ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
1.1 Қоршаған орта және оның туризмнің дамуына әсері
1.2 Экологиялық туризм - тұрақты даму факторы

2 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСIН ЖЕТIЛДIРУ
2.1 Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету
2.2 Табиғатты пайдаланудың экономикалық тетiктерiн жетiлдiру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

3

6
6
8

13
13

15

25

28

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында атты 2005 жылғы 18 ақпанындағы Жолдауы туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін берді.
Туризмнің заңнамалық және нормативтік базасы жаңартылуда. 2001 жылы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы Заңының шығуы бұған дәлел болады.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2008 жылы әлемде туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851,6 млн. адамға жетіп, одан түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек. Осы өсу қарқыны жалғаса берсе, 2010 жылдың соңына қарай әлемдегі туристердің саны 937 млн. адамға жетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен шет елдік ғалымдардың еңбектерінің әдістемелік көмегі көп болды. Туризм саласын дамыту мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шет елдік - X. Криппендорф, Б. Олин, Ф. Хайек, В. Столпер сияқты ғалымдардың еңбектерінің маңыздылығы өте жоғары.
Туристік қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша экономикалық мәселелерді шешуде ТМД ғалымдары: Г.Л. Азоев, А.П. Градов, И.Н. Герчикова, Н.Н. Дуданов, Р.А. Фатхутдинов, А.Ю. Юданов, Р.М. Петухов және т.б. ғалымдардың қосқан үлестері зор.
Қазақстаннның қызметтер көрсету нарығының дамуындағы туризм саласының кейбір мәселелері қазақстандық ғалымдар: А.А Алимбаев, Р.А. Алшанов, С.Б. Ахметжанова, У.Б. Баймуратова, А. Есентүгелова, Б. Мырзалиев Ә.Ә. Сатыбалдин, С.Д. Тәжібаев, С.Қ. Сураганова, Б.Н. Исабеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Сонымен қатар, осы тақырып төңірегіндегі көптеген мәселелер аз зерттелген және ғылыми талданбаған. Туристік қызметтер төңірегінде бәсекелік мүмкіншіліктерді бағалаудың теориялық тұстары аз зерттелген. Қызметтер нарығындағы туристік фирмалардың тұрақтылығын дұрыс бағалау үшін, бәсекелік мүмкіншілігін анықтай алатын бағалау әдістемесі әлі күнге жоқ. Сол себепті, туризм саласының дамуындағы шешуін таппаған көкейкесті мәселелер әрі қарай зерттеуді қажет етеді.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Зерттеу барысындағы қарастырылып отырған мәселелер төңірегіндегі шетелдік және отандық экономистердің еңбектері жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері болып табылады. Зерттеу материалдарын өңдеуде логикалық, жүйелік, статистикалық және салыстырмалы талдау әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының нормативтік-құқықтық негіздері. Туристік қызметтерді реттеуші заңдар мен нормативтік-құқықтық актілер, мемлекеттік бағдарламалар мен басқа да Президенттің, Қазақстан республикасы Үкіметінің ресми құжаттары диссертациялық жұмыстың нормативтік-құқықтық негізі болып табылады.
ДТҰ-ның болжамы бойынша, 2020 жылға қарай қоғамның қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қызығушылығы арта түседі. Бүкіл әлем халқы экологияның бұзылуына қорқынышпен қарауда.
2000 жылы Экопроект ЖШС Қазақстан Республикасындағы экологиялық туризмді дамыту жөніндегі концепция жобасын құрастырумен айналысқан еді. Жобамен тығыз жұмыс істей отыра және туризмнің осы бағыттағы дамуының әлемдік тәжірибесін талдай отырып, жобаны құрастырушылар мынадай шешімге келді: әлемдік мұра тізіміне енетін туризм ішіндегі экологиялық туризм ғана болуы мүмкін .
Берілген жұмыста мен ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың экологиялық туризмдегі рөлі мен орны және қазіргі замандағы қолданылуы, сақталуы мен дамуы жөнінде өз ойыммен бөліскім келеді.
Отандық және шетелдік ақпарат көздерінде экологиялық туризмге әр түрлі анықтама беріледі: жасыл туризм, техникаландырылмаған туризм, табиғатқа жақындатылған, бейімделген туризм.
Әрине, экологиялық туризм ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың ашық ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.
Қоршаған ортаның жай-күйiне мемлекеттік бақылау жүйесi және табиғи ресурстарды басқару жүйесi қалыптастыру кезеңiнде тұр және тұрақты жетілдіруді талап етедi.
Туризм және қоршаған орта бір - бірімен тығыз байланысты. Туризм түсінігін қарастыруда алғашқы мезетте табиғатты және қоршаған ортадағы құндылықтар есепке алынды. Сондықтан туризмнің экологиялық тұстарын қамту басты міндеттемелерінің бірі болып табылады. Экологиялық туризм - туризм индустриясы мен қоршаған орта өзара байланысқан барлық спекторларының жиынтығын қамтамасыз етеді.
Экология құндылықтарына басымдылық берудегі басты бағытымыз, егер мемлекеттердегі табиғи қазба байлықтары мен тарихи құндылықтары болмаса, туризм индустриясы дамымаған болар еді. Сондықтан табиғаттың туризмде алатын орны ерекше. Туризмнің табиғатпен және қоршаған ортамен өзара байланысын үш негізігі аспект ретінде қарастыру керек.
Бірінші бағыты - туризм үшін табиғатты қорғау негізгі басымдылықтарының бірі болып табылды. Себебі, туризм табиғат ортасының ерекше ресурстары арқылы ғана өмір сүре алатын ғылым. Адамдық қызмет сферасындағы табысты дамыту үшін - туризм - өмірлік маңызы зор орта және табиғаттың тазалығы мен сәнділігі үшін қызмет ететін кешен болып табылады.
Екінші бағыты - туризм көмегімен табиғатты қорғау - табиғатпен тығызы байланысты жүзеге асыратын адамдардың табиғатты жақсы көруге, оны қорғауға ынталандыратын белсенді қызметтердің бір түрі ретінде қалыптасқан.
Үшінші бағыты - туризммен табиғатты қорғау - табиғи кешенге және табиғаттың жағдайын нашарлатқан себеп-салдарын жоюға әсер ететін адамдар қызметі болып табылады. Сондықтан туризмнің қандай түрі болмасын экологиялық талаптарды ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
Бүгінгі таңда туристік сала қарқынды дамып келе жатқан секторлардың бірі болып саналады. Бүгінгі таңда халықаралық туризмнің табысы 10-15 пайызды құрайды. Демек, туризм әлемдік нарықта елеулі орынды иеленіп, кейбір мемлекеттердің халқын асыраушы саласы ретінде дамып отыр.
Туризм индустриясы - саяхаттаушы тұлғалар үшін тауарлар мен қызметтерді құруға бағытталған өндірістік және өндірістік емес қызмет түрлерінің жиынтығы немесе белгілі бір белгілері бойынша құрылған туристік кәсіпорындардың жиынтығы деп қабылдауға болады. Туризм индустриясын құраушы субьектілерді жеке - дара қарастыру туризмдегі маркетингтің дамуына ықпал ететін ортасын зерделеуге көмектеседі. Өйткені, маркетинг осы субьектілер арасында әрқалай дамуда.

1 ТУРИЗМ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1.1 Қоршаған орта және оның туризмнің дамуына әсері

Табиғи ортаны туристік мақсат үшін пайдалану ертеден-ақ өзіне географтар мен басқа да ғылым өкілдерінің көңілін аударушы еді. 19 ғасырдың бірінші жартысында географтар ландшафтың өзгеруіне туристік қозғалыстың тигізетін әсерін аңғара бастады. Өз көркемдігімен ерекшеленетін территорияларға және аудандарға ағыла ьеретін туристтік ағымдар жергілікті халықтың дау шығаруына әкеп соғатын. Олар осы территорияларды туристтік әсерден қорғап, қоршаған ортаны ластаудан аман сақтап қалуды уағыздады.
Туристтік базалардың салынуы және туристтік ағымның шамадан тыс шоғырлануы табиғи ортаның туристтік құндылығын төмендетеді.
Жыл сайын күшейіп отыратын туристтік миграция, туристтік инфрақұрылымның дамуы табиғи ортаға қауіп төндіреді, оның әсерін өнеркәсіп, көлік пен урбанизацияның дамуымен салыстыруға болады. Сондықтан да, кейде туризмнің табиғатқа, қоршаған ортаға тигізетін әсерін агрессивті деп те атайды.
Қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз әсердің байқалуы әртүрлі, олардың кейбіреулері өте қауіпті. Егерде туризм нашар басқарылып, жоспарланатын, дамитын болса, бұндай әсерлер күшейіп тереңдей түседі. Ол экологиялық жағдайды нашарлатуы мүмкін, олардың ішіндегі өте қауіптілері келесілер:
туристтік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбандалуы;
туризм жүйесіндегі мекемелердің және ұйымдардың іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған ортаның ауасының ластануы. Ол көбіне көлік құралдары мен және коммуналдық қондырғыштарымен байланысты. Туристтердің қолданатын ұшақтары белгілі-бір мөлшерде ауаны бұзады;
туристтік мекемелредің пайдаланған суларынан, туристтік су көлігінен, машина жуудан және тағы басқалардан сулардың ластануы;
туристтердің көп шоғырлануынан, қондырғыштардың қатты сөйлеуінен және көлік құралдарының шоғырлануынан да шумен ластануы;
ландшафт эстетикасының нашарлауы, мүлдем жойылып кетуі бір қатар факторлардың әсерінен болды: туристтік құрылыстың шамадан тыс шоғырлануы, олардың жобасыз және тиімсіз орналасуы;
табиғи орындардағы туристтерден қалатын қоқыстар мен қалдықтарды тазарту мәселесі;
туристтердің шамадан тыс дұрыс емес қолдану нәтижесінде және туристтік объектілердің дұрыс емес салынуы арасында табиғи зоналардың экологиясының бұзылуы. Әсіресе, бұл жағынан теңіз жағасы, тау және бос дала жүйелері ерекше көңіл аударады, өйткені олар туристтерді өзіне тартып тұрады;
жерді дұрыс пайдаланбау, дұрыс жобаламау және туристтік объектілермен мекемелрді дұрыс орналастырмау нәтижесіндегі экологиялық қауіп қатер мен мәселелер;
туристердің дұрыс қолдабауы немесе шамадан тыс қолдануы нәтижесінде археологиялық және тарихи ескерткіштерге зиян келуі;
Соғыстан кейінгі жылдары мұндай процестер өте қауырт жүрді, оны батыс еуропалық және солтүстік америкалық географтар табиғи ортаның туристік урбандалуы деп атады.
Су-моторлы спортпен байланысты туризм түрінің жылдан-жылға кең таралып, өркендеуі өзендер мен көлдер және су қоймаларының ластануына әкеліп соқтырады. Бұлардан басқа, туристік мекемелердің қалдықтары да түсіп, оны ластауда.
Жаппай туризм қазіргі таңда бағалы табиғи кешендердің халыққа ашықтығы мен оларды қорғаудың тәжірибелі және ғылыми мәселесін көтеріп тұр. Рекреациялық территориялардың деградацияға ұшырауының себебіне туристік ұсыныс пен сұраныстың сәкессіздігі жатқызылады. Яғни, рекреациялық саланың дамымағандығы туристердің ескі аудандарда шоғырлануына себеп болып отыр.
Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы:
· экотуризм табиғатқа бағытталып, негізінен табиғи ресурстарды пайдаланады;
· бұл туризм түрі қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, яғни экологиялық жағынан тұрақты;
· экотуризм экологиялық білімділік және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке бағытталған;
· экологиялық туризм жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын қамтамасыз етеді;
· туризмнің бұл түрі экономика жағынан әсерлі болып, жүзеге асырылатын жерлердің, аудандардың тұрақты дамуын қамтамассыз етеді.
Туризм, рекреация және қоршаған орта бір-бірімен байланыста болады. Географиялық орта мен табиғаттың көптеген туристтерді өзіне тартатын қызықты элементтері болады, ал туризмнің дамуы экологияға жағымды және жағымсыз жағымен де әсерін тигізуі мүмкін.Туризмнің дамуын экологиялық көзқараспен жоспарлау үшін, алдымен туризмнің экологияға тигізетін әсерін зерттеп анықтау қажет. Егер де туризм жоспарланып, оның дамуы реттеліп басқарылса, онда ол мынадай экологиялық жағымды жақтарымен көрінер еді:
1. маңызды табиғи территориялар мен фаунаны қорғауды қаржыландыру мүмкіндігі, аквальды экожүйелерді қосқанда, маңызды туристік көз тартарлық жерлер болып келетін ұлттық және аймақтық парктер мен қорықтарды дамыту. Бұл жағдай табиғи қорғау шараларына қаржы мөлшері аз елдер үшін қолайлы;
2. туристік объектілер ретінде археологиялық және тарихи жерлердің сақталуын қаржыландыруға көмектесу. Әйтпесе бұл объектілердің көбі бұзылып-жойылып кетуі мүмкін. Туристік мақсатта қолданылатын тарихи аудандар сақтап, одан әрі дамуға көмек береді.
3. қоршаған орта сапасын жоғарылатуға көмек беру, өйткені туристер әсем, көз тартарлық, таза әрі кір емес жерлерді көруді ұнатады. Туризм табиғи ортаны тазалауға түрткі болады. Әуе, су, шу әрі эстетикалық ластануды тоқтатып, ландшфт пен құрылысты дұрыс жоспарлау нәтижесінде жалпы сыртқы келбетті жақсартуды іске асырады. Сонымен қатар дұрыс орналастырылып, жоспарланған туристік объектілер қала мен ауылды мекендерді әшекейлендіреді. Инфрақұрылымды жетілдіру шаралары да қоршаған орта сапасының жоғарылуына әкеледі;
4. жергілікті тұрғындардың экологиялық білім деңгейін көтеруге, әсіресе жастардың экологиялық танымдық деңгейінің жоғарылауына көмектесу. Сонда ғана жергілікті тұрғындар бұл мәселенің олардың ауданындағы маңыздылығын түсіне бастайды.

1.2 Экологиялық туризм - тұрақты даму факторы

Қоршаған ортаны қорғау - қазіргі заманауи уақыттың ең көккейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Жиырма бірінші жүзжылдық халық санынынң қарқынды өсуімен, ғылыми - техникалық прогрестің бұрын соңды болмаған дамуы деңгейімен сипатталады, ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп эксплуатациялауға алып келеді. Өзінің даму процесінде қоғам экологиялық жағдайдың шиеленісуімен тап болып отыр - табиғи ресуростардың сарқылмас қорлары азайып, қоршаған орта ластануда, ол адамдардың денсаулығына әсер етіп және барлық тірі организмдердің биологиялық негіздері қиын жағдайға жақындап келуде.
Жақында Қазақстан Республикасының Үкіметі екі маңызды құжаттаманы қабылдады Тұрақты дамуға өту концепциясы және ҚР Экологиялық кодексі олар біздің қоғамымызға қазақстандық халықтардың өмір сапасын жақсарту жне табиғатты пайдалануды стимулдау және қоршаған ортаның ластануын төмендетуге мақсатты бағытталған міндеттерді қойды.
Экологиялық кодекс - бұл атқарылуға міндетті заң және экологиялық заңнамалардың реформаторы ретінде қазірдің өзінде негізгі ережелермен жұмыс істеуде. Және бұл тұрақты даму процесіне өту үшін жасалған соңғы нүкте деп айтуға болмайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан энергияны тұтыну бойынша көш басшы болып отыр, ал ол құр көңіл аудармай қоя салатын жағдай емес. Ғылым өзінің үлесін қосып, және қалдықсыз технологияларды өңдеу бойынша жаңа технологиялрды құрып, энергияның альтернативтті көздерін ойлап тауып және қоршаған ортаны сақтау үшін көмегін тигізетін көптеген міндеттерді шешуі қажет. Осы сұрақтарды экологиялық кодекс шешуге әрекет салуда, бірақ оны пайдалану бойынша жұмыстарды барлығым өз орнымызда жүргізуіміз қажет. Осыдан келетін Қазақстандықтардың барлығы үшін пайда орасан зор.
Бүгінде экология туралы айтып, жазып және теледидар бойынша көрсетуде. Экология ғылыми түсінік аясынан шығып кетіп және әрбір мемлекеттің және әрбір тұлғаның ойлауын және сол туралы қобалжуын тудыратын зат болып отыр. Біздің өзімізден басқа ешкім табиғатты, қоршаған ортаны, әлемді құтқарып қала алмайды. Көпшілік жағдай біздің өзімізге, біздің түсінігімізге және қоршаған ортаның сапысн сақтау құндылығына байланысты болып отыр.
Зиянды, тоқыма кәсіпорындарының цехтарынан аластатылатын өндірістік қалдықтар, атмосфераға тасталардан алдын қағида бойынша екісатылы тазалаудан өткізілуі тиіс.
Жабдықтардан пневмотранспорт жүйелерімен, сұрыптаушы - түтуші, тоқышу, және иіру бөлімшелерінен және рециркуляциялау бөлмелерінен бөлінетін ауа екі сатылы тазалаудан өткізілуі тиіс. Тоқыма кәсіпорындарында бірінші саты үшін торлы сүзгілер (айналып тұратын металдық торы бар), ал екінші саты үшін - жеңұшты маталы сүзгілер пайдаланылады.
Сонымен қатар тоқыма кәсіпорындарында атмосфераға тасталатын зиянды заттарды тазалау үшін шаңотырғызушы камералар пайдаланылады. Камераның көлденең қимасы ауаның жылдамдығы күрт төмендей алатындай және ондағы шаңдар және талшықтар отыратындай жағдайға есептеліп жасалған.
Ауаны талшықты шаңдардан тазалау тиімділігін арттыру үшін баяу айналатын торлы барабандар (конденсорлар) пайдаланылады. Шаңды ауа торлы барабанның торлы сыртқы бетіне шығарылып, тазартылған ауа ішіне еніп және барабанның ашық торцалары арқылы сыртқа аластатылады, ал талшық қиқымдары бабаран бетінде қабат түрінде тұнып және білікпен алынып тасталады.
Шң отырғызушы камерада конденсорды пайдаланған кезде оны тазалау эффекті жақсарады. Диаметрі 1400 мм және ұзынедығы 2700 мм болатын торлы барабан үш секциядан тұрады, секциялар ортақ, электроқозғалтқыштан редуктор арқылы және храпты механизммен айналатын білікке бекітіледі.
Талшық қиқымдарын алып тастаушы құрылғы сорушы қуысты, ені 25 - 30 мм болатын түтікшелерден және қуыстың барабаның бүйір бетіне қатысты жағдайын белгілеуші құрылғыдан тұрады.
Ауаның барабан торы арқылы өтуі кезінде оның юетінде мақтаның талшық қиындыларынан түзілетін сүзу қабаты түзіледі. Барабан айналған кезде осы сүзуші қабат түтікшенің сору тесіктеріне жылжытылып, сорушы факельдің әрекет тету зонасына өтіп, барабан бетінен үзіледі де аластатылады.
Жергілікті сору құрылғыларымен машиналардан аластатылатын ауа атмосфераға тасталардан алдын ұшқын сөндіруші құрылғылар арқылы өткізіледі. Жергілікті сору бөлімшелері ұшқын сөндіруші құрылғыларға дейін табақты асбестпен оқшауланады.
Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары болып бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм болып саналады. Бос уақыт - рекреациялық процестің дамуының керекті шарты. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір- бірінен өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін бару және ұайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт (ұйқы, тамақтану, жеке тазалық); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт - демалуға, физикалығ және ақыл - ойды дамытуға арналған уақыт.
Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде және басқа басқа іс- әрекеттерден бос уақытқа. Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш- қуатын қалпына келтіріп, дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді іс- әрекетке кетебі. Белсенді іс- әрекет пен демалыс ұғымдары, бір- біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері бойынша, жақсы демалыс - адамның іс - әрекетінің түрінің алмасып тұруы екендігін көрсетеді.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жататындар: сауықтыру, танымдық, қатынасу.
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс күндерінде, қала сыртындағы зонада жүзеге асады. Жыл сайынғы рекреация демалыс немесе каникул кездерінде болады.
Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жүйке жүйесіне және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н.С. Миронеко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша (1981), демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктердің қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да бір болмасын адамның іс - әрекеті. Демалыс кезіндегі адамның іс - әрекетін мынандай классификацияға бөлуге болады:
1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс -әрекет (серуендеу, спортпен шұғылдану);
2. Әуесқой шұғылдану - аңшылық, балық аулау, саңырауқұлақ пен жеміс - жидек жинау жіне т.б.;
3. Өнер әлеміне бейімделу (театрға, концертке, мұражайға сапар шегу), өнер саласындеғы шығармашылық (көркем өнер, ағашты зерттеу, және т.б.);
4. Интеллектуалдық іс -әрекеттер (көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру);
5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу
6. Белсенді немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;
7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.
Демалыс деген түсінікпен қатар, география, социология мен қала құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс- әрекет, рекреациялық процестер деген түсініктер де жиі қолданылады.
Рекреация деген - этиологиялық мәндердің жиынтығы: латынша - қалпына келтіру, французша - демалыс, көңіл көтеру, іс- әрекеттің өзгеруі.
Ұзақтылығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді ьолып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жерінде түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
Туризм - француз сөзінен серуендеу, саяхат мағынасына келеді. Бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе онан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі.
Экскурсия - латынша жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген сөз (мәдени ескерткіштер, мұражайлар, мекемелер және т.б.). Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша, Эксурсия - бұл танымдық, ағартушылық, ғылыми, спорттық немесе ойын- саулықтық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу. Туризм және Экскурсия деген түсініктер өте тығыз байланысты. Экскурсия барлық маршруттарда туристерге көрсетілетін қызмет.
Саяхатшылар жолға шыққан кезде алдарына әр түрлі мақсаттар қояды. Рекреация мен туризм негізгі мақсатына қарай үш функцияға бөлінеді - танымдық, спорттық - саулықтыру және емдік. Сонымен қатар, танымдық функциясына барлығы да зор мән береді.
Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық шаруашылық және басқа да ауданның көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады.
Табиғи-климаттық көрікті орындармен жағдайларға қолайлы климаттық жағдай, желсіз ашық күндер, орман тау, теңіз көл, өзендер және т.б. жатады.
Мәдени-тарихи орындар - сәулетті ескерткіштер, мұражай, көркем галереялар, театр және т.б. объектілердің жиынтығы. Оларға туристерді ынтықтыратын этнографиялық жақтары - әдет-ғұрып, киімдер, фольклор және т.б. да халық шығармашылықтары - жатады. Шаруашылық жағынан ең көрнектісі - шаруашылықты жүргізудің өзінше бір түрі немесе аудандар бойынша оның жоғарғы көрсеткіштері.
Туризм арқылы сауықтыру - адамның өндірісте, физикалық және психологиялықшаршауын басудың бірден-бір жолы болып табылады. Туризмнің бұл функциясын әлеуметтік- экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді.
Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Туризмнің ондай қаиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.
Қазір рекреация іс- әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағанан оның негізгі мақсаты - қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш- қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан - жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, қазіргі өмір салтының элементтері.
Рекреацияның функциясы бес негізгі топқа бөлінеді: 1) медико - биологиялық, 2) мәдени - әлеуметтік, 3) экономикалық, 4) саяси, 5) экологиялық.
Медико - биологиялық функциясы санаторлық - курорттық ем мен сауықтырудан тұрады. Туризм арқылы сауықтыру - адамның өндірістегі немесе өндірістен тыс уақыттағы психалогиялық шаршауын басудың бірден - бір жолы болып отыр.
Мәдени - әлеуметтік функциясы - бұл рекреацияның ең басты жетекші функциясы. Мідени талғам - бұл қоршаған ортаны, дүниені біліп түсіну. Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың тарихи - мәдени және әлеуметтік байлықтармен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы - жұмысшы күшін қалпына келтіру. Рекреацияның арқасында адамның еңбекке деген құштарлығы және ұзақ жұмыс істеу қаблеті артады.
Тауар- ақша қатынасында рекреация басқада экономикалық функциялар атқарады. Мысалы: 1)елдің белгілі бір бөлігінің шаруашылық құрылымын жедел дамыту; 2)еңбек сферасын ұлғайту, яғни рекреациялық қызмет көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету; 3)шетелдік валютаны алудың көзі болатын шетелдік туризмді көтеру.
Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға байланысты. Рекреация сұраныстың арқасында курорттар, демалыс зоналары және туризм желілері ұйымдастырылып, туризм жүйесі реттелінеді.
Басқа жағынан қарасақ, туризмнің жылдам дамуы, курорттық - туристік аудандарда туристердің тым көп шоғырлануы рекреациялық табиғатты оңтайлы пайдалануды және табиғи кешендерге түсетін салмақты реттеуді керек етеді. Туристердің табиғатты пайдалануы табиғатты қорғаудың түрлерін дамытады.

2 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТIК БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСIН ЖЕТIЛДIРУ
2.1 Қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету

Қазіргі шақта рекреациалық іс-әрекет әлеуметтік-экономикалық факторлардың маңызды біреуіне айналып отыр. Рекреациалық іс-әрекетті ұйымдастыру кешенді түрде жүргізілуі керек, өйткені рекреациалық жүйе қандай түрде болмасын, өзара әсерде болады: демалушылар тобы, табиғи кешендер, техникалық инфақұрылым, қызымет көрсету сферасы, өндіріс сферасы, еңбек ресурстары, орналастыру жүйелері жәнә басқалары. Жердің географиялық ортасының сиппттарына байланысты ғылыми зерттеулерді дамыту кезінде, рекреацианың мәселелері пайда болды. Рекреациялық мәселелерді қазіргі өмір талабында зерттеу, ғылыми жетістіктердің сөз жүзінен іске асырылуы - міне, осылардың барлығының жинағы қоғамдық географияның жаңа саласы болатын рекриациялық географияны туғызды.
Кеңестік рекреациялық географияның аяғына тұру жолындағы ең алғашқы ірі қадам болғаны - В.С. Преображенский көтерген халық шаруашылығының жаңа саласы - рекрациялық жүйе туралы ұсынысы. Зерттеулер тәжірибесінде жиналған мәлеметтер геожүйенің ерекше концепсиясы - территориялық рекреациялық жүйесін (ТРЖ) жасады, ол рекреациялық географиялық жаңа оқу пәні болмақ.
Территориялық рекреациялық жүйе - бұл әлеуметтік география жүйесі, жер мен оның функциясын бүтін түрде бейнелеп көрсетеді, оның ішінде ең бастысы - адамның денсаулығы мен еңбек қаблетін, физикалық және психоэмоциялық күш - қуатын қалпына келтіріп және кеңейте түсіру. Құрылымы жөнінен ТРЖ бір-бірімен байланысты элементтерден тұрады: табиғи және мәдени кешендер, техникалық құбылыс, қызмет көрсету, басқару органы және демалушылар тобы - рекреанттар.
Шағын жүйе демалушылар тобы - ең негізгісі, ол туристердің әлеуметтік - демографиялық, жергілікті және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты, ТРЖ- нің элементтеріне қойылатын талаптарды анықтайды. Бұл жүйе рекрейциялық қажеттіліктің құрылысы мен мөлшерін, туристік сұраныстың географиясы мен таңдауын, туристік ағымдардың әр түрлі болуын және мезгілдігін анықтап отырады. Табиғи және тарихи - мәдени кешендер шағын жүйесі рекреациялық қажеттіліктің шаттарын өтеу мен ресустарының сапасы арқылы еніп, ТРЖ- нің құрылуының жергілікті базисі болады. Табиғи және тарихи - мәдени кешендердің белгілі бір сыйымдылығы, сенімділігі, комфорттылығы, тұрақтылығы жәнеаттрактивтілігі болады. Олар пайдалану қорының көлемі, тарау мөлшері, пайдалану мүмкіндігінің кезеңдері арқылы сиппатталады, демалушыларға қызмет көрсету процесінде қайталанып отыруы мүмкін.
Шағын жүйе техникалық құрылыстар - демалушылар мен қызмет көрсетушілердің тіршілік әрекетін қамтамасыз етеді, сондай-ақ арнайы рекеациялық қажеттілікті де қамтамасыз етеді. Рекреациялық және қызмет көрсету кәсіпорындарының кешені рекреациялық инфрақұрылымды құрастырады. Олар сыйымдылық, әр-түрлілік, комфорттық, экологиялық, технологиялық дайындық көрсеткіштермен сипатталады.
Шағын жүйе қызмет көрсетушілер демалушыларға рекреациялаық қызмет корсету функциясын атқарады және рекреациялық мекемелердің өндірістік- технологиясын қамтамасыз етеді. Бұл шаған жүйе рекреациялық қызмет көрсетушілердің санымен, туристік мамандардың кәсіптік және квалификация деңгейімен сипатталады.
Басқару органы ТРЖ элементтерінің өзара әсерін реттеп отырад және барлық жүйелерінің бүтіндей әсерлі жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта және болашаққа жоспарлау мен басқару жүйесі арқылы ТРЖ-нің жүйелерінің әр түрлі салалары мен деңгейлерінің кешенді түрде дамуы жүзегеасырады, рекреациялық қажеттілікке болжам, рекреациялық ресустарға баланс жасайды, рекреациялық іс-әрекеттетдің ақпараттық, нормативті-заңдылық және материялды-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асырады.
Рекреациялық география ТРЖ - ні бүтін бір жүйе ретінде зерттеп, онең қалыптасуын, динамикалық дамуын, әртүрлілігін, ТРЖ-нің басқа да географияліқ жүйелерімен өзара әсерлерін, ТРЖ-нің көбеюін және өзара байланыстардың заңдылықтарын анықтайды.
Демек, рекреациялық география - бұл интегралдық-синтетикалық ғылым, жергілікті халықтың рекреациялық іс-әрекеттерін оқып түсіндіреді. Мұндай жағдайда териториялық қоғамдық жүйенің рекреациялық шағын жүйесі зерттеу объектісі болып қарастырылады, ал оқу пәні ретінде территориялық рекреациялық жүйе алынады. Рекреациялық іс-әрекетті территориялық ұйымдастыру термині қоғамдық географиядағы қоғамның территориялық ұйымдастырылуы түсінігімен іс жүзіндегі экономикалық заңдардың негізінде, мақсаттарға назар аудара отырып, қоғамдық өмірді жаңарту мақсатымен басқару құрылымдары арқылы бірігетін іс жүзіндегі территориялық құрылымдардың үйлесімі ретінде сәйкес келеді.
Жалпы айтқанда, қоғамды территориялық ұйымдастыру түсінігі территорияға байланысты мәселелердің барлығын қамтиды, ол территориялық еңбек интеллегенциясы мен бөлінуі, өндіріс күштерінің орналасуы, өндірістік қатынастардағы аймақтық айырмашылқтары, адамдарды орналастыру, қоғам мен табиғаттың өзара қатынасы, аймақтық әлеуметтік-экономикалық саясаттың мәселлелері және т.б. Біздің жағдайымызда бұлардың барлығы адамның рекреациялық іс-әрекет тұжырымдамасымен сәйкес келеді.
Қоршаған орта бізді қоршап тұрған айналамыз, оған су ресурстары , орман ресурстары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм географиясы
Кологиялық туризмнің Қазақстандағы дамуының алғышарттары мен перспективалары
Экологиялық туризм дамуында Қазақстанның ерекшеліктері
Ақмола облысының туристік мүмкіндіктері
Алматы облысының туризм индустриясының даму жағдайын айқындау
Қорғалатын табиғи територияларды экотуризм дамыту ерекшеліктерін таңдау
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Алматы облысының экологиялық туристік бизнесті дамыту перспективалары
Қазақстандағы туризм туралы
«туризмдегі экобағыттарды ұйымдастыру және жоспарлау»
Пәндер