистикалық деректер бойынша елімізде ішкілікке салынудың салдарынан жыл сайын 28 мыңға жуық адам бауыр, жүрек-қан тамырлары, асқазан жарасы, ми инсульті тәрізді дерттерді асқындырып алып, жарық дүниемен қоштасады екен.
Ғалымдар маскүнем әке-шешеден туған бала да өскенде арақ-шарапқа әуес болатынын анықтаған. Сірә, сынықтан басқаның бәрі жұғады деп халқымыз тегін айтпаған-ау... Арнайы зерттеулер маскүнемдер отбасында туған балалардың басым бөлігінің денсаулығы нашар, қабілеті төмен болатынын дәлелдеген. Мәселен, француз дәрігерлері маскүнемдікке салынған он отбасында дүниеге келген 57 балаға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, 25 бала сәби кезінде шетінеген, 5 бала тырысқақ ауруына, 5-уі ауыр ми ісіктеріне шалдыққан. Сондай-ақ, 12 баланың ақыл-есі кем болып туса, қалған 10 баланың ғана денсаулығы салыстырмалы түрде дұрыс дамығандығы белгілі болған.
Мұндай жағдайдан кейін маскүнем адамы бар отбасында дүниеге келген бейкүнә сәбилердің болашағына үмітпен емес, күдікпен қарамасқа амал жоқ. Әсіресе, ұрпақтың саулығы - ұлттың саулығы деген қағиданы ұстанған елімізде бүгінгі күні маскүнемдікке салынған жастар қатарының жыл сайын көбейіп бара жатқаны өкінішті. Отандық наркологтардың айтуынша, соңғы үш-төрт жылда маскүнемдікке бет бұрған балалардың саны 10 есеге артқан. Осыдан кейін бұл жастардың болашағы қандай болмақ? деген ойға батасың...
Алкогольдік өнімдердің салдарынан талай шаңырақтардың шырқы бұзылып, бақытсыздыққа тап болуда. Сонымен қатар, жастар арасында кісі өлтіру, өзіне өзі қол жұмсау сынды қайғылы оқиғалар мен қылмыстық әрекеттер де жиі тіркелуде. Айталық, Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, өткен жылы өңірде 18703 қылмыстық әрекет тіркелсе, олардың 9811-і, яғни тең жартысы маскүнемдерге тиесілі екен. Ол аз болғандай, ащы суға тойып алған ақымақтардың кесірінен болған жан түршігерлік оқиғаларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы күн құрғатпай естіп жататынымыз да жасырын емес. Тіпті, жол-көлік апаты оқиғаларының да елу пайызы ішімдіктің салдарынан болатыны анықталған. Осылайша, бүгінгі бейбіт күнде біздің қоғамда түрлі бақытсыздық оқиғалары орын алуда. Нарколог мамандар осының бәрі елімізде алкоголь өнімдерін шамадан артық тұтынудан туындаған мәселе екенін айтады.
Статистикалық деректерге сүйенсек, Қазақстанда бір жыл бойы сатылатын арақ-шарап өнімдерінің мөлшері жан басына шаққанда әрбір адамға 12 литрден келеді екен. Халықаралық сараптау нәтижесі бұл көрсеткіш 8 литрден асқан жағдайда, ондай елдің болашағы қауіпті екенін алға тартады. Осыған орай, мемлекетімізде маскүнемдерді сауықтыру шаралары жүргізілуде. Облыстық ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша, былтыр аймақтағы 9 мыңнан астам араққа тәуелді маскүнемнің 417-і толық емдеу курсынан өткен. Бірақ, бұл қоғамға қотыр болғандардың азы ғана. Ал аталғандардың санына қосылмай, тасада жүргендер қаншама? Өкінішке қарай, елде ондайларды есепке алып, адам қатарына қосуға қолұшын беріп жатқан мемлекеттік органдардың әрекеті белсенді емес.
Мамандардың сөзіне қарағанда маскүнемдікке салынатындардың үштен бірін психологиялық ауытқуларға ұшырағандар құрайды. Ал қалғандары мас болғанды мақтан көретін еліккендер мен бардың қадірін білмейтін желіккендерге тиесілі.
Елімізде ішімдікке салынған маскүнемдерді дұрыс жолға салатындай ешбір жаза жоқ. Ішіп жүріп оқыстан полиция қызметкерлерінің қолына түсіп қалғандар ғана айықтырғыштың ар жағында бір түнегеннен арыға бармайды. Міне, біздің елде маскүнемдер үшін қолданылатын ең қатал жаза түрі осы. Тек араққа сылқия тойып алып, жазықсыз жандарға жапа шектіргендер ғана заң жүзінде тиісті сыбағасын алады.
Қазіргі таңда кез келген азық-түлік дүкенінде алкогольдік өнімдер емін-еркін сатыла береді. Заң бойынша спирттік ішімдіктерді жасөспірімдерге сатуға, қоғамдық орындарда ішуге тыйым салынған. Бірақ, бұл заң толығымен орындалып жатқан жоқ. Павлодар қалалық жастар мәслихаты төрағасының орынбасары Дамир Бейсенбинов: Тәртіп сақшыларымен бірге облыс орталығындағы дүкендерге 4-5 рет рейд жасадық. Рейд барысында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдерге спирттік ішімдіктердің сатылатынын өз көзіммен көрдім. Заңға шекесінен қараған дүкен қожайындарына айыппұл салынды. Әрине, мұнымен мәселе толықтай шешіле қоймасы белгілі. Менің пікірімше, көптеген сатушылар өздеріне қатысты заңдарды әлі де біле бермейтін сияқты, - дейді. Бәлкім, бұл да жөн болар. Бірақ, дүкен ашып, бизнестің қыр-сырын меңгерген қожайын мен сол дүкеннен нәпақасын тауып отырған сатушы заңды да білуі тиіс емес пе?! Әлде, қоғам үшін үлкен қасірет тудыруға себепші болған мұндай жандарға арнап заңгерлік кеңес, адамилық тәрбие беретін курстар ашу керек пе? Қазір қаладағы дүкендерді былай қойғанда, ауылдық жерлерде де өз үйлерінде отырып-ақ тәулік бойы ішімдік сатуды кәсіпке айналдырған саудагерсымақтар қаптап кетті. Ащы судың арқасында қалтасын қампитып жатқандар ел ертеңі үшін бір сәт те болса ойланса игі.
Бір анығы, біреудің аузына ешкім күшпен арақ құймайды. Сондықтан да, әр адам алдымен өз отбасының тыныштығын, денінің саулығын, айналасындағы жанашыр жандардың алдындағы қадір-қасиетін ойлағаны абзал. Әйтпегенде, маскүнем адамды ешкім де мүсіркеп, сыйламайтыны - бесенеден белгілі жайт. Өмірдегі ең қадірсіз, ең қасиетсіз адам - маскүнем деген екен бір данагөй.
Атап өтерлігі, адамзаттың арақ ішуіне шариғатта да тыйым салынған. Бұл жөнінде Құран аяттарында: Адал нәрселерді жеңдер, ішіңдер, ысырап етпеңдер. Шарап - Жаратқанның харам еткен нәрсесі. Оны пайдалану Алланың тыйымын бұзып, әміріне қарсы шыққанмен тең делінген. Ал Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) былай депті: Арақ он түрлі қырынан қарғысқа ұшырайды. Демек, ішуші мен құйып беруші, сатушы мен сатып алушы, дайындаушы мен дайындатушы, алып келген мен алып келгенге бұйырушы және сатып күн көрушіні лағнеттейді. Пайғамбарымыздың хадистерінде:
- Кімде-кім арақ ішсе, оған күйеуге шықпаңдар. Ауырып қалса, көңілін сұрап бармаңдар. Дүниеден өтсе, жаназасына қатыспаңдар.
- Кімде-кім біреудің арақ ішуіне жәрдемдессе, онда ол Исламның бұзылуына жәрдемдескен болады. Егер оған арақ ішу үшін қарыз берсе, онда ол бір мүминді өлтіруге жәрдемдескен болады.
- Арақтан сақтаныңдар, өйткені, ол - барлық жамандықтың кілті, - делінген екен.
Міне, ислам дінінде де арақ харам етілгендіктен ол пендені адамгершiлiктен, иманынан, мейірімділіктен, барлық жақсы қасиеттерден айырады. Ал жүрегінде осындай сезімдері жоқ адамның хайуаннан не айырмашылығы бар?! Осыдан кейін ар-ұяттан жұрдай, имансыз ұрпақтың көбеймесіне кім кепіл?
Жасыратыны жоқ, қазіргі таңда өзге емес, өз қаракөздеріміздің арасында арақ атты сайтан судың арбауына әбден кіріп кеткендер аз емес. Олардың санасын билегені сондай, тіпті, ең қуанышты сәттері үшін Жаратқанға шүкіршілік етіп, одан тілек тілегеннің орнына, араққа толы стақандарын көтеріп тұрып, баянды бақытты, зор денсаулықты, мол табысты, әлемдегі бар жақсылықты осы ащы судан сұрайтындарын қайтесің? Бұдан кейін, еріксіз замандастарымыздың надан болып бара жатқанына налисың...
Талай тағдырдың күл-талқанын шығарған маскүнемдік атты жұқпалы дерттің қоғам қотырына айналып бара жатқанына жаның ауырады...

2. ҚР АЗАМАТТАРЫ АРСЫНДАҒЫ МАСКҮНЕМДІК ПЕН ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫН АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

2.1 ҚР маскүнемдік пен девианттық мінез-құлық мәселелерінің қазіргі жағдайына талдау

Кейбір әлгіндей зардаптардың есесі толтырылмайды. Қазіргі таңда түрлі қоғамдарда алкогольдік ішімдіктер күрделі апатқа айналып, қоғам ішінде осы зиянды құбылыстың зардаптары етек жаюда. Көптеген зерттеушілердің ойынша, адамдардың алкогольге әуес болуына сан алуан әлеуметтік және мәдени факторлар әсер етеді. Америкалық зерттеуші Хортон 40-шы жылдары бірнеше қоғамда зерттеулер жүргізіп, қайсыбір қоғамда мәдени келеңсіздіктер мен тұрақсыздықтар мөлшері неғұрлым жоғары болса, сол қоғамда алкогольдік ішімдікке деген құштарлық соғұрлым жоғары болатынын түсінген. Бұл зерттеуде, егер қоғамдағы басым мәдениет пен құндылықтар арақ ішуге ынталандырса, алкогольдік ішімдіктер тұтынысының ұлғаюында рөл атқаратыны анықталды. Тағы басқа зерттеушілер, қоғамдағы құрылымдардың немесе тұлғалардың әлеуметтік жағдайының тез өзгеруі бірқатар келеңсіздіктердің соның ішінде маскүнемдіктің ұлғаюында әсерлі деп санайды. Бұл мәселе дәстүрлі қоғамның жаңа ғасырға өзгеруі кезінде көп байқалады.
Жалпы алғанда зерттеушілер, адамдардың маскүнемдікке бет алуына әсер ететін факторларды ішкі және сыртқы екі топқа бөледі. Ішкі факторларға - уайым, стресс, діни және моральдік ережелерді ұстанбау және сезімдегі күрт өзгерістер жатады. Келесі жағынан - кедейлік, қиын әлеуметтік және экономикалық жағдай, мәдени тұрақсыздық, отбасындағы түйткілдер, ахлақтық азғындық сыртқы факторларға жатады. Осы факторлар жиынтығы, алуан түрлі келеңсіздіктердің соның ішінде маскүнемдік пен нашақорлықтың пайда болуына зор әсер етеді.
Алкогольдік ішімдікті тұтынуға әсер ететін факторлар сыртқы және ішкі болып екі топқа бөлінген тәрізді, осы жағымсыз құбылыстың алдын-алуда және күресуде де осы екі топқа көңіл аудару қажет. Соның қатарында діни сенімдерді нығайту, адамның түрлі келеңсіздіктерге қарсы тұруына көмектесетін тақырыпқа жатады. Діни сенімдердің жайылуы, қоғамдық байланыстарға мағыналық құндылықтарды енгізіп, қоғамда адамгершілік қасиеттерді таратады. Жүргізілген зерттеулер, адамдардың діни сауаты мен оған берік болу деңгейі, психика мен мінез қылқтың саулығына тікелей әсер ететін факторлардан екенін көрсетеді. Өйткені дін мен діни сенімдер өмірге мағыналық сайлап, адамның өмірін мақсатты қылады. Бұл тақырыпты, 1992 жылы Американың Нью-Хавен тұрғындарымен жүргізген зерттеуде Вейзман атты ғалым мен оның әріптестері дәлелдеді. Сонымен қатар Канаданың Альберта штатында жүргізілген келесі бір зерттеу, адамдар діни рәсімдерге неғұрлым көбірек қатысса олардың алкогольдік ішімдік тұтыну мөлшері де соғұрлым азайғанын көрсетеді.
Пәк Ислам дінінде алкогольдік ішімдіктер ішуге тыйым салынған және исламдық хадистер мен руаяттар алкогольдің харамдығын көп қуаттайды. Алкоголь адамның ақылы мен ойына кері әсер еткендіктен және оны мас қылып оның мінез келеңсіздіктеріне себепші болғандықтан Ислам мұндай ішімдіктердің харамдығын баса айтады. Алкогольдік ішімдіктер сондай-ақ адам денесіндегі түрлі мүшелерге атап айтқанда ас қорыту жүйесіне, бауыр мен орталық жүйке жүйесіне кері және зиянды әсерін тигізеді. Бұған қоса маскүнем адамдардың кейбір балалары небір кемшіліктермен туады. Бұл мәселелерге біз өткен бағдарламаларда тоқталғанбыз. Алкогольдік ішімдіктер ішудің зардаптарын басқа да тұрғылардан зерттеуге болады. Көптеген ақпараттар мен куәлар, алкогольдік ішімдіктер ішу жанұялар мен қоғамға тіпті есесі толтырылмайтын зиян да келтіретінін көрсетеді.
Алкогольдік ішімдік ішу - бұзақылық, қылмыс, кісі өлтіру, өз-өзіне қол салу және көлік жүргізу барысында қазаға ұшыраудың негізгі себептерінің бірі. Неге десеңіз алкогольдің психика мен ағзаға зиянды әсері адамның жүріс тұрысы мен мінезін бұзады. Алкоголь адамның ойлау және дұрыс шешім қабылдау қабілетін азайтқандықтан, көптеген қылмыстар мен апаттарға жол ашады. Дүниежүзінің түрлі аймақтарында жылына ондаған мың отбасылар, мас адамдар көлік жүргізу кезінде олардың туыстарын қағып кетіп өлтіргені үшін заң мекемелеріне барып оларды жазаға тартуын сұрайды. Бұдан бұрын айтқанымыздай, алкоголь ішу, адамның физикалық әрекеттерін тежеп, оның дене қозғалысын бақылау қабілетін жояды. Осының салдарынан арақ ішкен адамның қоғамдағы әрекеттері өз-өзінен өзгереді. Ол ережелерді орындамай, маңайындағы жағдайды дұрыс түсінбейді. Арақ ішкен адам мас болып, қоғамдық және әлеуметтік ережелер мен қағидаларға мән бермей оларды орындамайды. Осының нәтижесінде ол лезде ашуланып, тәртіпсіздік жасаумен балағат сөздер айтады. Осыған байланысты Исламның қасиетті пайғамбары хазірет Мұхаммад(с) өз сөздерінің бірінде былай дейді: "шарап күнәларды жинайды, ол жамандықтың көзі және жексұрындықтың кілті". Осылайша шарап, көптеген бұзақылықтар мен қылмыстардың бастамасы бола алады.
Америкада балаларға зорлық жасаудың 30 пайызында және әйелдерге әлімжеттік көрсетудің 75 пайызында арақ ішу негізгі себеп болғанын статистикалар көрсетеді. Ірі апаттарға да алкогольдің қатысы бар. Мысалы мұндай ірі апаттардың бірі, Аляскада "Эксон" компаниясының "Уолдиз" мұнай танкерімен болған апат. Осы оқиғада танкердің капитаны мас болғандығы себебінен, әлгі компанияға милиардтаған доллар зиян тиіп, Аляска табиғатына есесі қайтарылмайтын ауыр нұқсан келтірілді. Батыс елдерінде атап айтқанда Америкада осындай апаттар орын алып жатқанына қарамастан, алкогольдік ішімдіктер тұтынуға және мұндай ішімдіктерді өндіруші кәсіпорындарға қарсы ешқандай шара қолданбақ түгіл, көптеген спорт сайыстары мен теледидар бағдарламаларында, алкогольдік ішімдіктердің қымбат және қызықты жарнамалары көрсетіледі. Ресейде халықтың көбі "водка" немесе басқа да алкогольдік ішімдіктерсіз тіпті күнделікті жаңалықтарды да көре алмайды. Кейбір мамандар алкоголизм түйткілін тіпті "орыс ауруы" деп атайды. Ресейде полиция күштерінің маскүнемдерді аулауы жиі кездеседі. Статистикалар бойынша, әр ресейлік азамат орташа есеппен бір жылда 18 литр алкогольдік ішімдіктер ішеді. Әлбетте орыс сәбилері мен жас балалары алкогольдік ішімдіктер ішпейтініне назар аудара ересек адамдардың нақты тұтыну мөлшері әлдеқайда жоғары. Ресей қайраткерлерінің айтуына қарағанда, 2009 жылдың алғашқы алты айында өлімге ұласқан 5 мың жол апатының негізгі дәлелі көлікті мас күйде жүргізу болған және осы оқиғалар кесірінен кем дегенде 8 мың адам қаза болған. Осының салдарынан ресейлік қайраткерлер алкогольдік ішімдіктер тұтынысын шектеу үшін оның бағасын ұлғайтқан.
Алкогольдік ішімдіктер тұтынудан ең көп зиян көретін орталардың бірі - жанұя. Көптеген мәліметтер мен есептер, жанұяның бір мүшесі алкогольдік ішімдік ішетін болса осы қасиетті ортаның құрлысы бұзылуына себепші болатынын көрсетеді. Өздеріңіз білетіндей, жанұя қоғамның тұңғыш бөлімі болып саналады және бала осы ортада дүниеге келіп, тұлғаға ие болады. Салт-дәстүрлер, үлгілер, ата-аналардың көзқарастары мен пікірлері және тәрбиелеу әдістері баланың мінезіне зор әсер етеді. Бала үйде көп нәрсені үйренеді және осы ортада ахлақтық негіздер мен өмір жолын игереді. Сондықтан балаға жақсылық пен жамандықты және құндылықтар мен келеңсіздіктерді түсіндіруде ата-аналар күрделі рөл атқарады. Егер жанұя кеңістігі сау болмаса әрине көптеген келеңсіздіктер мен жағымсыз мінездердің бастамасы болатыны шүбәсіз.
Осы тұрғыдан, жанұядағы маскүнем балаларға тым қолайсыз үлгі болады. Сонымен қатар жанұядағы қолайсыз орта ондағы мүшелердің әсіресе жастардың бұзақылыққа және алкогольге әуестенуіне септігін тигізеді. Швецияда 645 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Деструктивті мінез құлық
БАЛАЛАРҒА ҒАСЫР ІНДЕТІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘСЕР ЕТУ АСПЕКТІЛЕРІ
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлықтарын бейімдеудің жолдары
ПАТАЛОГИЯ ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ - ҚҰЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТАНУЫНЫҢ ОБЬЕКТІСІ РЕТІНДЕ
ДЕВИАНТТЫҚ МІНЕЗ
Әлеуметтік мінез-құлықтар және оның түрлері
Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Жасөспірімдердегі девианттық мінез - құлықтың түрлері
Әлеуметтік жұмыс туралы
Пәндер