Қаржы қатынастарының жиынтығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І тарау. ҚАРЖЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ, ОНЫҢ МӘНІ АНЫҚТАУЫШ РЕТІНДЕ
1.1 Қаржының функциясы және рөлі
1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары
1.3 Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы

ІІ тарау. ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржының құқықтық мәні
2.2 Кәсіпорындарда қаржыны қалыптастыру
2.3 Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығына қаржының әсері

ІІІ тарау. Жаһандану жағдайындағы қаржы нарығының дамуы
3.1 Көжек ЖАҚ-ның қаржылық жағдайы
3.2 Нарық жағдайында қаржының мәнін Көжек ЖАҚ мысалында талдау

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қаржы - ақша қаражатын, қаржы ресурстарын олардың жасалуы мен қозғалысы, бөлінісі тұрғысынан алып қарайтын, сондай - ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айрушыларға, ақша айналысына байланысты туындайтын экономикалық термин.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады.
Қаржы - нарықтық қатынастардың құрылымды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Қоғамдық өнімді бөлумен, ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың қажеттіліктерін қанағаттандыруға болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның мәні болып табылады.
Қаржы (қолма - қол ақша, табыс ұғымын білдіретін орта ғасырдың латын тілінің financia сөзінен пайда болған француздың finance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, өндірістік қатынастарды білдіретін ақшалай қаржы ресурстары мен қорларды жасау және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды қамтып көрсететін тарихи қалыптасқан аса маңызды экономикалық категориялардың бірі болып табылады. Ол натуралдық шаруашылықтан жүйелі тауар - ақша айырбасына көшу жағдайында пайда болып, дамыды және мемлекеттің және оның ресурстарға қажеттіліктерінің дамуымен тығыз байланысты. Бірінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізетін авторды атау қиын.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар - ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Түрлі қоғамдық - экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
* әртүрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады.
* кез - келген қоғамдық - экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүдделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады.
* өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және федалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табыстың қалыптасуы да көбіне натуралдық сипатта болады.
* Егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылымдық міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.
Құн категорияларының жүйесінде қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен анықталады. Қаржының құндық бөлу стадиясында жұмыс істейтін басқа экономикалық категориялардан - кредиттен, жалақыдан, бағадан айтарлықтай айырмашылығы бар.
Қаржы - ақша қатынастарының жиыны, олардың түрлі ажырамас бөлігі. Ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамның ұдайы өндірістің түрлі субъектілер арасындағы бүкіл ақша қатынастарын білдіреді. Сондықтан оның маңызы экономикалық қатынастарды ақша қатынастарының қандай орын алатындығында.
Қаржы - қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Қаржының қысқаша анықтамасын былайша тұжырымдауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: қаржы функциялары, оның мәні анықтауыш ретінде қажеттілігін зерттеу.
Қаржы - бұл шаруашылық субъектілер жүргізуші және қайта бөлу процесіне ұшырайды. Бұл процестердің маңызды рөлін қаржы атқарады. Қаржының жұмыс істеуінің нақты шарты ақшаның пайда болуының себебі шаруашылық жүргізуші еңбектерінің мемлекеттік қызметін қамтамасыз ететін ресурстарының қажеттілігі болып табылады.
Қаржының мәні - ақша нысанындағы құқық қозғалысынан туындайды. Бұл қозғалыстың шарты тауар - ақша қатынастарының болуы және экономикалық заңдылықтардың іс - әрекеті болып табылады.

І тарау. ҚАРЖЫ ФУНКЦИЯЛАРЫ, ОНЫҢ МӘНІ АНЫҚТАУЫШ РЕТІНДЕ
1.1 Қаржының функциясы және рөлі

Қаржының мәні іс - әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияларға тән қызмет тобын; мәнін; іс - қимылдығы көрінісін сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айырмашылықты әдістерін білдіреді.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштігі және ұдайы өндіріс тәрізді 2 тұжырымдамасы танылып отыр.
1) қаржы қоғамдық өндірістің 2 стадиясында ақшы нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процестерінде пайда болады. Қаржының бөлгіштік сипаты оның іс - әрекет ету ерекшелігін көрсетеді. Бұл тұжырымдамаға сай қаржы 2 функцияны орындайды: бөлу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Қоғамдық өмірде бөлу алғашқы және кейінгі, қайта бөлу болып ажыратылады.
Алғашқы бөлу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемімен орнын толтыру қоры мен амортизациялық аударымдар шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің өндірістік сферасының және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады.
Қайта бөлу кезінде салалық сондай - ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілері бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Қаржы көмегімен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу 2 әдіспен жүзеге асырылады:
Қаржылық - бюджеттік әдіс - ол бюджетке табыстарды алғанда және бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
Несиелік - банктік әдіс - ол уақытша босқаржы ресурстарын жұмылдыруды және қайтарымдылық негізде кредиттер беруді білдіреді. Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процесі мемлекет белгілеген қаржы құралдарының - нормалардың, мөлшерлемелердің, тарифтердің, аударымдардың және т.б. көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Қаржының бөлшектік функциясы аумақаралық, салааралық; ішкісалалық және ішкішаруашылық болып бөлінеді.
Аумақтық және салааралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен басынан кешіріп отырған әкімшілік - аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрінің арқасында бүкіл экономикалық үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкі саладағы өндірістің дамуы үшін, артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік - тұрмыстық инфроқұрылымды өрлету үшін, өтемөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететін комерциялық есеп пен өзін - өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.
Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражаттарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып, көрсететіні белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Қаржының бақылау функцияларын жүзеге асырудың нысаны қаржылық көрсеткіштерді білдіретін қаржы ақпараты болады. Ұдайы өндіріс процесіндегі қаржының бақылау функциясының рөлі қаржылық тәртіп арқылы жүзеге асумен және оның жайымен нормалар мен нормативтердің сақталуымен байланысты болады.
Қаржылық тәртіп оны бұзушыларға қаржы санкцияларын қолдана отырып, мемлекеттік парызды сақтауға негізделген. Бақылау функциясы қаржылық бақылауда - жалпы ішкі өнімді тиісті қорларға бөлуге және оларды мақсатты арналым бойынша жасауда көрінеді. Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай түрлерін ажыратады:
Қаржылық - шаруашылық бақылау. Оны фирмалардың, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, министрліктердің, ведомоствалардың қаржы органдары ақша қорларын бөлу жолымен жүргізеді. Ұдайы өндірістің бүкіл барысына: өнімді шығару мен өткізудің ауқымына, өзіндік құн мен рентабельдікке, еңбекке ақы төлеуге ықпал жасайды. Бұл түрі өндіріс тиімділігін жүйелі арттырып отыруға бағытталған;
Қаржылық - бюджеттік бақылау. Ол кәсіпорындар табысының бір бөлігін мемлекеттіу бюджетке алу арқылы, кәсіпорындар мен құрылыстарды қаржыландыру арқылы жүзеге асады. Қаржы жүйесі белгіленген төлемдердің бюджетке дер кезінде түсуін, бюджет қаражаттарының бизнес - жоспардың немесе құрылыс қарқының орындалуына қарай берілуін бақылайды.
Кредиттік - банктік бақылау. Ол фирмалар мен кәсіпорындарды несиелеу арқылы жүргізіледі. Бұл жағдайда қаржының бақылау функциясы несие берудің мезгілдігі, қайтарылымдығы, арқылы қағидаларынан көрінеді. Бақылаудың бұл түрі банк арқылы өтетін ақшалай есептесудің жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

1.2 Қаржы жүйесін ұйымдастыру қағидалары.

Қаржы жүйесінің ұғымы қаржы ұғымының одан әрі дамуы және нақтылана түсуі болып табылады. Қаржы жүйесінің ұғымы кейде мемлекеттік мекемелердің жиынтығы ретінде қолданылады, бұл жеткіліксіз. өзінің тарихи дамуында қаржы жүйесі ұзақ эвалюциядан өтті. Қаржы қатынастарының пайда болуы кезінде қаржы жүйесі, жалпыға мәлім, бір ғана буынмен - мемлекеттік бюджетпен шектелді. Классикалық капитализм жағдайында батыстың көптеген өркениетті елдерінің, соның ішінде бұрынғы КСРО-ң қаржы жүйесін екі негізгі буын - мемлекеттік бюджет пен жергілікті қаржылар құрады. Олар ақша қорларын қалыптастыруға мүмкіндік береді, бұл буындардың көмегімен мемлекет өзінің саяси және экономикалық функцияларын орындап отырады.
Қаржы жүйесі мынадай 3 критерилерге сүйенеді:
1) Қаржы қатынастарының жиынтығы.
2) Ақша қорларының жиынтығы.
3) Басқарудың қаржы аппараты.
Ақша қорларының қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, аймақтар және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақша қатынастарының жиынтығы қаржы қатынасын құрайды. Қаржы қатынастары мынадай 2 сфераны құрайды.
1) мемлекеттік бюджетке жинақталатын мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен байланысты болатын экономикалық ақша қатынастары.
2) Кәсіпорындардың орталықтандырылмаған ақша қорларының айналымын ортақтастыратын экономикалық ақша қатынастары.
Қаржы қатынастары өзінің экономикалық табиғаты жөнінен бөлгіштік қатынастар болып табылады.
Қаржы жүйесін құрайтын элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бұл - бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы - бұл қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттары олардың жұмысымен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақша қатынастары.
Мемлекеттік бюджет - экономиканы, әлеуметтік - мәдени мұқтаждарды, қорғаныс пен мемлекеттік басқарудың мұқтаждарын қаржыландыруға арналған елдің орталықтандырылған қорын жасаумен және пайдаланумен байлансыты ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу туралы мемлекеттің заңы және жеке тұлғалармен пайда болатын ақшы қатынастармен көрінетін экономикалық категория.
Мемлекеттік бюджет орталық және жергілікті бюджеттен тыс қорлар - қорлардың ұйымдық дербестігі негізінде кешенді пайдаланатын бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тартылатын қаржы ресурстарын қайта бөлу мен пайдаланудың айрықшылықты нысаны, қалыптасу көздері:
а) арнаулы мақсатты салықтар, қарыздар;
ә) қосымша табыстар мен үнемделген қаржы ресурстары;
б) бюджетпен берілетін субсидиялар;
в) ерікті жарналар және қайырмалдықтар;
Бүгінде Қазақстанның қаржы жүйесінің құрамы қаржы қатынастарының біршама дербес мына сфераларынан тұрады: мемлекеттің бюджет жүйесі, арнаулы бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттік кредит, жергілікті қаржы, шаруашылық жүргізуші, субъектілердің қаржысы, халықтың қаржысы. Қаржы қатынастарының алғашқы 3 бөлігі жалпы мемлекттік, яғни орталықтандырылған қаржыларға жатады. Қаржы жүйесінің функционалдық құрылысы мынадай негізгі қағидалары қанағаттандыруы тиіс:
Біріншіден, қаржы жүйесінің жеке алынған әрбір буыны ақша қатынастарының аса кең шеңберін қамтиды, бұл жалпы котегорич болып табылатын қаржыға тән қасиет;
Екіншіден: тұтас алынған қаржы жүйесі әрбір нақты сәтте объективті экономикалық категория ретінде қаржының қағидалы мәндік сипаттамаларына сәйкес келуі тиіс.
Қаржы жүйесін құрудың негізгі мына қағидаларды қамтиды.
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі. Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылықпен бір мезгілде жергілікті қаржы органдарына және шаруашылық жүргізуші субъектілерге кең құқық пен дербестік берілген. Бұл қағида жергілікті әкімшілікке және жоғарғы қаржы органдарына тиісті жергілікті қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын - ала айқындайды. Мемлекеттің қаржы жүйесінің алдындағы міндеттемелерді орындаған соң ғана, қаржы ресурстарын иемденеді. Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау аймақтарды дамытудың әлеуметтік жағынан қабылдауға болатын деңгейі сияқты бұл қағидалардың талаптары қаржы қатынастарында ұлттық табыс, теңдікті қамтамасыз етеді. Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары құрылымның ұлттық - мемлекеттік, әкімшілік - аймақтық құрылымына сәйкес аппараты бар. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидасы орталық қаржы органдары арқылы мемлекеттің жүргізіп отырған бірыңғай мақсаттарымен алдын - ала айқындалып отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық және нормативтік актілерге негізделеді. Қаржы жүйесінің бірлігі қаржы ресурстарының басты көздерінің ортақтастығанда.
Мемлекеттік бюджеттің ресурстарын құрып, пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды республиканың қаржы министрлігі мен экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Бюджеттен тыс қордың мақсатты міндеттерін тиісті аппараттар анықтап, шешеді немесе белгілі бір министрліктің және үкіметтің басқаруына беріледі. Ұлттық шаруашылықты басқарудың сатылас қағидалары жоғары органдар деңгейінде, сондай - ақ төменгі қаржы аппаратының тиісті қаржы аппаратын тиісті құралымен байланыстырады.

Қаржылық құқық - өзіндік құқық саласы
1. Қаржылық қатынаста - құқықтық реттеуде жеке пәнге ие
1. Қаржылық қатынаста - құқықтық реттеуде жеке пәнге ие
2. Құқықтық реттеуде өзіндік әдіске ие (қатынастарда әкімшілік құқыққа әдісіне иеленеді)
1. Қаржылық қатынастарды жүйелейтін қаржылық норма қаржылық құқық қаржылық түсініктермен толық объективті қамтамасыз етіледі
Қаржылық құқық жүйесі қаржылық - құқықтық норма жеке кіші салалар және институттармен біркелкі және дифференциалдығы
Негізгі бөлімі- қаржылық норманың бюджеттік, салықтық, несиелік төлем есебілік эмиссиялық валюталық және басқа қаржылық қатынастарды реттеу.
Жеке салалар
Қаржылық институттар
Қаржылық құқықтық нормалар
Қаржылық құқық - өзіндік құқық саласы
1. Қаржылық қатынаста - құқықтық реттеуде жеке пәнге ие
1. Қаржылық қатынаста - құқықтық реттеуде жеке пәнге ие
2. Құқықтық реттеуде өзіндік әдіске ие (қатынастарда әкімшілік құқыққа әдісіне иеленеді)
1. Қаржылық қатынастарды жүйелейтін қаржылық норма қаржылық құқық қаржылық түсініктермен толық объективті қамтамасыз етіледі
Қаржылық құқық жүйесі қаржылық - құқықтық норма жеке кіші салалар және институттармен біркелкі және дифференциалдығы
Негізгі бөлімі- қаржылық норманың бюджеттік, салықтық, несиелік төлем есебілік эмиссиялық валюталық және басқа қаржылық қатынастарды реттеу.
Жеке салалар
Қаржылық институттар
Қаржылық құқықтық нормалар

Қаржы ақпаратын ұйымдастыруда акционерлік, бірлескен, аралас, кооперативтік, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдарды басқарудың ерекшеліктері қамтылады.
Қазіргі кезде қаржы жүйесі терең өзгеріске ұшырады. Оны қайта құрудың басты міндеті - оның Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуын тұрақтандырып, одан әрі тездетуге ықпал жасау, ұлттық табыстың өсуін қамтамасыз ету, өндірістің барлық буындарында шаруашылық коммерциялық есепті нығайту болып табылады.

1.3 Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы

Қаржы құндық бөлу процесіне қатыса отырып, баға жалақы, кредит сияқты категориялармен өзара тығыз байланыста болады және өзара байланыста болады және өзара іс - қимыл жасайды. Бұл ақша категорияларымен қоса өндіріске қатысады. Қайта бөлгіштік процеске өзінің әдісімен қаржы араласады, ол құнның бір бөлігін алады немесе құнның кем алынған бөлігін субвенциялар, бюджеттік немесе салалық қаржыландыру жолымен алып береді.
Қаржы көмегімен шаруашылық жоспарларымен және үйлесімдерімен белгіленген құн қозғалысының шарттарын ескере отырып, бөлудің бағамен басталған процесі түзетіледі.
Қаржы бағамен негізі қаланған үйлесімдерді нақтылайды. Қаржылық бөлудің бағамен бөлуден айырмашылығы, бағамен бөлудің объектісі жалпы қоғамдық өнімнің тек бір бөлігінің болатындығы. Қаржы еңбекке ақы төлеумен тығыз байланысты. Бағаның ізінше қаржылық бөлудің ішінде жалақы жұмыс істей бастайды қаржы жалақы қоры мен еңбекақы төлеудің басқа қорларының оқшаулануы үшін жағдай жасайды. өндірістік емес сферада қызметкерлердің еңбекке ақы төлеу қоры елеулі дәрежеде бюджет қаражаттары есебінен қалыптасатындықтан, тиісті бюджеттің қаржы мүмкіндіктерімен анықталатындықтан бұл сферадағы қаржы мен еңбекке ақы төлеудің байланысы көрнекті болады.
Қаржы мен жалақының іс - әрекет етуінің айырмашылығы:
1) қаржының бөлудің шекарасы анағұрлым кең жалақы тек еңбек шығындарын өтеуге қатысыты.
2) қаржы құнының бір жақты қозғалысына қатысады, ал жалақы оның ыңғайына, қозғалысына - еңбек құнына, оның ақшалай өтемақысына қатысты.
Қаржы және сақтандырудың өзара байланысы мен өзара іс - қимылы да өте шектеулі.
Қаржы есеп - қисаптармен және есеп айырсу жүйесімен өте тығыз байланысты, себебі, олардың іс - әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара есеп айрысуға негізделген.
Қаржылық операциялардың уақытылы жасалуы, мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттар бойынша кедергісіз қозғалуы есеп - қисаптардың айқындығына, жалға қойғандығына байланысты болады.
Ақшалай есеп - қисаптар комерциялық есеппен өзін - өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріс пен құндық экономикалық категориялардың, бағаның, қаржының, кредиттің, еңбекақы төлеудің іс - қимылдың өте қажетті шарты болып табылады.

ІІ тарау. ҚАРЖЫ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ОНЫ БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Қаржының құқықтық мәні

Қоғамда пайда болатын қаржы қатынастары құқықтық реттеуді қажет етеді. Бұл орайда қаржы құқығының әр түрлі нормалары қолданылады.
Қаржы құқығы -- бұл қоғам дамуының тиісті кезеңіндегі мемлекеттің міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейтін заң нормаларының жиынтығы. Ол біртекті қаржы қатынастарына жататын жеке бағыттар бойынша: бюджет құқығына, салық құқығына, шаруашылық құқығына межеленіп айырылады; қаржының кең ұғыныс тұрғысында жалпы ақша қатынастары ретінде баян етілуіне байланысты қаржы құқығына сонымен бірге валюта және сақтық заңнамасын, банк құқығын, мемлекеттік кредитті, ақша айналысын құқықтық реттеу сияқты бөлімдерді де қосады.
Қаржы құқығында қаржы-құқықтық нормалар -- құқықтың негізгі бастапқы элементтері, яғни мемлекет белгілеген және қаржы қатынастарындағы мемлекеттік мәжбүрлеу (күштеу) шараларымен қамтамасыз етілген қылықтың қатаң белгілі бір ережесі пайдаланылады. Сөйтіп, қаржы-құқықтық нормалардың императивтік (әмірлік, бұйрықтық) сипаты болады. Қағида бойынша, олардың үзілді-кесілді нысанда көрінетін талаптары болады және оларды беталды өзгерте беруге жол берілмейді, қаржы қатынастары қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің ауқымын дәл анықтайды. Қаржы-құқықтық нормалар міндеттеушілік, тыйым салушылық және уәкілеттілік (яғни белгілі бір іс-қимылдарды жасауға бағытталған қаржы қатынастары қатысушыларының бекітуші құқықтары) болып бөлінеді.
Сөйтіп, базистік болып табылатын қаржы қатынастары қаржы-құқықтық нормаларды пайдаланған кезде қаржының құқықтық қатынастарына жаңғырады. Олардың қатысушылары субъективті заңи құқықтар мен міндеттіліктер арқылы өзара байланыста болады, ал байланыстар (қатынастар) мемлекетгің мәжбүрлеуші күшімен қорғалады. Нормативтік-құқықтық қатынастардан тыс қаржылық қызмет орындалмайды. Жүзеге асуы мемлекеттің мәжбүрлеуші күшімен кепілдендірілген тек өзара байланысты заңи құқықтар мен міндеттіліктер кезінде болжанған кірістерді мемлекеттің алуы, оларды белгіленген мақсаттар бойынша бөлу және пайдалану мемлекеттік қамтамасыз етілуі мүмкін. Бұл орайда мемлекеттік органдарға билік өкілеттіктері үлестіріліп берілген, қаржы құқықтық қатынастарының басқа қатысушыларының -- кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және азаматтардың орындауы үшін міндетті нұсқамалар шығаруға олардың құқы бар.

Любилизациялау
Қоғамдық қатынастар мына мақсатта мемлекеттік қаржы қызметінің саласына салынатын.
Бөлу (қайта бөлу)
Қаржылық құқық пәні
Пайдалану
Жергілікті басқару органдарының және мемлекеттің ақша қоры
Осылардың алдында тұрған тапсырмалар мен мақсаттың орындаулары.
Любилизациялау
Қоғамдық қатынастар мына мақсатта мемлекеттік қаржы қызметінің саласына салынатын.
Бөлу (қайта бөлу)
Қаржылық құқық пәні
Пайдалану
Жергілікті басқару органдарының және мемлекеттің ақша қоры
Осылардың алдында тұрған тапсырмалар мен мақсаттың орындаулары.

Нұсқамалардың мұндай түрі біріншілердің бағынышындағы мемлекеттік органдарға да бағышталуы мүмкін. Алайда мемлекет атынан қаржы құқықтық қатынастарына ене отырып мемлекеттік органдардың әмір ету құқығына ғана емес, сондай-ақ олардың қаржы қатынастарының басқа қатысушыларының құқықтарымен байланысты міндеттіліктері де болады. Қаржы құқықтық қатынастарының барлық қатысушыларының құқықтары да, сол сияқты міндеттіліктері де мемлекеттің қорғауында болады және оның мәжбүрлеуші күшімен қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік-өкіметтік мәжбүрлеудің, яғни билік органдарының субъективті іс-әреттердің нысандары мен әдістерінің көмегімен объективті қаржы құндықтық қатынастарын шаруашылық жүргізудің нақтылы нәтижелеріне жаңғырту қоғамның қаржылық тіршілігін реттеудің құқықтық механизмі ретінде, ал сан алуан қаржы-құқықтық нормалар мен кесімдер оның тұтқалары ретінде көрінеді. Сөйтіп қаржы және құқықтық нысандар мен әдістердің экономикалық процестерге қаржы-құқықтық ықпал етудің бірыңғай механизміне қосылуы болады.

Қаржы мен құқықтың өзара іс-әрекеті. Қаржы-құқықтық механизмнің қалыптасуы

Қаржы қатынастарының бір қатысушыларына мемлекет тарапынан болатын тиісті өкілеттіктер үлестіріліп берілген басқа қатысушылар тарапының мемлекеттік-өкіметтік нұсқамалары, сондай-ақ ұсыныстары, келісулері қаржы-құқықтық реттеудің әдістері болып табылады. Қаржылық міндеттемелердің орындалуы көбінесе азаматтар мен лауазымды адамдардың заңды сөзсіз орындауына және саналылығына негізделген сенім әдісімен қамтамасыз етіледі. Қаржылық міндеттемелерді орындамаған шаруашылық органдары мен азаматтарға мәжбүрлеу әдісі қолданылады: бюджетке уақытында түспеген төлемдерді даусыз өндіріп алу және қаржы санкциялары.
Санкциялар қаржы-құқықтық нормаларды бұзушыларға қолданылатын жауапкершілік шараларды білдіреді. Олардың ақшалай сипаты бар және оларда ақша қорлары мен қаражаттары арқылы нормаларды бұзушыларға мәжбүрлеуші ықпал жасаудың шаралары болады. Санкцияларға өсімдер, айыппұлдар, тұрақсыздық айыбы (төлемі), қаржыландыру мен несиелендірудің тоқтатылуы, несиелендірудің шарттарын қатайту, ресурстарды артық жұмсағаны үшін жоғарылатылған тарифтер және т.т. жатады.
Басқа жағынан қаржы қатынастарының субъектілеріне олардың құқықтарын әкімшілік сот тәртібімен немесе мемлекеттің билеп-төстеуші органдарының -- өкілдікті органдары мен жергілікті әкімшіліктердің қызметі процесінде қорғау мүмкіндігіне кепіл болады; олар өздерінің бақылауындағы құрылымдар актілерінің заңға сәйкес келмеген жағдайда бұза алады.

2.2 Кәсіпорындарда қаржыны қалыптастыру

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, комерциялық серіктестіктері және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытша өтеу үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді.
1-пайда болу орнына байланысты ішкі және сыртқы
2-нәтижесінің маңыздылығына байланысты-негізгі және негізгі емес
3-құрылысы бойынша-қарапайым және күрделі
4-әрекет ету уақыты бойынша-тұрақты және уақытша
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілетінің кепілі болып табылатынын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Қаржылық жағдайды талдау үшін қаржылық тұрақтылықты білген жөн және оған мыналар жатады:
-кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау
-кәсіпорын активтерінің қалыптасу көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау
-кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау
-баланс өтімділігін талдау
oo кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несие қабілеттілігін талдау

2.3 Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығына қаржының әсері

Валюталық либерализация режимі, банктік сектордың және ҚР ұлттық банкісінің жалпылама тенденциясының мемлекеттік қаржылық секторының функционалдануына аз араласуы макроэкономикалық жағдайдың және мемлекеттегі қаржылық тұрақтандыруға әсер ету сұрағын тудырады.
Қаржылық либералдыққа кірген көптеген дамыған елдер қаржылық және валюталық күйзеліс түріндегі нағыз шоктардың пайда болуын көрсетеді. Бірақ ауқымды болып табылатын процесс және әлемдік қаржы жүйесіне жетудің алдын-ала ойластырылған стратегиясы күшті реформалардың басты элементі болады.
Каменски және Шмуклерге (дамыған және дамушы елдерге) арналған 1977-2006 жылдарға арналған қаржылық либерализация индексі 1-кестеде көрсетілген. Орташа көлемдегі бұл индекс әр мемлекетке арналған негізгі ұлттық қаржылық сектор мен нарықтығы бағалы қағаздардың либералдық көрсеткіштерін агрегаттайды. Белгіленген индекс бірден үшке дейін өзгереді. Мұндағы
1-толықтай либералдалған қаржы жүйесі
3-толықтай кепілделген қаржы жүйесі
1-кестеден көріп отырғанымыз: дамыған қаржы нарығы дамытушыларға қарағанда аз реттеледі. Дамыған елдер индексі орташа есеппен 1,7-ні, ал дамушы елдер индексі орташа есеппен 2,3-ті көрсетеді. 2006 жылдан бастап индекстік либерализация шектеулерінің либерализация индексі едәуір төмендеді: 2,5-дамыған елдерде және 2,9-дамушы елдерде. Сонымен қатар осы кестеден біз 1984 жылы дамыған елдердегі қаржылық дағдарыс кезеңдерін көре аламыз.
Негізгі және капиталдың жүруімен байланысты либерализацияны көріп (2), 1984 жылға дейін дамыған және дамушы елдерде де бақылау деңгейлерінің айрықшалықтарын атап кетуге болады. 1973 жылға дейін негізгі есептер либерализациясының айрықшалануы байқалады. Алайда 2- кесте көрсетіп отырғандай, либералдық реформалар өте қысқа мерзімді және дамушы елдерге бақылау 1984 жылдың ортасына қарай жаңарады.
Бұл көрсеткіштер тек әр түрлі қаржылық шарттардағы механизм мінезі өзгеруі кезінде ғана емес, сонымен қатар осы шарттарды қаржылық институттардың қабылдауы кезінде, қаржылық либерализация жағдайындағы дамушы елдер өзгеріске ұшырағанда да болады.
Қатаң бақыланатын қаржылық жүйеде несие пайыздық мөлшері бар банктерге максималды шектеулер белгіленген, яғни банктерге сый-ақылар сыртынан жоғары тәуелділік үшін ақылар алуды болдыртпайды. Сол сбептен жоғары дәрежелі тәуелділігі бар салымшылар банктер үшін қызықсыз болды. Ал қаржылық либерализация процесінде бұндай шектеулер қойылмайды, яғни жоғары сый-ақы үшін банктер тәуелді жобаларды қаржыландырады. Бұл жерде қаржылық либерализацияның ерекшелігі-жоғары рентабельді және жоғары дәрежелі тәуелділігі бар жобаларды қаржыландыруында. Кейбір банктер жоғары дәрежелі тәуелділігі бар несиелерді несиелік қоржынжы максималды түрде диверсификациялау арқылы жүргізіледі.
Бірақ бұл шара барлық жағдайда тиімді емес, мысалы: егер экономикада кең масштабты шоктар болса. Банктік несиелік қоржынның тәуекелділігін басқаруда қызмет көрсетуші құрамның ерекше біліктілігі мен тәжірибесі керек. Олар қатаң бақылаулы қаржылық мүмкін. Тәуекелді инвестициялық жобаларды бағалау және оларға мониторингтегі сияқты жоғары біліктілікті қажет етеді, яғни бұндай біліктілік мемлекеттік несиелерді беру көптеген жылдар бойы басты жұмысы болып табылатын банктік жүйеде болмауы мүмкін.
Пайыздық мөлшерлемелері нарықпеен анықталатын либералдық қаржы жүйесінде номиналдық пайыз мөлшері бақылаулы жүйеге қарағанда көбірек құбылмалы (2).
Банк функциясының бірі-ұзақ мерзімді активтерде қысқа мерзімді пассивтерді көшіру жолымен қаржылық, ал бұл дегеніміз-банктерге номиналды пайыз мөлшерлемесін көбейту тәуелділігін жоғарылату. Ал егер банктер валантильді пайыз мөлшерлемесі ортасында болса, олардың іскерліктері өте әлсіз болады. Оның сыртындағ егер қаржылық либерализация процесі банкаралық нарықтық дамудың дамымауында орталық банк көмегі тимесе, банктер уақытша өтімділік қаражаттарының жетіспеушілігін сезінулері мүмкін. Бір банктің өтімділік проблемалары басқаларына ауысып кейде, бұл толық ақпаратты білмеген салымшылар арасында күдік туғызады.

Қазақстанда нақты ЖҰӨ және банктік несиелердің динамикасы

Несие
2006
2007
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы және қаржы жүйесі
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Қазақстан Республикасының қаржылық жүйесінің құрылымы
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Қаржы жүйесінің ұғымы
Қаржы мәні және қызметтері
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің дамуы
Қазақстанның қаржы жүйесі
Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Пәндер