Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
Жоспар:
Кіріспе
1 қазақстан республикасының құқықтық саясатын дамытудың негізгі бағыттары
1.1 Ұлттық құқықтық жүйенің негізі - конституциялық құқық
1.2 Салық заңнамасы одан әрі жетілдіру үрдісі
1.3 Қазақстанның азаматтық құқығының кезеңдері
1.4 Қаржы заңнамасы - отандық қаржы нарығының дамуы мен жұмыс
істеуі үшін қолайлы орта
1.5 Әлеуметтік мемлекетті құрудың негізгі құқықтары мен принциптері
1.6 Мемлекеттің құқықтық саясатының маңызды буыны - қылмыстық
саясат
2 Құқық қорғау мен сот жүйелерін және құқық қорғау институттарын дамытудың негізгі бағыттары
2.1 Қазақстанның құқық қорғау жүйесі
2.2 Қазақстанның сот жүйесі
3 Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметті құқықтық қамтамасыз ету
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы елдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық жүйесі дамуының негізгі бағыттарын айқындады. Өткен жылдары мемлекеттік және қоғамдық институттардың қарыштап дамуына ықпал ететін, Қазақстанның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін бірқатар аса маңызды заңнамалық актілер қабылданды.
Тұжырымдаманы іске асырудың басты қорытындылары ұлттық заңнаманың негізгі салаларының (конституциялық, әкімшілік, азаматтық, банктік, салық, қаржы, кеден, экологиялық, қылмыстық, қылмыстық-іс жүргізу, қылмыстық-атқарушылық заңнама) айтарлықтай жаңаруы болды.
Жаңа кодификациялық актілер: 2003 жылы - Орман, Жер, Кеден, Су кодекстері; 2007 жылы - Еңбек, Экологиялық кодекстер; 2008 жылы - Бюджет, Салық кодекстері әзірленіп, қабылданды.
Зерттеу жұмысының объектісі: Қазақтан Республикасының құқықтық саясаты
Мемлекет норма түзушілік процесін жаңа сапалы деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін, олардың қатарында: заң жобалары қызметін перспективті жоспарлау; нормативтік құқықтық актілер жобаларына ғылыми (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминологиялық және басқалар) сараптамалар енгізу, қабылданатын заңдарды толық қаржылық қамтамасыз ету процестері бар, шаралар қабылдады.
Сонымен қатар, әлемдік экономика мен саясатта болып жатқан іргелі өзгерістер, жаһандану процестері, сондай-ақ елдің ішкі даму серпіні қол жеткізілгенмен шектелтіп қоймайды. Ұлттық құқықтың уақыттың жаңа талабына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің норма түзушілік және құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіру қажет.
21-ғасырдың бірінші он жылдығы Қазақстанда конституциялық құрылыстың жаңа кезеңімен атап өтілді. 2007 жылғы 21 мамырда "Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң қабылданып, онда ел үшін қағидаттық маңызды жаңалықтар жарияланды. Бұл ретте уақыт тезінен өткен мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісінің өлшемдері негізінен сақталды.
Конституциялық реформа барысында осы үлгі аясында Парламент палаталарының рөлі мен ықпалын арттырған билік қатынастарының жүйесі жаңғыртылды, олар бүгінде мемлекеттегі істің жай-күйіне бұрынғыдан да үлкен жауапкершілік алады.
Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы, мемлекет пен қоғам қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және қоғамдық институттардың неғұрлым белсенді өзара іс-қимылына конституциялық тыйымдар мен шектеулер алып тасталды, бүгінде біздің елдің ішкі жағдайы мен қажеттіліктеріне толықтай сай келетін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жаңартылды.
Сот төрелігін іске асыру кезінде соттардың тәуелсіздігін нығайтуға бағытталған сот-құқықтық реформаның жаңа кезеңіне конституциялық деңгейде қарқын берілді. Өлім жазасын қолдану аясы қысқартылып, адамдардың өлімімен ұштасатын террористік қылмыстармен және соғыс уақытында жасалған аса ауыр қылмыстармен ғана шектелді, бұл Қазақстан жағдайында өлім жазасының іс жүзінде жойылғанын білдіреді. Соттың қамауға алуға санкция беруі енгізілді, прокуратура мен соттың тергеу жүргізу мүмкіндігіне конституциялық тыйым алып тасталды. Жүргізілген реформа осылайша мемлекет пен қоғам институттарын одан әрі демократияландыруға бағытталған. Конституцияда танылған осы жүйелі шешімдердің барлығы Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасында одан әрі іске асуға тиіс. Норма түзушілік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында қолданыстағы заңнаманы жүйелеу, заңнама салалары бөлігінде одан әрі топтастыру; оны ескірген және қайталама нормалардан арылту, құқықтық реттеудегі олқылықтардың орнын толықтыру, қолданыстағы құқықтағы ішкі қайшылықтарды жою; заңдардағы сілтеме нормаларды азайту және Конституцияға сәйкес заңнамалық актілер қабылдана алатын мәселелер тобы шеңберінде тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау практикасын кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет. Құқық шығармашылығы қызметін құқық салаларының және құқықтық жүйенің даму үрдістеріне ұдайы мониторингке, нормативтік құқықтық актілерді қолдану практикасын талдауға негізделетін болжамды-талдаулы қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу керек. Бұл реттеу мазмұны мен әдістері бойынша норма түзушілік және құқық қолдану қызметінің әрбір актінің - оны әзірлеу, қабылдау, қолдану, өзгерістер мен толықтырулар енгізу, күші жойылды деп тану не жаңа акт әзірлеу жөніндегі барлық кезеңін айқын көрсететін қазіргі заманғы жүйе жасауға мүмкіндік береді.
Осындай рәсімдер мен тетіктер арқылы мемлекеттік органдардың норма түзушілік қызметі оңтайланып, жүйеге түседі. Бұл ретте құқықтық мониторинг кезіндегі әлеуметтік әдістерді кең қолдану құқықтық саясатты жүзеге асыру барысында қоғамдық пікірді неғұрлым ескеруге мүмкіндік береді.
Нормативтік құқықтық актілерді бағалаудың халықаралық стандарттары енгізілетін болады, бұл азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін неғұрлым толық ескеруге, құқық нормаларының тиімділігін, үнемділігін және ұтымдылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Акт жобаларының ғылыми сараптамаларының барлық түрлерін олардың өлшемдерін, міндеттерін, сондай-ақ оларды жүргізу сатыларын анықтау арқылы нормативтік бекітудің маңызы зор. Сараптамаға нақ осындай көзқарас құқық шығармашылығы процесі барысында нормативтік құқықтық актілер қабылдаудың қаржы-экономикалық, әлеуметтік-саяси салдарларын толықтай есепке алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына да ғылыми сараптама енгізу қажеттігі туындауда.
Осылайша, ғылыми сараптама жүйесін дамыту қоғам мен мемлекеттің қазіргі заманғы жай-күйі мен перспективаларына жауап беретін нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындау міндетін шешуге көмектеседі.
Қазіргі уақытта құқықтық реттелуі кодекстермен жүзеге асырылуы тиіс заңнаманың 17 саласы заң деңгейінде анықталды.
Сонымен қатар, кодификациялау - заңнаманы жүйелеудің жалғыз құралы емес. Басқа да құралдарды, мысалы, бір заңнамалық актіде белгілі бір қатынастарды реттейтін құқық нормаларын біріктіруді білдіретін топтастыруды пайдаланған дұрыс.
Осыған байланысты нысанасы кешенді сипаттағы құқықтық қатынастарды реттеу болатын "топтастырылған" немесе "кешенді" заң ұғымдарын енгізу және заңнамалық бекіту перспективті болып табылады.
Кодификациялауға келсек, құқықты жүйелеудің осы жоғарғы нысанын таразылап және неғұрлым шектеулі түрде, негізінен, кодификациялаусыз тиімді құқықтық реттеуге қол жеткізу мүмкін болмайтын біртектес қоғамдық қатынастар салаларында қалыптасқан құқық салаларына пайдалану керек.
Кез келген кодекстің қабылдануына ауқымды норма түзушілік және құқық қолдану практикасы, оған мұқият мониторинг, талдау және бағалау, жүйелік негізге қойылған алғышарт болуы тиіс. Құқық саласы кодификациялау деңгейіне дейін "пісіп-жетілуі" тиіс.
Кез келген қоғамда әлеуметтік маңызды мүдделердің күрделі жүйесі болады. Мұндай мүдделерді іске асыру заң шығармашылығы процесіндегі ресми және бейресми мүдделік қолдау тетіктері арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты мүдделік қолдау тәрізді құбылысқа заңдылық ая беріп, соған сай заң жобаларын әзірлеуді, талқылауды және Парламенттің қабылдауын насихаттаумен байланысты қатынастарды регламенттеу қажет.
Норма түзушілік қызметке жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке кәсіпкерліктің мүдделерін білдіретін бірлестіктердің өкілдерін кеңінен және тұрақты негізде тарту қажет.
Нормативтік құқықтық актілердің сапасын және тұтастай алғанда мемлекеттік аппаратта құжаттармен жұмыс мәдениетінің деңгейін айқындайтын заң техникасының деңгейін тұрақты жетілдіру және арттыру қажет.
Құқықтық реттеу тетіктерін жетілдіру перспективалары көп жағдайда құқық шығармашылығы және құқық қолдану процесіне ақпараттық технологияларды кеңінен енгізумен байланысты.
Осыған байланысты, "электрондық үкімет" инфрақұрылымының базалық құрамдас бөліктерін қалыптастыру, нормативтік құқықтық актілер дерекқорын жасау және тиімді енгізу мақсатында Нормативтік құқықтық актілердің электрондық форматтағы эталондық банкінің жұмыс істеуі ұтымды болып табылады. Сонымен бірге заңнамаға нормативтік құқықтық актінің электрондық түрін көздейтін ережелерді енгізу қажет, бұл ұлттық құқықты ақпараттандыруда маңызды қадам болады.
Норма түзушіліктің қолданыстағы практикасын жетілдіру жөнінде бұдан әрі шаралар қажет.
Заңдардың елде жүргізіліп жатқан өзгерістерге барабар мазмұны мен сапасы мемлекеттік билік институттарының тиімді қызмет етуі, биліктің заңнамалық және атқарушы салаларының сындарлы және серпінді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Демек, қоғам дамуының қазіргі заманғы үрдістеріне, жинақталған тәжірибеге және қазақстандық мемлекет пен қоғамның таяу және алыс перспективалары туралы ғылыми негізделген, іргелі ұсынымдарға сүйенген бірыңғай құқықтық саясат қажет.
Қазақстан Республикасы Конституциясының мемлекеттің заңнамалық, ұйымдастырушылық және басқа да шараларымен жүзеге асуы тиіс құқықтық идеялары мен принциптерін одан әрі іске асыру қажет.
Мемлекеттік және қоғамдық институттардың күш-жігері елдің Негізгі заңының барлық конституциялық айқындамаларда қамтылған жасампаз әлеуетінің жүзеге асырылуы төңірегінде шоғырлануы тиіс.
Заңнаманы жетілдіру процесінде және құқық қолдану қызметі барысында Конституцияның үстемдік принциптерін және төменгі деңгейдегі актілердің жоғары деңгейдегі актілердің нормаларына сәйкестігін бұлжытпай сақтау қажет.
Елдегі заңдылық режимін және құқықтық жүйенің тұрақтылығын да, сонымен қоса қолданыстағы Конституция шеңберінде ұлттық құқықтың қарышты дамуын да қамтамасыз ететін жүйелі шаралар қажет. Құқықтық саясатқа кешенді көзқарас барлық нормативтік-құқықтық базаны мемлекет дамуының жалпы стратегиясы тұрғысында, оның ішінде нәтижелілік, ашықтық және есептілік принциптерінде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ететін мемлекеттік басқарудың сапалы жаңа моделін жасау жөнінен жаңғыртуға мүмкіндік береді.
Ұлттық құқықтық жүйенің негізі конституциялық құқық болып табылады. Оның қарыштап дамуы 2007 жылғы конституциялық реформа нәтижесінде елеулі түрде жаңарған Қазақстанның қолданыстағы Конституцияның принциптері мен нормаларына сүйенеді.
Еліміздің Негізгі заңында көрініс тапқан идеялар мен принциптер ұлттық құқықтық жүйенің негізгі бағыттары мен даму тетіктерін, оның ішінде конституциялық құқықты ұзақ мерзімді перспективада айқындайды. Яғни Конституцияның принциптері мен нормаларын, ең алдымен, мемлекеттік билік органдары мен оның лауазымды адамдарының қызметінде толыққанды іске асыру, бұл ретте Конституцияны тікелей қолданумен қатар ағымдағы заңнама және құқық қолдану арқылы оның әлеуетін қамтамасыз ету маңызды міндет болып табылады.
Біздің мемлекетіміздің Конституциясында бекітілген Республика қызметінің түбегейлі принциптерін (бұл: қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, барша халықтың игілігі үшін экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің неғұрлым маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу) сақтау мен іске асыру елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқықтық дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы конституциялық құрылысының негізі, мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығы конституциялық заңнаманы және оны қолдану практикасын жетілдіру арқылы нығаятын болады.
Конституциялық құқықты дамыту перспективалары мемлекеттің құрылымын, мемлекеттік биліктің біртұтастығын, оның тармақтарының жұмыс істеу тетіктерін және Қазақстан Республикасының бүкілхалықтық сайланған Президенті тарапынан стратегиялық басшылықпен, бақылаумен және төрелікпен олардың өзара іс-қимылын анықтайтын қолданыстағы конституциялық заңдарды жетілдірумен байланысты.
Конституциялық заңдылық режимін, Конституцияның принциптері мен нормаларын нақты түсіндіру, ұлттық құқық пен құқық қолдану практикасын дамыту бағдарын қалыптастыруды қамтамасыз етудің маңызды тетіктерінің бірі Конституциялық Кеңес қызметінің тиімділігін арттыру және мемлекеттің құқықтық саясатында оның нормативтік қаулыларын толығымен іс жүзіне асыру болып табылады.
Елде құқықтық мемлекет принциптерін одан әрі бекіту процесінде, бір жағынан, адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асырудың ең жоғары ықтимал кепілдігіне қол жеткізу, ал екінші жағынан барлық мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, азаматтар мен ұйымдардың конституциялық міндеттерді бұлжытпай және толық орындауы маңызды.
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін біздің Конституция талап ететіндей, тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қатыссыз құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік беретін жағдай жасау болып табылады.
Осы орайда ұлттық келісімді сақтау мен нығайтуда, Қазақстанның көпұлтты халқының бірлігін қамтамасыз етуде құқықтық тетіктердің рөлі арта түсетін болады.
Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады, онда конфессияаралық татулық пен келісім салтанат құруда, дінге сенушілермен қатар атеистік көзқарасты ұстанатын азаматтардың да құқығы құрметтеледі. Мемлекет діни қызмет саласына араласпайды, алайда конфессиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қорғауы тиіс, ол үшін осы салада тиімді мемлекеттік саясат қалыптасуы тиіс.
Діни сенім бостандығы туралы заңнаманы миссионерлік қызметті реттеу, діни өнімдерді тарату, діни бірлестіктерді тіркеу бөлігінде одан әрі жетілдіру, сақтау және біркелкі қолдану қажет.
Қазіргі жағдайларда мемлекеттік және қоғамдық өмірде гендерлік теңдік, әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету факторы айтарлықтай рөлге ие болуда.
Қазақстанның өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, серпінді, қазіргі заманғы мемлекет ретінде қарышты да орнықты дамуы адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғам институттарын нығайту негізінде ғана мүмкін болады.
Осыған байланысты азаматтық қоғам институттарының дамуына және азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндігіне қосымша қарқын беретін құқықтық құралдар қажет.
Үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесін жетілдіру керек, құқықтық реттеу тетіктері үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ерекшеліктерін, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етуді ескеруі тиіс.
Ақпарат мәселелерін реттейтін нормативтік-құқықтық реттеуді де жетілдіру қажет. Осы қызмет және оның құқықтық реттелуі тұтас алғанда кепілді сөз бостандығына, адамның жеке өміріне, жеке және отбасылық құпияларына, хат жазысу, телефон арқылы сөйлесу және өзге де алысқан хабарларының құпиясына қол сұғылмауына конституциялық құқықтарының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік құпиялар туралы заңнама талаптарының сақталуын ескере отырып, заңда тыйым салынбаған тәсілдермен кез келген ақпаратты еркін алуға және таратуға бағытталуы тиіс.
Азаматтық бастамаларды дамыту жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерімен тығыз байланысты. Мемлекет пен азаматтық қоғам тоғысындағы бұл институт өзін нығайту мен дамытуды талап етеді. Атап айтқанда, жинақталған тәжірибені ескере отырып, мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару функцияларының аражігін ажыратып қана қоймай, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын жергілікті маңызы бар мемлекеттік функцияларды іске асыруға кең ауқымда тарту қажет.
Бұл ретте, мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін жасау мақсатында осы жұмысты мемлекеттік биліктің әртүрлі деңгейлерінің арасындағы қызмет салаларының, функциялары мен жауапкершілігінің аражігін одан әрі ажыратумен бір мезгілде жүргізу қажет.
Қазақстанда мемлекеттік басқару жүйесін дамыту тиімді де жинақы мемлекеттік аппарат құруға, жаңа басқару технологияларын енгізуге, әкімшілік рәсімдерді жетілдіруге бағытталған әкімшілік реформаны құқықтық қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Ал бұл - құқықтың әкімшілік тәрізді саласын реттеу аясы, оның маңызды міндеті - биліктің барлық деңгейінде мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Осыған байланысты мемлекеттік басқару саласындағы әкімшілік құқық:
- мемлекеттік органдар арасындағы құзыретті ұтымды және нақты бөлуді қамтамасыз етуге;
- нарықтық экономика жағдайында артық мемлекеттік реттеуді, оның ішінде бақылау-қадағалау функцияларын болдырмауға;
- биліктің атқарушы тармағы органдарының мемлекеттік функцияларды іске асыруының шарты мен тәртібін регламенттеуге;
- мемлекеттік басқару органдарының азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге және ұйымдастыруға бағытталуы тиіс.
Сонымен қатар экономиканы мемлекеттік реттеудің рөлі артып отырған қазіргі жағдайда әкімшілік құқық мүмкіндіктерін кеңейту және оның реттеуші әлеуетін жаңа қоғамдық қатынастарға қолдану туралы сөз еткен жөн.
Әкімшілік құқықты одан әрі дамыту кезінде, мүмкіндігіне қарай, мемлекеттің, азаматтардың және біржақты-билік принциптеріне негізделген мемлекеттік емес ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастардағы қалыптасқан дәстүрлі тәсілдерден бас тартқан жөн. "Билік және бағыну" принциптерінен толық көлемде бас тарту мүмкін емес, алайда әріптестік-жәрдемдесу, функционалдық-клиенттік, тікелей қорғау принциптерін қолдану аясын кеңейту керек.
Осыған байланысты, тіркеу, рұқсат ету-лицензиялық рәсімдерді оңайлату, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына тосқауыл қою жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Азаматтардың мемлекеттік органдарға және мемлекеттің лауазымды тұлғаларына өтініш жасау тетіктерін, олардың мемлекетті басқаруға қатысуының және өз құқықтары мен бостандықтарын қорғау тәсілдерінің нысандары ретінде жетілдіру керек, оның ішінде мемлекеттің "электрондық үкімет" арқылы ұсынатын қызметтер ауқымын кеңейту қажет.
Сонымен бірге азаматтардың мемлекеттік емес ұйымдарға өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, оның ішінде қарау мерзімін сақтау, ұйымдар мен олардың лауазымды тұлғаларының өз қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қараудағы жауапкершілігін белгілеу мәселелері бойынша өтініштерімен байланысты қатынастарды реттеу қажет.
Осылайша, әкімшілік құқық қазіргі жағдайда мемлекеттік-билік қатынастарының ғана саласын қамтымайды. Әкімшілік құқық аясында мемлекеттік мекемелердің азаматтармен және ұйымдармен жариялы, яғни мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезіндегі қатынастары да бар. Бұл ретте мемлекеттік қызметтердің құқықтық табиғаты Конституциялық Кеңестің тиісті шешімінде атап өткендей әдеттегі мемлекеттік функциялардан өзгеше.
Іс жүзінде азаматтарға және ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қатынасты реттейтін әкімшілік құқықтың жаңа институты туындайды. Бұл институттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін тиісті құқықтық негіз керек.
Барабар әкімшілік-құқықтық реттеу мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттарын толыққанды енгізуді талап етеді. Мемлекеттік қызметтер тізілімін кеңейту, жаңа технологияларды пайдалана отырып, олардың орындалуына тиімді сыртқы бақылау енгізу қажет.
Әкімшілік құқықты дамытуды билік пен бағыныстың дәстүрлі сатылас қатынасы арқылы ғана емес, әрі әлеуметтік, көбінесе әр бағыттағы мүдделер, арнасы арқылы да қарастыру қажет.
Әкімшілік құқықтың көмегімен азаматтар мен ұйымдардың мемлекет кепілдік берген құқығы іске асырылады, өйткені осы құқықтарды қамтамасыз ету мен қорғау мемлекеттің жариялы мүддесі болып табылады.
Бұл ретте әкімшілік құқық субъектілері (органдар және мемлекеттің лауазымды адамдары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары) жариялы мүддені жеткізуші болып табылады, олардың міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыру.
Басқаша айтқанда, азаматтар мен ұйымдардың жариялы мүдде дережесіне көтерілген құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және іске асыру, әкімшілік құқықтың құқық қорғау функцияларының қазіргі заманғы мазмұны деген сөз.
Қоғамдық өмірдің көптеген күрделілігіне негізделген қазіргі жағдайда, аралас қатынастар жиі туындайды, соған байланысты әкімшілік құқық әрекетінің шегінің мәселелерін, оның құқықтың басқа салаларымен және ең алдымен әкімшілік құқықтың азаматтық құқықпен аралас (әкімшілік-азаматтық) құқықтық қатынастар туындаған кезіндегі арақатынасы мәселелерін шешу қажет.
Мемлекеттік органдарды бақылау мен қадағалау бір жағынан мемлекеттік басқару функциялары және екінші жағынан заңдылықты қамтамасыз ету тәсілдері бола отырып, әкімшілік құқықтың өзекті мәселесі болып қала береді.
Конституциялық Кеңестің тиісті қаулысымен мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау өкілеттіктерінің арақатынасы туралы мәселе шешілді. Бұл ретте, біздің елде мемлекеттік органдардың құзыреті шегінде оларға бақылау және қадағалау өкілеттіктерін беруде конституциялық шектеулер жоқтығы расталды. Яғни, қадағалау өкілеттігі прокуратурадан басқа, өзге де мемлекеттік органдарға жүктелуі мүмкін.
Осылайша, прокурорлық қадағалаумен қатар атқарушы биліктің уәкілетті лауазымды тұлғаларының заңда көзделген әкімшілік мәжбүрлеу шаралары жағдайларын қолдана отырып, бағынысты емес субъектілерге - азаматтар мен ұйымдарға қатысты жүзеге асыратын, әкімшілік заңнамамен реттелетін қызмет салаларындағы заңдылықты сақтауды қамтамасыз ету мақсатындағы әкімшілік қадағалаудың болуы заңдылық.
Яғни азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қатаң сақтау кезіндегі әкімшілік қадағалаудың міндеті әкімшілік құқықтық режимді сақтауды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жетілдірудің перспективалы бағыттары:
- бақылау-қадағалау органдарының жүйесін оңтайландырумен;
- кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен қатар құқықтың басқа да субъектілеріне қатысты бақылау-қадағалау өкілеттіктерінің ауқымын реттеумен және қысқартумен;
- әкімшілік-қадағалау қызметін құқықтық реттеу деңгейін арттырумен байланысты.
Мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастар да әкімшілік құқықты реттеудің нысаны болып табылады. Оның дамуының басым бағыттар ретінде:
- мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметтің аражігін неғұрлым нақты ажырату;
- мемлекеттік қызметте адам ресурстарын басқарудың жаңа институттарын қалыптастыру және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту;
- мемлекеттік қызметке кәсіби және жеке сипаттары негізінде іріктеудің жаңа әдістерін енгізу;
- еңбекке ақы төлеудің және ынталандырудың жаңа принциптерін енгізу;
- мемлекеттік қызметшілердің түпкілікті нәтижеге бағдарланған қызметін бағалаудың қазіргі заманғы жүйесін енгізу күтіледі.
Әкімшілік құқықтың маңызды құрамдас бөліктерінің бірі даму перспективасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманы жаңартумен байланысты, негізінде адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы тікелей қолданыстағы мәнін, мазмұнын анықтайтын және заңдарды қолданумен конституциялық нормаларды тану жатуға тиіс - әкімшілік-деликтілік құқық болып табылады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнама бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге, әкімшілік-құқықтық шаралармен қоғамдағы құқықтық жанжалдардың алдын алуға барынша бағытталуы тиіс. Бұл ретте әкімшілік-құқықтық санкцияларды қалыптастыру кезінде олардың қоғамдық қауіптілік деңгейі мен құқық бұзушылық сипатына сәйкестік принципі мүлтіксіз сақталуы тиіс.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау жөнінде сот және соттан тыс инстанциялар арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажыратудың, яғни әкімшілік істерді сотта және соттан тыс қарау тәртібі арақатынасының нақты тұжырымдамасын айқандаған жөн. Бұл ретте соттың әкімшілік жаза қолдану жөніндегі өкілеттігін кеңейту мүмкіндігі, сондай-ақ әкімшілік сот өндірісіндегі жарыспалылық қағидатын дамыту туралы тезис өзекті күйінде қала береді.
Әкімшілік-деликтілік құқық үшін әкімшілік-деликтілік заңнамамен қорғалатын құқықтық қатынастар ауқымын неғұрлым нақты анықтау және тиісінше әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық санкциялардың аражігін нақты ажырату мәселелері өткір болып табылады.
Тағы бір маңызды бағыт әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамыту болып табылады, оның нәтижесі Әкімшілік-іс жүргізу кодексін қабылдау болар еді. Бұл ретте әкімшілік-іс жүргізу заңнамасының реттеудің нысанын нақты анықтау қажет. Бұл тұрғыда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нақты істерді шешу тәртібін заңнамалық регламенттеу мәселелері өзектілігін сақтайды.
Сондай-ақ әкімшілік-іс жүргізу құқығын дамытумен байланысты мемлекет пен азамат (ұйым) арасында жариялы-құқықтық қатынастардан туындаған құқық туралы дауды шешетін әкімшілік әділет мәселесін қараған жөн. Яғни, іс жүргізу оқшаулау мен жариялы-құқықтық сипаттағы жанжалдарды шешу тәртібінің заңдылығы мәселелері қаралуға жатады.
Осылайша, әкімшілік сот ісін жүргізу қылмыстық және азаматтық іс жүргізумен қатар сот төрелігін жүзеге асырудың толыққанды нысаны болуы тиіс.

Дамыған, айқын салық заңнамасы - қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға ықпал ететін аса маңызды шарттардың бірі. Осыған байланысты салық заңнамасы елдің индустриялық-инновациялық стратегиясымен тікелей байланысты болуы тиіс: ол шикізаттық емес секторларды дамытуға және елде жаңа технологияларды енгізуге көмектесуі тиіс.
Салық ауыртпалығын азайту жалпыәлемдік үрдіс болып табылады. Салық заңнамасын жетілдіру кезінде салық салу жүйесін жасаудың жалпыға танымал мынадай принциптеріне негізделген алдыңғы қатарлы шетелдік тәжірибені пайдаланған дұрыс:
- салықтар мүмкіндігінше аз болуы тиіс;
- оларды алуға жұмсалған шығындар да неғұрлым аз болуы тиіс;
- салық бәсекелестікке кедергі болмауы тиіс;
- салық мемлекеттің экономикалық саладағы құрылымдық саясатына сәйкес болуы тиіс;
- салық кірістерді әділ бөлуге бағытталуы тиіс;
- салық жүйесі қосарланған салық салуға жол бермеуі тиіс.
"Бас" компания өзара байланысты бір топ кәсіпорындар атынан бір немесе бірнеше салықты төлейтін және осындай өзара байланысты кәсіпорындар тобы осы салық бойынша бірыңғай салық төлеуші ретінде қаралатын шоғырландырылған салық салу институтын енгізу мүмкіндігі туралы мәселені ойластырған жөн.
Салық есептілігін оңайлату, жекелеген салық түрлерін реформалау, салық төлеушілердің жекелеген санаттарын салық жағынан ынталандыруды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет.
Кеден заңнамасы кедендік ережелер мен рәсімдерде халықаралық сауданы және алмасуды дамытуға кедергі келтіретін алшақтылықтарды жою мақсатында кедендік рәсімдерді оңайлату және үйлесімді ету бағытында дамуы, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты ынталандыруы қажет.
Артық әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында кедендік ережелер мен рәсімдерді тұрақты жетілдіру және олардың тиімділігін арттыру; кедендік ережелер мен рәсімдерді қолдану кезінде болжамдылықты, дәйектілікті және ашықтықты қамтамасыз ету қажет; мүдделі тараптарға барлық қажетті ақпарат берілуі тиіс; кедендік әкімшілік етудің тәуекелдерді басқару негізінде бақылау және аудит әдістері секілді қазіргі заманғы әдістерді қолдану; ақпараттық технологияларды барынша пайдалану; халықаралық кедендік стандарттарды енгізу қажет.
Ұлттық құқықтың негізгі міндеттердің бірі мемлекеттік қаржы бақылау жүйесін жаңғыртуды қамтамасыз ету болып табылады, өйткені мемлекеттің қаржы саласындағы бақылау қызметі ғана мемлекеттік активтерді және ең алдымен қаржы ресурстарын басқару процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін пәрменді құралдарының бірі болып табылады. Бұл ретте мемлекеттік қаржы бақылау органдары қызметінің құқықтық, оның ішінде іс жүргізу негіздерін нығайту қажет.
Табиғи монополиялар мен реттелетін нарықтар саласындағы тиімді мемлекеттік саясат көп жағдайда реттелетін табиғи монополиялар субъектілерінің қаржы шаруашылық қызметін ынталандыруға, осындай субъектілердің активтеріне күрделі (инвестициялық) салымдарды арттыру үшін жағдай жасауға, оларды өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға ынталандыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталуы тиіс нормативтік құқықтық базаның жағдайына байланысты болады.
Сонымен бірге мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылау негіздерін, сондай-ақ адал бәсекелестікті мемлекеттік қорғау мен қолдаудың негіздерін айқындайтын құқықтық базаны жетілдіру қажет.

Республиканың ауқымды кодификацияланған актісі болып табылатын қазіргі Азаматтық кодекс осы заманғы азаматтық құқық идеяларын қамтиды. Кодекс тауар-ақша қатынастарын реттеудің: меншік нысандарының теңдігі және оған қол сұғылмаушылық, шарттың еркіндігі, азаматтық айналым субъектілерінің теңдігі тәрізді негізгі принциптерін қалады. Азаматтық кодекс негізінде нарық экономикасын дамытуға жағдай жасаған заңдардың негізгі пакеті жасалды.
Азаматтық құқықтың дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастарды реттеудің жариялы-құқықтық және жекеше-құқықтық әдістерінің арақатысы проблемасы және осыдан туындайтын жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласуының шегі алдыңғы қатарға шығады.
Жариялы-құқықтық және жекеше-құқықтық мүдделерді ескере, бұл ретте ұлттық қауіпсіздік мәселелерін қозғайтын қатынастар жариялы-құқықтық қатынастар саласына жататынын және шарттық-құқықтық әдістермен реттеле алмайтынын анықтай отырып азаматтық құқық пен құқықтың басқа да салалары арасындағы арақатынасты оңтайландыру қажет.
Іске қатысушы адамдардың өздерінің материалдық және іс жүргізу құқықтарына өз қалауы бойынша иелік ету мүмкіндігін білдіретін дипозитивтік принципті қолдануды кеңейту жұмысын жалғастырған жөн. Бұл ретте дипозитивтік принципті қолдану жариялы мүддені қозғайтын азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылмауға тиіс.
"Құқықтан бас тарту" және "құқықты жүзеге асырудан бас тарту" ұғымдарын нормативтік айқындау және бас тартудың әрбір түрінің салдары туралы мәселе қарауды талап етеді. Бұл азаматтық құқық субъектілігі мәселелерін шешу үшін маңызды.
Жариялы мүдделерді не осындай әрекеттерге тікелей қатыспайтын үшінші тұлғалардың мүдделерін қозғайтын коммерциялық қатынастар қатысушыларының келісілген әрекеттерінің құқықтық маңызы өзекті проблемалардың бірі болып табылады.
Афилиирленген мәмілелердің жалпы ұғымын, бұл ретте оған тыйым салынбайтыны, алайда заңда белгіленген жағдайларда алдын ала тексеруге жататынына назар аудара отырып айқындау маңызды. Афилиирлену фактісін белгілеу заңды мүдделері осындай мәмілемен бұзылатын тұлғаның талабы бойынша мәмілелерді заңсыз деп тану мүмкіндігі үшін негіз болуы тиіс.
Акционерлік қоғамдардың мәртебесін олардың құқықтық табиғатын және шешетін мәселелерінің кешенділігі, оның ішінде "жариялы корпорациялар" деп аталатындар тұрғысында қарау талап етіледі. Акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанын коммерциялық емес ұйым ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы мәселені тұжырымдамалық тұрғыдан шешу қажет.
Азаматтық айналымға қатысушы бағалы қағаздардың барлығын Азаматтық кодексте бекіту мәселесін де қарастыру қажет.
Азаматтық-құқықтық нормаларды қолдану тәжірибесі азаматтық құқықтарды бұзудан келген шығындардың құрамдас түрлерін мейлінше толық анықтай бермейтінін көрсетеді. Осыған байланысты іс жүзінде келген зиянды анықтау тәртібін бекіту өзекті болып табылады.
Мәмілелерді жарамсыз деп тану институты жетілдіруді талап етеді.
Затты сатып алушы мәміле бойынша адал болып табылса және заңда көзделген жағдайларда осы зат талап етіле алмайтын болса, мәміленің жарамсыз деп танылу кезінде екіжақты реституцияны қолдану жайын тұжырымдамалық анықтау қажет.
Осылайша, мәмілелер ұғымын, олардың құрамы мен мәмілелер орындалмауының салдарларын анықтау қажет.
Азаматтық құқық әдістері арқылы үшінші тұлғалардың заңсыз әрекеттері нәтижесінде жылжымайтын мүлікке құқығынан айырылған мүлік иеленуші мен адал сатып алушы мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету керек.
Тәжірибе мүліктік құқықтар түрлерін заңнамалық кеңейту, бұл ретте оларға сервитут ұғымын енгізу қажеттігін көрсетеді.
Сонымен қатар мүліктік құқықтар пайда болуының негіздерін кеңейту мәселесін қарастыру қажет. Бұл жерде мүліктік құқықтың құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың жекелеген түрлерін пайдалану режимін анықтау қажет болады.
Мемлекеттің азаматтық-құқықтық қатынастарына қатысу және халықаралық талаптарға сай келетін, мемлекеттің жариялылық функцияларын жүзеге асыру саласындағы өзінің иммунитетін сақтаумен қатар жекеше-құқықтық қатынастар аясындағы иммунитеттен бас тарту мәселелері одан әрі пысықтауды қажет етеді.
Кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру мақсатында агенттердің азаматтық құқық субъектілері қатарына енгізу тиімділігін қарастыру және мүліктік айналымда кең қолданылатын шарт институты ретінде агенттік келісім мәселелерін регламенттеуі қажет.
Азаматтық кодекстің міндеттемелер туралы жалпы және жеке нормаларын жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Зияткерлік меншік құқығын айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді ұлттық мүдделерді ескере отырып, осы саладағы халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге баса назар аудару қажет.
Сонымен қатар банкроттық, әсіресе, дара кәсіпкерлер банкроттығы рәсімдерін құқықтық реттеу жетілдіруді қажет етеді.

Қаржы заңнамасы отандық қаржы нарығының дамуы мен жұмыс істеуі үшін қолайлы орта жасауды, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары қорғалуын қамтамасыз етуге, қаржы ұйымдары қызметіне тең құқылы жағдай жасауға және қаржы нарығында адал бәсекелестікті қолдауға ықпал етуге тиіс.
Бұл ретте, әлемдік, сондай-ақ отандық экономиканың даму үрдістерін ескере отырып, қаржы заңнамасының басымдығы банктердің қаржылық тұрақтылығының мониторингіне, ықтимал тәуекелдерді бағалауға, икемді реттеу режимін қалыптастыруға, банктер қызметіндегі проблемалық мәселелерге жедел әрекет етуге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына қадағалау жүйесін әлемдік стандарттарға барынша жақындатумен байланысты болуы керек.
Құнды қағаздар нарығын құқықтық реттеу ұлттық құнды қағаздар нарығы бәсекелестігінің артуына және одан әрі дамуына, оның қатысушыларына қолайлы жағдайлар жасауға, эмитенттер базасы мен қаржы құралдары қатарының ұлғаюына, инвесторлық базаны дамыту мен инвесторлар мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталады.
Ұжымдық инвестициялау схемаларын дамытуды қолдау мақсатында, инвестициялық қорлардың пайлары мен акцияларын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етумен бірге, инвестициялық қорлардың қызметін реттейтін заңнаманы жетілдіру керек.
Құнды қағаздар нарығын дамытудың және инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделері қорғалуын қамтамасыз етудің басқа маңызды аспектісі, тұрақты және ашық жұмыс істейтін ұйымдасқан құнды қағаздар нарығын құру болып табылады.
Заңнама отандық қаржы нарығының жұмыс істеуі мен дамуына, қаржылық қызметті тұтынушылардың құқықтары қорғалуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге және қаржы нарығындағы адал бәсекелестікті қолдауға бағытталған.
Елде міндетті және ерікті сақтандырудың заманға сай жүйесі қалыптасып, жұмыс істеуде, сақтандыру қызметтерінің толыққанды нарығы орнықты. Сонымен қатар, аталған нарықтың ғаламдық тұрғыда дамуы әлемдік тәжірибеде қалыптасқан сақтандыру жүйелері мен отандық құқық қолдану тәжірибесін ескере отырып, ұлттық деңгейде барабар құқықтық реттеуді талап етеді. Электрондық сауда-саттықтың қарқынды дамуы жағдайында сақтандыру жүйесіндегі құқықтық мәселелерді шешу шеңберінде Интернет-сақтандыруды дамытуға және оны нормативтік-құқықтық регламенттеуге деген қажеттілік бар.
Бағалау қызметі құқықтық реттелуі ұдайы көңіл аударуды және жетілдіруді талап ететін нарықтық экономика құралдарының маңыздысы болып табылады.
Осыған байланысты:
мемлекеттік бағалау стандарттарын белгілеуге;
бағалау қызметін халықаралық талаптарға сәйкес келтіруге;
мемлекеттік реттеу жүйесі мен бағалау қызметін өзін-өзі реттеуді жетілдіруге бағытталған кешенді ұйымдастырушылық-құқықтық шаралар қажет.

Бұл орайда негізгі міндеттердің бірі әлеуметтік құқықтарды қамтамасыз ету мен қазіргі әлеуметтік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz