Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
Мазмұны
Кіріспе
1 ГУМАНИТАРЛЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖӘНЕ ЗАҢ ТӘРТІПТЕРІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
1.1 Қоғамдық құбылыстарды зерттеудегі ғылым жүйесінде құқық ілімінің орны
1.2 Мемлекет және құқықты зерттеудегі философиялық әдістеме
1.3 Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі мемлекет жəне құқық теориясы
2 ЗАҢ ПӘНДЕРІНІҢ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚҰҚЫҚ ІЛІМІНІҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ
2.1 Заңдық халықаралық көзқарастың қалыптасуындағы құқық ілімінің ролі
2.2 Қазақстандағы құқық ілімінің қазіргі замандағы жағдайы оның дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
5
6
9
14
14
15
26
29
Кіріспе
Мемлекет жəне құқық теориясы - заң білімдерін беретін жоғары оқу орындарының бірінші курсында оқытылатын күрделі пəндердің бірі. Ол мемлекет пен құқық туралы жалпыланған абстрактілі ережелерден құралған. Оның күрделілігі мынада: студенттер бірінші курста нақты материалдармен - қолданыстағы заңнамамен, заң тəжірибесімен, мемлекет жəне құқықтың тарихы-мен таныс болмайды, сол себепті де, бұл оқу құралындағы жалпы теориялық мəселелер салыстырмалы түрде қарапайым қалыпта берілген.
Мемлекет жəне құқық теориясы студенттерде мемлекет жəне құқық, құқықтық жəне саяси мəдениет туралы терең шынайы ғылыми түсініктердің қалыптасуына, олардың əртүрлі тарихи кезеңдердегі мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен заңдылықтарын түсінуіне жəрдемдеседі. Алайда, жалпы тарихи білімердің барлығын толық меңгеру мемлекет жəне құқықтың жалпы теориясы бойынша оқулықтар мен мақалалармен дербес, өз бетімен жан-жақты жұмыс істеудің нəтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін.
Мемлекет жəне құқық теориясы бойынша бұл оқу құралы өзінің қысқа мазмұны бойынша жалпы теориялық əдебиеттердің барлығының орнын толтыра алмағанымен, жалпы теориялық мəселелермен танысуда өзінше бір жол көрсетушінің ролін атқаруға, студенттерді əрбір тақырып бойынша мейлінше маңызды теориялық ережелермен, заң ғылымының ерекше тілімен, арнайы заң түсініктерімен таныстыруға бағытталған. Бұл құралды қалған материалдарды меңгеру үшін ақпараттық-əдістемелік негізді құрайтын негізгі заң түсініктері мен санаттарының кеңейтілген сөздігі деп те атауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - гуманитарлық білім жүйесіндегі және заң тәртіптері жүйесіндегі құқық ілімін зерделеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Қоғамдық құбылыстарды зерттеудегі ғылым жүйесінде құқық ілімінің орнын зерттеу;
oo Мемлекет және құқықты зерттеудегі философиялық әдістемесін қарастыру;
oo Әлеуметтік құқық түсінігіне тоқталу:
oo Заң пәндерінің жүйесіндегі құқық ілімінің орны мен рөлін анықтау.
Курстық жұмысты дайындауда А.Б.Венгеров, С.С.Алексеев, С.А.Ко-маров, В.В.Лазарев, Н.И.Матузов, А.В.Малько, А.С.Пиголкин, В.Н.Хропанюк жəне т.б. сияқты ірі мемлекеттанушы-ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

Мемлекет жəне құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, олардың мəні, мақсаты жəне қоғамдағы дамуы туралы жалпыланған білімдер жүйесі.
Ғылым ретіндегі мемлекет жəне құқық ілімінің ерекшеліктері мынада:
Біріншіден, ол қоғамдық ғылым болып табылады, оның пəнін қоғамдық құбылыстар - мемлекет пен құқық құрайды. Бұл ерек-шелігі арқылы мемлекет жəне құқық теориясы бірқатар басқа ғылымдардан (жаратылыстану, техникалық жəне т.б.) ерекшеле-неді.
Екіншіден, ол саяси-заңды ғылым бола тұрып, мемлекеттің биліктік қызметі, саясаты саласымен тікелей қатысты қоғамдық құбылыстарды зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы мемлекет жəне құқық теориясы мемлекеттік-құқықтық құрылымды тікелей зерттемейтін басқа қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді.
Үшіншіден, ол жалпы теориялық ғылым бола тұрып, мемлекет пен құқықтың негізгі жəне жалпы заңдылықтары мен сипаттарын зерттейді. Бұл ерекшелігі арқылы ол арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді.
Төртіншіден, ол əдістемелік сипаттағы ғылым болып табы-лады. Мемлекеттік-құқықтық құрылымның жалпы заңдылықта-рын көрсете отырып, ол мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды меңгеру əдісі мəселесін қарастырады [2, 46].
Мемлекет жəне құқық ілімінің функциялары. Мемлекет жəне құқық ілімінің үш негізгі функциясы бар:
1. Теориялық-танымдық функция - мемлекеттік-құқықтық құ-былыстарды тек сыртқы, техникалық-заңды жағынан ғана емес, сонымен қатар, олардың заңдылықтары, терең, мəндік белгілері тұрғысынан да ғылыми түсіндіруге негізделген. Бұл, өз кезегінде, ғылыми болжамдау міндеттерін шешуді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың дамуының басымдылықтары мен бағыттары туралы ғылыми болжамдарды қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
2. Тəжірибелік-қолданбалы функция. Мемлекет жəне құқық теориясы, басқа да заң ғылымдары сияқты, мемлекеттің қызметін жетілдіруге, заңнама мен оны қолдану тəжірибесін жақсартуға жəне дамытуға бағытталаған ұсыныстар жасауға қызмет етеді.
3. Тəрбиелік функция. Мемлекет жəне құқық теориясы құқық-тық тəрбиелеу мəселелерін шешуге, адамдарда демократия, тұлға-ның құқықтары мен бостандықтары, заңдылық, тəртіп жəне т.б. күрделі мəселелерге қатысты шынайы ғылыми көзқарастардың қалыптасуына жəрдемдесуі қажет.
№ 1 кесте

Əрбір ғылымның өз зерттеу пəні болады. Ол дегеніміз осы ғылымның объек-тивтік шындықты зерттеу жағы. Мемлекет жəне құқық теория-сының пəні болып мемлекет жəне құқықтың пайда болуы, дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары мен заң ғылымдарының негізгі түсініктерінің жүйесі табылады. Бұл жерде ерекше атап өтетін жайт, мемлекет жəне құқық теориясы нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттіліктің пайда болуы, дамуы мен қызмет етуін, сонымен қатар, жалпы заң ғылымдарына тəн құқық нормасы, құқықтық қатынас, құқық субъектісі жəне т.б. сияқты түсініктерді зерттейді.
Ғылым əдісі - бұл пəнді түсінуге мүмкіндік беретін тəсілдер мен бағыттардың жиынтығы. Мемлекет жəне құқық теориясы өз пəнін зерттеу үшін көптеген əдістерді қолданады. Олардың ішінен мыналарды ерекше атауға болады:
1. Жалпы əдістер - ойлаудың кешенді қағидаларын көрсететін философиялық, дүниетанымдық бағыттар. Оларға мыналар жатады:
а) метафизика. Ол мемлекет пен құқықты мəңгілік жəне өзгермейтін институттар ретінде қарастырады;
ə) диалектика. Өз ішінде материалистік жəне идеалистік болып бөлінеді. Материалистік диалектика бұл құбылыстарды қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен, нақты айтқанда, жеке меншіктің пайда болуымен жəне қоғамның таптарға бөлінуімен байланыстырады, яғни, мемлекет пен құқық нақты бір тарихи кезеңге сəйкес, бір-бірімен байланыстылықта, даму барысында қарастырылады. Идеалистік диалектика, өз кезегінде, объективтік жəне субъективтік идеализм болып екіге бөлінеді. Объективтік идеализм мемлекет пен құқықтың пайда болу себептері мен өмір сүру жағдайын құдайдың күшімен, ал субъективтік идеализм адамның санасымен байланыстырады.
2. Жалпы ғылыми əдістер - жалпы əдістер сияқты бүкіл ғы-лыми танымды толығымен қамтымайды, оның жекелеген кезең-дерінде ғана қолданылады. Оларға мыналар жатады:
а) талдау - күрделі мемлекеттік-құқықтық құбылысты шартты түрде жекелеген бөліктерге бөлу;
ə) синтез - құбылысты оның құрамдас бөліктерін шартты түр-де біріктіре отырып зерттеу;
б) жүйелік əдіс - объектінің тұтастығын ашуға, ондағы əртүрлі байланыс түрлерін анықтауға бағыттайды;
в) функционалды əдіс - бір əлеуметтік құбылыстардың екінші-леріне қатысты функцияларын анықтауға бағыттайды.
3. Жеке ғылыми əдістер - мемлекет жəне құқық ілімінің техникалық, жаратылыстану жəне гумантарлық ғылымдардың ғылыми жетістіктерін қабылдауы нəтижесінде пайда болатын əдістер. Оларға мыналар жатады:
а) нақты-əлеуметтанушылық əдіс - сұраудың, бақылаудың, сұхбаттасудың жəне т.б. тəсілдердің көмегімен мемлекеттік-құ-қықтық саладағы субъектілердің іс жүзіндегі жүріс-тұрысы тура-лы мəліметтер алуға мүмкіндік береді;
ə) статистикалық əдіс - нақты бір мемлекеттік-құқықтық құбылыстың сандық көрсеткіштерін алуға мүмкіндік береді;
б) кибернетикалық əдіс - кибернетиканың түсініктері, заңдары жəне техникалық құралдарының жүйесі арқылы мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды тануға мүмкіндік береді.
4. Жеке құқықтық əдістер - тек заң ғылымдарына ғана тəн болып келеді, оларға мыналар жатады:
а) формалды-заңды əдіс - заң түсініктерін,олардың белгілерін анықтауға, түрлендіруді жүзеге асыруға, құқықтық ережелердің мазмұнын түсіндіруге жəне т.б. мүмкіндік береді;
ə) салыстырмалы-құқықтық əдіс - əртүрлі құқықтық жүйелерді не олардың жекелеген элементтерін олардың жалпы жəне арнайы қасиеттерін анықтау мақсатында салыстыруға мүмкіндік береді [3, 62].

Өз жиынтығында ғылым жүйесін құрайтын ғылыми пəндерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1) тех-никалық ғылымдар; 2) жаратылыстану ғылымдары; 3) гумани-тарлық ғылымдар.
Гуманитарлық ғылымдар қоғамды, адамды, əлеуметтік қатынастар мен институттарды зерттейді. Заң ғылымдары - гуманитарлық ғылымдардың бір түрі, себебі, мемлекет пен құқық əлеуметтік институттар болып табылады. Заң ғылымдарын мынадай түрлерге бөлуге болады:
- мемлекет жəне құқық теориясы;
- тарихи-құқықтық ғылымдар (мемлекет жəне құқық тарихы, саяси жəне құқықтық ілімдер тарихы);
- салалық заң ғылымдары (конституциялық, азаматтық, қылмыстық жəне т.б. құқық салалары);
- қолданбалы ғылымдар (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы жəне т.б.).
Мемлекет жəне құқық теориясы гуманитарлық ғылымдар жүй-есінде бола тұра, философиямен, əлеуметтанумен, саясаттанумен жəне т.б. тығыз байланысқа түседі. Солай, философияның кө-мегімен мемлекет жəне құқық ілімінің дүниетанымдық ба-ғыттары қалыптасады, оның нəтижесінде мемлекеттік-құқықтық шындықты танудың жалпы əдістемесі қалыптасады. Өз кезегінде, мемлекет жəне құқық теориясы кеңейтілген философиялық жалпылаулар үшін нақты материалдар береді.
Құқықтың қайнар көздері -- құқық қалыптастыратын әлеуметтік факторлардың жиынтығы (мемлекет," таптар, идеология және т.б.), оған құқықтық сипат беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, жарлық, қаулы, дек - рет және т. б.). Құқық бастауы болып тек құқықтық мәні бар актілер ғана танылады. Үндеулер, мәлімдемелер, декларациялар және т. б. моральдық-саяси сипаттағы актілер құқықтық маңызы болмағандықтан құқықтың қайнар көзіне жатпайды.
Әрбір елдің құқықтық табиғатына байланысты өзіне тән құқық қайнар көздері болады. Мемлекеттің құқықтық жүйесі өзгеруіне байланысты мемлекеттегі құқық көздері де өзгеріп отырады. Құқыктың қайнар көзіне құқықтық әдеттерді, сот (әкімшілік) прецедентін, шарттарды, ғылыми доктриналарды, нормативтік құқықтық актілерді жатқызамыз [4, 78].
Құқықтық әдеттер - адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілген әдет-ғұрыптар. Кезінде қазақ елінде қоғамдық қатынастар әдет-ғұрып нормаларымен реттелгені белгілі. Құқықтың бұл бастауы бұл күндері араб елдеріне және басқа да діни-ғұрыптық құқықтық жүйедегі елдерге тән. Бүгінгі тандағы елімізге қатысты санкцияланған әдет-ғұрыптарды айта кетуімізге болады. Мәселен, ҚР АК-нің 3-бабының 4-тармағында іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар республи-ка аумағында қолданылып жүрген азаматтық зандарға қайшы келмесе, солармен реттелуі мүмкін екендігі айтылған.
Құқық прецеденті -- жоғары сот органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім теменгі сот органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецедентінің шыққан елі -Англия. Бүгінде құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі бо-лып табылады. Құқықтық шарттар негізінен халықаралық қаты-настардағы құқықтың бірден бір кезі болып табылады. Олар екі немесе одан да көп субъектілердің тек өзара міндетті құқық ережелерін қамтиды.
Нормативтік қщықтық актілер -- құқықтың ең басты қай-нар көзі ретінде танылады. Олар қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпы ережелерден тұратын мемлекеттік органдар ресми қабылдаған актілер.
Біздің республикамызда танылатын құқық қайнар көздері еліміз Конституциясында баянды етілген. Конституцияның 4-бабының 1-тармағында "Қазақстан Республикасында қолда-нылатын кұқық Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықа-ралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Рес-публиканың Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" делінген.
Нормативтік актілердің езгеру тәртібі және олардың жүйесі Конституция мен 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" ҚР Заңында көрсетіліп, нақтыланған. Нормативтік кұқықтық актілер мазмұнының сипаты, күші және олардың әрекет аумағының қаншалықты екені норма шығармашылық қызметті іске асыратын органға тікелей байланысты.
Жоғарыда аталған "Нормативтік құқықтық актілер" туралы Заңның 4-бабының 1, 2-тармақтарында нормативтік құқықтық актілердің иерархиялық сипатта орналасқан төмендегідей сатысы көрсетілген.
-- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
-- Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін зандар;
-- ҚР Конституциялық зандары мен ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары;
-- ҚР Кодекстері, Заңдары, сондай-ақ ҚР Президентінің Жарлықтары;
-- ҚР Президентінің нормативтік Жарлықтары;
-- ҚР Парламентінің нормативтік қаулылары;
-- ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
-- министрлердін нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мем-лекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары;
-- мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері. Заңның осы бабының 4-тармағында жоғарыда көрсетілген сатыдан тыс тұратын нормативтік қаулылар көрсетілген. Олар:
-- ҚР Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулылары;
-- ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік каулылары;
-- ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулы-лары.
Заңның 3-бабына сәйкес нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды түрлерге бөлінеді.
Жоғарыда керсетілгендер актілердің негізгі түрлеріне жа-тады, ал нормативтік құқыктық актілердің туынды түрлеріне мыналар жатады: регламент, ереже, қағида, нұсқаулык.
Бүкіл құқықтың бастауы болатын Конституцияны Негізгі Заң деп те атайды. Өйткені ол өз мазмұны жөнінен мейлінше маңызды, басты заң болып табылады, ағымдағы заңнаманы немесе баска да нормативтік актілерді қабылдауда бастапқы саты ретінде тиянақты қызмет атқарады.
Конституция -- қоғамдық және мемлекеттік құрылысты, биліктің екілді органдарының тәртібі мен принциптерін, сайлау жүйесін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін мемлекеттің Негізгі Заңы. Оның жоғары зандық күші бар және ол еліміздегі бар-лық заңнаманың нормативті базасы болып табылады әрі Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
Ата Занда Конституция ережелеріне қайшы келетін зандардың және баска да актілердің зандык күші болмайды деп атап көрсетілген.
Маңызды құкық бастауы Парламент қабылдаған зандар болып табылады. Олар нормативтік актілерге (жарлықтарға, қаулыларға және т. б.) қатысты жоғары заңды күшке ие. Мемлекеттің орталық аткарушы; уәкілетті органдары қабылдаған нормативтік актілердің бәрі заңга сәйкес акт болып табылады. Заңережелері мемлекеттік органдардың барлығы үшін сақталуға міндетті. Әрекет шеңберіне және зандық күшінің деңгейіне қарай зандар Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін, конституциялық және ағымдағы зандар болып бөлінеді.
Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізген заң 1998 жылғы 7 казанда қабылданды. Осы Заңға сәйкес Консти-туциядағы Президент, Парламент депутаттары екілеттік мерзімдеріне қатысты және т.б. нормаларға езгерістер мен то-лықтырулар енгізілді.
Зандардың, Президент жарлықтары мен қаулыларының негізінде және оларды орындау үшін шығарылған заңға сәйкес актілер де маңызды құқықтың кайнар кезі болып табылады. Бұл актілердің зандық күші және қызмет шеңбері жөнінен айырмашылықтары бар. Бұлардың ішінде Қазақстан Республи-касы Үкіметінің еліміздің барлық аумағында орындалуы міндетті қаулылары үстемдік етеді [5, 47].
Құқық кайнар көзінің негіздеріне әр түрлі министрлік-тердің, мемлекеттік комитеттердің, Үкімет жанындағы бас басқармалардың, инспекциялардың, департаменттердің норма-тивтік-құқықтықсипаттағы актілері, бұйрықтары, нұсқаулары, қаулылары, сондай-ақ Республика Жоғарғы Сотының қаулылары, Президенттің орындалуға тиісті Жарлықтары негізінде жарияланатын нұсқаулары, Үкімет қаулылары жатады.
Құқық негізі жөнінде әңгімелегенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әнгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола түрса да құқық негіздері ұғымының тар мағынасы да бар. Заң ғылымында құқық негіздері дегеніміз -- қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.

Заң ғылымдары жүйесіндегі мемлекет жəне құқық ілімінің орнын оның тарихи-құқықтық ғылымдармен арақатынасын мысалға ала отырып қарастыруға болады. Мем-лекет жəне құқық теориясы мен тарихи-құқықтық ғылымдарға тəн ортақ белгі - олар мемлекет пен құқықты зерттейді. Ал айырма-шылықтары мынада - тарихи-құқықтық ғылымдар мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың даму үдерісін хронологиялық тəртіпте зерттесе, мемлекет жəне құқық теориясы бұл үдерістерге жалпы сипаттама береді, мемлекет пен құқықтың мəнін, олардың қызмет ету заңдылықтарын жəне т.б. зерттейді.
Салалық заң ғылымдарына қатысты мемлекет жəне құқық теориясы жалпылаушы сипатты иеленеді; ол мемлекет пен құ-қықтың пайда болуы, қызмет етуі мен дамуының жалпы заңды-лықтарын зерттейді. Ал кез-келген салалық ғылымның пəні қо-ғамдық қатынастардың тек нақты бір саласымен ғана байланысты болады. Сонымен қатар, мемлекет жəне құқық теориясы барлық салаларға ортақ мəселелерді зерттейді, яғни, мемлекет жəне құқық ілімінің түсініктері мен институттарының негізінде салалық заң ғылымдарының түсініктері мен институттары қалыптасады [6, 96].
№ 2 кесте

Мемлекетке дейінгі кезеңдегі əлеуметтік биліктің ерекшеліктері болып мыналар табылады:
- ол тек бір ру көлемінде ғана таралды, оның еркін білдірді жəне қандық туыстыққа негізделді;
- тікелей қоғамдық болып табылды, алғашқы қауымдық демократияның, өзін-өзі басқарудың бастамаларының негізінде қалыптасты;
- бұл биліктің биліктік органдары ретінде рулық жиналыстар, ақсақалдар, əскербасылары жəне т.б. қызмет етті, олар алғашқы қауымдық қоғамның өмір сүруінің маңызды мəселелерін шешіп отырды.
Мемлекеттің пайда бо-луы туралы мəселе даулы болып табылады, себебі, этнография жəне тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мəліметтер беруде. Мемлекеттің пайда болу себептері тура-лы бірқатар теориялар бар, олардың негізгілері болып мыналар табылады:
1. Діни теория - мемлекеттің, мемлекеттік биліктің пайда болуының құдайлық бастамасын негізге алады, барлық билік құдайдан деген тұжырымдаманы бекітіп, жақтайды. Өзінің діни мазмұнына қарамастан, бұл теория бірқатар шынайы жағдайларды көрсетеді, нақты айтқанда, алғашқы мемлекеттердің теократиялық нысандарын - абыздар билігін, шіркеудің ролін, діни жəне əкімшілік орталықтар арасындағы билік бөлінісін. Бұл теорияның көрнекті өкілдерінің бірі - Фома Аквинский.
№ 3 кесте
2. Патриархалды теория - мемлекеттің пайда болуын отба-сымен байланыстырады, ал мемлекет басшысының билігін отбасы мүшелерінің алдындағы əке билігінен туындатады. Бұл теория патшаның шексіз билігін негіздеуге бағытталған, ал бұл биліктің қайнар көзі ретінде құдайды емес, отбасындағы əкенің, патриархтың шексіз билігі орын алған отбасы нысанын таниды. Бұл теория Грецияда пайда болған, өз негіздемесін Аристотельдің еңбектерінен иеленсе, өз дамуын ағылшын ғалымы Филмердің ең-бектерінен тапты.
3. Шартты теория - ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда кеңінен таралған. Оны жақтаушылардың қатарынан Голландияда Гуго Гроций мен Спиноза, Англияда Д.Локк пен Т.Гоббс, Францияда Ж.-Ж.Руссо, Ресейде А.Радищев орын алды. Мысалы, А.Радищевтің ойынша, билік халыққа тиесілі, алайда ол мемлекет басшысына берілген жəне оны халық бақылауы тиіс. Шарттық теорияға сəйкес, мем-лекет шарт нəтижесі ретінде пайда болады, оның қатысушылары болып адамдар табылады, олар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz