Лизинг алушының гарантиялары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОПЕРАТИВТІК ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржылық лизинг туралы жалпы түсінік
1. 2 Оперативтік лизингтің негізгі белгілері
1. 3 Қаржылық және оперативтік лизингтің айырмашылықтары
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОПЕРАТИВТІК ЛИЗИНГТІҢ ТӘЖІРИБЕСІ
2. 1 Қазақстан Республикасында лизингтік кәсіпкерліктің қазіргі жағдайы
2. 2 Лизингтік опрацияларын жасауда тәукелдіктерді басқару («Темірбанк» акционерлік қоғамы мысалында)
3 ҚР экономиканың қазіргі жағдайында лизингтің даму перспективалары
3. 1 Экономиканың қазіргі жағдайында лизингтік операцияларын жүргізуінде негізгі проблемалары
3. 2 Қазақстандағы лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
6
6
8
10
13
13
18
23
23
25
28
30
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанда лизингті жандандыру Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясында қолдау тапты, онда «отандық кәсіпкерлік жаңа экономикалық бағыттың қозғаушы күші болып табылады. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 2030 жылға қарай, ең аз дегенде, екі есе өсуге тиіс. Біріншіден, біз адамға ол үшін мемлекет барлық мәселелерін шешіп беруін күтпей, өзін бизнесте сынап көруге, елде жасалып жатқан экономикалық өзгерістерге толыққанды қатысушыға айналуына жағдай туғызуымыз керек» деп айтылады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетіміз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды, яғни отандық өндірісті дамытуға кірісе бастады. Ал отандық өндірісті, сол арқылы отандық өнімдердің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекелестік қабілеттілігін дамытудың маңызды шарттарының бірі өндіріске ғылым және техниканың соңғы жетістіктерін енгізу негізінде оған қызмет көрсететін негізгі қорлардың сапалық деңгейін жоғарылату болып табылады. Себебі, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бәсекелестік қабілеттілігі және өндірілген өнімдері мен көрсетілген қызметтерінің сапасы, көбінесе олардың пайдаланатын негізгі қорларының технологиясы қаншалықты деңгейде қазіргі заман талаптарына сай екендігіне байланысты. Сондай - ақ бізге ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің классикалық факторларының бірі өндірістік база немесе өндірістік аппарат болып саналатындығы белгілі. Сондықтан да, бүгінгі күнгі мемлекеттің ұзақ мерзімді болашақтағы стратегиялық мақсаты Қазақстан Республикасының тиімді және тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге қабілетті өндірістік аппаратты құру болып табылады. Осы арада Қазақстанның барлық негізгі қорларының шамамен 50-70 % дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін ескере кеткен жөн. Пайдаланылуда жүрген негізгі қорлардың өте көп бөлігінің ескіруі және өнеркәсіптің өңдеу салаларына жұмаслып отырған инвестициялар көлемінің өте төменгі деңгейі отандық өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуіне әкеп соғады. Қазіргі кезде еліміхдің ұлттық банк жүйесінің экономика салаларының несиелік ресурстарға деген қажеттіліктерін мүмкіндіктері жылдан - жылға жоғарылағанымен, банктік несие есебінен кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту қажеттіліктерін толық қанағаттандыру мүмкін емес. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек еліміздегі кәсіпорындардың негізгі қорларын жаңарту үшін қазіргі таңда 800 млрд. теңгеден көп мөлшерде инветициялар талап етіліп отыр. Бүгінгі күні бұл көрсеткіш барлық коммерциялық банктерден бөлінген несиелер көлемінен екі есеге жуық жоғары. Осындай тығырықтан шығудың негізгі жолы, біздің ойымызша, лизингтік қатынастарды негізгі қорларды инвестициялаудың тиімді, ыңғайлы құралы ретінде дамыту болып табылады. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде, лизингтік несиелеу экономиканың нақты секторына инвестиция тартудың негізгі құралдарының бірі бола отырып, прогрессивті технологиялар негізінде ескірген өндірістік базаны жаңартуға және өндірістік қорларды сатып алуға мүмкіндіктер беретін инвестициялық қызметтің ерекше түрі ретінде кең түрде танылуда. Лизингтің басқа қаржылық құралдармен салыстырғандағы артықшылықтарына қарамастан, экономикалық қатынастардың бұл нысаны Қазақстан Республикасында өте баяу қарқынмен дамуда және бұл мәселе біздің республикамызда әзірге кешенді зерттеулер объектісіне айнала қойған жоқ. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі лизингтік операциялардың үлесі бүгінгі таңда тек 1, 9 % ғана құрап және Қазақстан экономикасының дамуының қазіргі кезеңі үшін лизингтік қатынастарды дамытудың өте өзекті болып табылатындығын ескерсек, сол қатынастарды дамыту жолдарын айқындау және оларды басқару тетіктерін жетілдіруді ғылыми негіздеу қажеттілігі туындайтыны түсінікті. Осы мақсатта еліміздегі лизингтік қатынастар нарығындағы төменгі іскерлік белсенділіктерді және Қазақстан экономикасы үшін лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін зерттеу объектісіне айналдыру қажет.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Лизингтік қатынастар туралы теориялық және тәжірибелік сұрақтарға М. Гордон, Т. М. Кларк, Ф. Фабоцци, Э. Рид, Р. Коттер, Э. Гилл, Р. Смит, В. Хойер және тағы басқа көптеген шетелдік авторлар терең зерттеулер жүргізген. Сонымен қатар, осы мәселеге Е. Н. Чекмарева, В. Д. Газман, В. А. Горемыкин, Е. В. Кабатова, А. Л. Смирнова, сияқты тағы басқа көптеген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің ғалымдарының еңбектері де арналған. Бірақ экономикалық жүйелердің даму деңгейлерінің әртүрлілігі лизингтік қызметтер аясындағы шет мемлекеттердің тәжірибелерін ұлттық лизингтік қызметтер нарығының қалыптасу ерекшеліктерін ескермей пайдалануға мүмкіндіктер бермейді.
Қазақстанда лизингтік қатынастарды басқаруды реттеу мен дамыту мәселелері де жан - жақты зерттеуді қажет ететіндіктен туындаған ғылыми ізденістер мен жарық көрген жұмыстар да баршылық. Солардың ішінде О. Б. Баймұратов, К. А. Сағадиев, Ә. С. Смағұлов, Л. Б. Айманова, Б. К. Баишев, А. Желдібаев, Ғ. С. Сейтқасымов, А. Омаров, Б. А. Көшенова, С. Б. Мақыш сынды және тағы басқа да отандық экономист - ғалымдардың еңбектерін еліміздегі лизингтік қатынастарды жетілдіруге мүмкіндік беретіндіктерін атап өту орынды. Дей тұрғанмен, жоғарыда аталған авторлардың еңбектерінің көпшілігі халық шаруашылығының белгілі - бір салаларындағы лизингтік қатынастарды дамыту мәселелерін зерттеуге арналғандықтан, лизингтік қатынастардың дамуының тұтастай алғандағы мәселелері көбінесе ғылыми назардан тыс қалып келеді. Сондықтан бүгінгі күні, әсіресе лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру және реттеу бойынша бірқатар сұрақтар әлі де болса терең зерттеулер жүргізуді талап етеді. Осы мәселе бойынша дипломдық тақырыбын таңдап алуға және оның мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың негізгі мақсаты қаржылық және оперативтік лизингтің теориялық негіздерін талдау болып табылады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін келесідей міндеттерді шешу қарастырылады:
- лизингтік қатынастардың экономикалық мәнін зерттеу және теориялық тұрғыдан негіздеу арқылы, оның өзіне тән барлық ерекшеліктерін ескеру;
- қаржылық және оперативтік лизингке әр-қайсысына жеке-жеке тоқталып, айырмашылықтары мен артықшылықтарын көрсету;
- әлемдік тәжірибедегі лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму ерекшеліктерін жете талдау арқылы олардың кейбір тиімді жақтарын Қазақстандық тәжірибеде қолдану мүмкіндіктерін анықтау;
- лизингтік қатынастарды ұйымдастырудың әртүрлі нысандарының экономикалық артықшылықтары мен іске асырылу ерекшеліктерін жан - жақты зерделеу;
- лизингтік келісімдегі тәуекелділіктерді ескере отырып, лизингтік қатынастарды басқару мәселелерін зерттеу;
- Қазақстандағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдарын анықтау.
Зерттеу пәні ретінде Қзақстан Республикасы экономикасының әртүрлі салаларындағы лизингтік қатынастарды басқару тетіктерін жетілдіру жолдары анықталады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОПЕРАТИВТІК ЛИЗИНГТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қаржылық лизинг туралы жалпы түсінік
Қаржылық лизинг - бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:
- лизинг беруші (жалға беруші) ;
- лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг - бұл инвестициялық қызметтің бір түрі.
Кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің көпшілігіне әсер еткен, әлемдік экономикалық дағдарыс қазіргі уақытта жылжымайтын мүлікті лизингке беру шарттарын жасасудың, әсіресе жеткілікті меншікті ақшалай қаражаты жоқ шағын кәсіпорындармен, кең тарауына әкеп соқтырды. Көпшілік кәсіпкерлік субъектілері үшін мүлікті лизингке алу, бұл мүлікті сатып алғанға қарағанда, экономикалық тұрғыдан тиімді болып келеді.
Лизингке беру шарттық келісім болғандықтан, лизингке алушы мен лизингке берушімен орнатылатын шарт талаптары екі тараптың тапқырлығына байланысты өзгеруі мүмкін.
Лизинг төлемдері кезеңнен кезеңге тең болуы, өсуі немесе төмендеуі мүмкін; олар алдын ала белгіленеді немесе сату көлеміне, пайыздық мөлшерлемеге немесе басқа да факторларға байланысты өзгеруі мүмкін. Көп жағдайда, лизинг төлемдері лизингке берушіге лизингке берілген активтің құнын өтеуге және лизингке беру мерзімі ішінде әділ табыс алуға мүмкіндік беретіндей етіп орнатылады. Лизингке берілген активті сақтандыру және техникалық қызмет көрсету бойынша шығыстар, сонымен қатар салық бойынша міндеттемелер лизингке берушімен немесе лизингке алушымен орындалуы мүмкін, немесе заңнамаға қарсы болмаса, олардың арасында бөлінуі мүмкін. Лизинг келісімі күшін жою немесе бекітілген төлем және айыппұл мөлшерін төлеу кезінде лизингке беруді мерзімінен бұрын тоқтату құқығын қамтуы мүмкін.
Қазақстан Республикасында лизингке беру қарым-қатынастары және олардың есебі келесідей құқықтық заңнамалық-нормативтік актілермен реттеледі:
- ҚР Конституциясы;
- ҚР Азаматтық Кодексі (Ерекше бөлім, 29- тарау) :
- «Қаржылық лизинг туралы» ҚР Заңы
- Ұлттық қаржылық есептілік стандарты 1 (10-бөлім) ;
- Ұлттық қаржылық есептілік стандарты 2 ( 19-бөлім) ;
- Халықаралық қаржылық есептілік стандарты 17 [1]
ҚР Азаматтық кодексінің 542-бабына сәйкес, мүлiкті жалдау шартында лизингке алушыға мүлiктiк жалдау объектiсi ретiнде берiлуге тиесiлi мүлiктi анықтауға мүмкiндiк беретiн деректер көрсетiлуге тиiс. Шартта мұндай деректер болмаған кезде мүлiктiк жалдауға берiлуге тиесiлi объект туралы талап тараптармен келiсiлмеген деп, ал тиiстi шарт жасалмаған деп есептеледi.
Қаржылық лизинг шартына келер болсақ, мұнда ҚР Азаматтық кодексінің 542-бабында көрсетілген шарттардан басқа, келесідей міндетті шарттар қамтылуы керек:
1) мүлікті сатушының аты;
2) мүлікті лизинг алушыға(лизингке алушыға) беру шарты және мерзімі;
3) төлем мөлшері және уақыты;
4) шарт мерзімі;
5) егер бұл шартпен қарастырылған жағдайда, мүлікті лизинг алушының меншігіне көшіру шарттары.
ХҚЕС 17 жалдың екі типін ажыратады: қаржылық лизинг және операциялық жал. [2]
Қаржылық лизингке беру - лизингке беру, оның шарты бойынша активке меншік құқығына лайық барлық тәуекелдер мен пайдаларды беру жүргізіледі.
Тәуекелдерге тарату құнының өзгеруінен, мерзімінен бұрын моралдық және табиғи тозудан, нарық конъюнктурасының өзгеруінен, активтен айырылу, ұрлық, бүлінуден болатын тәуекел жатқызылады.
Пайдаға активті іске қосудан табыс алу құқығы және тарату құнының өзгеруінен болатын пайда жатқызылады.
Операциялық лизингке беру - қаржылық лизингке беруден ерекшеленетін лизингке беру. Лизингке беру шарты бойынша меншік құқығына лайықты барлық қауіп-қатерлер мен табыстарды беру жүргізілмейтін жағдайда операциялық деп жіктеледі.
Лизингке беруді жіктеу лизинг операциясының басында жүргізіледі, және жиі лизингке беруші және лизингке алушы үшін бірдей болып келеді, себебі бір шарт бойынша жүзеге асырылады. Қаржылық лизинг нысаны лизингке беру қарым-қатынастары келесі талаптардың біріне жауап бергенде туындайды:
1) лизингке беру кезеңі лизингке алынған мүліктің пайдалы қызмет мерзімімен бірдей немесе соған жуық;
2) лизингке беру мерзімінің басында ең төмен лизинг төлемінің дисконтталған құны, кем дегенде, лизингке алынатын активтің әділ құнына жуық мөлшерді құрайды;
3) активке меншік құқығы лизингке беру мерзімінің соңына қарай лизингке алушыға көшеді;
4) лизингке беру шартында лизингке алушының лизингке алу мерзімінің соңында немесе лизингке алу мерзімінің кез келген уақытында лизингке алынған мүлікті әділ құннан біраз төмен бағамен сатып алу құқығы қарастырылған;
5) лизингке алынған мүлік өзгеше болғаны соншалық, тек лизингке алушымен ғана қолданылады.
Қаржылық лизингке берудің келесідей түрлері бар:
а) тікелей - делдал ұйыммен жүзеге асырылатын қаржылық лизингке беру (банк, лизингтік ұйым) ;
б) саудалық - жабдықты өндірушімен немесе дилермен жүзеге асырылатын қаржылық лизингке беру;
в) кері немесе қайтармалы - лизингке алушы мүлікті лизингке берушіге сатып, оны кері лизингке алатын қаржылық лизингке беру.
Дегенмен, лизингке беру шарттарының тәжірибеде кең қолданылатынына қарамастан, оларды жасасумен, жүзеге асырымен, сонымен қатар лизинг қарым-қатынастарының аясында туындайтын шаруашылық операцияларды есепке алумен және салық салумен байланысты мәселелер бүгінгі күні де өзекті болып отыр.
Халықаралық қағидаларға сәйкес, лизинг қарым-қатынастарын, олардың заңды нысанынан экономикалық мәнінің артуына қарай есепке алу керек және компанияның қаржылық есептілігінде көрсету керек, ал жоғарыда айтылғанға сәйкес бұл қағида бұзылады. Ол өз кезегінде, субъектінің қаржылық есептілігінің бұрмалануына әкеледі.
1. 2 Оперативтік лизингтің негізгі белгілері
Лизингтік механизмді қарастырумен байланысты сұрақтарды нақтылау үшін, лизингтің формаларын және түрлерін тереңірек зерттеу керек. Лизингтің механизмін өткізу процесі кезінде пайда болатын қатынастардың көпқырлылығы оның бөлек түрлерін классификациялануын және әрқайсысының сипаттамасын талап етеді.
Кейбір авторлар лизингтің негізгі екі түрін бөліп көрсетеді: қаржылық және оперативтік [14, б. 251; 18, б. 25] ; басқалары- үш түрін бөледі [14, б. 147] : оперативтік, қаржылық, қайтарымдылық, кейбіреулері- 4 немесе одан да көп [19, б. 183] : қаржылық, оперативтік, жылжымайтын мүлік және құрал-жабдық лизингі.
Лизинг түрлерінің жіктелуінің жақтаушылары оперативтік лизинг құрамына рейтинг және хайрингті кіргізеді, ал қаржылық лизингтің құрамына қызмет көрсетуімен қоса жүретін лизингті кіргізеді. Рейтинг-машиналардың, құрал-жабдықтың, транспортты құралдардың, тұрмыс техникасының және инвентарлық заттардың қысқа мерзімді жалға берілуі, бірақ мұнда жалға алушының мүлікті өзінде қалдыруға құқығы жоқ. Ал егер машиналар, құрал- жабдықтар және транспорттық құралдар орташа мерзімге жалға берілсе, онда хайринг орын алады [25, б. 104] .
Біз өткізген талдау көрсеткендей, лизингтің көптүрлілігіне келесі факторлар әсер етті:
- Шет ел терминологиясын түсінудегі және сөзбе-сөз аудармасындағы айырмашылық
- әртүрлі мемлекеттердегі лизингтің құқықтық статусының және зандылық базасының айырмашылығы
- әртүрлі мемлекеттердегі лизинг бизнесін мемлекеттік қолдау деңгейлеріндегі айырмашылық
- әртүрлі мемлекеттердегі лизинг түрлері үшін салықтық және амортизациялыз қалқанның әртүлілігі
- лизингтік мәміленің барлық қатысушылары үшін лизингтің несиемен салыстырғандағы артықшылығының әртүрлілігі
- нақты лизингтік операцияның ұлттық ерекшелігі
Лизингтің мазмұны және анықтамалары бойынша нәтижелерді зерттеп, лизинг түрлерінің жіктелуін келесі 16 сипаттама бойынша нақтылауын ұсынамыз, ал лизинг түрлерінің сыныптамасы және мәні А қосымшасында көрсетілген. Осы жерде, біз лизинг түрлерінің бөлінуі мына критерийлер бойынша болатындығын көреміз:
- қатысушылардың құрамы және ұйымдастыру формасы
- мәміленің көлемі
- өзін-өзі өтеу деңгейі және амортизация шарттары
- қызмет көрсетуінің көлемі және деңгейі
- қаржыландыру түрлері
- нарықты қамтуы
- мақсаттық бағыты
- келісімнің сипаты
- төлемдердің сипаты
- мүлікті сатып алуға қатынас
- мәміленің ұзақтығы
- меншіктің формасы және аясы
- лизингтік келісім сомасына тәуелділік
- лизинг беруші үшін болатын тәуекелділік деңгейіне тәуелділік
- ұлттық нарықтың дамуына тәуелділік
- әртүрлі елдердегі бухгалтерлік есепті жүргізу стандарттары
Лизингтің барлық түрлерінің ішінен, қаржылық лизингті сипаттайтын белгілерді атап көрсетейік:
- мүлікті сатушы-өндірушінің пайда болуы
- лизингке беру үшін лизинг берушінің мүлікті арнайы алуы және мұнда мүлікті және сатушыны таңдау еркі лизинг алушыда болады
- мүліктің сапасы бойынша барлық талаптар; дефектілері, тозғандығы жайлы барлық талаптар лизингтік мүлікті өндірушіге, яғни сатушыға қойылады, ал лизинг берушіге ешқандай жауапкершілік артылмайды
- мүліктің кенет бұзылуының, жойылуының тәуекелділіктері, лизингтік мүлікті қолдану туралы алу-беру актісіне қол қойғаннан кейін лизинг алушыға өтеді
Соңғы екі пункт қаржылық лизингтің оперативтік лизингтен айырмашылығын көрсетеді. Тек оперативтік лизингті сипаттайтын белгілерді қарастырайық (Кесте 1) .
Бірақ бұл ерекшеліктермен қоса, біз оперативтік лизингтің келесі сипаттамаларын көрсетеміз:
- лизингтік келісім нормативтік мерзімнен аз уақытқа жасалады
- лизингке лизинг алушы жасаған арнайы мәлімдеме бойынша алынған емес, лизинг берушінің өзінде болған мүлік беріледі
- лизингтік мәлімдеменің екі жақты сипаты болады
- мүлік лизингке көп мәрте беріледі
- лизингтік келісімнің мерзімі біткеннен кейін мүлік лизинг берушіге қайтарылады және жаңа келісім жасауға мүмкіндік береді
Кесте 1 - Оперативтік лизингтің ерекшеліктері
1. 3 Қаржылық және оперативтік лизингтің айырмашылықтары
Өндірістік потенциалдың және халықаралық лизингтің механизмдерін пайдаланылуын дамыту үшін нақты шетел инвестицияларын тартуда сублизинг механизмін пайдалануға болады, ол қаржылық лизингтің бір түрі болып табылады. Сублизинг-бұл сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін пайдалану құқығын үшінші тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынастар түрі. Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы тұлға лизинг объектісін лизинг берушіден лизинг келісім-шарты негізінде үшінші тұлғаға уақытша пайдалануға береді. Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты міндетті түрде болу керек. Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің бір түрі болғандықтан, ол халықаралық лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылу керек. Халықаралық сублизингтің бір ерекшелігі ретінде лизинг объектісінің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісім-шартының мерзімі аралығында ғана өтуін көрсетуге болады. Сублизинг сызбасы негізгі лизинг беруші және лизинг алушы әртүрлі елдерде болса қолданылады. Бұл жағдайда, құрал-жабдықтың дұрыс пайдаланылуын, төлемдердің төленуін, пайда болатын мәселелерді шешуді жергілікті лизингтік компания жүргізгені дұрыс. Сублизингтік жобалардың дамуын тежейтін себеп- лизингтік операциялардың дұрыс қамтамасыз етілмегендігі.
Қаржылық және оперативтік лизингті салыстырғаннан кейін, олардың келесі ерекшеліктері табылды (Кесте 2) .
Кесте 2 - Қаржылық және оперативтік лизингтің ұйымдастырушылық ерекшеліктері*
Тәжірибеде көрсетіп отырғандай, экономикалық қатынастадың дамуының қазіргі кезеңінде лизингтік қатынастарды белсенді түрде пайдалану қажеттіліктерін айтып қана қоймай, сонымен бірге осы қатынастарды білікті түрде басқаруға да өте көп көңіл бөлу қажет. Соған байланысты еліміздегі лизингтік қатынастарды басқарудың бірнеше деңгейін қалыптастырудың қажеттілігі бар. Оны келесі кестеден көруге болады.
Кесте 3- Лизингтік қатынастарды басқару деңгейлері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz