Тұрақты шығындар - өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

1 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІ нарықтағы баға саясатыНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Баға - нарықтық шаруашылық категориясы ретінде

1. 2 Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері

2 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІ нарықтағы баға саясатынЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2. 1 Қонақ үйлердегі қызмет көрсету сапасының ерекшеліктері, баға саясатына әсері

2. 2 Қазақстандағы қонақ үй индустриясының жағдайын талдау

3 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІ НАРЫҚТАҒЫ БАҒА САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖҮЙЕСІНЕ НЕГІЗГІ ҰСЫНЫСТАР

3. 1 Қазіргі баға саясатын жүргізудегі негізгі өзекті мәселелер

3. 2 Қонақ үй қызметінің баға саясатын жетілдіру бойынша нұсқаулар

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

3

5

5

12

15

15

18

23

23

26

30

32

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектіліг. Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі - баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды.

Сондықтан да қонақ үй қызметінде де нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр қонақ үй иесінің табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес.

Қонақ үй желілерін жасау мәдениеттің сақталуына, соның ішінде, ауылдық жерлерде қолөнер кәсіпшілігін дамытуға, фольклорлық мерекелер мен фестивальдерді ұйымдастыруға ықпалын тигізеді.

Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл туризмін дамыту перспективалары зор болғандықтан, туризм жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қолданыстағыларды жаңғыртуы, ал қажеттілік кезінде жаңа көлік инфрақұрылымын жасауы, өңірде туризммен айналысатын ШОБ-ті қалыптастыру және дамыту үшін мемлекеттік қолдау тетіктерін айқындауы қажет. Әдістемелік құралдарды әзірлеуді, қонақ үйлер ашатын кәсіпкерлерге консультативтік көмек көрсетуді, жергілікті және өңірлік деңгейлерде ақпараттық қолдау және қонақ үйлерді ілгерілету үшін пәрменді құралды айқындауды қамтамасыз етуі қажет. Ұсынылатын қызметтердің жоғары сапасына кепілдік беру үшін ауылдық демалыс үйлерінің бірыңғай сыныптамасын әзірлеу жөніндегі мәселені шешу, осы сыныптаманың өлшемдерін айқындау және ауылдық қонақ үйлер үшін бірыңғай стандарттарды бөлу қажет [1] .

Бағаның құрылуының негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды, қызметті өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға - күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - қонақ үй қызметі нарықтағы баға саясатын анықтау.

Курстық жұмыстың негізгі міндеттері:

  • қонақ үй қызметі жүйесіндегі қызмет көрсетудің дамуын қамтамасыз ету мәселелерін ашып көрсету;
  • баға саясатының қызмет көрсетудің дамуында кері әсер туғызатын факторларды көрсету;
  • қызмет көрсетудің қалыпты деңгейде дамуы үшін баға саясатының мазмұнын талдау және оны іске асыру.

Зерттеу объектісі ретінде елдегі қалыптасып отырған баға мен мемлекеттің баға саясатын жүргізу шаралары алынды.

Зерттеу пәні қазіргі экономикалық ынталандыру жүйесінің теориялық және әдістемелік аспектілерін әзірлеу болып табылады.

Зерттеудің ақпараттық негізі. Зерттеудің ақпараттық негізі ретінде қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, мерзімдік баспасөз және ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарлардың материалдары алынды. Жұмыста зерттеліп отырған мәселені реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілері мен басқа да құқықтық-нормативтік құжаттар пайдаланылды. Зерттеудің эмпирикалық базасын Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттіктің деректері, ғылыми-зерттеу институттарының салалық және академиялық еңбектері, мерзімді басылымдар құрады.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚОНАҚ ҮЙ ҚЫЗМЕТІ нарықтағы баға саясатыНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Баға - нарықтық шаруашылық категориясы ретінде

Нарықтық экономика жағдайында баға қалыптастыру өте күрделi процесс. Өнiмге қойылған баға табыстың дұрыс түсуiн қамтамасыз етуi керек және ол кәсіпорынның шығындарын жауып, пайда әкелуге тиiстi. Өз еркiмен бағаны көтерiп, нарықтан тыс қалған фирмалар, ал керiсiнше бағаны төмендету арқылы көптеген қолайсыз жағдайға кездескен фирмалар iс-жүзiнде көптеп кездеседi.

Баға - өндiрушiлер мен сатушылар тұрғысынан тұтыну құнының бағаланған өлшемі деп есептелiнедi. Бұл анықтамада үш жағдай маңызды.

Бiрiншiден, баға, оған енген қоғамдық қажеттi еңбек шығындарымен емес тауардың тұтыну бағасымен байланысты.

Екiншiден, баға тұтынушылар мен емес, өндiрушiлер мен немесе тауар сатушылардың ұсынуы және бағалауымен байланысты. Тұтынушы шешім қабылдағанда тауардың тұтыну құнының бағасын ескереді және ол факторлардың әсерімен анықталатын максималдық шекарадан аспауы тиісті.

Үшiншiден, бағаның мөлшерi тауардың немесе оларды ұсынушылардың тұтынушыларға қаншалықты жақындағанына байланысты. Сондықтан, өндiрушiлер мен тұтынушылардың арасындағы кез-келген аралық өткiзу арналары құнды ұлғайтады.

Компания өзінің тауары үшін сұрайтын бағаның төменгі деңгейін өндірістік шығындар бойынша анықтайды. Компания өндіріс шығындарын, таратуға кететін шығындарын және тауарды сатуға кететін шығындарын орнына келтіретін ғана емес, тәуекелділік пен күш-жігері үшін жеткілікті пайда әкелетін баға белгілеуге тырысады. Баға қалыптастыру стратегиясында шығындар маңызды элемент ретінде қарастырылады. Көптеген компаниялар өз салаларында өте төменгі шығынға жетуге талпынады, себебі онда ол төменгі баға белгілей алады да, соның нәтижесінде сату мен пайданың деңгейін арттырады.

Шығындардың екі түрі болады - тұрақты және өзгермелі.

Тұрақты шығындар - өндіріс көлемімен өткізуге тәуелсіз шығындар.

Мысалы, ай сайын төленетін жалгерлік және жылжыту үшін төлемдер, несие үшін пайыз төлемдері және қызметкерлердің төлем ақылары өндіріс көлемімен байланысты емес. Өзгермелі шығындар өндіріс көлеміне тікелей байланысты. Өндірістің белгілі деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың сомасы валдық шығындарды құрайды.

Баға белгілеу проблемасына фирмалар әртүрлі жолдармен келеді. Шағын фирмаларда бағаны басшылар тағайындайды. Ірі компанияларда баға белгілеу проблемасымен бөлімше басқарушылары және тауар ассортиментінің басқарушылары айналысады. Бірақ бұл жағдайларда да жоғарғы басшылар баға саясатының жалпы бағытын және мақсатын анықтаумен қатар, көпшілік жағдайда төменгі эшелон басшыларының ұсынған бағаларын бекітеді. Баға факторы шешуші роль атқаратын салаларда (темір өндіру компаниялары, аэрокосмос өндірісі, мұнай компаниялары т. б. ) фирмалар көбіне баға қалыптастырушы бөлімдерді құрады және олар тиімді бағаларды белгілейді, немесе басқа бөлімшелерге осы сұрақ бойынша көмек көрсетеді.

Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.

  • Баға теориясы;
  • Баға жүйесі;
  • Баға саясаты;

Баға құрылу тәсілдері:

  • Индуктивті;
  • Дедуктивті;
  • Диалектикалық

Баға құралу ғылымы - баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.

Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады.

Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек. Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар - А. Смит, Д. Рикардо, К. Маркс ж. т. б. көзқарастарымен байланысты.

Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады. Құн екі жақты сипатталады:

  • Сандық;
  • Сапалық;

Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен еңбек мөлшерімен анықталады.

Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.

Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.

Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:

  • Сұраныс және ұсыныс қатынасы /бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі/;
  • Әлеуметтік факторлар /бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің араласуы/;
  • Мода және тауар болашағы факторлары, /көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен сәйкестенеді/;
  • Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары /кейбір ұлттардың тағамдық ерекшеліктеріне байланысты/.

Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.

Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік жайлар, ал, үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.

Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:

  • Есептік өлшемдік;
  • Қайта үлестіру;
  • Ынталандыру;
  • Баланыстық / теңестіру;
  • Өндірісті орналастыру.

Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.

Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.

Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.

Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.

Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік туындайды.

Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.

Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының, аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы, ҚҚС және басқа да салықтық сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.

Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады. Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес. Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.

Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді.

Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.

Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.

Экономикадағы баға жүйесі

Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық бағалар бір-бірімен байланысты және өз-ара жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық фактордың әсерінен әр уақыт қозғалыста болады. Баға жүйесі жеке өзара байланысты баға блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың байланыс негізін, қан тамырлары қызметіне ұқсас байланыстық принципі құрады, бір жүйедегі баға қозғалысы басқа да барлық жүйеге автоматты түрде өзгертулер енгізіледі.

Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары төмендегідей:

  • Көтерме сауда бағасы;
  • Сатып алу бағасы;
  • Бөлшек сауда бағасы;
  • Жүк көлік қызмет көрсету тарифі;

Бағаның негізгі блоктары бірнеше блокасты бөліктерден тұрады. Мысалы ретінде: көтерме сауда бағасы блогы екі блокасты тобына бөлінеді, кәсіпорындардың көтерме сауда /босату/ бағасы және өнеркәсіп көтерме сауда бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы мынадай блокасты бөліктерінен тұрады: темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе жолымен тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы жүк көлігі тарифтері.

Барлық бағалар жүйелерінде анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын, бұл -базалық өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы, яғни, отын - энергетикалық кешендерінің, металлургия саласының өнімдері, себебі, бұл өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде тұтынылады немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер бағасының өзгеруі барлық өнімдер мен қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер енгізетіндігі айқын.

Жоғарыда аталып өткендей баға жүйесіндегі барлық бағалар бір-бірімен тығыз байланысты. Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы және өзарар тәуелділігі төмендегідей екі жағдайға негізделген:

  • Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;
  • Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметінің байлаыстылығы.

Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа да кешендік кәсіпорындар мен салалар мысалында көруге болады. Бұл жағдайда айтатынымыз, соңғы өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады.

Баға байланысы тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық байланыс кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т. б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.

Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін баға жіктемелері қолданылады. И. Жельтякова, Г. Маховикова, Н. Пузыния бағаның келесідей жіктемесені атап көрсетеді.

А. Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:

  • Көтерме сауда бағасы -кәсіпорынның өндірген тауарын басқа кәсіпорынға немесе сатып-өткізу ұйымына сату үшін қолданылатын баға.
  • Бөлшек сауда бағасы-сауда -саттық ұйымының халыққа өнімдерді сатып өткізуі үшін қолданылады.
  • Сатып алу бағасы- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін келесі өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен кәсіпорындарға сату бағасы.
  • Сметалық құн - құрылыс өнімдеріне (ғимараттар мен құрылғылар, ) төлеу үшін баға.
  • Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері - бөлшек сауда бағаларының негізгілерінің бірі.

Б. Мемлекет тарапынан реттелу әсерлері, нарықтық бәсекелестікке байланысты:

  • Еркін нарықтағы баға- нарық коньюнктурасына сәйкес сұраным мен ұсыныс негізінде өнімдерге өндірушілердің қойған бағасы.
  • Реттелуші баға- арнайы басқару органдарының қойған бағасы, олар көбіне жоғарғы дәрежелі әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар мен тарифтерге байланысты қойылады.
  • Париттетік баға - бағаның бұл түрі АҚШ -да мемлекеттік органдар, ауылшаруашылық өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар және қызмет түрлері бағасының қатынасын реттеу үшін қолданылады.

В. Бағаның қойылу әдісі бойынша:

  • Қатаң (тұрақты) баға - келісім шарттарда қолданылады және оның аяқталуына дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалады.
  • Ағымдағы баға - әрбір кезеңдегі баға деңгейі. Олар бір келісім шегінде өзгеруі мүмкін және баға жағдайымен айқындалады.
  • Қозғалмалы баға - келісімде белгіленген баға, екі жақтың келісімі бойынша нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің орындалуы кезінде болашақта өзгеріске ұшырайтын баға.
  • Сырғымалы баға - бағаның бұл түрі ұзақ уақыт дайындалу кезеңін қажет ететін өнімдерге қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті, сол уақыт кезеңінде өндіріс шығындарының өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде қайта қарастыру жолымен анықталады.

Г. Уақыт әсерлерін есепке алу бойынша:

  • Тұрақты
  • Маусымдық
  • Баспалдақты.

Д. Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша:

  • Анықтамалық
  • Прейскуранттық
  • Есеп айырысу бағасы

Е. Нарық түрлеріне байланысты:

  • Аукциондық
  • Биржалық котировка -биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары
  • Сауда бағасы - мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.

Ж. Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:

  • Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.

З. Жеткізіп беру және сату жайлаы бойынша:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға жасаудың шығынды әдісі
Баға түрлері, жіктелуі
Маркетингтің баға саясатын құру
Маркетингтегі тауар және баға саясаты
Кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау
Қаржы менеджменттін ақпаратпен қамтамасыз ету
Маркетингтегi баға қалыптастыру саясаты
Өнімнің өзіндік құнын талдау
Кәсіпорын шығындарының экономикалық мәні мен мазмұны
Нарықтағы баға қалыптастырудың түрлері және маркетингтегi баға қалыптастыру саясаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz