Қаржылық инвестицияның теориялық негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Қаржылық инвестицияның теориялық негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
1.1 Қаржылық инвестициялар: түсінігі, түрлері, тиімділігін бағалау
1.2 Қаржылық инвестицияны басқару ерекшеліктері

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ ТАЛДАУ
2.1 Инвестициялық қаржыландыруды ұйымдастырудың қызмет ету механизмі
2.2 ҚР дағы қаржылық инвестицияны нормативтік-құқықтық реттеу

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Қазақстан Республикасының институционалдық жүйенің жетілдіру бағыттары

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5
5
10

15

15
18

25

25

27
30

Кіріспе

Қазіргі экономикада қаржылық инвестициялар - бұл капиталды оның кейін өсуі мақсатында салу. Инвестициялау нәтижесінде алынған капиталдың өсімі инвесторға ағымдағы кезеңде бар қаражаттардың тұтынуынан бас тартуын өтеу үшін, оған тәуекел үшін сыйақы беру және болашақ кезеңде инфляция салдарынан шығындарды толтыру үшін жеткілікті болу керек. Инвестициялар - бұл табысты алу немесе өзге пайдалы эффектісіне жету мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар.
Өндіріс теориясында, және макроэкономикада толығымен, инвестициялар жаңа капиталды құрудың процесі болып табылады (өндіріс құралдарын, сонымен бірге адам капиталын қоса отырып).
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар - бұл белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айырбасталуы.
Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Қаржылық инвестициялық саясаттың мақсаты болып инвестициялық қызметті жандандыруға, сонымен қатар отандық экономиканы көтеруге және қоғамдық өндірістің тиімділігіне бағытталған Қазақстан республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының стратегиялық жоспарын жүзеге асыру табылады.
Курстық жұмыстың практикалық маңыздылығы: Жалпы мемлекеттік инвестициялық саясаттан басқа салалық, аймақтық және жеке шаруашылық субъектілерін инвестициялық саясатын ерекшелейді. Олардың барлығы өзара тығыз байланысты, бірақ анықтаушы болып жалпы мемлекеттік инвестициялық саясат табылады.
Кәсіпорындардағы инвестицияның саясаттың ең маңызды принципі болып келесілер табылады:
* кәсіпорынның стратегиялық жоспарға жетуге және оның қаржылық тұрақтылығына инвестициялық саясаттың бағытталуы;
* инфляцияны және тәуекел факторларын есепке алу;
* инвестициялық (бизнес-жоспардың) экономикалық негізделуі;
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында қаржылық инвестициялаудың теориялық негіздерін қарастыру арқылы оның экономикадағы белсенділігін талдап, оны арттырудың жолдарын ұсыну табылады.
Курстық жұмыстың міндеті:
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:
- қазіргі экономикадағы қаржылық инвестициялардың рөлін және мазмұнын қарастыру;
- негізгі капиталды инвестициялаудың ерекшеліктері мен негізгі формаларын қарастыру;
-Қазақстан экономикасындағы қаржылық инвестициялық процесстердің негізгі бағыттарын талдау;
- нақты кәсіпорын деректеріне сүйеніп, оның инвестициялық іс-әрекетінің динамикасын және құрылымын талдау;
- нарықтық экономика жағдайында негізгі капиталға жұмсалатын қаржылық инвестицияларды көбейтудің жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың зерттелу нысаны: Экономикалық категория ретінде қаржылық инвестициялар маңызды функицялардың қатарын орындайды, қайсысысыз қандай да мелекеттің экономикасының дұрыс дамуы мәнсіз болады.
Курстық жұмыстың теориялық әдіснамасы: Кәсіпорынның қаржылық инвестициялық қызметінің негізін негізгі капиталға жұмсалатын нақты инвестициялар құрайды. Көптеген кәсіпорындарда бұл қаржылық инвестициялау қазіргі жағдайдағы инвестициялық қызметтің жалғыз бағыты болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық инвестициялық қызмет жүйесіндегі нақты инвестицияларды басқарудың жоғары ролін анықтайды. Негізгі капиталаға жұмсалатын нақты инвестициялар кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырудың басты нысаны болып табылады. Бұл дамудың негізгі мақсаты жоғары тиімді нақты инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, ал кәсіпорынның стратегиялық даму процесінің өзі осы инвестициялық жобаларды уақытында жүргізудің жиынтығы болып табылады. Қаржылық инвестициялаудың осы нысаны кәсіпорынға жаңа тауарлы және аймақты нарықтарға енуге, өзінің нарықтық құнының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ететін қазіргі шарттардың қанағаттандыруы, капиталдық салымдардың сапалы құрылымы инновация және жаңа енгізулердегі инвестицияның маңызды бөлігімен ерекшеленеді, яғни жаңа технологияларды және күштерді енгізуде отандық өнеркәсіптің негізгі қорлары тозған және ескірген, олар еңбек сыйымды, материал сыйымды, толығымен бәсекеге қабілетсіз өнім шығарады.
Курстық жұмыстың құрылымы:
Бұл курстық жұмысым Кіріспе бөлімінен, Негізгі бөлім үш тарауға бөлінген. Әр тарау үш тармақшаларға бөлініп жазылған. Сонымен қатар, Қорытынды және соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі көрсетілген.

1 ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
1.1 Қаржылық инвестициялар: түсінігі, түрлері, тиімділігін бағалау

Инвестиция термині to invest ағылшын етістігінен шығады, қайсысы салу дегенді білдіреді. Инвестициялар - бұл капиталды оның кейін өсуі мақсатында салу. Инвестициялау нәтижесінде алынған капиталдың өсімі инвесторға ағымдағы кезеңде бар қаражаттардың тұтынуынан бас тартуын өтеу үшін, оған тәуекел үшін сыйақы беру және болашақ кезеңде инфляция салдарынан шығындарды толтыру үшін жеткілікті болу керек [2, 56].
Инвестициялар - бұл табысты алу немесе өзге пайдалы эффектісіне жету мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салынатын мүліктік және интеллектуалдық құндылықтар.
Қаржылық инвестиция өзінің пайдалану мерзіміне қарай, қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Инвестиция өзінің арналымы немесе алынған мақсаты бойынша: қаржылық және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар -- бұл кәсіпорынның негізгі капиталын және материалдық-өндірістік қорын өсіруге салынатын салымдар.
Қаржылық инвестициялар -- бұл субъектінің табыс алу мақсатында пайдаланатын активі (мысалға, пайыздар, роялтилер, дивидендтер және жалға ақысы), инвестицияланған капиталдың өсімі немесе алынатын басқа да олжалар (мысалға, коммерциялық мәміленің нәтижесі). Сондай-ақ, қаржылық инвестицияға пайдаланбай тұрған жылжымайтын мүліктер де жатады. Қаржылық инвестицияның бір түрі болып бағалы (құнды) қағаздар да саналады. Барлық бағалы (құнды) қағаздар екі топқа бөлінеді -- ақшалай және күрделі (капиталды) болып. Ақшалай бағалы қағаздарды алған кезде ақшалай қарыздарды алғандағыдай етіп рәсімделеді. Бұл борыштык, бағалы қағаздар. Оларға: вексельдер, депозиттер және жинақ сертификаттар жатады. Осы бағалы қағаздар бойынша табыс бір мәртелік сипатқа ие болады және олар өзінің номиналдық (атаулы) құнынан төмен бағаға сатып алудың есебінен қалыптасады. Ақшалай бағалы қағаздар, әдетте, қысқа мерзімге (бір жылдан аспайтын уақытқа) беріледі.
Нарықтық экономикада инвестициялар түсінігі оған жалғыз және түбегейлі анықтама беру үшін тым кең болып табылады. Экономикалық теорияның негізгі бөлімдерінде және практикалық қызметтің түрлі облыстарында оның мазмұны өзінің ерекшеліктеріне ие болады.
Макроэкономикада инвестициялар өндірістің жаңа құралдарына (өндірістік, немесе тұрақты инвестициялар), жаңа тұрғын үйлерге инвестицияларына, және тауарлы қорлардың өсіміне шығындардан тұратын жиынтық шығындардың бөлігі болып табылады. Яғни, макроэкономикалық аспект инвестициялар - бұл ағымдағы кезеңде пайдаланылмаған, және экономикада капиталдың өсімін қамтамасыз ететін жалпы ішкі өнімнің бөлігі болуымен анықталады.
Өндіріс теориясында, және макроэкономикада толығымен, инвестициялар жаңа капиталды құрудың процесі болып табылады (өндіріс құралдарын, сонымен бірге адам капиталын қоса отырып).
Сонымен, қаржылық теорияда инвестицияны нақты немесе қаржылық активтерді алу деп түсініледі, яғни бұл, мақсаты болашақ пайдаларды алу болып табылатын бүгінгі шығындар. Аса нақтырақ айтсақ, инвестициялар - бұл белгілі бір бүгінгі құнның, мүмкін анықталмаған, болашақ құнға айрбасталуы.
Экономикалық категория ретінде қаржылық инвестициялар келесілерді сипаттайды:
oo алғашқы авансталған құнның (табыс түрінде) өсімі мақасатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне салымдар;
oo қаржылық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру процесінде қаржылық инвестициялық қызметтің қатысушылары арасында (құрылысшылар, мердігерлер, банктер, мемлекет және т.б.) пайда болатын ақшалай (қаржылық) қатынастар;
oo қаржылық инвестициялық қызметтің процесінде пайда болатын ақшалай ағымдарын (ақша қаражаттарының келуін және кетуін) бақылау.
Қаржылық инвестициялық қызмет - қаржылық инвестицияларды салу және пайданы немесе өзге пайдалы эффектіні алу үшін практикалық әдістерді жүзеге асыру [3, 18].
Қаржылық инвестициялық цикл - нақты шаруашылық субъектінің (кәсіпорынның, шаруашылық серіктестіктің немесе қоғамдастықтың) шегінде авансталған капиталдың жылжуы, қайсысы оның қаржылық инвестициялау процесінде (жобалы-сметалық құжаттылықтың дайындалуы, объектінің құрылысы және оның кейінгі эксплуатациясы) тікелей қатысуын болжайды.
Қаржылық инвестициялық процесс - ішінде тапсырыс берушімен қатар басқа шаруашылық субъектілерімен (жобалаушылар, мердігерлер, банктер, құрылыс үшін материалды ресурстарды жабдықтаушылар және т.б.) бірге қатысатын ашық жүйе.
Қаржылық инвестициялық портфель - бұл жүзеге асыруға жарамды қаржылық инвестициялық жобалардың және түрлі қаржылық құралдырдың (бағалы қағаздардың) жиыны.
1991 жылдың 10 маусымынан Қазақ ССР-дің инвестициялық қызметі туралы Қазақ ССР-дің заңында инвестициялардың аса толық анықтамасы бар. Берілген заңның 1 бабына сәйкес инвестициялар өзімен қаржылық және материалды-техникалық құралдардың барлық түрлерін, сонымен бірге әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және ғылыми-техникалық эффектісінің пайдасын алу мақсатында қызметтің кәсіпкерлік және басқа да түрлерінің объектілеріне салынатын мүліктік құқықтарды және интеллектуалды құндылықтарды көрсетеді.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардың Инвестициялар туралы заңында инвестициялар ... лизинг келісім шартына отырғаннан бастап лизингтің заттарын, сонымен бірге оларға инвестормен заңды тұлғаның жарғылық капиталына салынатын құқықтарын немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын бекітілген активтердің көбюін қоса отырып мүліктің барлық түрлері (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа). Бұнда инвестициялық қызмет - жарғылық капиталда коммерциялық ұйымдардың қатысуы бойынша немесе кәсіпкерлік қызмет үшін қолданылатын бекілітген активтерін көбейту немесе құру бойынша жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
Экономикалық категория ретінде инвестициялар маңызды функциялардың қатарын орындайды, қайсысысыз қандай да мелекеттің экономикасының дұрыс дамуы мәнсіз болады. Макродәрежедегі қаржылық инвестициялардың негізі келесілер болып табылады:
- кеңейтілген өндірістің саясатын жүзеге асыру үшін;
- ҒТП-ң жылдамдатылуы, отандық өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету және сапасын жақсарту үшін;
- қоғамдық өндірістің құрылымдық қайта құрылуы және ұлттық шаруашылықтық барлық салаларының теңдестірілген дамуы үшін;
- өнеркәсіптің қажетті шикізат базасын құру үшін;
- табиғи ортаны қорғау және басқа көптеген мәселелерді шешу үшін.
Макроэкономикалық ауқымда қазіргі әл-ауқаттылық жеткілікті шамада кешегі қаржылық инвестициялардың нәтижесі болып табылады, өз қатарына, еңбек өнімділігінің ертеңгі өсуінің және тым жоғары әл-ауқаттылығының негізін салады. Біз тұрақты түрде - бүгінгі және ертеңгі тұтынудың арасында тұрмыз. Неғұрлым біз бүгін өндірілгеннің үлкен бөлігін сақтасақ және инвестициялайтын болсақ, соғұрлым бізде ертеңгі күнде тұтынудың көбірек мүмкіншілігі болады. Керісінше, біз қаншалықты бүгінгі ресурстарды тұтынсақ, соншалықты бізде ертеңгі тұтынудың аса жоғары деңгейі төмен болады.
Қаржылық инвестициялар микродәрежеде де маңызды роль ойнайды. Бұл дәрежеде олар, біріншіден, келесі мақсаттарға жету үшін қажет:
1) өндірістің кеңейтілуі және дамуы;
2) негізгі қорлардың тым моральді және физикалық тозуын жібермеу;
3) өндірістің техникалық деңгейін жоғарлату;
4) сапаның жоғарлауы және нақты кәпорын өнімінің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету;
5) табиғи қорғаныс шаралардың жүзеге асырылуы;
6) бағалы қағаздарды сатып алу және басқа кәсіпорындардың активтеріне қаражаттарды салу.
Соңғы нәтижеде олар болашақта кәсіпорындардың нормальді қызмет етуін қамтамасыз ету, пайданың максимизациясы және тұрақты қаржылық жағдайы үшін қажет.
Сонымен, қаржылық инвестициялар маңызды экономикалық категория болып табылады және макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де, біріншіден, қарапайым және кеңейтілген қайта өндіріс, құрылымдық қайта пайда болулар, пайданы максимизациялау және осы негізде көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу үшін маңызды роль атқарады.
Республикадағы қаржылық инвестициялық қызметтің жағдайын келесі көрсеткіштердің өсу қарқыны сипаттайды:
* қаржылық инвестициялардың жалпы көлемі;
* жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) инвестициялардың үлесі;
* қаржылық инвестициялардың жалпы көлемінде қаржылық емес активтерге инвестициялардың үлесі;
* қаржылық емес активтерге инвестициялардың көлемі.
Инвестициялық қызметтің жағдайын жанама, бірақ жеткілікті объективті түрде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсу темптері сипаттайды:
* ұлттық табыстың;
* ЖІӨ және ЖҰӨ;
* өнеркәсіптік өндіріс көлемінің;
* өнеркәсіптік өнімнің бөлек маңызды түрлерін шығарудың;
* ауылшаруашылық өндіріс көлемінің;
* қоғамдық еңбек өнімділігінің;
* және басқалардың.
Инвестициялық қызметті бағалауында бұл көрсеткіштердің объективтілігі олардың өсуі инвестициялардың салымынсыз мәнсіз болатынымен байланысқан. Егер бұл көрсеткіштердің өсу темпі инвестициялардың өсу темпінен асып кетсе, онда бұл инвестицияларды қолданудың тиімділігін жоғарлату себебі және керісінше.
Қаржылық инвестициялар деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне маңызды әсер етеді; оның өсу қарқынынан ұлттық экономикада көптеген макропропорциялар тәуелді болады [4, 105].
Қаржылық инвестициялардың тиімділігін есепке алу, талдау және жоғарлату үшін макродәрежеде сияқты, микродәрежеде де олардың ғылыми негізделген классификациясы қажет. Қаржылық инвестициялардың ойластырылған және ғылыми жоспарда негізделген классификациясы тек оларды сауапты есепке алу ғана емес, сонымен бірге олардың барлық жағынан қолданылу деңгейін талдауға және бұл негізде тиімді инвестициялық саясатты жасау және іске асыру үшін объективті ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі экономиканың тұрмыстылығында және тәжірибесінде аса таралған келесі белгілер бойынша инвестициялардың төмендегі классификациясы қолданылады:
oo болашақ объектілердің мақсатты тағайындалу белгісі бойынша - бұл олардың ұлттық шаруашылықтың салалары бойынша бөлінуі - өз кезегінде екі бөлімшелерін - өндірістік тағайындалуының объектілеріне салымдарын және өндірістік емес тағайындалудың объектілерін құрайды.
oo негізгі қорлардың қайта өндірісінің формалары бойынша - жаңа құрылысқа, әрекет етуші кәсіпорындардың кеңейтілуіне және қайта құруына, сонымен бірге техникалық қайта қаруландырылуына.
oo қаржыландыру көздері бойынша - орталықтанған және орталықтанбаған.
oo қолдану бағыты бойынша - өндірістік және өндірістік емес.
oo қаржылық инвестицияларды қосу объектілері бойынша:
мүлікке қаржылық инвестициялар (нақты инвестициялар) - ғимараттарға, жабдықтарға, құралдарға, материалдардың қорларына қаржылық инвестициялар; нақты (капиталды құрайтын) қаржылық инвестициялар - әрекет етуші кәсіпорындардың қайта құрылуына және техникалық қайта қарулануына жаңаларын құру. Бұл жағдайда инвестор-кәсіпорны қаражаттарды сала отырып, өзінің өндірістік капиталын көбейтеді - негізі өндірістік қорлар және олардың қызмет етуі үшін қажетті айналым құралдары;
қаржылық (портфельді) қаржылық инвестициялар (акцияларды, облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды алу); портфельді қаржылық инвестициялар - басқа кәсіпорындардың активтерін акцияларға, облигацияларға, басқа бағалы қағаздарға салу. Портфельді қаржылық инвестицияларды жүзеге асыру кезінде инвестор бағалы қағаздарға дивиденд-табыстарын ала отырып өзінің қаржылық капиталын көбейтеді;
материалды емес инвестициялар немесе материалды емес активтерге инвестициялар (патенттер, лицензиялар, бағдарламалық өнімдер, ғылыми-зерттеушілік және тәжірибелі-құраушы жасаулар және т.б.).
Капитал құраушы инвестициялардың құрылымында негізгі орынды негізгі капиталға инвестициялар алады, қайсысылардың көлеміне жаңа құрылысқа, қайта құрылуына, әрекет етуші өнеркәсіптік, ауылшаруашылық, көліктік, саудалық және басқа кәсіпорындардың кеңейтілуіне және техникалық қайта қарулануына шығындар, тұрғындық және мәдени-тұрмыстық құрылысқа шығындар кіргізіледі.
Қаржылық инвестицияларды қолданудың тиімділігі маңызды дәнежеде олардың құрылымына байланысты болады. Қаржылық инвестициялардың құрылымында олардың түрлері, пайдалану бағыттары бойынша құрамы және олардың жалпы инвестицияларда үлесі түсініледі.

1.2 Қаржылық инвестицияны басқару ерекшеліктері

Кәсіпорынның қаржылық инвестициялық қызметінің негізін негізгі капиталға жұмсалатын нақты қаржылық инвестициялар құрайды. Көптеген кәсіпорындарда бұл қаржылық инвестициялау қазіргі жағдайдағы инвестициялық қызметтің жалғыз бағыты болып табылады. Бұл кәсіпорынның инвестициялық қызмет жүйесіндегі нақты инвестицияларды басқарудың жоғары ролін анықтайды.
Нақты қаржылық инвестиция кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырудың басты нысаны болып табылады. Бұл дамудың негізгі мақсаты жоғары тиімді нақты қаржылық инвестициялық жобаларды жүзеге асыру, ал кәсіпорынның стратегиялық даму процесінің өзі осы инвестициялық жобаларды уақытында жүргізудің жиынтығы болып табылады. Инвестициялаудың осы нысаны кәсіпорынға жаңа тауарлы және аймақты нарықтарға енуге, өзінің нарықтық құнының тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Нақты қаржылық инвестициялау кәсіпорынның операциялық қызметімен тығыз байланысты. Өндіріс көлемін ұлғайту және өнімді өткізу, өндірілетін өнімнің ассортиментін кеңейту және олардың сапасын жоғарлату, операциялық шығындарды төмендету мәселелері нақты қаржылық инвестициялау нәтижесінде шешіледі. Өз кезегінде, кәсіпорын жүргізген нақты қаржылық инвестициялық жобаларынан көбіне болашақ операциялық процестердің параметрлері, оның операциялық қызметінің көлемінің өсу потенциалы тәуелді.
Нақты инвестициялар қаржы инвестициямен салыстырғанда рентабельділіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Бұл қабілеттілік экономиканың нақты секторында кәсіпкерлік қызметпен айналысудың ынталандырушы мотив болып табылады.
Жүргізілген нақты инветициялар кәсіпорынға тұрақты таза ақша ағымын қамтамасыз етеді. Бұл таза ақша ағымы негізгі құралдардан және материалдық емес активтерден, амортизациялық есептеулерден қалыптасады, бұл жүргізілген инвестициялық жобаларды қолдану кәсіпорынға пайда әкелмесе де жүзеге асады.
Нақты инвестициялар моральді тозудың жоғары тәуекел деңгейіне мәжбүр. Бұл тәуекел инвестициялық қызметте нақты инвестициялық жобаларды жүргізу кезінде, сонымен қатар оларды пост инвестициялық қолдану кезінде де болады. Ұмтылған технологиялық процесс нақты инвестициялау процесінде осы тәуекелдің деңгейінің ұлғаю тенденциясын қалыптастырды.
Нақты инвестициялық инфляцияға қарсы қорғаныстың жоғары деңгейі бар. Тәжірибеде көрсетілгендей, инфляциялық экономика шартында нақты инвестициялаудың көптеген объектілеріне бағалардың өсу темпі сәйкес келмейді, бірақ көп жағдайларда кәсіпкерлік қызметте кәсіпкерлердің материалды объектілеріне ажиотажды инфляциялық сұранысты қалыптастырып, инфляциялық өсу темпінен озады.
Нақты инвестициялардың өтімділігі төмен. Бұл инвестициялардың көп нысандарының тар мақсатты бағытталуына байланысты. Осыған байланысты қаржылық қатынаста басқарушылық шешімдердің дұрыс қабылдамауын өтеу, нақты инвестицияның жүзеге асыру бастамасымен байланысты.
Нақты инвестициялар кәсіпорындармен әртүрлі нысанда жүзеге асырылады, олардың негізгілері болып келесілер табылады:
Толық мүліктік кешенді сатып алу. Ол ірі кәсіпорындардың инвестициялық операцияларын көрсетеді, олардың қызметінің салалық, тауарлық немесе аймақтық дивесификациясын қамтамасыз етеді. Нақты инвестицияның бұл нысаны әдетте синергизм тиімділігін қамтамасыз етеді, ол операциялардың жалпы қаржылық потенциалын, шығарылатын өнімнің өзара толықтырылатын технологиялардың және номенклатуралардың, операциялық шығындардың деңгейін төмендету мүмкіндігін, әртүрлі аймақтық нарықтардағы өткізу желісін бірігіп қолдануды және басқа да факторларды тиімді қолдану мүмкіндігі есебінде кәсіпорын активтерінің жиынтық, нарықтық құнымен (олардың баланстық құнымен салыстырғанда), өсумен түсіндіріледі.
Жаңа құрылыс. Арнайы бөлінген территорияларда жеке жасалған немесе типтік жоба бойынша технологиялық циклдің аяқталуымен, жаңа объектінің құрылысымен байланысты инвестициялық операция. Кәсіпорын жаңа құрылысты, оның салалық, тауарлық немесе аймақтық диверсификациясында, болашақ кезеңде өзінің операциялық қызметінің көлемінің өсуі кезінде жүзеге асырылады.
Қайта құрастыру. Қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде барлық өндірістік процестің мәнді жаңаруымен байланысты инвестициялық операция. Оны ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізуді, шығарылатын өнімнің сапасын мәнді жоғарлатуға және оның өндірістік потенциалының ұлғайту мақсатында кәсіпорынның қайта құрастыру кешендік жоспарына сәйкес жасалады. Қайта құрастыру процесінде жеке өндірістік мекемелердің кеңеюі жаңа мекеменің құрылысын жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңарту. Кәсіпорынның операциялық қызмет процесінде қолданатын механизмдерді, жабдықтауды және негізгі машиналар паркін өзгерту жолымен қазіргі деңгейге сәйкес технологиялық процестерді жүзеге асырумен, өндірістік негізгі құралдардың белсенді бөлігін жетілдірумен байланысты инвестициялық операциялар.
Жабдықтардың жеке түрлерін жаңарту. Технологиялық процестің жүзеге асырылуының жалпы схемасын ауыстырмайтын паркте бар жабдықтың жеке бөлшектерін жаңамен алмастырумен немесе қосумен байланысты инвестициялық операция. Жабдықтың жеке түрлерін жаңарту негізінде өндірістің негізгі құралдырының белсенді бөлігін қарапайым қайта өндіру процесі сипаттайды.
Материалды емес активтерді инновациялы инвестициялау. Ол коммерциялық жетістіктерге жету мақсатында кәсіпорынның операциялық және басқа да қызметінде жаңа ғылыми және технологиялық білімдерді қолдануға бағытталған инвестициялық операция. материалды емес активтерді инновациялық инвестициялау негізгі 2 нысанда жүзеге асырылады: а) дайын ғылыми техникалық өнімді және басқа да құқықтарды сатып алу жолымен (ғылыми шығармашылықтарға, өнеркәсіптік үлгілерге және тауарлық белгілерге потент сатып алу; НОУ-ХАУ сатып алу; фрэнчайзингкелицензия сатып алу және т.б.); б) жаңа ғылыми-техникалық өнім жасау жолымен (кәсіпорынның өзінің шегінде, сонымен қатар оның тапсырысы бойынша сәйкес инжинирингтік фирмалармен). маткриалды емес активтерді инновациялы инвестициялауды жүзеге асыру кәсіпорынның, оның шаруашылық қызметінің барлық сферасында технологиялық потенциалын мәнді ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Материалды айналым активтерінің қорларының өсуін инвестициялау. Ол инвестициялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде айналым және айналымнан тыс операциялық активтерді дамытудағы қажетті пропорционалдылықты қамтамасыз ететін кәсіпорынның қолданатын операциялық айналым активінің көлемін кеңейтуге бағытталған инвестициялық операция. Инвестициялаудың бұл нысанының қажеттілігі шығарылатын қосымша өнім көлемінің мүмкіндігін анықтайтын нақты инвестициялаудың алдын-ала қарастырылған нысанымен қамтамасыз етілетін өндірістік потенциалдың кеңеюімен байланысты, бірақ бұл мүмкіндік қолданылатын материалды айналым активтерінің жеке түрлерінің көлемі кеңейген кезде жүзеге асады (шикізат, материал, жартылай фабрикаттар, құндылығы аз заттық қоры және т.б.).
Капиталды нақты инвестициялаудың айтылған нысандары оның негізгі үш бағытына келтіруі мүмкін: капиталды инвестициялау немесе капиталды салымдар (алғашқы бес нысан); инновациялық инвестициялау (алтыншы нысан) және айналым активтерінің өсуін инвестициялық (жетінші нысан).
Кәсіпорынның капиталын нақты инвестицияның нақты нысанын таңдау, оның қызметінің салалық, тауарлық және аймақтық диверсификациясын мәселелерімен (операциялық табыс көлемін кеңейтуге бағытталған), жаңа ресурс және еңбек үнемдейтін технологияларды енгізу мүмкіндігімен (операциялық шығындарды төмендетуге бағытталған), сонымен қатар инвестициялық ресурстық қалыптасу потенциалы (нақты инвестицияның объектілеріне салымдарды жүзеге асыру үшін тартылатын ақшалай және басқа да активтер) анықталады.
Капиталды нақты инвестициялау және оның нысанының арнайы сипатын, оның кәсіпорында жүзеге асырылуы ерекшеліктерімен анықталады. Нақты инвестициялау процесінде капиталды қолдану мен басқарудың тиімділігін жоғарылату мақсатында, кәсіпорынның жоғары инвестициялық белсенділігі кезінде мұндай басқарудың арнайы саясаты жасалады.
Нақты инвестициялау процесінде капиталды қолдану мен басқару саясаты ең тиімді нақты инвестициялау жобаларды дайындауды, бақылауды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін кәсіпорын инвестициялық процесінде қолданылатын жалпы саясаттың бір бөлігі болып табылады.
Нақты инвестициялау процесінде капиталды қолдану мен басқару саясатының қалыптасу процесі келесі негізгі кезеңдерде жүзеге асырылады (3 сурет).
1) Негізделген инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін кәсіпорындарды инвестициялау негізгі тенденцияларын талдау және бағалаудың саңызы зор. Осыдан, схемада көрсетілген бірінші кезең - болашақ кезеңдегі нақты инвестициялау жағдайын талдау, бірінші орында болашақ кезеңдегі кәсіпорынның инвестициялау белсенділік деңгейін анықтау және бағалау бағытталады және ерте басталған инвестициялық жобалар мен бағдарламалармен аяқталу деңгейі бағытталады.
а) Талдаудың бірінші деңгейінде нақты активтердің өсуін инвестицияның жалпы көлемінің динамикасы, жоспар алдындағы кезеңдегі кәсіпорынның инвестициясының жалпы көлеміндей нақты инвестицияның рөлі анықталады.
в) Талдаудың екінші деңгейінде жеке инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды және деңгейі, нақты инвестициялау объектісінде осы мақсатқа қарастырылған инвестициялық ресрустарды меңгеру деңгейі қарастырылады.
с) талдаудың үшінші деңгейінде ерте басталған нақты инвестициялық жобалар мен бағдарламаның аяқталу деңгейі, оларды толық аяқтау үшін қажетті инвестициялық ресурстар көлемі анықталады.
2) Алдыңғы кезеңдегі капиталды нақты инвестициялаудың жалпы көлемін анықтау. Бұл көрсеткішті анықтаудың негізі кәсіпорынның негізгі құралдарының өсуінің жоспарлануы, сонымен қатар оның өндірістік-коммерциялық қызметінің өсуін қамтамасыз ететін материалды емес және айналым активтері болып табылады. Бұл өсудің көлемі ерте аяқталмаған капиталдың құрылыс көлемінің динамикасын есепке алумен анықталады.
3) Капиталды нақты инвестициялаудың нысандарын анықтау. Бұл нысандар кәсіпорынның негізгі құралдарының және материалды емес активтерді қайта өндірісін қамтамасыз ететін, сонымен қатар жеке меншік айналым активтерінің көлемінің кеңеюімен инвестициялық қызметке нақты бағытталудан шыға отырып анықталады.
4) Нақты инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын дайындау. Ірі көлемді нақты инвестицияның барлық нысандары нақты инвестициялық жобалар ретінде қарастырады. Мұндай инвестициялық жобаларды дайындау олардың бизнес-жоспарын дайындауды талап етеді. Шағын нақты инвестициялық жобалар үшін бизнес-жоспардың қысқа вариантын жасау жіберіледі.
5) Жеке нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау. Мұндай бағалау арнайы көрсеткіштер жүйесін қолдану негізінде жүзеге асырылады. Кәсіпорынның инвестициялық саясатында жасалған критерийлердің нақты инвестициялық жобаның тиімділігін деңгейінде болмаған жағдайда қайтарылуы керек.
6) Нақты инвестицияның бағдарламасының қалыптасуы. нақты инвестицияның жобалардың тиімділігін бағалау процесінде іріктелгендер оларды жүзеге асыру мақсатымен байланысты тәуекел деңгейі және басқа да көрсеткіштер жағынан әрі қарай қарастырылуы керек. Инвестициялық ресурстардың жоспарлы көлемін есепке алумен жан-жақты бағалау негізінде кәсіпорын алдыңғы кезеңге өзінің нақты инвестициялық бағдарламасын қалыптастырады. Егер бұл бағдарлама ерекше мақсатты анықтау бойынша (табысты жоғарылатса, инвестициялық тәуекелдітөмендетсе және т.б.) құрылса, онда нақты инвестицияның бағдарламасын әрі оптимизациялау қажеттілігі туындамайды. Егер жеке мақсаттардың баланстануы қарастырылса, онда инвестициялық бағдарлама олардың теңесуіне жету үшін әртүрлі мақсатты критерийлер бойынша оптимизацияланады.
7) Жеке инвестициялық жобаларды және инвестициялық бағдарламаларды жүргізуді қамтамасыз ету. Әрбір нақты инвестициялық жобаның жүргізілуін қамтамасыз ететін негізгі құжаттар инвестициялық жобаны жүргізудің капиталды бюджетті және календарлы тізім болып табылады.
Капиталды бюджет әдетте бір жылға дейін және нақты жобаны жүргізумен байланысты барлық шығындар мен түсімдерді көрсетумен жасалады. Инвестициялық жобаны (бағдарламаны) жүргізудің календарлы тізімі жұмыстардың жеке түрлерін орындаудың базалық уақытын және мәмледе көрсетілген жұмысты орындауға олардың функционалды міндеттің сәйкес келуімен тапсырыс берушімен (кәсіпорын) немесе жабдықтаушының нақты уәкілдеріне орындау жауапкершілігін анықтайды.

2 ҚАРЖЫЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТ ЕЛДІК ТӘЖІРИБЕСІНЕ ТАЛДАУ

2.1 Инвестициялық қаржыландыруды ұйымдастырудың қызмет ету механизмі

Қазақстандағы инвестициялық климатты талдай отырып, тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап біздің елімізде инвестициялық ресурстарды тарту сұрағы бойынша қолайлы инвестициялық климатты құруға көп көңіл бөледі. Инвестициялық заңды құру мен жетілдіруге байланысты 07.12.1999 жылдан бастап "Қазақ ССР-де шетел инвестициялары туралы" заң қабылданды. Берілген заң инвестицияларды қорғау үшін құқықтық режим тағайындады, ал салықтық жеңілдіктер шетелдік инвесторлар үшін алғашқы шетелдік инвестицияларды елімізге тартуда үлкен роль атқарды. Берілген облыста "Шетел инвестициялары туралы" (27.12.1994ж) және "Тура инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" (28.12.1997ж) заңдар өндірістік саланың дамуына, Қазақстандағы экономика секторына инвестицияларды тартуды лек-легімен келтіруге үлкен ықпал етеді.
Жергілікті және шетелдік инвесторлар үшін бірыңғай преференциялар мен кепілдіктер жаңа заңның "Инвестициялар туралы" 08.01.2013ж. пайда болуына түрткі болды.
Саяси және экономикалық тұрақтылық, түсінікті және тең құқылы заңдылық, жақсы дамыған қаржылық жүйе мемлекеттің экономикасына инвестицияларды тартуда көп жемістер бере бастады. Индекс рейтингісі бойынша тура шетелдік инвестицияларды 2005-2007 жылдары тарту бойынша БҰҰ конференциясында жарияланатын жылдағы World Investment Report баяндамасында сауда және даму бойынша 141 елдің ішінен Қазақстан Республикасы 23 орынды иеленді. Бүгінгі күні біздің мемлекет әлемдегі 50 бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кірді. Дүниежүзілік Doing Business 2014 банк рейтингісінде Қазақстан 50 орында тұр, ал "Инвесторды қорғау" индикаторы бойынша бәсекеге қабілетті жаһандық индексі әлемдегі елу елдің ішінде оныншы орынды иеленіп отыр. 2005 жылдан 2013 жылдың аралығында Республика тура шетелдік инвестицияларды 173 070 млн. АҚШ долл. көлемінде тартты 1-кесте) [6].

1-кесте - Қазақстан Республикасына тура шетелдік инвестициялардың ағыны

2005
2006
2007
2008
2009
2010
2011
2012
2013
Қазақстан Республикасына шетелдік тура инвестициялардың ағыны, кезең бойынша млн.АҚШ доллары
6619
10624
18452
19760
19017
19059
26467
28935
24137
Кесте Қазақстан Республикасы Ұлттық банк пен ҚР статистика бойынша мәліметтер комитетінің берілгендермен жасалды.

Елдегі инвестициялық әлеует үлкен. Саяси, экономикалық тұрақтылық, өткізу нарығының масштабы, меншікті энергетикалық ресурстардың бар болуы, заманауи дамыған қаржылық жүйесі, көрші елдегі нарық көлемі, мемлекеттің даму бойынша инвесторлармен диалогы (Президент қарамағындағы Шетел инвесторларының Кеңесі, ҚР Премьер-Министр қарамағындағы инвестициялық климатты жақсарту бойынша Кеңесі) біздің республикамызға инвестициялар үшін тиімді болып келеді. Эрнст энд Янг компаниясының зерттеуі бойынша Қазақстанға инвестицияларды тартудың маңызды факторлары елдегі макроэкономикалық, саяси және әлеуметтік тұрақтылық болып табылады (2-кесте) [7].

2-кесте - Қазақстандағы инвестицияларды тартудың факторлары


фактор
тартымды
тартымсыз
1
Макроэкономикалық тұрақтылық
84%
10%
2
Саяси және әлеуметтік тұрақтылық
80%
10%
3
Телекоммуникациялық инфрақұрылым
78%
9%
4
Корпоративті салық салу
68%
13%
5
Тұрақты даму көрсеикіштері
63%
27%

Мемлекетттің инвестициялық саясатында инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштер динамикасында көрініс береді. Соңғы тоғыз жылда көрсеткіштер бойынша әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс кезеңінде трендтің төмендеуі байқалды (3-кесте) [8].

3-кесте - ҚР инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар
Тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар

млн. теңге
алдыңғы жылға %-бен
млн. теңге
алдыңғы жылға %-бен
2005
2 420 976
134,1
254 287
185,9
2006
2 824 523
111,1
368 354
138,2
2007
3 392 122
113,5
490 375
126,2
2008
4 210 878
114,8
468 039
88,8
2009
4 585 298
102,9
310 848
63,1
2010
4 653 528
97,0
335 655
103,6
2011
5 010 231
102,9
421 013
120,3
2012
5 473 161
104,1
428 241
96,4
2013
6 072 687
106,9
497 861
111,9
ҚР статистикасы бойынша мәліметтер Комитеті бойынша құрастырылған.

Қазақстандағы инвестициялық тәуекелдер бойынша өндірістің төмен технологиялық деңгейін, кадрлардың біліктілігінің жетіспеуі, әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс әсері - банк жүйесінде проблемалы активтердің бар болуы, елдің рейтингісіне жағымсыз әсер етуі, елдің жеке аймақтарында экономикалық дамудың теңсіздігі, көлік-логистикалық инфрақұрылымның әлсіз дамуы, сыртқы коммуникациялардың жеткіліксіз деңгейі.
Барлық инвестициялық тәуекелдер бойынша Қазақстанда инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар құру үшін бағытталған саясатқа апарады.
Қазіргі таңда Қазақстанда инвестицияларды тарту үшін 2014 жылдың 12 маусымында XXVII Шетел инвесторлары Кеңесінің отырысында Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасының инвестициялық климатты жетілдіру бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" заңына қол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Коммерциялық банктің инвестициялық операциялық теориялық негіздері
Инвестициялық жобаларды талдау және бағалау
Кәсіпорынның инвестициялық саясатының теориялық негіздері
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттырудың негізгі бағыттары
Кәсіпорында инвестициялық жобаларды ұйымдастыру
Инвестиция мәні мен түрлері
Инвестициялық қызметтің субьектілері мен кәсіпорынның инвестициялық саясатының жаңа кезеңіндегі ерекшеліктері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
Пәндер