Нормативтік құқықтық актілер сатысы
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
1 ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ АКТІЛЕР
1.1 Нормативтік құқықтық актілер сатысы
1.2 Құқық шығармашылығы ұғымы, қағидалары мен түрлері
2 ЗАҢ МЕН ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗАРА ҚАТЫНАСЫ. ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУ СЕБЕПТЕРІ
2.1 Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
2.2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері
2.3 Құқықтың қайнар көздері
3 Құқықтың белгілері және мазмұны
3.1 Құқықтың мәні мен құндылығы
3.2 Құқықтың негізгі белгілері
3.3 Құқықтың жүйесі
3.4 Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
5
5
7
10
10
11
13
15
15
18
21
23
25
28
КІРІСПЕ
Заң дегеніміз, ең жоғары нормативтік күші бар акті. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Парламент -- заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары органы.
Заң термині әдебиетте екі мағынада қолданылады -- кең және тар мағынасында.
Кең тұрғыдан алсақ, заңға нормативтік актілердін барлық түрлері: нақты заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар т.б. жатқызылады.
Ал, тар тұрғыдан қарайтын болсақ, заңда тек қана заң, деп аталатын нормативтік-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативті құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, заң -- төрағасы сияқты, басқа нормативтік - құқықтық актілердің төрінен орын алатын акт. Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын органы -- Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастарды реттеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың бүкіл қоғамның мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, занның ең жоғары құқықтық күші бар Заңдар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұны ішінде ең жоғары құқықтық күші бары -- Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативті актілер Конституция негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы бойынша конституциялық заң Конституциядан құқықтық күші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, Конституцияға өзгерістер, қосымшалар енгізе алмайды. Конституциялык заң Конституцияға сәйкес жасалып, қабылданады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.
Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең манызды нормативті актілер болып саналады. Басқа нормативті актілер заңдарға тәуелді актілер қатарына жатады
Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрықша қызмет атқаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға мүмкіндік береді.
Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды деген тұжырым -- заңнан құқықты ажыратудың қажет екенінін белгісі. Құқықты қалыптастыратын қоғам. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық қалыптасуының объективтік барысын формалды заң шығару қызметімен шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы -- қоғамдық қатынастардың өздігінен шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланыстары әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен; белгілі көлемде жүріп отыруына байланысты. Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық -- құқық қалыптасуының негізгі принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғы шарты, оның тиімді болуының негізі -- құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғұрлым құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, құқықтық заң қоғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың арақатынасын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік маңызы бар. Сонымен қатар бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық талаптарына сай келуі оның сапасын көтереді. Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган ескеруі қажет.
Курстық жұмыстың пәні болып заң мен құқықтық өзара қатынасы болып табылады.
Курстық жұмысының мақсаты - заң мен құқық түсінігін, заңдылық, құқық пен демократияның арақатынасын зерттеу.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмысы үш тарау, кіріспе және қорытындыдан тұрады.
1 ЗАҢ ЖӘНЕ ЗАҢДЫҚ АКТІЛЕР
1.1 Нормативтік құқықтық актілер сатысы
Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтыруларды Парламент енгізеді Мысалы, 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Президентіне оның бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санынын үштен екісінің дауысымен бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге құқылы. Республика Президентінің заңдар жобаларын қорғаудың басымдылығын белгілеуге, сондай-ақ осы жоба жедел қаралады деп жариялауға құқығы бар Парламент Президент енгізген заң жобасын бір ай ішінде қарауға тиісті. Егер Парламент осы талапты орындамаса, онда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға хақылы. Мұндай Жарлық Конституция белгілеген тәртіппен Парламент жаңа заң қабылдағанға дейін қолданылады. [1, 3-б].
Нормативтік актілер жүйесінде президенттік биліктің актілері ерекше орын алады. Олар заңға негізделген актілер қатарына жатады және принципінде орындау-атқару сипатында болуы тиіс. Заң тұрғысынан алып қарағанда төтенше немесе соғыс жағдайларында ғана, онда да Конституцияның негізінде президенттің актілері күшімен заңдардың қолданылуы тоқтатыла тұруы немесе дәлдей түсу мақсатында заңдарға түзетулер енгізілуі мүмкін.
Ведомстволық актілер мен жергілікті органдар актілеріне қарағанда басым болып келетін Заң негізінде қабылданған нормативтік актілерге Үкіметтің қаулылары мен өкімдері жатады. Олардың құрамында бастапқы нормалардың болуы жиі кездеседі. Солай бола тұрса да, олар орындау-атқару актілері болуы жөн.
Жекелеген ведомстволардың заң негізінде өздерінін жасаған нормативтік актілері сол ведомство ішіндегі қатынастарды реттейді. Дегенмен, орталық ведомстволардың ішінара, кейбіріне, мысалы, темір жол қатынасы, ішкі істер министрліктеріне қатаң түрде шектеулі салаларда сыртқары әсері мен ықпалы бар актілер шығаруға құқықтар беріледі. Кейде заңмен кереғар болып келетін нормативтік актілердің қабылдануы да өмірде орын алып қалуы кездесіп отырады. Оларда тіпті азаматтардың құқығы мен мүдделеріне нұқсан келтірген жағдайлар кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайларда ахуалды жөндеу Конституциялық әділсот (правосудие) қабылдаған актілердің көмегімен түзетіледі.
Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді.
Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акті, мұны заң шығарушы ең жоғарғы орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды.
Бұлардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен) анықталады:
1. Заңды мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң қабылдаушы (өкілді) органдары немесе тікелей халыңтың өзі бүкілхалықтың сұрау салу (референдум) арқылы қабылдайды, заңның күші жойылады және өзгертіледі.
2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша қабылданады.
3. Тәуелді нормативтік құқықтың актілердің бәрі заңдарға қайшы болмауы тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінің орнына одан тікелей жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.
4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа актілер заңдардан туындайды және олар заңдардағы нормаларды егжей-тегжейлі талдауы, нақтылауы тиіс.
5. Заң ең маңызды негізге алынатын қатынастарды реттейді.
Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.
Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың негіздерін баянды етеді, ағымдық заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.
Бұларға Конституция, оған енетін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтың актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардың заңдық тұғыры болып табылады.
Конституциялық заңдардың тізімі толық түрде Конституцияда анықталған.
Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялың заңдардың негізінде және соларды орындау мақсатында қабылданады. Ағымдық заңдар елдің экономикалық, саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер -мемлекеттің атқарушы - орындаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар заңдарды орындау мақсатында қабылданады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
- Президенттің жарлықтары;
- Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
- Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (қағидалар), бұйрықтар және т.б. түріндегі нормативтік актілері;
- Жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;
- Жергілікті нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.
Қазақстан Республикасында нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палатарының нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Констатуциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері;
Нормативтік құқықтық актілер сатысы.
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік құқықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады: [2, 13-б].
1) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдар;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасының кодекстері, заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік жарлықтары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентінін нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары;
7) Министрлердің нормативтік бұйрықтары, мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары; өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары;
8) Мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері

Құқық шығармашылығы ісі ерекше іс-әрекет болып табылады. Мұндай еңбектің нәтижесінде нормативтік құқықтық акт жасалады. Норма жасап шығару яғни құқық шығармашылық ісі -- қоғамдық қатынастарға ықпал жасаудын тәсілі және ол құқыққа заңдық күш беретін құрал болып есептеледі.
Құқықтың жаратылуы әу бастан-ақ табиғи жолмен тарихи дамудың барысында, заң жасаушының іс-әрекеті мен қызметтерінен бұрынырақ және оған байланысты болмай-ақ қалыптасқан болатын. Құқықтың жаратылу үдерісіндегі бастапқы сатысы қоғамдық қатынастарды заңмен реттеу қажеттілігінің объективті түрде туындауымен байланысты. Бұл қажеттілікті ең ақыр аяғында экономикалық базис қамтамасыз етті, алайда, оған жуық болып, нәр беріп қоректендірген қозғаушы күштер (факторлар) -- әлеуметтік-саяси, таптық және басқалай да қоғамдық мүдделер болды. Құқықтың жасалуының соңғы сатысында қоғамдық қажеттілік пен жалпыға бірдей мінез, жүріс-тұрыс ережелеріне сай мүдделерді білдіретін құзыретті органдардың мақсатқа лайықты іс-әрекеттері үлкен мән-мағынаға ие болды. Құқықтың жасалуының барысында құқықты жалпы сипаттағы айқындылығы бар жария (формалды) ұйғарымға айналдыру құқықтық норма шығармашылық ісі болып қалыптасты. Сонымен құқық шығармашылық ісінің үш тәсілі бар:
1) мемлекеттік өкілетті органдардың құқықтарды белгілеудегі атқаратын қызметтері;
2) мемлекет органдарының өздеріне тәуелсіз түрде әдет-ғұрыптар (дағдылы істер) болып қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар жасаған (мысалы: кооператив, қоғамдық ұйымдардың) нормаларды бекітуі;
3) бүкіл халықтық дауыс беру (референдум) түрінде өткізілетін халықтың тікелей құқық шығармашылық ісі.
Осы үш жағдайдың үшеуінде де құқық шығармашылық ісі өздерінің алдына қойған мақсаттарымен де және басшылыққа негіз етіп ұстанған принциптерімен де ерекшеленеді.
Қайсы бір мемлекеттің болмасын дамуының жекелеген кезеңдерінде әйтеуір бір принциптен ауытқу орын алып келген. Бірақ, олар ізденістер жасаудың қажеттілігі мен заң шығармашылық іс-әрекеттеріне тиісті бастаулардың орнықтырылуын және бекуін шайқата алмаған. Қалай болғанда да құқық шығармашылық ісі мемлекеттің ерік-жігерімен байланысты керінеді. Бұл қағиданы әлем дамуының тарихы талай-талай дәлелдеген болатын. Мұның бәрінен бұрын қажет нәрсе, осы қатынастар кезінің тұсында үстемдік етуші жеке тұлғалар өзінің күш-қуатын мемлекеттік етіп жұмсап, оны құрастырып шығуы тиіс. Олар өздерінің ерік-ықтиярын қамтамасыз етіп отырған осы қатынастарды пайдаланып, сол өз ерік-ықтиярларын мемлекеттік ерік-жігердің бүкіл жалпылық түріне келтіріп, оның заң кейпіне айналдыруы тиіс.
Құқық шығармашылық ісінің мазмұны дәйекті түрде, бірізділікті сақтай отырып атқарылатын ұйымдастырушылық жұмыс сипатындағы әрекеттерден тұрады. Оның өзі бүкіл жиынтығында құқық шығармашылық үдерісі деп аталады. Бұл айтқанымыз нормативтік актілерді жасаудың және оның ұйғарымдарын алушы тағайындарына (адресаттарына) жеткізіп берудің технологиясы. Құқық шығармашылық ісінің қоғамдық-саяси маңызының болуы себепті ол конституциялық және басқалай да заң нормаларымен реттелінеді.
Құқық шығармашылық ісі бірнеше сатылардан тұрады.
1) Заң шығару бастамасы (кең мағыналы-норма шығармашылық бастама). Бұған құқық шығармашылық ісімен шұғылданатын органға құзыреті бар субъектінің ресми түрде нормативтік акт жасап шығару туралы немесе дайындалған актінің жобасын ең алғаш рет ұсыныс жасағандағы іс-әрекеті жатады. Заң шығару бастамасы құқығына ие субъектілердің аясы заңда өте-мөте анық түрде белгіленіп көрсетілген. Өйткені, заң шығару бастамасы ісімен шұғылданушы субъект заң шығарушы органға өзінің ұсынысы немесе дайын заң жобасымен барғанында, құзыретті орган оны қарауға, талқылауға және қорытындысын ресми түрде беруге заңмен міндеттелген;
2) құзыретті органның акт шығаруды, онын жобасын жасауды, заң жобаларын дайындауды жоспарға енгізудің қажеттілігі жөніндегі шешімі және т.с.с;
3) нормативтік актінің жобасын жасау және оны алдын-ала талқылау. Бұл істерді атқарудың рәсімдері бір-бірінен жобаның маңыздылығына, оны дайындаудың кімге тапсырылғанына, сондай-ақ болашақ нормативтік актінің сипатына (жалпы мемлекеттік акті ме, әлде ведомстволық па?) байланысты ерекшеленеді. Ең маңызды деген жобалар бүкіл халықтық талқылауға ұсынылады. Өзгелерін дайындауға ғалымдар мен мамандардан құрылған ақыл-кеңес беретін топтамалар қатысады;
4) нормативтік актінің жобасын қабылдауға өкілеттік берілген органда қарау, талқылау;
5) нормативтік актіні қабылдау;
6) қабылданған актінің мазмұнын оны алатын тағайынының (адресатының) қаперіне жеткізу. Жоғарыда көрсетілген қағидаттар (принциптер) құқық шығармашылық ісінің әрбір сатыларын басынан аяғына дейін әйтеуір азды-көпті дәрежеде көктеп өтеді.
Заң жасаудың алғашқы сатысы -- заң акті жобасын даярлау. Жобаны жасап ұсыну үшін заң бастамасында құқық болу керек. Ондай құқық Парламенттің депутаттарына және Қазақстан Республикасынын Үкіметіне берілген. Осы құқықты пайдалана отырып, әр депутат, депутат топтары, Үкімет Парламент мәжілісінің қарауына заң жобасын ұсынады. Үкіметке заң жобасын жасауды Республиканың Президенті де ұсына алады. Ал Үкімет, әдетте, заң жобасын жасауды тиісті министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге тапсыруы мүмкін. Жасалған заңның жобасы Мәжілістің комитеттерінде, содан кейін оның жалпы жиналысында қаралып, жан-жақты талқыға түседі. Заңның әбден талқыланды-ау деген пікірге келгенде, депутаттар оны дауысқа салады. Содан кейін жай заң депутаттардың көпшілігінің, ал Конституциялық заң барлық депутаттардың үштен екісінің даусымен қабылданады. Президент егер оны дұрыс деп тапса, заңға қол қояды. Президент өзіне берілген өкілеттік көлемінде заң күші бар жарлық, жай нормативтік жарлық, ал Үкімет қаулы қабылдайды. Құқық шығармашылық ісіне қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңында көрсетілген. [4, 36-б].

Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады.
Құқық тарихи жағынан, таптық құбылыс ретінде пайда болды және экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады.
Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды.
Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себебі, онда тиым салудан басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады, соның негізінде қоғамдық қатынастарды әртүрлі деңгейде тәртіпке келтіруге мүмкіндік туады. Құқықтың пайда болуы - қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың қиындауының қайшылықтың артуының нәтижесі, алғашқы қауымдық нормалардың оларды реттеуге мүмкіндіктері аз болды.
Құқықтық нормалар көп жағдайда үш негізгі жолдармен құрылды:
1) Мононормалардың (алғашқы әдет-ғұрыптардың) әлеуметтік нормаларға айналуы, соған байланысты оларға мемлекетпен рұқсат беріліп бекітілуі;
2) Мемлекеттің құқықтық шығармашылығы арқылы заңды нормалары бар арнайы құжаттар жасалуы -- нормативті актылар (заңдар, қаулылар т.с.с.).
3) Прецеденттік құқық, соттардың нақты шешімдерінен тұрады (соттардың және әкімшілік органдарының қабылдаған шешімдері, сондай істерді шешуге үлгі ретінде қабылдануы).
Құқықтың нысанына (шығуына), құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. "Құқықтың шығу жолдары" заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
Құқықтың қайнар көздеріне, заң нормалары бекітілетін арнайы мемлекеттік құжаттар жатады. Мысалға, заң президенттің қаулысы, үкіметтің қаулысы, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың шешімі. Көрсетілген актыларда белгілі мемлекет органдарынан шыққан тәртіптілікті сақтау ережесі кіреді. Бұл ережелер құқықтық нормаларға бекіп, жалпыға бірдей маңыздылыққа ие болады.
Құқықтың негізгі нысандарына (қайнар көздеріне) мыналар жатады: құқықтық әдет-ғұрып, заңды прецедент (сот практикасы), нормативті-құқықтық акт.
Құқықтық ғұрыптар. Құқықтық ғұрып дегеніміз, мемлекетпен рұқсат етілген тәртіп ережесі, ол ертеден қалыптасып ұзақ жылдар бойы қайталанған адамдардың өзгермейтін қарым-қатынастары, сонысына байланысты тұрақты норма ретінде бекітілген. Мемлекеттің рұқсат беретін барлық әдептерге бірдей емес тек, өзінің мүдделеріне сай ғұрыптар болған. Рұқсат берілген ғұрыптар жалпыға бірдей міндетті сипаттағы тәртіп жолдары. Ертедегі құқықтық ғұрыптарға құл иеленуші құқықтың XII таблиц заңы (Ертедегі Рим V ғ. б.д.э.) Драконша заңы, (Афинь VII ғ. б.э.д.) және басқалар жатады.
2.2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері
Заң ғылымдарының құқықтық ғұрыптарға көзқарасы бір жақтыға жатпайды. Біреулері, құқықтың пайда болуындағы шығатын жерлерін есептеп ғұрыптарға ең жоғарғы баға береді. Себебі, заң шығарушы және сот органдары өздерінің құқыққа шығармашылықпен қарағанда, сол қоғамда қалыптасқан көзқарастарды және ғұрыптарды басшылыққа алады. Ғұрыптардың ролін жоғары бағалу, социологиялық және ерекше тарихи құқық мектебіне тән, себебі, олар құқықты халық сапасының нәтижесі ретінде көреді.
Заңды позитивизм, керісінше ғұрыпты құқықтың шығу көзі ретінде ескіргендікке жатқызады және қазіргі өмірге сай ешқандай маңызды қызметі жоқтығын айтады. Заңды позитивизм өкілдері құқықтың ең басты пайда болу көзіне заңды жатқызады, себебі ол өзінің реттеуімен қоғам өмірінің негізгі ортасын қамтиды.
2. Заңды прецендент (сот тәжірибесі) - Қазіргі дүниеде көп тараған құқықтың шығу көздерінің бірі. Заңды прецендент дегеніміз, соттың және әкімшілік органдарының заңды бір істі қараған шешімі, ол іске, мемлекет жалпы міндеттілік маңыз береді. Ол соттық және әкімшілік прецедент болып екіге бөлінеді. Заң прецендентіне бұрышы болған мемлекеттік органдардың (соттық не әкімшілік) белгілі жұмыс бойынша шығарған шешімдері құқықтық нормалардың күшіне ие болып, одан кейінгі сондай істерге қолданылатын болады. Прецеденттік құқық формалары Англияда және АҚШ-та кеңінен пайдаланылады.
Прецеденттің пайда болған, туған жері Англия болып есептеледі. Жалпы құқықтар онда корольдердің соттарымен жасалған және негізінен, құқық сот тәжірибесінің нәтижесі. Ағылшын соттары кәзіргі кезде тек құқықты қолданып қоймайды, құқық нормаларын құрастырады. Англияда мынандай жолдар қалыптасты және прецедентті қолданудың шегі белгіленді:
а) Лорд Палатасының шығарған шешімі, өзінің және барлық соттардың орындауына міндетті;
б) Апелляциялық соттың шешімі Лорд Палатасына, басқа барлық соттарға міндетті;
в) Жоғарғы соттың шешімдері төменгі соттарға міндетті. АҚШ-та прецедентті құқықтың шығу көзі ретіндегі қатынасы қарапайым, мұнда сот тәжірибесін өзгертуге мүмкіндік бар.
Революцияға дейінгі орыстың құқық теориясы, заң нормаларының сот тәжірибесімен толықтырылуын қолдаған, бірақ ондай пікірлер көпшілікпен қолданбады. Сот тәжірибесіне құқықтың шығу көзі ретіндегі қатынасын былай деп көрсетті: Қоғам өмірінде заңмен қаралмаған әртүрлі кездейсоқ жағдайлар болады, сот сондай жағдайларды процессте қарағанда шығармашылық роль атқарып, барлық казустарды шешуге тиісті және жаңа казустармен кездеседі, сонда олар үшін еріксіз жаңа нормалар құрастыратын болады. Ол сондай жағдайларды шешуге дәл келетін заңдарды іздейді. Яғни, "заңның аналогиясын" пайдаланады.
Еліміздің заң ғылымы кейінгі кездерде, сот тәжірибесін толық түрдегі құқықтың шыққан көзіне жатқызбайды. Құқықты қолдануда объективті тәжірибенің негізінде, соттардың жаңа нормаларды қосуға және жөндеуіне болмайды. Себебі, ол тек қызметтік ролінде, заңды нормаларды қолдану процесінде талқылайды, анықтайды.
2. Нормативті-құқықтық актылар - бұл құқықтық шығармашылық, онда құқық нормалары бар. Құқықтың шығу көздерінің ішінде нормативтік-құқықтық акт ең алдыңғы орын алады. Ол өзіне, жалпыға бірдей мемлекетпен құрылатын қорғалатын ереже тәртібін жинайды. Ондай актыларға конституция, басқа заңдар, атқарушы органдардың нормативті шешімдері жатады. Басқаларға қарағанда, нормативті актылар толық және жедел түрде қоғамның өзгермелі қажеттілігінің дамуын, құқықтық реттеудің тиімділігін көрсетеді, қажетті біркелкілікті қамтамасыз етеді.
Құқық және дін. Адам баласы қоғамының белгілі даму кездерінің тарихында діни (каноникалық) құқық белгілі роль атқарғанын білеміз, әсіресе ондай жағдайлар дінді мемлекеттік институт ретінде санайтын елдерде болды. Орта ғасыр кезеңі де, соған ұқсас мысалдарға толы болды. Шіркеу заңдылықтарына отбасы, неке, заттар туралы және қылмыстық-құқықтық қатынастарды шешу жатқан.
Қазіргі кезде, құқықтың шығу көздеріне жататын араб елдеріндегі көп тараған мұсылмандардың діни көзқарастары. Мұсылман құқығы, басқа көптеген құқық жүйесінен өзгеше. Олар ислам дінінің бір жағын құрайды. Бұл діннің негіздері, біріншіден, мұсылман неге сенетіні туралы догмаларын белгілейді және анықтайды, екіншіден, сенушілерге алдын-ала не істейтіндерін, нені істеуге болмайтындығын үйретеді. Былайша айтқанда "шар" не "шариғат" (аударсақ "жүретін жол"), мұсылман құқығы болып аталады. Ол құқық мұсылман дініне сенушілерге, өзін дінге сай қалай ұстайтындығын көрсетеді.
Мұсылман құқығының негізіндегі шығатын төрт жерін айтуымыз қажет:
1) қасиетті кітап Құран;
2) Сунна - әдет-ғұрыптар жинағы;
3) Қияс - мұсылмандардың өміріндегі құбылыстар жөнінде салыстырмалы әңгімелер.
2.3 Құқықтың қайнар көздері
Құқық негізі жөнінде әңгімелескенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да "құқық негіздері дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған.
Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы (XVI ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырдың билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.
Құқық прецеденті - жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Құқықтың келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда, Құқықтық нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен -- конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшыларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.
3 Құқықтың белгілері және мазмұны
3.1 Құқықтың мәні мен құндылығы
Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мүдде-мақсаттарының іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым-қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі - адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс бірақ жеткіліксіз.
Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық қоғамдағы заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі-сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т.б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады. Құқық-қоғамның экономикалық базисінің үстіндегі қондырма. Оның қоғамдағы мәні, маңызы, мазмұны мен нысаны, сайып келгенде қоғамның экономикалық, мәдени-рухани сипатына байланысты. К. Маркс "Гота программасына сын" деген еңбегінде: "Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуымен жоғары бола алмақ емес"! -деді.
Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдалы әсері мол болмақ. Қоғам өмірін құқық арқылы реттеу процесінде әртүрлі құқықтық қатынастар туады, яғни қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар құқықтық нормалардың талаптарын іс жүзіне асыру үшін өзара қарым-қатынастарға түсіп, заңда көрсетілген міндеттерді орындауға тиісті болады. Құқықтық қатынастар қоғам өмірінің негізгі салаларын қамтиды, бұлар: әкімшілік, қаржы, мүліктік, отбасы, еңбектік, процессуалдық т.б. Мемлекетке қажетті қоғамдық тәртіп құқықтық қатынастар негізінде ғана орнай алады. Бұл - құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеудегі көздейтін басты мақсаты.
Біз, жоғарыда құқықтың түсінігін және мазмұнын нормативистік тұрғыдан қарастырып келдік. Бұл құқықтың түсінігінің, мазмұнының негізгі бағыты. Өмір тәжірибесінде біраз ғалымдар құқықтың мазмұнын кеңейтілген түрде зерттеп, түсінігін сол көлемде береді. Олардың қосымша зерттеген мәселелері: құқықтық қатынас, құқықтық сана, субъективтік құқық, құқықты қолдану, құқықты бұзушылық және жауапкершілік.
Міне, осы мәселелердің бәрін олар құқықтың мазмұнына жатқызады. Біздіңше бұл дұрыс пікір. Өйткені осы қатынастардың бәрі де құқықтық нормалармен реттеліп, шешімін тауып жатады. Екінші олардың кеңірек зерттеген мәселесі - құқық пен заңның, бостандық пен құқықтың арақатынасы және айырмашылығы. Құқықтық норма мәселені абстрактік түрде қарастырып іс-әрекетті кеңірек қамтиды, ал заң нақты түрде бір немесе бірнеше мәселені қамтиды. Адамдардың бостандығы мен құқықтарын бөліп қарауға болмайды - деп түсіндіреді. Бұл пікір де дұрыс, бірақ ғылыми зерттеуде оларды жеке бөліп қарастырған жөн - анализ, синтез әдісімен зерттелсе, қорытынды тұжырым дұрыс болады.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі - қоғамның дамуын басқарып, реттеп отырушы негізгі әлеуметтік факторлардың бірі құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырап әлдеқашан ақыр заман болар еді. Бұл пікірді - заңды көзқарас деп айтады. Екіншісі - бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм деп айтады. Нигилизм қоғамда қабылдаған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау.
Заңды көзқарас көне дәуірден қалыптасып құқықтың қоғам даму процесіндегі рөлін, маңызын жан-жақты зерттеп, бірнеше ғылыми қорытынды тұжырымдар жасалды. Құқық қоғаммен бірге эволюциялық прогрестік жолмен дамып, ХІХ-ХХ ғасырларда өзінің тарихи процесте құндылығын дәлелдеп, қазіргі заманда құқық мемлекетпен бірге қоғам дамуын басқарып, реттеуші негізгі әлеуметтік факторлардың бірі екеніне ешкім күмән келтірмейді.
Қоғамның объективтік тарихи даму процесі құқықтың маңызы мен рөлі туралы заңды көзқарас пікірінің дұрыс екенін дәлелдеп отыр. Заңды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz