Қылмыс құрамының түрлері
М а з м ұ н ы
К і р і с п е ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1-тарау. Қылмыс құрамының түсінігі, элементтері, түрлері және белгілері
1.1 Қылмыс құрамының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Қылмыс құрамының элементтері және белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..9
1.3 Қылмыс құрамының түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2-тарау. Қылмыстың объектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы
2.1 Қылмыстың объектісінің түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.2 Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объективтік жағының түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.3 Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісінің түсінігі ... ... ... ...20
2.4 Қылмыстың субъективтік жағының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
3-тарау. Қылмыс субъектісінің белгілеріне талдама
0.1 Қылмыс субъектісінің жасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
0.2 Есі дұрыстық қылмыстық жауаптылықтың қажетті шарты ... ... ... ... ..41
3.3 Қылмыстың арнайы субъектісі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...54
Қ о р ы т ы н д ы ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 61
К і р і с п е
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 3-бабының негізінде қылмыстық жауаптылықтың жалғыз ғана негізі: Қылмыс жасау, яғни кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылатындығы - туралы аталып өтілген [2.3 б.].
Нақты қылмыс ұғымы Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 9-бабы бойынша төмендегідей етіп көрсетілген, яғни жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Бұдан байқайтынымыз, аталған қоғамдық қауіпті әрекет Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінде көрсетілген белгілі бір қылмыс құрамын құрайды [2.5 б.].
Қылмыс құрамы, оны зерттеу мәселелері ертеден келе жатқан маңызды, өзекті жәйттердің бірі болып табылады.
Қылмыстық құқықта аталған қылмыс құрамын құрайтын негізгі төрт элементтері мен факультативті белгілері нақты көрсетілген. Олар:
1. Қылмыс объектісі;
2. Қылмыс субъектісі;
3. Қылмыс құрамының объективтік жағы;
4. Қылмыс құрамының субъективтік жағы.
Аталған әрбір элементтің қоғамдық қауіпті әрекетті қылмыс деп атап өту үшін әрбірінің алатын орны бар.
Қылмыс объектісі - қоғамдық қауіпті әрекетпен, яғни қылмыс бағытталатын материалдық дүние, зат, адам және тағы да басқа қоршаған ортадағы жетістіктер.
Қылмыс құрамының объективтік жағы - қоғамдық қауіпті әрекеттің сипатын көрсететін, қол сұғушылықтың мәнін ашатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Қылмыс құрамының субъективтік жағы - жоғарыда аталған мәселелерге қатысты ең басты қылмыс істеуші адамның ішкі психологиялық қатынасы.
Мұның барлығын қарастыра келе сол объектіге қол сұғушы, сол әрекетті немесе әрекетсіздікті жүзеге асырушы, оның психологиялық қатынасы сайып келгенде қылмыстық әрекетті істеуші тұлғаға келіп тіреледі.
ҚР қылмыстық кодексінің 14-бабында есі дұрыс, кодексте белгіленген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапкершілікке тартылуға тиіс деп тура аталған. Осыған орай, яғни қылмыс субъектісі болып тек қана тұлға - адам танылады.
Қылмыстық заң қылмыстық жауапкершілікке өзінің істеген іс-әрекетіне есеп бере алатын және өзін-өзі басқаруға қабілеті бар адамды, яғни есі дұрыс адамды ғана тарта алады. Адам қоғамға қауіпті іс-әрекет істеген кезде өзінің істеген іс-әрекетіне есеп бере алмаса, яғни қылмысты есі дұрыс емес күйде істеген болса, ол адамның істеген іс-әрекетінде кінәнің екі нысаны: қасақаналылық пен абайсыздылық жоқ деп саналады. Қоғамға қауіпті іс-әрекетін ұғынып, оның мағынасына жетіп, ақылмен, естілікпен істеген есі дұрыс адам ғана қылмыс үшін кінәлі деп танылады. Адамды кінәлі деп танып, оны қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін адамды қылмыс субъектісі ретінде сипаттайтын заңдық белгілердің болуы қажет. Мұндай белгілер ретінде жас-шама мен есі дұрыстық танылады. Есі дұрыстық түсінігімен қылмыстық құқық пен соттық психология көп мән беретін есі дұрыс еместік түсінігі тығыз байланыста.
Әрбір есі дұрыс адам белгілі-бір жасқа толған сәтте ғана өмірдің шын мәнін, жақсы мен жаманды бөліп, дүниетанымдық қасиеті қалыптасып, өмірлік тәжірибеге ие болады. Осыған орай қылмыс субъектісінің жас-шамасын дұрыс анықтау да қылмыстық құқық ғылымында да өзіндік рөльге ие.
Қылмыс субъектісі қылмыстық құқықтың маңызды және даулы мәселесі болып қала бермек.
Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстық белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы - бір қылмыстың заңға сәйкес қоғамға қауіпті әрекетін құратын және міндеттейтін объективті және субъективті элементтерінің және олардың белгілерінің жүйесі.
Қылмыстық заңда "қылмыс құрамы" сирек қолданылады. Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңы да осындай мағына береді.
Бір қылмыстың белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын құрайды.
Қылмыстың нақты құрамы - бұл бір қоғамға қауіпті іс әрекеттің қылмыс ретінде мінездейтін белгілерінің жйынтығы.
Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамында бар құрамды мінездейді. Бұлардың екеуінің арасында айырмашылық бар, әсіресе оларды тағайындауда.Қылмыстың құқықтық түсінігі яғни нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауапкершілікті дәлелдеу үшін маңызды рөл ойнайды, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын әрекеттің бар екендігіне көзіміз жетеді.
Дипломдық жұмыстың объектісі - қылмыстың құрамы және оның элементтері.
Дипломдық жұмыс тақырыбының пәні - Қазақстан Республикасының Конституциясы, қылмыстық-құқықтық заң нормалары.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша қылмыс құрамы мен элементтерін ұғыну.
Дипломдық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау 10 бөлімімен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 63 бетті құрайды.

4.1 Қылмыс құрамының түсінігі
Кылмыстың құрамы түсінігі орта ғасырлық қылмыстық құқық ғылымында пайда болды және сол кезде тек процессуалдық мағынасы болды.
Қылмыстың құрамы түсінігі материалдық қылмыстық құқық тек 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың басында аударылды. Бұның себебі ҚР қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінде жеке қылмыстар көрсетілген қылмыстардың жасалуы болып табылады.
Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстық белгілердің жиынтығын айтады [1.50 б.].

Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамында бар құрамды мінездейді. Бұлардың екеуінің арасында айырмашылық бар, әсіресе оларды тағайындауда.Қылмыстың құқықтық түсінігі яғни нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауапкершілікті дәлелдеу үшін маңызды рөл ойнайды, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын әрекеттің бар екендігіне көзіміз жетеді. Қылмыстың жалпы құрамы бұл рөлді атқармайды және атқара алмайды.
Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі:
1. қылмыстың заңшығарушы моделі ретінде
2. ғылыми абстракция ретінде
3. реалды қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде.
Құрамның бірінші мағынасы, ол өлшегіш ретінде рөл атқарады, яғни іс әрекетте қоғамға қауіптіліктің деңгейінің оны қылмыскер деп тануға жеткілікті немесе жеткілікті еместігін анықтайды. Бұл заңдылықтың сақталуын, қылмыстық саясаттың бірқалыпты жүргізілуін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепіл болады.
Қылмыстың құрамының 2-ші мағынасы ол тек қана іс-әрекеттің қылмыс екендігін анықтап қана қоймай қылмысты қай категорияға, қылмыстар топтарына жататынын анықтайды, өйткені қылмыстың құрамының белгілерін анықтау қылмыстың түрін, қоғамдық қауіптілік деңгейін және мінез ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Үшінші мағынасы - заңшығарушы қылмыс құрамымен қылмыстық жазалау шектерін байланыстырады.
Сонымен қылмыс құрамының маңызы келесіде:
ол қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады;
ол қылмысты жіктеу мақсаты ретінде қызмет етеді, яғни істелген іс-әрекет ішінде қылмыстың құрамын анықтайды;
ол қылмыстық жазалау шектерін анықтайды.
1.2 Қылмыс құрамының элементтері және белгілері
Әр қылмыс - объективті және субъективті диалектикалық - іс-әрекет жасаушылық және іс-әрекеттік.
Қылмыс құрамының элементтері - "қылмыс құрамы" жүйесінің компоненттері. Олардың құрамына байланысты олар құрамның 4 жүйесіне кіреді: объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы.
Қылмыс құрамының белгілері - қылмыстың әр элементтерін мінездейтін айырмашылық ерекшеліктері. Олар қылмыс құрамының ерекшелігін айырып шығаруға, олардың іс-әрекетінің қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінезіне байланысты айырмашылығын және де қылмысты қылмыс емес, құқық бұзушылықтан айыруға жол ашады.
Қылмыстың объектісі - бұл қылмыстық құқықпен қорғалатын және қылмыс арқылы зиян келтірілетін қоғамдық қатынастар болып саналады.
Объективтік жағы - тұлғаның іс-әрекетінің сыртқы жағын сипаттайды.
Субъект - заңда белгіленген жасқа толған есі дұрыс жеке тұлға.
Субъективтік жақ - іс-әрекеттің ішкі (психикалық) мәні.
Кінә - қасақана мен абайсыздықтың тектік түсінігі қылмыстың субъектісінің жасаған қоғамды қауіпті әрекетіне және өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетінің нәтижесіне деген психикалық қатынасы. Ниет - субъектінің қылмыс жасау барысында басшылыққа алатын қажеттіліктер мен мүдделері және қылмыс жасау барысында нәтижеге жетуге тырысу - мақсат осылар қылмыстың субъективтік жағын құрайды [1.91 б.].
Әр қылмыстың құрамы субъективтік және объективтік белгілерінің жиынтығы ғана емес, әр қылмыс адамның іс-қимылыретінде бір бүтін тұтастық. Қылмыстың құрамының элементтерінің бірлігші қылмыстық құқық теориясының ережесі, яғни 4 элементінің біреуінің болмауы тұлғаның іс-әрекетінде қылмыстық құрамының жоқтығын айтады.
Егер қылмыс құрамының элементтері - оның бір құрылымның қажетті бөлігі болса және бірнеше белгілері болса, ал құрамның белгілерінің өзі құрамы элементтерін сипаттайды және құрамның элементтерін жекелейді.
Жалпы қылмыс құрамы туралы оқу барысында барлық құрамның белгілерін негізгі және факултативті болып бөледі. Негізгі белгілері - бұл барлық қылмыстарға тән белгілері және бұл белгілерсіз ешқандай құрам бола алмайды. Осыған байланысты әр құрамда нақты объектісі, әрекет, кінә, субъектінің есі дұрыстығы және заңда көрсетілген жасқа жетуі анықталуы тиіс. Осы белгілердің біреуі болмауы қылмыс құрамының жоқтығын білдіреді.
Факултативтік белгілер болса басқаша болып келеді. Факултативтік белгілер бұл бір құрамдар үшін міндетті, ал басқа құрамдар үшін міндетті емес белгілер болып келеді. Мысалы: адам өлтіру үшін ниет міндетті түрде қажет, ал ұрып соғуда ниет міндетті түрде қажет емес. Факултативтік белгілер заңшығарушымен кейбір қылмысты немесе бір топ қылмыстарды суреттеу үшін қолданылады. Әрине құрамның белгілерін осылайша саралау тек қылмыс құрамының жалпы түсінігі үшін ғана жасалады. Нақты қылмыс құрамында негізгі және факултативті белгілер жоқ - бұл жерде барлық белгілер қажет болып келеді.
1.3 Қылмыс құрамының түрлері
Қылмыстық құқық теориясында әр қылмыс құрамдары бір белгілермен біріктірілетін белгілі бір толптарға бөлінеді. Құрамның жіктелуі соңында әр қылмыстың мазмұнын білу үшін олардың құрылуының жалпы заңдылықтарын білуді міндеттейді.
Қылмыс құрамдарын жіктеуді келесі критерилерді қолдана отырып жүзеге асырылады:
қоғамға қауіптіліктің дәрежесі
құрамның белгілерін сипаттау тәсілі
құрылыс ерекешліктері.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің дәрежесі мен мәніне қарай құрамдар негізгі 1) жауаптылықты ауырлататын қылмыс құрамы 2) жыуаптылықты жеңілдететін қылмыс құрамы болып бөлінеді.
Бұндай бөліну қажеттілігі біріншіден қылмыстық жауапкершілік пен жазаны заңды бөлуді мақсаттайды. Қылмыс құрамы әрқашанда әрекеттің жазалау шектерін көрсететін санкциялармен байланысты тұрады. Бірақ бір түрлі іс-әрекеттер тек қана қоғамға қауіпті дәрежесімен ғана емес мінезімен де ерекшеленуі мүмкін.Осыны ескере отырып заңшығарушы кейбір жағдайларды бір қылмыс бойынша бірнеше құрам бөліп шығарады және осыларды әртүрлі жазалау арқылы байланыстырады. Бұл жазалау саясатының бірлігін қамтамасыз етеді және жазалауды жекелеуге, заңдылық сақтауға жол ашады.
Негізгі құрамда бндай іс-әрекеттің өзіне тән ерекше белгілері сипатталады, іс-әрекет ауырлататын немесе жеңілдететін жайларсыз жасалса заңда ол қылмыстық кодекстің өзіндік бабында (мысалы 106 бап) немесе қылмыстық кодекстің бабының бөлігінде (мысалы (107 бап 1 бөлігі).
Квалифицированный состав (сараланатын) - бұл ауырлататын мән-жайлар бар құрам және бұл мән жайлардың болуы негізгі құрамға қарағанда ауыр жазалауға әкеледі [2.34 б.].
Кейбір жағдайда жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты заңшығарушы сараланатын құрамның түрлерін бөліп көрсеткен. Олар аса ауырлалататын жағдайлардағы қылмыс құрамы [2.60 б.].
Жеңілдететін мән-жағдайдағы қылмыс құрамы - бұл заңшығарушыны жазаның мөлшерін негізгі құрамды құратын қылмысты жасағаны үшін көрсетілген мөлшерден көрі азайтуға әкеп соқтыратын мән жайлары бар құрам. Мысалы: ауырлататын мән-жайларсыз адам өлтірген жағдайда ҚК 96 б 1б байланысты жаза 6 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады. Ал қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде кісі өлтіру (ҚК 96 б) жаза кішірейтілген - 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру. Бұл қылмысиың құрамы кісі өлтірудің жеңілдететін мән-жайлары бар құрам.
Жекелеген қылмыс құрамының мазмұнын ашу, олардың белгілерін анықтауды жеңілдету және нақты істелген іс-әрекетті дұрыс саралау мақсатымен қылмыс құрамы жай қылмыс құрамы және күрделі қылмыс құрамына бөлінеді.
Жай қылмыс құрамы - қылмыс құрамының белгілерінің біркелкі болуы, яғни бір ғана объектісі, бір ғана объективтік жағы және т.б.
Күрделі құрамда мыналар болады:
1) элементтердің екеуі [2.62 б.].
2) іс-әрекет жасау процесінің немесе қылмыс зардаптарының (созылмалы және жалғасатын қылмыстар) созылуы (ҚК 373 б, 176 б)
3) альтернативтік элементтер (96 б 2 б)
4) бірнеше жай құрамдардан қосылған (237 б, 257 б 2,3 б)
Қылмыс құрамы құрылысына қарай материалды, формалдық және келте болып бөлінеді. Өйткені тұлғаның қоғамға қауіпті әрекеті бірнеше этаптарға бөлінеді: әрекетке дайындалу; әрекет жасау; нәтижеге жету.
Егер заңшығарушы қылмыс құрамында тек іс-әрекетті емес іс-әрекеттің нәтижесінен болған зардапты көрсетсе онда бұл материалды құрам (адам өлтіру).
Егер заңшығарушы қылмыс құрамында іс-әрекеттің белгілерін көрсетіп қалған зардапты иыс шығарса, онда бұл формалдық құрам болады. Бұл жағдайда құрамның толық болуы үшін көрсетілген әрекетті жасағаны жеткілікті (пара беру және алу, жала жабу, қащқындық және т.б.).
Егер заңшығарушы қылмыс құрамындағы қылмыстық іс-әрекеттің жалпы бейнесін азайтса, яғни қылмыс құрамы қылмысқа дайындалу әрекеттері немесе бір іс-әрекет жасау процесін қамтыса, онда бұл келте қылмыс құрамы болады. Яғни қылмыстың аяқталуы үшін қоғамға қауіпті зардабы. Қоғамға қауіпті әрекетке жеткізетін іс-әрекеттерін аяғына дейін жеткізу қажет емес (қарақшылық, бандитизм).

2.1 Қылмыстың объектісінің түсінігі және мәні
Қылмыстың объектісі болып қылмыстық құқық нормаларымен қол сұғылған үшін жауапкершілік көрсетілген қоғамдық қатынастар.
Қоғамдақ қатынастар - адамдар арасындағы байланыстар және олардың белгілі бір құндылықтар жайлы тәртібі. Қоғамдақ қатынастар бұл бізді қоршаған әлемнің Қоғамдақ қатынастаробъективтік шындылық жалпы қарым-қатынастардың көрінуі. Басқа қатынастарға қарағанда қандай қиын формаларда болмаса да бұл қатынастар әрқашанда адамдар арсындағы қатынастар.
Бұзылған қатынастарға байланысты қорғау сипаты анықталады. Олардың арасында ең маңыздысы бұл қылмыстық құқық нормаларымен қорғалатындары. Әр қылмыстық іс-әрекет қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастаға қол сұғады, зиян келтіруі мүмкін немесе келтіреді, соның себебінен қылмыс болып саналады.
Қол сұғушылық объектісі болып тек қылмыс арқылы зиян келтірілетін немесе келуі мүмкін объект болады.
Қылмыс объектісі - әр қылмыстың қажетті құрам белгісі. Іс-әрекет қылмыс деп саналмайды, егер ол объектіге бағытталмаса немесе қылмыстық заңда көрсетілмеген объектіге бағытталса. Егер тұлға қылмыс жасап жаиырмын деп санаса да оның жасаған іс-әрекеті "жалған қылмыс" болады және ол қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыстың объектісі қылмыс құрамының қажетті белгісі, ол қылмыстың мәнін қоғамға қауіпті деңгейін анықтайды. Объектіге байланысты біз қандай жасалғандығын анықтаймыз (адам өлтіру немесе қорлау, мемлекеттік мүлікті ұрлау немесе пара алу).
Қылмыс объектісінің үлкен маңызы бар. Өйткені ол құқық жүйелері қорғайтын құндылықтарды ашады.
Советтік қылмыстық құқығының кластық мәні өз келбетін қылмыстық құқықтық қорғау объектісінен тапты, олардың тізімі Қаз ССР ҚК 7-бабында көрсетілген. Ең жоғарғы мемлекеттік мүддегер сонан соң барып азаматтың және қоғамның мүддегері қойылды.
Қазіргі кезде біздің ойымызша құқық шығарушылық және құқық қолданушылық дкеңгейде қылмыстық құқықтың маңыздысы адамдық фактордың максималдық есебі.
Қолсұғушылық объектісі дұрыс анықтау қылмыстың әлеуметтік-саяси мазмұнын ашуға, оның қоғамдық қауіптілік сипатын көрсетеді және нақты қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс жіктеуге жол ашады және бұл кінәлі адамға әділ жаза тағайындауға қажетті шарт болып табылады.
Қылмыс объектісі ҚК Ерекше бөлімінің жүйесінің құрамының негізі.
Гуманизм позициясынан адамның өзін, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауға маңызды болуы тиіс. Барлық қылмыстың құқық қорғау объектілері соңында адамға қызмет етеді, осы да олардың әлеуметтік мағынасы және құны.
Мемлекеттің, қоғамның мүдделерін адмзаттың мүдделеріне қарағанда маңызды деп табу қылмыс туралы қате түсінікке және қылмыстың белгісі қоғамдық қауіптіліктің қате түсінігіне әкелді.
Мысалыға социалистік мүлікке қол сұғушылық адам өлтіруден ауырырақ қылмыс болып саналған (1932 ж. 7-тамыздағы заңы): ұрлық үшін жапза өлім жазасы, ал адам өлтіру үшін, ауырлататын мән-жайлардың болғанның өзінде - бостандығынан айыру.
Қоғамның демократизациялануы, адамзаттың құндылығын қабыл ету, және тұлғаның өмірін, денсаулығын, бостандығын, қылмысын, құқықтарын тану қылмыстық құқықтық объектісін ашуға, қылмыстың қоғамға қауіптілігінің деңгейі мен мінезін анықтауға жол берді. Қандай да бір зиян іс-әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік бекіту арқылы қоғам адамды оның қажеттілігін және мүдделерін қорғайды. Қылмыстық құқықтың мақсаты - қорғау механизмін ашу және оны әсерлі ету. Бұл айтылғандардың барлығы ҚР қылмыстық заңында өз орнын тапты, әсіресе Ерекше бөлімнің жүйесінде, өйткені тұлға және адам құқықтарына қарсы қылмыстар 1-ші орында тұр.
Қылмыс объектілерінің түрлері.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың объектісін жаны, топтық және тікелей деп бөлу қағидасы қалыптасқан.
Жалпы объектісі деп қылмыстық заң нормасы арқылы қорғалатын қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтамыз. Әр қылмыс барлық уақытта қоғамдық қатынастардың белгілі бір түріне қиянат келтіруінің өзі қоғамдық қатынастардың барлық қылмыстың жалпы объектісі екендігін көрсетеді.
Топтық объект - дегеніміз қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң қорғайтын біртектес немесе өзара ұқсас қоғамдық қатынастардың белгілі бір бөлігі болып табылады.
Мысалы, қарақшылық, басқа біреудің мүлкін ұрлау, тонау, оны алаяқтыұпен алу, бір топтық объектіге - басқа біреудің мүлкіне меншігіне байланысты қарсы қоғамдық қатынастарға қылмыстық қол сұғуды білдіреді.
Осыған байланысты бір топтық объектіге қол сұғылатын қылмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімінің бір тарауына жиналған. Қол сұғушылықтың топтық объектісі кожекс тарауының атында көрсетіледі, кей жағдайда заңшығарушымен Ерекше бөлемнің бабында көрсетілед, ал кейде қылмыс құрамының әлеуметтік саяси анализі арқылы пайда болуы мүмкін.
Сол себепті ҚК ерекше бөлімін құру кезінде топтық объект алынады және топтық объектілерге байланысты тарауларға бөлінеді. Топтық объект қылмыстар және жасағаны үшін жауапкершілік көзделетін нормаларды заңды, ғылыми жіктеуге жол ашады.
Тікелей объект - деп қылмыстық заң қорғайтын нақты қатынастарға бір немесе бірнеше қылмыстардың тура немесе тікелей бағытталуын айтамыз.
Көп объектілі қылмыстар болады. Мысалыға қарақшылық (179 б) объектісі біреудің мүлкі және тұлға. Бұл жерде бірінші объект негізгі объект, ал 2-сі қосымша объект болады.
Қосымша объект 2-і объектілі қылмыстардың міндетті элементі болады және ол қылмыстық қол сұғушылықтың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен мінезіне әсер етеді. Бұдан басқа әдебиеттерде факултативтік объектілер көрсетілген бұл объект қылмыстың міндетті белгісі емес. Қоғамға қауіпті әрекет жасалған кезде бұл объект болуы да болмауы да мүмкін. Факултативтік объектіның болуы болмауы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ қоғамға қауіптілігін арттыруы мүмкін және ол жазалау барысында есептелуі.
Қылмыстың заты.
Қылмыстың заты - қолсұғушылық объектісінің элементі, яғни соған әсер ету арқылы қылмыскер қоғамдық қатынастарды бұзады немесе бұзуға тырысады. Мысалы, жалған ақша немесе құнды қағаздарды сату немесе жасау [2.74 б.].
Объектісі қаржы ақша жүйесінің дұрыс жұмыс істеуі, ал заты - ақша немесе құнды қағаз.
Кейбір қылмыстық құрамдар үшін зат міндетті түрде қажетті белгісі болады.
Қылмыстың заты барлық қылмыстарда бар емес, тек қылмыстың объектісіне қолсұғушылық сыртқы әлемнің материалдық заттарына әсер ету арқылы жасалатын қылмыстарды қажет. Мысалыға қылмыстың заты зорлау, қашқындық сияқты қылмыстарға қажет емес.
Кейбір қылмыстар жасау барысында кінәлі адам зардапты тұлғаға келтіреді. Бұл қылмыстан зардап шеккен тұлға жәбірленуші болып аталады.
Басқаша айтқанда жәбірленуші - бұл қылмыс арқылы мүліктік, моральды немесе материалдық зиянды келтірілген тұлға.
Виктимология - жәбірленушінің қылмыс жасалу барысындағы ролін, басқа қылмыстар жасауға жәбірленушінің әсер етуін зерттейді.
Қылмыс затын тікелей объектімен араластыруға болмайды. Қылмыстың заты қоғамдық қатынастардың құрылымының элементі, яғни тікелей объектінің бір бөлігі сияқты. Тікелей объектіге қылмыс арқылы әрқашан зардап келтіріледі, ал затқа зардап келтірілмеуі де мүмкін. Мүлік, ақша және басқа да құндылықтар контрабанда барысында ұрланған жағдайда өз құрамдарын жоғлтпайды. Бірақ кейбір қылмыстар жасалу барысындла затқа да зардап келуі мүмкі, мысалыға мүлікті жою немесе зақым ккелтіру барысында.
Қылмыстың затын қылмыс қаруларымен қылмыс жасау құралдарымен араластыруға болмайды. Егер қылмыс заты бұл қылмыс арқылы әсер ететін немесе әсер етуге тырысатын зат бролса қылмыс жасау құралдары қылмыс затына не арқылы зиян келтірілгенін көрсетеді.
Сонымен қатар бір зат оның атқарған роліне байланысты бір жағдайда қылмыс құралы, ал екінші жағдайда қылмыс заты болуы мүмкін. Мысалы, жәбірленушіге үйіндегі құндылықтарды тонау үшін алдау арқылы есірткі зат беріп, оны есін түсінбейтін халге жеткізіп, үйін тонаса онда есірткі зат қылмыс жасау құралы болады. Ал егер есірткі зат жасалып, сатылып немесе сатып алынып жатса онда ол қылмыс заты болады. (ҚК 259 б).
Қылмыс затының қылмыстық құқықтың мәні келесіде:
бұл қылмыс құрамының қажетті белгісі (175, 176, 177, 178, 179 ҚК)
қылмысты саралауда өзгертетін белгі ролін ойнайды (287 және 288 ҚК)
қылмыстық әрекетті қылмыстық емес әрекеттен ажырататын критерий (325- б)
дұрыс саралауды белгілейді (определяет)
жауапкершілікті жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай.
2.2 Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объективтік жағының түсінігі және мәні
Қылмыстың объективтік жағы - белгілі бір жағдайларда, жерде уақытта ағып жатқан және қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтың сыртқа көрінісі.
Қылмыстың құрамының объективтік жағы - қылмыстық қол сұғушылықтың сыртқы процесін бейнелейтін заңмен бекітілген қылмыс белгілерінің жиынтығы.
Қылмыстың объективтік белгілерінің болуы қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады және олар заңда көрсетілген. Сол себепті қылмыстық жауапкершілікке тек қылмыстық заңда көрсетілген іс-әрекеттер үшін ғана тартуға болады. Тек ойы, көзқарасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартуға болмайды. Адамның негізгі құқықтарының бірі - өмірге деген құқығы: өз қалауы бойынша ойлау, қалауы бойынша оқу, музыка немесе суретпен өзінің талабы бойынша қызығу, т.б.
1789 ж адам және азамат құқығы диклорациясының 4 бабында былай делінген: "Еркіндік дегеніміз басқаға зиян келтірмейтін әрекеттердің барлығын жасау мүмкіндігі. Сол себепті әр адамның табиғи құқықтарын жүзеге асыру барысында қоғамның басқа мүшелерінің сол құқықтарымен асыруға шектеледі. Бұл шектер тек қана заңмен белгіленеді". Бұл жағдайға байланысты К. Маркстың сөзі бар: "Басты критерий ретінде керекті емес әрекет жасап жатқан адамның ойын қоятын заңдар - бұл заңсыздықтың позитивтік санкциясы мен тек әрекет жасау барысында нақтылық шеңберіне кірген кезде заңға бағынышты ауданға кіретін. Іс-әрекетсіз мен заң үшін жоқ болып табыламын, яғни оның объектісі болмаймын".
Нақты қылмыс үшін жауапкершілік көрсетілген қылмыстық заңда объективтік жағына жақсы түсінік беріледі.
Ерекше бөлімнің кейбір баптарында қылмысты қылмыс еместен бөлетін критерилері ретінде объективтік жақтар белгілерін көрсетеді.
Бір немесе әртүрлі объектілерге қол сұғылатын қылмыстар бір-бірінен іс-әрекеттің формасымен, қылмысты жасау тәсілімен, келтірілген зардабымен және басқа да объективтік жағының белгілерімен ерекшеленеді. Ұрлықтың 7 тәсілі ұрлықтың 7 формасын белгілейді.
Қылмыстың объективтік жағының белгілері негізгі және факултативті болып бөлінеді. Негізгі белгілеріне: қылмыстық іс-әрекет (әрекет, әрекетсіздік) қылмыстық зардап; себепті байланыс.
Факултативті белгілері: қылмыс жасалған жері, уақыты, қылмыс жасау тәсілі, қаруы және құралы.
Іс-әрекеттің объективтік жағы болмаса онда объектіге қолсұғушылық та іс-әрекеттің объективті белгілерінің көрінісі ретінде қылмыстың субъективтік жағы да, субъектісі де болмайды. Және де қылмыстың басқа элементтерімен бірге объективтік жағы жасалған іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік деңгейінг тұлғаның кінәсін анықтайды және де тағайындалатын жазаның сипатына әсер етеді.
Қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы іс-әрекет.
Қылмыстық құқық іс-әрекетті қоғамға қоғамға қауіпті және құқыққа қарсы әрекет немесе әрекетсіздік деп түсінеді. Іс-әрекет әрқашанда нақты, яғни белгілі бір тұлғамен белгілі бір жағдайда жерде жасалады.
Қылмыстық іс-әрекет - қоғамдық қатынастарға зардап келтіретін қоғамға қауіпті, құқыққа қарсы активті (әрекет) немесе пассивті (әрекетсіздік), тұлғаның сыртқы әлемдегі көрінетін мінез-құлқы.
Егер тұлғаға көнбейтін күш күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу арқылы әсер етілсе онда қылмыстық құқық түсінігінде іс-әрекет болмайды. Көнбейтін күш, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу түсінігі қылмыстық құқық заңдылығында берілмейді.
Азаматтық құқықта көнбейтін күш деп белгілі бір табиғат апатының, хайуанаттардың, механизмдердің, адамдардың және басқа да факторлар мен жағдайдың әсерінен адам өзінің ойлаған ойы мен тиісті бір әрекетін жасай алмауына бөгет жасайтын немесе амалсыздан ырқына көнбейтін іс-қимыл жатқызатын күшті айтады.
Күштеп мәжбүрлеу деп бір адамның 2-ші бір адамды әсер етумен мүмкіндігін пайдалануға ырық бермей еріксіз басқаға зиян келтіретін іс-қимыл жасауға тиісті іс-әрекетті жасай алмауына еріксіз көндіруі.
Психикалық мәжбүрлеу адамның еркін сирек толығымен басады (мысалы, гипноза). Көп жағдайларда психикалық мәжбүрлеу күш көрсететін материалдық немесе моральдық залал келтіремін деп белгілі бір әрекет жасауға немесе керісінше жасамауды талап ету деп білеміз, бірақ адамның өз еркімен әрекет теу мүмкіндігі болады. Сол себепті психикалық мәжбүрлеу арқылы жасалған қылмыстар қылмыстық жауапкершілікке жатады. Кейбір жағдайларда аса қажеттілік шарттары болған жағдайда қылмыстық жауапкершілік болмауы мүмкін. Мысалы: кассир өміріне қауіп төнген жағдайда ақшаны қылмыскерлерге беріп қойса, ол жауапкершіліктен босатылады, өйткені адам өмірі барлық материалдық құндылықтардан бағалы.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттің аса көп тараған қалпы әрекет болып саналады. ҚК көзделген құралдардың арасынан 23 әрекет арқылы жасалады.
Қылмыстық әрекет сырттай арқылы (оскорбление) немесе сөз сөйлеу арқылы (угроз) немесе көп кездесетін, адамдарға сыртқы әлем заттарына физикалық әсер ету арқылы (ұрлау барысында затты алу, тапаншаны қолдану арқылы адам өлтіру).
Қылмыстық әрекет - тұлғаның құқыққа қарсы осы жағдайда, жерде, уақытта, қоғамға қауіпті деп саналатын әрекеті.
Әр қылмыстық әрекет бірнеше белгілерімен сипатталады: а) физикалық дене қозғалысы б) қоғамға қауіптілік в) құқыққа қарсылық.
Қылмыстық құқық мағынасындағы әрекет және дене қозғалыс - бір-бірімен байланысты, бірақ бір түсінік емес. Аяғы тайып кеткен адам басқа адамды қағып оған зардап келтіруі мүмкін. Қылмыстық құқық тұрғысынан ол әрекет жасамайды, өйткені оның дене қозғалысы рефлакторды болып табылады.
Әрекетсіздік - ол іс-қимылдың пассивтік формасы және ол әрекеттердің қарама-қарсылығы болады.
Қылмыстық әрекетсіздік - тұлғаның осы жағдайда, жерде, уақытта қоғамға қауіпті деп саналатын тұлғаның жасауға міндетті немесе жасай алатын әрекетті жасамауы.
Әрекетсіздік - тұлғаның бір әрекет жасаудан бас тартуы немесе пассивтік іс-әрекеттің жүйесі болып табылады. Әрекетсіздік арқылы жасалатын қылмыстың ішіне қылмыс туралы айтып жеткізбеу (364 б) ауруға көмек көрсетпеу (118 б) бұйрықты орындамау немесе бағынбау (367 б).
Әрекетсіздік арқылы жасалатын қылмыстың басталуы болып тұлғаның жасауға жағдайы болып немесе жасауға міндетті әрекетті жасамауы болып табылады және соның себебінен қылмыстық заңмен қорғалатын объектілерге зиян келеді.
Әрекетсіздік зиян келген жағдайда немесе зиян келу мүмкіндігі жойылған жағдайда аяқталды деп саналады. Қылмыстың әрекетсіздігінің басталуы және аяқталуын білу әрекет арқылы жасалған қылмыстағыдай қылмысқа қатысу, қылмыстан өз еркімен бас тарту сұрақтарын шешу кезінде қажет.
Қылмыстық заңда қылмыстық іс-әрекеттің ерекше формалары бар, олар қысқа немесе ұзақ мерзімді жасалатын қылмыстар. Мысалы: балалары мен еңбекке қабілетсіз ата-аналарына төленетін қаражатты төлеуден бас тарту (136 б) заңсыз қару сақтау (251 б) қылмыс туралы жеткізбеу (364 б).
Бұл қылмыстар созылмалы қылмыстар деп аталады және үздіксіз бір қылмыстық іс-әрекеттің құрамын жасаудан тұрады. Созылмалы қылмыстар бір қылмыстық іс-әрекеттен басталады немесе қылмыстық әрекетсіздіктен басталады. Созылмалы қылмыстар - кінәліне заңмен жүктелген міндеттерді ұзақ орындалмаудан тұратын әрекет немесе әрекетсіздік.
Жалғасатын қылмыстар - бір мақсатқа бағытталған ұқсас қылмыстардан тұратын қосылған кезде бір қылмыс құратын қылмыс. Мысал ретінде азартау (107 б), (176 б) Сеніп тапсырған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету.
Созылмалы және жалғасатын қылмыстардың объективтік жағын анықтау қылмыстың көпшілігінен айыру үшін қажет. Қылмыстың көпшілігі кезінде әр қоғамға қауіпті іс-әрекеттің өзі өз басына қылмыс құрамын құрады және ҚК жеке бабымен жіктеледі.
Қоғамға қауіпті зардаптар.
ҚҚЗ - қоғамдық қатынастарға әрекеттер немесе әрекетсіздік арқылы келтірілетін қылмыстық заңмен көрсетілген зиян.
Тұлғаға қарсы қылмыстардың зардаптары әр түрлі болуы мүмкін - өмірінен айыру, денсаулығына зиян келтіру; кәмелетке толмағандардың жыныстық дамуын бұзу.
Қоғамға қауіпті зардаптар материалдық және материалдық емес болып бөлінеді.
Материалдық құндылықтар болады, егер материалдық әлемнің заттарымен немесе құндылықтарымен байланысты болса. Материалдық зардап жеке (физикалық), мүліктік және экологиялық болып бөлінеді.
Материалдық емес зардап деп материалдық емес құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарды бұзудан пайда болған зардапты айтамыз. Материалдық емес құндылықтар деп саяси, мемлекеттік, қоғамдық мүдделерді айтамыз. Қылмыстың заңмен қорғалатын объектіге келген зардапқа байланысты ҚК Ерекше бөлімінің диспозициясында қылмыстың құрамының объективтік жағын әртүрлі құрады.
Осыған байланысты келесі қылмыс құрамы болады: материалдық, формалдық, келте. Қылмыс құрамының объективтік жағына тек бір белгі - қоғамға қауіпті іс-әрекет кіретін құрал формалдық құрам болады (контрабанда, пара алу). Егер объективтік жағына тек қана іс-әрекет емес сонымен бірге қоғамға қауіпті зардаптар кірсе ондай құрамдар материалдық құрам болады (адам өлтіру).
Себепті байланыс және оның қылмыстық-құқықтық мәні.
Себепті байланыс - дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті зардап арасындағы байланыс.
Процесс, оқиға басқа оқиғаның, процестің себебі ашылады егер: 1) біріншісі екіншісіне уақыт арқылы әкелсе 2) біріншісі екіншісінің болуы үшін қажет шарты болса, яғни 2-ның өзгеруі, дамуы негізінде біріншісі болады, яғни біріншісі екіншісін тудырса.
Себепті байланыс деп уақыт арқылы ағып жатқан процесті айтамыз. Сол себепті 1 критерий - уақыт арқылы, яғни іс-әрекеттен кейін зардап келуі тиіс. Тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін объективтік жақты жасайтын іс-әрекеттің қоғамға қауіпті зардаптан болуы тиіс.
Себепті байланыстың келесі критериі - қарастырып жатқан зиян жасалған іс-әрекеттің зардабы болуы. Тұлғаның әрекеті зиянның зардабы болады тек ол зиянның келуіне нақты жағдай жасалса. Кінәлі жасаған іс-әрекет қоғамға қауіпті залалды болуының басты шарты болуы тиіс. Бұл дегеніміз тұлғаның іс-әрекет жасау кезіде қылмыстық құқық нормаларымен көзделген зардаптардың болуына мүмкіндік туады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасалу барысында ҚК бабының диспозициясында көзделген зардаптың болуына себеп болуы тиіс. Мысалы, ҚК 96 б "е" тармағы адамды қоршаған ортаға қауіпті тәсілмен өлтіру. Заңға байланысты бұндай іс-әрекетті көп адамдардың өміріне қауіп төндіреді. Бұл жағдайда нақты адамдардың денсаулығына емес өміріне қауіп төнеді. Тек осы жағдайда ғана кінәлінің әрекетін ҚК 96 б "е" тармағымен саралауға болады. Мысалы, бір топ адамдар арасында оқ ату немесе жалпы тамақты уландыру бір топ адамдардың өлуіне әкеліп соғады. Егер көп адамдардың өміріне қауіп төнбесе, онда адам өлтіруді көп адамның өміріне қауіп төндіру арқылы жасалды деп саралауға болмайды.
Бұған дәлел ретінде соттық практикада болған мысалыны келтіруге болады. Д өзінің әйелін П қызғанды сол себептен оны өлтіруге шешім қабылдады. Кешке жақын П және басқа колхозшылар жұмыс істейтін конторына келіп терезеден жақын арақашықтықта мылтық арқылы П-ны көздеп атты. Сот Д-ны қай адамның өміріне қауіпті төндіретін тәсіл арқылы өлтірді деп соттады. Бірақ Жоғарғы Соттың Пленумы мұндай саралауды дұрыс емес деп тапты, өйткені Д-ның жақын арақашықтықта көзделіп атқаны конторда болған басқа адамдардың өміріне қауіп төндірген жоқ.
Қоғамға қауіпті зардаптың себебі ретінде іс-әрекетті тану өте қажет өйткені болған қоғамға қауіптілік осы іс-әрекеттің нәтижесі болуы тиіс. Әр іс-әрекет зардаптың болуының шарты болып, оның себебі болмауы мүмкін. Сол себепті қоғамға қауіптілік зардабының себебі деп іс-әрекетті тану себепті байланыстың үшінші күштерін анықтауға жол ашады - болмай қоймайтын күштері жасалған іс-әрекеттің керекті зардабы ретінде қылмыстық нәтижесі болады.
Себепті байланыс - материалдық қылмыстың объективтік шағының қажетті белгісі, іс-әрекет әрекетсіздік формасымен жасалған жағдайда. Мысалы, лауазымды тұлға салақтық үшін жауапкершілікке тартылады, егер оның қызметтік міндеттерін орындамағанымен зардап арасында себепті байланыс болм. Бірақ әрекетсіздік пен зардап арасында себепті байланыс болады тек ол тұлға арнайы міндеттелген әрекетті орындамаса.
Кейбір жағдайларда бірнеше адам жасаған қылмыс пен зардаптың арасындағы себепті байланысты анықтау керек. Мысалы, қылмысқа қатысу арқылы жасалған қылмыстар мен зардап арасындағы себепті байланысты анықтау, әр қылмысқа қатысушының әрекетін, яғни біріккен қылмыстың зардаптарын келтірген.
Себепті байланыс деп әрекет зардаптың пайда болуына тікелей себепкер болған жағдайдағы қоғамға қауіпті әрекет пен келіп түскен зардаптың арасындағы байланысты айтамыз.
Қылмысты жасау жері, уақыты, құралы және тәсілі.
Қылмыс жасалған орны - бұл қылмыс жасалған территория. Мысалы, 288- б. тиым салынған жерде заңсыз аң аулау, ал 287-б. 1-б тиым салынған жерлерде су жануарларын және өсімдіктерін алу.
Қылмыс жасалған уақыт - қылмыс жасалуы мүмкін уақыт мезгілі. Мысалы, 367 б 3 б әскери уақытта бұйрықты орындамау немесе бағынбау.
Қылмыс жасау құралы және қаруы - бұл қылмыс жасау заттар, яғни құралдары. Қылмыскердің қолданған құралдары қоғамға қауіптілік деңгейіне әсер етеді. Қылмыс құралы қылмыстың қоғамға қауіптілігін үлкейтсе ол заңшығарушымен қылмыстың құрамының объективтік жағына кіргізіледі. Мысалы, қарақшылық кезінде қару қолдану қоғамға қауіптілігін арттырады сол себепті қару қолдану арқылы жасалған қарақшылықты заңшығарушымен ҚК 179 б 2 б 2 тармағымен жіктеледі.
Қылмыс жасау тәсілі деп қылмыскер қылмыс жасау үшін қолданған әдістері. Қылмыс жасау тәсілі әрекеттік қоғамға қауіптілігіне әсер етеді. Қоғамға қауіптілік деңгейін үлкейткен жағдайда қылмыс жасау тәсілі заңшығарушы ойы қылмыс құрамының белгілеріне енгізіледі. Мысалы, жала жабу жариялы түрде жасалса немесе теледидар арқылы бұл үшін заңмен жауапкершілік белгіленген. (ҚК 129 б 2 б)
ҚР ҚК Ерекше бөлімінің баптарын қылмыстың жасау тәсілін бейнеленуіне байланысты келесідей құрады:
1) диспозицияда қылмысты жасаудың жалғыз тәсілі көрсетіледі.
2) диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді.
3) диспозицияда қылмысты жасаудың нақты тізімін көрсетеді. Бұл жағдайда қылмыс көрсетілген басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін.
4) диспозицияда қылмысты жасаудың әр түрлі тәсілдерімен жасалу мүмкіндігін көрсетеді.
Егер қылмысты жасау жері, уақыты, құралы, тәсілі қылмыстың объективтік жағының белгілері болмаса да олар жаза тағайындау барысында жеңілдетін немесе ауырлататын мән-жайлар болуы мүмкін немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдеме мағынасын ойнауы мүмкін.
2.3 Қылмыстық құқық бойынша қылмыс субъектісінің түсінігі
ҚР ҚК 14 б:
1. Қылмыстық жауапкершілікке тек есі дұрыс, жасы осы кодексте белгіленген жасқа жеткен жеке тұлға тартылады.
2. Қылмыс жасаған тұлғалар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне және өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.
Жеке тұлға - ҚР азаматтары, азаматтығы жоқ азаматтар және шет ел азаматтары.
Жеке тұлға субъект ретінде 2 міндетті белгісі болуы тиіс:
1. Есі дұрыс болуы.
2. Заң бойынша қылмыстық жауапкершілік бекіткен жасқа жетуі.
Бұл белгілер қылмыстық жауапкершіліктің міндетті шарттары және олар қылмыс құрамының белгілері ретінде болады.
Кей жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тарту тек қосымша белгілері болған жағдайда іс асырылады. Мысалы, пара алу - тек лауазымды тұлға. Бұл белгілер де міндетті белгілерге кіреді және қылмыс құрамының арнайы субъектісін сипаттайды.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі болып қасақана немесе абайсыз қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған, жасы жеткен, есі дұрыс кейбір жағдайларды нормалармен көрсетілген кейбір арнайы белгілері бар тұлға болады.
Қылмыстың субъектісі болып тек жеке тұлға болады, яғни заңды тұлғалар қылмыс субъектісі бола алмайды.
Есі дұрыстық.
Қылмыстың субъектісі тек есі дұрыс тұлға болады.
Есі дұрыстық деп жалпы айтқанда заң алдында өз әрекеті үшін жауап бере алатындығы. Есі дұрыстық - бұл қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау барысында өз ісіне есеп бере алатын оларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz