Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау


Қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылау
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні және қызметтері
1. 2 Қаржылық бақылаудың әдістері мен сыныптамасы
1. 3 Қаржылық бақылаудың шет елде ұйымдастырылуы
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2. 1 Қазақстан Республикасының қаржылық бақылау жүйесінің дамуы
2. 2 Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жұмыс нәтижелерін талдау
3 ҚАЗАҚСТАНДА ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ МЕН ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
3. 1 Қазақстанда қаржылық бақылау жүйесінде орын алған негізгі мәселелер
3. 2 Қазақстанда қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
5
5
8
10
16
16
19
21
21
25
28
30
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарық экономикасы жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы шаруашылық субьектідерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларвн заңды, тиімді және мақсатты пайдаланылуына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында мемлекеттік, қоғамдық және әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік - құқықтық актілер қабылданды.
Қаржылық бақылаудың негізгі міндеті- елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің өндірістік салаларының өркендеп дамуына ықпал ету. Бұрынғы әміршілдік - әкімшілдік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы- уақыт талап еткен қажеттілік болады.
«Қаржылық бақылау және басқарушылық аудит» ревизиялық - бақылау органдарының мамандарын даярлауды жақсарту туралы және INTOSOL, IFAC, ЮСАЙД, ТАСИС халықаралық ұйымдарының ұсыныстары мен талаптарын ескере отырып, әзірленген. Ұсынылған кітаптың тиісті бөлімдерінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Австрия, апония, Финляндия, Швеция, Италия, Канада тәрізді дамыған елдердің бюджеттік - қаржылық бақылауының ілгершіл тәжірибелері пайдаланылған.
Нарықты экономикасының нақтылығында жүйелі сараптама негізінде қаржылық бақылау мен тереңдетілген аудиттің қажеттілігі мен оның белгіленуі негізгі екені анықталды. Соған орай мемлекеттік, қоғамдық, шаруашылық, мекемелік және тәуелсіз қаржылық бақылаудың нысандарына, үлгілеріне, түрлене жіктелу жүргізілді. Қаржылық бақылау органдарының нысандары, обьектілері, функциялары, мақсаттары мен міндеттерінің жаңа талапқа сай үлгілері берілген.
Онда әр түрлі жекеменшік кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің қаржылық есептемелері мен бухгалтерлік есептерінің ішкі жағдайларына қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит жүргізудің әдістемелік негіздері мен тәртіптері қаралған.
Шаруашылықпен айналысатын экономикалық субьектілерге ықпалды қаржылық бақылау мен басқарушылық аудит өткізу көкейкесті мәселе болып келеді, осы себепті тәжірибе талаптары Президент аппаратының, Парламенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдігін күшейтіп, Есеп комитетінің, Қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, Кендік бақылау және басқа да тексерістік бақылау жүйелерінің, қоғамдық және тәуелсіз қаржылық бақылау салаларының қызмет аясын кеңейтуді қажет етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты - қаржының бақылау функциясы және қаржылық бақылауға түсінік беру, талдау жасау. Осыған орай, мынадай міндеттерді алдыма қойдым:
- қаржылық бақылаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
- қаржылық бақылаудың экономикалық мәні және қызметтеріне толық түсініктеме беру;
- қаржылық бақылаудың әдістері мен сыныптамасын жіктеу;
- қаржылық бақылаудың шет елде ұйымдастырылуын зерделеу;
- Қазақстан Республикасында мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру жүйесі мен даму бағыттарын талдау.
- Қазақстанда қаржылық бақылау жүйесін жетілдіру жолдары мен даму перспективаларын анықтау.
Зерттеудің пәні - қаржылық бақылауды шетелдерде реттеп отыру және экономиканы қаржылық тұрақтандыру мақсатында әлемдік тәжірибені Қазақстанда қолдану.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі - шетелдік және отандық ғалымдардың қаржылық бақылау саласындағы, сонымен қатар қаржылық тұрақтылық және қаржылық менеджменттегі іргелі еңбектері, ғылыми көзқарастары және тұжырымдамалары ретінде қызмет атқарды.
Ғылыми-әдістемелік аппарат ретроспективтік, себеп-салдарлық және ағымдағы құрама сараптаманы және синтезді, салыстыруды, жүйелік тәсілді, болжаудың статистикалық әдісін және жағдайларды модельдеуді қамтиды.
Шетелдердің орталық банктерінің, халықаралық қаржылық мекемелердің, шетел ғалым-экономистерінің монографияларының, батысеуропалық мемлекеттердің мерзімді басылымдары материалдарының деректері, сонымен қатар ҚР заңнамалық және нормативтік актілері, ҚР Агенттігінің ҚР орталық банкі бойынша деректері, ҚР БҒМ Экономика институтының, ҚР ЭжБЖМ Экономикалық зерттеулер институтының, Қазақстанның Даму институтының, ҚР-ның Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің деректері, мерзімді экономикалық және қаржылық басылымдардың материалдары зерттеудің ақпараттық базасы болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұміс кіріспе, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1 ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржылық бақылаудың экономикалық мәні және қызметтері
Қаржының мәні, іс- әрекет механизімі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігінғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, мәннің іс- қимылдағы көрнісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс- әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы қаржы екі функция орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай -ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлік сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралды - заттық құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларынбөлуге сәйкес жасалған натуралды өнім де бөлінеді.
Қаржының бөлгіштік функциясының іс- қимылы оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.
Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру қоры (материалдық шығындар мен амортизациалық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категориялармен тығыз байланысты дамиды.
Қайта бөлу салық, сондай- ақ аумақтық тұрғыдан шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық - заттың нысандағы өнімді түпкілікті түтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақша қаражаттарына деген әр түрлі қажеттіліктрді қанағаттандырып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымының өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларды жасау үшін пайдаланады. Тұтыну қоры бүкіл халықтың оның ұдайы өндіріске арналған түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстарды құрайды.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының- нормалардың, мөлшерлемелердің, трифтердің, аудрымдардың және т. т. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ұлттық табысты қаржы көмегімен қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
- өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету; бұл салада ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
- елдің жеке экономикалық аймақтары арасында қаржы ресурстарын мақсатты бөлу;
- қаржы ресурстарын маңызы зор прогресивті салалардың айырықша дамуын қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
- қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың әр түрлі рентабелдігімен және күрделі жұмысалымдардың құбылмалы тиімділігімен ынталандырылып отырады.
Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасы жақтаушыларының қаржының мәнін осылай кеңінен ұғынуына сәйкес олар қаржыға мына функцияларды береді:
1. ақшалай табыстар мен қорларды жасау;
2. ақшалай табыстар мен қорларды пайдалану;
3. бақылау функциясы.
Қаржы көмегімен мемлекет өзінің иелігіне материалдық өндіріс сферасында жасалған қоғамдық жиынтық өнім құнының бір бөлігін алады. Бұл процесс қаржының бірінші функциясын - ақша қорларын жасау арқылы жүзеге асады, бұл өзінің нақты түрдегі практикалық көрінісін, ең алдымен, мемлекеттің салық саясатында табады. Нәтижесінде қоғамда дәйекті түрде сан алуан ақша қорлары - орталықтандырылған (мемлекеттік бюджет), орталықтандырылмаған (аймақтық және жергілікті деңгейдегі), мақсатты қорлар және т. т. жасалады.
Бақылау функциясы қаржының бөлгіштік функциясынан туындайды және жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты тиісті ақш қорлары бойынша бөлуге және оларды мақсатты жұмысауға бақылау жасаудан көрінеді.
Бақылау функциясы қаржылық бақылауда - жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жұмысауға бақылау жасауда көрінеді.
Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асуымен және оның жәй-күйімен, белгіленген нормалар мен нормативтердің сақталуымен, қаржылық міндеттемелердің орындалумен байланысты болуы мүмкін.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады: қаржылық- шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктер мен ведмостволардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабелділікке, еңбекке ақы төлеуге ослайша ықпал жасалады. Қаржылық бақылаудың бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
Қоғамдық өнімді бөлу процесі өте күрделі, мұның барысында өндірісте жасалған құн шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында, ал олардың әр қайсысында мақсатты арналым бойынша бөлінеді. Осыған байланысты ол түрлі экономикалық категориялардың көмегімен жүзеге асады, бұлардың әрқайсысы ерекше, тек өзіне тән рөлдерді орындайды. Қаржы құндық процесіне қатыса отыра, баға, жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланысты болады және өзара іс- қимыл жасайды. Алайда олардың қатысу өлшемі мен нысандары бірдей емес. Жеке экономикалық категориялардың ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларындағы қатысу дәрежесі әр түрлі.
Қаржылық бақылау деп - әдетте тиісті ақша қорлары бойынша қоғамдық жалпы өнімді құндық бөлу және оларды белгілі бір мақсаттарға жұмсаудың негізділігін тексеруге бағытталған айырықшалық қызметті айтады.
Қаржылық бақылау қаржыны басқарудың функционалдық элеметерінің бірі, ол басқарудың басқа элементтерімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.
Қаржылық басқарудың болуы экономикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған. Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі, қорлардың ара салмағы, оларды қалыптастырудың көздері, пайдалануының туралы ескертіп отырады.
Бақылау функциясы - қаржының әшкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясының практикалық қолдану болып табылады.
Ғылыми негізделген қаржы саясатын, тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Қаржылық бақылаудың өзгешелігі - оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында. Табыстар мен қорланымдардың қалыптасу процесстері, ақша қорларын құру және пайдалану оның тікелей объектісі болып табылады. Ал мекемелер мен ұйымдардың бюджет қаражаттарын дұрыс пайдалануын бақылау олардың барлық жағын - желі мен контингенттерді өрістетудің толықтығын, қаражаттарды жұмсаудың белгіленген нормаларын сақтауды қамтиды.
Қаржылық басқарудың іс-әрекетінің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен: әкімшілік, құқықтық, әлеуметтік техникалық, саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.
Бақылауды жүзеге асырудың негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
- бақылау реттілілігі, жаппайлылығы, әмбебаптылығы;
- бақылаудың превентивтілігі, яғни оның алдын алу сипаты;
- әрекеттілік, нақтылық, жариялық - бұларға бақылау жұмысын дұрыс ұйымдасьырғанда негізделген әдістерді қолданғанда, істі ұқыпты зерделегенде, нақты ұсыныстар енгізгенде ғана жетуге болады;
- басқарудың алаламаушылығы (біреуге тартпаушылық) ;
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық бақылаудың мазмұны ашылатын қаржылық мына төмендегілер жатады:
- мемлекет, ұйымдар және халық алдындағы қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру;
- шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағындағы ақша ресурстарын (бюджет және меншікті қаражаттарды, банк кредиттерін бюджеттен тыс қаражаттарды) пайдаланудың дұрыстылығын тексеру.
- ұаржы операцияларын, есеп - қисаптарын жасау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің ақша қаражаттарын сақтау ережелерін орындауын (сақтауын) тексеру.
- өндірістің ішкі резервтерін - шаруашылық рентабелдігін арттырудың, еібек өнімділігін өсірудің, айналым активтерінің айналымдылығын тездетудің, материал жінеақша қаражатарын неңұрлым тиімді әрі үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін ашу.
- қаржы тәртіптерін бұзушылықты жою және ескерту. Олар ашылған жағдайда ұйымдарға лауазымды адамдарға және азаматтарға белгіленген тәртіппен ықпал етудің шаралары қолданылады, мемлекет пен ұйымдарға келтірілген залалдың орнын толтыру қамтамасыз етіледі.
1. 2 Қаржылық бақылаудың әдістері мен сыныптамасы
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды роль атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және еңбек рксурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды рөл атқарады. Ақша мен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарымөқатынастарында да жүзеге асырылады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қатынастрда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Қаржы тәртібі - бұл белгіленген ұйғарымдардың және мемлекеттің, оның шаруашылық жүргізуші субъектіліренің ақша қорларын жасаудың, бөлудің және пайдаланудың тәртібін айқын сақтау.
Макродеңгейдегі қаржылық бақылау - бұл бүкіл мемлекет ауқымында қаржыны ұйымдастыру мен оның әс-ірекет етуін бақылау.
Микродеңгейдегі қаржылық бақылау - меншіктің барлық нысанындағы шаруашылық жүргізуші субъектілер деігейіндегі бақылау.
Мемлекет қоғамдық мүдделерді, әлеуметтік іділдікті қорғай отырып, қаржының бақылау функциясының мүмкіндіктерін реттеудің құралы ретінде пайдалана отырып, ұдайы өндіріс, бөлу процесстеріне араласуы, қаржылық бақылаудың нысандарын, әдістерін және оны ұйымдастыруды жетілдіріп отыруы тиіс.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау - ведомствалық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізіледі.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарнамаларының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай - ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және талдамалық (аналитикалық) қызметтік мынадай түрлерін қамтиды: елдің негізгі қаржы жоспарының - мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау: қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау.
Банктік қадағалау кредит ресурстарын қалыптастыру және олардың қозғалысы барысында, күрделі құрылыс процесінде, кәсіпорындардың кассалық тәртіпті сақтауын тексеру кезінде, нақты ақшасыз есеп айрысқанда және басқа жағдайларда жүргізіледі. Банктік қадағалаумен (бақылаумен) кредит есеп - қисап қатынастарына қатысты барлық шаруашылық субъектілер қамтылған.
Сақтандыру сферасындағы қаржылық бақылау (қадағалау) сақтық қорлар қаражатарының дер кезінде, толық қалыптасуын, мақсатты жұмсалуын, сақтық операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру туралы заңнаманың талаптарын сақтық қатынастарға қатынасушылардың барлығының орындалуын жүзеге асырады.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведомствоның өкілдері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметіне жүргізіледі.
Ішкішаруашылық бақылаудың мақсаты есеп саясатын да қоса алғанда, субъектінің экономикалық саясатының сақталуына сарапшылық баға беру, оның барлық құрылымдары жүзеге асырып келген ішкі сипатындағы міндеттерден өзге ішкішаруашылық бақылау қаржы стратегиясын талдап жасау, экономикалық диагностика, маркетингтік зерттеулер, басқарушылық кеңестер міндеттерін және басқаларын шешеді.
Қаржылық алдын ала басқару ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану жзөніндегі операциялық істелінгенге дейін жүргізіледі, сондықтан оныңқаржы тәртібін бұзуды алдын ала ескертуде зор мағызы бар.
Ағымдағы қаржылық басқару қаржы жоспаррының атқарылу процесінде, шаруашылық - қаржы операцияларын жүзеге асыру барысында тауар-материал құндылықтары мен ақша қражаттарын жұмсаудың нормалары мен нормативтерінің сақталуын қадағалайды, қаржылық жіберу шығындарының орындалуына, бұрын берілген ресурстардың пайдалануына сай келуін тексереді.
Кейінгі (келесі) қаржылық бақылау - қаржы операцияларын жасағаннан кейін (бюджеттің кіріс және шығыс бөліктерінің орындалуынан кейінгі, шаруашылық органдардың ақша қаражаттын пайдаланғаннан кейінгі және т. т. ) жүргізілетін баұылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау және алдын ала бақылау мен ағымдағы бақылау кезінде анықталмаған бұзушылықтарды ашуға жекелейді.
Қаржылық бақылаудың нысандары мен әдістері үнемі жетлдіріліп отырады, оларға есептеу техникасы негізіндегі ақпарат жүйесі белгілі түрде әсер етеді. Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі - тексеріс - кейінгі (келесі) бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы - шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскілерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу. Тексерісті әртүрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай - ақ басқа құзырлы органдар - жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
1. 3 Қаржылық бақылаудың шет елде ұйымдастырылуы
Қаржылық бақылау - мемлекеттің қаржылық қызметінің бөлінбейтін құрамдас бөлігі, экономиканың және қаржылық жүйенің қалыпты қызмет етуінің қажетті шарты. Экономиканы басқарудың өзіндік қызметі бола отырып, бақылау басқарушылық циклдің маңызды кезеңі болады, онда басқарушылық объектіге әсер етудің нақты нәтижелері қабылданған шешімдер мен нормативтік жазбалардың талаптарымен салыстырылады, ал оларды бұзу анықталғанда, осындай ауытқуларды жою бойынша қажетті шаралар қабылданады.
Әрбір мемлекет қаржылық қызметтің ұйымдастырылуы мен жүзеге асуына қатысты барлық талаптары нақты және мүлтіксіз орындалатынына мүдделі. Бұл өз ұйымдары мен олардың құзырлы тұлғаларына да, сонымен қатар қаржылық қызмет аясындағы барлық басқа субъектілерге - жеке және заңды тұлғаларға да қатысты. Сонымен қоса мемлекет мемлекеттік ақшалар үнемді, ұтымды және тиімді жұмсалуына мүдделі. Әрбір мемлекет өз шығындарын азайтуға ұмтылуы керек, өйткені шығындар көп болған сайын, кірістер көбірек талап етіледі, яғни салықтар, қарыздар, алымдар және т. б. көп болады. Бұл, соңында, халықтың мойнына жатады.
Мемлекет әрқашан өз ақшаларын әртүрлі ұрлықтардан сақтауға, сонымен бірге парақорлық сияқты өзіне жағымсыз құбылысты болдырмауға ұмтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz