Акционерлік сақтандыру компаниялары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Сақтандыру нарығының қазіргі жағдайдағы мәні мен мағынасы
1.2 Сақтандыру нарығының элементтері, түрлері
1.3 Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу
2 ҚР САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
2.1 ҚР Сақтандыру нарығының анализі
2.2 Сая сақтандыру компаниясының қызметін бағалау
2.3 Сая сақтандыру компаниясының негізгі көрсеткіштері мен нарықтағы орны
3 САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ ЖӘНЕ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
8
13
16
16
18
21
25
31
33
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстандағы сақтандыру ісін бағалай отырып, бірнеше келіспеушіліктерді атауға болады. Бір жағынан, бұл сектор қызықтырарлық өсуді көрсетеді, екінші жағынан, көлемі бойынша банктік сектордан айтарлықтай қалып отыр. Дегенмен, әлем бойынша сақтандыру компаниялары банктерді құратын ең ірі инвесторлар ғана емес, экономиканың индикаторы да болып табылады. Егер тұрақтылық болмай, сақтандыру компанияларының акциялары төмендесе, онда саудаға да, көлікке де, банктерге де ол әсерін тигізеді [1].
Қазақстанның сақтандыру нарығы қолданыстағы мемлекеттік сақтандырудың (Госстрах) монопольді жүйесі негізінде құрылған, 90-шы жылдары ол ірі қайтақұруларға тап болды. Отандық сақтандыру ісі өз дамуында әр қадам сайын табиғи емес монополияны басып, альтернативті компанияларға жол берді. Қазіргі уақыттан бастап Республиканың сақтандыру алаңында тосқауыл қойылған шараларға жол берілмейтін анық бәсекелестік бар деп үлкен болмаса да сеніммен айтуымызға болады. Тек шетелдерде қолданылған жаңа сақтандыру түрлері ендіріліп жатыр, сақтандырушылардың жауапкершілігі өсуде.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторы болып табылады. Меншік иесіне мүліктің жойылуы мен табыс жоғалуынан, адамды өмірдің барлық жағдайынан сақтай отырып, сақтандыру қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сақтандыру компанияларының резервтері өндірістік және өндірістік емес бағыттың тиімді салаларына ірі инвестициялар көзі болып табылады.
Көптеген шаруашылық субьектілердің өндірісіне зиян келтіретін және адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін үлкен территориялардағы ірі табиғи немесе техногенді апаттар болған жағдайларда тиісті зиян шегудің орнын сақтандыру компаниялары арқылы өтеу, макроэкономикалық жағдайға оң әсер береді.
Қазақстан үшін өндірістік және өндірістік емес бағыттар табиғи немесе техногенді апаттарға сезімталдық деңгейі жоғары, яғни сақтандырудың потенциалды рөлі жоғары. Дегенмен, жеткілікті сақтандыру резервтерінің болмауы стихиялық апат, авариялар мен техногенді катастрофалар болған жағдайда, ішкі өнімді тұтыну, жинау және орнын толтыруға қайта бөлу пропорцияларының жоспарын бұзады. Пайда болған тура және жанама зиянның орнын толтыруға инвестициялық ресурстарды іздеу қажеттілігі туады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның барлық халықшаруашылық кешенінің қаржылық жақсартудың тиімді жолдарын іздеу шарттарында, сақтандыру елдің тағдырын анықтайтын маңызды экономикалық міндеттерді шешуден тыс қалмауы керек.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі үздіксіз дамуда, бұл тақырыптың өзектілігін анықтайды. Сақтандыру сыйақыларының көлемі, капитализация деңгейі мен басқа да көрсеткіштер өсуде. Сонымен қатар, сақтандыру ісі даму жолында елеулі мәселелер жатыр. Бұл курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға түрткі болды.
Курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кезеңде ҚР-ның сақтандыру нарығындағы мәселелер және оны шешудің мүмкін жолдарын іздестіру. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді қарастыру керек:
1) Сақтандырудың экономикалық мазмұны мен мәнін түсіну;
2) Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының қалыптасуы және даму ерекшеліктерін зерттеу;
3) Қазақстан Республикасының сақтандыру ісінің дамуының тиімді бағыттары мен жағдайын талдау;
4) Сая сақтандыру компаниясын мысал ретінде ала отырып, Қазақстан Республикасының сақтандыру бизнесінің дамуын зерттеу.
Курстық жұмысты жазудың теориялық негізі болып: сақтандыру ісіне қатысты ҚР-ның Үкіметінің Жарғысы мен Қазақстан Республикасының заңдары, монографиялық және оқу әдебиеттері, мерзімдік басылымдар мәліметтері, Интернет көздері, сонымен қатар, Сая СК құжаттары табылады.

Сақтандыру нарығы - қайта сақтандыру компаниялары қанағаттандыратын сақтандыру ұйымдарына, сақтандыру қызметіне сұранысын құратын сақтандырушылар (заңды және жеке тұлғалар) қызмет ететін экономикалық кеңістік. Сақтандырушыдан сақтандырылушыға қызметтерді өткізетін сақтандыру делдалдары (сақтандыру брокері мен агенті), актуарий, өкілетті аудиторлық ұйымдар (өкілетті аудиторлар), бірін-бірі сақтандыру ұйымдары, сақтандыру инфрақұрылымының ұйымдары, сақтандыру нарығының қаржылық тұрақтылығы, сақтандыру операциялары бойынша шығын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Экономиканың жалпы теориясында және сақтандыруда сақтандыру нарығы мен сақтандыру шаруашылығы отандық сақтандыру ғылымы үшін жаңа ұғымдар. Дегенмен де, сақтандыру нарығы ұғымы өндіріспен, қайта бөлумен, сатумен және сақтандыру қызметін пайдаланушылармен байланысты сақтандыру саласында қоғамдық қатынастар жүйесін сипаттайтын сақтандыру шаруашылығы жалпы ұғымының бөлімі. Халықаралық шаруашылық масштабында халықаралық сақтандыру шаруашылығы термині қолданылуы мүмкін. Бұл түсінікте сақтандыру шаруашылығы мекемелермен, ұйымдастырушылық құрылғымен, қызметпен, сақтандыру ұйымдарын басқарумен, сонымен қатар, сақтандыру компаниялар, экономикалық қатынаста сақтандыруды қолдану шартын анықтау мен алғышарттарда, сақтандыру бойынша сақтандыру нарығының басқа да қатысушыларының қызметін мемлекеттік бақылау [2].
Шетел әдебиетінде сақтандыру экономикасы мен халықаралық сақтандыру экономикасы түсініктері бөлек.
Қазіргі кездегі ғылым тұжырымы бойынша сақтандыру нарығы сатып алушылар - сақтандырылатындар сұрынысы мен сатушылар - сақтандыру қорғанысын қамтамасыз ету бойынша сақтандыру ұйымдарының сақтандыру қызметі мен ұсынысының қатынасын басқаратын экономикалық кеңістік немесе жүйе ретінде көруге болады.
Сақтандыру қызметіне сұраныс екі негізгі факторлармен анықталады: жеке алынған азамат пен шаруашылық субьектінің тәуекел менеджментінің элементі ретінде сақтандыруда қажеттілік, сонымен қатар, сақтандыру қызметін алу жолымен сақтандыруға сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, сақтандырушылардың сатып алынатын мүмкіндіктері.
Тәуекел қоғамдық өндіріске тән болашақ қауіп экономикалық қатынастар дамуымен сақтандыру қызметтеріне сұраныстың өсуін анықтайды. Әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі арқылы ұсынылатын сақтандыру қорғанысын бір мезгілде қысқарту, сонымен қатар, сақтандыру қызметтеріне сұраныстың өсуіне себеп болады.
Дамыған және дамушы сақтандыру ісінің мәселесі сақтандырылушылар жағынан қажетті сатып алу мүмкіндігінің болмауы. Бұл мәселені шешу бір жағынан шаруашылық қызмет субьектілерінің қаржылық жағдайы мен халықтың сатып алу мүмкіндігі өсуінен болса, екінші жағынан сақтандыру қызметтерін сатып алу мүмкіндігін кеңейту мемлекеттің макроэкономикалық масштабында ұлттық деңгейде мемлекетпен жүргізілетін белгілі бір шаралар есебінен де жүргізілуі мүмкін. Мысалы, мүліктік сақтандыруға шығыстар, жұмыс, қызмет пен тауарды өткізуден және өндіруден алынған табыстан алынатын шығынға қосуды кеңейту кәсіпорындар мен ұйымдарға сақтандыру қызметтерін сатып алу бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді. Және сақтандыру қызметтеріне сұраныс өмірді сақтандыру, медициналық сақтандыру және басқа да әлеуметтік сақтандыру түрлеріне келісімшарт бойынша сақтандыру сыйақыларына шығындар азаматтар табысының салық базасынан алуға рұқсатпен ынталандырылуы мүмкін. Сақтандыру қызметтеріне сұраныс субьективті сипатта, яғни сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етуде қажеттілікті түсіну тұтынушының ондай қызметтің болуында, оның тұтынушылық сапасында, тиімділігінде, құнында және т.б. хабарсыз болуынан сақтандыру қызметін сатып алу түрінде жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдай сақтандырушылардан сақтандыру тәуекелін жабуда жасырын қажеттіліктерді ашуға бағытталған маркетингтік шараларды жүргізуді қажет етеді.
Сақтандыру қызметінің тұжырымы болашақ сақтандырылушыларды сақтандыруда қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі бар, қаржылық тұрақты және іскер сақтандыру ұйымдардың болуымен қамтамасыз етіледі. Сақтандыру қызметі нарығы құралуының негізгі факторы инвесторлардың сақтандыру компанияларын құруға қызығушылығы, сақтандыру тарифтерін есептеуге қажетті статистикалық және ақпараттық базаның болуы мен сақтандыру тәуекелін бағалау мүмкіндігі, сақтандыру компанияларына инвестициялар қайтарымдылығы мен пайдалылығына кепілдік, сонымен қатар, сақтандыру компанияларында іскер менеджерлер мен сақтандыру қызметі андеррайтингі саласында мамандардың болуы [3].
Тауар, жұмыс пен қызметтің кез-келген түрлерінің нарығы сияқты сақтандыру нарығы да сақтандыру қызметіне бағалардың өсуі мен түсуінде экономикалық заңды толқулар цикліне ұшырайды.
Сақтандыру нарығында экономикалық циклдар ерекшелігі келесі факторлармен анықталады:
* Табысты жылдары артық капиталды сақтандыруға тарту және сақтандыру қызметіне бағаның түсуі;
* Сақтандыруға сұраныстың төмендеуіне әсер ететін теріс жаңалықтарды төмендетуге болатын тиімді шаралардың өсуі;
* Табысты жылдары теріс жағдайлар нәтижесінде бос қалуды қатысты төмендету;
* Сақтандыру және қайта сақтандыру қорғанысы құнын ұстауға алып келетін стихиялық апаттар немесе адам қызметі нәтижесінде болған катастрофалық шығындардың болуы.
Табыссыз жылдары бос қалдыратын шығындар болғаннан кейін сақтандыруға баға тез көтеріледі.
Басқа нарық сияқты сақтандыру нарығында құрылымын сипаттайды:
* Сатушылар - сақтандыру қызметін ұсынуға мамандандырылған сақтандырушылар;
* Сатып алушылар - сақтанушылар - заңға немесе келісімшартқа негізделген мүліктік сақтандыру мүддесі бар заңды және жеке тұлғалар;
* Делдалдар - сатып алушы мен сатушының өзара талабы мен тиісті сақтандыру қызметімен қамтамасыз ететін заңды немесе жеке тұлғалар - сақтандыру брокерлері мен сақтандыру агенттері.
Осы негізгі тұлғалардан басқа сақтандыру нарығында обьективті түрде бар және сақтандыру мүддесін жүзеге асыруда әрекет жасайтын, нарықта сақтандыру қызметтерінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін мекемелер мен ұйымдар жүйесі ретінде қарастыруға болатын, сақтандыру нарығының біртұтас инфрақұрылымын құрайтын, сақтандыруды жүргізуде қатысатын немесе қызығушылығы бар әртүрлі құрылымдар, ұйымдар мен субьектілер.
Сақтандырушылар сақтандырылушылармен сақтандыру келісімшартын жасасқан заңды және жеке тұлғалар болып табылады [4].
Сақтандыратын - сақтандырушылармен қатар сақтандыру заңды қатынасындағы, өзіне тәуекелді алатын субьектілердің бірі. Сақтандыратын түсінігі өзіне сақтандыру ұйымын рыноктың шаруашылық субьектісі ретінде жалпылайды. Сақтандыратын сақтандыру қызметін жүргізетін және оны жүзеге асыруға лицензиясы бар кез-келген ұйымдастырушылық-құқықтық формадағы заңды тұлға (сақтандыру ұйымдары) болып табылады.
Сақтандыру ұйымдарының кең тараған ұйымдастырушылық-құқықтық формасы акционерлік қоғам, бірін-бірі сақтандыру қоғамдары, ал халықаралық тәжірибеде - акционерлік қоғамдар мен коммерциялық емес ұйым формасындағы өзін-өзі сақтандыру қоғамдары. Сақтандыру нарығы құрылымын толығырақ келесі түрмен сипаттауға болады:
1. Мемлекеттік сақтандыру бақылау Органы;
2. Акционерлік сақтандыру компаниялары;
3. Мамандандырылған қайта сақтандыру компаниялары;
4. Өзін-өзі сақтандыру қоғамдары;
5. Экспорттық несиелердің мемлекеттік сақтандырушысы;
6. Сақтандыру делдалдары (брокерлер мен агенттер);
7. Сақтандыру тәуекелін іскер бағалаушылар (аджастерлер мен сюрвейерлер);
8. Актуарий;
9. Өкілетті аудиторлық ұйымдар (өкілетті аудиторлар);
10. Сақтандырумен байланысты кәсіпкерлік қызмет атқаратын басқа да заңды және жеке тұлғалар.
Сақтандыру нарығының құрылымын сақтандыру бақылауының мемлекеттік Органы басқарады, оның міндетін әр мемлекетте әр түрлі органдар орындайды, яғни мемлекеттің Орталық Банкі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау бойынша Агенттік (Қазақстан Республикасында), немесе Қаржы Министрлігінің сақтандыруды бақылау Департаменті (Ресей Федерациясында).
Мемлекеттік сақтандыру бақылау Органының негізгі міндеттеріне келесілер жатады:
* Сақтандырушыларға сақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензия беру;
* Сақтандырушылар мен сақтандырушылар одағының біріңғай Мемлекеттік реестірін, сонымен қатар сақтандыру брокерлерінің реестірін жүргізу;
* Сақтандыру қызметі есептілігі мен сақтандыру операциялары есебінің көрсеткіштері мен формаларын, сақтандыру резервтерін құру мен орналастыру ережелерін құру;
* Сақтандыру мен қайта сақтандыруды ұйымдастыру және жүргізуде қатысатын барлық заңды және жеке тұлғалар орындауға міндетті сәйкес мемлекеттің заңына сай сақтандыру қызметінің сұрақтары бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттар дайындау;
* Сақтандыру қызметінің тәжірибесін жалпылау, даму бойынша ұсынысты белгіленген тәртіппен жасау және көрсету, сақтандыру туралы белгілі-бір мемлекеттің заңын жетілдіру.
Сақтандыру компаниялары меншік формасына, ұйымдастырушылық-құқықтық формасына және ішкі құрылымына байланыссыз қызметінің мақсаты сақтандыру операцияларын орындау болып табылатын, шаруашылық құрылым. Олар құру тәртібі мен қызметі арнайы заңмен бақыланатын заңды тұлғалар [5].
Сақтандыру компанияларының қызмет саласы тек сақтандыру болып табылады, яғни сақтандыру келісімшартына отырумен, сақтандыру сыйақыларын алу және жинаумен, бұл негізде сақтандыру резервтерін құрумен, сақтандыру өтемін төлеуді жүзеге асырумен және сақтандыру жағдайында келісімшартта белгіленген сақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты процесс. Оларға өндірістік, саудалық-делдалдық және банктік қызмет етуге тыйым салынады. Клиенттер алдында сақтандыру компанияларының міндетін орындау кепілі мөлшері сақтандыру қызметінің бағытына байланысты заңмен бекітілген жарғылық капиталы болып табылады. Ішкі құрылымы мен басқару органы сақтандыру компаниясының жарғысымен белгіленеді.

Сақтандыру компаниялары бірнеше белгілері бойынша сыныпталады:
* Меншік формасына байланысты (мемлекеттік, жеке, біріккен, өзара);
* Капитал мөлшеріне байланысты (ірі, орта, ұсақ);
* Қызмет территориясына байланысты (аудандық, ұлттық, халықаралық);
* Сақтандыру қызметінің бағытына байланысты (мамандандырылған, әмбебап) және т.б. байланысты.
Әмбебап сақтандыру компаниялар сақтандыру қызметінің әр түрлі түрлері бойынша операциялар жүргізеді.
Ерекше орынды кэптивті сақтандыру компаниялары алады (мысалы Ұлыбританияда), оларды бір немесе бірнеше заңды тұлға (негізінен корпорациялар мен қаржылық-өндірістік топтар) сол корпорацияның немесе құрамына кіретін шаруашылық бірліктің мүліктік мүддесін сақтандыру қорғауын қамтамасыз ету мақсатында құрады. Мұндай сақтандыру компанияларын құру себебі басқа сақтандыру компанияларында тиісті сақтандыру өтемін табу мүмкіндігінің жоқтығы, рыноктық сақтандырумен салыстырғанда төмен тарифтерді қолдану. Сонымен қатар, сақтандыру сыйақылары ретінде кэптивті сақтандыру компанияларына төленетін корпорацияның құралдары құрылтайшының бақылауында қалады. Және де мұндай компанияларды оффшорлы аймақтарда құрылтайшылар саны мен жарғылық капитал мөлшеріне байланысты төмен талаппен және салық салу жеңілдігімен құру корпорацияның сақтандыруға шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді [6].
Сақтандыру компаниялары өз қызметін бәсекелестік ұсынылатын қызмет көлемі мен сапасын, бағасы мен жүктелетін сақтандыру міндетін орындау сенімділігін салыстыру жағдайында жүзеге асырады. Сақтандыру компаниясының ішкі ұйымдастырушылық және функционалдық құралуы әр түрлі. Атап өтетіні, қазіргі нарық жағдайында ең ірі және ірі сақтандыру компанияларда операция көлемі мен сақтандыру капиталының араласуы, сонымен қатар, рыноктың салалық және территориялық қайта бөлінуі байқалады.
Маманданған қайта сақтандыру компаниялары - бұл тәуекелді түзету және бөлудің кең таралған амалы ретінде тек қайта сақтандырумен айналысатын компания. Қайта сақтандыруда сақтандырушы сақтандыру келісімшартына басқа сақтандырушымен отырады, ол тәуекел бөлігін келесі сақтандырушыға береді, ал өз кезегінде оны ары қарай беруіне болады.
Ортақ сақтандыру мен қайта сақтандырудың формаларының бірі пул болып табылады. Бұл келесім негізінде қызмет ететін, барлық қатысушыларымен қол қойылған, сақтандыру мен қайта сақтандырудың жеке түрлері немесе сақтандыру обьектілері бойынша алдын-ала қарастырылған, сақтандырушылар мен қайта сақтандырушылардың ерікті бірігуі. Пул мүшелері келісім шегінде келісілген тәуекелді сақтандыруға және басқа қатысушылармен отырылған келісімшарттар бойынша жауапкершіліктің тиісті үлесін алуға міндетті.
Құралу кезінде біріншілердің бірі және танымалы Швейцариялық авиациялық пул болып табылады. Пул формасындағы бірлестіктер теңіз сақтандыруында кең қолданылады. Ұлттық, ауданаралық және халықаралық пулдар қайта сақтандыруда істейді. Мұндай пулдар Германияда (авиациялық пул, атомдық тәуекел бойынша пул), Францияда (қоршаған ортаның ластануы тәуекелі бойынша пул), Финляндияда, Үндістанда бар. Ресейдің Ядролық пул құрамында 20-дан аса компаниядан тұрады, оның құрамында Әскери сақтандыру компаниясы, Ингосстах, ИнтерроСогласие, МАКС, Өндірістік сақтандыру компаниясы, РОСНО, Спасские ворота, Энергогарант. Пул қызметінің мақсаты атомдық энергия қолданатын обьектілермен жұмыс істейтін ұйымдардың азаматтық жауапкершілігін сақтандыру.
Сонымен қатар, кәсіпорынды сақтандыру пулы болады - қаупі жоғары, апаттар көзінен.
Сақтандырушының сақтандыру қоры әр түрлі экономикалық және құқықтық табиғаты бар екі ұйымдастырушылық формасы болады - бұл өзін-өзі сақтандыру қоғамдары мен коммерциялық сақтандырушының сақтандыру қоры.
Өзін-өзі сақтандыру - сақтандырудың идеологиялық таза формасы - бұл сақтандыру қатысушылары арасындағы бір-бірімен тәуекел алмасу, олардың мақсаты табыс табу.
Өзін-өзі сақтандыру - бұл сақтандыру қоры ұйымының коммерциялық емес формасы, ол қоғам мүшелерінің мүліктік мүддесіне сақтандыру қорғанысын қамтамасыз етуді ұсыну.
Өзін-өзі сақтандырудың қағидасы сақтандыру оқиғасы болған жағдайда шығын сомасын қоғамның барлық мүшелеріне бөлуден тұрады. Заңды тұрғыда әр клиент өзін-өзі сақтандыруда акционер болып табылады. Капитал иеленуіне құқық беретін құжат сақтандыру полисі.
Өзін-өзі сақтандыру қоғамдары келесідей бөлінеді:
* Географиялық ауқымы бойынша - аймақтық, ұлттық, халықаралық;
* Мамандануы бойынша - мамандандырылған және көп профильді;
* Операция көлемі бойынша - Франция мен Голландиядағы өрт тәуекелін өзін-өзі сақтандырудың ұсақ компаниялардан АҚШ пен Жапониядағы өзін-өзі сақтандырудың ірі қоғамдарына дейін.
Өзін-өзі сақтандыру формасының артықшылығы сақтандырудың халықаралық тәжірибесінде өзін-өзі сақтандыру қоғамдары кең таралуы алдын-ала анықталған. Әлемдегі он ірі сақтандыру компаниясының алтауы өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып табылады. Бес ірі ұлттық сақтандыру нарығында (Ұлыбритания, Германия, Франция, АҚШ, Жапония) 2010 жылы барлық әлемдік сақтандыру операциясының 75% келген, өзін-өзі сақтандыру операциялары бойынша сыйақылар үлесі барлық сақтандыру сыйақыларының шамамен 42% құрады.
Special Report: World Business (Wall Street Journal 2011 жылдың 28 қыркүйегінен) жарыққа шыққан мәліметтері бойынша 2010 жылы 6 трлн. доллар активі болған, яғни әлемдік сақтандыру нарығының шамамен жартысын құрайтын, 50 ірі сақтандырушы ішінен өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып жиынтық активі 2,6 трлн. долларды құрайтын 21 компания болып табылады. Азияның тоғыз ірі сақтандырушы компанияларының сегізі өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып табылады және оның барлығы - Жапондық. 23 ірі солтүстік америкалық сақтандырушының 11 өзін-өзі сақтандыру қоғамы, және 12 акционерлік қоғам. Еуропаның он жеті компанияның біреуі, актив көлемі 50 млрд. доллар құрайтын өзін-өзі сақтандыру қоғамы болып табылады.
Жалпы әлемдік сақтандыру сыйақыларының көлемі 75% үлесі бес елге тиесілі: АҚШ, Жапония, Германия, Франция және Ұлыбритания. Бір-біріне қатынас бойынша қызмет түріне байланысты олар әртүрлі позицияларда тұрса да, әлемдік масштабта бірінші бес қатарды өмірді сақтандыру бойынша, және өмірді сақтандырудан басқа түрлері бойынша алғашқы бес қатарда. Жиынтығында бұл мемлекеттер үлесіне өмірді сақтандыру бойынша сыйақылардың 77%-ы және өмірді сақтандырудан басқа түрлер бойынша сыйақылардың 73%-ы келеді. Осылайша, әлемдік масштабта өзін-өзі сақтандыру қоғамдары нарығының үлесін анықтауға болады
Мемлекеттер бойынша өзін-өзі сақтандыру қоғамдарының үлесінің елеулі тербелісіне қарамастан, әр ұлттық нарықта олардың үлесі маңызды. Үш ірі Еуропалық өзін-өзі сақтандыру қоғамдарының үлесі Францияда 17% Ұлыбританияда 25% аралығында. АҚШ-та ол шамамен 33, ал Жапонияда - 75%. Бізде Қазақстан Республикасында өзін-өзі сақтандыру қоғамдары жоқ.
2004 жылдан бастап Қазақстанда экспарттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша Мемлекеттік корпорация қызмет атқарады, оның міндеттері:
oo тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен тауарлар мен қызметтер экспортын ынталандыру;
oo тәуекелдерді сақтандыру және қайта сақтандыру жолымен шетелге инвестицияларды ынталандыру;
oo сыртқы экономикалық қызмет ететін кәсіпорындарға сақтандыру қызметіне байланысты арнайы кеіес берушілік, маркетингтік және ақпараттық қызметтер көрсету.
Шетелде экспарттық несиелерді сақтандыру бойынша компанияларға келесілерді жатқызуға болады:
oo Ұлыбритания: Экспорттық несиелерге кепілдік беру Ұлттық Департаменті;
oo Франция: Сыртқы сауданы сақтандыру Мемлекеттік Компаниясы (КОФАСЕ);
oo Германия: федеральді Үкімет агенті ретінде қызмет ететін Ойлер Гермес кредит иншуранс Компаниясы;
oo Жапония: сыртқы сауда мен өндіріс Министрлігі;
oo Малайзия: Malaysia Export Credit Insurance Behad (MESIB) 97%-ы Мемлекеттік Компания;
oo Қытай: Мемлекеттік China Export & Credit Insurance Corporation (Sinosure), Hong Kong Export Credit Insurance Corporation;
oo Оңтүстік Корея: Мемлекеттік Korea Export Insurance Corporation (KEIC);
oo Польша: Export Credit Insurance Corporation (KUKE).
Сақтандыру нарығы инфрақұрылымының құрылуында сақтандыру өнімдерінің өтуін қамтамасыз ететін, сақтандыру делдалдары ерекше роль атқарады. Олар сақтандыру нарығында сақтандыру агенті және сақтандыру брокері ретінде танымал.
Сақтандыру агенті - сақтандырушының атынан және ұсынылған міндеттерге сәйкес оның бұйрықтарын орындайтын, мысалы, сақтандыру келісімшарттарына отыру және олар бойынша сақтандыру төлемдерін қабылдайтын заңды немесе жеке тұлға.
Сақтандыру брокері - сақтандыру мен қайта сақтандыру сұрақтарына кеңес беру және сақтандыру келісімшарттарына отыру бойынша қызметті өз атынан және сақтандырушы айтуымен немесе қайта сақтандыру келісімшарттарын өз атынан және цедент атынан орындайтын заңды тұлға.
Ол кез-келген сақтандыру компаниясында сақтандыру тәуекелін өз бетінше орналастырады, және ол үшін белгіленген сыйақы алады - брокерлік комиссия (brokerage-брокеридж).
Цедент (қайта сақтандырушы) - қабылдаған сақтандыру тәуекелін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы.
Сақтандыру тәуекелін іскер бағалаушыларға сюрвейер-эксперттер немесе сақтандырылған мүлікті қарау бойынша агент, және аджастер (диспашер) - кеме, фрахт және жүк арасында жалпы апат бойынша шығынды бөлу бойынша диспаш-есепті құру бойынша мамандар.
Сонымен қатар, сақтандыру нарығының субьектілері андеррайтерлер - сақтандыру бизнесі саласындағы сақтандыру ұйымы басқармасынан сақтандыру тәуекелін қабылдауға, тарифті мөлшерлеме мен сол тәуекелді сақтандыру келісімшарты ережелерін анықтауға өкілетті білікті маман. Сақтандыру нарығының субьектілері, сонымен қатар, аудиторлық компаниялар (өкілетті аудиторлар) - акционерлік компаниялардың қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруге қажетті өкілдігі бар заңды (жеке) тұлға.
Сақтандыру сақтандырушылардың әртүрлі категориялары мен сақтандыру обьектілерін қамтиды, сақтандыру жауапкершілігі көлемі мен сақтандыру шарттарының ережелері бойынша ерекшеленеді, заң шегінде және ерікті түрде болуы мүмкін. Сақтандыру қатынасының әртүрлілігін дұрыс түсіну, біріне бірі байланысты бір жүйеге келтіру үшін сақтандыруды сыныптау керек.
Сыныпталу - бір немесе бірнеше жалпы сипаты бойынша буындарға біріктірілген бірнегізді заттар, обьектілер мен құбылыстардың иерархиялық бағындырылған жүйесі (формасы, мақсаты, мазмұны, т.б.).
Сақтандырудың сыныпталуы келесілер үшін маңызды:
oo сақтандыру резервтерінің құралуында;
oo нарық құрылымының құралуында;
oo дұрыс статистиканың құралуында.
Үш негізгі саласы - жеке, мүліктік сақтандыру және азаматтық жауапкершілікті сақтандыру.
Жеке сақтандыру обьектісіне алам өмірі, денсаулығы, жұмыс қабілеттігі жатады, оған кіретіндер:
oo өмірді сақтандыру;
oo жазатайым жағдайлардан сақтандыру.
Мүліктік сақтандырудың қорғау обьектісі ретінде мүліктің әр түрлі түрлері болады, оған кіретіндер:
oo жалға алынған көлік құралдарын сақтандыру;
oo әуе көлігі құралданын сақтандыру;
oo су көлігі құралданын сақтандыру;
oo жүкті сақтандыру;
oo қаржылық тәуекелді сақтандыру;
oo мүліктің басқа түрлерін сақтандыру.
Жауапкершілікті сақтандыру - обьектісі сақтанушының қандай да бір іс әрекеті кетірілген зиянның үшінші тұлға алдындағы жауапкершілігі болып табылады.
Сақтандыру саласы кәсіпкерлік қызметтің барлық салалар тиімділігін көтеруге ықпал ететін инфрақұрылым. Бұл Қазақстанда сақтандырудың барлық түрлерін дамыту маңыздылығын анықтайды. Менің ойымша, біздің елімізде сақтандыруды дамыту сақтандыру нарығын ұйымдастыру және сақтандырушылар қызметін заңмен бақылау бойынша көп жылдық тәжірибесі бар өндірістік дамыған елдердің тәжірибесін оқып және таразылап қолдануға негізделуі керек [7].

Сақтандыру нарығын реттеу құралдары екі топқа бөлінеді. Тікелей (әкімгершілік) реттеу құралдарына құқықтақ нормалар мен оны орындауды қамсыздандыратын мемлекеттік органдар жатады. Экономикалық реттеу құралдарына елдің қаржы-несиелік жүйесі жатады, ал мемлекеттік экономикалық реттеудің ақырғы тасымалдаушыларына, оның құралдарына қаржы-несие жүйесінің нақты аясы, буыны және элементі жатады. Сақтандыру нарығын реттеудің әкімгершілік-құқықтық және экономикалық бөліктері өзара тығыз байланысты, себебі қандай да бір заңдық немесе әкімгершілік шараларды өңдеу негізіне мемлекет күшейтуге не болмаса бейтараптандыруға тырысатын экономикалық заңдылықтар алынады. Керісінше, реттеудің қаржылық-несиелік тетіктерін қолдану үшін мемлекет құқықтық нормаларда қарастырылған әркетпен әсер етеді [8].
Осылайша, мазмұн арқылы сақтандыру нарығының мемлекеттік реттелуінің мәні былайша айқындалады: мемлекеттің аталған нарыққа әкімгершілік-құқықтық және экономикалық реттегіштер көмегімен әсер ету нәтижесінде сақтандыру нарығының субъектілері мен мемлекет арасында пайда болатын экономикалық және әкімгершілік-құқықтық қатынастардың жүйеленген жиынтығы.
Сақтандырудағы реттеу, жалпы экономикадағыдай, мемлекеттің ықпал ету және өзін-өзі реттеудің үш түрлі формасының ынтымақтастығын білдіретіндіктен, тек қана мемлекеттік бола алмайды.
Сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеу мынадай міндеттерді шешеді:
ұлттық сақтандыру нарығы мен оның барлық қатысушыларының қызметінің тұрақты дамуы үшін құқықтық жағдайларды қамсыздандыру;
сақтандыру қызметін тұтынушылардың экономикалық мүдделерін қорғау;
қоғамдық ұдайы өндірістің сақтандырушылық қорғауының оңтайлы құрылымын құру және қолдау;
сақтандыруды дамытуды мемлекеттік қолдау, әсіресе, сақтандырудың стратегиялық маңызды түрлері бойынша (мысалы, экономикаға инвестициялық ресурстардың негізгі ағынын беруші өмірді қор жинап сақтандыру);
дамытуды ынталандыру мақсатында сақтандыру нарығының субъектілеріне салық салуды оңтайландыру;
сақтандырушылардың инвестициялық қызмет ету жағдайларын оңтайландыру;
сақтандыру арқылы экономикалық және әлеуметтік өмірге мақсатты бағытталған ықпал ету мүмкіндіктерін құру;
сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту;
сақтандыру компанияларын кадрлық қамтамасыз етуге қолдау көрсету;
ұлттық сақтандыру нарығының халықаралық рынокпен өзара әркеттестігін қамтамасыз ету;
сақтандыруды бақылаудың мемлекет аралық органдарының жұмысына қатысу.
Сақтандыру нарығын мемлкеттік реттеудің субъектілері - бұл сақтандыру компанияларының және сақтандыру нарығының басқа да қатысушыларының қызметін реттеу құзіретін ие мемлекеттік билік органдары [9, 25].
Отандық және шет елдік авторлардың еңбектерін шоли отырып, біздің ойымызша, сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің обектілері мыналар болуы мүмкін:
сақтандыру ұйымдарын құру (оларды рынокқа жіберу);
әрекет етуші компаниялардың сақтандыру операциялары;
сақтандыру компанияларының қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігі;
сақтандырушылардың инвестициялық қызметі;
қайта сақтандыру бойынша операциялар;
сақтандыру пулдарын ұйымдастыру;
сақтандыру делдалдары (брокерлер мен агенттер);

бәсекелестік және антимонополиялық заңдарды сақтау;
сақтандырушылардың бірлестіктерінің қызметі;
сақтандыру компанияларының басқарушылық персоналының, сақтандыру брокерлерінің, аудиторлардың біліктілігі;
сақтандыру және қайта сақтандыру саласындағы қызметтің халықаралық аспектілері.
Индустриалды дамыған елдерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторы болып табылады, үздіксіз жəне іркіліссіз өндіріс процесін қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы əлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдай отырып, азаматтарға жəне бизнеске түрлі күтпеген жəне қолайсыз құбылыстар кезінде нұқсанды өтеуге кепілдік береді.
Ескерту - статистикалық мәліметтер негізінде автордың құрастыруы
Сурет 1 - Халықтың жан басына шаққандағы сақтандыру сыйақылары, (теңге)
Бұдан басқа, сақтандыру қорлары инвестициялық ресурстардың орасан зор көзі болып табылады. Францияда, мысалға алсақ, сақтандыру компанияларының инвестициялары экономикада ЖІӨ көлемінің 40%-ын құрайды. Соңғы уақытта біздің елде сақтандырудың ролі елеулі түрде өсті. Бұл туралы сақтандыру ұйымдарының активтері қызметінің: сақтандыру ұйымдары активтерінің өсуі, меншік капиталдың өсуі, сақтандыру ұйымдарының төлемдері мен сыйақыларының ұлғаюы сияқты негізгі көрсеткіштері куəландырады (Сурет 1).
Сонымен, сақтандыру салалары бойынша (life, non-life) жиналған сақтандыру сыйақыларының көлемі былайша көрініс алады (кесте 1 ).

Жалпы сақтандыру саласы бойынша 2014 жылы жиналған сақтандыру сыйақыларының көлемі 28635,2 млн. теңге болды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 0,1%-ға аз. Енді біз сақтандыру сыйақыларының еліміздегі өндірілген жалпы ұлттық өнімге қатысты үлесін алатын болсақ, мынадай мәліметтер аламыз (Кесте 2).
Кесте 2 - Сақтандыру секторының экономикадағы үлесі
Жылдар
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
Сақтандыру сыйақыларының ЖІӨ-дегі үлесі, %
0,7
0,9
1,2
1,1

Бұған қоса, сақтандыруға деген сенім бірте-бірте өсе түсуде. Бұл туралы жеке жəне заңды тұлғалардың сақтандыру сыйлықақысы (жарна) көлемінің ұлғаюы куəландырады.
Сақтандыру нарығының серпінді дамуына, сондай-ақ экономикалық тұрақтылық пен базалық макроэкономикалық көрсеткіштердің бірте-бірте жақсаруы ықпал етті (Сурет 2).
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі соңғы 7 жылда жылына 10% астам қарқынмен өсуде, тағы да халықтың табысы да барынша жоғары қарқынмен өсуде. Қазіргі кезде Сақтандыру нарығына қатысушылары 38 компания, (оның ішінде: 7 - өмірді сақтандыру бойынша, 8 - Қазақстан Республикасы резидент еместерінің қатысуымен).

Сурет 2 - Қаржылық нарық активтеріндегі сақтандыру секторының үлесі, %
Ірі халықаралық сақтандырушылардан Қазақстанда СК Эй Ай Джи Казахстан АҚ жұмыс істейді. Бұдан басқа, біздің елде 14 сақтандыру брокері, оның 4-уі ірі халықаралық сақтандыру брокерлері ("Marsh", "AON", "Heath Lambert", "EOS RISQ") болып табылады жəне 85 актуарий жұмыс істейді (Кесте 3).
Кесте 3 - Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы
Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы
1.01.2014
1.01.2015
Сақтандыру ұйымдарының саны
40
38
Өмірді сақтандыру бойынша
7
7
Сақтандыру брокерлерінің саны
13
14
Актуарийлер саны
70
85
Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры АҚ қатысушылары болатын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының саны
27
33
Шет елдік қатысумен құрылған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары
10

Әлемдік тәжірибе сақтандыру нарығын мемлекеттік реттеудің екі түрлі бағытын қалыптастырған. Бағыттың әрқайсысы белгілі құқық жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады яғни континентальдық және англо-американдық.
Континентальдық құқық жүйесі (Германия, Франция, Италия, Испания, Жапония және т.б. елдерде әрекет етуші роман-германдық жүйе) нарық субъектілерінің қызметін қатаң заңнамалық реттеуге негізделген және де құқықтық негізгі көздері заңдар мен кодекстер болып табылады. Континентальдық жүйе шеңберінде сақтандыру ісін қатаң реттеу моделі әрекет етеді, сақтандыру операцияларын жүргізгенде заңдылықтардың сақталуын жүйелі түрде қадағалау және сақтандырушылардың қызметінің барлық жақтарын егжей-тегжейлі реттеумен сипатталады (Сурет 3).
Сақтандыруды реттеудің континентальдық үлгісі үшін сақтандыруды қадағалау органдарының сақтандыру тарифтерін бекіту немесе тарифтердің ауытқу шегін белгілеу, сақтандыру келісім-шарттарының типтік формаларының мазмұнын бекіту, бизнес-жоспарлардың орындалуын тексеру, ағымдық операцияларды бақылау, сақтандыру компанияларын тұрақты түрде тексеру сияқты реттеу формалары тән. Қазақстан рынокқа көшу кезеңінде реттеудің осы моделін дамытты. Либеральды модельдің екі түрі бар: орталықсыздандырылған және орталықтандырылған. Сақтандыруды мемлекеттік реттеудің орталықтандырылу дәрежесі елдің мемлекеттік құрылымы қағидаларымен анықталған (федеративтік немесе унитарлық мемлекет) [11, 86].
Сақтандыру рыноктарын реттеу модельдері
Континентальдық модель
Либеральдық модель
Жапония, Ресей, Бұрынғы социалистік елдер, Германия, Испания, Италия және ЕО басқа да елдері
орталықтандырылған
орталықсыздандырылған
Ұлыбритания, Австралия
АҚШ, Канада

Ескерту - автордың құрастыруы
Сурет 3 - Сақтандыру нарығын реттеу модельдері
Мемлекеттік реттеудің орталықсыздандырылған моделі (АҚШ) экономикалық федерализм қағидаларына сәйкес келеді. Әрбір штаттың өзіндік, автономиялық сақтандыру жүйесі, штаттағы қфзмет етуші сақтандырушылардың есептілігін бақылаушы және сақтандыру қызметінің нормативін бекітуші сақтандыруды қадағалау органдары бар. Бірыңғай сақтандыру жүйесі жоқ. Федеральдық деңгейде сақтандыру қызметінің жекелеген аумақтары ғана реттеледі, ал негізгі реттеуші әрекеттерді штаттағы сақтандыруды қадағалау органдары жүргізеді. Орталықсыздандырылған реттеу түрлі штаттағы сақтандырушылардың түрлі жағдайлармен жұмыс істеуіне алып келеді.
Орталықтандырылған модель (Ұлыбритания) реттеудің бірыңғай жүйесімен сипатталады. Британдық жүйеде сақтандыруды қадағалаудың бір жүйесі қызмет етеді. Барлық сақтандырушылар жалпы ережелер мен нормативтерге бағынады. Мұндай жүйе сақтандыруды мемлекеттік реттеу мақсаттарымен қатар, сақтандыру қызметінің өзіне де қолайлы [12, 43].
2.2 Сая сақтандыру компаниясы туралы жалпы түсінік
Сая сақтандыру компаниясы Біріккен кәсіпорын Акционерлік қоғамы 1997 жылы 20 қарашада құрылған. Компания заңды тұлғаларды сақтандыруға бағытталған.
Сая СК АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің пруденциалды нормативтерді орындауы туралы куәландыратын, 2009 жылдың 31 қаңтарында берілген мемлекеттік лицензия негізінде қызмет атқарады.
Сая Сақтандыру компаниясы Бизнесменнің сақтандыру компаниясы міндетіне сай болу үшін, әр клиентке ерекше және жеке қызмет көрсетудің жоғары деңгейімен бірге жүретін сақтандыру қорғанышымен қамтамасыз етеді.
Сақтандыру компаниясының саясаты ең алдымен сақтандыруды жабудың сенімділігіне бағытталған. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz