Жазаның белгілері
Жоспар:
1. Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және оның негіздері
2. Жаза түсінігі және түрлері
3. Жазаның белгілері
4. Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Қылмыстық жауаптылықтың түсінігі және оның негіздері
Қылмыстық жауаптылық мемлекетпен тағайындалатын заңды жауаптылықтың бірі болып табылады және қылмысы үшін кінәлі адамдарға ғана қолданылады.
Қылмыстық жауаптылық институты қылмыстық құқықта қоғамдық қатынастарды қорғайтын, сотталғандарға тәрбиелік сипаттта әсер ететін, қылмыстардың алдын алатын қылмыстылықпен күресудегі маңызды тәсіл ретінде қарастырылады.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылықтың түсінігі берілмеген. Мұндай анықтама тек қылмыстық құқық ғылымында ғана айқындалған. Әдебиеттерде қылмыстық жауаптылыққа әр түрлі анықтама түсініктер берілген.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салған, қоғамға қауіпті әрекетті кінәлі түрде жасағандық үшін ғана белгіленеді.
Қылмыстық жауаптылықты мазмұнына қарай былайша түсінуге болады:
а)қоғамға қауіпті белгілі бір, нақты әрекетті істеген адамға мемлекет, қоғам тарапынан кінәсын бетіне басу.
ә) Қылмыс істеген кінәлі адамға заң жүзінде қылмыстық жаза қолдану. Бұл орайда Г.Ф.Поленовқа берген анықтамасын дұрыс деп ұғынуға болады. Қылмыстық жауаптылық-бұл қылмыс жасаған адамның тек мемлекет алдында жауапты болуы ғана емес, сонымен қатар қылмыстық-құқықтық шараны қолдану нәтижесінен боған кінәлінің қиналуы, оның кейіп, өкінуінен тұратын және мемлекет алдында қылмысы үшін тәуелді түрде айыпты болуы. Мемлекет тарапынан қылмыстылықты анықтау алдын ала тергеу органдарымен жүзеге асырыла отырып, тұлғаның жасаған қылмысы сотпен заңды түрде бағаланып оны қылмыскер деп танудан тұрады. Мемлекет тарапынан қолданылатын қудалау әркез кінәліге жаза тағайындаумен ғана аяқталып қоймайды. Қылмыстық заң қылмыс жасаған адамдарға басқа да қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана алады.
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық неесе құқылық жауапкершілік жүктеледі.Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауаптылық болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу ,денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық және тағы басқа.Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекетін нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына,қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады.Қылмыстық жауаптылық- өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі.
Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп- қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз. Қылмыстық жауаптылық- қылмыстық қатынас мәселесімен тығыз байланысты. Бұл байланыс екі жақты көрініс арқылы белгіленеді. Біріншіден, қылмыстық құқылық қатынас қылмыстық жауаптылық сияқты істелген қылмыстың құқылық зардабы.
Яғни, нақты қылмыс жасалмаса қылмыстық жауаптылық та, қылмыстық құқылық қатынас та жоқ .Екіншіден, нақты қылмыс жасалған уақыттан бастап қылмыстық жауаптылық , ал мұнымен бірге бір мезетте істелген қылмыстың салдарынан қылмыстық құбылыс, яғни қылмыстық құқылық қатынас пайда болады. Бұл жерде істелген қылмыс заңдылық факт болып табылады. Тараптардың арасында қылмыстың субъектісімен (қылмыс жасаған адаммен) мемлекеттің атынан өкілділік алған органдардың арасында тиісінше құқылық қатынастар пайда болады. Қылмыстық-құқылық қатынас бір жағынан мемлекет атынан әділ соттылықты жүзеге асыратын анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарымен, екінші жағынан қылмыс істеген субъектінің (қылмыскердің) арасындағы қатынас болып табылады. Бұл қатынастар материалдық мазмұнға ие болады.
Олар істеген қылмыстың фактісіне қатысты: істелген қылмыстың құрамы қандай, кінәнің нысаны, дәрежесі, қылмыскердің тұлғасы, біткен немесе бітпеген қылмыс па? Мұнда қылмысқа қатысу немесе қылмысқа жанасушылық болды ма және тағы басқа. Сондай-ақ жазаны тағайындау немесе жазаны өзгерту шарттары, жазадан босату сияқты мәселелерге байланысты болады. Қылмыстық құқықтық қатынас іс-жүргізу құқылық қатынастармен тығыз байланысты. Өйткені, қылмыстық құқылық қатынас қылмыс істеу фактісіне байланысты болады. Істелген қылмыс бойынша оны қозғау, тергеу, сотта қарау мәселелері қылмыстық іс-жүргізу құқылық қатынастар арқылы дамып, жүзеге асырылады. Бұл қатынастар субъектімен (қылмыс істеген адам) мемлекеттің оның уәкілдігін жүзеге асыратын органдар арасында іске асырылады. Қылмыстық құқықтық қатынастар субъектілері заң бойынша айрықша құқықтар мен міндеттерге ие болады. Қылмыскер қылмыстық құқықтық қатынастың субъектісі болып табылады. Мемлекет қылмыскерді жазалай отырып, басқаларды қылмыс істеуден сақтандырады және сатталған адамды түзеу мақсатын жүзеге асырады. Мемлекеттің осы функциясын атқару кезінде қылмыскер де мемлекетке өз көзқарасын білдіретін қатынастың субъектісі ретінде көрінеді. Мұндай жағдайда мемлекет осындай қатынастың объектісі болып қалады. Яғни, субъект және объект салыстырмалы түсініктер, сондықтан да олр сөз жоқ өзара орын ауыстырулары мүмкін. Қылмыстық құқықтық қатынастың пайда болуын қылмыстық жауаптылықтың жүзеге асырылуы деп түсінуге болмайды. Тек соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана қылмыстық жауаптылық жүзеге асырылады. Сот айыптыны кінәлі деп тани отырып, қылмыскер мен мемлекет арасында кінәлінің қылмыс жасаған уақытынан бастап қылмыстық-құқықтық қатынастың орын алғандығын бекітеді. Қылмыстық құқықтық қатынас мемлекеттің жаза жөніндегі құқығы мен қылмыскердің тиісінше қылмыстың жауаптылығын көтеру міндеттілігімен ғана шектеліп қоймайды. Қылмыскер тиісті өкімет органының күштеуі арқылы ықпал ететін объектісі ғана емес, белгілі бір құқықтардың субъектісі де. Өйткені жазалау шаралары оған оның жасаған қылмысының табиғатына, осы қылмысқа заңда белгіленген жазаға, яғни санкцияға, Қылмыстық кодекстің Жалпы бөліміндегі жаза тағайындау туралы ережелерге сай жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық құқылық қатынас мемлекеттің қылмыскер жөніндегі құқығын белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге әділ соттылықты жүзеге асыруда заңдылықтың кепілі ретінде де көрінеді. Адамның қылмыстық жауаптылығы оған сот тағайындаған жазаны өтеумен жүзеге асырылады.Яғни, оның жүзеге асырылуы жаза өтеліп болған соң жойылады. Бірақ та қылмыстық жауаптылық барлық уақытта да жазаны өтеу ретінде жүзеге асырылмайды. Мысалы, қылмыс жасаған адам анықталмады делік. Мұндай ретте қылмыстық құқықтық қатынас(қылмыс істеген адам мен мемлекет арасындағы) жүзеге аспайды. Бұған мысал ретінде латентті қылмыстарды қосуға болады. Қылмыс жасаған кінәлі адам егер де ол ауыр қылмыс жасаумен байланысты болса, қылмыстық жауаптылыққы және жазаға тартылады. Бірақ та қолданылып жүрген қылмыстық жазаға сәйкес барлық уақытта да қылмыс жасаған адамға жаза тағайындалуы міндетті емес. Мысалы: Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-2 бөліктерінде:Қылмыс белгілері бар әрекет жасау адамды, егер сот істі қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның одан кейінгі мүлтіксіз мінез- құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкінделінген. Осы бапта қылмыстық жауаптылықтан босату негізі көрсетілген.Ал Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігінде:Кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмысы үшін сотталған адамды, егер жазаны өтеу өрт немесе кездейсоқ апат, отбасының еңбекке жарамды жалғыз мүшесінің ауыр науқастануы немесе қайтыс болуы немесе басқа да төтенше мән-жайлардың салдарынан сотталған адам немесе оның отбасы үшін оның жазасын өтеуі аса ауыр зардапқа әкеліп соқтыруы мүмкін болса, сот жазадан босатуы мүмкін деп көрсетілген. Сонымен қылмыстық жауаптылық өзінің сипатына қарай жаза тағайындалмайтын және жаза тағайындалатын болып екіге бөлінеді. Жаза тағайындалмайтын қылмыстық жауаптылық айыптаушылық фактісімен аяқталады. Ал жаза тағайындалатын қылмыстық жауаптылықта айыптаушылықпен бірге жазалану фактісі де бар. Осыған байланысты қылмыстық жауаптылық бұл жазаға қарағанда жеке, ауқымы кең, қылмыстық- құқылық түсінік екендігін оның жазасыз -ақ қолданылатындығын және орындалатынын көреміз. Қылмыстық жауаптылықсыз жаза тағайындау мүмкін емес. Сонымен, қылмыстық жауаптылық және жаза өзара тығыз бір-біріне ұқсас емес.
Қылмыстық жауаптылықтың негізін дұрыс анықтау құқық қолдану органдары қызметінің заңдылықты қатаң сақтауының кепілі болып табылады. Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың негізі болып қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 3-бабында: Қылмыс жасау, яғни осы Кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстық жауапқа тартуға болмайдыдеп көрсетілген. Яғни, бұл деген қылмыстық жауапқа және жазаға тек қана қылмыс істегенге, яғни қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді қасақана немесе абайсыздықтан істегенге айыпты адамға ғана тағайындалатынын көрсетеді. Демек, қылмыстық жауаптылық негізі іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы болып табылады. Қылмыстық заң қылмыс құрамы деген терминнің мазмұнын ашып көрсетпейді. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында ғана ашып көрсетіледі. Адамның (қылмыс субъектінің) қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді (қылмыстың объективтік жағы) кінәлі түрде қасақана немесе абайсыздықпен істеуі(қылмыстың субъективті жағы) қылмыс құрамының белгілері болып табылады.Қылмыстың объектісі болып табылатын қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастың жиынтығы Қылмыстық кодекстің 2-бабында: Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмытардың алдын алу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz