Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
0.1 Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАЛАРЫ МЕН ҚАЗIРГI АҚША ЖҮЙЕСIНIҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.1 Қазақстанның Кеңес Одағы және егемендiгiн алып ұлттық валютаны енгiзу кезiндегi жүргiзген ақша реформалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Ақшаның металдық, номиналистiк және сандық теорияларының дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Қазiргi елiмiз экономикамыздағы ақша жүйесiнiң дамуы ... ... ... ... ... ... ... ..26

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

КIРIСПЕ

"Ақша" - жалпыға бiрдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленедi және оның делдал ретiнде қатысуыменнен тауар өндiрушiлер арасында еңбек өнiмдерiнiң айырбасы үздiксiз жасала бередi.
Қоғамдық өндiрiс дамыған сайын, айырбас операцияларын жүргiзуге көмектесетiн жалғыз ерекше тауардың бөлiнiп шығуының қажеттiгi туды. Осылайша ақшаның алғаш, анайы формалары дүниеге келдi.
Қазiргi жағдайда ақша шаруашылық өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективтi алғышарттарды құрайды. Бiрақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтан да әрбiр тауар қажеттi тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде көрiнедi. "Айырбас құн тауарлардың өзiнен бөлiнiп шыққан және олармен бiрге өз бетiнше өмiр сүретiн тауар, ол ақша"
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын - ақша айналысы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Сондықтанда мен курстық жұмысымның тақырыбын Қазіргі заманғы ақша теориялары деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзуге өз септiгiн тигiзедi.
Ақша экономикадағы ролiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi.
Ақша - қаржы активi бола отыра, тауардың жалпы эквивалентiнiң тиянақталған түрi. Құнның эквиваленттiк формасы. Оның негiзгi қасиетi өтiмдiлiк болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі заманғы ақша теориялары талдау болып табылады. Осылайша менiң осы курстық жұмысты орындаудағы негiзгi мiндеттерiм келесiдей:
* Ақшаның жалпы экономикалық категория ретiндегi маңыздылығын, оның түрлерiн және экономикадағы негiзгi қызметтерiн талдау;
* Ақша айналысының механизмiн және одан туындайтын ақша теорияларының қазiргi даму жағдайын анықтау;
* Қазақстан Республикасының Кеңес Одағы кезiнде жүргiзген ақша реформаларының жүргiзiлу барысын, ерекшелiктерiн және кезеңдерiн қарастыру;
* Елiмiздiң егемендiгiн алғаннан кейiнгi 1993 жылғы ұлттық валютамыз теңгенi енгiзуiмiзге байланысты жүргiзiлген ақша реформасын қарастыру;
* Жоғарыдағы реформаларды қарастыра келе ұлттық валютамыздың бүгiнгi таңдағы экономиканың қаржы секторындағы орны мен оны дамытудағы iс-шараларын қарастыру.

1 АҚШАНЫҢ ЖАЛПЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНI МЕН АҚША ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ

1.1 Ақшаның экономикалық мәнi және ақшаның қызметтерi

Ақша - өндiру мен бөлу процестерiнде адамдар арасындағы белгiлi бiр эканомикалық қарым-қатынастарды көрсететiн, тарихи даму үстiндегi эканомикалық категория болып табылады. Эканомикалық категория ретiнде ақшаның мәнi оның үш қасиетiнiң бiрiгуiмен көрiнiс табады. Оларға:
oo Жалпыға тiкелей айырбастау ;
oo Айырбас құнының дербес формасы ;
oo Еңбектiң сыртқы заттық өлшемi .
Жалпыңа тiкелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану кез-келген материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкiншiлiгiнiң бар екендiгiн көретедi, яғни оның өтiмдiлiк қасиетi. Социализм жағдайында бұл мүмкiндiк елеулi қысқарды және тек қоғамдық жиынтық өнiмдi пайдалану және бөлумен ғана шектелдi. Кәсiпорындар жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазiргi кезде жекешелендiру процесстерiнiң жүруiмен байланысты, жалпыға тiкелей айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемi едәуiр кеңiдi.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретiнде пайдалану тауарларды тiкелей өткiзумен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары, олар несие беру, бюджеттiң кiрiстерiн қарыздық берешектердi өтеу, мемлекттiк бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастыру, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктер несиелiк ресурстарды басқа банктерге сатуы және т.б
Еңбектiң сытрқы заттық өлшемi тауарды өндiруге жұмсалған еңбектiң, олардың ақша көмегiмен өлшену мүмкiн құнын анықтау арқылы көрiнедi.
Ақша экономикадағы мәнiн өзiнiң атқаратын негiзгi қызметтерi арқылы орындайды. Ақшаның әр қызметi тауар айырбасы процесiнен туындайтын тауар өндiрушiлердiң өзара байланысының формасы ретiндегi ақшаның әлеуметтiк - экономикалық маңызының белгiлi бiр жағын мiнездейдi. Ақша қазiргi экономикада атқаратын бес түрлi қызметi бар:
1) Құн өлшемi және баға масштабы;
2) Айналыс (айырбас) құралы;
3) Төлем құралы;
4) Қор және қазына жинау құралы;
5) Дүниежүзiлiк ақша.
Ақша құн өлшемi қызметi. Ақша жалпыға бiрдей балама ретiнде барлық тауарлардың құнын өлшейдi. Құнның өлшем қызметi тауар өндiрiсi жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемi ретiндегi қабiлеттiлiгiн бiлдiредi, бағаны анықтауда делдал қызметiн атқарады. Өзiнiң жеке құны бар тауар ғана , құн өлшемi бола алады. Яғни, бұл қызметтi толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемi - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетедi.
Ақша құн өлшемi қызметiн идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейiн орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшiн тауардың бағасын белгiлесек жеткiлiктi.
Ақша түрiндегi көрiнетiн тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерiмен анықталуы мүмкiн емес. Бағаның орнына ақшалар кез-келген тауарларсанын сатып алу мүмкiндiгi бар. Сатып алу қасиетiмен ерекшеленедi.
Құн өлшеу қызметi жалпы эквивалент ретiнде ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетедi. Бiрақ тауардың бағасын анықтау үшiн баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында мемлекет заңды түрде баға масштабын тұрақты етiп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бiрлiгiне бекiттi. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық құрамына сай келдi. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмiстiң фунты есебiнде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның салмақтық мазмұнынан ерекшелене түстi.
Құн өлшемi және баға масштабы ретiндегi ақша қызметтерiнiң арасында едәуiр айырмашылықтар бар. Құн өлшемi - мемлкетке тәуелдi емес ақшаның экономикалық қызметi болып табылады. Ол құн заңымен анықталады. Баға масштабы және құнды емес тауар бағасын көрсету үшiн қызмет етедi.
Ақшаның айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметiнде тауарларды өткiзудегi делдал болып табылады. Ақшаның айналыс құралын негiзiнен әйгiлi экономис А.Смит құптаған болатын.
Тауарлар бiр қолдан екiншi қолға ауыса отырып, өзiнiң тұтынушысын тапқанға дейiн ақша үздiксiз айналыста болады.
Тауар айналысы кезiнде, ақша делдал ролiн атқарады, ал бұл кездегi сатып алу және сату актiсi ерекшеленедi, уақыты мен кеңiстiгi бойынша сай келмейдi. Сатушы, тауарын сатғаннан кейiн, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бiр нарықта сату, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкiн. Делдал ретiндегi ақшаның көмегiмен уақыт пен кеңiстiктегi өзара сай келмеушiлiк жойылды.
Өзiнiң құнын өткiзгеннен кейiн, айналыстан кететiн тауарларға қарағағанда, ақшалар айналыс құралы ретiнде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесiне қызмет етедi.
Айналыс құралы ретiнде ақша қызметтерiнiң ерекшелiктерi мыналар:
* Тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
* Оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
* Ақшаның бұл қызметiнде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар - ақша белгiлерi орындайды.
Бiрақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшылы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсiндiрiледi.
Ақша айналыс құралы қызметiн атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттiлiгi олардың саны өткiзiлуi тиiс тауарлардың бағасы мен массасы негiзiнде, яғни өткiзiлуi тиiс тауарлар бағасының сомасы мен анықталады. Егер ақшаның айналыстағы масасы тауар массасынан көп болса, одан бұл олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келедi.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысы мен байланысты. Бiрақ ақша қозғалысы мiндеттi түрде тауар қозғаласымен бiр уақытта тоғысуы тиiс емес. Ақша құнның еркiн формасында көрiнедi. Олар өтiзуi процесiн еркiн аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруi мүмкiн.
Егер тауар мен ақшаның қарама - қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейiн сатып алынған немесе керiсiнше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметiн атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретiнде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен бiрге қаржы - несие қатынастарына да қызмет етедi. Барлық ақшалай төлемдердi төмендегiдей етiп топтатуға болады:
* Тауарларды және қызметтердi төлеуге байланысты мiндеттемелер;
* Еңбек ақы төлеуге байланысты мiндеттемелер;
* Мемлекетке қатысты қаржылық мiндеттемелер;
* Банктiк қарыз, мемлекеттiк және тұтыну несиесi бойынша борыштық мiндеттеме;
* Сақтандыру мiндеттемелерi;
* әкiмшiлiк - сот сипатындағы мiндеттемелер және басқалары .
Ақша төлем құралы ретiнде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар. Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды аяқтайды. Нәтижесiнде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетiнше еркiн қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға ақшаны берудiң орнына, борыштық мiндеттеменi жазып ұсынады. Бұл борыш өтелгенкезде, ақша төлем құралы ретiнде қызмет атқарады.
Төлем құралы ретiндегi ақшаның қызметi оның бұдан бұрын қарастырылған қызметтерiнен айырмашылығы болғанымен ол олармен берiк байланысты екенi анық. Ақшаның төлем құралы ретiде қызмет етуiнiң дамуы резервтiк қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерiнiң туындауының қажет екенiн көрсетедi.
Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретiнде. Ақшаның төлемi және айналыс құралы қызметтерi ақшалай қорлардың құрылуын талап етедi. Ақшаның қорлануын қажеттiлiгi Т - А - Т айналымының екi актiлерге Т - А және А - Т айырылуымен байланысты.
Капиталистiк қоғамдық формацияға дейiнгiлер үшiн байлықты "таза қазына" формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келедi. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебi олар шын мәнiсiнде айналыстан тыс жатқан ақшалар балды. Капитализм тұсында бұл қазыналар неиселiк жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетiн капиталға ( өнеркәсiптi немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметiнiң қажеттiлiгi тауар өндiрiсiмен байланысты болады. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшiн ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбiр тауар тек қана жекелеген қажеттiлiктi анықтайды және олар жалпы байлықты бiлдiрмейдi. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның формасы ретiнде байықтың жалпы өкiлiн сипаттайды. Демек , қазына жинау құралы қызметiн тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкiн. Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрiнде жүзеге асады. Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеушi ролiн атқарған болатын. Өндiрiстiң және тауар айналысының кеңеюi барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырады немесе керiсiнше .
Несиелiк және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметiн атқара алмайды, себебi олардың меншiктi құны жоқ. Бiрақта осы қызмет негiзiнде олар қорлану қызметiн жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейiн олар қорлана бастайды. Қорлану қызметiнде ақша өзiнiң сол формада сақтай отырып, олар кез-келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретiнде түсе алады. Шынында да бұл елдегi ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни инфляцияның болуына байланысты ғана мүмкiн.
Тауар өндiрiс жағдайында қорлану екi формада жүредi:
* кәсiпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттiк шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрiнде ұжымдық қорлану;
* банктердегi салымдар, мемлекеттiк облигациялар.
Дүниежүзiлiк ақша қызметi. Тауар шаруашылығының кеңеюi, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзiлiк нарықтың пайда болуы дүниежүзiлiк ақшалар қызметiнiң пайда болуына сбеп болады. Дүниежүзiлiк ақшалар интернационалдық құн өлшемi, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретiнде қызмт етедi.
Бұл қызметтi бастыпқыда толық бағалы ақшалар(алтын) , ал кейiннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады. 1867 жылы Париж келiсiмi дүниежүзiлiк ақша қызметiн алтынға балап бекiттi.
Егер де елдiң iшiнде ұлттық ақша бiрлiктерi формасында қызмет етiп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстiң айтуынша: "ақшалар өзiнiң ұлттық киiмдерiн шешiп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киедi", яғни жалпыға бiрдей эквивалент формасына өтедi.
Бреттон - Вудстағы (1944 ж) мемлекетаралық келiсiмге келу, доллар мен фунт стерлингке резервтiк валюталар мәртебесiн бердi. Кейiннен дүниежүзiлiк ақшалардың жаңа формалары: СДР - арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ - еуропалық есепке алу бiрлiгi пайда болды. Ал 1999 ж. 1 қаңтарынан бастап Еуропаға ынтымақтастық елдердiң ортақ ақша бiрлiгi "еуро" айналысқа шықты.

1.2 Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері

Ақша өзінің материалдық - заттық құрылымы жөнінен металл ақшалар және қазыналық билеттер (қағаз және несие ақшалары) болып екіге бөлінеді. Екінші ір қоғамдық еңбек бөлінісінің нәтижесі - егіншіліктен қолөнер кәсібі бөлініп шығуына байланысты тауар өндірісі қалыптасып, айырбас нақтылы үздіксіз құбылысқа айналғанда ақшаның ролін орындайтын салмақты металл заттар жүре бастады. Металл ақшаның пайда болуына байланысты ақша белгілерінің салмағын өлшеу жүйесі де пайда болды. Алдымен белгілі бір массасы көрсетілген бірақ формасы жоқ металл сынықтарының орнына әр түрлі массалы металл кесектері айналысқа түскен. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін XVIII ғасырда кейбір елдерде массасы көрсетілген металл құймалар айналыста болыпты. Осыған байланысты қазіргі уақытта да көптеген ақша өлшемінің атауы оның салмақ атауларымен бірдей. Мысалы, фунт стерлинг, ливер, марка - жарты фунт деген ұйым. Ал фунт - қадақ -орыстың бұрынғы 409,5 грамдық өлшеміне тен екен. Киев Русьіндегі ақша өлшемі грифна күмістің фунты деген мағынаны білдірген, ал оның тең жартысы рубль деп аталған.
Металл ақшаның алғашқы түрі - құйма металл. Оның формасы да әр түрлі болған (шыбық, сым, табақша және т.б.). салмақты металл құймалары айырбаста алып жүруге және сақтауға өте ыңғайсыз болғандықтан сауданың баяу жүруіне әкеп соқтырған.
Біртіндеп металл ақшаның түрі де, салмағы да өзгерген. Мысалы ертедегі Римде ақша орнына белгілі бір салмағы бар формасыз мыс құймасы, одан кейін жолақша сызығы бар табақша, ең соңғысы екі жағында суретт салынған массасы бір немесе екі фунт болатын дөңгелек ақша пайда болған. Сөйтіп металл ақшалардың формасының неше түрі болып өзгеріп, ақырында дөңгелек түріне келуі тауар - ақша айналымының табиғи даму жолын көрсетеді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі дамуының жоғарғы сатысында металдан монета түрінде ақша құйыла бастады. Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты тауар сатушылардың арасынана көпестер бөлініп шығып, олар тауар айырбасына тек делдалдық кәсіппен щұғылданды. Сонымен монета деген заң жүзінде құрамындағы белгілі бір металдың салмағын, сыртқы түрін бекіткен тағайынды формадағы ақша белгісі. Мемлекет алтынның сынамасын, массасын, типін, ремедикмын (заңды түрде бекітілгн нақты массасының іс-жүзіндегі массасынан ауытқуы), эмиссия ережесін бекітті. Монетаның бет жағын - аверс, сыртын - реверс, жиегін обрез деп атайды.
Металл ақшалар толық құнды және толық құны жоқ ақша болып бөлінеді. Толық құнды ақша деп монетада көрсетілген құн монета соғуға жұмсалған металдың құнына тен ақшаны айтады. Ондай ақша өзінің пайда болғанынан бастап жалпы құн эквиваленті болады және ақшаның барлық қызметін атқарады. Толық құны жоқ ақша - монетада көрсетілген құн оны соғуға жұмсалған металдың құнынан жоғары болатын ақша. Ол толық құнды ақшаның ұсақ бөліктері ретінде кішігірім төлемдеоді атқару үшін майда монета түрінде қолданылады. Осы билондық монета деп те атайды. Ақша айналысы шапшаң болғандықтан тез ысылып салмағын, соған байланысты кұнвн жоятындықтан майда ақшалар алтын монеталы стандарт кезінде де кембағалы металдардан соғылды. Олар алғашқыда күмістен, бертін келе және қазір металдар қоспасынан және аллюминийден соғылады.
Ақша айналысында майда ақшаның үлесі аз. Дегенмен майда ақшаны айналысқа түсіру мемлекетке пайдалы.ол пайда монетада көрсеиілген құнмен оның құрамындағы металдың нарықтық бағасының айырмасына тең.
20- ғасырдың 70-жылдары алтынға деноминация(көрсеткіш ірілендіру) жүргізілді. Алғашқыда алтын елдің ішкі ақша айналымында айналыс және төлем құралы ретінде пайдаланылса, ал 1976 жылдан бастап ло дүниежүзілік ақша қызметін орындамайды. Алтынмемлекеттің ішкі айналымынан да, әлемдік нарықтан да қағаз және несие ақшаларымен ығыстырылды.
Әлемдiк тарихта ақша жүйесiнiң келесi типтерi болған:
* Металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметiн атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
* Несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын банкнотамен айналыстан ығыстырылып шығарылады және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа байланысты аталып өткен екi ақша жүйесi - биметализм және монометализмге тән.
Биметаллизм - бұл ақша жүйесiнде жалпы құндық эквивалент ролiн заңды түрде екi металл атқарады. Алтын және күмiс монеталар кең көлемде соғылысып, еркiн айналысқа түстi, биметаллизмнiң үш түрi бар:
* Қатар жүретін валюта жүйесi, алтын және күмiс монеталар арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекiтiлдi;
* Қос валюталық жүйесi, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
* "Қосалқы" валюта жүйесi , яғни мұнда алтын және күміс монеталары заңды төлем құралы қызметін атқарады, бірақ бірдей негізде емес, себебі күміс монеталарды жасау жабық түрде жүзеге асырылып, алтын монеталарды жасауға ерік берілді.
Биметализм XVI-XVII ғғ. кеңінен тарап, ал Еуропа елдерінде XIX ғасырда дами бастады. Бірақта биметалдық ақша жүйесі капиталистік шаруашылықтың даму қажеттігіне сәйкес келмеді, себебі екі металды құн өлшемі ретінде қатар пайдалану ақшаның бұл қызметіне қарама-қайшылық тудырады. Дегенмен 1865 жылы Франция, Бельгия, Швейцарияда және Италияда биметализмді сақтап қалу мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде латын монеталық одағы конференциясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да құны бес франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен алтынның арақатынасы 115,5 шамаға тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы алмен мен күмістің нарықтық құнына сай келемейді.
Биметализм жүйесі өскелең капиталситік шаруашылықтың талабын қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану ақшаның бұл қызметіне қайшы келді, жалпыға бірдей құн өлшеі ретінде тек бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алытн , не күміс. Оған қоса XIX аяқ шегінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады. Бұл кезде алтын мен күмістің арақатынасы 120 тең болды. Ал заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды.
Нәтижесінде жалпы құн өлшемі ретінде қызмет ететін бір ғана металдың болуы талап етілді. Сөтіп, биметализм ақша жүйесінің орнына монометализм жүйесі келді.
Монометаллизм - жалпыға эквивалент ролiн бiр ғана металл атқаратын (алтын немесе күміс) ақша жүйесi.
Күміс монометализмі Ресейде 1843-1852 жж. Индияда 1852-1893 жж. қызмет етті.
Алтын монометализмі алғаш рет ақша жүйесінің типі ретінде XVII ғ. Ұлыбританияда қалыптасып, 1816 жылы заңды түрде бекітілді. Көптеген елдерде ол XIX ғ. аяғына қарай енгізілді.
Құн белгiлерiн алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмi үш түрге бөлiнедi:
Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның ақша қызметiн атқаруы, құн белгiлерiнiң еркiн алтын монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы болып табылады. Бұл еркін бәсекенің тұсындағы капитализмнің талаптарына біршама сәйкес келе отырып өндірістің, несие жүйесінің, дүниежүзілік сауда мен капиталдың сыртқа шығарудың дамуын қолдады. Бұл стандарт өзіне тән негізгі белгілерімен сипатталады:
* Алтын елдің ішкі ақша айналысында болып, ақшаның барлық қызметтерін бірдей атқарады;
* Алтын монеталарды құюға рұқсат етілді, яғни елдің монета сарайында;
* Толық ұнды емес ақшалар айналыста жүре отырып, еркін және шектеусіз алтын монетаға ауыстырылды;
* Алтынды және шетел валюталарын еркін түрде сыртқа шығаруғаболатын болатын.
Алтын монета стандартының қызмет етуі орталық банктерде, олардың айналысын қамтамасыз ететіндей мөлшерде алтын қорының болуын және оның монета айналысының резерві ретінде қызмет етуін талап етеді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсында бюджет тапшылығының өсуі, оны займдар және ақша шығару есебінен жабу эмиссиялық банктердің алтын қорларынан көп мөлшерде айналыстағы ақша массасының өсуіне әкеліп, нәтижесінде қағаз ақшалардың алтын монеталарға еркін ауыстырылу қауіпін туғызды. Бұл кезеңдерде алтын монета стандарты соғысушы елдерде өзінің қызметін тоқтатты, кейіннен көптеген елдерде (АҚШ-тан басқасы) осы себептерге байланысты тоқтатылды. Сөйтіп банкнотаны алтынға ауыстыру тоқтатылды және оны сыртқа шығаруға тыйым салынды. Алтын монеталар қазынаға сақтауға жіберілді.
1924-29 жж. ақша реформасының жүруі барысында алтын стандартына қайта оралып, яғни оның келесідей екі қысқартылған формасы жасалады: алтын құйма стандарты және алтын девиз стандарты.
Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Францияда енгiзiлдi. Мұнда банкноттар заңмен бекiтiлген сомманы ұсынған жағдайда алтын құймаларына айырбасталды. Оның алтын монетадан айырмашылығы мұнда айналыста алтын монета болмайды және алтын монетаны еркін түрде жасауға тиым салынады. Ұлыбританияда 12,4 кг алтын құймасының бағасы 1700 фунт стирлинг, Францияда 12,7 кг алтын құймасының бағасы 215 франтке тең болды.
Алтын девиз стандарты - Германияда, Авсралияда, Норвегияда және басқа елдерде бекiтiлген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел валютасына (девизiне) айырбасталатынын бiлдiредi. Сөйтiп, бұл стандарт бiр елдiң валюталы басқа елдiң валютасына тәуелдiлiгiн көрсетедi.
Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан алынып тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алытн девизді ақша жүретін елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын бірқалыпты сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның курсының төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылды.сөйтіп, алтын девизді стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді болды.
1929-1933 жылдары әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық мемлекеттерде әр кездері алтын монометализмнің барлық формасы жойылды.
1944 жылы Бреттон-Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін айырбасталатын валютасы бармемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық алтын девизді стандартты, шын мәнінде алтын долларлы стандартты енгізді. Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт - тек АҚШ доллары алтынмен байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына байланысты 1971 жылдан бастап алтын құймаларын долларға сатуды тоқтатты, сондықтан алтын долларлы стандарт та айналыстан шықты.
1976-1978 жылдары Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан шығуын заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және алтынның ресми бағасы жойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арасындағы есеп айырысудан да алтын алынып тасталды.сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты.
Металл ақшалардың қағаз ақшаларға ауысу негізгі себептеріне келесiлер жатады:
* Металл ақшаларды тасымалдап алып жүру қолайсыз. Яғни металдарды алып жүру, оларды тасымалдау қиынға түсті. Сонымен қатар егер белгілі бір тұлға көп ақшалармен саудаласу үшін міндетті түрде үлкен ақша салатын ыдыстармен жүрген. Ал ол өз кезегінде сол адамның дереу көзге түсуін, соның салдарынан оның өміріне қауіп тудыруы мүмкін еді.
* Металл ақшалардың мемлекттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету сипатының орын алуы, жасанды металдардың шыға бастау барысында бiлiнуi; Яғни, бұл жерде белгілі бір мемлекет өз қызметтерін және өзінің жағдайларын жақсарту үшін ақша айналысы заңына сәйкес келмейтін металл ақшаларды көптеп шығарумен байланысты және ол өз кезегінде саудаласуда әділетсіздікті туғызады;
* Бағалы металдарды өндiрудiң қағаз ақшаларды өндiруден қарағанда қымбатқа түсуi, яғни қоғамдық қатынастардың күннен күнге дами түсуіне байланысты айналысқа көптеген ақша қаражаттары қажет болды. Ал металл ақшалар шығарудың мөлшері шектеулі және оны шығаруға көп қаржы қажет болды. Егер қағаз ақшалар пайда болмағанда бүгінде металл ақшалар өндіру үшін металлдарға деген сұраныс өсіп, жалпы ақша құнының өз бетімен өсіп кетуі орын алар еді;
* Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Бұл әсіресе елдің қиыншылық жағдайларға тап болуын, соғыс уақыттарында және бюджеттік шығындардың әр түрлі себептермен пайда болған тапшылығын жабу мақсатымен көрініс табады. Мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін қағаз ақшаалрды шығарудың негізгі себебі халыққа уақытында қағаз ақшалар эмиссиялап ақша төлеу әлеуметтік мәселелерді уақытша шешеді.

1.3 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары

Қағаз ақшалар - бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда 1690 ж. Ұлыбритания отарыболған Солтүстiк америкада, 1762 ж. Авсрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.
Сонымен қағаз ақшалар - бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне:
* айналысқа артық ақша эмиссиялау,
* эмитентке деген сенiнiң төмендеуiн;
* төлем балансының қолайсыздық жағдайы.
Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзугеқарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құның өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ. Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келедi.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) - бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номинал құны бар құнның белгiлерi.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне: айналысқа артық ақша эмиссиялау, эмитентке деген сенiмнiң төмендеуiн және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Қағаз ақшалардың айналысы жалпы ақша айналысының заңдылығын көрсетеді. Өйткені экономикада айналыста жүретін негізгі ақша түрлерін қағаз ақшалар құрайды және оның айналысының бұзылуы экономкаға тікелей әсер етеді.
Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр-бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Қайта құру кезеiне дейiн "ақша айналымы" мен "ақша айналасы" ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма - қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма - қол және қолма - қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Қазір бұл арадағы айырмашылық жойылды және ол барлық ақша формалары бірдей қызмет етеді.
Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма- қолсыз ақшалар - бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма - қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы - ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективтi негiзi - тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар, оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.
Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу - сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi - қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу, есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма - қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi. Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.
Сонымен, бүкiл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлiнедi. Сондай-ақ:
* өнiмдi өндiру және сату процесiн, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
* тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
* ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл, қағаз, несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, экономикада жаппай етек алған инфляцияға төтеп бердiк. Ұлттық валютаның тиiмдi жолға түскенiн және ұлттық экономика дамуына тиiмдi жол ашып отырғандығын көруге болады.
Бүгінде еліміздің ақша айналысындағы қағаз ақшалардың құрамы келесідей көрініс табуда. Елімізде бүгінде қағаз ақшалардың айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200 теңгелік банктік билеттер және 100, 50, 20, 10, 5, 2, 1 теңгелік металл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамдық дамуда металл ақша, оның басқа да ақша формаларына өзгеру себептері
Ақша тауары туралы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Ақша ұғымы, ақшаның шығу және даму тарихы
Ақша жүйесі: түсінігі және элементтері
Ақша жүйесі және оның тарихи типтік дамуы
АҚШАНЫҢ НОМИНАЛИСТІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ АҚШАНЫҢ АЙНАЛЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатынастарының дамуы
Ақша жүйесі туралы
Қазақстан Республикасында ақша айналыстарының дамуы және оның қазіргі жағдайын талдау
Пәндер