Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
Жоспар
КІРІСПЕ
1 ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
1.1 Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен байланысы
1.2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері
1.3 Құқықтың қайнар көздері
2 Құқық қағидаларының түсінігі және түрлері. Құқық қызметі
2.1 Құқықтың қағидалары
2.2 Құқықтың қызметі
2.3 Құқықтың құндылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
6
8
10
10
13
15
23
25
Кіріспе
Құқық қағидалары қазіргі таңдағы заң ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл кездейсоқтық емес, себебі, нақ осы құқық қағидаларында оның мәні көп жақты және заңдылықтарымен ашық көрінеді. Сонымен қатар бұл мәселенің маңыздылығы отандық ғылымда қалыптасқан қағидалар туралы түсініктің тар нормативтік құқықтүсінушілік база негізінде қалыптасуымен түсіндіріледі және көптеген жетімсіз тұстары бар. Біріншіден, құқық қағидалары ретінде әдетте, заң нормаларында ресми бекітілген негізгі, бастапқы идеялар ғана айтылады. Бұл көзқарастың логикалық тұжырымы қағидалар тек көрсетілген нормалар мазмұнында ғана көрінуі тиіс және оның қатарына қоғамда мойындау тапқан және құқықтық қатынаста іс жүзіне асырылатын, бірақ нормативтік-құқықтық актілерде белгіленбеген құқықтық сананың бастапқы идеяларын жатқызуға болмайды [1].Тағы бір жетімсіз тұсы ретінде қағидалардың маңыздылығының тарлығы және оның әрекет ету ауқымының құқықшығармашылық және құқыққолдану шеңберінде шектелуі болып табылады және құқықшығармашылықта оларға нақты норманың мазмұнын айқындайтын теоретикалық базаның ролі беріледі, ал құқыққолдануда олардың функциясы сол нормаларды түсіндіру қажеттілігімен ғана шектеледі. Қағидаларды зерттеу формальды заңды сұрақтармен шектеліп қалмайды. Құқық нормасы - бұл құқықтық сана да тиесілі болатын оның болмысының абстрактілі формасының бірі ғана [2]. Сондықтан, заң нормаларының және оның заңдық бекітілуінің мазмұнында қағидалардың көрініс табуының маңыздылығын жоққа шығармай олардың құқықтық санамен және құқықтық қатынаспен байланысын назарға алмай қалдыруға болмайды. Күрделі көпсалалы құқық мазмұны оның қағидаларын кешенді түрде талдауды талап етеді, яғни генетикалық, гносеологиялық, онтологиялық және функционалдық. Осыған орай, құқық қағидалары, заңдық қағидалар, бастапқы идеялар, бастаушы жағдайлар терминдері синоним ретінде пайдаланылады.
Құқық қағидаларының генетикалық сипаттамасы олардың мазмұнының обьективті әлеуметтік заңдылықтармен анықталып қойылғандық жағдайында қарастырумен қорытындыланады. Бастау алатын негіздерінің материалистік түсінігіне сәйкес олар қоғамдық қатынас субьектілерінің тәжірибелік қызметінің маңызды жағының көрінісі болып табылады [3]. Құқықтың негізгі бастапқы идеялары адам ақыл ойының туынды құрылымымен емес, ал обьективті әлеуметтік заңдылықтардың көрініс табуының ерекше нысаны ретінде көрінеді. Өз мазмұнында қоғам мен құқықтағы қажетті және маңызды байланыстарды тіркей отырып олар қоғамдық қатынастардың тиімді реттелуіне ықпал ететін тәртіп орнатуға мүмкіндік береді. Құқық қағидаларының әлеуметтік заңдылықтардың өз әрекетін тұтас қоғамға жүргізетін және адам мінез-құлқының ерекше реттеушісі ретінде құқыққа ғана тән екі түрі көрінеді. Біріншісі жалпы әлеуметтік қағида атауын алған бастаушы жағдайлар мазмұнында көрініс табады. Онда құқықтық ықпал етудің пәні болып табылатын құқықтық қатынастардың елеулі сипатына назар аударылған. Бұл қатынастардың маңызды ерекшелігі сол, олар тек құқықтық нысанда ғана өмір сүріп, қалыпты дами алады. (мысалы, меншік және саяси билік қатынастары). Қазіргі таңдағы құқықтың жалпы әлеуметтік бастаулары ретінде билік бөліну, меншікті қорғау, демократияшылдық, гуманизм және т.б қағидаларды айтуға болады [4]. Олар құқықтық реттеудің ерекшеліктерін көрсетеді, оның басқа әлеуметтік реттеуіштерден айырмашылығын көрсетеді, сондықтан құқықтық реттеудің қағидалары ретінде анықталуы мүмкін. Оларға мемлекеттік кепілдік, обьективті және субьективті құқықтардың бірлігі, заңдылық, заңды құқықтар мен міндеттердің бірлігі, кінә үшін жауапкершілік, құқықтық теңдік, әділеттілік, бостандық қағидалары жатқызылады.
Курстық жұмыстың мақсаты - құқық қызметін және құқық қағидаларын анықтау.
Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Мемлекеттің ұғымы, құқықтың нысандары және оның элементтері туралы алғашқы шығармалар ежелгі грек философтарының пайымдауларынан бастап қалыптаса бастаған. Оған: Сократ, Платон, Аристотель еңбектеріндегі идеялар мен Гегель, Кант еңбектеріндегі мемлекеттіліктің философиялық негізделуі жайлы шығармаларын айтуға болады. Сондай - ақ К,Маркстың, Л.И.Петражцкийдің, Вашингтоның, Де Голльдың мемлекет ұғымына, оның нысанына көп көңіл бөліп еңбектер жазғанын атап өтуге болады.
Курстық жұмысының теориялық тұрғыдан мәнділігі мынада жатыр
Осы берілген тақырыпты, әртүрлі тұрғы жағынан қарастырды. Оған түрлі көзқарастар, көптеген ғалымдар мен саясатшылардың көзқарастары мен тәжірибелері де қолданылды.
Курстық жұмысымның тақырыбы Құқық қызметі, құқық қағидалары болып табылады. Жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады. Бұл тақырыпта негізінен мемлекеттің пайда болуымен оның ұғымынын қалыптасу тарихы мен оның құқықтың пайда болуымен байланысы қарастырылған.

Құқық әлеуметтік институт ретінде мемлекетпен бірдей пайда болады, көп жағдайда олар, бір-бірінің тиімді әрекеттерін қамтамасыз ету үшін қажетті. Мемлекет, құқықсыз, сол сияқты құқық та мемлекетсіз өмір сүре алмайды (саяси билікті ұйымдастырады, нағыз мемлекеттің саясатын жүргізетін құралы ретінде көрінеді). Мемлекет заңды нормаларды белгілейді, қолданады кепілдік береді. Тек мемлекет органдары ғана құқықтық ұйғарымның орындалуын тексереді, орындалмаса соған сай заңды жаза қолданады [14].
Құқық тарихи жағынан, таптық құбылыс ретінде пайда болды және экономикалық үстем таптың еркін және мүддесін қорғады.
Егер ғұрып адамдардың сезімінде, тәртібінде ұсталса, құқық нормалары көпшілікке белгілі жазбаша дайындағаннан басталды.
Құқық ғұрыпқа қарағанда күрделілеу реттеуші, себебі, онда тиым салудан басқа рұқсат беру және міндеттеу құқық жолдары пайдаланылады, соның негізінде қоғамдық қатынастарды әртүрлі деңгейде тәртіпке келтіруге мүмкіндік туады. Құқықтың пайда болуы - қоғамдағы әлеуметтік қатынастардың қиындауының қайшылықтың артуының нәтижесі, алғашқы қауымдық нормалардың оларды реттеуге мүмкіндіктері аз болды.
Құқықтық нормалар көп жағдайда үш негізгі жолдармен құрылды:
1) Мононормалардың (алғашқы әдет-ғұрыптардың) әлеуметтік нормаларға айналуы, соған байланысты оларға мемлекетпен рұқсат беріліп бекітілуі;
2) Мемлекеттің құқықтық шығармашылығы арқылы заңды нормалары бар арнайы құжаттар жасалуы -- нормативті актылар (заңдар, қаулылар т.с.с.).
3) Прецеденттік құқық, соттардың нақты шешімдерінен тұрады (соттардың және әкімшілік органдарының қабылдаған шешімдері, сондай істерді шешуге үлгі ретінде қабылдануы).
Құқықтың нысанына (шығуына), құқықтық нормалардың көріністерін бекіту жолдары жатады. "Құқықтың шығу жолдары" заңды нормалардың сыртқы көрініс нысандарын белілеу үшін қолданылатын арнайы құқықтық атау.
Құқықтың қайнар көздеріне, заң нормалары бекітілетін арнайы мемлекеттік құжаттар жатады. Мысалға, заң президенттің қаулысы, үкіметтің қаулысы, жергілікті өзін-өзі басқаратын органдардың шешімі. Көрсетілген актыларда белгілі мемлекет органдарынан шыққан тәртіптілікті сақтау ережесі кіреді. Бұл ережелер құқықтық нормаларға бекіп, жалпыға бірдей маңыздылыққа ие болады.
Құқықтың негізгі нысандарына (қайнар көздеріне) мыналар жатады: құқықтық әдет-ғұрып, заңды прецедент (сот практикасы), нормативті-құқықтық акт.
Құқықтық ғұрыптар. Құқықтық ғұрып дегеніміз, мемлекетпен рұқсат етілген тәртіп ережесі, ол ертеден қалыптасып ұзақ жылдар бойы қайталанған адамдардың өзгермейтін қарым-қатынастары, сонысына байланысты тұрақты норма ретінде бекітілген. Мемлекеттің рұқсат беретін барлық әдептерге бірдей емес тек, өзінің мүдделеріне сай ғұрыптар болған. Рұқсат берілген ғұрыптар жалпыға бірдей міндетті сипаттағы тәртіп жолдары. Ертедегі құқықтық ғұрыптарға құл иеленуші құқықтың XII таблиц заңы (Ертедегі Рим V ғ. б.д.э.) Драконша заңы, (Афинь VII ғ. б.э.д.) және басқалар жатады [14].
1.2 Құқықтың пайда болу ерекшеліктері
Заң ғылымдарының құқықтық ғұрыптарға көзқарасы бір жақтыға жатпайды. Біреулері, құқықтың пайда болуындағы шығатын жерлерін есептеп ғұрыптарға ең жоғарғы баға береді. Себебі, заң шығарушы және сот органдары өздерінің құқыққа шығармашылықпен қарағанда, сол қоғамда қалыптасқан көзқарастарды және ғұрыптарды басшылыққа алады. Ғұрыптардың ролін жоғары бағалу, социологиялық және ерекше тарихи құқық мектебіне тән, себебі, олар құқықты халық сапасының нәтижесі ретінде көреді.
Заңды позитивизм, керісінше ғұрыпты құқықтың шығу көзі ретінде ескіргендікке жатқызады және қазіргі өмірге сай ешқандай маңызды қызметі жоқтығын айтады. Заңды позитивизм өкілдері құқықтың ең басты пайда болу көзіне заңды жатқызады, себебі ол өзінің реттеуімен қоғам өмірінің негізгі ортасын қамтиды.
2. Заңды прецендент (сот тәжірибесі) - Қазіргі дүниеде көп тараған құқықтың шығу көздерінің бірі. Заңды прецендент дегеніміз, соттың және әкімшілік органдарының заңды бір істі қараған шешімі, ол іске, мемлекет жалпы міндеттілік маңыз береді. Ол соттық және әкімшілік прецедент болып екіге бөлінеді. Заң прецендентіне бұрышы болған мемлекеттік органдардың (соттық не әкімшілік) белгілі жұмыс бойынша шығарған шешімдері құқықтық нормалардың күшіне ие болып, одан кейінгі сондай істерге қолданылатын болады. Прецеденттік құқық формалары Англияда және АҚШ-та кеңінен пайдаланылады.
Прецеденттің пайда болған, туған жері Англия болып есептеледі. Жалпы құқықтар онда корольдердің соттарымен жасалған және негізінен, құқық сот тәжірибесінің нәтижесі. Ағылшын соттары кәзіргі кезде тек құқықты қолданып қоймайды, құқық нормаларын құрастырады. Англияда мынандай жолдар қалыптасты және прецедентті қолданудың шегі белгіленді:
а) Лорд Палатасының шығарған шешімі, өзінің және барлық соттардың орындауына міндетті;
б) Апелляциялық соттың шешімі Лорд Палатасына, басқа барлық соттарға міндетті;
в) Жоғарғы соттың шешімдері төменгі соттарға міндетті. АҚШ-та прецедентті құқықтың шығу көзі ретіндегі қатынасы қарапайым, мұнда сот тәжірибесін өзгертуге мүмкіндік бар.
Революцияға дейінгі орыстың құқық теориясы, заң нормаларының сот тәжірибесімен толықтырылуын қолдаған, бірақ ондай пікірлер көпшілікпен қолданбады. Сот тәжірибесіне құқықтың шығу көзі ретіндегі қатынасын былай деп көрсетті: Қоғам өмірінде заңмен қаралмаған әртүрлі кездейсоқ жағдайлар болады, сот сондай жағдайларды процессте қарағанда шығармашылық роль атқарып, барлық казустарды шешуге тиісті және жаңа казустармен кездеседі, сонда олар үшін еріксіз жаңа нормалар құрастыратын болады. Ол сондай жағдайларды шешуге дәл келетін заңдарды іздейді. Яғни, "заңның аналогиясын" пайдаланады.
Еліміздің заң ғылымы кейінгі кездерде, сот тәжірибесін толық түрдегі құқықтың шыққан көзіне жатқызбайды. Құқықты қолдануда объективті тәжірибенің негізінде, соттардың жаңа нормаларды қосуға және жөндеуіне болмайды. Себебі, ол тек қызметтік ролінде, заңды нормаларды қолдану процесінде талқылайды, анықтайды.
2. Нормативті-құқықтық актылар - бұл құқықтық шығармашылық, онда құқық нормалары бар. Құқықтың шығу көздерінің ішінде нормативтік-құқықтық акт ең алдыңғы орын алады. Ол өзіне, жалпыға бірдей мемлекетпен құрылатын қорғалатын ереже тәртібін жинайды. Ондай актыларға конституция, басқа заңдар, атқарушы органдардың нормативті шешімдері жатады. Басқаларға қарағанда, нормативті актылар толық және жедел түрде қоғамның өзгермелі қажеттілігінің дамуын, құқықтық реттеудің тиімділігін көрсетеді, қажетті біркелкілікті қамтамасыз етеді.
Құқық және дін. Адам баласы қоғамының белгілі даму кездерінің тарихында діни (каноникалық) құқық белгілі роль атқарғанын білеміз, әсіресе ондай жағдайлар дінді мемлекеттік институт ретінде санайтын елдерде болды. Орта ғасыр кезеңі де, соған ұқсас мысалдарға толы болды. Шіркеу заңдылықтарына отбасы, неке, заттар туралы және қылмыстық-құқықтық қатынастарды шешу жатқан.
Қазіргі кезде, құқықтың шығу көздеріне жататын араб елдеріндегі көп тараған мұсылмандардың діни көзқарастары. Мұсылман құқығы, басқа көптеген құқық жүйесінен өзгеше. Олар ислам дінінің бір жағын құрайды. Бұл діннің негіздері, біріншіден, мұсылман неге сенетіні туралы догмаларын белгілейді және анықтайды, екіншіден, сенушілерге алдын-ала не істейтіндерін, нені істеуге болмайтындығын үйретеді. Былайша айтқанда "шар" не "шариғат" (аударсақ "жүретін жол"), мұсылман құқығы болып аталады. Ол құқық мұсылман дініне сенушілерге, өзін дінге сай қалай ұстайтындығын көрсетеді.
Мұсылман құқығының негізіндегі шығатын төрт жерін айтуымыз қажет:
1) қасиетті кітап Құран;
2) Сунна - әдет-ғұрыптар жинағы;
3) Қияс - мұсылмандардың өміріндегі құбылыстар жөнінде салыстырмалы әңгімелер.
1.3 Құқықтың қайнар көздері
Құқық негізі жөнінде әңгімелескенде, бәрінен бұрын құқықтың пайда болуы мен оның әрекет етуіне негіз болатын қозғаушы күштердің мағынасы әңгімеге арқау болады. Мұндай қозғаушы күштер мемлекеттің құқық шығармашылық ісі, үстем таптың (бүкіл халықтың) ерік-жігері және ең соңында қоғамның материалдық тұрмыс жағдайлары.
Бұл тұрғыдан құқық негіздерін кең мағынада түсіндіреді. Сондай бола тұрса да "құқық негіздері дегеніміз - қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми түрде бекітілген, жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін қоғамның ерік-жігері.
Әдетте құқық негіздері төрт түрге бөлінеді: құқықтық әдеттер, сот прецеденттері (үлгілер), құқықтық келісім-шарттар, нормативтік-құқықтық актілер.
Құқықтық әдеттер - қоғам өмірінен шыққан, адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін ресми түрде бекітілетін әдет-ғұрыптар.
Кезінде қазақ даласында құқықтық әдет-ғұрыптар қоғамдық қатынастардың негізгі реттеушісі болған [15].
Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы (XVI ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ қоғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді қарағанда күші бар құқықтық норма ретінде пайдаланылған. XIX ғасырдың билер съезінде қабылданған ережелерде құқықтық нормалар жазылып, нормативті актілер ретінде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған.
Құқық прецеденті - жоғары мемлекет (сот) органдары қабылдаған нақты шешім. Осы шешім төменгі мемлекет (сот) органдарына ұқсас істерді шешкенде негіз болады. Құқық прецендентінің шыққан елі - Англия. Қазіргі заманда құқық прецеденті Англия, АҚШ, Үндістан, Австралия мемлекеттерінде құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Құқықтың келісім-шарт екі немесе көп жақтың өз еркімен жасалған, ресми түрде бекітілген, мемлекет күшімен қамтамасыз етілетін келісім-шарт.
Қазіргі заманда құқықтық келісім-шарттар халықаралық қатынастарда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады.
Нормативтік-құқықтық актілер - құқықтың ең басты қайнар көзі негізі ретінде танылады.
Нормативтік-құқықтық акті (НҚА) - мемлекеттік органдар ресми түрде қабылдаған, жалпы ережелерден тұратын, қоғамдық қатынастарды реттейтін, жалпыға бірдей міндетті құжат, яғни акті.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік актілер арқылы қалыптасуда, Құқықтық нәр алатын бастауы - Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Одан төмен -- конституциялық заңдар. Ондай заңдар ерекше қатынастарды реттейді. Одан кейінгі - жай заңдар. Конституцияға өзгерістер мен қосымшыларды республикалық референдум немесе Парламент енгізеді. Конституциялық және жай заңдарды Парламент қабылдайды. Парламент Президентке бір жылдан аспайтын мерзімге заң шығару өкілеттігін беруге қақылы. Конституцияда аталған жағдайда Президент заң күші бар Жарлық шығаруға қақылы. Президент өз өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша нормативті Жарлық шығарады. Қазақстан Республикасының Үкіметі өз құзырындағы мәселелер бойынша Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші бар қаулылар шығарады. Конституциялық Кеңес өз құзырындағы мәселелер бойынша нормативті қаулылар шығаруға құқылы. Ол Қазақстан құқығының құрамды бөлшегі болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты да құзырына жататын мәселелер бойынша нормативті қаулылар қабылдауға құқылы.

Құқық салаларын, оның пәнін, әдісін құқықтық реттеудің салалық әдісін және құқықтық жүйені тұтасымен теориялық талдаудың маңызды инструментіне құралына құқық қағидасының түсінігі жатады.Құқықтық қағидалар қалай болмасын, құқықта көрсетілгендей, негізгі идеялар ретінде осы уақытқа дейін көрсетілуде.Қазіргі кездегі, біздің құқықтануда, құқықтық қағидалар теориясы құқық қағидасы ретінде қабылдаып, қандай күйде болсын құқықта бекітілгендей, негізгі бастаушы идеялар ретінде қалды.
Ғалыдардың көзқарастарындағы ол мәселе туралы ұқсастықтар орынды. Шектен тыс дауласу, әрине бұл жұмысқа кедергі.Алайда, бұл оқиғада проблема басқадай: құқық қағидалары біржақты түсіндіріледі, олардың түсінігінің дамуы сол күйінде тоқтап қалды,ол жалпы құқық теориясының даму деңгейіне жауап бермейді және соған байланысты теориялық мәселелерді шешуге кедергі жасайды.
Сонымен бірге, мынандай үш компонеттерді біріктіру: Жалпы жүйе теориясының жағдайын, құқықтық реттеу тетігінің идеяларын, бірақ олардың синтезі емес, барлығы құқықтық құбылыстар өмірінен, обьективтік құқықтың ашылу тетігіг ретіндегі сыртқы жағдйы және құқықтың табиғатын блу. Бір жағынан, олардың негізгі құқықтық ықпалдың құралы туралы мәлісеті бар, екінші жағынан - маңызды элементі, құқықтық құралдардың шын мәніндегі жалғасы, нақтылы тәртіп актісін реттеу процесінде объективтік құқықтан шығарылған. Ол теориялық реакцияны туғызып, нәтижесінде құқықтық қағиданың түсінігіне тиіті жаңа көзқарас туды.
Құқық қағидаларының дәстүрлі түсінігінің қалыптасу түріндегі жағдайы туралы айтсақ, ол шын мәнісінде басқа емес құқықтық жүйедегі бар шын мәніндегі құқықтағы негізгі ақпараттық көрініс болып табылады. Бұл бағытта, қағидалар жалғыз ғана құқық жүйесінің ақпараттық компонеттер жүйесі болып қалды, оған қатысты еш қандай екіжақты онтологиялық ұқсастық құқықтық шындықта іздеушілік әрекеттері жоқ.
Барлық қазіргі қалыптасқан құқықтық қағидаларды ( ойдан шығарылғаннан басқа) қағидалар- байланыстарына сай бөлуге болады, яғни әрқайсысындағы идея қағидаларында өздері негіз жасаған қағида- қатынастарды табуға болады.
Салалық идея қағидалары екі топтағы құқықтық байланыстарғанегізделеді:
1) Салалық пәнде көрсетілген байланысқа;
2) Оның құқықтық реттеу тетігіндегі байланысқа, яғни құқықтың ықпал құралы мен пәннің арасындағы.
Бұл қағидалар байланыстарынаң кейбіреулері бір- біріне сәйкес келуі мүмкін.Мысалы, құққықтық реттеу тетігіндегі (ҚРТ) маңызды құрылыс байланысына субъектілер арасындағы байланыс жатады, яғни құқықтық қатынастар. Сонымен қатар, салалық пән құқықтық құрылысты тегін өтеді (құқықтық қатынастар жүйесі).
Кейбір құқықтық қағидалар идеяларының объективтік ұқсастықтарын іздеу бағытында қараймыз. Мысалы, заңдылық қағида шын тәртіп пен құқық нормаларының арасындағы маңызды байланыстарды көрсетеді, дәлірек (фактідегі) тәртіп пен құқық талаптарының арасындағы сәйкес келу қатынасын ақпараттық басқаружүйесі ретінде көрсетеді. Не, мысалы, азаматтық процессуалдық құқықтағы бекітілген процессуалдық құқықтардың қағидаларының жақтары, азаматтық құқықтағы субъектілердің қатынастарының маңызды ерекшеліктерін көрсету, өз кезінде екіжақтық теңдігімен, азаматтық айналумен қамтамасыз етілген. Ал қағидалар- идеялар (қылмыстық- процессуалдық құқық) азаматтық және қылмыстық процестердің материалды- құқықтық ортаның байланысының ерекшеліктерін сипаттайды. Объективтік шыңдықтың процессуалдық қағида процестің байланысына, оның объектісі мен мақсатына негізделеді.
Процессуалдық құқыққа кіргізілген қағидалар- идеялар бөлігі- қағидалар байланысындағы соттық ұйымдастыру құрылысының және басқа юрисдикциялық жүйелердің көрінісі ( халық заседательдерінің қатысуы жөнінде және істі қараудағы коллегиялық жағдай ).
Құқық жүйесінде мыналарды айыра білу қажет.
а) қағидаларидеялар, соның құрамындағы ақпараттық жүйе ретінде және құқықтық реттеу тетігіндегі объективтігі бар байланыстың және құқықтық реттеу объекттінің идеялық көрінісі;
ә) құқық жүйесінің меншікті құрылыс ұйымдарының қағидалары. Әңгіме құқықтың өз ішіндегі байланыс туралы болып отыр, элементтердіңарасындағы байланыстар туралы: салалардың, институттардың.
Қағидалар мен құқықтың құрамдық қағидалары және идеялы қағидаларымен арасындағысақталған байланыстар күмәнсіз.Кейінгілердің қағидалы- байланыстарымен, құқықтық құралдармен және сала пәндеріндегі байланыстармен қамтамасыз етілуі, не байланысты заңдар жүйесін жетілдірудің объективті негізін құрайын жалғастықты құрады.
Бұлай келу, номативті шығармашылық процесі кезінде заң шығарушыны заңдарда бекітілген қағидалы идеяларға жүгінуі жүгінуге мәжбүр ету, ең алдымен,құқық жүйесіндегі шын мәніндегі бар принципті байланысты есепке алуды талап етеді. Оған қоса, біріншіден, кей жағдайларда оның өзінің меншікті әрекетінің нәтижесі.
Кейде заң әдебиеттерінде жеке салалардың принциптер жүйесінің барлығы туралы тұжырымдамаларды кездестіруге болады, не барлық құқық жүйесінің көлемінде.Проблеманың зерттеу бағыты дұрыс және болшағы бар, бірақ әр уақытта осындай қорытындылар соған сай аргументация таба бермейді.Салалық принциптер идеялар жиынтығында, кемінде екі жағдайда жүйені құра алады:
а) қағидалы байланыстар, өздері негізделген принциптер мен идеяларда принципті байланыстардың жүйесін құрайды;
ә) қағидалы идеялар, принципті байланыстардың жүйесін бірдей көрсетеді, яғни артығы жоқ, қажеттіні қосады.т.с.с.
Жүйе байланысы(қатынастар) жүйелік келу теориясында құрылыс деп аталады. Сондықтан, құқықтық байланыс жүйесі туралы мәселе - құқықтық құрылыс мәселесі жөнінде.
Жоғарыда көрсетілгендей, қағидалы идеялар екі негізгі құқықтық байланыстарға негізделген: құқықтық реттеу тетігінде және сала пәнінде. Соған сай, қағидалы идеялар жиынтығы туралы ойлағанда алдын ала ол кезді зерттеу керек. Айтылған құқықтық қатынастар түрлері салыстырмалы бостандықта. Сонымен бірге, тек кешенді саланың ғана құқықтық құрылымы бар, ал негізгі пәнде пайда болған құқықтық қатынастар, жүйеде бір-бірімен байланыстаемес. Дегенмен, олар қағидалы идеяларды қалыптастыруға қажетті материалдарды береді.
Басқа жағынан, егер әйтеуір бір құқық саласының мазмұның зерттегендегі нәтиже мен әртүрлі тұтастық қағида идеялардың жиынтығы ретінде сипатталса, онда бұл күмәнсіз түрде кешенді құқық саласы.
Құқықтық қағидалар(олар- құқық қағидалары,құқықтық реттеу қағидалары)- бұл басты белгілеуші,құқықтық реттеу обьектісіндегі маңызды құрамдық байланыстар,құқықтық жүйенің іші және оның сыртында (әлеуметтік ортадағы байланыстар) олар обьективтік құқықтың мазмұнында ақпаратттық көрінуді принципті идеялар түрінде табуға міндетті
Құқықтың қағидалары - бұл құқықтың ерекше әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін көрсететін негізгі бастамалар, ережелер, идеялар. Олар құқықтың заңдылығын, табиғатын және әлеуметтік мәнін көрсетеді және заңдардың өзінде тікелей көрініс тапқан немесе олардың мәнінен туындайтын жүріс- тұрыс ережелері болып табылады. Таралу саласына қарай жалпы құқықтық, салааралық және салалық қағидаларды бөліп қарастырады.
Жалпы құқықтық қағидалар барлық құқық салалаында күшке ие болып келеді. Оларға мына қағидалар жатады:
-әділеттілік
-азаматтардың заң мен сот алдындағы заңды теңдігі;
-ізгілік ( гуманизм)
- демократиялық;
-құқықтар мен міндеттердің біртұтастығы;
- сендіру мен мәжбүрлеуді үйлестіру.
Салааралық қағидалар бірнеше құқық саласының ерекше мәнді белгілерін сипаттайды. Олардың арасынан жарыспалылық және сот өңдірісінін жариялылығы және т.б. қағидаларды бөліп атауға болады.
Салалық қағидалар тек бір саланың шеңберінде ғана әрекет етеді. Мысалы, азаматтық құқықта- мүліктік қатынастардағы тараптардың теңдігі қағидасы; қылмыстық құқықта - кінәсіздік презумпциясы.
Құқық қағидалары қоғамдық қатынастарды ретеуге қатысады, себебі, олар құқықтық әсер етудің жалпы бағыттарын анықтап қана қоймай, нақты бір іс бойынша шешмнің негіздемесіне де енуі мүмкін.
Құқық қағидалары
Құқық қағидалары
Бұл құқықтың арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнісін білдіретін негізгі,бастапқы ережелер, идеялар.

Салалық- құқықтың нақты бір саласының (азаматтық қылмыстықжәне т.б.)ерекшеліктерін сипаттайтын жетекші бастаулар

Салапаралық- құқықтың бірнеше ұқсас салаларына қатысты жетекші бастаулар

Жалпыға ортақ- құқықтық қоғамдық қатынастарды реттеуші ретіндегі ерекшелігін айқындайтын негізгі бастаулар

Ж
Құқықтың негізгі қағидалары:
1.Қоғамдағы әртүрлі мүдде - мақсаттарды нормативтік: жүйемен реттеп - басқару;
2.Адамдардың, ұйымдардың бостандығының іс- әрекетінің деңгейін, шеңберін норма арқылы анықтап отыру;
2.Адамдардың, ұйымдардың ара қатынасындағы келіспеушілікті шешудің, реттеудің негізгі түрлерін белгілеп отыру.
2.2 Құқықтың қызметі
Құқықтың қызметтері - бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін, өқұқықтық әсер етудің негізгі бағыттары.
Құқықтың функцияларын түрлерге бөлудің негізінде жатқан екі жақты шартты түрде бөліп қарастыруға болады:
1) Сыртқы жақ, бұған сәйкес құқықтың әлеуметтік функциялары анықталады, олар:
-экономикалық (құқық өңдірістік қатынастарды, реттейді,меншік нысанын бекітеді және т.б.)
-саяси (құқық саяси қатынастарды, саяси жүйе субъектілерінің қызметін реттейді және т.б.),
- тәрбиелік (құқық белгілі біридеологияны көрсетеді, тұл,аларға арнайы педагогикалық әсер етеді және т.б.) функциялар.
2) ішкі жақ, бұл құқықтың табиғатынан туындайды, олар реттеуші және қорғаушы функциялар.
Реттеуші функция- бұл позитивтік жүріс- тұрыс ережелерін орынқтырудан, қоғамның, мемлекеттің, тұлғаның мүдделеріне сәйкес қатынастарды дамытуға жәрдем беру мақсатында құқық субъектілеріне субъективтік құқықтар беруден және заңды міндеттер жүктеуден көрініс табатын, құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның шеңберінде оның екі түрін бөліп қарастырады: реттеуші статистикалық және реттеуші динамикалық функциялар.
Реттеуші статистикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға оларды белгілі бір құқықтық институттарда бекіту жолымен әсер етуінен көрінеді. Статистикалық функцияны жүзеге асыруда кронституцияда бекітілген саяси құқықтар мен бостандықтар институты ерекше мәнге ие.
Реттеуші динамикалық функция құқықтың қоғамдық қатынастарға құқық субъектілерінің белсенді жүріс- тұрысын қамтамасыз ету жолымен әсер етуінен көрінеді. Ол азаматтық, әкімшілік,еңбек құқығының инститтарынан көрініс табады.
Қорғаушы функция- бұл ерекше маңызды экономикалық, саяси, ұлттық және жеке қатынастарды қорғауға, заңды қорғау мен заңды жауапкершіліктің шамасын,оларды жүктеу мен орындаудың тәртібін орнықтыруға бағытталған құқықтық әсер етудің әлеуметтік мақсатпен байланысты бағыты.
Бұл функцияның әдіс - тәсілдері;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz