Қылмыстық істердің соттылығы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

Қылмыстық істердің соттылығы

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС СОТТЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Соттылық түсінігі және оны зерттеу тәжірибесі

1. 2 Соттылықтың түрлері

2 СОТТЫЛЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘНІ

2. 1 Iстi бiр соттың жүргiзуiнен алып басқасына беру негiздерi және тәртiбi

2. 2 Iстiң соттылығы туралы ережелердi сақтамау салдарлары

3 ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢДАҒЫ СОТТЫЛЫҚТЫ ЖОЮ ЖӘНЕ АЛЫП ТАСТАУ ШАРТТАРЫ

3. 1 Қылмыстық құқықтағы соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібі

3. 2 Соттылықты алып тастау жағдайы және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негізі

Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер

3

5

5

8

11

11

13

18

18

25

30

32

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру процесі саяси, заңдылық және өзге де кепілдіктерді құруды, заң мен сот алдында барлығының теңдігін, мемлекет пен жеке бастың өзара жауапкершілігін осы ережелердің шынайлылығын қамтамасыз етеді.

Соттылық жайлы түсініктер конституциялық нормалармен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы, 2-тармағында «Конституцияның ең жоғары заңды күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады» делінген. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы, 3-тармағы, 3-тармақшасында «Өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды» делінген [1] . Бұл конституциялық норма сот әділдігін жүзеге асырудың конституциялық қағидасын сақтайды, оны сот заңды қолданғанда басшылыққа алуы тиіс.

Аталған қағида соттылық институты бойынша негізгі ережелерді тұғыш рет бекітті. Сондай-ақ, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру барысында басшылыққа алынатын бұл қағида барлық соттар үшін ортақ, өйткені жоғарыда айтылғандай, бұл қағида конституциямызда баянды етілген конституциялық норма болып табылады, ал оның нормалары республиканың бүкіл аумағында тікелей әрекет етеді және қолданылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 3-тармақшасындағы заңды қолданғанда басшылыққа алынатын басты қағиданы іске асыруда азаматтық істер соттылығын дұрыс анықтау маңызды сипатқа ие. Азаматтық істер соттылығын нақты анықтау сот төрелігін әділ жүзеге асыру үшін маңызды және оның кепілі болып табылады. Азаматтық істер соттылығын заңсыз белгілеу Конституцияның талаптарын бұзу болып табылады.

Заңсыз белгіленген соттылық бойынша істі мәні бойынша қарап шешкен сот актісі орындалуға жатпайды. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 7-бабының 3-тармағында көрсетілгендей, өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға тиіс.

Қылмыстық құқықта бізге белгілі соттылықтан айырудың екі нысаны бар: ҚР Қылмыстық кодексінің 79-бабында көзделген соттылықты жою және соттылықты алып тастау.

Соттылықты автоматты түрде жойылады және бұған қандай да бір құжаттың тұжырымдауы қажет емес. Ал, соттылықты алып тастау қылмыстық іс жүргізу заңымен реттелінетін сот тәртібімен жүзеге асырылады. Соттылықты жою және алып тастаумен тек соттылық ғана емес, сонымен қатар, одан туындайтын қылмыстық-құқықтық салдарыда тоқтатылады.

Тәжірбие соттылықты алып тастаудың негізі ретінде рақымшылық пен кешірім беру актісін қолдану көлемі өсіп отыр. Сондықтан, соттылық түсінігінің, соттылықты жою және алып тастаудың, соттылықтың қылмыстық құқықтық салдарының теориялық негізін жасау және оларды құқықтық реттеуді жетілдіру қылмыстық және қылмыстық-атқару құқығында өзекті мәселені құрайды.

Курстық жұмыстың мақсаты - соттылық проблемасы және оның қылмыстық-құқықтық мәнін анықтау. Қойылған мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді алдыма қойдым:

- соттылықтың теориялық негіздері түсінігін беру;

- соттылық түсiнiгі және жүйесін талдау;

- соттылық проблемасына сипаттамасын беру;

- Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы соттылық проблемасына шолу;

- соттылық түрлерін қарастыру;

- соттылық түрлеріне қылмыстық-құқықтық сипаттама жасау;

- қылмыстық заңдағы соттылықты жою және алып тастау шарттарын анықтау;

- қылмыстық құқықтағы соттылықты жою мерзімі және оны есептеу тәртібін қарастыру;

- соттылықты алып тастау жағдайы және соттылықты мерзімінен бұрын алып тастау негіздерін зерттеу.

Курстық жұмыстың методологиялық негізі. Бүгінгі күні соттылық проблемасына байланысты көптеген ғалымдардың көз-қарастары және ой пікірлері бар. Осы жұмыстың екінші тарауындағы зорлау құрамының объектісіне байланысты келесі ғалымдардың ұсынған ой-пікірлерінің негізінде жазылған: З. Х. Баймолдина, Ю. К. Осипов, Е. В. Кузнецова. Соттылықтың негізгі тұрлеріне бөлу жағына байланысты: А. А. Власов, В. Ф. Тараненко, У. К. Ихсанов.

Курстық жұмыста қолданылған әдіс-тәсілдер. Осы жұмыста зорлау қылмысына байланысты ресми статистикалық мәліметтер келтірілген және сот тергеу тәжірибесінен мысалдар қолданылған.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден үш тараудан қорытындыдан және қолданлыған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС СОТТЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Соттылық түсінігі және оны зерттеу тәжірибесі

Заң әдебиеттерінде соттылықтың әртүрлі анықтамалары бар. Соттылық Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдарының жүйесінде ерекше орын алады. Соттылық жалпы сот құрылысы үшін де, оның ішінде азаматтық іс жүргізу үшін де өзіндік ерекше маңызға ие, күрделі құқықтық институт болып табылады. Азаматтық істердің соттылығы түсінігін дұрыс анықтаудың азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы үшін де, сот тәжірибесі үшін де маңызы зор. Өйткені, тұлғаның заңмен қорғалатын мүдделері мен бостандықтарын, құқықтарын тиісінше қорғау нақты азаматтық іс қаралатын және шешілетін сотты дұрыс анықтауға байланысты. Азаматтық іс жүргізу құқығында соттылық институтының түсінігін алдымен теориялық тұрғыдан анықтағаннан кейін ғана оның тәжірибедегі маңызын, оны қолдану ережесін түсінуге болады.

Азаматтық істердің соттылығы түсінігін еліміздің және шетел ғалымдары зерттеген, атап айтсақ, З. Х. Баймолдина, Ю. К. Осипов, Е. В. Кузнецова, Н. И. Авдеенко, А. А. Власов, В. Ф. Тараненко, У. К. Ихсанов, Т. П. Ерохина, Е. Е. Уксусова, М. А. Митина, А. Ж. Қасенова т. б. Ал, Қазақстан Республикасында азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында азаматтық істердің соттылығы мәселесінің әр түрлі теориялық және тәжірибелік аспектілерін қарастырып, алғаш рет толық, жан-жақты монографиялық зерттеуді жасап, жеке ғылыми жұмыс ретінде кешенді зерттеген Э. Дүйсенова. Ол заң әдебиеттерінде жасалған талдау соттылық жөнінде ортақ түсініктің, бірыңғай анықтаманың қалыптаспағанын көрсете отырып, азаматтық істердің соттылығы түсінігі жөнінде ғалымдардың айтқан әр түрлі ойларын талдап, заң әдебиеттерінде неғұрлым жиі қолданылатын төрт түрлі пікірді бөліп көрсетті [2, 24б] . Бірінші пікірдегілер, соттылықты бірінші саты сотының сотқа ведомстволық бағынысты азаматтық істерді қарау мен шешу жөніндегі құзыретін айтады. Екінші пікірдегілер, соттылықты соттарға ведомстволық бағынысты істің белгілі бір соттың қарауына жатқызады. Үшінші пікірдегілер, соттылықты сот органдарына ведомстволық бағынысты азаматтық істерді сот жүйесінің түрлі соттарының арасында бөлу деп қарастырады. Төртінші пікірдегілер, соттылық құқық институты, яғни азаматтық істі бірінші саты ретінде қарау үшін соттарға ведомстволық бағынысты істердің сот жүйесінің нақты сотының қарауына жатқызылуын реттейтін заңи институт ретінде түсіндіреді. Отандық және шетел құқық әдебиеттерінде жасалған талдау азаматтық істердің соттылығы ұғымы жөнінде бірыңғай түсініктің жоқ екендігін көрсете отырып, өзінің пікірін ұсынды. Э. Дуйсенованың пікірінше, азаматтық істердің соттылығы түсінігін екі мағынада: объективтік және субъективтік мағынада қарастыру керектігін айтады. Объективтік мағынада - соттарға ведомстволық бағынысты барлық азаматтардың істердің ішінен нақты соттың қарауына жатқызылған істердің белгілі бір шеңберін айтады. Субъективтік мағынада екі тұрғыдан қарастырған. Біріншісінде - бірінші саты соты ретінде азаматтық істі мәні бойынша қарау және шешу жөнінде соттың құқықтары мен міндеттерінің шеңбері, құзыреті ретінде, екіншісінде - тараптардың нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген соттылық ережелеріне және соттың соттылықты анықтау жөніндегі қызметіне бағынуы ретінде түсіндіреді. Соттылық бірінші аталған мағынасында көбінесе материалдық құқық нормаларымен, екінші жағдайда азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен белгіленгені айтылады. Мұндай пікірмен келісуге болады, өйткені бұл азаматтық істердің соттылығының мәнін толық ашады. Біздің еліміздің заңдарында оның ішінде, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде «соттылық» ұғымына нақты анықтама берілмеген.

ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 3-тарауы «Ведомстволық бағыныстылық және соттылық» деп аталынады. Мұнда аты атап тұрғандай, соттылықты сабақтас ұғым ведомстволық бағыныстылықпен қатар беріп, өзара байланысы көрсетілген. Осы кодекстің 24-бабы азаматтық істердің соттарға ведомстволық бағыныстылығына, 25-бабы дауларды аралық соттың шешуіне беруіне, 26-бабы сотқа ведомстволық бағыныстылықтың басымдығына арналған [3] . Тек осы үш бап ведомстволық бағыныстылыққа арналған, ал қалған сегіз бап азаматтық істер соттылығы мәселелерін қарастырған. Э. Дүйсенова соттылық пен ведомстволық бағыныстылықтың бір тарауға біріктіруін олардың өзара байланыстылығымен түсіндіреді, яғни ведомстволық бағыныстылық азаматтардың заңмен белгіленген құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін қорғау үшін жолдануға болатын юрисдикциялық органдарды анықтауға бағытталса, соттылық ведомстволық бағыныстылық арқылы анықталған нақты соттың нақты істі қарау және шешу жөніндегі өкілеттілігін анықтауға бағытталған. Сонымен қатар, бірнеше айырмашылықтарын да көрсетті. Мысалы, ведомстволық бағыныстылық юрисдикциялық органдардың юрисдикциясының тұтастай шегін анықтайды, ал соттылық нақты соттың істі мәні бойынша қарау және шешу жөніндегі юрисдикциясын белгілеу үшін қолданылады; сотқа істің ведомстволық бағыныстылығы талап қою құқығының алғышарттарының бірі, ал осы сотқа істің соттылығы талап қою құқығын іске асыру шарттарының бірі болып табылады; ведомстволық бағыныстылық институтының көмегімен сот және өзге юрисдикциялық органдар арасында істерді қарау және шешу жөніндегі функциялар бөлінеді, ал соттылықтың көмегімен нақты әрбір соттың төрелікті жүзеге асыру жөніндегі қызметі ажыратылады [2, 53б] .

Ал, Ү. Нұрмашевтің пікірінше, әр түрлі мемлекеттік органдар мен соттар арасындағы заңды істерді шешуге өкілеттіктерді шектеуге көмектесетін ведомстволық бағыныстылыққа қарағанда соттылық Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі тек түрлі соттар арасындағы шектеуді болжайды [4] . ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде 28, 29 баптар 2009 жылы 10 желтоқсандағы № 227-IV заңымен алынып тасталынған. Осыдан көретініміз, соттылықтың нормативтік құқықтық негізін құрайтын басты нормативтік құқықтық акт - ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінде соттылықтың нақты түсінігін беретін баптың болмауы аса маңызды мәселе деп айтуға болады.

Өйткені, «соттылық» түсінігінің жеткілікті жетілдірілмегендігі - бұл мәні бойынша қаралатын, шешілетін азаматтық істі қате анықтаудың себептерінің бірі деп айтуға болады. Бұл өз кезегінде сот төрелігіне әділ де нақты қол жеткізуді шектейді. Сондай-ақ, кодексте осы тараудың 27, 30, 32, 36 баптарында «соттауы», «соттауына» деген сөздерді «соттылығына» деп өзгерту керек. Өйткені, «соттау» қылмыстық іс жүргізу құқығына тән болып табылады.

Жалпы айтсақ, азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттылық институтының нормативтік құқықтық негізін ҚР Конституциясы, ҚР АІЖК, «ҚР Сот жүйесі мен судъялардың мәртебесі туралы» ҚР Заңы, ҚР Жоғарғы Сотының, Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары және т. б. нормативтік актілер құрайды.

Азаматық істер бойынша сот төрелігінің басты әлеуметтік міндеті адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін соттық қорғау болып табылады. Ал, соттылық институтының міндеті азаматтық істерді тез және дұрыс қарап шешу, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін тиімді қорғау үшін соттар арасында азаматтық істерді қарап, шешу өкілеттілігін дұрыс ажырату болып табылады.

Азаматтық істі қозғау жөніндегі мәселені шешетін судъяның алдында тұрған басты сұрақтардың бірі - соттылық, яғни соттың осы істі қарау және шешу жөніндегі құзыретке ие екендігін анықтау жөніндегі мәселе. Алайда, сот төрелігін соттар ғана жүзеге асырғанымен олар соттылықты өз еріктерімен әрі сотқа жолданушы тараптардың келісімінсіз өзгерте алмайды.

Қазақстан Республикасының сот жүйесіне енетін соттардың әрқайсысы оның соттылығына жататын істерді ғана қарауға және шешуге құқылы. Азаматтық істердің соттылығын дәл нақты белгілеудің қажетті шарттарының бірі сот жүйесін дұрыс айқындау болып табылады.

Қазақстан Республикасының сот жүйесін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциясына және осы Конституциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті және басқа да соттар құрайды. Жергілікті соттардың қатарына облыстық және оларға теңестірілген (Астана және Алматы қалаларының қалалық соттары), сондай-ақ аудандық және оған теңестірілген (қалалық, ауданаралық сот) соттар жатады. Қазақстан Республикасында басқа соттар, оның ішінде мамандандырылған (әскери, қаржылық, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа да) соттар құрылуы мүмкін [5] . Олар сот жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне енетін соттардың әрқайсысы оның соттылығына жататын істерді ғана қарауы керек, яғни соттылық деп белгілі бір соттың қарауына жататын істерді айтуға болады. Әрине, соттылыққа қатысты түсініктер әр авторда әр түрлі болғанымен, олардың әрбірінің өз мән-мағынасы, ерекшелігі, өзіне тән сипаты болады. Дегенмен, соттылықты дұрыс белгілеу, жалпы әділ сот төрелігіне жету үшін істердің ерекшелігін, қиындығын, қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, Конституциядан бастау алатын іс жүргізу заңнамасында оның нақты түсінігін беретін норманың болуы қажет деп санаймын.

1. 2 Соттылықтың түрлері

Соттылық - қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Соттылық - соттар арасында белгілі азаматтық істер қарастыру өкілеттіліктерді бөлу. Соттар азаматтық отбасалық, еңбек тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық қатынастардан, табиғи ресурстарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау жөнінде қатнастар мен басқа да құқықтық қаынастардан, оның ішінде бір тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан туындайтын даулар жөніндегі талап жөніндегі талап қарайды. Мемлекеттік орган немесе оның лаууазымды адамы қабылдаған актіге сотта дау жасалуы мүмкін. Егер халықаралық шартта ҚР заңдарында немесе тараптардың келісімнде өзгеше көзделмесе соттар шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар, шетелдік заңды тұлғалар, шетел қатысатын ұйымдар, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істерді қарайды. Заң бойынша соттың құзыретіне жатқызылған басқа да істер сотқа бағынысты болады. Азаматтық істерді қай соттың қарауына жататындығының топтық түрі және аймақтық түрі:

топтық соттылық - сот жүйесінің әр түрлі сатысындағы соттарға істің соттылығы;

аймақтық соттылық - сотта істі қарау аумағына байланысты осы соттың құзыретіне жатқызылған соттылық.

Топтық соттылық. Топтық соттылық дауды мәні бойынша қай деңгейдегі (аудандық, облыстық, Жоғары) сот қарайтынын белгілейді. Аудандық, қалалық сотта және оған теңетірілген соттың сотталуына жататын азаматтық істер ҚР АІЖК-нің 28-30-баптарында көзделген істерді қоспағанда қалған барлық азаматтық істер қаралып шешіледі. ҚР-ның Жоғарғы соты бірінші саты бойынша (ҚР АІЖК-нің 29-бабы) :

Аймақтық соттылықтың мынадай түрлерін атауға болады:

Жалпы соттылық - жауапкердің тұрғылықты жері бойынша анықталатын соттылық (ҚР АІЖК-нің 31-бабы) ;

Балама соттылық - талап қоюшының таңдау бойынша сотта іс қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 32-бабы) ;

Ерекше соттылық - белгілі істерді заңда көзделген соттармен қарау соттылығы (ҚР АІЖК-нің 33-бабы) ;

Шарттық соттылық - тараптардың келісімдері бойынша белгіленетін соттылық (ҚР АІЖК-нің 34-бабы) ;

Істің байланыстылығы бойынша соттылық - аумағына қарамастан дау алғашқы талап қаратырылған сотта шешілуі (ҚР АІЖК-нің 35-бабы) . Осы соттылық бойынша істі қартыруды мынаны ескеру қажет: 1- әр жерде тұратын немесе орналасқан бірнеше жауапкерге талап талап қоюшының таңдауымен жауапкердің біреуі тұратын немесе орналақан жері бойынша қойылады. Бір арызға біріктірілген, әр түрлі соттардың соттауына жататтын талаптар, егер бұл ретте ҚР АІЖКнің 171-бабына сәйкес жоғары тұрған соттың судьясы бұл талаптардың бөлу туралы ұйғарым шығармаса, мәлімделген талаптардың бірі соттауына жатқызылған жоғары тұрған сотта қаралады; 2- дербес талабын мәлімдеуші үшінші тұлғаның талабы және қай сотта сотталатындығына қарамастан қарсы талап бастапқы талапты қараған жердегі сотқа беріледі; 3- қылмыстық істен туындайтын талап, егер ол қылмыстық іс жүргізілген кезде азаматтық талап қою ретінде мәлімделген немесе шешілмеген болса, ҚР АІЖК-мен белгіленген соттылығы туралы ережелер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға беріледі.

ҚР АІЖК -нің 36-бабының 1-бөлігіне сәйкес, соттылық ережелерін сақтай отырып сот жүргізуге қабылданған іс, кейіннен ол басқа соттың соттауына жатса да, мәні бойынша шешілуге тиіс. Іс басқа соттың қарауына мына жағдайларда беріледі:

егер тұрғылықты жері бұрын белгісіз болған жауапкер істі өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беру туралы өтініш жасаса;

егер бір немесе бірнеше судьяға қарсылық білдіргеннен кейін, сондай-ақ назар аударуға тұратын басқа мән-жайлар бойынша судьяларды ауыстыру немесе аталған сотта істі қарау мүмкін болмаса;

егер істі аталған сотта қарау кезінде оның істің соттылық ережелерін бұза отырып қабылдағаны анықталса;

егер сотқа талап қойылса (ҚР АІЖК-нің 36-бабының 2-бөлігі) .

Істің сол соттың сотталуына жатпайтыны туралы тараптардың арыздарын сол сот шешеді. Істі басқа сотқа беру туралы мәселе бойынша сот ұйғарым шығарады. Тараптың (тараптардың) іс сол соттың соттауына жатпайтыны туралы арызын қанағаттандырмай қалдыру туралы сот ұйғарымына жоғары тұрған сотқа шағымдануға болады, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды. Істі бір соттан басқасына беру - бұл ұйғарымға шағымдану мерзімі өткеннен кейін, ал шағым берген жағдайда шағымды қанағаттандырай қалдыру туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін жүргізіледі. Істің соттылығы туралы соттардың арасындағы дауларды жоғары тұрған сот шешеді, оның шешімі түпкілікті болып табылады және шағымдануға, наразылық келтіруге жатпайды (ҚР АІЖК-нің 36-бабының 4-бөлігі) .

Айрықша соттылық жер учаскелеріне, ғимараттарға, үй-жайларға, құрылыстарға, жермен тығыз байланысты басқа да объектілерге (жылжымайтын мүлік) құқықтар туралы, жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы талап қоюлар осы объектілердің орналасқан жері бойынша беріледі.

Егер жылжымайтын мүлік объектілері әртүрлі елді мекендерде орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

Егер жылжымайтын мүлік объектілері бір елді мекеннің аумағында орналасқан болса, талап қою объектілерінің бірінің орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

Мұра қалдырушының кредиторларының мұрагерлерге, өсиетті орындаушыға (мұраны сенімгерлікпен басқарушыға) талап қоюлары баптың бірінші бөлігінде белгіленген қағидаларға сәйкес мұраға қалдырылған мүлік орналасқан жердегі соттың қарауына жатады.

Мұрагерді лайықсыз мұрагер деп тану, мұраны иесіз деп тану, мұраны қабылдау, мұрадан бас тарту үшін мерзімді ұзарту немесе қалпына келтіру туралы талап қоюлар мұраның ашылған жері бойынша беріледі.

Жүктерді, жолаушыларды немесе багажды тасымалдау шарттарынан туындайтын тасымалдаушыларға талап қоюлар тасымалдаушының (көлік ұйымының, жеке кәсіпкердің) орналасқан жері бойынша сотқа беріледі.

Қазақстан Республикасының юрисдикциялық иммунитетiн және оның меншiгiн шет мемлекеттiң бұзуынан келтiрiлген залалдарды өтеу туралы талап қоюлар, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, сотқа талапкердің орналасқан жерi бойынша беріледі.

Шарттық соттылық тараптар осы істің аумақтық соттылығын, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысындағы соттың іс жүргізуінде жатқан істер бойынша да аумақтық соттылықты өзара келісім бойынша өзгерте алады.

Өзара байланысты бірнеше істердің соттылығы бойынша дербес талапты мәлімдеуші үшінші тұлғаның талап қоюы және қарсы талап қою, бұлардың соттылығына қарамастан, бастапқы талап қоюдың қаралатын жердегі сотқа беріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істердің соттылығы
Республиканың Жоғарғы сотына
АҚШ - тың сот жүйесі
Қылмыстардың көптігінің жекелеген қылмыстардан ерекшелігі
Қылмыстардың көптігінің түсінігі және олардың жекелеген қылмыстардан айырмашылығы
Процессуалдық құжат
Алдын ала тергеуді, анықтауды және жедел іздестіру қызметің жүзеге асыратың органдар
Қазақстан Республикасының сот алқаларының қызметі мен мақсаты
Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың көптігі
Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz