Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың тиімділігі
6 тақырып. ҚР-дағы шетелдік инвестициялар, тікелей шетелдік инвестициялар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Шетелдік инвестицияларды тарту және Қазақстандағы инвестициялық климат
1.2 Шетелдік инвестиция: мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асырудың негізгі меxанизмі
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ КАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНЫҢ АНАЛИЗІ
2.1 Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаты
2.2 Қазақстан экономикасына шетелдік инвестиция тартудың тиімділігі
2.3 Қазақстан Республикасында жағымды инвестициялық жағдай қалыптастырудағы қиыншылықтар
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНА ШЕТЕЛДІК ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасына шетелдік капитал тартудың перспективалары
3.2 Қазақстан Республикасына шетелдік инвестиция тартудың меxанизмін жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
7
10
10
15
17
19
19
23
25
27
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Қазақстан халқына жолдауында озық трансұлттық компаниялардың технологияларымен шетелдік инвестицияларды тартуға ерекше назар аударды.
Шетелдік инвестицияларды тартуды елімізге білімдер мен жаңа технологияларды трансферттеу үшін пайдалану қажет. Шетелдік компаниялармен бірге жобалық және инжинирингтік орталықтар құру керек. Ірі мұнай-газ және тау-кен нысандарында жұмыс жасайтын трансұлттық компанияларды шақыруымыз керек, сонда олар өз қажеттіліктері мен сервисті қамтамасыз ету үшін өндіріс құра алады, - деп үндеді Мемлекет басшысы Жолдау құжатында [1].
Батыс эксперттерінің айтуы бойынша: Қазақстандағы инвестиция жағдайы қазіргі кезде жақсы деңгейде. Бірақ бұл үлкен бюрократиялық шектеулерге шектелуде, сонымен қатар қаржылық тәуекелділік пен салықтық заңдардың жетіспеушілігі және сақтандыру сферасындағы заңдардың жетіспеушілігінен туындап отыр. Осының бәрі шетелдік капиталды экономикаға тартудағы негізгі мәселе болды. Қазіргі таңда осы шетелдік капитал экономиканың өсуіне бірден бір әсерін тигізді. Шетелдік капитал мен инвестицияны тарту мемлекеттік деңгейде қалмауда. Шетелдік капиталды тарту және оны пайдалану жеке түрде жүргізілуде және берсе - ал деген саясат пен жүргізіледі.
Сонымен қатар шетелдік елдердің тәжірибесі бойынша шетелдік капитал мемлекеттің экономикасына кері әсер тигізеді. Оны айтатын болсақ, ол мемлекетті қарыз дағдарысына алып келеді. Қазақстан капиталды - Латын Америка, Шығыс европа, Қытай, Оңтүстік шығыс Азия елдеріне қарағанда өте аз мөлшерде тартуда.
Дегенмен қазіргі кезде Қазақстан экономикасының дамуы тартылған инвестиция деңгейі мен оны рационалды қолдануына тәуелді. Сондықтан таңдап алынған курстық жұмысының тақырыбы қазіргі кезеңде өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты. Қазақстан Республикасындағы шетелдік инвестициялар, оның ішінде тікелей шетелдік инвестициялар туралы толық ақпарат беру.
Мақсатқа жету келесідей міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Инвестицияны тартудың әлемдік тәжірибесін зерттеп, олардың тиімді жақтарын ұсыну;
- Қазіргі инвестициялық саясаттың ерекшеліктерін зерттеу;
- Инвестицияны тартудағы кедергілерді айқындау;
- Қазақстан Республикасына инвестицияны тартуды жетілдіру жолдарын анықтау және олардың тиімділігін бағалау.
Зерттеу пәні ретінде Қазақстан Республикасына тікелей шетел инветицияларын тарту процесі кезінде қалыптасқан ұйымдық-экономикалық қатынастар қатысады.
Курстық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші тарауда инвестицияның теориялық негіздері және инвестицияны тартудағы шетел тәжірибесі қарастырылған.
Екінші тарау Қазақстанның инвестициялық саясаты және шешім қабылдау бағдарламалық кешеніне арналған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасына шетелдік инвестиция тартудың перспективалары және шетелдік инвестиция тартудың меxанизмін жетілдіру жолдары көрсетілген.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актiлерi мен мерзiмдi баспасөз материалдарынан, осы заманғы экономикалық әдебиеттерден, ғылыми-зерттеу институттарының статистикалық ақпараттарының мәліметтерінің көмегіне негізделіп жазылады.

"Инвестициялар" түсінігі - көп қырлы құбылыс, оның бірнеше мағыналық анықтамасы бар:
- ең алдымен, инвестициялау жөнінде сөз еткенде, құрал-жабдық, технологиялар жөнінде айтылады. Оларды енгізу арқылы өндірістік процесс жүзеге асырылады;
- соңғы кездері бағалы қағаздарды, акцияларды сатып алу жөнінде сөз болады;
- мұндай анықтама бірнеше шектеуші сипатта болады, өйткені кең мағынада алғанда, ол әр алуан текті операциялардың тізбектеп орындалуы бар белгілі бір процесс болып табылады;
- осы процестің әлеуметтік-экномикалық салдары бойынша оны экономиканың дамуын қамтамасыз ететін белгілі бір механизм ретінде бағалауға болады.
Экономикада "капитал" түсінігі синоним ретінде қолданылады. Бұл мағынада, халықаралық экономикалық қатынастардың формасы ретінде халықаралық капитал қозғалысы динамикалық категория қызметін атқарады.
Халықаралық капитал өз қозғалысында әр түрлі факторлармен және себептермен байланысты, әр түрлі мақсаттарды көздейді. Бұлардың ішінде жоғары пайда алу ерекше орын алады, ол әр алуан формада болуы мүмкін: өнеркәсіптік, банктік, саудалық займдар бойынша проценттер, жер өсімі және т.б.
Әлемдік аренада капитал әр түрлі институционалдық инвесторлар арқылы екі формада болады:
- кәсіпкерлік капитал;
- саудалық капитал.
Кәсіпкерлік капиталдың өзі халық шаруашылығының кез-келген саласына салынуы мүмкін, ол мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады: бағалы қағаздарды немесе қор құндылықтарын сатып алу және сату; шетелдерде өздерінің кәсіпорындарын сату, төл компаниялар мен филиалдарды құру, аралас типтегі кәсіпорындарды құру және басқалар [2, 25].
Салу формалары бағалы қағаздарды немесе мүлікті меншіктену құқығының болуына байланысты ерекшеленеді. Барлық жағдайларда инвестицияланған капиталдың қолданылуына бақылау жүргізудің белгілі дәрежесі айқындалған.
Бақылау қызметін жүзеге асырудың толықтығы дәрежесіне байланысты ол екіге бөлінеді: тікелей немесе жанама (портфельдік) инвестициялар. Тікелей инвестициялар шетелдік кәсіпорындарды тікелей басқаруға құқық береді және инвестор өндірісті басқару процесіне тікелей қатысады.
Екінші жағдайда, шетелдік кәсіпорындарды бақылау құқығы едәуір тарылады және оның айрықша құзыреті - пайданың белгілі бөлігін алумен шектеледі. Тікелей және портфельдік шетел инвестицияларын шектеудің маңызды әдістемелік мәні бар, алайда олардың арасындағы шекаралар шартты түрде белгіленген.
Дегенмен, маңызды айырмашылық төмендегі белгілерде айқын көрініс тапқан: қолданылу мерзімі бойынша портфельдік инвестициялар уақытша болып есептеледі және алып-сатушылық сипатта болады. Ал тікелей инвестициялар экономиканың дамуын қаржыландыруға ұзақ мерзімде әсер етеді.
Табыс алу ауқымы бойынша, портфельдік инвестициялар банктік проценттен артық болатын, капиталдың тұрақты табысын алу мақсатын көздейді. Тікелей инвестициялар инвесторға табыс алуға мүмкіндік береді.
Олар: капиталға кіретін табыс, толық кәсіпкерлік пайда, қызметтердің барлық бағыттары бойынша фирманы бақылаумен қамтамасыз етілетін барлық пайдалар (сауда, инвестициялау, қаржыландыру, кооперация, ғылыми-техникалық қызмет көрсету және т.б.).
Пайданы алу ауқымы мен оның тиімділігі бойынша тікелей инвестициялар жанама инвестициялармен салыстырғанда жоғары тиімділікке қол жеткізумен ерекшеленеді.
Инвестициялардың экономикадағы рөлі мен орны бойынша тікелей инвестициялар ішкі нарық жағдайына тікелей түрде әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын қалыптастырады, басқару мен маркетингтің жаңа формаларының жедел түрде енуін және т.б., сонымен бірге ұлттық экономиканың құрылымын өзгертеді [3, 102-104].
Елдің ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіп бойынша ұлттық меншік шетелдік инвестор полюсіне қарай ығысуын туындатады. Дүниежүзілік шаруашылықтың дамуындағы түбегейлі өзгерістер 80-жылдар аяғында болды.
Зерттеулер көрсетіп отырғанындай, инвестициялық ресурстардың ағымын екі себеп ынталандырады: жекелеген елдердің дамуының біркелкі еместігі және индустриалдық елдердің жедел өсуі. Капитал импортының жоғары деңгейі өндірістік саламен салыстырғанда әлемдік сауданың жедел өсуіне ықпал етті.
Экономиканы модернизациялау үшін, әлеуметтік-экономикалық даму, шикізат пен экспорттық тәуелділік үшін, Қазақстан Республикасы Форсирленген индустриалды-инновациялық дамуы Мемлекеттік Бағдарламаның жүзеге асуы үшін елімізге инвестициялар қажет. Инвестицияларды тарту мүмкіндігінің шешуші факторы болып қолайлы инвестициялық климат табылады.
"Инвестициялық климат" мәні көпқырлы. Ткаченко И.Ю., Малых Н.И. сияқты ғалымдар инвестициялық климатты шаруашылық субъектілердің мүмкіндіктерін бағалайтын кешенді факторлар ретінде анықтайды.
Максимова В.Ф. түсінікке келесідей трактовка береді - саяси және экономикалық жағдайлардың уақытша салымдарға болашақта пайда табу үшін салатын бос ақша қаржысын инвестициялық климат деп атайды.
Қаржылық-инвестициялық талқылау сөздігі инвестициялық климаттыинвестициялардың тиімділігіне экономикалық, қаржылық және басқа да қызметтерге әсер етуші ретінде түсіндіріледі [4].
А.Г.Грязнованың жалпы басшылығымен қаржылық-несиелік энциклопедиялық сөздігінде инвестициялық климат - бұл саяси, әлеуметтік-мәдени, қаржылық-экономикалық және құқықтық жағдайларды анықтайтын кәсіпкерлер инфрақұрылымының сапасы, инвестиция тиімділігі, капитал салу кезіндегі тәуекел дәрежесі. [5, 359]
Подшиваленко Г.П. және Ковалева Н.В. ұжымдық авторлық жетекшілігімен инвестициялық климаттың мәнін нормативті-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық талаптардың жиынтығы ретінде анықтайды [6, 374].

Экономика салаларының технологиялық жетілдіруді қолдау үшін негізгі капиталға инвестициялар өсім бойынша шаралар қабылданады. Статистика бойынша, соңғы 4 жылда жылына 22,5 миллиард доллар деңгейінде салынған тікелей инвестициялар бойынша инвестициялық табыстардың таза жылыстауы байқалған. Осыған байланысты экономиканың ұзақ мерзімді өсімін және озық технологиялар трансфертін қолдау үшін тікелей шетелдік инвестициялардың жаңа толқынын тарту бойынша жұмыс басталды.
Осы мақсаттарда Қазақстанда ЭЫДҰ үздік стандарттары мен принциптерін кезең-кезеңмен енгізу, инвестициялық қызмет саласында ұлттық заңнаманы жетілдіру, оның ішінде өңдеуші сектордың нақты жобаларын жүзеге асыруға мақсатты инвесторларды тартуда МЖС тетігі арқылы инфрақұрылымдық жобаларға инвесторлардың қатысуы кеңейтілді.
Инвесторлар үшін әлдеқайда тартымды өңдеуші өнеркәсіптер болмақ. Өткен жылы өңдеуші өнеркәсіп өсімі 1,6%-ды құрады, соынмен бірге ең жоғары көрсеткішті машина жасау саласы көрсетті. Сонымен бірге, Ерболат Досаевтың мәліметінше, ЖІӨ-дегі құрылымда өңдеуші өнеркәсіп үлесі 2010 жылы 11,3%-дан 2013 жылы 10,5%-ға дейін қысқарды. Жоспарланған мұнай және газ өндірісін арттыру ЖІӨ құрылымында өңдеу үлесіне түсетін одан арғы қысым көрсетеді.
Кеден одағы мен БЭК құрудың маңызды мақсаттарының бірі болып өткізу нарығын кеңейту және инвестициялық тартымдылықты арттыру негізінде өңдеу өндірістерін дамыту табылады. Оның көрсеткіші ретінде Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі саласында тартылған тікелей шетел инвестициялар (ТШИ) көлемінің өсуін атап өтуге болады. Кеден одағын құру сәтінен Қазақстанның өңдеу өнеркәсібіне тартылған.
ТШИ көлемі 2009 жылы 1,8 млрд АҚШ долларын құраған 88 пайыздан 2012 жылы 3,4 млр АҚШ долларына дейін артқан. ТШИ жалпы көлемі аталған кезеңде 34 пайызға, 21,4 млрд АҚШ долларынан 28,3 млрд АҚШ долларына дейін артқан.
2013 жылы Қазақстандағы тіркелей инвестициялардың үлестік көрсеткіші 24,1 млрд АҚШ долларын құрады.
Қазақстан Кеден одағы және ЕЭС бойынша серіктестеріне қарағанда либералды салық саясаты мен қалыптасқан жағымды инвестициялық климат шетел капиталын, сонымен бірге бірлескен өндірісті құру үшін КО елдерінен капиталды тартуға үлкен мүмкіндіктер ашады. Негізінен, ресейлік бизнес Қазақстанға жағымды инвестициялық заңнаманы және кәсіпкерлерді қорғаудың тиімді шараларын, сонымен бірге ең маңыздысы саяси және кономикалық тұрақтылықты алып келді.
Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялардың артуы Республикамыздың Кеден одағы мен БЭК бойынша серіктес-елдермен қалыптасқан тауар айналымы құрылымына да жағымды әсер етеді.
2009 жылдан 2013 жыл аралығында Қазақстанның серіктес-елдермен тауар айналымы 88,3%-ға 24,2 млрд. АҚШ долл. дейін артқан.
Кеден одағы елдеріне экспорттау көлемінің артуы байқалады (62,7%-ға). Кеден одағы елдеріне өңделген тауарларды экспорттаудың үлесі 44,9%-дан 54,6%-ға артқан (2013 жылы 3,2 млрд. АҚШ долл.).
Өңделген дайын тауарлар экспорты сонымен бірге өзіне құбыр, түтікшелер мен қара металдан жасалған қуыс профильдер, жүк тасымалдаушы көлік құралдары, подшипниктер, құбырларға арналған арматура, фосфинаттар, аккумуляторлар, мыс сымдар, кондитерлік бұйымдар мен шоколад, шитті мақта, ұн және т.б. қамтиды.
Көлік құралдарын, қара металлдан жасалған дайын заттар, пластмасса, рәзеңке, қағаз, үй шаруасында қолданатын техника және өзге тауарлар экспортында да даму тұрғысында онды нәтижелер байқалады.
Алғаш рет Қазақстан Кеден одағы елдеріне Қазақстанда дайындалған жүк тасымалдау көлігін экспорттауды бастады, олардың экспорты 1,4 млн. АҚШ долл. - нан 14,8 млн. АҚШ долл. артқан.
Қазақстан бизнесті жүргізу жағдайын жақсарту бойынша ең табысты реформалары бар мемлекет ретінде танылады.
Осының дәлелі ретінде халықаралық рейтингтер қызмет етеді, олар бизнесті реттеумен байланысты заңнаманы дұрыс бағалауға мүмкіндік береді:
Doing Business дүниежүзілік банктің бизнесті жүргізудің жеңілдігі индексі бойынша Қазақстан 2013 жылы жалпы рейтингте 185 елдің ішінен 50 орынды иеленеді, оның ішінде Инвесторларды қорғау көрсеткіші бойынша - 10 орын, Салық салу - 17 орын, Кәсіпорындарды тіркеу - 25 орын.
Бүкіл дүниежүзілік экономикалық форумның 2012 жыл үшін Ғаламдық бәсекеге жарамдылық индексінің рейтингісінде Қазақстан Республикасы 144 мемлекеттердің ішінде 51-ші орынды алады.
Халықаралық менеджментті дамыту институтының 2013 жыл үшін әлемдік бәсекеге жарамдылық индексінде мемлекет 60-тың ішінде 34-ші позицияға орналасты. Дүниежүзілік банк сонымен қатар Қазақстанды инвестицияларды жүзеге асыру көзқарасы тұрғысынан әлемнің ең тартымды 20 елдерінің тізіміне қосты.

Қазақстан инвестициялар үшін өңірдегі барынша тартымды елге айналды. Халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, Орталық Азияға келген барлық шетелдік инвестициялардың 80 пайыздан артығы Қазақстанда шоғырланды. Елге тартылған тікелей шетелдік инвестициялардың жан басына келетін көлемі бойынша Қазақстан ТМД мемлекеттерінің арасында көшбасшы болса, ал осы елдер арасында инвестициялық сыныптың халықаралық рейтингін алған бірінші ел болды. Бүкіләлемдік банк Қазақстанды әлемнің инвестициялар үшін барынша тартымды жиырма елінің қатарына қосты. Қазақстан экономикасының түрлі секторларында аса ірі трансұлттық компаниялар мен әлемге танымал брендтер жұмыс атқара бастады. Мәселен, швейцариялық Корика Эйджи компаниясымен бірлесіп, алюминий электролиз зауытының құрылысын жүргізу; Базель компаниясымен газ химиясы кешенін салу, Дженерал Электрик локомотивтер жинастыру жоспарланып, Самсунг компаниясымен бірге күкірт-бетон өндіру жұмыстары басталды, Хевен Хаус тұрмыстық және офистік жиһаздар шығарылып, Шкода маркасының автомобильдерін жинау конвейері жолға қойылды. Әлемдік Пилкинг және Штайнерт компаниялармен бірлесіп әйнек өндірісін салу ойластырыла бастады. Ал әлемде мұнай-газ кешені Қазақстанға инвестиция тартатын негізгі сала ретінде қабылданды. Ел табыстарының негізгі бөлігі - тау-кен саласы, түсті және қара металлургия, феррохромды өндіріп әлемдік нарыққа ұсыну. Қазақмыс компаниясының Лондон биржасына шығуына орай Қазақстан тауарлары әлемдік нарыққа танымал болды. Шетелдік инвестициялар ағынының динамикасы тұрақты түрде ұлғайып, 2003 жылы 5 миллиард АҚШ долларына жуық инвестиция тартылса, 2005 жылы оның көлемі 1,5 есе ұлғайып, 6,4 миллиард АҚШ долларын құрады.
2006 жылы Қазақстан экономикасына әлемнің 60-тан астам елі өздерінің қаржы ресурстарын бағыттап отырды. Әсіресе олардың үлкен ағыны АҚШ-тан, Нидерландыдан, Ұлыбританиядан, Италиядан және Қытайдан бағытталған. Ішкі инвестициялар да ұлғайып, 2005 жылдың өзінде негізгі капиталға инвестициялар 20 миллиард АҚШ долларына шамасындай болса, 2006 жылдың алғашқы төрт айында ол 1,3 есеге өсті. Мұның барлығы мемлекет пен бизнестің бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде жүзеге асырылды [12]. 2007 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 1,4 есеге өсті және 3392 млрд. теңгені құрады. Елде қолайлы инвестициялық ахуал жасалды. Елдің шаруашылық кешеніне қаржы ресурстарын тарту үшін заманауи институттық және нормативтік-құқықтық база жұмыс істеуде. Инвестиция саласындағы туынаған мәселелерді анықтап шешу мақсатында мамандандырылған өкілетті орган және Президент жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылды.
1997 жылы 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасы аясында жасалынған іс-шаралар нәтижесін қорытындылау арқылы әлемде болып жатқан құбылыстарды, мемлекеттің ішкі жағдайын сараптау келешектегі жетуге мүмкіндік беретін белестер отандық, шетелдік мамандар, үкімет мүшелері, министрліктердегі сарапшы мамандар қатыстырылған ой-тұжырым, яғни қоғамның дамуын бағдарлайтын үлкен материал жинақталып стратегиялық бағдарлама даярланды. Сенбестік, сын арқылы, қолдау табатынына сенімді Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан-2050 Стратегиясы идеясын былайша негіздейді: Қазақстан-2030 Стратегиясында белгіленген мақсаттардың көпшілігін біз орындадық. ...Біз қайда боламыз, қандай жұмыс істейміз, ертеңгі күніміз не болады? деген сұрақтарға жауап беру үшін осындай ұзақ мерзімдегі бағдарламаны жасау қажет деп ұйғардым. Бұл жолғы ең басты жаңалық - мемлекеттің жаңа саяси бағытын анықтағанымыз деп білемін [13].
1-кесте. Инвестициялар серпiнi және олардың елдiң макрокөрсеткiштерiне әсерi
Көрсеткiштер атауы
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
Елдiң ЖIӨ, млн. АҚШ доллары
57 123,7
81 003,3
104 853,5
133 440,7
107 715,3
ЖНҚ теңгерiмдiк құны бойынша, млн. АҚШ доллары
39 679,6
54 075,6
70 806,4
92 306,4
н.д.
Негiзгi капиталға инвестициялар, млн. АҚШ доллары1
18 219,3
22 400,8
27 679,5
35 003,1
30 826,6
ТШИ, млн. АҚШ доллары
6 618,6
10 623,6
18 452,6
19 755,2
18 428,8
ТШИ өсу қарқыны, %
79,6
160,5
173,7
107,1
93,3
ТШИ, әлемнiң барлық елдерi, млрд. АҚШ доллары
973,3
1 461,1
1 978,8
1 697,4
н.д.
Қазақстанның ТШИ әлемнiң барлық елдерi ТШИ-iндегi үлесi, %
0,7
0,7
0,9
1,2
-
ҚР жыл басындағы халық саны, мың адам
15 219,3
15 396,9
15 571,5
15 776,5
16 055,7
Жан басына шаққанда ТШИ ағыны, АҚШ долларыадам
434,9
690,0
1 185,0
1 252,2
1 149,2
ҚР СА деректерi
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша 2010 - 2014 жылдардағы негiзгi капиталға инвестициялар шамамен 18,2 млрд. АҚШ долларынан 30,8 млрд. АҚШ долларына дейiн (1 кесте) 70%-ға өстi. Негiзгi капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемi елдiң ЖIӨ-нiң 2010 жылғы 32%-дан, 2014 жылы 28%-ды құрайды. Бұл көрсеткiш өндiрiске инвестициялардың ықпал ету индикаторы болып табылады, өйткенi кәсiпорынның негiзгi капиталына резидент еместерден қаражаттың тiкелей түсуi кезiндегi инвестицияларды ескередi.
ТШИ тарту көлемдерiнiң өсу қарқыны барлық талданып отырған кезең iшiнде тұрақсыз болып қалып отыр. 2013 жылы Қазақстанға ТШИ ағынының үлесi әлемнiң барлық елдерiне ТШИ ағынының 1,2%-ын ғана құрағанын атап кету керек.
Жан басына шаққанда тартылған ТШИ көлемi 2014 жылы 1 149,2 АҚШ долларынадам құрады, бұл 2010 жылдың көрсеткiшiнен 2,5 есе көп, бiрақ 2013 жылдың мәнiнен 8,2% төмен. Тартылған ТШИ жинақталған көлемi (inward FDI stock) 1993 - 2014 жылдар аралығында Қазақстанда жан басына шаққанда 6 737,66 АҚШ долл.адам құрады.
Инвестор-елдер бойынша тартылған ТШИ көлемiн талдау 2-кестеде берiлген, оған сәйкес, тартылған ТШИ-дiң негiзгi көлемi (1993 - 2014 жылдар кезеңiндегi барлық ТШИ 63,5%) Нидерланды (19,9%), АҚШ (18,5%), Ұлыбритания (8,4%), Франция (5,4%), Италия (4,4%), Канада (3,6%) және Швейцария (3,3%) сияқты дамыған елдерден түскенi көрiнiп тұр. Бұдан өзге Қазақстанның экономикасына айтарлықтай iрi инвестор елдер Ресей (3,7%), Қытай (3,5%) және Оңтүстiк Корея (3,1%) болып табылады, сондай-ақ оффшорлық аймақтардан түскен инвестициялық капиталдың салымы да айтарлықтай (Виргин аралдары - 5,6%). Қалған елдердiң үлестерi айтарлықтай емес және 3%-дан аспайды. Қазақстан экономикасына инвестиция салған елдердiң жалпы саны 116 мемлекет тiзiмiнен астам болды.
2-кесте. Инвестор-елдер бойынша тартылған ТШИ көлемдерi
Ел
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
Барлығы (1993 - 2014 жылдары)
млн. АҚШ доллары
%
млн. АҚШ доллары
%
млн. АҚШ доллары
%
млн. АҚШ доллары
%
млн. АҚШ доллары
%
млн. АҚШ доллары
%
Барлық елдердiң жиыны
6 618,6
100,0
10 623,6
100,0
18 452,6
100,0
19 755,2
100,0
18 428,8
100,0
108 045,7
100,0
1. Нидерланды
1 549,2
23,4
2 886,0
27,2
3 148,0
17,1
4 352,1
22,0
6 146,4
33,4
21 472,6
19,9
2. АҚШ
1 131,5
17,1
1 708,9
16,1
2 453,2
13,3
2 076,1
10,5
1 910,6
10,4
19 989,9
18,5
3. Ұлыбритания
-61,1
-0,9
860,5
8,1
916,8
5,0
1 909,6
9,7
958,1
5,2
9 025,0
8,4
4. Виргин аралдары
268,8
4,1
503,9
4,7
2 465,4
13,4
1 040,3
5,3
1 179,1
6,4
6 070,4
5,6
5. франция
774,7
11,7
802,3
7,6
1 022,6
5,5
1 203,8
6,1
1 308,9
7,1
5 887,5
5,4
6. Италия
306,6
4,6
376,1
3,5
517,2
2,8
693,1
3,5
653,0
3,5
4 707,5
4,4
7. Ресей
223,5
3,4
502,7
4,7
785,3
4,3
893,9
4,5
573,9
3,1
3 967,1
3,7
8. Канада
247,0
3,7
437,1
4,1
314,1
1,7
1 053,2
5,3
582,4
3,2
3 869,2
3,6
9. Қытай
216,1
3,3
362,9
3,4
358,2
1,9
692,5
3,5
708,7
3,8
3 802,9
3,5
10. Швейцария
103,4
1,6
234,6
2,2
633,2
3,4
182,9
0,9
449,3
2,4
3 521,4
3,3
Жиыны 10 ел
4 759,7
71,9
8 674,9 1
81,7
12 614,1
68,4
14 097,5
71,4
14 470,3
78,5
82 313,6
76,2
Келтiрiлген елдерден инвестициялар ағыны тұрақты емес және қарастырылған кезең iшiнде (2010 - 2014 жылдар) күштi ауытқу серпiнiне ие, бұл, сiрә, инвестор-компаниялардың инвестициялық жоспарларының iске асырылу ерекшелiктерiмен байланысты болса керек.
1993 - 2014 жылдар кезеңi iшiнде экономика салалары бойынша тартылған ТШИ көлемi мен құрылымы 3-кестеде келтiрiлген, оған сәйкес барлық тiкелей инвестициялардың 37,5%-ы Жылжымайтын мүлiкпен операциялар, жалдау және кәсiпорындар қызметi экономика саласына (олардың 70%-ы геологиялық барлаулар мен iздестiрулер жүргiзу жөнiндегi қызметке тиесiлi), 35% - тау-кен өндiру өнеркәсiбiне, 10% азы өңдеушi өнеркәсiпке және 6% қаржы секторына бағытталды. Бұдан өзге, шетелдiк тiкелей инвестициялардың аз ғана бөлiгi сауданы дамыту, автомобильдердi жөндеу және тұрмыстық тұтыну бұйымдарына (5%), кәсiби ұйымдар мен қауымдастықтар қызметiне (1,8%), азаматтық құрылысқа (1,8%) және көлiк пен байланысқа (1,5%) бөлiндi. Қалған салалардың үлесiне барлық ТШИ-дiң 1%-дан аз ғана астамы тиесiлi. ТШИ-дi салалар бойынша мұндай бөлу, ең алдымен аталған экономиканың шикiзаттық секторларының тиiмдiлiгiнiң жоғары деңгейiмен байланысты.
ТШИ тартудың салалық құрылымы 2010 - 2014 жылдар кезеңiнде жалпы алғанда сақталып отыр және 1993 - 2014 жылдар кезеңiндегi салалық құрылыммен сәйкес келедi, бұл инвестициялар ағыны басымдылығының салалардағы табыстылық деңгейiне сәйкес келетiнiн тағы да растап отыр.
3-кесте. Тартылған ТШИ-дiң салалық көлемi мен құрылымы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң деректерi бойынша)
Қызмет түрiнiң атауы
2010 жыл
2011 жыл
2012 жыл
2013 жыл
2014 жыл
Барлығы (1993 - 2014 жылдары)
млн. АҚШ доллары
%
млн. АҚШ доллары
%
млн. АҚШ доллары
%
млн, АҚШ доллары
%
млн. АҚШ доллары
%
млн. АҚШ доллары
%
Барлығы
6 618,6
100,0
10 623,6
100,0
18 452,6
100,0
19 755,2
100,0
18 428,8
100,0
108 045,7
100,0
Жылжымайтын мүлiкпен операциялар (геология-барлау)
3 647,8
55,1
5 551,0
52,3
6 982,2
37,8
8 107,8
41,0
10 691,4
58,0
40 555,6
37,5
Тау-кен өндiрушi өнеркәсiбi
1 796,6
27,1
2 396,1
22,6
5 390,5
29,2
3 204,1
16,2
4 540,6
24,6
37 817,5
35,0
Өңдеушi өнеркәсiп
303,6
4,6
642,4
6,0
1 061,2
5,8
1 918,3
9,7
1 444,6
7,8
10 132,8
9,4
Қаржы секторы
107,9
1,6
452,7
4,3
2 962,5
16,1
1 933,6
9,8
614,6
3,3
6 457,7
6,0
Автомобиль және үйде пайдалану бұйымдарын жөндеу
381,4
5,8
739,3
7,0
1 235,5
6,7
1 208,3
6,1
1 064,0
5,8
5 369,8
5,0
Кәсiби ұйымдар
51,1
0,8
93,2
0,9
99,0
0,5
2 410,2
12,2
33,9
0,2
2 763,0
2,6
Құрылыс
94,0
1,4
367,8
3,5
478,8
2,6
435,8
2,2
242,3
1,3
1 940,8
1,8
Көлiк және байланыс
98,1
1,5
300,6
2,8
182,4
1,0
271,2
1,4
168,4
0,9
1 613,1
1,5
Энергия, газ және су
119,5
1,8
26,7
0,3
36,6
0,2
124,1
0,6
-513,5
-2,8
373,0
0,3
Өзге де түрлерi
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0
0,0
360,8
0,3
Қонақ үйлермейрамханалар
5,8
0,1
10,2
0,1
49,6
0,3
37,1
0,2
80,2
0,4
292,4
0,3
Әлеуметтiк орта
11,5
0,2
6,3
0,1
-0,9
0,0
66,3
0,3
4,3
0,0
244,5
0,2
Ауыл шаруашылығы
1,2
0,0
37,3
0,4
-24,9
-0,1
38,5
0,2
58,1
0,3
124,6
0,1
Салалар мен аялар бойынша қалыптасатын сәйкессiздiк күрделi қаржы жұмсалымын мүлде тепе-тең емес өңiрлiк бөлуге орай өңiрлердiң экономикалық даму деңгейiндегi теңсiздiктермен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz