Игеріліп жатқан материалдың шәкірттер тарпынан қабылдануы
Бүгінгі таңда ұрпақ алдында: Қазақстан 2030 бағдарламасындағы: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр. Ұлттың болашағы, тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңгі ұрпағының рухани байлығы, мәдениеті, саналы ұлттық ойлау қабілеті мен біліміне, іскерлігіне байланысты.
Осыдан келіп, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалынып жатқан талпыныстар оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық әрекет ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру ісіне ерекше мән берілуде.
Дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды етіп, қоғамның әлеуметтік-эканомикалық дамуына үлес қоса алады. Сондықтан студентттер оқытушы берген білімді, іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс. Осыған орай, студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру студенттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді [1].
Оқу үрдісінде танымдық белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек: Я.А.Коменский, Ы.Алтынсарин, П.И.Пидкасистый, Н.А.Половникова, Т.И.Шамова, А.Е.Әбілқасымова, Т.С.Сабыров, Р.С.Омарова т.б.еңбектері. Сонымен бірге танымдық іс-әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру проблемасына педагогтар, психологтар, әдіскерлердің көптеген еңбектері арналған. Студенттердің танымдық әрекеті мен белсенділігін жетілдіру құралы ретінде қарастырып, құнды пікірлер Ф.Бэкон, М.Мантель, Д.Локк, Я.А.Коменский, И.Кант еңбектерінде айтылған.
Танымдық белсенділікті дамытудағы оқыту әдістемесінің негізін алғашқылардың бірі болып қалаған ұлы педагог Я.А.Коменский : Заттың не құбылыстың түп тамырына жету, анықтау қабілетін дамыту, оны шынайы түсіну және оны қолдана білу қажет,-деп ерекше атап өткен. Ал қазақтың педагог-ғалымы М.Жұмабаев оқыту процесінде қарапайымнан күрделіге көше отырып, өз бетінше оқуға, өз бетінше білім алуға үйрету қажеттігін көрсетеді.
Студенттердің танымдық белсенділігін, ақыл-ой қабілеттерін дамытуда, оқуға қажетті біліктер мен дағдылар, алған білімнің саналылығы және біліктілігін қамтамассыз етуде көрнекіліктер мен инновациялық технологиялардың маңызы зор. Танымдық әрекеттің негізінде студенттерде танымдық белсенділік қалыптасады. Танымдық белсенділік - студенттің оқуға, білуге деген құштарлығының, ынта-ықыласының ерекше көрінісі. Студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор.
Танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет проблемасына арналған көптеген еңбектеді зерттеу мынадай қорытындыға әкелді: танымдық ізденімпаздық пен ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады.
Егер жеке тұлғаның өз тарапынан танымдық белсенділікті қалыптастыру әрекеттеріне бақылау жасамаса, ізденіс нәтижесі бағаланбаса, жетістіктерге жетуге болады деп айту қиын. Өзгелердің тарапынан болатын бақылаудан гөрі, студент өз білім деңгейіне, біліктері мен дағдыларына сын көзбен қарап, бақылау жасауы, оның білімді сапалы меңгеруіне жұмыстың нәтижесін көруде барынша көмектесетіні белгілі [2].
Таным теориясы (гносеология немесе эпистеминология) - айналадағы қоршаған дүниенің адам санасында бейнеленуін, танымның жалпы шарттары мен мүмкіндігін, білімнің шындыққа қатынасын, қоғамдық тәжірибе негізінде іске асатын таным үрдісінің заңдылықтарын, оның негізгі түрлерін, әдістерін, жорамалдар мен тоерияларды құру және дамытудың жолдарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Білімнің қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттейтін ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылым теорияларынан түбірлі айырмашылықтары бар. Ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдары, оның ақиқаттық жалпы шарттарының, объективтік қатынастарының қалыптасуы.
Дүниені танудың түрлі формалары болады. Ғылыми теориялық тану дегеніміз - дүниені меңгерудің бір формасы, мұның негізінде логикалық ойлау мен қорытындылауға қабілеттілік жатады. Ғылыми тану толып жатқан жеке жақтардан заңдылық шығаруға сипат табуға бағытталған [3].
Студенттер бойында кездесетін қабілеттіліктері - білімді өз сапасында белсенді және нәтижелі түрде бейнеленуі. Мұндай бейнелеу әрекеті аса күрделі үрдіс.Ол студенттердің сыртқы дағды мен әдеттерін қалыптастыру нәтижесінде жүзеге асады. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, таным қабілеттілігінің оянуына түрткі болу - оқытудың негізгі мәселелерінің бірі. Студенттердің танымдық белсенділігі өз кезеңінде қабылдау, есте сақтау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Студенттің өзіндік сезімдік танымы негізінде қабылданған білімі мен дағдысы, ептілігі мен шеберлігі әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Cтуденттердің - танымдық белсенділігін қалыптастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д. Хмель).
Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен әлеуметтік ортаның) бірлігі деп түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің белсенді қатысушысы.
Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс).
Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар.
Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады.
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.
Педагогикалық құрал ретінде оқу-үйретімді таңдап алдым.
Жүйелі тәлімденудің аса маңызды әрі сенімді жолы - бұл оқу-үйретім (үйренім). Қарапайым сана тұрғысынан оқу-үйретім белгілі білім, ептілік және дағдылардың адам тіршілігіне өткізу құралы ретінде қабылданған. Алайда, білімді жай беріп, қабылдату мүмкін емес, білім берілмейді, ұсынылады, ал оны қабылдау шәкірттің қажетсінуі мен мүмкіндігіне тәуелді, яғни түйеге жантақ керек болса, мойнын созады, жыламаған балаға емшек жоқ, яғни дидактикалық нәтижені шәкірттің өз белсенділік іс-әрекетінің арқасында ғана іске асыру мүмкін. Демек, педагогикалық үдерістің басқа бірліктері сияқты, оқу-үйретім де педагог пен шәкіртің өзара ықпалдасты әрекеттерінің нәтижесінде өз өнімін береді. Бұл тұрғыдан, оқу-үйретімді ұстаз бен шәкірт арасындағы белсенді өзара әрекеттестік ретінде сипаттауға болады. Осы әрекеттестік желісінде шәкірттің өз белсенділігінің арқасында педагог атқаратын қызметтер:
- оқу-үйретім жұмысы мақсаттарын нақтылау;
- өтіліп жатқан материалды игеруге болған шәкірт қажеттігін қалыптасуына ықпал жасау;
- шәкірт тарапынан игерілуі тиіс материал мазмұнын анықтау;
- игерілуі тиіс материалды меңгеру үшін шәкірттің оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;
- шәкірттің оқу-үйренім іс-әрекетін ұнамды көңіл-күй сипатына келтіру;
- шәкірттің оқу-ізденіс жұмыстарын реттеп бару және оны қадағалау;
- шәкірт іс-әрекетінің нәтижелерін бағалап бару;
Ұстаз қызметімен бір қатар шәкірт келесідей бірліктерден құралатын оқу-танымдық қызметтерді атқарады:
- оқу-үйретім мақсаттары мен міндеттерін түсіне қабылдау;
- оқу-танымдық іс-әрекет қажеттіктері - білімдер, ептіліктер, дағдылар және қабілеттер қалыптастыру.
Сонымен бірге, оқу-үйретім барша педагогикалық үдеріс сынды арнайы ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. Оқу-үйретім, осыдан педагог басқарымындағы анайы танымдық және ептіліктер мен дағдыларды меңгеру үдерісі. Педагогтың бағдарлау - бағыттау қызметінің арқасында ғана шәкірттердің білім, ептілік және дағдыларды толыққанды игеріп алуы қамтамасыз етіледі. Мұғалім шәкірт белсенділігіне қажетті жағдайлар жасайды, оны бағыттайды, қадағалайды. Оған қажет болар ақпараттар мен жабдықтарды ұсынады.
Егер ұстаз шәкірттің білім игеруге деген белсенділігін көтере алмаса, оның оқу-үйренім жұмысына болған ынтасын оята алмаса, бұл үдерістен келер пайданың мардымсыз болары айтпаса да түсінікті. Осыдан, педагог пен шәкірт арасындағы өзара әрекеттестікті түзуге жоғары мән берген жөн. Мұндай әрекеттестік міндеттер:
- тәлім мен оған деген ынта-ықылас себептерін дамыту және тереңдете түсу;
- жаңа материал тақырыбы және ол бойынша игерілуі тиіс сұрақтарды топшылай білу;
- сабақ материалын қабылдау, түсіну, есте қалдыру, игерілгенді тәжірибеде қолдану және қайталап бару;
- тәлімдік іс-әрекет үдерісін ұнамды көңіл-күймен қолдап, оған қажетті ерік күшін қосып отыру;
- танымдық жұмыстарға өзіндік бақылау қойып, реттеу-түзетулер енгізе білу;
- өзінің танымдық қызметтерінің нәтижесін шынайы бағалай алуға баулу.
Оқу-үйретім үдерісінің негізгі кезеңдері
Белсенді танымдық іс-әрекеттің жалпы құрылымы өз ішіне келесідей оқу-үйретім кезеңдерін қамтиды:
игеріліп жатқан материалды қабылдау;
материалды түсіну;
материалды есте қалдыру;
игерілгенді тәжірибеде қолдану;
Игеріліп жатқан материалдың шәкірттер тарпынан қабылдануы. Игерілуі тиіс материалды меңгеру оны қабылдаудан басталады. Бұл танымдық әрекеттің мәні - шәкірт сезім ағзалары (есту, көру, сезу, иіс түйсіктері) жәрдемімен сабақ барысында таныстырылып жатқан заттар мен құбылыстардың ерекшеліктері мен белгілерін қабылдайды. Қабылдау дегеніміз - бұл танымға өтуі тиіс заттар, құбылыстар және үдерістердің сезінетін сырттай қасиеттерінің адам санасында бейнеленуі.
Шәкірттердің сабақ материалын түсіне, ой елегіне салуы. Балалардың игеріліп жатқан материалды түсінуге және ол бойынша ғылыми ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған әрекеті ой қызметін аңғартады.
Игеруге тиіс материалды түсіну үдерісі, яғни танымға өтуі қажет заттар мен құбылыстардың мәнін ашуға ойлау және теориялық ұғымдар қалыптастыру өзінің үлкен күрделілігімен ерекшеленеді. Ең алдымен ескерілетін жәйт, "ой жұмысы" санада оған қажет материал, дәлірек айтсақ, белгілі мөлшердегі нақты ұғымдар, мысалдар мен деректер табылған жағдайда ғана іске асады. Демек, түсіндірілетін заттар мен құбылыстарды табиғи қалпында немесе көрнекі құралдар жәрдемімен қабылдауға бағыттаудың танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру сабақ мазмұнын ұғуда орасан маңызға ие. Шәкірттер санасында орныққан ұғымдар неғұрылым көп болса, неғұрылым олар анық та жарқын келсе, ой "жұмысы" да өнімді нәтиже береді. Бұл жағдайға өтіліп жатқан материалды түсіну мен ол бойынша ғылыми ұғымдардың қалыптасуы белгілі үдеріс амалдарының орындалуына тәуелді: а) сабақта таныстырылатын заттар мен құбылыстардың мәнін ашу үшін олардың қабылданып, ұғымда бекіген қасиеттері мен белгілерін маңыз дәрежесіне қарай талдауға салу; б) игерілудегі заттар мен құбылыстардың мәнді және мәнсіз белгілері мен қасиеттерін қисынды топқа біріктіру; в) сабақ мазмұнындағы заттар мен құбылыстардың мәнін ой "елеуішінен" өткізіп (себептері мен салдарын ашып) жалпылай қорытынды, түсінік, заңдар мен дүниетанымдық идеялар топшылау.
Өтіліп жатқан материалды ұғудың нәтижесінде шәкірт санасында түсінім, таным заттары, құбылыстары және үдерістері жөнінде пайым жасалып, жаңа ғылыми ұғымдар орнығады.
Алайда, өтіліп жатқан материалда ұғу үдерісі ол бойынша түсінік қалыптастырумен шектелмейді. Бұл үдерісте шәкірттерде құбылыстарды салыстыру және талдау, олардың мәнді, мәнсіз тараптарын ажырату ептіліктері, сондай-ақ ой толғастыру, болжам мен теориялық қорытынды жасау қабілеттері қалыптасады, яғни шәкірттің ақыл-ес дамуы өріс алады. Бұларға қоса, балаларда әуесқойлық, таным дербестігі сынды тұлға сапалары өрбіп, дүниетанымдық және ізгілік, эстетикалық қозғалыстар мен наным сенімдері қалыптасады.
Игеріліп жатқан материалды есте қалдыруға арналған танымдық іс-әрекеті. Игерілетін материалды есте қалдыру жалаң, ойсыз жаттаудан мүлде өзгеше, керісінше, есте қалдыру меңгерілетін білімдерді тереңдей, жан- жақты пайымдап, топшылауға негізделіп, сонымен шәкірттердің ақыл-ес дамуына ықпал жасауы тиіс.
Өтіліп жатқан материалды меңгеруде есте қалдырудың әдіс-тәсілдері маңызды келеді. Белгілі болғандай, есте қалдырудың бірнеше жолдары бар: 1) бір отырыста орындалатын шоғырлы есте қалдыру және оқу-үйренім материалы бірнеше рет қайталанып, әрі уақыт аралықтарына бөлшектене меңгерілетін бөлікті есте қалдыру. Шоғырлы есте қалдыруда білімдер нақты іс-әрекеттік, қысқа мерзімді есте өтеді де тез ұмытылады. Ал бөлікті есте қалдырылған материал ұзақ мерзімді еске бекиді. Осыдан, оқу-үйретім үдерісінде шәкірттерге бөлікті есте қалдыруды пайдалануға кеңес берген жөн.
Игерілген білімдерді тәжірибеде қолдану. Оқу-үйретім үдерісіндегі танымдық іс-әрекеттің мәнінің бір бөлігі - меңгерілген білімдерді тәжірибеде қолдану, шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Әлбетте, ептілік және дағдылар, сондай-ақ шығармашылық қабілеттер көп мәрте, қайталанатын жаттығуларды ұйымдастырудан қалыптасады әрі дамиды. Мысалы, жаттығулар жәрдемімен балалар түсініп оқу, сауатты жазу, математикадан есептер мен мысалдар шешу ептіліктерін қалыпқа түсіреді. Физика, химия, биология құралдары мен реактивтерді пайдалана білу ептіліктері мен дағдылары да осы жаттығулардан. Тапқырлық дамыту дағдысы қалыптысып, мәселелерді шешу, математика, әдебиет және басқада пәндерді игеру барысында қажет шығармашыл қабілеттердің көрінуі нақты да тыңғылықты жаттығуларға тәуелді.
Әрқандай мақсатты бағдарлы оқу-үйретімнің жемісі - көзделген деңгей мен көлемдегі білім топтау. Ол нақты білімдер, ептіліктер, дағдылар жүйесінде, сондай-ақ бұрыннан орныққан білімдер, ептіліктер мен дағдылар жүйесін жетілдіре білу қабілеттерін дамытуда, жаңа білімдер, ептіліктер мен дағдыларды меңгеруге психологиялық дайындығында, білім қорын үздіксіз байыта түсуде, оларды өңдеп, жаңа деңгейге жетілдіруге дайын болу жүйесінде көрініс береді. Бұл оқу-үйретім үдерісінде адам психологиясының танымдық тараптары: ес, ойлау, шығармашылдық қабілеттерінің дамуымен де байланысты.
Оқу-үйретім - біртұтас педагогикалық үдерісте (нақты сабақта) үш қомақты да маңызды қызмет атқарады: тәлім, дамыту және тәрбиелеу. Тәлім қызметінің мәні - шәкірттерді ғылыми білімдер, ептіліктер және дағдылар жүйесімен қаруландырып, оларды тәжірибеде пайдалануға баулу арқылы олардың бүкіл адами-тұлғалық сапа-қасиеттерін орнықтыру.
Ғылыми білімдер қоры өз ішіне деректерді, ұғымдарды, заңдар мен заңдылықтарды, дүниенің жалпыланған болмысын қамтиды. Тәлім қызметіне сәйкес аталған бірліктер тұлға меншігіне айналып, оның тұрмыс тәжіриблік қорына енуі тиіс. Осы қызметтің толық іске асуынан игерілген ақпараттардың толықтығы, жүйелілігі мен саналылығы қамсыздандырылып, өз бекіміне және әрекетшеңдігіне ие болуы қажет. Бұл өз кезегінде ғылыми білімнің нақты саласын бейнелеуші пән мазмұнынан негізгі идеялар мен маңызды себеп-салдарлы байланыстарды түсінуге қажет бөліктердің түсіп қалмауын әрі білімдердің жалпы жүйесінде олқылық-кемістіктердің орын алуына жол бермейтін оқу-үйретім үдерісін ұйымдастыруды талап етеді. Білім бірліктері мұқият реттікке келтіріліп, қисынды, тәуелді байланыстарға түсіріліп, бірізді жүйелілік сипатын алып, жаңа білім бұрынғы игерілгенді арқау етіп, енді өтілетінге бастау беруі тиіс.
Тәлім қызметінің соңғы нәтижесі: білімнің саналы пайдалана білу дәрежесінде игерілуі, алғашқы қабылданған білімнің жаңа білімді игеруге қолданылуы, сондай-ақ маңызды арнайы (пән бойынша) және жалпы оқу-үйренім ептіліктері мен дағдыларының қалыптасуына негіз қалауы, тұлғалық қалыптасуға себін тигізуі.
Ептілік орынды әрекет ретінде нақты да саналы мақсатпен бағытталады. Ал дағдылар, яғни автоматтасқан әрекеттер астарында тұрақтанып, бекіген байланыстар жүйесін құрады. Ептілік оқу-үйретім іс-әрекеттері шарттарын қалаушы әрі олардың біртіндеп күрделенуіне жәрдем беретін, реттеуші жаттығулар негізінде пайда болады; дағдылар қалыптасуы үшін бірдей әрі біркелкі жағдайларда қайталанушы жаттығулар қажет.
Оқу-үйретім үйренімнің дамытушы (дамыта емес) қызметі тәлім қызметінің қисынды жалғасы. Оқу-үйретім барысында шәкірттердің психологиялық сапа, қажеттері өзгереді. В.В.Давыдовтың пікірінше, оқу-үйретім іс-әрекеттері үдерісінде адам тек білім мен ептіліктер пайда етіп, шектелместен, үйренуге қажет қабілеттерді меңгереді. Бұл үдеріс шәкірттің есі (жады) дамиды, санқилы ойлау қызметтері қалыптасады. Оқу-үйренім іс-әрекеттеріне енумен адам психикасының танымдық бітістерінің дамуы, тұлғаның көңіл-күй, еріктік және ынта - қажеттік аймағының кеңеюімен тығыз байланыста өрістей түседі. Осылайша, оқу-үйретімнің дамытушылық қызметі, тұлғаның біртұтас психологиялық жүйесінің дамуымен бірге іске асып барады.
Сабақ материалының дамытушылық сипаты педагогикалық үдерістің өз табиғатына сай шынайы көрініс табады. Дұрыс құрылған дәріс әрдайым дамытады. Дегенмен, оқу-үйретімнің дамыту тиімділігі дамытушы үйретімге орайлас әдістемелерін қолданса ғана еселеніп, көтерілуі мүмкін.
Әрқандай сабақтың тәлім, дамытушылық қызметтері мен оның тәрбиелік міндеті ажыралмас байланыста болуы шынайы табиғи құбылыс.
Дәрістің тәрбиелік сипаты - қай дәуірде де, қай жағдайда да міндетті ықпал жасайтын нақты да оның көріністі заңдылығы. Тәрбиелік қызмет оқу-үйретімнің өз мазмұнына, формасы мен әдістеріне сәйкес орындалады, сонымен бірге, оның іске асуы үшін ұстаз бен шәкірттің арнайы ұйымдас-тырылған қарым-қатынасы, ортақтасуы қажет. Шындығында, нақты тұлға-лық көзқарастар, наным-сенімдер, қарым-қатынастар, сапа-қасиеттер қалып-тастырып, тәрбиелемейтін оқу-үйретім болмайды. Тұлға кемелі ғылыми және басқа да ұғымдар жүйесін, қалыптар мен талаптарды меңгермей, қоғам-дық қажетті дәрежеге көтерілмейді.
Оқу-үйретімнің тәрбиелік қызметі үзілмейді, бірақ ол автоматтық емес және оған қажетті бағыттан ауытқуы да мүмкін, сондықтан тәрбиелік қыз-метті іске асыру бұл үдерісті ұйымдастыруда, дәріс мазмұнын іріктеуде, са-бақ формалары мен әдістерін таңдауда қоғам дамуының қандай да кезеңде-рінде басымдылыққа ие болған тәрбие міндеттерін негізге алуды талап етеді. Оқу-үйретімнің тәрбиелік қызметін іске асырудың маңызды тұсы - оның тұтастықта боларына негіз салушы шәкірттің белсенді де қалаулы оқу-үйренім іс-әрекеті сеп-түрткілерінің (мотивтерін) қалыптасуына жол ашу.
Оқу-үйретім принциптері
Дидактика негізінен келесідей оқу-үйретім принциптерін арқау етеді: ғылымилық, жүйелілік, теорияның тәжірибемен байланыстылығы, нақтылық пен дерексіздік бірлігі, даралық пен ұжымдықтың ұштастығы және т.б. Бұл принциптердің баршасы өзара байланысты және тәуелді, бірін бірі толықтырады және қамсыздандырады.
Оқу-үйретім принциптерінде тарихи және педагогикалық тәжірибе қорытуларымен мән-мағына сақталып, оқу-үйретім үдерісінің жағдайлық сипаттамалары көрініс табады. Сонымен бірге, бүгінгі ғылым деңгейі мен мектеп талаптары тұрғысынан зер салсақ, принциптердің қай бірі болмасын, өзінің дәлелді негіздемесіне ие емес. Дегенмен, оқу-үйретім теориясының бастау көзі ретінде олар әбден қажет.
Оқу-үйретім принциптерің біршама анықтамалары бүгінгі дидактикада қабылданған.
Принциптер тұрғысынан оқу-үйретім үдерісінің барша құрамдас бөліктеріне - мақсаты мен міндеттеріне, мазмұн және ұйымдастыру формалары мен әдістерін іріктеуге, шәкірттерді ынталандыруға орай, жоспарлау мен нәтижелерді талдауда нақты талаптар қойылады.
* Тәлім, тәрбие және даму міндеттерінің өзар байланысына орайласқан оқу-үйретімнің үздіксіздігі принципі. Бұл принцип бойынша оқу-үйретімнің міндеттерін, мазмұнын, әдістері мен формаларын таңдауда мұғалім өз назарына білім, ептіліктер мен дағдылар мәселесін шешуді ғана емес, белгілі тақырып бойынша өтілетін сабақтың тәрбиелік және дамытушылық ықпалының тиімділігіне байланысты мәселені де шешуі тиіс.
* Оқу-үйретімнің дамытушылық принципі. Бұл принцип біздің заманымызда жаңарудағы тәлім жүйесінің жоғары жеделдікпен өрістеуіне байланысты туындаған жаңа міндеттер ізімен қалыптасады. Ғылым қоры аса қарқындылықпен дамыған шақты білімді жаттау арқылы игеру өз мәнін жоғалтады. Бүгінгі таңдағы жаңалық "ертең" демде көнереді, тиімдігі түкке тұрмайтын болады. Ал біздің шәкіртімізде ертеңгі күн білімдері мен біліктері, әрине, жоқ. Дегенмен, біздің енді ашылып, қабылданатын білімдерді шамалаумен шәкірттердің ақыл-зердесін дамыту мүмкіндігіміз бар. Дамытушы оқу-үйретімнің ("дамыта оқытудың"емес ) мәні де осында, яғни біз нақты деректер негізінде ойлауға үйретіп тоқтамастан, шәкірттерді өз бетінше білім жинақтау формалары және әдістерімен қаруландырып, теориялық, әдіснамалық деңгейде ой топшылауға баулуымыз қажет. Осылайша, біз тұлғаға ақыл-зерделік және кәсіби шығармашылдық дем береміз. Өте маңызды келетіні, болашақ маман алда қажет болатын кәсіби идеяларды топтап қорытуға, ендігі ғылыми-техникалық үдеріске дайын болуы міндетті.
* Оқу-үйретімнің оза жүру принципі. Бұл принцип міндеті - оқу-үйретім материалын ұсыну мен оның қабылдануына қолайлы белгілі дидактикалық ырғақ қамтамасыз ету. Себебі, бір тақырыптан екіншісіне өтуде қандай да бостық олқылығы пайда болуы ықтимал. Мұндай жағдайда шәкірттерге өтілген тақырып пен енді өтілетін тақырып арасындағы байланысты ойластырып, түсіну үшін біршама қосымша уақыт керек болып қалады. Осыдан, оқу-үйретімнің оза жүру принципінің мәні - мұғалім күні ілгері тақырыптар арасында "көпір" жасап, сол арқылы алғашқы тақырыпты өту барысында болашақ тақырыптың да өзекті тұстарын түсіндіруге ұмтылуы қажет. Осылайша, ықтимал бостық орнында оқу үдерісінің тиімді қозғалыстық ырғағы дидактикалық әрекетке келеді.
* Тірек қолдану принципі білім игеру үдерісіне сүйемел конспекттерін ендіруді талап етеді. Олар - оқу-үйретім материалының аты ықшамдалған, жүйелі әрі көңілге қонымды формаға келтірілген дидактикалық сызылмалар, көрнекіліктер, Тірек конспектілермен таныса отырып, шәкірт қисынды ойластыру, материалды тұтастай игеру тәжірибесін меңгереді. Тірек конспекттер жәрдемімен шәкірттер тікелей сәйкестік бойынша жұмыс жасайды: балалар дайын тірек конспект алады да солар бойынша ендігі дәрісіне дайындық көреді. Ал жанама сәйкестік бойынша жұмыс істете отырып, мұғалім берілген конспектті үйде өздерінше кеңейте қайта тіктеп, түсінумен келесі сабаққа дайындалуды ұсынады. Шығармашыл сәйкестік бойынша оқу-үйренім жұмысына тартумен педагог шәкірттерге игерілген материалдың жүйелік сипатын түсіндіреді, әрі сол бойынша тірек конспект түзуді тапсырады. Аталған жұмыстардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz