Қорқыт ата туралы
Жоспар
1. Қорқыт ата туралы
2. Қорқыт (Дада Қорқыт ) және оның нақыл сөздер
3. Қорқыт ата шығармаларының қазіргі таңдағы маңызы
Қорқыт ата туралы
Түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан,оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз.Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді.Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып,Қорқыт тың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.
Пертев Найили Боратов Қорқыт Ата ертегілері жөніндегі Ислам Энциклопедиясына жазған мақаласында бұл ертегілердің XV ғасырға дейін ауызша болып келгенін,ал XV ғасырдың екінші жартысында Аққойынлылар тарапынан жазылып алынғанын еске түсіріп,қолымыздағы бар мәтіндерде екі бөлек дәуірдің оқиғалары бейнеленгенін көрсетеді.
Қыпшақ-оғыз түріктерінің Сырдария солтүстігінде отандарында IX-XI ғасыр арасында кешкен өмірлері осы ертегі-дастандарда көрсетіліпті. Және бұл ертегі-дастандар жазылып алынған XV ғасырдағы Аққойынлы мемлекетінде болған оқиғаларды қамтиды. Қорқыт Ата ертегілерінің негізі қыпшақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмысына негізделген және осы заманның салт,әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсетеді.Бірақ нақ осы-ндай салт-дәстүрмен жасаған Аққоынлылар ертелерді қағазға жазғанда кейбір хикаяларды ол күндердің оқиғаларына үйлестіре жасауы мүмкін.
Кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт Атаның Пайғамбарға елші болып жіберілгені жазылды.Бұл қосымшалардың түріктердің ислам дінін қабылдағаннан кейін жазылуы ықтимал.Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз тү- ріктерінің білгіші болып табылады.Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді.Бақсылар әріақын болатын,әрі өткен замандардың хикаяларын сөйлейтін,келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы.
Әдетте, қобыз-әулиелердің аспабы. Қазіргі заманда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған.Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы.Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта. Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді.Түркі қауымының қаһармандығы,мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді. Қорқыт Ата ертегілері мен дастандары-түркі мифологиясының қайнар көзі.
Қорқыт -VIII ғасырда Сыр бойында бұрыңғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр,атақты ақын,асқан күйші.Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші,мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады.Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді.Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді.Ол күйлерін толласыз тартып,дүниеден өтеді.Өзі өлгенмен артында күйлері,ұлғатты сөздері қалады.Ал әдебиет тарихында деректі түрде
Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабы VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады.Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата.Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар,тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр,Қазан
бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр,Оғыз қаған жыры т.б.
Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін,елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырлары- ның ерлігі туралы толғайды.Дастанда ерлік,әділдік,адамгершілік,ата-анан ы құрмет тұту,уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа,әдіпсіздік пен сарандыққа қарсы күреседі. Қорқыт ата кітабының қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы
Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған.Ерлерше қару асынып,жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз ел басқарған Баяндыр хан,Дерсе хан,оның баласы Бұқаш, т.б. кейіпкер- лер ерлікпен бірге ізгілік те танытады.Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы-әр түрлі жырлардың жинағы болса да,ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұшырасады. Мысалы: Жер қадірін ел біледі,ел қадірін ер біледі; Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды;Ат қиналмай жол шалмас; Көңілі пасық ерде дәулет болмас; Қар қаншама қалың жауғанмен-жазға бармас; Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып,өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т.б. Қолына қобыз ұстаған ұзан (абыз,жырау) елден елге жетеді - деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер-мәңгілік,ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды.
Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.
Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен "жарық жүзді сұлудан" туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "Қорқыт " сөзі -- адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "Қорқыт у" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу -- шаман халық аңыздарының жемісі.
Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.
Қорқыт тың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі -- адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды.
"Қорқыт ата кітабы" -- кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз -- қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет, мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы.
Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлеріңде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың кұралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа -- қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т.б. түркі халықтарының арасында сақталған.
Кітапта қазіргі қазақ тілінде кездесетін географиялық атаулар көптеп кездеседі. Бұл кітаптың қазақ этносына енген әртүрлі түркі тайпалары мекен еткен қазіргі Қазақстан жерімен тығыз байланысты екенін дәлелдейді. "Қорқыт ата кітабы" түркі халықтарының тарихи ескерткіші больш табылады.
Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В.В.Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 ж. жарық көрді. Ал қазақ тіліне аудармасын Ә.Марғұлан, Н.Келімбетов, Ә.Қоңыратбаев сынды қазақ ғұламалары 1986 ж. басып шығарды.
Қорқыт атаға арналып 1980 жылы Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 км жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Авторлары -- архитектор Б.А.Ыбыраев, физик С.И.Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 м. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шағарады.
Қорқыт (Дада Қорқыт ) және оның нақыл сөздері
Қорқыт (Дада Қорқыт ) - 8- ғасырда Сырдария бойында мекендеген қыпшақ-оғыз тайпаларынан шыққан атақты жырау, дарынды күйші және ойшыл философ болған.Қорқыт ата - халық қамқоршысы, ақын, күйші дарынды данышпан. Ол қазақ жерінде (Қызылорда обылысында) УІІ-УІІІ ғасырда өмір сүрген, көптеген жырлар мен күйлер шығарып, тәлім-тәрбиелік мәні зор өсиет қалдырған. Ұлы данышпанның қалдырған мұрасы "Қорқыт ата кітабы" аталып, дүние жүзіне тараған. "Қорқыт ата кітабының" бір қолжазбасы Германиядағы Дрезден қаласында, екіншісі Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба 6 жырдан құралған (жалпы толық қолжазба 12 жырдан тұрады). Қазақ арасында Қорқыт туралы жыр дастандары мен аңыз-ертегілері бар. Қорқыт туралы Ватикан архивінде мынандай дерек сақталған: "Расул Пайғамбар (Мұхамет пайғамбар) заманына жақын кезде (8-ғасыр) Баят (Сырдария) бойында Қорқыт ты атты бір ер болыпты. Оғыз ішінде барлық уәләйатты өзіне қаратып, неше түрлі ғажайып сөздер сөйлеуші еді. Қорқыт оғыз қауымының мүшкіл халі туралы сөйлер еді. Әрине, іс болса, бәрі алдына келіп, кеңес сұрап, ол нені бұйырса соны қабыл етер еді". ("Дада Қорқыт кітабы", Стамбул, 1980.)Қорқыт өз өмірінде Алтай, Ертіс, Ұлытау, Кішітау, Есіл, Нұра, Сарысу, Талас, Сайрам, Сыр, Қаратау, Жетісу өлкелерін билеген үш ханға - Инал, Құл еркін, Қаңлы қожа сияқты хандарға ақылгөй уәзір болған. Осы кезде ата-баба жасаған мекенді жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, дау-жанжалдарды ақылмен шешу, қылмысты адамдарды жазалау, әскери күштерді оң және сол деп екі қанатқа бөлу, халық жиналыстарында тәртіппен отыру, ас-той өткізу тәртіптерді қатарлы заң-жораларды белгілеп, әлеуметтік жора (заң-тәртіп) жасаған екен. (Қазақ ауыз әдебиеті туралы пайымдаулар", 80-82 беттер Шинжаң халық баспасы. 1984.)
Бұл тарихи-әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуірінде жырланып, ХУ ғасырда Кавказ жерінде хатқа түскен. Оны ерте замандарда ұзандар жырлаған. Түрік Лұғатын жазған Фарханг Шури бұл атауды қолына тамбур алып өлең жыр айтатын адам оларды оғыздар ұзан деп атаған. Өздері көбіне оғызнаманы жырлаған деп көрсетеді. Кейбір тарихи мағлұматтарға қарағанда Қорқыт ата кітабының айтушысы Қорқыт тың өзі тек соны оғыз ханына оның немелері жырлап беретін болған. Әрбір қисаны аяқтаған соң жырау бұл жырды менің Қорқыт атам айтып сөзін құрастырған еді деп отырады. Қорқыт ата кітабы бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға Кавказдағы әзербайжан Осман түріктеріне кеңінен жазылған сюжет. ХІУ-ХУ ғасырларда Оғызнама Қорқыт ата кітабы иран, арап тілдеріне де аударылған.
Бұл жырды әзербайжан халқы да иемделіп келеді. ХІУ ғасырдағы сұлтан баязит заманынан бері бұл сюжетті көбірек зерттеген елдердің бірі Осман түріктері Қорқыт жырларын соның елімен байланысты айтылатын көрінеді. Бартольд Осман түріктерінің мал бағудан қол үзе бастағанын ескеріп, бұл анықтаманы қабыл алмайды. Қорқыт ата кітабындағы Сыр бойындағы көшпелі түркі тайпалардың өмірі жырланады. Жырдың Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында туғандығында дау жоҚорқыт Оған оның мазмұны жер, су аттары түрлі әдет-ғұрып көрністері айғақ Қорқыт тың бейіті де Сырдың төменгі бойында болған. Ол жерді Қорқыт станциясы деп атайды. Қорқыт жәдігерін 1896, 1898 жылдары Ә.Диваев зертеп, ол туралы бірқатар ертегі, аңыздар келтірген. Көптеген орыс ғалымдары да Қорқыт жайында көптеген аңыз-әңгімелер жинаған. Қорқыт кітабін сөз еткенде оны Қорқыт жайындағы ел аузында жүрген түрлі аңыздармен шағылыстыруға болмайды. Ондай ертегілердің арғы тегі осы Қорқыт ата кітабына енген жырларға барып тірелетіні де рас. Қорқыт атаның жырлары ХІІ ғасырлардан бергі шығыс елдерінің жазба мәдениетінде айтыла бастаған. Қорқыт есімі ХІУ ғасырлардан бастап айтылады. Түркімен тарихында Қорқыт Инвал Ябы, Дойлы Қай Ерекке, Туман, Қаңлы, Жаулы деген хандарға қызмет көрсеткен қазақтың Сыпыра жырауы сияқты көп жасаған қария ретінде айтылады. Қорқыт ты ІХ ғасырлардағы оғыз-қыпшақ ұлысы тұсында өмір сүргені барынша анықталады. В.Бартольд пікіріде осыған жуық келеді. Ол шығыс халықтарының тарихын зерттеуші Розен және Жәми сөздеріне сүйене отырып, Қорқыт ты Х ғасырлардағы бүкіл Орта Азия халықтарының данасы, сәуегейі болған дейді. Қорқыт Орта Азиядағы түркі тайпаларының эпостық жырларының атасы болып табылады.. Қорқыт ата кітабының сюжетіне келсек, оның оғыз тілінде жасалған бір нұсқасын ХІХ ғасырлардың бас кезінде неміс ғалымы Диц жазып алған. Қорқыт ата кітабының алғашқы үш саласын академик В.Бартольд оғыз тіліндегі нұсқасымен бірге орыс тілінде бастырған 1962ж ССРО Ғылым академиясының баспасы В.Бартольд аудармасының толық нұсқасын "Книга моего деда Коркута" деген атпен басып шығарады. Қорқыт ата кітабы жайында Қ.Инастранцев, Ә.Диваев, А.Туманский, В.Бартольд т.б. ғалымдардың көптеген еңбектері бар.
"Қорқыт ата" кітабындағы жырлар құрылымы жағынан қазақ эпостарының тектес сюжеттерімен юажайлас: әсіресе перзентке зар болған қарт ата-ананың қасіретті өмірі жиі қайталанады ("дер"ехан-ұлы Бұқаш туралы жыр", т.б.). Қорқыт жырларында әйел ананың ақыл-ойы, ерге беріліп, ел үшін ерлік жасауы, ана абыройы қастерлене баяндалады.
Атақты жырау ұлы күйші оғыз - қыпшақ елінің данышпаны ақылгөйі Қорқыт ата өзінің жырлары арқылы ұрпақтарын алауыздықтан аулақ болуға, еңбекті құрметтеуге, ерліктің қадірін біліп, батырлыққа бейімдейді.
Дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық педагогикамыздың бастауы болып табылатын Қорқыт атаның жырлары мен өсиет сөздері, күйлері мен аңыз әңгімелері жалпы адамзаттық тәрбие ұлағаттарына үлкен үлес болып қосылады. Қорқыт ата- халық ұстазы болды. Әулие атамыздың асыл мұраларын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, қасиетті еңбегінің қадірін арттырып, қастерлей береміз. Өйткені, ол- этностық тәлім-тәрбиенің алатын бастауы деп білеміз.
"Қорқыт ата кітабында" және "Қорқыт жырларында" Қорқыт айтқан афористік қорытындылар да бар. Мысалы: "Атасыз ұл ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас", "Ақын тілді, ат тұяқты келеді", "Ескі темір біз болмас, ескі мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас, өткен өмір оралмас, өлген кісі тірілмес", "есекті жүгендегенімен жылқы болмас,", "қорқаққа қылыш жұмсаудың қажеті жоқ" т.б.
Қорқыт ата - дана, ақылгөй ата болуымен бірге дарынды жырау, майталман күйші, қазақтың музыка аспаптары қобыз мен домбыраны алғаш жасаушысы, өз заманының кемеңгер ойшылы. Қорқыт ата өз ел-жұртының аянышты ауыр халін көріп, одан елді құтқаруды, мәңгі бақи өлмейтін бақытты өмірді аңсайды, төңіректің төрт бұрышын кезеді. Бірақ көктемде жапырағы жайқалып шешек атқан шөптердің қүз келісімен сарғайып солғанын, бір заманда аспанмен тілдескен асқар таулармен мыжырайып шөгіп бара жатқанын, мәуелі ормандардың жапырағы төгіліп, қайғымен қамығып бас шайқағанын көреді; адамзат, жан-жануардың мұң-зарын естиді. Ол қайда барса да көр қазып жатқандарға жолығады, ол ең ақырында: дүниеде өзгермейтін еш нәрсе жоқ, "сынбас темір жоқ, өлмес өмір жоқ" деген қорытындыға келеді де, өлмейтін өмірді халықтан іздейді. Өмірінің соңғы кезін домбыра-қобыз тартып, күй шығарумен өткізеді. Ең ақырында қобыз күймен көз жұмып, артындағы ұрпаққа өлмес күйлерін қалдырады".("Қорқыт жыры", "Мұра журналы, 1982ж.і-саны). "Қорқыт күйлері" дейтін күйлер қазақ халқы арасында күні бүгінге дейін ардақталып, ойналып келеді. Қорқыт жырының қорытындысы: "өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz