Қылмыстық құқыққа қайшылық


М а з м ұ н ы
К і р і с п е . . . 6
1-тарау. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының т үсінігі, оның кеңістіктегі және мезгілдегі күші
- Қылмыстық заңның түсінігі . . . 8
- Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші . . . 14
1. 3 Қылмыстық заңның мезгілдегі күші . . . 17
1. 4 Қылмыстық заңды түсіндіру ұғымы . . . 19
2-тарау. Қазақстан Республикасындағы қылмыс ұғымының теориялық негіздері
2. 1 Қылмыстың ұғымы мен белгілері . . . 22
2. 2 Қылмыстың басқа құқық бұзушылықтан айырмашылығы . . . 36
2. 3 Қылмыстың жасалу себептерін анықтау жолдары . . . 39
3-тарау. Қылмыс санатының түсінігі және түрлері
- Қылмыс санатының ұғымы және оның қылмыстық құқықтағы маңызы . . . 43
3. 2 Қылмысты санаттарға бөлу негіздері . . . 55
Қ о р ы т ы н д ы . . . 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
К і р і с п е
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қылмыстық заң негізінен екі түрлі қызметті іске асыруға арналған десе болады, яғни біріншіден, қылмыс деп танылған әрекеттерді заң жүзінде жариялау арқылы халыққа ескерту, сақтандыру шараларын қолдану және екіншіден, ескерту шараларына қармай қылмыстық деп танылған әрекеттер жасалса, онда жауаптылық қолдануға арналған.
Осы екінші қызметті іске асыру барысында кейбір қылмыстық деп танылған әрекеттердің өз-ара ұқсас белгілері болуына байланысты оларды бір-бірінен ажырату және практикада да осындай ұқсас қылмыстарды ажырата отырып заң нормаларын қолдану мәселесінде қиындықтар туындайды. Мұндай кемшіліктер мен қате жұмыстар орын алмауы үшін, әр қылмысты сипаттайтын белгілерді толық түсініп ғана қоймай, сонымен бірге заңда осы қылмыспен ұқсас қылмыстар бар екендігін біліп, олардың айырмашылықтары қандай белгілерде екендігін де білу қажет болып табылады. Бұл әрине өз кезегінде заң нормаларын сауатты қолдануды ғана емес, сонымен қатар заң бойынша дұрыс жұмыс істеуді, нәтижесінде «заңдылық» қағидасының сақаталуына жол ашады деп түсінеміз. Бұл маңызды мәселе болып табылады, себебі Қазақстан Республикасы өзінің даму бағытының бір бағыты ретінде құқықтық мемлекетті орнатуды көздеп, елде құқықтық реформаларды 1990 жылдардың орта кезеңдерінен бастады және бұл реформаның негізгі бағыттары ретінде қылмыстық заң нормаларын да қайта қарап, оларды өмір шындығымен байланыстыруды және озық үлгідегі заңды қалыптастыруды, заң нормаларын гуманизациялауды көздеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі № 949 жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы барлық заңдардың алдағы уақыттағы даму бағытын белгілеп, қылмыстық құқықтық саясаттың негізгі қағидалары ретінде ауыр емес қылмыстарды әкімшілік немесе азаматтық құқық бұзушылыққа ауыстыруды жалғастыру, ауыр емес және орташа ауыр экономикалық қылмыстар бойынша бас бостандығынан айыру жазасын қолдануды азайтып, мүліктік сипатта жазалауды көбейту, өлім жазасын қолдану аясын біртіндеп тарылту, қылмыскер кінәсін шын мойындаған жағдайда көтермелеу шараларын қолдануды барынша кеңейту белгіленген.
Сот практикасы материалдарына сүйенсек, қазіргі кезде қоғамның даму бағытының өзгеруіне байланысты бұрын жасалынбаған, жаңа қылмыстар түрлері орын алуда. Қылмыстық әрекеттер әсіресе жеке адамға, меншікке, экономикалық қатынастарға, қоғам қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарда жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының статистикалық мәліметтері бойынша елде қылмыстылық әлі де күрделі жағдайда қалып отырғанын көрсетеді.
Қылмыстық құқықтың зерттеу обьектісі қылмыс және жаза мәселесі болып табылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық қылмыстардың түрлерін, олардың жауаптылықты ауырлататын түрлерін анықтаумен айналысады. Бұл міндетті іске асыру үшін жекелеген қылмыстардың қылмыстылығын білдіретін белгілерді анықтау қажет болады, соған байланысты қылмыстық құқық құрам элементтері деген ұғымды қолданып, олардың қатарына қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъективтік жағы, сонымен қатар субъектісі деген қылмыстың мағынасын, түсінігін ашатын құралдарды жатқызады. Құрам элементтері деген ұғымның өзі де жалпы және кең ұғым ретінде бағаланады, себебі бұл элементтер оларды сипаттай алатын белгілердің жиынтығынан құралады. Осы белгілерді қолдана отырып, нақты қоғамға қауіпті әрекеттерді талдай отырып, қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын және оның құрылымын ашуға болады.
Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінде нақты қылмыстарды анықтау, талдау үшін қажетті болып табылатын қылмыстық заңның уақыттағы және кеңістіктегі күші, аяқталмаған, қатысушылықпен жасалған қылмыстардың түсінігі мен түрлері, іс-әрекеттің қылмыстылығын жоятын мән-жайлардың түрлері тәрізді негізгі ұғымдар немесе негізгі ережелер қарастырылған. Бұл ережелерді меңгермей отырып жекелеген қылмыс түрлерін түсіну және оларды практикалық жұмыстарда қолдану мүмкін емес. Міне осы ережелердің қатарына Жалпы бөлімдегі қылмыс құрамының элементтері мен белгілеріне қатысты 14-18 баптардағы қылмыстық жауаптылық қолданылатын жасқа, 19-23 баптар аралығындағы кінәнің түсінігі мен оның нысандарына қатысты ережелерді жатқызуға болады. Осы ережелердің және қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға және оларға зиян келтіруге бағытталған тіс-әрекеттерді қолдану арқылы нақты қылмыс түрлеріне қылмыстық құқықтық талдау жасауға болады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Дипломдық жұмыстың объектісі - Қазақстан Республикасындағы қылмыстық заң ұғымы және нормаларының құрылымы.
Дипломдық жұмыс тақырыбының пәні - Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық - құқықтық заң нормалары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында қолданылатын қылмыстық заңды және оның нормаларын ұғыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 67 бетті құрайды.
1-тарау. Қазақстан Республикасы қылмыстық заңының түсінігі, оның кеңістіктегі және мезгілдегі күші
- Қылмыстық заңның түсінігі
Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқылық акті болып табылады [2. 18 б. ] .
Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіретін немесе зиян келтіру қаупін тудыратын қылмыстық әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы - істелген іс-әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі арқылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норма қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмыстық құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырылады.
Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғарымы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Сондай-ақ Республика Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары да кұқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқықтық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып саналмайды. Ол Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құқық нормасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты деп танылған адамға жазаны қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес істелген қылмысы үшін жауаптылық қаралған ерекше бөлімнің тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындауы керек. Мұның өзі соттың жаза тағайындауда заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-сезімін басшылыққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазым адамдары, азаматтар, заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес жүргізу қылмыстық кұқық нормасы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағайындалған қылмыстық жазалардың орындалуы қылмыстық атқару кодексімен реттеледі. Кейбір реттерде жекелеген жазалардың орындалуы басқадай, арнайы заңдылық актімен де белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 ақпанда бекітілген «Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы» заңына сәйкес «төтенше жағдай кезінде істелген қылмыс үшін сот ісін жүргізудің төтенше түрлерін енгізуге жол берілмейді» деп белгіленген. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес қылмыстық заңдар Республика Парламентінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару, оның ішінде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы да Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады [1. 23 б. ] .
Ұсынылған заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау Мәжілістің ерекше қарауында болады [1. 21 б. ] .
Республика Конституциясының 54-бабының 1-тармақшасына сәйкес заңдар Парламент Палаталарының бөлек отырысында әуелі Мәжілісте, одан кейін Сенатта өз кезегімен қаралып қабылданады [1. 19 б. ] .
Президент Парламент Сенаты ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады [1. 13 б. ] .
Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары бойынша ол қарсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы ескерілмесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданады деп есептелінеді [1. 19 б. ] .
Конституцияның 53-бабының 4-тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар Жарлықтары шығарылады.
Бұрын қолданылған Қазақ ССР Қылмыстық кодексі 1959 жылы қабылданған еді. Жаңа Қылмыстық кодекс 1997 жылы 16 шілдеде қабылданды. Қылмыстық кодекс дегеніміз барлық қылмыстық заңдардың белгілі бір жүйеге келтірілген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін және қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қылмыс болып табылатынын анықтайтын ұғымдар, қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін жазалар белгіленеді. Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтың жалпы ережелері, міндеттері, қылмыс пен жазаның түсінігі, қылмыс пен жазаны жоятын мән-жайлар, т. б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлімнің баптары өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда міндетті түрде есепке алынады.
Ерекше бөлімде жекеленген нақты қылмыс түрлері үшін жауаптылық және жаза белгіленген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі бірнеше тарауларға бөлінген. Әр тарауға бір объектінің маңыздылығына қарай тиісінше орын берілген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін білдіретін белгілі бір техникалық ережелерге негізделген өзіндік құрылымы бар. Қылмыстық-құқықтық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:
- Декларативті - яғни, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттерін айқындайтын нормалар [3. 3 б] .
- Анықтаушы - яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген институттарына айқындама беретін нормалар [3. 5 б] .
- Арнаулы - яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайыңдалатын жазаға сипаттама беретін нормалар (мысалы, Қылмыстық кодекстің ерекше бөліміндегі, барлық нақты, жекелеген қылмыс құрамдары) .
Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің бабы өзінің құрылысы жағынан Ерекше бөлімдегі баптың құрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек қана диспозициядан құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында диспозицияға қоса санкция да болады.
Қылмыстық Кодекстің ерекше бөлімінің баптары топтық және түрлік болып екіге бөлінеді. Топтық баптар біртектес қылмыстардың ортақ және соларға тән белгілерін анықтайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 366-бабында-әскери қылмыстардың түсінігі берілген. 307-бапта лауазым адамының түсінігі айтылған. Топтық баптардың түсінігі әр түрлі тарауда орналасқан, әр түрлі қылмыс топтарын бір-бірінен жіктеуге мүмкіндік береді. Түрлік баптар бойынша заңда көрсетілген жекелеген қылмыстың белгілері және осы қылмысты істегенде қандай жаза тағайындалу керек екендігі көрсетіледі. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптары диспозициядан және санкциядан құралады. Кодекстің Ерекше бөлімі бабындағы қылмыстың атауын және оның белгілеріне сипаттама беретін жағын диспозиция деп атаймыз. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 120-бабындағы әйелді зорлаудың диспозициясы былай: «зорлау, жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе қолданбақшы болып қорқытып, не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау» деп көрсетілген [3. 42 б. ] .
Диспозицияның төрт түрі бар. Олар:
I. Жай диспозиция. Жай диспозиция қылмысты іс-әрекеттің атын ғана айтып қояды, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттің мазмұны оның белгілері ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті болған жағдайда қолданылады. Мысалы, 96-баптағы «Адам өлтіру», 175-баптағы «Ұрлық».
II. Сипаттамалы диспозиция. Қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде нақтылап көрсететін диспозицияны сипаттамалы диспозиция деп атаймыз. Жай диспозицияға қарағанда қылмыс кұрамын айқындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылығында дау жоқ.
Сипаттамалы диспозицияға 166-бапта көрсетілген шпиондық жасау құрамы мысал бола алады. Мұнда шпиондық жасау аталып қана қоймай, оған «мемлекеттік немесе әскери құпияны құрайтын мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымға немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты оларға беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы әрекеттерді шетелдік азамат немесе азаматтығы жоқ адам жасаса» деп толық түсінікті сипаттама беріп отыр.
ІІІ. Бланкеттік диспозиция. Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыстың құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативті актілерге, үкімет қаулылары мен жарлықтарына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгіну қажет. Яғни, қылмыстық заңның талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу басқа заңдармен немесе нормативті актілермен анықталады. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 295-бабындағы темір жол, әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзуы. Бұл қылмыс құрамын анықтау үшін көлік құралдарының осы түрлерінің қауіпсіздігі мен пайдалану ережесін реттейтін тиісті нормативті актіні басшылыққа алу қажет. Егер осы сияқты бланкеттік нормаларды ҚР ҚК-нің өзінде тізіп көрсете берсек, сонда кодекстің баптарының көлемі тым ұлғайып, оны пайдаланудың өзі қиынға түсер еді. Мысалы, тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде кауіпсіздік ережелерін бұзудың (245-бап) өзі осы баптың диспозициясына көптеген қиын әрі күрделі ережелер мен бұйрықтарды көрсететін жазуды талап етер еді. Сондықтан да заң шығарушы мұндай реттерде бланкеттік диспозицияны пайдаланудың тиімділігіне жол беріп отыр.
- Сілтемелі диспозициянақты қылмыс құрамын анықтайды. Бұл диспозиция бойынша қайталап жатпау үшін қылмыстың осы құрамын анықтаған қылмыстық заңның тиісті бабына, баптың тармағына сілтеме жасайды. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігіндегі кісі өлтіруді алайық. Онда «Н» тармағында қылмыстық кодекстің 97-100-баптарында көзделген әрекеттерді қоспағанда, бұрын адам өлтірген адам жасаған адам өлтіру делінген. Бұл жерде бұрын адам өлтірген деген ұғымға қатысы болатын құрамдарды қайталап жатпас үшін, заң шығарушы сол ұғымдарға анықтама берілген баптарға тиісінше сілтеме жасап отыр.
КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ қылмыстық
КОДЕКСІНІҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІ
БАПТАРЫНЫҢ ДИСПОЗИЦИЯЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Қолданып жүрген Қылмыстық кодексте санкцияның екі түрі көрсетілген. Салыстырмалы - айқындалған және балама.
Салыстырмалы - айқындалған санкция жазаның мөлшерін белгілі бір шектен шықпайтындай етіп реттейді. Кейбір реттерде бапта жазаның ең жоғарғы шегі ғана көрсетіледі. Мұндай жағдайда жазаның ең төменгі шегі қылмыстық құқықтың жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес: бас бостандығынан айыру үшін-6 ай, түзеу жұмысы үшін - 2 ай мерзім деп есептеу керек.
Көп жағдайларда қылмыстық, заң нормаларында жазаның төменгі және жоғарғы шегі көрсетіледі. Мысалы, кісі өлтіру, яғни басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру - алты жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады делінген [3. 34 б. ] .
Санкцияның мұндай түрі жазаны даралап тағайыңдауға зор мүмкіндік туғызады. Балама санкция ҚР қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің тиісті бабындағы жазаның екі немесе одан да көп түрінің біреуін қолдануға мүмкіндік береді.
Өзінде соз ауруы бар екендігін білген адамның оны басқа адамға жұқтыруы жүз айлық есептік көрсеткіштен бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысынан немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не бір жылдан екі жылға дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты айға дейінгі мерзімге қамауға, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп көрсетілген [3. 40 б. ] .
Балама санкциялар сотта кінәлі адамға бірнеше жазалардың ең әділін, тиімдісін тандап алуға жол береді.
1. 2 Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші
Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші ҚР қылмыстық кодексінің 6-бабындағы (аумақтық), 7-бабындағы (азаматтық) және 8-бабындағы (қылмыскерді ұстап беру туралы халықаралық шарт) принциптеріне сәйкес жүзеге асырылады. Қылмыстық кодекстің 6, 7, 8-баптарында бекітілген осы принциптердің кеңістіктегі қолданылуын жүзеге асыру үшін төмендегі мынадай түсініктерді анықтап алу қажет:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz