Туризмнің экономикалық қызметтері


Мазмұны
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
1. 1 Туризм түсінгі мен мәні
1. 2 Туризмнің түрлері мен қызметтері, қажеттілігі
1. 3 Туризм саласын дамыту аясындағы мемлекеттік қолдаудың озық әлемдік тәжірибесі
2 ҚР- НЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
2. 1 EXPO көрмесінің туризмде алатын орны мен маңызы 2. 2 Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатындағы туристік жоба - EXPO көрмесі 2. 3 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасында туризм индустриясын дамытудың стратегиялық негіздемесінің мәніҚорытынды
Қолданылған әдебиеттер
4
6
6
12
27
39
39
45
51
57
63
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. ҚР-ның туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатының перспективті бағыттарын айқындау, оның ЕХРО көрмесінің даму қажеттілігін негіздеу.
Қазақстанда нарықтық экономиканың қалыптасуы тұрғындардың туристік қызмет көрсету тәсілдері мен түрлеріне деген қызығушылығын өсірді. Осы саланың шапшаң дамуы және туристік қызметте бәсеке ролі мен коммерциялау дәрежесінің өсуі туристік бизнесті мемлекеттік реттеу қажеттілігіне әкелді. Бірнеше жылдар ішінде Қазақстан тұрғындарының біршама бөлігінде туристік қызметке деген сұранысы өскен, соның нәтижесінде оларға деген қажеттілік көлемді болған, яғни өмір заңына кірген, ұлттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде қалыптасты.
Жиі туризм әр түрлі елдерде «алтын қақпа» қызметін атқарған. Сол қақпаны пайдалану елдің бүкіл ұлттық экономикасын күшейтуге мүмкіндік берді. Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімді қалыптастыруда, қосымша жұмыс орындарын құруда және тұрғындарды жұмысбастылықпен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда байланысын белсендіруде маңызды рөл атқарады. Туризм көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру және т. б. с. с. экономиканың басты салаларына өз ықпалын тигізеді, яғни әлеуметтік-экономикалық даму катализаторының бірі болып табылады.
БТҰ (Бүкіләлемдік Туристік Ұйым) мәліметтері бойынша туризм әлемдік капиталдың 7%-н пайдаланады, онымен әр 16-шы жұмыс орны байланысты, әлемдік тұтынушылық шығындардың 11%-ы оның үлесінде және ол барлық салық түсімдерінің 5%-н береді.
Соңғы жылдары Қазақстанда да туризмнің дамуына көп көңіл бөле бастады. Қазақстанның туристік кешендерінің даму болашағы көбіне жалпы ұлттық деңгейде туристік сфераны мемлекеттік реттеуді күшейтумен байланысты. «Қазақстан-2030» даму стратегияснда туризмді болашақта ел бюджетін толтыратын ірі құрамдас бөлік болатын экономика саласының болашағы бар сферасы деп белгіленген.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ҚР-ның туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатының дамуының концептуалды негіздерін анықтау.
Дипломдық жұмыстың мақсатына қол жеткізу үшін келесі тапсырмалар алға қойылды:
- туризмнің түрлерінің классификациясын және мәнін анықтау, туристік нарық құрылымында туризмнің рөлін ашып көрсету;
- туризм дамуының шетелдік тәжірибесін жинақтап қорыту;
- туризмнің ұлттық экономикаға қосқан үлесінің көрсеткіштері мен тәсілдерін әзірлеу;
- нарықтық реформалар жағдайында туристік қызмет нарығының даму ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстан Республикасы туристік нарығының приоритетті бағыты ретіндегі туризмнің дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу, оның ішінде: туризмнің даму шарты ретінде туристік инфрақұрылым индустриясын мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу; туризмнің дамуына әсер ететін факторларды талдауға алу; туризмді дамытудың аймақтық ерекшеліктерін анықтау.
Дипломдық жұмыс объектісі - туристік қызмет нарығы.
Дипломдық жұмыстың зерттеуі пәні - туристік қызмет нарығының қатысушылары арасындағы экономикалық және басқарушлық қатынастарының жиынтығы.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық базасы болып отандық және шетел ғалымдарының жұмыстарында келтірілген қорытындылар, туризм саласындағы ҚР-ның құқықтық-нормативтік актілері мен Заңдары, ҚР-ның статистикалық агенттігінің сандық көрсеткіштері табылады.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы. Микро және макро деңгейде туризмді басқару мәселелері Т. В. Абрамова, В. Г. Гуляева, В. А. Квартальнова, Л. Ю. Проурзинаның еңбектерінде кездеседі. Туристік нарықты мемлекеттік реттеуді басқарудың бағдарламалы-мақсатты тәсілдерін қолдану туралы мәліметтерді Е. Е. Румянцева және Л. В. Садинованың еңбектерінен алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиетттер тізімінен тұрады.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТЫ
1. 1 Туризм түсінгі мен мәні
“Туризм” түсінігіне берілген анықтамаларды талдай отырып мынадай қорытындыға келуге болады: авторлардың көп бөлігі туризмді тек тұтынушылар көзқарасы жағынан қарастырады, яғни туризм белгілі мақсаттармен ұйымдастырылған сапар ретінде [18; 12б] . Біздің көзқарас бойынша туризмді өндіріс сферасы және туристік ресурстары бар ұйымдарға туристік қызмет пен тауарларды өткізетін өндіруші жағынан да қарастыруымыз қажет. Мынадай анықтама беруге болады: “туризм” - бұл адамдардың саяхаттау кезеңінде олардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында туристік тауарларды сату және туристік қызмет кешенін ұсыну бойынша туристік кәсіпорындар қызметін қосатын экономиканың спецификалық саласы [27; 23б] .
Әдетте туризмде үш экономикалық функциялар айқындалады: өндірістік, жұмыспен қамтамасыз ету және табыстың болуы. Кейбір ғалымдар туризмнің экономикалық қызметі тізіміне аймақтық диспропорцияны бәсеңдету және төлем балансының ауытқуын реттеу қызметтерімен толықтыру қажет деп есептейді [16; 134б] .
Туризмнің экономикалық қызметтеріТабыс көзінің құрылуы
Өндірістік
Аймақтық диспропорцияны бәсеңдету
Тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз ету
Төлем балансының ауытқуын реттеу
Сурет 1. Туризмнің экономикалық қызметтеріТуризмнің көптеген басқа да экономиканың салаларымен бай-ланысты сыртқы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік-мәдени тиімділіктерді тудырады, олардың таралуы көбінесе туристік қызмет субъектілерін бақылау сферасынан тыс жатыр [10; 68б] . Туризмді дамытуды мемлекеттік жоспарлау сыртқы әсердің жағымды жағын көбейтуге және теріс жағын минималдауға бағытталу керек [13; 39б] .
Туризмді әлемдік шаруашылықтың интенсивті дамып келе жатқан және табысты бизнестің бірі ретінде қарастырады. Бұған туризм үлесіне әлемдік жалпы ұлттық табыстың шамамен 10%-ы келеді деген факт куә бола алады [10:24] .
Үшінші мың жылдықтың басында халықаралық туризм үлесіне жалпы әлемдік экспорт көлемінің 8%-ы және әлемдік қызметтер саудасының үлесіне 30-35% тиеді [10; 84б] .
Туризмнің дамуы әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады. Әлемнің көптеген елдерінде тек қана туризм есебінен жаңа жұмыс орындары ашылады, тұрғындардың жоғары өмір сүру деңгейі қалыптасады, елдің төлем блансын жақсартудың алғышарттары пайда балады. Туризм сферасын дамыту қажеттілігі білім деңгейін көтеруге, тұрғындарға медициналық қызмет көрсету жүйесін жетілдіруге, ақпараттарды таратуда жаңа тәсілдерді енгізуге және т. б. өз әсерін тигізеді.
Туризм мәдени байлықты дамытуға және сақтауға ықпалын тигізеді, әр түрлі елдер мен халықтар арасында тепе-теңдік қатынастырады жүргізеді, қоршаған ортаны сақтау және сауықтыру ісіне үкіметті, қоғамдық ұйымдарды және комерциялық құрылымдырды белсенді қатысуын қадағалайды.
Қазақстандағы туризмнің қазіргі дамуы оның ұйымдастырушылық құрылымында, дамудың бағытында, сапалық және сандық сипаттама жағдайында терең қарама-қайшылықтардың бар болуымен сипатталады [4; 5б] .
Бір жағынан бастапқы қол жеткізген туристік қызметті ұсыну көлемінің күрт төмендеуімен, туристік саладағы материалдық база-ның қысқартылуымен және туристік қызметке деген тұрғындардың қажеттілігінің біршама сәйкессіздігімен байланысты Қазақстан туризмнің қазіргі жағдайы дағдарысты деп бағаланады[4; 6б] .
Екінші жағынан ең жоғары әлемдік стандарттарға жауап беретін туристік объектілер құрылысының жоғары темпі, қазақстандықтардың шетелге саяхаттауға шығуының біршама көбеюі, Қазақстанның барлық аумағында туристік ұйымдар санының өсуі белгіленуде [4; 6б] .
Туризмдегі топтастырудың негізгі көрсеткіштері - критерияларға байланысты оның жеке формалары мен түрлерін айқындауды білдіреді. Туризм түрлерін топтастыру туризм дамуын, оның өзгеруін және негізгі тенденцияларын тереңірек зерттеуге көмектеседі. Туризмнің түрлері мен формаларын олардың таза күйінде бөліп қарастыру өте қиын, сандықтан дүниежүзіне ортақ топтастыру жоқ. Қолданыста жүргендерінде кейбір айырмашылық-тар бар, бірақбүтіндей бір мағынаға келеді.
Туризм - әлемдік жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін құрайтын, әлемдік экономикадағы маңызды рөлдерінің бірін ойнайды. Экономиканың бұл саласы өте жылдам қарқынмен дамып келеді, себебі туризм соңғы жылдары әлемдік бизнес түрінің ең табысты саласына айналды. Ол әлемдік капиталдың шамамен 7%-ын пайдаланады. 90-шы жылдардың басында туризмнің үлесі әлемдік тауарлар мен қызметтер саудасының 10%-ын құраған, мұнай мен автомобиль экспортынан кейінгі үшінші орын.
Халықаралық туризм тұрғындардың жұмыспен қамтылуына үлкен ықпал етеді. Мамандардың бағалауы бойынша, қазыргі таңда 100 млн. адам туризм индустриясында жұмыс істейді, ал 2009 ж. әрбір сегізінші адам экономиканың осы секторында жұмыс істейді. Туризм индустриясы - еңбек икемділік процесі, сондықтанда бұл салада негізінен маманданбаған жұмысшылар кездеседі. Алайда бұл, туризм саласында жоғары маманданған еңбек қолданылмайды дегенді білдірмейді. Экономиканың басқа дамып жатқан салаларына қарағанда, бұл салада жаңа жұмыс орындары географиялық мақсатта кеңінен қолданылады.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. 2010 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүниежүзілік табыстың 9 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 56 пайызын құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді. Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс істеу жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық қызмет көрсетуі дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен, мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-білудің бірден бір факторы болып табылады.
Сол немесе басқа аймақта туындаған туристік ағымдардың мінездемесі, және олардың болашақта пайда болуының алғы шарттары, әлемдік туризм нарығында елдің жағдайын талдау үшін үлкен мәнге ие:
- аймаққа туристік ағымдардың бағытталуы және сол аймақтан кетуі, туристік мақсатта шығатын, шетелдік туристік клиентурасы мен жеке азаматтар құрылымы;
- сол аймақтағы туризмнің ерекшеліктері: маусымдық ырғағы, туризмнің басым болатын формалары мен түрлері, қатысудың негізгі мақсаттары және т. б. ;
- туристік проблемаларға жергілікті туристік органдар мен үкімет арасындағы қарым-қатынасы, туристік саясаттың ерекшелігі;
- берілген аймақтың шаруашылық құрылымындағы туризмнің экономикалық рөлі;
- сол аймақтағы туризм дамуының перспективасы.
Американдық әлеуметтанушы Т. Бертон туристік демалу моделіне, өз кезегінде, бос уақытты өткізуге әсер ететін факторлардың үш тобын атап көрсетті:
- Технологиялық (бұқаралық коммуникациялар құралдары) ;
- Институционалды (заң шығарушы) ;
- Әлеуметтік-экономикалық (демографиялық, табыс мөлшері, мамандығы) .
Бос ауқытты өткізу өз кезегінде туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторларының бірі болып табылады.
Туризмнің дамуына әсер ететін негізгі факторлар статикалық және динамикалық болып бөлінеді. Статикалыққа табиғи - географиялық факторлар жиынтығы жатады. Олар өткіншісіз, өзгермейтін мағыналы болады.
Туризмнің дамуына әсер ететін ненгізгі факторлар статикалық және динамикалық болып екіге бөлінеді. Статикалыққа табиғи-географиялық факторларының жиынтығы жатады. Олар өткіншісіз, өзгермейтін мағынаны береді. Адам оларды тек туристік қажеттіліктерге ғана икемдейді, оларды пайдалануға қолайлы етеді. Табиғи-климаттық және географиялық факторлар әдемілікте, бай табиғатта, климатта, жергілікті рельефте, жер асты байлықтарында (минералды үңгірлер және т. б. ) айтылуын табады. Мәдени-табиғи факторларды да (ескерткіштер, архитектуралар, тарих және т. б. ) белгілі бір мөлшрде статикалық факторларға жатқызуға болады.
Динамикалық факторларға демографиялық, әлеуметтік-экономикалық, материалдық-техникалық және саяси факторлар жатады. Олар уақыт пен кеңістікте өзгеретін мағынаның бағасына ие бола алады. Сонымен қатар туризмге әсер ететін факторлар сыртқы (экзогенді) және ішкі (эндогенді) болып бөлінеді.
Сыртқы (экзогенді) факторлар туризмге демографиялық және әлеуметтік өзгертулер арқылы әсер етеді. Бұл топқа мыналар енеді: тұрғындардың жасы, әр жанұяның табысының өзгеруі және жұмыс жасайтын әйелдер санының өсуі, жалғыз басты адамдардың өсу пропорциясы, жанұя құрудың және некеге неғұрлым кеш тұрудың тенденциялары, тұрғындардың құрамындағы балалары жоқ отбасылардың санының өсуі, иммиграциялық шектеулердің төмендеуі, жұмыс мерзімінің икемділігі жұмыс сапары төлемінің өсуі, зейнетке ерте шығу, туристік мүмкіндіктер түсінігінің өсуі. Жоғарыда аталғандардың барлығы сол немесе басқа дәрежелі көрсеткіштер туризмнің даму шарттарының әлеуметтік-джемографиялық объективін құрайтын тұрғындардың бос уақыт құрылымына әсер етеді. Сондықтан, туризмнің даму бағдарламасын жасауда тұрғындар уақыты қорының құрылымын және бос уақыт бюджетін айқындау қажет.
Тұрғындардың бос уақыт құрылымы:
- Жылдық бюджет: млрд. сағ., %, солардың ішінде:
- қоғамдық өндірістегі еңбек;
- физиологиялық қажеттіліктерді қанағаттандыру;
- үй шаруашылығындағы еңбек;
- білім алуға жұмсалған уақыт шығындары;
- бос уақыт.
- Бос уақыт бюджеті: 100 %, солардың ішінде:
- күнделікті;
- демалыс және мейрам күндері;
- оқитындардың демалыс және каникул күндері;
- зейнеткерлердің бос уақыты;
осы уақытта бізде бос уақыт құрылымы мен тұрғындар бөлігінің экономикалық мүмкіндіктері арасында келіспеушіліктер көрінеді, осының нәтижесінде, көптеген кәсіпорындар өзінің жұмысшыларын төленбеген демалысқа жібереді. Осыдан келіп бір жағдайға тіреледі, бос уақыты бар тұрғындардың белгілі бір бөлігі туристік қызметтермен пайдалана алмайды. Өз кезегінде, туристік фирмалар мүмкіндіктерін пайдалана отырып демалуға материалдық жағдайлары бар коммерциялық құрылым өкілдері, көбінесе қысқа мерзімді демалыстарға да өздеріне ерік бере алмайды.
Туризмге әсер ететін сыртқы факторлар санына сондай-ақ экономикалық және қаржылық факторлар да жатады:
- экономикалық және қаржылық жағдайлардың жақсаруы (нашарлауы) ;
- персоналдық табыстың артуы (төмендеуі) ;
- жоғары (төмен) туристік белсенділік, демалуға бөлінген табыс бөлігінің тәуелділігі;
- туризм және саяхат шығындарын жабу үшін жұмсалған қоғамдық-бөлінетін құралдар үлесінің өсуі (төмендеуі) .
Туризм өсіміне әсер ететін әлеуметтік-экономикалық факторларға, сондай-ақ, білім, мәдениет, тұрғындардың эстетикалық тұтыну деңгейінің өсуі жатады. Эстетикалық тұтыну элементі ретінде адамдардың тұрмыспен, тарихпен, мәдениетпен, әртүрлі елдер өмірінің шартарымен танысуына ұмтылуын қарастыруға болады.
Сондай-ақ, сыртқы факторларға саяси және құқықтық реттеудің өзгерісі; технологиялық өзгерістер; сауда және көлік инфрақұрылымының өзгеруі; саяхаттың қауіпсіздік шарттарының өзгеруі жатады.
Ішкі (эндогенді) факторлар - бұл туризм саласына тікелей әсер ететін факторлар. Оларға ең алдымен туризмнің дамуында өте маңызды мағынаға ие болатын материалды-техникалық факторлар жатады. Олардың негізгілері орналастыру құралдарының дамуымен, көлікпен, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарымен, рекреациондық саламен, бөлшек саудамен және т. б. байланысты.
Ішкі факторларға сондай-ақ туристік нарық факторлары да жатады:
- сұраныс процессі, ұсыну және тарату (қазіргі нарықтық факторлар ерекшелігі ретінде мынаны бөліп көрсетуге болады, мысалы, турөнімге деген сұраныстың тұрақты сұранымға айналуы, сондай-ақ индивидуалдық туризмнің өсуі) ;
- нарық сегментациясы рөлінің өсуі (жаңа аймақ ішілік туристік сегменттердің пайда болуы, саяхат арақашықтығының өсуі, демалысты өткізу формаларының әртүрлілігі, қысқа мерзімді келулердің өсімі, туристік кеңітікте төтеп бере алатын туристік даму диверсификациясының өсуі және т. б. ) ;
- монополизация процесінің және туризмдегі координация қызметі рөлінің өсуі (горизонтальды интеграцияның күшеюі, яғни, ірі фирмалардың орта және шағын бизнеспен серіктестік қатынасының өсуі; стратегиялық туристік кеңес құру арқылы вертикальды интеграциясы; туристік бизнестің глобализациясы және т. б. ) ;
- алға жылжудағы, жарнамадағы және өндірілген турөнімдерді өткізудегі бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің және қоғаммен байланыстың (паблик рилейшнз) өсуі;
- туризмдегі кадрлар рөлінің өсуі (жұмысшылар санының өсуі, кәсіптік-біліктілік құрылымының дамуы, кәсіптік дайындық маңызының жоғарылауы, еңбек ұйымының жақсаруы және т. б. ) ;
- жеке туристік бизнес рөлінің өсуі (нарықта қызмет ететін туыс шағын кәсіпорындардың - агенттердің маңызды саны мен үлкен трансұлттық операторлар шектеулі санының шарттары құрылады, өз кезегінде қызметші мамандығының жоғарылауында қажеттілікті жаралайтын, кәсіптік маркетинг негізінде турөнімді тиімді өткізу жүзеге асырыларды) .
Жоғарыда келтірілген факторлар, өз кезегінде, экстенсивті, интенсивті және баяулататын (негативті) болып бөлінеді.
Экстенсивті факторларға мыналар жатады:
- жұмысшылар санының өсуі;
- материалды ресурстардың шаруашылық айналымына қатысты санының өсуі;
- туризмнің жаңа объектілерінің құрылысы және солардың техникалық деңгейі.
Интенсивті факторлар:
- қызметшінің мамандық деңгейінің жоғарылауы;
- кәсіптік-мамандандырылған құрылымның дамуы;
- ҒТП нәтижелері мен жетістіктерді еңгізу негізінде материалдық базаны техникалық жетілдіру, сонымен қоса туризмдегі компьютеризацияның, индустриализацияның, технологизацияның, қызмет көрсету сапасы мен мәдениеттің жақсаруының мақсатты бағдарламасын тарату;
- материалдық ресурстарды, объектілерді, маршруттарды және т. б. рационалды пайдалану.
Баяулататын (негативті) факторлар, туризмнің дамуына негативті әсер ететін факторларға мыналар жатады: дағдарыстар, экономика милитаризациясы, сыртқы қарыздардың өсімі, саяси тұрақсыздық, тұтыну заттарына деген бағаның өсуі, жұмыссыздық, көтерілістер, криминогенді жағдай, қаржылық тұрақсыздық (инфляция, валютаның стагнациясы), жеке тұтыну көлемінің қысқаруы, экологиялық жағдайдың нашарлығы, туристік фирмалардың банкроттығы, туристік формальдылықты қатаңдандыру, ақша айырбастау квотасының төмендеуі, турфирмалардың өз міндеттерін орындамауы және т. б.
Туризм дамуына әсер ететін негативті факторлар мысалы болып 70 жылдардағы әлемдік туризм саласында энергетикалық дағдарыс салдарының нәтижесінде пайда болған жағдайлар қызмет етеді. Экономикалық құлдырау нәтижесінде қызмет көрсету (негізінен көлікте) тарифтерінің тұрақсыздығы; туристік қызмет көрсетуге бағаның өсуі; қонақ үй сервисінің нашарлығы; жол жүру ұзақтығының қысқаруы, олардың ұзақтығы және шығындары; шетелге шығу сұранысының төмендеуі пайда болды. Берілген факторлар осы жағдайларда ерекше әлсіз болып табылатын, туризмнің мынандай түрлеріне, әлуметтік туризм және жастар туризміне ерекше әсер етеді.
Факторлардың арасындағы туризмнің дамуында ерекше орын алатыны маусымдық факторлар болып табылады. Маусым мезгіліне тәуелді туристік қызмет көлемі өте салмақты тербеліске еи бола алады. Туристік ұйымдар мен мекемелер маусымдық төмендеулердің азаюына бағытталған өлшемдердің қатарын қамданады, мысалы, маусымдық баға дифференциациясын енгізу (қонақ үйде тұрудың маусым мезгіліне қатысты тарифтер мөлшерінің айырмашылығы 50%-ға дейін жетуі мүмкін), маусымдық тербеліске шалдықпаған туризмнің түрлерінің дамуы - конгрестік, іскерлік және т. б.
1. 2 Туризмнің түрлері мен қызметтері, қажеттілігі
Қазіргі заман туризм түрлерінің толық таптарын беру үшін, туризмнің қайсыбір түрін сипаттайтын ең қажетті белгілерді қолдану маңызды, сонымен қатар, туризмнің ұлттық иемділігі; туристік саяхатты ескертуді қанағаттандыратын, негізгі қажеттілік; саяхатта қолданылатын, қозғалыстың негізгі құралы; орналастыру құралы; саяхаттың ұзақтылығы; топ құрамы; ұйымдастыру формалары; турөнім бағасын құрудың негізгі принциптері және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz