Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І ТАРАУ.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын қол өнерге баулу туралы түсінік
1.2 Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны

ІІ ТАРАУ.
2.1 Бастауыш сыныпта оқушыны ұлттық қол өнерге баулу әдістемесі
(бастауыш сынып оқулықтарына сипаттама, 1,2,3,4)
2.2 Бастауыш сыныпты ұлттық өнермен таныстыру әдіс-тәсілдері
2.3 Практикалық бөлім.
Сабақ жоспары 1-4 сынып

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі, - деуі, оның жүзеге асырылуы оқытушылардың сапалы даярлығында және олардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауында екендігін баса көрсетіп отыр. Осындай жаңа талаптар ұстаздардың жоғары шығармашылық шеберлігі мен адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамдары, өнердің танымдық мәні мен тәлімдік маңызы педагогика тарихынан есімдері танымал ағартушы ғалымдар Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев еңбектерінде сөз етілген.
Бейнелеу өнері және сызу мамандығының мұғалімдерін дайындаудың жалпы теориялық және әдіснамалық негіздері Н.Н.Ростовцев, Д.Н.Кардовский, А.А.Унковский, В.С.Кузин, Б.Г.Лихачев, Е.Е.Рожкова, Н.Н.Неменский, Б.П.Юсов, Г.В.Беда, А.С.Хворостов, А.Д.Алехин, Т.Я.Шпикалова, Н.П.Сакулина, Е.В.Шорохов, А.Е.Терентьев, Б.С.Суздалев, Е.И.Игнатьев, Л.Г.Медведов, Л.А.Ивахнова, С.С.Булатов т.б. еңбектерінің негізі болған. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен мектептердегі бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуын, көркемдік білім берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін Қ.Е.Ералин, Қ.Ж.Әмірғазин, Б.А.Әлмұхамбетов, Ж.Балкенов, С.А.Аманжолов, Е.С.Асылханов, Д.Садығалиев, М.Жанаев, А.О.Қамақов, Ұ.Ибрагимов, Б.Е.Оспанов, Р.Мизанбаев, Т.М.Қожағұлов, С.Н.Данилушкина, Б.А.Мұхаметжанов, Ж.С.Кенесарина; этнопедагогика саласынан қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері С.Қалиев, Қ.Жарықбаев, А.А.Қалыбекова, С.А.Ұзақбаева; қазақ сәндік-қолданбалы өнері негізінде оқушыларды еңбекке баулу Қ.Ж.Әмірғазин, О.С.Сатқанов, Е.Т.Кісімісов; эстетикалық қызығушылығын С.А.Жолдасбекова, Т.Левченко; көркемдік талғамын, көркемдік қабылдауын қалыптастыру Ф.Ы.Жұмабекова, Қ.О.Жеделов және т.б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Бейнелеу өнері бойынша, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың мәселесіне назар аударған ғалымдар Ұ.Ибрагимов, Ұ.М.Әбдіғапбарова, Қ.К.Болатбаев, И.С.Сманов, Т.Қ.Мұсалимов, Б.И.Ижанов, Д.А.Кемешов, Қ.О.Жеделов, М.Ж.Тәңірбергенов, С.Қ.Бейсенбаев, Ж.Бейсеңбеков, Е.П.Митрофанова, З.Ш.Айдарова, С.Р.Матаева, Б.А.Айдарбек, Ж.С.Көшенов, М.А.Абдрахимов, Ғ.Қ.Ералина еңбектерінде ұлттық өнер негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру теориясы мен көркемдік білім беру зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.
Қазақстан Республикасының мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық бейнелеу өнерін зерттеуге үлес қосқан өнер зерттеуші ғалымдар Г.Сарықұлова, И.Рыбакова, М.Ғабитова, Р.Көпбосынова, Н.Нұрмұхаммедов, К.Ли, Ш.Тоқтабаева, Б.Мекішев, С.Мұқтарұлы, А.Ниязов, Қ.Е.Ералин, Б.К.Байжігітов, Қ.К.Болатбаев көркемдік білім берудің мазмұнын аңықтап, қазақ бейнелеу өнеріне қатысты теориялық және иллюстрациялық материалдарды толықтырды.
Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін, келешекте олардың өнер түрлерінен жоғары оқу орындарда білім алуға бағытталуына әсер ететін бейінді оқытудың басты бағытын анықтауға ықпал етеді. Өнер пәні оқушы тұлғасының өмірлік көзқарасының негізін құрайтын, оның өнегелі-эстетикалық тәрбиесіне әсер ететін әр түрлі өнер түрлерін кешенді түрде меңгерту шығармашыл тұлға тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Мектепте өнер пәнін оқытудың мақсаты - әр түрлі өнер түрлерінің әсер ету заңдылықтарына сүйене отырып, жоғары сынып оқушыларының тұлғасын қалыптастыру. Өнер пәнінін оқытудың міндеті - оқушыларды отандық және шетел өнерімен таныстыру, түсінуін арттыру, олардың рухани ішкі дүниесін байыту, көркемдік мәдениеттің дамуындағы білік, дағдыларын жетілдіру; өнер тілін меңгеруге, әлемдік мәдениетке деген құрметін тәрбиелеу.
Зерттеу мақсаты: бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне оқытудың әдістері мен тәсілдерін анықтау.
Зерттеу нысаны: бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне оқытудың үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне оқытудың мазмұны мен әдістемесі.
Зерттеу міндеттері:
- бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне оқытудың ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындау;
- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың моделін анықтау;
- бастауыш мектепте оқушылардың бейнелеу өнеріне оқытудың бағдарламасын жасау мен әдістемесін дайындау;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғамды қалыптастыру, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынады.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Білім және ғылым министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, философтардың, психологтардың, педагогтардың, тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың еңбектері, өнер шеберлерінің бұйымдары, суретшілер шығармалары, ұлттық мәдени мұралар, автордың жеке өзінің ғылыми-педагогикалық тәжірибесі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, шетел бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік құралдарға теориялық сараптау жасау, педагогикалық эксперимент нәтижесіне математикалық талдаулар жасап, баға беру.

І ТАРАУ.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларын қол өнерге баулу туралы түсінік

Қолөнер - ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. Неше түрлі жібек, жылтыр люрекс жіптері қолданылады. Дегенмен, көне заманнан келе жатқан қазақ қолөнері өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалған. Сол қолөнердің бір түрі - кесте тігу. Бірақ ерекшелігі - кестені ұсақ моншақпен, кішкене түйме тәріздес долмалақ жылтыр материалмен орындау. Моншақпен тек киімді ғана емес, жаулықтарды, неше түрлі сувенир заттарды кестелеуге, панно тігуге болады. Моншақтардың тесікшелері өте кішкентай болғандықтан, жіңішке ине алған жөн. Жіп моншақпен түстес болу қажет.
Қолөнерде жүнді пайдалану. Қазақ қолөнерінде пайдаланылған негізгі шикізат түрі - жүн. Оның табиғаттық қасиетіне зер салып, тиімділігі мен күнделікті тұрмыста қолайлы жақтарын қарастыра отырып, әдемілік жағына да көңіл бөлінді. Бүгінге дейін дәстүрлі қолөнер түрі - киіз басу. Бұл көне заманнан бері әйгілі. Бұрын киізді қара немесе ақ түсті етіп басқан, соңғы кезде оюлап басу кеңінен тарап кетті. Жүннің пайдалы да, сонымен қатар зиянды жақтары да бар. Жүннен жасалған бұйым, әрине, жылы, төзімді келеді. Ал гигиена тұрғысынан қарағанда - шаң, ауа өткізгіштігі төмен. Бірақ қазақтың киіз басу өнері жойылған жоқ.
Кілем ерте кезден қазақ тұрмысында киіз үй мүлкінің бірі болып есептелсе, қазірдің өзінде де маңызы жойылған жоқ. Кілем - арнаулы қарапайым өрнек арқылы ерекше түр салынып, әрбір шаршы метріне шамамен 230-400-ге дейін, ал өнбойына бір миллионға жуық жіп тіндерін кетіріп өте тығыз тоқылатын аса бағалы бұйым. Жазбаша ескерткіштерге қарағанда, бұрыңғы замандарда киіз үйдің ішінен ұстап, еденіне төсеумен бірге, кілемді киіз үйдің туырлық пен үзігі орнына да жапқан.
Кілемнің үй тұрмысында ұзақ тұтынылуы, оның өте беріктігі мен төзімділігіне байланысты болса керек. Сонау көне заманнан бергі келе жатқан халықтың дәстүрлі үй мүлкінің бірі - кілемнің құндылығы жағын сөз етсек, ол өзінің қолданылу жағынан көптеген материалдардан, тіпті металдан да асып түседі десек, артық айтпаған болар едік. Өйткені, кілем тұтынуға төзімді, оңайлықпен тозбайтын, жыртылмайтын, шаң-тозаңнан тез тазартылатын, ылғалдық пен құрғақшылықты елең қылмайтын, күйде түсуден де қорықпайтын аса бағалы мүлік. Оны алтын, күмістен қымбат бұйымдар сияқты баршылықтың, байлықтың бір белгісі деп білген.
Кілемнің осындай қасиеттеріне байланысты қай кезде, қай заманда болмасын, кілемді, одан жасалатын мүліктерді көбінесе тек қой жүнінен тоқыған. Әсіресе, Орта Азия мен Қазақстан территориясында тоқылған кілемдердің сапасы мен түрі, түсі өте жоғары бағаланған. Оның себебі кілем тоқуға пайдаланылатын қой жүнінің сапалылығын жоғарыда аталған аймақтың шөбі мен суына, табиғаты мен климатына, бұл жерді жайлаған түркі халықтарының ішіндегі, әсіресе, қазақ халқының табиғи таланты мен тіршілігіне байланысты екендігі анықталып отыр. Өйткені, кілем тоқылуға жұмсалатын қой жүнінің ең сапалысы, жіңішке жібектей мамық жүннің алынатын оралығы - Қазақстанның оңтүстік облыстарынан бастап шығыс жағын тегіс қамтиды. Сондықтан да бұл аймақта кілемнің сапалы түрлері көп. Көктемде қырқылып алынатын қойдың жібектей жіңішке, мамық жүні бұл маңайда ерте заманнан мақтамен қатар маңызды орын алған. Осыған орай бұл жерде қой жүнін өңдеуді де көне дәуірден білген. Мақтаны тек кілемнің негізін салу үшін пайдаланған. Әрине, бұдан кілем тек қана қой жүнінен басқадан тоқылмайды деген ұғым емес. Мәселен, Робинсонның еңбегінде туысқан өзбек халқының кілемді арқар жүнінен де тоқығаны сөз болды. Кейбір түркімен кілемдерінде мақтаны түр, өрнек салуға пайдаланумен бірге кейде жібектен де кілем тоқыған. Біз бұл еңбекте Орта Азия және Қазақстан жеріндегі кілем тоқу өнері жайлы қысқаша тоқталып отырмыз. Өйткені бұл туралы бұрын-соңды жарияланған еңбектер баршылық.
Ал кілемнің қазақ арасына тараған түрлеріне келетін болсақ, олар мыналар: масаты кілем, қалы кілем, жібек кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен кілем, сарыаяқ кілем, парсы кілем, шешенгүл кілем, пәтінісгүл кілем, алтыауыл кілем, мәскеугүл кілем, т.б. түрлері көп-ақ.
Кілем үлгілері әр түрлі әлеуметтік шындықты бейнелейді. Қолөнер шеберлері өз еңбектерінде ұлттық ою-өрнектермен қатар қазіргі заман тынысын бейнелейтін жаңа түр тапты. Қазіргі кілемдер өрнегінен космос, алып құрылыс, өскен ауыл өмірін көруге болады. Демек, қазақ арасына бұрыннан көп тараған жоғарыдағы кілем атаулары тектен-тек қойыла салмаған, аталған түрлердің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу технологиясы мен тәсілдері барлығы сөзсіз. Олардың бояу, тоқу, түр салу әдістерінен-ақ әрқайсысының бір-бірінен өзгешелігін, тіпті қай облыстың кілем тоқу үлгісі екенін де байқау қиын емес.
Алматыдағы кілем фабрикасы республикамыздағы сюжетті ою-өрнекті кеңінен пайдалана отырып, кейде тіпті сирек кездесетін кілем түрлерін де шығарып бірден бір үлкен мекемеге айналуда. Азғана уақыт ішінде қазақтың өрмек тоқу өнері толығынан игерілді. Жұмыс өнімділігі айтарлықтай нәтижеге жетті. Фабрика жиырмаға жуық кілемді еліміздің музейлеріне жіберді.
Дүние жүзіндегі ең үлкен кілем ең алғаш 1959 жылы Ашхабадта тоқылды. Оның көлемі 192 шаршы метр еді. 1965 жылы Түркімен шеберлері мұны екі есе ұлғайтты. Бұл кілемнің көлемі 252 шаршы метр, салмағы бір тоннадан асады. Армян шебері Акоп Кемешян көлемі 46 шаршы метр кілем тоқыды. 1966 жылы Витевск кілем комбинаты көлемі 144 шаршы метр кілемнің салмағы 300 кг түкті кілем тоқыды. Қазақстан кілемшілерінің ішінде 1926 жылы Париж көрмесінде бәйге алған қарт ана Барлыбаева Рымжан, 1950 жылғы республикалық көрменің жүлдегері болған. Әрине, арнайы жасалған кілем тоқитын заманымыздың соңғы жаңалықтарымен толықтырылып жасалған станоктар ауылдық жерлерде кездесе бермейді. Енді сол ауылдық жерде атазаманнан бері пайдаланылып, бірақ, соңғы кезде азайып жатқан қарапайым станоктың кейбір атауларына тоқталып, ондай атауларға түсіндірмесін беруді мақұл көрдік.
Төсек, кейде оны желі деп те атайды. Демек, төсектің немесе желінің ұзындығы бес метр, ені екі жарым метр шамасында болады.
Кергі ағаш - кілем тоқылатын, желінің басынан және аяғынан кілем тоқылатын орында жүгірілген жіпті керіп тұратын ағаш. Оның тек қана ағаш болуы шарт емес, үй иесінің тапқан материалына қарай оның кейде құбыр тәріздес затқа немесе қазыққа мықтап керілген жуан арқан болуы да мүмкін. Керілген төсек-желінің жалпы саны орта есеппен еркегі - 600 (үстіңгі) жіп, ұрғашысы - 600 (астыңғы) жіптей болу керек. Үй иесінің тоқылатын кілем мөлшеріне қарай желі мөлшерінің бұдан аз да, көп те болуы мүмкін.
Белағаш - кілем тоқу үшін керілген жіп желісін күзу арқылы байланыстырып тұратын көлденең ағашты белағаш деп атайды.
Адарғы - керілген жіп желісінің шатысын немесе күзусізін бетіне шығарып, былайша айтқанда еркек жіп пен ұрғашы жіпті ерсілі-қарсылы, жоғарылы-төменді алмастырып тұратын белағашпен қатар жатқан ағаш.
Аяқ - белағашты көтеріп тұратын, аша басты тіреу ағаш. Керілген желі - төсек жіптің белағашының екі басына тіреліп қойылады.
Еркек жіп - кілем тоқу үшін керілген желі жіптердің күзуде тұрған үстіңгі жіптері.
Тарту жіп - белағаштың үстінен екі басына бекітілген күзуді тартатын жіп.
Шатыс - керілген жіп желілерінің, яғни еркек жіп пен ұрғашы жіптердің күзу арқылы адарғының көмегімен айқасу. Былайша айтқанда шатыс ардағыны шеңбердің өзіне қарай тартқанда ұрғашы жіп жоғары шығып, оны кейін итергенде еркек жіп жоғары шығып, алма кезек айқасып отырады. Мұндай құбылысты шеберлер шатысу деп атайды.
Шалу - керілген желіге салынатын түрлі еркек жіптен алып ұрғашы жіпке шалып орағанды шалу немесе түр шалу деп те атайды.
Арқау - еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан әрлі-берлі өткізілетін бас жағындағы кергіге шатысты ұстап тұратын жіп.
Жіп шалу - кілем тоқу үшін керілген жіп желісінің үзілуін жіптің қашуы деп атайды.
Жіп жалғау - керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау. Егер ол байланбаса кілемге салынып жатқан түр қисық түсуі мүмкін.
Сирексіту - керілген жіп желілерінің арасынан арқау өткізілген соң ұйысқан жіп аралығын тоқпақпен (мұны кейде тарақ дейді) түйгіштеп сол желі жіптерінің арасын ажырату.
Тоқпақ - керілген желідегі еркек жіп пен ұрғашы жіптің арасынан арқау жіп өткізілгеннен соң, жіп арасын түйгіштейтін шеге тісті ағаштан жасалған құрал. Мұны тарақ деп те айтады. Өйткені бір жағынан тараққа ұқсайтындығы бар.
Қайшы - керілген желідегі жіпке шалынғаннан соң тегістеу үшін пайдаланылатын құрал. Осы қайшы арқылы түгі қырқылып тегістеледі.
Ши тоқу өнері бұрын көшпелі және жартылай отырықшылдықта тіршілік еткен Орта Азия халықтарына (қазақтар, қырғыздар, түрікмендер, жартылай отырықшы өзбектер, қарақалпақтар) көне заманнан белгілі. Күнделікті тұрмыс пен шаруашылық қажетіне тоқылған ши қазірге дейін кең түрде пайдаланылып келеді. Оны киіз үйдің құрамы бір бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздарда оларды үйдің ішіндегі аяқ-табақ, ошақ басын қоршап қою үшін де қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігінде ұстау үшін де пайдаланады. Сондай-ақ киіз үйге төселген киіздің ылғал тартып бүлінбеуі, тез тозып қалмауы үшін төсеніші ретінде киіз астына төсейді.
Тоқылған шиді қазақтар сияқты қырғыздар да, жартылай көшпелі басқа да шығыс халықтары да пайдаланып келді. Мәселен, оны құрт жайып, тары сүзу үшін шыпта жасау сияқты күнделікті тұрмыс қажетіне де ерте заманнан-ақ пайдаланған.
Тығыз тоқылған шиді күннің суық кезінде киіз үйдің керегесіне тұтқанда үйдің жылы болуына әсері тисе, күннің жылы кезінде туырлығын жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы.
Ши өңдеу, тоқу өнерімен қазақтар, қырғыздар, сондай-ақ Орта Азиядағы басқа да халықтарда көбіне әйелдер айналысқан. Жай ғана ақ шиден өзіне керекті күнделікті тұрмыста пайдаланылатын затты әрбір әйел өздері тоқып алады.
Ерте кезде тұрғын үйдің негізгі түрі тек киіз үй болған уақытта ши дайындауға топталып, әйелдермен бірге ер кісілер де баратын болған. Ерлер жағы ши өсімдігін түбімен қопарып оны түйеге, езгіге немесе атқа арту сияқты ауыр жұмыстарды атқарған. Шиді күзге қарай дайындаған.
Ши тоқу үшін ашасы бар екі ағашты белгілі қашықтықта тіке қадап, екі ашаға көлденең ағаш қойып, арнайы жасалған қарапайым станок пайдаланылады. Оны үйдің ішіне, жабық қораға немесе бастырманың астына орнатады. Киіз үйдің ішінде станоктың екі жағындағы ашалы ағашы керегеге байланып (екеуінің арасы қандай нәрсеге арналып тоқылатын шидің еніне байланысты) төменгі жағы жай ғана жерге бекітіледі. Ашаның үстінен көлденең қойылған сырықтың биіктігі түрегеліп тұрып істеуге ыңғайлы болуы тиіс. Өйткені, қой жүнінен көбінесе қоңыр жүннен иіріп, тас немесе басқадай салмақты зат байлаған және бір біріне қарама-қарсы орналасқан екі жіптің екеуін екі қолмен ұстап тұрып, кезекпе-кезек қарсы бағытта сырықтың үстінен асырып отырады. Ондай жіптің арасы 10-15 см болады да, саны жиырма-отыз шамасындай болуы мүмкін. Сөйтіп, көлденең сырықтың үстіне қойылған бір ши бастан-аяқ байланып болған соң екіншісі қойылады, осы тәртіп ши тоқылып біткенше қайталанып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиден ғана қабаттап бекіту шарт емес, оны үш шиден де крест салып байластыруға болады. Мұны ши тоқушылар шыбын қанат деп атайды. Тоқылған шидің алғашқы бастамасы мен соңғы аяқталу кезеңінде шамамен алғанда 20-40 см болуы керек. Бұл шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауына себебі тиеді. Ши тоқушылар тоқылған шидің бұл бөлігін қарақұс деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды шибау деп атайды.
Қазақ халқының саласында ши өңдеу, оған жүн орап, өрнектеп безендіру, түр салып тоқу ісі де ғасырлар бойы атадан балаға мирас қалып жатқан ұлттық өнері болып табылады. Ши бұйымының жалпы сырт көрінісіне қарай: ақ ши, ораулы ши, шым ши деп үш топқа бөлінеді. Мұндай ши түрлері қазақ арасында әрқайсысы өз орнымен әр түрлі мақсатқа пайдаланылады. Мысалы, қабығынан тазартылған ақ шиді көбінесе, ірімшік, т.б. жаю үшін, сондай-ақ сүзгіш шыпта жасау, үйдің төбесін біртегіс сылауға ыңғайлы болу үшін қолданылатын болса, ұзына бойы түсті жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши киіз үйдің сәнді жиһазының бірі болып есептеледі. Ал өн бойы тұтас оралмай әр жерінен аралатып оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды.
Демек, киіз үйдің керегесін орай тұтуға көбінесе жоғарыдағы айтылған шидің соңғы екі түрі: шым ши мен орама ши пайдаланылады. Шым шиді кейде жез ши деп те атайды (бұл ерте уақыттағы жез оралған кезден қалған атау болса керек).
Шым ши тоқу - қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнерінің ерекше бір түрі. Өрнектеп шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи шынайылығымен көз тартады.
Шым ши тоқуда, негізінен, оюдың композициялық құрылысының маңызы ерекше. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің қолданып жүрген қазіргі барлық ою түрлерін композициялық жағынан: толық жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою (компоненттері бойлай да, көлденең де тепе-теңдіктегі ұзындық ою) болып бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюларының ішіндегі жоғарыдағы аталған жекелеген және тұтас ою формасын Шаршы ою деп те атайды. Оған белгілі геометриялық фигурадағы төрт бұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, тағы басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. Олар шым шидің бетін тұтас сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын күрделі композициялы қиын түрлері сәуле, шахмат, ұзындық оюларды ашық жерге түсіргенде сол мотивтегі бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Бұл сияқты шым ши бетін әшекейлейтін қазақ, қырғыз оюларының негізі - кейбір геометриялық мотивтегі элементтер мен өсімдік және зооморфтық, тағы басқа оюлардан құралған ба, деген ой келеді.
Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері ромбы, төрт бұрыш, шаршыдағы жұлдыз, үш бұрыш, көп бұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып келген крест тәрізді болып келеді. Бұдан геометриялық ою элементтері шым ши тоқу өнеріне ғана сақталған екен деген ой тумау керек. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика, үй құрылысында және күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз өрнектеу салаларында жақсы сақталған. Алайда геометриялық оюдың шыққан тегі анықталады деп үзілді-кесілді айту қиын. Дегенмен, мұндай оюлардың түрі алғаш рет еңбек құралдарын бейнелеу, кейіңгі бақташылық дәуірде үй жануарлары мен жабайы аңдарды белгілі жерге дағдыландыру орандарын суреттейтін бізге келіп ромбы, көп бұрышқа ұқсас қолдан тоқылған кескін үйлесімімен шықты деп шамалауға болады.
Осыдан біз халық қолөнер шеберлерінің ұзақ жылдар бойы көшпелі тұрмыс жағдайына сәйкес жасаған заттары негізгі кәсібіне орайлас өрістегенін байқаймыз.
Өрнектеп ши тоқу өнерін де қазақ шеберлері қолданған. Олардың ши бетіне салған түрлері жүзтеру деп аталады. Әр қайсысы шаршыға тең алты шаршыдан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін, алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп-қонағанда түр салынған жағы түтіліп, тез тозып қалмау үшін, алақан ши шым шидің екі жағынан салынады. Кереге сыртынан бір босағадан екінші босағаға дейін, шиді айналдыра тұтуды - ши ұстау деп атайды. Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге байланатын жіпті шибау дейді. Халық шеберлері табиғаттың байлығын өздерінің күнделікті тұрмысында қажетке жаратуға өте ұста болғанын ертеден-ақ білеміз. Оған керегеге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола алады. Даланың шиін өңдеп, тоқып, кәдеге жарату қиын да жұмыс болмағанымен оны көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай да іс емес. Әйтеуір халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегесін сыртынан жауып, киіз есіктің ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына түрлі-түсті жүннен, кейде жібектен оралған белгілі ою-өрнектермен түгелдей безендіріліп өрнекті де әсем заттар мен бұйымдар жасау ертеден мәлім, ши өңдеу мен тоқуға қатысты қалыптасқан терминдер де бар. Мысалы, аршу деп тоқудың алдында ши сабағының қабығын аршуды айтады. Шиді аршумен бірге оның ішінде жүн орауға жарамдысы да, жарамсызы да болады. Сондықтан жарамдысын таңдап, бөлектеп аршып алуды сұрыптау деп атайды.
Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы жеткенше өткізіп қоюды тізу дейді, ал шиге өрнек саларда оны алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін белгілеуді сызу деп атайды. Оны көбінесе пышақпен, қарындашпен, сондай-ақ отпен де күйдіріп белгілейді. Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі түсті жүннен орап үлгі салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді, салынған белгісіне қарай, өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастырудың да шеберлер тізу деп атаған.
Қолөнер саласының басқа да түрлері сияқты шым ши тоқытып, үйретілетін арнаулы орын бұрыңғы кезде болмаған. Тек ұрпақтан-ұрпаққа дәстүр бойынша қалып отырған.

1.2 Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны

Көркемөнерлік шығармашылық баланың тұлғалық қасиетін қалыптастыруда тәрбиелік мәні бар үрдіс. Ол оқушылардың эмоционалдық қызығушылық әрекетін анықтауда, болмысты танып, бейнелеуде әсерін тигізеді. Оқушылардың бейнелеуінде олардың өмірді қоршаған ортаны қабылдауы көрінеді.
Бейнелеу өнерін, соның ішінде сәндік қолданбалы өнерін біздің рухани мәдени дамуымызда ежелгі дәуірден бері тамыры үзілмей, жалғасын тауып келе жатқан өнер екендігі және балаларды тәрбиелеуде оның тәлім-тәрбиелік мәнінің зор екендігін айта кеткен жөн.
Психологиялық-педагогикалық ғалымдарының дәлелдеулері бойынша ұлттық тәлім-тәрбиенің негізіне сай ұлттық ойлау, сана-сезімі, мәдениетті қалыптастыру тиіс: ұлттық даму ерекшеліктерін ескермеу, әдет-ғұрып салт-дәстүрлерді білмеу, әрбір адамның адамгершілік қасиетінің жойылуына, олардың азғындауына әкеп соқтыратынын оны болдырмаудың ең басты жолы-жүйелі білім мен тәрбие беру.
Халықтық өнердің мәнінің айрықша бағалануы арқылы бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу шығармашылығын қалыптастыру, оқушылар мен жасөспірімдерді әсемдікке баулу жұмыстарын жақсарту жолына республикамызда көптеген игі істерге жол ашылуда.
Халық педагогикасына сүйену оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың, мұғалім мамандар даярлаудың әсіресе, ұлт мектептері үшін айрықша міндет болу керек. Аға ұрпақтың тәжірибесін мирас ету бала тәрбиесінің тиімді әдістерінң бірі болып саналады. Шығармашылығы қалыптасқан адамның, бір жағынан, іскерлігі жетілсе, екінші жағынан бойындағы материалдық рухани байлықтары жетіліп азамат мәдениетіне мол үлес қосатыны сөзсіз.
Бүгінгі рухани өмірімізге, енген өзгерістерге қоғамдық сұраныстарға сай өскелең жас ұрпақты игілікті парасатты, елін, жерін сүйетін, ана тілін құрметтейтін, ата-баба дәстүрін қастерлейтін азамат етіп қалыптастыру мақсаттарында ұлттық және жалпы адамзаттық мәдени мұралар, негіздерінде тәрбиелеуге бет бұрап бастағанымызбен бұл тұста ашылмай, айтылмай, зерттелмей жатқан көкейтесті мәселелер де баршылық. Соның бірі - адамгершілік, еңбек ерекшелігі ақыл-ой таразысы, тәрбие элементтері өн бойынан табылатын қазақ халқының ою-өрнек өнерін оқу ісімен сабақтастыру.
Кез-келген халықтың дәстүрлі өнері сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным-түсінігінің, арман-аңсарының, жарқын айғағы.
Ұлттық ою-өрнектерден халықтың салты, әдет-ғұрпы, дүниеге көзқарасы, тіпті көңіл-күйі сезімі де айқын көрініп тұрады.
Жалпы ұлттық ою-өрнектерді оқу бейнелеу өнері сабағында қолдану арқылы балаларды әсемдікке баулу мен бірге білім дағдыларын қалыптастыруға: төл мәдениетіне, еліне деген құштарлығын: ұшқыр қиялы, сана-сезімі: ой-өрісін өсіруге біліктілігін шеберлігін шыңдап, рухани жетілуінің дами түсуіне әсер ету әбден мүмкін.
Бейнелеу өнері - бұл адам баласының заманнан заманға рухани, эстетикалық байлығы ретінде ұласып келе жатқан өнер саласы. Бейнелеу өнері - бұл адамзат тарихы, оның айналасындағы ортаны тануына, сана сезімнің жетілуіне, эстетикалық тәрбие алуына, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұралар қалдыруға үлкен үлес қосқан өмірмен өзектес өнер.
Бейнелеу өнері - бұл шежіре. Ондаған ғасырлар бойы бүкіл әлем тарихын, тіршілік тарихын шашауын шығармай, жоғалтпай жеткізген бірден-бір куәгер! Біз осы бейнелеу өнері арқылы мыңдаған жылдар жемісіндегі тіршіліктің тынысын адамзаттың әдет - ғұрпын, кәсібін, мәдениетін, оның бастан кешкен барша қайғы - мұңы мен таңдай қақтырар, тамсантар, дәуірлеп гүлденген шағын, табиғаттың мың құлпырған бояуын, жан-жануарлар дүниесінің алуан-түрлілігін танып білеміз. Сонау ерте дүние заманында адам айнала қоршаған ортасын, қызықтырған табиғат құбылыстарын топыраққа, балшыққа, тасқа түсіріп бейнеледі, сол арқылы табиғат сұлулығын ұқты, жан-жануарлардың әрекетін, мінезін зерттеді. Атам заманда жартастарға, үңгірлерге қашап салынған суреттер өздерінің шындылығымен, әсерлігімен көрермендері тамсандырады, тіпті кейде композициялық құрылымының әсерлі де анық кескінделуі соншалық, суретке қарап өнер иесіне, оның шеберлігіне қайран қаласыз.
Әсемдік пен әдемілік табиғат пен адам бойына жиналған, яғни табиғат пен адам егіз деуге болады. Әдеміліктің нышанын адам баласы табиғаттан алады, олай болса табиғат - сұлулықтың, жанға жақын тартатын әдеміліктің көзі. Бізді қоршаған табиғи кеңістіктегі кез келген дене өзіне тән әдеміліктен, жарасымдылықтан тұрады.
Бейнелеу өнерімен айналысы отырып, адам тек суретшінің практикалық дағдыларын ғана меңгеріп, творчестволық ойларын жүзеге асырып қана қоймайды, сонымен бірге өзін талғампаздыққа тәрбиелейді, үйреншікті нәрселерден сұлулықты таба білу қабілетіне ие болады, көргенің есте ұстау және қиялдау қабілеті дамып, творчестволықпен ойлап, талдауға, білгенін жинақтауға үйренеді.
Сондықтан бір ерте дүние өнерін жай кездей - соқтықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет, тіпті солардан үйренуіміз керек. Өйткені, бұл - өнердің бастау - бұлағы, содан сусындап, содан нәр алып қарыштадық емес пе! Көптеген деректер жинап оны шығармашылық ізденіс тұрғысында жаза отырып, кескіндемеде пейзажды бейнелеудің теориялық негізін іс-тәжірибиемен терең байланыстыру. Жұмыстың өзектілігіне келсек, жұмыс барысында жинақталған материалдарға ғылыми талдау жасап, болашақ маман, яғни ұстаз ретінде келер ұрпақтар бойына сіңіруіне үлес қосу. Жұмыстың құндылығын айта кетсек, жоғарғы оқу орнында үйренгенімді, тәжірибе бойынша жинақтағанымды мектеп қабырғасында және келесі курс студенттеріне көрнекілік ретінде қолдануға болады.

ІІ ТАРАУ.
2.1 Бастауыш сыныпта оқушыны ұлттық қол өнерге баулу әдістемесі
(бастауыш сынып оқулықтарына сипаттама, 1,2,3,4)

Еңбекке баулу оқу пәнінің мақсаты - оқушының көркемдік шығармашылық әрекеттерін әсемдікті көру, қабылдау арқылы қалыптастыру, бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік іс-әрекеттеріне қажетті дағдылары мен шеберліктерін шыңдау болып табылады және оқушылардың еңбекке деген оң көзқарастарын қалыптастыру.
Еңбекке баулу оқу пәнінің міндеттері:
* бейнелеу өнерінің түрлерімен (сәндік-қолданбалы өнер, кескіндеме, сурет (графика), мүсіндеу және сәулет өнері) таныстыру;
* оқушыларды әсемдікті бақылау, көру, зерделеу, эстетикалық сезімде әсерлену арқылы сурет салу, мүсін жасау, жапсырмалау және құрастыру сияқты көркемдік әрекеттеріне баулып, үйрету;
* оқушыларға әртүрлі материалдармен (қағаз, бояу, мата, ермек саз, табиғи материалдар және заманауи технологиялық материалдармен және т.б.) жұмыс жасаудың техникалық тәсілдерін меңгерту;
* көркем еңбек сабағында қолданатын арнайы терминдермен және ұғымдармен таныстыру.
Еңбекке баулу оқу пәнінің мазмүны төмендегідей бөлімдерді қамтиды:
Техникалық еңбек. Қағаз, қатырма қағазбен, тоқыма, табиғи материалдармен, ағашпен және сымтемірмен, техникалық үлгілермен жұмыс.
Көркем еңбек. Сәнді-қолданбалы қолөнер бұйымдарымен таныстыру: ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар, жиһаз, ыдыс-аяқтар, түрлі тұрмыс бұйымдары; бұл бұйымдарды әртүрлі ою-өрнектер (геометриялық, зооморфтық, әсімдік) қолдану арқылы дайындау. Өру элементтерімен таныстыру.
Дизайн. Көркем безендіру; түрлі түсті қағаздар мен матадан әртүрлі бұйымдарды құрастыру және жасау, оларды ұлттық ою-өрнек элементтерін безендіруде қолдану.
Тұрмыстык, еңбек. Өзінің киімдерін, оқу жабдықтарын күту; гигиенаны сақтау; мектептің (сынып) аумағын жинаудағы бүкіл мектептік түрлі шараларға қатысу. Бөлме өсімдіктерін күту.
Бұл бөлімге сабақ уақытында жалпы жүктемеден оқу уақыты бөлінбейді, қажетті дағдылар оқу-тәрбие үрдісі барысында меңгеріледі.
Оқушылардың жас ерекшелігі ескеріле отырып, бірінші, екінші сыныптардағы Еңбекке баулу пәнінің бағдарламасында Дизайн бөлімі енгізілмеген, соңдай-ақ Техникалық еңбек бөліміңде ағаш және сымтемірмен жұмыс істеу түрлері көзделмеген.
Тәрбиелей отырып үйрету (эстетикалық сезімін дамыту, еңбекке құрметпен қарауды дарыту, ұлттық мәдени мұраларды тиімді пайдалану) ұстанымы - бұл шығармашылық пен оқу міндеттерінің бірлігінде тұжырымдалады. Үйретудің көрнекілік әдістері мен тәсілдері - шебер, суретші, сәулеткер және т.б өнер иелерінің шығармаларын, үлгілер және өзге көрнекі құралдарды оқушыларға көрсету; жекелеген заттарды, бұйымдарды зерделеп, қарап көру; бейнелеу, безендіру, құрастыру, тоқу, жапсырмалау және т.б. әдіс-тәсілдерді көрсету.
Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес қабылдау, ойлау, қиялдау қабілеттерін ескеру - олармен жұмыс жүргізуді үйретудің мазмұнын, әдістері мен тәсілдерін дұрыс құруға негіз болады.
Оқушылардың көркемдік шығармашылық жұмыстарды орындаудың сан алуан техникасын (сурет салу, мүсіндеу, жапсырмалау, құрастыру және т.б.) білуі, әртүрлі бейнелеу шеберліктерін (қылқаламмен, бояумен, қайшымен, стекамен және т.б. жұмыс істеу) меңгеру барысында көркемдік әрекеттері бейнелеу, безендіру, құрастыру сияқты көркемдік әрекеттердің үш формасының негізінде іске асырылады.
Бастауыш мектептің төменгі сынып оқушысында көркемдік әрекеттердің бір түрі екінші түрінен ажырамастай, тұтас қабылданады, себебі бала ойын түрінде өнер түрлеріндегі бейнелеу, безендіру, құрастыру әрекеттерімен жүйелі түрде айналысады.

Оқу жылындағы барлық сағат саны:
1 сынып - аптасына 2 сағат - барлығы - 68 сағат;
2 сынып - аптасына 2 сағат - барлығы - 68 сағат;
3 сынып - аптасына 2 сағат - барлығы - 68 сағат;
4 сынып - аптасына 2 сағат - барлығы - 68 сағат.

Еңбекке баулу оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі бастауыш білім берудің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде дайындалған қосымша оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Көркемдік білім мазмұнындағы кескіндеме, мүсіндеу, керамика, көркем кестелеу, тоқу, құрастыру және заманауи көркемдік материалдармен жұмыс жасау технологиясын тереңірек оқытып, үйрету үшін және Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін төмендегідей қосымша сабақтарды ұсынуға болады:
1 сыныпта: Түрлі-түсті әлем, Туған өлкенің сұлу табиғаты, Әсем қала-Астана.
2 сыныпта: Өнер мұражайлары, Көне ескерткіштер.
3 сыныпта: Халық қол өнер шеберлері, Шебер қолдар.
4 сыныпта: Әсемдік әлемінде, Дизайн, Мемлекеттік рәміздер.

ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1 СЫНЫП
(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Техникалық еңбек (48 сағат)
Қағаз, қатырма қағазбен жұмыс (20 сағат)
Техникалық мәліметтер. Қағаздың маңыздылығы, қасиеттері, ерекшеліктері. Қағаздың түрлері, қолданылуы. Түс үйлесімділігі. Желімнің түрлері. Қиып жапсыру. Оригами. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дай-ындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Бүктеу, қаттау өлшеу, белгілеу, сызу, жырту, қию, желімдеу. Материалдарды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Қиып жапсыру: бағдаршам, оюлар, гүл. Оригами: құс, балық, үйрек, бақа, қамзол, қалпақ, мысық. Жасайтын бұйымдар: хатқалта, шырша ойьншықтары, тұқым салатын қалташық, ойыншық, қорап, зырылдауық. Композиция құрастыру.
Тоқыма материалдармен жұмыс (8 сағат)
Техникалық мәліметтер. Маталардың түрлері, қолданылуы. Өңі, теріс жағы. Матаны қию. Жіптердің түрлері, қолданылуы, ерекшеліктері. Жіпті қажетіне қарай үзу, ұшын түйіндеу. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайыңдау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, белгілеу, пішу, қию, үзу, желімдеу. Мата мен жіптерді үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: кітап арасына салатын қыстырғыш жолақ, шашақ бау, жіптерді өру. Матадан қиып жапсыру: ою-өрнектер, қоян. Жіп және мата түрлерінен жиынтықтар (коллекция) дайындау. Композиция құрастыру.
Табиғи материалдармен жұмыс (14 сағат)
Техникалық мәліметтер. Табиғи материалдардың қасиеттері, олардың қолданылуы. Демалыс орындарына экскурсия. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтаужәне тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Өлшеу, белгілеу желімдеу, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар:ыдыс-аяқтар, көкөніс, жеміс-жидектер, балық, құс, көбелек, үйрек, желкенді қайық, балапан, қоян. Композиция құрастыру Құмырадағы гүлдер.
Техникалық үлгілеу ( 6 сағат)
Техникалық мәліметтер. Конструктор бөлшектерімен таныстыру. Дайын жиынтықтармен бұйымдарды құрастыру туралы мәлімет. Үлгілер, модельдер және техникалық суреттер туралы түсінік. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Әртүрлі бұйымдарды құрастыру. Бұранда, гайканың көмегімен бөлшектерді біріктіру, босату, қатайту.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Құрастыратын бұйымдар: таразы, әткеншек, арба, саты, көтергіш кран; геометриялық пішіндер (үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы).

Көркем еңбек (20 сағат)
Ұлттық киімдер (10 сағат)
Техникалық мәліметтер. Ұлттық киімдердің түрлері. Жазда және қыста киетін киімдер. Әйелдер мен ерлер киімдерінің түрлері. Түрлі материалдардан киімдерді қиып жапсыру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау жөне тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнының тазалығын сақтау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Пішу, өлшеу, белгілеу, қию, біріктіру. Материалдарды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: берік, сәукеле, тақия, шапан, қамзол, көйлек, етік, мәсі, кебіс, шалбар, белдік.
Ыдыс-аяқтар (4 сағат)
Техникалық мәліметтер. Мүсін туралы түсінік. Түрлі заттардан жасалынатын ыдыс-аяқтар. Оларды безендіру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалык-гигиеналық талаптарды орындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Сазбалшық пен ермексаздан түрлі ыдыс-аяқтарды мүсіндеу, өрнектеп безендіру. Қағаз бен матадан ыдыс-аяқтарды қиып жапсыру. Өлшеу, кұрастыру, кию, желімдеу. Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар, оларды безендіру: кесе, тегене, шөміш, қасық, леген, тостақ, керсен.
Зергерлік бұйымдар (4 сағат)
Техникалық мәліметтер. Зергерлік бұйымдардың тұрмыста қолданылуы. Зергерлік бұйымдарды ою-өрнекпен безендіру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналык талаптарды орындау. Жұмыста қолданылатын әдістер. Жүмсақ сымдарды ию, қию, бөлу, орау, байлау.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: жүзік, білезік, сырға, түйме, қапсырма.
Ұлттық бұйымдар (2 сағат)
Техникалық мәліметтер. Ұлттық бұйымдардың түрлерінің маңызды қызметі және тұрмыста қолданылуы. Ою-өрнектермен безендіру. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Материалдарды пішу, белгілеу, сызу, жырту, қию, желімдеу, құрастыру, біріктіру. Материалды үнемдеп пайдалану.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: құрақ жастықша, сырмақ, алаша, кілем.

2 СЫНЫП
(барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)
Техникалық еңбек ( 44 сағат)
Қағаз, қатырмақағазбен жұмыс ( 18 сағат)
Техникалық мәліметтер. Қатырмақағаздың және желімнің ерекшеліктері, қолданылуы. Қағаздың қатырмақағаздан айырмашылығы. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орыңдау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. Қатырмақағазды өлшеу, белгілеу, ию, қию, желімдеу, біріктіру.
Шамамен берілетін тапсырмалар. Жасайтын бұйымдар: түрлі шырша ойыншықтары, жартылай бетперделер (маскалар), жол белгілері, қорап. Оригами: бақа, мысық, күшік, үй хайуанаттары, қарға балапаны; желкенді қайық, сағат, кітап арасына салатын жолақ, жіп орайтын катушка, жалаушалар, сумка тоқу; қозғалмалы ойыншықтар. Композиция құрастыру Аквариумдағы балықтар.
Тоқыма материалдармен жұмыс (8 сағат)
Техникалық мәліметтер. Өсімдік талшықтарынан алынатын маталар: олардың түрлері, қолданылуы. Инеге жіпті сабақтау, ұшын түю. Тігіс түрлері. Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау және тазалық-гигиеналық талаптарды орындау. Жұмыс орнын дайындау.
Жұмыста қолданылатын әдістер. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларын ұлттық өнерге баулудың теориялық негіздері
Қолөнер бұйымдарын жасауда ағаш өңдеу технологиясын дамыту
Халық қол өнер негізінде еңбекке тәрбиелеу әдістемесі
Фетр матасынан жасалған бұйымдардың пайдасы
Оқушыларға технология сабағында халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беру ( 5-сынып )
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
Қазіргі киім үлгілеріне ұлттық ою-өрнектер арқылы сәндеу әдістері
Жіп жалғау - керілген желі жіптерінің үзігін немесе қашқанын тауып байлау
Қазақ халқы ою - өрнегінің ішкі мәні
Шығармашылық–оқушылар дамуының басты негізі
Пәндер