Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
І ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
- Азаматтық құқықтың қайнар көздері, құрамы және басқа да нормативті құқықтық актілер . . . 5
- Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы . . . 7
ІІ ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ, ӘДІСТЕРІ 2. 1. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының түсінігі, пәні және әдістемесі . . . 10
2. 2. Азаматтық құқықтың принциптер жүйесі . . . 12
2. 3. Шетел азаматтық құқығының негізгі ерекшеліктері . . . 16
ІІІ ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
3. 1. Азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде . . . 21
3. 2. Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас . . . 26
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 30
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 31
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Заңгердің біліктілігінің негізі - құқықтық салаларды жақсы білу және олардың ішінде жол табу ісін меңгеру. Азаматтық құқық өзге салалардың арасында маңызды орында. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.
ҚР қабылдаған АК-нің позитивтік жақтарын алсақ, ол азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.
Азаматтық құқық жүйенің құрылымының қағидалары ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР Азаматтық құқықта да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық қағидаларды өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау қажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.
Жұмыстың актуалдылығы, азаматтық құқықтың құқық салаларының ішіндегі орны және олардың конституциялық негіздерін қазіргі заманға сай зерттеу. Азаматтық құқықтың маңыздылығы - осы саланың мәнін, негізгі жақтарын көрсетуі. Азаматтық құқық қағидалар, халықтың құқықты әлеуметтік бағасы, саяси-құқықтық идеялардың айна көрінісі болып табылады. Оларда, халықтың идеялары мен ойларын ең толық қанағаттандыратын, заңдылықты азаматтық істерде ұйымдастырудың негіздері, соттың процессуалдық іс-әрекеті, сот процесіне қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау жолының құқықтық сапалар тізімі түйінделеді. Азаматтық құқық мазмұны демократиялық бағытта болады, және заң нормаларымен бекілітіліп, заңдылықты азаматтардың заң және сот алдында теңдігін сақтай отырып, соттың жүзеге асыруын, істерді судьялардың жеке-дара немесу алқалы түрде қаралуын, судьялардың тәуелсіздігі мен тек заңға бағынуы, жариялылық, сот ісін мемлекеттік тілде жүргізілуін білдіреді. Әрбір адамның сотқа қорғаныс іздеп және соттың қорғанысына жүгінуіне мүмкіндік беретін, сот ісін жүзеге асыруының қолайлы болуы, іске қатысушылардың реалды құқықтары және олардың жүзеге асуының кепілдігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық зандары жалпы-республикалық заңдар болып табылады және ол Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Призедентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық-құқықтық актілер өздерінің иеленетін заң күші арақатынасына сәйкес мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) заң - қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының
Парламетті Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акті;
2) заң актісі - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер - ҚР Үкіметінің қаулылары, министрлердің, мемлекеттік комитеттердің және басқа да орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтары, нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары; мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері.
Туынды нормативтік құқықтық актілердің түрлеріне: регламент, ереже, қағида, нұсқаулық жатады.
Туынды түрледегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрледегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады. («Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 3-бабын қараңыз) .
Қазақстан Республикасы азаматтық заңының тұғыры, арқауы Азаматтық кодекс болып табылады. Ол екі бөлімнен (Жалпы және Ерекше) тұрады. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің Жалпы бөлімі 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданып, 1995 жылы1 наурыздан бастап, ал ерекше бөлімі 1999 жылғы1 шілдеден бастап күшіне енді. Азаматтық кодекс бөлімдерден, бөлімшелерден, тараулардан, параграфтардан, баптардан, тармақтардан, тармақшалардан, бөліктерден құралады. Онда 62 тарау, 1124 бап бар. Жаңа кодексте Кеңестік азаматтық заңдарда мүлдем болмаған тұжырымдар көптеп кездеседі, әрі мұндай жаңалықтар нарықтық қатынастардың ерекшеліктерін қамтуды мақсат еткен.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасы азаматтық құқықтың ұғымы, пәні, әдістерін түсіндіру.
Курстық жұмыстың мақсаты міндеттері:
- Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының түсінігі, пәні және әдістемесін толық қарастыру;
- азаматтық құқықтың принциптер жүйесін анықтау;
- шетел азаматтық құқығының негізгі ерекшеліктерін түсіндіру.
І ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҚАЙНАР КӨЗДЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1. Азаматтық құқықтың қайнар көздері, құрамы және басқа да нормативті құқықтық актілер
«Құқық дерекнамасы» термині қазіргі кездегі құқықтануға рим құқығынан келді. Құқық дерекнамасы туралы әңгіме қозғалғанда, алдымен бізге азаматтық құқықтың жиынтығын көрсететін құқықтық нормалдардың жай-жапсары қандай деген мәселені анықтап алуға тура келеді. Әдетте азаматтық құқық нормалдардың нысандардын «азаматтық құқық дерекнамасы» деген терминмен сипаттау тән нәрсе. Азаматтық құқық дерекнамасы заңдар, басқа да нормативтік құқықтық актілер және әдет-ғұрып деп аталатын екі түрге бөлінеді. Іскерлік айналымындағы әдет те оның соңғысына жатады. Кеңестік заңдарда сот тәжірбиесі дербес құқық дерекнамасы болып саналмады. Қазір Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты заңдарды қолдану жөнінде нормативтік қаулылар шығарды. Оған мысал ретінде Республика Жоғарғы Соты Пленумынын 1995 жылы 22 желтоқсандағы «Моральдық зиянды қалпына келтіру туралы заңдарды соттардың қолдануы» атты қаулысын айтуға болады. [12. 44]
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынан нормативтік қаулылары белгілі дәрежеде азаматтық құқықтың дерекнамасы болып саналады, яғни ол соттарда қаралған істері бойынша алынған нормативтік қаулылар арқылы, сот тәжирбесі жөнінде басшылыққа алынатын нұсқаулар береді. Жоғарғы Соттын бұл нұсқаулары тек сот органдарына арнала тұрса да, беделді орнынан құжаты болғандықтан жалпыға бірден маңызға не болады және азаматтық құқықтың дамуында үлкен рөл атқарады.
Азаматтық құқық дерек намасына халықаралық шарттар да (конвенциялар) жатады (АК-тің 3-бабының 8-тармағы) . Бұл орайда халықаралық шарттар азаматтық құқық дерекнамасы ретінде Қазақстан Республикасының ішкі азаматтық заңдарына қарағанда басым құқыққа ие болады. Егер мұндай халықаралық шартта азаматтық заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгіленген болса, аталған шарттың ережелері қолданылады. Әдетте, азаматтық кодексте қолданылатын халықаралық шарттар оны қолдану үшін Республика ішінде құжат шығару талап етілгеннен басқа жағдайларда, азаматтық қатынастарға Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттар тікелей қолданылады. Ал, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер, Үкіметтің әртүрлі шетелдік фирмаларымен жасаған шарттары ратификациялауға жатпайды. Демек келісімдер (шарттар) Қазақстан Республикасымен АК-тің 3-бабының 8-тармағына сәйкес халықаралық шарт болып есептелмейді. Халықаралық шарттың ішкі заңдарға қарағанда басым құқығы туралы ереже 1969 жылы 23 мамырда қабылданған халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясынан туындайды. Аталған конвенцияға Қазақстан Республикасы 1993 жылғы 31 наурыздағы Жоғарғы Кеңестің Қаулысы арқылы қосылған болатын. [4. 115]
1. Қазақстан Республикасының азаматтық зандары жалпы-республикалық заңдар болып табылады және ол Азаматтық кодекстен, соған сәйкес қабылданған Қазақстан Республикасының өзге де заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтарынан, Парламенттің қаулыларынан, Парламенттің Сенаты мен Мәжілісінің қаулыларынан (заң актілерінен), сондай-ақ Азаматтық кодекстің 1-бабының 1, 2-тармақтарында аталған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасы Призедентінің Жарлықтарынан, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларынан тұрады.
Азаматтық-құқықтық актілер өздерінің иеленетін заң күші арақатынасына сәйкес мынадай деңгейлерге бөлінеді:
1) заң - қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлі принциптер мен нормаларды белгілейтін, Қазақстан Республикасының
Парламетті Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4-тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайтын құқықтық акті;
2) заң актісі - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлығы, Кодекс, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысы, Сенат пен Мәжілістің қаулылары;
3) заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер - ҚР Үкіметінің қаулылары, министрлердің, мемлекеттік комитеттердің және басқа да орталық мемлекеттік органдардың бұйрықтары, нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік бұйрықтары, қаулылары; мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік шешімдері. [10. 224]
Нормативтік құқықтық актілер негізгі және туынды актілер болып бөлінеді. Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік қаулылары,
5) Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлер мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары;
7) мемлекеттік комитеттердің нормативтік қаулылары, өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары;
8) мәслихаттар мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Туынды нормативтік құқықтық актілердің түрлеріне: регламент, ереже, қағида, нұсқаулық жатады.
Туынды түрледегі нормативтік құқықтық актілер негізгі түрледегі нормативтік құқықтық актілер арқылы қабылданады немесе бекітіледі және олармен біртұтастық құрайды. Туынды түрдегі нормативтік құқықтық актінің нормативтік құқықтық актілер сатысында алатын орны негізгі түрдегі актінің деңгейімен анықталады. («Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның 3-бабын қараңыз) .
Осы орайда айта кететін бір жәйт, Қазақстан Республикасының азаматтық заңына қазақтың әдет-ғұрып құқығының ережелерін енгізу керек. Қазірдің өзінде қазақ этносының әдет-ғұрып құқығы элементерін есепке алып, қолдану жөнінде әдебиеттерде мәселе негізді әрі орынды көтеріліп жүр.
1. 2. Азаматтық заңның уақыт, кеңістік жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
1. Азаматтық заңының күші деп заң күшіне енгеннен бастап, оның күші жойылғанға дейін белгілі бір қатынасқа қолданылуындағы заңдық болмысына тән нысананы айтамыз. Азаматтық заңдардың күшіне ену тәртібі Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңның VІІ тарауына сәйкес жүзеге асырылады. Осы заңның 36-бабына орай нормативтік-құқықтық құжатар төмендегідей мерзімде:
1) Қазақстан Республикасының зандары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, егер актілердің өзінде немесе олардың күшіне енгізу туралы актілерде өзге мерзімдер көрсетілмесе, олар алғаш рет ремси жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің, оның палаталарының қаулырлары, егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет ремси жарияланған күннен бастап;
3) Қазақстан Республикасының Констентуциялық Кенесінің шешімдері олар қабылданған күннен бастап;
4) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың
Қазақстан Республикасы Үкімет құрамына кіретіндерінің де, кірмейтіндерінің де, оның ішінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, сондай-ақ жергілікті өкілі және атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері - егер актілердің өзінде өзге мерзімдер көрсетілмесе, алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді. [5. 62]
Нормативтік құқықтық актілерде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде нормативтік құқықтық актілерідің жекелеген бөліктерін, тарауларын, баптарын күшіне енгізудің тұтастай сол акт үшін белгіленгенінен басқа мерзімдері де көрсетілуі мүмкін. [3. 51]
Бұрын жауапкершілік қаралмаған іс-қимылдар үшін заңдық жауапкершілік көлдейтін не бұрынғысымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершілік белгіленетін нормативтік құқықтық актіні бұл акт ресми жарияланғаннан кейін он күн мерзім өткенге дейін күшіне енгізуге болмайды.
Азаматтық кодекстың 4-бабының 1-тармағына сәйкес азаматық заң құжаттарының кері күші болмайды және өздері күшіне енгізілгеннен кейін пайда болған қатынастарға қолданылады. Алайда бұл ереженің аясына сыймайтын жағдай да болады. Біріншіден, тікелей өзінде оның заңдық күші ол күшіне енгенге дейін пайда болған қатынастарға қолданылатыны қарастырылады. Екіншіден, азаматтық заң құжаттары күшіне енгізілгенге дейін пайда болған қатынастар бойынша құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жоятын не жұмсартатын жағдайларға қолданылады. Үшіншіден, егер шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшін міндетті ережелерзаңдармен белгіленген болса, жасалған шарттың ережелері оның күні бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңмен белгіленгендіктен басқа жағдайларда, өз күшін сақтайды (АК-тің 383-бабының 2-тармағы) .
Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, егер сол нормативтің-құқықтық актілердің өзінде немесе оларды күшіне енгізу туралы актілерде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралады (Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңның 41-бабының 1-тармағы) .
Қазақстан Республикасы бекіткен (ратификациялаған) заң құжаттары мен халықаралық шарттарда қаралған жағдайдан басқа кездерде, азаматтық заңның күші оның аумағында тұратын барлық азаматтары мен заңты тұлғаларына, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылатындығы азаматтық заңның жалпы ережесі болып табылады.
Азаматтық кодекстің 5-бабының 1-тармағына сәйкес қоғамдық қатынастар заңдармен немесе тараптардың келісімімен тікелей реттелмеген және оларға қолдануға келетін әдет-ғұрып болмаған жағдайларда мұндай қатынастарға, олардың мәніне қайшы келмейтін болғандықтан, азаматтық заңдардың ұқсас қатынастарды реттейтін нормалары қолданылады (заң ұқсастығы) . Демек заң ұқсастығын қолдану үшін қажетті жағдайлар: а) азаматтық заңмен реттелетін мүліктік немесе мүліктік емес өзіндік қатынастардың болуы; ә) бұл қатынастар заңмен немесе шартпен реттелмеген және қолданылатын әдет-ғұрып тың болмай қалуы; б) ұқсас қоғамдық қатынасты реттейтін азаматтық заңның нормасының болмауы; в) мұндай норманы қолдану аталған қоғамдық қатынастардың болуына қайшы
келмеуі мысалы, бір адамның екінші адамнан қарыз алуы кезінде арасында жасалатын шартқа байланысты қаралған міндеттеме несие беру жөніндегі шартқа ұқсас бола алмайды, себебі онда тараптың бірі сөзсіз несие беруші мекеме болып табылады. [13. 77]
Заң ұқсастығын пайдалану мүмкін болмаса, тараптардың құқықтары мен міндеттері азаматтық заңдардың жалпы негіздері мен мәні және адалдық, парасатылық пен әділеттілік талаптары негізге алына отырып белгіленеді (құқық ұқсастығы) (АҚ-тің 5-бабының 2-тармағы) . Құқық ұқсастығын қолдану үшін жоғарыда заң ұқсастығы туралы айтқан бірінші және екінші жағдайынан басқа үшінші шартты қосқан жөн: ол - ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларының болмауы. [17. 73]
2. Түсіндіру дегеніміз заңдардағы және басқа да дерекнамаларадағы жалпы қағидаларды нақтылы жағдайларға қолданудың қажетті негізі болып табылады.
Заңды қолдану үшін сол заңдағы норма нақ сол қолданыс туралы айтқан ба, міне, соны алдымен біліп алу қажет; бұл үшін заңдағы сол норманың мазмұнын дәл ұғыну керек. Құқық нормасын түсіндіру - оның мәні мен мазмұнын ұғынау деген сөз.
Түсіндіру мәселесімен сол құқықты қолдануға қатысы барлар: яғни мемелкеттік мекемелер де, соттар да, азаматтар да айналысады. Бірақ бұл түсіндірудің дәрежесі мен маңызы, оның қандай субъектінің жасағанына қарай түрліше болады.
Заңда немесе нормативтік құқықтық актілерде көмескі әрі әркелкі түсінушілік орын алса, сондай-ақ іс-әрекетте қайшылықтар анықталған жағдайда сол заңда немесе нормативтік актіде қамтылған нормаларға ресми түсіндіру берілуі мүмкін. Айта кетелік, заңға не нормативтік актілерді ресми түсіндру процесінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді. Құқықтық актілердегі құқықтық нормалар іске асырылғанда, соның ішінде оларды қолданғанда, оларды ресми түсіндірудің міндетті сипаты болады. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді, ал заңға тәуелді актілердің ресми түсіндірмесін оларды қабылдаған (шығарған) органдар мен лауазымды адамдар береді. [33. 51]
Сот түсіндіруінің, яғни сот іс қарағанда сот орындағы беретін түсіндірулердің айырықша маңызы бар. Докториналық түсіндіру деп, теорияда, ғылыми еңбектерде, оқулықтарда, түсіндірмелерде берілетін түсіндімені айтады.
Түсіндіру тәсілдері деп құқықтық норманың мәні мен мазмұнын ұғынуға жәрдемі тиетін ой тұжырымдарды айтады. Ол үшін ең алдымен сол заңның немесе тиісті актінің дәл мәтінін біліп алу керек, әсіресе нормада айтылған сөздер мәніне дәлме-дәл сәйкес пе, жоқ па соған назар аударылуы тиіс. Заң нормаларының мәтінінде қолданылған сөздерді әр түрлі түсіну мүмкін болған жағдайда Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелеріне және Азаматтық Кодекстің 2-бабында баяндалған негізгі қағидаттарына сай келетін түсінікке басымдық беріледі (АК-тің 6-бабы, 1-тармағы) .
Сондай-ақ, қайсы бір норманы дұрыс түсіну үшін, сол норманы жекелеп алып қарамай, оның күшіне енгізілген кездегі тарихи жағдайларды және оның сот тәжірибесіндегі түсінілуін ескру қажет (АК-тің 6-бабы, 2-тармағы) .
ІІ ТАРАУ. ҚР АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ, ӘДІСТЕРІ
2. 1. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының түсінігі, пәні және әдістемесі
«Азаматтық құқық» атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оны римдік заңгерлер Рим азаматтарының қүқығы-цивильді (jus civile) құқық деп атаған.
Тарихтан белгілі римдіктердің құқығы осы атаумен белгіленді (квириттер құқығы) . Римдік jus civile көне римдегі азаматтардың мемлекеттік, қоғамдық және жеке өзіндік қатынастарын реттеді және қазіргі азаматтық құқыққа қарағанда ұғымы әлдеқайда кең болды. Қазіргі кезде азаматтық құқықтың римдік атауы сақталғанымен оның мазмұны барынша өзгерді. Дейтұрғанмен соған қарамастан «civil» атауы еуропалық құқықтануға еніп қана қоймай, заң терминологиясына (Zivirrecht, droit civil, civil law) кірді. Сондықтан да азаматтық құқықты цивилистік деп атайды, ал бұл саладағы мамандарды - цивилист деп жүр.
Римде құқықты жария және жеке деп екі салаға бөлгенін білеміз. Жария және жеке құқықтарды классикалық аражігін Ульпиан былайша ашып көрсетеді: «жария құқық дегеніміз рим мемлекетінің құқтық мәртебесіне қатысты, ал жеке құқық болса жекелеген адамның мүддесіне сай келеді».
Қазақстан Республикасының қазіргі құқық жүйесі жария және жеке құқық деп бөлінбейді. Біздің ұлттық азаматтық құқық тек өзіне ғана тән және белгілі бір ерекшеліктері бар институттардың аясында қалыптасты дей аламыз.
Сонымен қатар азаматтық құқықтың әртүрлі жүйелерінің арасында белгілі бір дәрежеде ұқсастықтар бар. Сондықтан азаматтық құқықтық жүйелерде болып жатқан процестер Қазақстан Республикасының азаматтық құқық іліміне әсерін тагізіп отыр. Бұл орайда «біз жаңа мемлекетті, жаңа нарықтық экономика мен жаңа демократияны көптеген өзге де жас тәуелсіз мемлекеттер осы тәрізді жолды басынан кешіп те үлгерген уақытта құру үстіндеміз . . . », ендеше осы бағытга әр түрлі өркениеттердің ең соңғы жетістіктерін пайдаланудың маңызы зор.
Азаматтық құқықты зерттемес бұрын азаматтық құқық пәнін анықтап, басқаша айтқанда, мұның пәні не екенін белгілеп алуға тиістіміз. Ал азаматгық құқықтын пәнін анықтаудың өзі оңай шаруа емес. Өйткені, азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар ауқымы өте кең де сан қырлы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz