Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Міндеттемелердің түсінігі, жіктелуі
1. 2 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
2 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ЕСЕБІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
2. 1 Қысқа мерзімді міндеттемелерінің бухгалтерлік есепте жазылуы
2. 2 Қысқа мерзімді міндеттемелердің кемуі (орындалуы)
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
4
4
9
15
15
23
29
31
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Кәсіпорын қаржылық - шаруашылық қызметті жүргізу кезінде қызқа мерзімді міндеттемелері пайда болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу сияқты міндеттемелері туындайды [1, 87 б] .
Қысқа мерзімді міндеттемелерге 12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жасауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап, оған зиян келтірмеуге мүдделі [2] .
Курстық жұмыстың мақсаты - қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыруды және талдаудауды тану болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті. Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
- қысқа мерзімді міндеттемелердің мазмұны және олардың жіктелуі;
- кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың жетілдіру жолдары
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс: кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылғын әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерден құралған:
1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Міндеттемелердің түсінігі, жіктелуі
Қаржылық есеп берудің негізгі элементінің бірі-шаруашылық субьектіде қолданылатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды қарастырамыз. Бақылау-талдау қызметінің басқа аймақтары мен аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау мен аудитке келсек, ол осы кітаптың кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелерді, жаңа іздестіру зерттеулерін талап етеді. /3, 371/
Міндеттемелер-бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді.
Міндеттемелер-өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және қысқа мерзімді(ағымдағы) және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Міндеттемелер егер ұйымның қалыпты операциялық циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса, ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс. Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі. Шаруашылық субьекті есептеушінің қабылданған есеп саясаты мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық есеп-карточкалары, ведомостар журнал және т. б. регистрін қолдана алады. Жан-жақты ойластырылған жіне жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі. Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары, шаруашылық субьектінің кредиторлық берешегі жатады. Банктің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі, мысалы, жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең, бірақ 30 күннен аспайды. Қысқа мерзімді кредиттерді алу және өтеумен байланысты есепшоттық-кредиттік операциялар 3010-3020«Қысқа мерзімді қарыздар»және 4010-4020«Ұзақ мерзімді қарыздар»шоттарында есепке алынады
Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.
Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады. /3, 371/
Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:
- кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;
- міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;
- міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.
Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:
- Ұзақ мерзімді міндеттемелер
- Ағымдағы міндеттемелер
3010-3020«Қысқа мерзімді займдар»мен 4010-4020«Ұзақ мерзімді займдар»шотының аналитикалық есебі займ. Қысқа мерзімді займдар коммерциялық кредит векселі мен қарыздық міндеттемелердің «серіктестік»кредиті сипатына жиі көрінеді. Баланста алынған қысқа мерзімді займдардың дұрыс бейнелеуін тексере келе, аудитор мынаны белгілеуі тиіс:
-займ қандай мақсатқа пайдаланылған, бұл мақсаттар кредит алу келісімшарттарындағы шарттарға сәйкес пе?
-шаруашылық субьекті басшылығы қамтамасыздандыру құрамына немесе займ кепілдігіне енгенін;
-займды төлеу толықтығы мен өз уақыттылығы(банк көшірмелері бойынша)
-кредитке төленген пайыздың бекітілген келісімшартпен дұрыстығы;
-қарыз субьектілерінің алыну заңдылығымен негізділігі, сондай-ақ оларды өтеудің толықтығы мен өз уақыттылығы;
-жинақтамалы және талдамалы есептің 3010«Қысқа мерзімді банк займдары»жазбасының №4журнал-ордер мен бухгалтерлік баланстағы жазбаларына сәйкестігі.
Бақылауды тиімді ұйымдастыру кредиторлар мен айырысу жағдайында және есеп айырысу тәртібіне, тапсырылған сұрыпталым мен сапада өнім жеткізу бойынша міндететмелерді орындауға төлем тәртібін сақтау жауапкершілігін көтеруге және соңында шаруашылық субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға қабілеттілікті бекітуге көмектеседі. Аудитордың субьектінің кредиторлық берешегін тексерген кездегі басты мақсаты-оның баланста бейнеленген көлемінің нақтылығы мен дәлдігін белгілеу болып табылады.
Ол үшін оған баланстық мәліметтерде жазғандарды Бас кітаппен, журнал-ордермен, ведомостылармен және басқа да есептік регистрлермен салыстыру қажет. Бухгалтерлік баланстың «Қысқа мерзімді міндеттемелер» бөлімінде «Ұзақ мерзімді займдардың ағымдағы бөлімі» бабы келтірілген. Аудитор оны тексерген кезде ұзақ мерзімді кредит талдамалық есебінің мәліметтеріні бойынша зайымдарды төлеу уақыты мен осы бап бойынша негізділігін көрсетеді. /2, 361/
Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субьект есеп саясатына сәйкес, әртүрлі аналитакалық есеп регистрлері-карточкалар, ведомостар, журналдар және т. б. қолдануына болады. Нақты қарастырылған аналитикалық есеп кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерге жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін дұрыс бағалау тексерушілерге көмектеседі.
Қысқа мерзімді заемдардың алынуы және қайтарылуына байланысты операциялар 3010-3020 «Қысқа мерзімді заемдар» шоттарында жүреді. Бұлар пассивтік шоттар болып табылады және олардың қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді. Субьект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар:1040, 1050, 1070, ал кредиттелетін шоттар 3010-3020. Неиенің қайтарылу жағдайында аталған 3010-3020 шоттар дебеттеліп, 1040, 1050, 1070 шоттары кредиттеледі. Қысқа мерзімді займдардың аналитикалық есебі займдарды берген банктердің түрлері бойынша жүргізіледі. Аудиторға мыналарды тексеру керек:
1) займ үшін төленген пайыздардың дұрыстығын және оларды кезеңдік шығыстарға дұрыс апарылатындығын;
2) 3010, 3020шоттар бойынша №4 журнал-ордер, баланстағы синтетикалық және аналитикалық есептің дұрыстығын;
3) «Ұзақ мерзімді міндеттемелердің ағымдағы бөлігі»деген бабының көрсеткіштері баланстағы «Қысқа мерзімді міндеттемелер»бөліміне кіргізілуін тексеру;
4) осы бап бойынша займдардың қайтару мерзімінің орындалуын, көрсетілген сомалардың нақтылығын тексеру;
5) «Овердрафт»бабы бойынша көрсеткіштердің дұрыс анықталуын және уақтылы төленбеген банк заемдары бөлек есептелінуі керектігін;
6) 3020 шотының аналитикалық есебінің мәліметтерін тексеру;
7) вексельге коммерциялық несие және қарыздық міндеттемелерге жататын серіктестік несие түрінде ұсынылған банк мекемелерінен алынған қысқа мерзімді заемдардың есептесуінің жағдайын тексеру;
8) шығарылған облигацияларды қайтару және үйлестіріп тарату, вексельдердің берілуі және төленуі, қызметкерлер үшін алынған заемдарды және т. б. байланысты операциялар 3050 «Басқа да қаржылық міндеттемелер» шотымен тексеріледі. /3, 377/
Жүргізілген тексерулердің нәтижесі кәсіпорында қысқа мерзімді займдардың аналиткалық есебінің жүргізілмейтінін немесе оның нашар ұйымдастырылғанын көрсетеді. Сол себепті жұмыс уақытын үнемдеу мақсатында аудиторға-банкілік және банк мекемелерінен тыс займдар бойынша пайыздардың есептелуінің дұрыстығы дер кезінде әрқашанда тексеріле бермейді. Осыған ұқсас жағдайларға байланысты аудиторға негізгі белгілері бойынша барлық несиелік шараларды топтастырып, содан кейін банк займдары бойынша пайыздардың есептелуінің дұрыстығы және олардың кәсіпорын балансында дұрыс көрсетілуін тексеру керек. /2, 362/
Ұзақ мерзімді міндеттемелер - есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы (өтелуі) жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері.
Төленуге тиісті шоттар тауарды жөнелтушіге, қызмет көрсетушіге кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері болып табылады. Олардың сомасы, әдетте, аналитикалық есеп регистрлерінде тіркелген төленуге тиісті шоттармен дәлелденеді.
Кейбір жағдайларда кредиторлық борышты қамтамасыз ету мақсатында кредиторға вексель берілуі мүмкін. Қысқа мерзімді төленуге тиісті вексельдер деп заңнамалық нысанда бекітілген бір тараптың (эмитент, вексель берушінің) екінші тарапқа (вексельді ұстаушыға) берген шартсыз жазбаша борыштық ақшалай міндеттемесі. Төленуге тиісті вексель пайыздық және пайыздық емес болуы мүмкін. Пайыздық вексельде пайыздық ставка көрсетіледі. Бұл ставка бекітілген пайыздық ставка деп аталады. Пайызсыз вексельдерде нақты пайыз көрсетілмейді, оның орнына жанама түрде шынайы пайыздық ставка немесе пайыздық кіріс деп аталатын пайыз нормасы көрсетіледі. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:
-банктердің ұзақ мерзімді қарыздар
-банктен тыс ұзақ мерзімдік қарыздар
-мерзімі шегерілген корпоративтіқ табыс салығы.
Банктердің және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары 1жылдан астам мерзімге, әдепте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге, оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі. /3, 372/
Қарыздарды алу және өтеу бойынша операциялардың арнайы аудитін өткізу үшін келесі көрсетілген шоттар. 3010 «Банк қарыздар», 3020 «Банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарызы» және 3390 бөлімшенің «Қарыздар», 3050 «Басқалар» қолданылды. Оларға «Ұзақ мерзімді қарыздар» мен «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоттар 1040 бөлімшенің “Банктердегі аккредетивтердегі, чектердегі; карт-шоттардагы ақша, ” 1050 ”Ұлттықвалютада ағымдағы корреспонденттік шоттардағы ақша” 3320 Еншілес ұйымдарға кредиторлық берешек”, 3310 Берушілермен және мердігерлермен есеп айырысу” және басқа шоттармен корреспонденцияда алынған қарыздар сомалары кредит бойынша, ал дебет бойынша- ақша есебі жүргізілетін шоттармен корреспонденцияда өтелген қарыздар соммасы беріледі. /2, 363/
Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және қарыз алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік шарттармен реттеледі. Бұл мақсат үшін кредиттік шарт рәсімделеді, онда кредиттеу обьектісі, қарыз беру мен қайтару мерзімдері проценттік мөлшерлемелер, оларды төлеу тәртібі, тараптардың қарызды берумен өтеу жөніндегі міндеттемелерді, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа жағдай көрсетіледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексерген де, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы соңындағы қалдықтың бас кітаптың жоғарда аталған шоттарының журнал ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс.
Алайда мұны бірден жасауға болмайды, өйткені баланста синтетикалық шоттардың қалдықтары емес, аналитикалық есептің мәліметтері келтіріледе. Басқаша айтсақ, баланстың «Қамтамасыз етілген қарыздар», «Қамтамасыз етілмеген қарыздар» және «Ұйымдардың бір-біріне және еншілес ұйымдарға беретін қарыздары», бабтары аналитикалық есеп мәліметтер негізінде толтырылуы тиіс. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалыққа сәйкес болуына баса назар аударуына тиіс.
Атап айтатын жайт 4010, 4020, 4030 шоттары бойынша аналитикалық есеп мерзімінде өтелмеген қарыздар, оларды берген банк түрленрі бойынша: қарыз берушілер мен қарызды өтеу мерзімі бойынша иәліметтер банк көшірмелері мен расталуы тиіс. Қарыздарды банктер тиісті қамтамасыз етуге немесе кепілдікке және белгілі бір мақсаттарға беруге тиісті болғандықтан, Біріншіден кәсіпорын басшысын қамтамасыз ету құрамына кіруін немесе кепілдікті, екіншіден қарызды мақсатты пайдалану тексеру керек. Үшіншіден, олардан ынталандыруды толықтығы мен уақыттылығына ерекше назар аудару қажет. Бұл үшін банк көшірмелерін тексеру керек. Қайтару мерзімі бұзылғанда мұнын себебін анықтау талаб етіледі.
Басқа кәсіпорындармен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде, аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелерімен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын айқындауға тиісті. /3, 375/
Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігімен эаңдылығында, сондай ақ оларды өтеудің толықтығымен мерзімділігін тексеруі тиіс.
Сонымен қатар аудитор қарыз дәне алынған несие үшін процент төлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай ақ кәсіпорынның өтелмеген қарыз қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банке тиесілі процентті көрсету жайлы шешім қабылдағанын анықтауы тиіс. Проценттер соммасы банктердің қарыздары жөніндегі процеттерді төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарышың кредиті бойынша көрсетіледі.
Тексеру кезінде аудитор берешек кәсіпорынға берілген вексельдермен қамтамасыз етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар шотынан есептен шығарылмайтынын, вексельдік операциялар есебі ережелеріне сәйкес ескерілетін назарда ұстауға тиіс.
Олардың кейбірін қарастырайық:
1) есепті кезең ішіндегі салықтық төлем міндеттемелер тәсілімен салықтық әсер есебі негізінде анықталады. Бұл тәсілде табыс салығы кіріс алу барысында заңды тұлға шеккен шығыс ретінде қарастырылады және табыс пайда болған кезеңге есептеледі;
2) есепті кезеңде пайда болған уақытша айырманың салықтық әсері салықтық төлемге кіргізіледі және бухгалтерлік баланста «Кейінгіге қалдырылған салықтар» бабы бойынша көрсетіледі;
3) бап бойынша кезең басы мен соңындағы қалдықтардың анықтығын айқындау үшін Бас кітаптың 4310 «Кейінгіге қалтырылған корпорациялық табыс салығы» шотынын және 5 журнал ордердің осы шотының мәліметтері мен салыстыруы керек
4) 4310 шот кредиті бойынша мыналар көрсетіледі
• 7710 Корпорация салығы бойынша шығыстар шоты мен бірге корреспонденцияда болашақта төлеуге тиісті салықтар сомасы.
• Дебет 7710 Кредит 4310 шотынын салықтық мөлшерлемесіне ұлғаюына байланысты түзету енгізу
• Дебет 5020 негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал шоты Кредиті 4310 кейінгіге қалтылылған корпорация табыс салығы шотының салықтық есептегі өсімінің артуы кезіндегі активтерді қайта бағалауға байланысты әлеуметтік салықтық әсер сомасы
5) 4310 шот дебеті бойынша мыналар көрсетіледі;
• Уақытша айырмалардың пайда болуы мен жойылуы нәтижесінде төленуге тиісті немесе 3110 төленетін корпорациялық табыс салығы және 7710 корпорациялық табыс салығы бойынша шығыстар шоттары мен бірге корреспонденцияда зиянды өтеу нәтижесінде есептке жатқызылатын салықтар сомасы
• Салықтық мөлшерлемесінің 4310 шоты кредиті 7710 шотынын кемуіне байланысты түзету енгізу
• 5020 негізгі құралдарды қайта бағалаудан түсетін қосымша төленбеген капитал шоттары мен корреспондеция бухгалтерлік есептегі өсімнен салықтық есептесулердегі қайта бағалау сомасы. /2, 365/
1. 2 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлердің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай - ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндетемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің міндеттемелер деп аталынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі [3, 254 б] .
Міндеттеме - бұл бір тұлғаның (борышкер) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту) ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.
Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:
- ақшалай қаражатпен төлеу;
- активтерді табыстау;
- қызмет ұсыну;
- міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
- міндеттемені капиталға аудару.
Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек, операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісімшартқа отырады [4] .
Өнім жеткізушілермен есеп айырысу есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есеп журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы - көлікті ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. «Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тарту немесе ішінара акцептелген сомасы немесе басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот - фактурасы ғана жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу номерін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үшін кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот - фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулар жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем тапсырмаларының нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот - фактурадағы акцептің сомасы жазылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz