Астана қаласына теміржолшылар балаларының келуін ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ

1 Қазақстандағы қайырымдылық әрекетIнIң нормативтI-құқықтық негIзI
0.1 Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының қайырымдылық қызметі
0.2 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қазақстандық моделін қалыптастыру мәселесі

2 БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚТЫ ҚОЛДАЙДЫ
2.1 Гендерлік зерттеулер аясындағы қазақстандық қоғамдағы кәсіпкерлікмәдениет аспектісіндегі қайырымдылыққа мәдениеттанулық көзқарас
2.2 Қазіргі қоғамдағы кәсіпкерлік мәдениет негізіндегі қайырымдылықтың ролі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Жақсылықтан басқаның бәріне қарсы тұруға болады-дейді Ж.Ж.Руссо.Ал, В.Скотт Егерде адамдар бір-біріне көмектесуді үйренбесе, онда адамзат ұрпағы жер бетінен мүлдем жоғалады деген екен.Қамқорлық қорларының осындай мақсаттарға негізделіп құрылғанына күмән келтірмес деп ойлаймын.
Қоғамдық қор -- көпшілікке арналған, көпшіліктен жиналған қаражатқа заңға қайшы келмейтін өзіндік құрал-жабдықтары бар,ол құрал-жабдықтар көпшіліктің пайдасына ұсталатын қоғамдық бірлік болып табылады. Бұл қорлардың негізгі жұмысы көпшілікке мәдени,рухани,қаржылай қамқорлық көрсету. Қамқорлық қорларының жұмыстарына жүргізілген талдауларға байланысты мәлімметтерде,он адамнан тұратын қоғамдық бірліктің бір жылда 200-ден аса қоғамдық шаралар өткізіп,бірнешебағыттарда жұмыстар ұйымдастыра алатынын айта келіп,бұл өз жұмысына деген сүйіспеншіліктің, жұмысқа шектеуліктің және шенеуніктік қысымның жоқтығынан деп көрсетеді. Қамқорлық қорының жұмысын оныңқұрылымын, қамқорлық деген ұғымды қарапайым халық түгілі мәдениет саласында жұмыс жасайтын, осы ұғым туралы азды-көпті түсінігі бар оқыған,өмірден көргені бар адамдардың өзі түсіне бермейді. Осы салада жұмыс жасай жүріп, талай жоғарғы өкімет орындарында істейтін жандардың ол не үшін керек, соған неге басыңызды ауыртасыз, тыныш үйде отыруға болмайды ма, деген сұрақтары жаныңды ауыртып, жүрегіңе жара салады. Бұл қамқорлыққорларының мемлекеттік емес ұжым болғандығынан ба екен, деген ой туады.Қамқорлық қорларына мемлекет өзтарапынан қолдау көрсетпегендіктен көпшілік ортасында да оның беделі төмен бе, дейсің? Сонымен қатар әлі күнге бұндай қорлар мемлекетке керек те емес болып отыр. Әрі көпшілік арасында қамқорлық қорлары туралы қаржы аудару, ұрлау, сол қамқорлық деген ұғыммен бүркеніп жеке мүдделерін ойлайтындардың шоғырланған бірлігі деген жаңсақ ұғымдар да қалыптасқан.Ондай қорлардың барыда өтірік емес. Әлі күнге талай жұмыстар жасай жүріп қорымыздың табыс таппайтынына, тапқанымызды елге таратып беретінімізге көпшілік түсіне бермейді де, сенбейді де. Егер сен істеген ісіңнен табыс таппасаң,ал тапқаныңды елге таратып берсең онда сенің ақымақ болғаның. Жасыратыны жоқ,ондай жұмыспен тек ессіз жандар, еріккен жандар айналысады деп ойлайды көпшілік жұрт.Солай деседе, біздің халқымызда тұрмысы төменге қамқорлық жасау, сонау атам заманнан қалыптасқан игілікті істердің бірі болып табылған.Қазақ халқында бақуатты, халқын сүйер азаматтар қай уақытта да өз қолынан келер көмегін жақынынан, елінен аямаған.Бұндай азаматтарды халық атымтай жомарттар деп, үлгі тұтқан.Әрине халықтың ішінде қамқор болушылардың санының аз, көп болуы мемлекеттің тұрмыстық-әлеуметтік жағдайына байланысты. Қазіргі Қазақстан Республикасы бұдан 15 жыл бұрынғыдай емес жетілген ел, жер шарына танылған ел.Солай бола тұрсада шет елдерде Қазақстан туралы оның мәдениеті,экономикасы туралы, болашақтағы мүмкіндіктері туралы біле бермейді.
Оның қазіргі экономикасының көрсеткіштеріне сенсек, атымтай жомарттары көп болатын елге жатқызуға болады. Нақты іс жүзінде қалай? Халық даналығы айтқандай жүз рет естігеніңнен, бір рет көргенің артық дейді. Осы мақсатта Мәскеудегі Астана қоры, өзінің барлық мәдени қоғамдық шараларында қолда бар халқымыздың мәдени мұраларынан көрмелер ұйымдастырып, салт-дәстүрлерімен таныстырып отырады. Мәскеудегі халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттердің дамуын қолдаудың Астана қоры осындай жақсылық жасауға жаны құмар жандардың қолдауымен құрылған.Бұл қордың мақсаты туған елінен алыстағы қазақстандықтарға мәдени-рухани тұрғыдан қолдау көрсету болып табылады.Әрине бұл көпшілік үшін тегін жұмыс жасау,оны ұйымдастыру, түрлі мәдени шараларды өткізу,сырттағы қазақ балаларына қазақ тілін оқытып үйрету. 2004 жылдан осы қордың мүшелері Қазақстанда қазақ тілі мен әдебиетінен өтетін Қазақстан -- ата жұртым, қасиетім -- ана тілім атты Халықаралық олимпиадаға Мәскеу қазақ балаларын дайындап қатыстырып келеді. Әр түрлі мәдени жобалар жасап, оны іске асыру үшін қаражат іздеп табуда.Әлі есімде, Мәскеудегі он шақты зиялы қариялар тобын Қазақстанның тарихи жерлерін аралатуға арналған жобаны екі жыл толғаттым. Оған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 15 жылдық мерекесіне арнап, Қазақмыс компаниясының жариялаған жыр мүшайрасына қатысып, өзімнің жеке творчествомның арқасында жеттім.Яғни, жыр мүшайрасының лауреаты ретінде Қазақмыс компаниясы басшыларына шыға отырып, қариялар тобының жол қаражатын осы компанияның қаржыландыруына қол жеткіздім. Мемлекеттік емес салада жұмыс істеу,табыссыз жұмыс жасау жүздің ғана емес, мыңның бірінің қолынан ғана келеді деп айтсақ жаңылмас едік.Ол да артықтау болмаса. Егер іс жүзінде осылай болса, 15 миллион халқы бар Қазақстанда 15000 адам қамқорлықпен айналысады екен. Бірақ біздер әлі де сол дәрежеге жете алмай келеміз-ау, деп қорқамын. Мемлекеттік емес қамқорлық қорының жұмысы жұртшылық мүддесін қолдайтын жоба тауып, сол жобаны іске асыратын қаржы табу,бұл өте қиын шаруа.Көптеген қаржылы азаматтар өз қаражаттарын қалай, қайда беру жолдарын білмейді. Бөлінген қаржы белгілі іске жұмсалмайды. Бұл салада мемлекет тарапынан қамқорлық жоқтың қасы. Мысалы 2008 жылы Астана қаласының 10 жылдық мерей тойына байланысты,Мәскеудегі Астана қорының осы тойды Мәскеу қаласы жанындағы Қазақстан Президенті сыйлаған киіз үй тұрған Нахабино елді мекенінде өткізу жобасы ең бірінші мемлекеттік ұжымдар тарапынан қолдау болмағандықтан іске аспай қалды.Шет елде өткізілетін бұл жоба Қазақстан Республикасының шет жердегі имиджін жоғарлатары сөзсіз еді. Жобаның мақсаты жеке кәсіпкерлермен қатар,Қазақстан және Ресей облыс орталықтары арасында экономикалық, сауда-саттық,мәдени байланыстардың ашылуына жол ашу болатын. Жоба нұсқасын алған Ресей мемлекетіндегі бүкіл облыс басшылары, улкен компаниялар мен мәдени орталықтар өздерінің қатысуға дайындығын хабарлаған, алайда Қазақстандаға мемлекеттік ұжымдарға жіберілген 200- ге тарта хаттың 50-іне ғана жауап келді.Бұл хаттарда қаржы жоқтықтан қатыса алмайтындарын,бұл шараларға бюджетте қаражат бөлінбегені жайлы жазады.Әрине бұл жерде күн тәртібінде қаражаттан да жоғары тұрған мақсат барын, өзекті мәселе барын мемлекеттік ұжымдар, мәдениетімізді, білімімізді, экономикамызды басқарып отырған басшылар дұрыс түсіне білмеді.
90 - шы жылдардағы дағдарыс кезінде адамдар табиғатында қалай жаратылса сол қалыптарына қайта келіп, бақташы болғаны бақташы,бастық болғаны бастық болып жұмыстанды. Бірақ өмірде жақсылыққа жаны жақын жандар, өмірді өзгертуге құмар жандар қашанда жоғалған емес, жоғалмайды да.90-шы жылдары әркімге өзінің мүмкіндігін, неге қабілетті екенін көрсететін кезең туған еді, мен сол кезде қамқорлықпен айналыстым дейді,- Петербургтегі ПРО АРТЕ мәдениет және өнер қамқорлық қоғамының директоры Елена Коловская.Ол өзі жұмыс жасап жүрген қамқорлық қорының жұмысына тоқтала келіп, Ресейдегі қамқорлық қорына түсетін қаржының 75% ірі компаниялардан екенін айтады.Осы күнге дейін ірі компаниялардың жекеленген қызметкерлері ғана қамқорлық қорына қарайласып, қаржы бөліп келсе, қазір Лукойл, ТМК, АБС Холдинг, М,Видео, АФК Система, Уралсиб, Русский стандарт компанияларының өздерінің арнайы қамқорлық қорлары барына тоқталады.
Ресей мемлекетіндегі қамқорлық қорлары мемлекет ішіндегі ғана емес, мемлекеттен тыс тұратын орыс тілді бауырларын да ұмытқан емес. Әр елде орналасқан қоғамдық қорларына көмек қолын дер кезінде созып отырады. Шет елде орналасқан қандастарының тілін жоғалытпауына, арнайы мәдени орталықтарының ашылуына, орыс халқының мәдени мұраларына арналған мұражайларының қалыпты жұмыс жасауына, шеттегі халық мұрасының елге оралуында қамқорлық қорларының, жеке меценаттардың үлесі мен орыны айрықша.
Осы жерде тоқтала кетейін, жоғарыда айтылған Ресей Сыртқы Істері Министрлігі қарамағындағы гольф-клубта (Нахабино қалашығында) орыналасқан қазақтың жалғыз киіз үйінің тағдыры Қазақстан Мәдениет министрінің де, жеке азаматтардың да жүрегін ауырытып отырған жоқ. Әлде қазақтың киіз үйі халық мұрасына жатпайды ма? Сол жерден неге мұражай ашпасқа,неге ұлттық мәдениетімізді көрсететін халық мұрасының көрмелерін ұйымдастырмасқа.
Бұл орталыққа жер шарындағы ең үздік спорт шеберлері, өнер иелері келіп демалады.Сонымен қатар,Мәскеуде орыналасқан барлық елдің Елшілері мен елшілік қызметкерлері келеді.Мемлекет аралық келісім қағаздар толық іске асса Мәскеудегі Астана қоры, бұл киіз үйді өз қамқорлығына алады.Ресей жеріндегі ескерткіштерді қорғауға алу, тілімізді, өнерімізді үйрететін орталықтар ашу, ұлттық мұраларымыздан мұражай ашу,ұлттық мейрамханалар ашу,өзге халықтар сияқты зираттық арнайы жер сатып алу, ол жерге мешіт салу сияқты уақыт күттірмейтін мәселелерді Астана қоры бүгінгі күн тәртібіне қойып отыр.
Қазақстандағы қайырымдылық қорларының жұмыстарына қарағанда, шет елдегі диаспоралар мүддесін қорғайтын Мәскеу Астана қоры сияқты қорларға мемлекет тарапынан арнайы қамқорлық керек екеніне көз жететін уақыт келген сияқты. Шетте халық мүддесін қорғайтын, тікелей халықпен жұмыс жасайтын мұндай қамқорлық қоғамдық қорлар саусақпен санарлық , тіптен сол саусақ санына да жетпес.
Халқымыздың ұлттық мерекелері, сонымен бірге биылғы жылдан Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен Халықаралық мереке болып отырған Наурыз мерекесін жылда бір облыстың қолдауымен Мәскеуде өткізу арқылы еліміздің мәдениетін, экономикасын көрсетуге болады ғой.Мәскеуде жиырма бес мыңға тарта қазақтар тұрады дейді соңғы деректер.Дегенменде жылда Наурыз мерекесінде әрі кеткенде 2000 - ға тарта қазақтар бас қосады.
Үйрен де, жирен деп, аталарымыз айтқандай біздер Ресей мемлекетінде тұрғандықтан бұл мемлекеттің сырттағы қандастарына жасалып жатқан көмегіне қызыға қараймыз. Соңғы ақпараттар бойынша ресейліктер сырттағы қандастарының денсаулығына да көңіл бөліп отыр,яғни сырттағы ауырған қандастарының денсаулығын түзету, емдету үшін мемлекет өз тарапынан қай жерде, қай елде болсада қаражат бөледі.Бұл олардың қоғамдық орындарының жұмыс нәтижесі.Бұл қоғам мен мемлекеттің қоян-қолтық жұмыс жасайтынын көрсетіп отыр.
Осы орайда тағы Ресей мемлекетіндегі эндаумент фонд тәжірибелері туралы да айта кеткім келеді.Эндаумент-фонды деген ұғым орысша айтқанда:Создание эндаумент - фондов потребует от получателей дополнительных затрат сил, времени, денег. Необходимо будет усовершенствовать или создать с нуля систему привлечения средств благотворителей, т.к. привлечение пожертвований в фонд полностью.Эндаумент (англ. endowment) -- целевой фонд, предназначенный для использования в некоммерческих целях, как правило, для финансирования организаций образования, медицины, культуры.Это ресурсный капитал некоммерческой организации (НКО), который вкладывается в акции или ценные бумаги так, чтобы организация получала ежегодные проценты.Мемлекет бұл жерде налог алмайды.Ресейде бұл жұмыс 2007 жылға дейін заң жүзінде қабылданбағандықтан іске аспай келген.Үстіміздегі жылдың 11 февралінде Томск қаласындағы политехникалық университетте Ресей Президенті Дмитрий Медведев студенттермен кездесу кезінде осы университеттің эндаументке тіркелгені туралы естіп, өзінің бір айлық жалақысын осы университеттің эндаументіне жіберуге уәде берген.Президенттің уәдесінде тұрғаны жайлы 27 февральде университеттің пресс-службасы қаржы келіп түскенін хабарлады.Сол студенттермен кездесуде Д.Медведев жеке спонсорлар және басқа азаматтар оқу барысына болсын,мәдениет саласына болсын әркім осылай көмектессе өте керемет болады ғой,деген еді.
Қазақстанда да Елбасымыздан бастап, мемлекет қызметкерлері мен депутаттары,бизнесмен жігіттер әр салада осы эндаумент -- фонд тәжірибелерін басшылыққа алса қарапайым халықта, мемлекетте жоғарғы жетістіктерге жетері сөзсіз.
Осы жерде,Қазақстанда қамқорлықтың көзін ашып, осы салдағы мәдениетті көтеріп, тәрбиелеу керек, деген Аяла қорының эксперті Жангелді Сарсеновтың сөзіне қосыламын. Бәріміздің ортақ Отанымыз Қазақстанда да Бауыржан, Аяла қайырымдылық қорларымен қатар,
Бота, Қазына, Қазақстан халықтарының рухани даму қоры, Ержан Татишев қоры, Құс жолы т.б. көптеген қорлардың болуы қуантып, көңілге сенім орнатады.
Әрі бұл қорлардың біразы жер шарындағы Ресей, Италия, Қытай, Австрия сияқты елдермен байланыста болуы, ол елдердегі қамқорлық қорларының жетілген тәжірибелері бұл қорлар жұмысының жаңа жетістіктерден көрініп, халқымыздың игілігіне өз үлесін қосуына ықпалын тигізетініне сенімдімін.
Қалың көпшілік жоғарыда аты аталған,біздер білмейтін қамқорлық қорларымен жете таныс емес. Сондықтан қамқорлық қорларын, жеке атымтай жомарт азаматтарды баспасөз, ақпарат беттерінде айтып, Жақсы сөз жан семіртеді демекші көпшілікке таныстырып отыру қажет деп ойлаймын.

1 Қазақстандағы қайырымдылық әрекетIнIң нормативтI-құқықтық негIзI
0.1 Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының қайырымдылық қызметі

Компанияда 150 мыңнан астам адам жұмыс істегенін және 50 мыңнан астам зейнеткерлер тіркеулі тұрғанын есептегенде, Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы бүгінгі таңда орасан зор компания екендігіне мүлтіксіз сенуге болады. Ал, егер теміржолшылардың отбасы мүшелерін санағанда, ел халқы көпшілігінің темір жолға қандай да болсын қатысы бар болғаны мәлім.
Қайта құрылымдауға дейін Компанияның тізімдемелік бағынуында ауруханалар, санаторийлер, мектеп-интернаттары, балабақшалар және т.б. болған. Қазіргі уақытта компания профильді емес активтерді ұстау құқылы емес.
Дегенмен ҚТЖ ҰК АҚ толық құқығымен өзін әлеуметтік-жауапты Компания ретінде таныта алады.
Бұнын барлығы баспана, ауызсуды жеткізу, медициналық қызмет көрсету және т.б. мәселелердің пайда болуына соқтырады. Әрине, көбінесе бұл дерек әлеуметтік сауалдарды шешу басымдылығын анықтайды.
Мысал ретінде, мемлекетіміздің аймақтарын дамыту жөніндегі жобалар қатары жүзеге асырылып отыр. Бұл жаңа теміржол тармақтарының құрылысы, және бұнын салдарынан инфраструктураның дамуы. Және де түпкір станциялар мен разъездердегі тұрғын үй құрылысының қабылданған бағдарламасы.
Әр жылы демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету үшін елеулі қаражат бөлетін, Қазақстан темір жолы бұрыннан әлеуметтік бағдарлы компания болып қалыптасқан.
Теміржолшылар мен отбасы мүшелеріне тұрақты негізде әлеуметтік қолдау көрсету мақсатымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы бірден-бір құрылтайшысы болып табылатын Әлеуметтік жобалардың қоры корпоративтік қоры (бұдан әрі -- Қор) құрылған.
Әлеуметтік мәселелерді тұжырымдауға қолғабыс ету үшін Қор әлеуметтік жобалардың қатарын ұсынып, бүгінгі күнде оларды жүзеге асырмақшы, соның ішінде:
Жылжымалы емхана -- жылжымалы консультациялық-диагностикалық поездың жұмысын ұйымдастыру.
Жоғарыда аталған жоба Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары акционерлік қоғамымен және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігімен бірлесе отырып жүзеге асырылады.
Шалғай станциялар мен разъездерде тұратын халыққа білікті және арнаулы медициналық көмекті барынша жақындату, жобаның басты мақсаты болып табылады. Жылжымалы консультациялық-диагностикалық поезд өз жұмысын үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап, ол 8 ай аралығында 120 станцияны аралап шығады, сонымен еліміздің алыс аймақтарында 20 мыңнан астам дәрігерлік қабылдау өткізіледі. Шалғай аумақтардағы ауруларды тасымалдауға кететін едәуір шығындарды ескерсек, жобаны жүзеге асыру бейнеленген экономикалық нәтиже көрсететіні күмәнсіз.
Зерттеудің толық айналымын өткізу, амбулаторлық операциялар жүргізуді толығымен қамтамасыз ету үшін жылжымалы консультациялық-диагностикалық поездың құрамында 10 вагон қарастырылған.
Поезд рентгенография, компьютерлік томографияны жүргізуге арналған қазіргі рентгенологиялық құралдармен жабдықталған. Осында емдеу кабинеттері, кіші операциялық, диагностикалық кабинеттер (УЗИ-диагностика, эндоскопия), диагностикалық зертхана орналасқан.
Бұл әлеуметтік жоба зертханалық және инструменталды зерттеуін ғана емес, сонымен қатар білікті медициналық персоналды жоспарлайды.
Компания еліміздің түпкірлеріндегі тұрғындарға қазіргі зертханалық-инструменталдық зерттеу әдістері көмегімен қаралуын ғана емес, дегенмен жоғарыбілікті кеңес алу және қажеті туған жағдайда сапалы ем алу, сонымен қоса кіші хирургиялық операциялар жүргізу мүмкіншілігін береді.
Қазақстан Республикасының Орталық -- Азиялық көшбасшы ретіндегі ролін ескеріп отырсақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырыстары бойынша жылжымалы консультациялық-диагностикалық мобильді поезд аймақ мемлекеттері үшін гуманитарлық миссия көрсету мақсатында қолданылуы мүмкін.
Бұдан әрі шалғай станциялар мен разъездерде тұратын балалардың тұрмыс сапасын өрістетуге бағытталған балалық жобалар бар. Соның қатарында:
Балалар мектебіне! -- аймақтық мектептерге медеткерлік
Бұл жобаның мақсаты -- аймақтық мектептерге өтеусіз қолдау және жан-жақты көмек көрсету, әр оқушының сәтті оқуына қолайлы жағдай жасау. XXI ғасыр -- жоғарғы технология ғасыры. Әр қазақстандық азамат жоғары білім деңгейімен иеленуіне, компьютер және жаңа компьютерлік технологиялармен пайдалануына міндетті, осыған байланысты Компания интерактивті тақталармен қамтамасыз ету және мектепте жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін демеушілік көмек көрсетуді жоспарлайды.
Жобаны 2010 - 2012 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Бұның шеңберінде негізінен шалғай станциялар мен разъездердегі балалар оқитын, 16 мектепке демеушілік көмек көрсетілетін болады. Компания мектептерге қазіргі толық құрамдағы компьютерлер мен принтерлерді тапсырады.
Мектеп көлігі
Бұл жобаның басты міндеті мектеп мекемесіне жеткізу мәселесін шешу жолымен шалғай станциялар мен разъездерде тұратын мектеп жасындағы балалардың тұрмыс сапасын өрістету болып табылады.
Бүгінгі таңда 118 станциялар мен 82 разъездерде мектепке балаларды жеткізу проблемалары бар. Бұл ретте, алыс станциялар мен разъездерде тұратын балалар 2 - 7 км жаяу жол жүріп, немесе бағыттас көлік арқылы мектепке барып, немесе туған туысқандардың үйлерінде тұруға мәжбүр болады.
2010 - 2011 ж.ж. аралығында аймақтық мектептерге 16 автобус беру жоспарланып отыр. Бұл балалардың мектепке жету мәселесін шешеді деп үміттенеміз.
Балаларға мереке сыйлайық! -- Астана қаласына теміржолшылар балаларының келуін ұйымдастыру. Бұл жобаның мақсаты, атауынан белгілі болғандай, жазғы демалыс уақытында әрбір балаға мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Компания алыс жатқан станциялар мен разъездерде тұратын, жағдайы төмен отбасылардан шыққан балалардың Астана қаласына сапарын ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды өз міндетіне алады.
Біздің көмегімізбен 1000 шақты бала жазғы демалыс уақытында Бірінші Президент мұражайына, Президенттік мәдени орталығына, Бәйтерекке, Думан ойын-сауық кешеніне, Атамекен этно-мемориалдық кешеніне, балаларға арналған ойын-сауық кешендеріне және циркке барып, қала бойынша таныстыру саяхаттарына қатыса алады.
Осылайша, біз мемлекетіміздің алыс жатқан аймақтарындағы балаларға жаңа ақпарат және білім алуға, дамуға мүмкіндік береміз, әлбетте біз бұған сенеміз және олардың қоғамның толыққанды мүшесіне айналу мүмкіндіктерін арттырамыз.
ҚТЖ ҰК АҚ басшылығына түсетін азаматтар арыздарының жыл сайынғы есебі бойынша, жылына шамамен 50 адам ауыр дертке байланысты көмек көрсету туралы өтініштермен келеді. Кәсіби емдеу қажеттілігінен қиын жағдайға душар болып,тығырыққа тіреледі, амалсыздан несие алу, өздері тұрған пәтерлерін сату сияқты шараларға көшуге мәжбүр болады, солайша өздерінің жағдайын одан сайын қиындатады. Адам өміріне қауіп төндіретін және қымбат дәрі-дәрмектермен емдеуді қажет ететін дертке шалдыққан ересектер мен балаларға демеушілік және қайырымдылық көмек көрсету мақсатымен Компания көптеген қайырымдылық акцияларын жүзеге асырады.
Қайырымдылық жолымен, Өмірің сақтай отырып, Біз көмектесеміз!.
Барлық бұл жобалардың негізгі мақсаты -- ауыр дертке шалдыққан адамдарға Қазақстанның алдыңғы қатарлы клиникаларында және шетелде жоғары кәсіби және арнайы медициналық жәрдем алуға көмектесу.
Біздің көмегімізге мұқтаж болған жандарға адрестік материалдық және демеушілік көмек көрсетіледі, сонымен қатар олардың емделуіне көмек көрсету үшін Әлеуметтік жобалардың қоры корпоративтік қоры Апаттар медицинасының темір жол госпитальдары АҚ, Медикер МО және Мұнайшы МПО сияқты медициналық орталықтардан кәсіби мамандарды шақырады. Бұл бағдарламалар аясында ағымдағы жылдың басынан, біз Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы АҚ, Қайырымдылық Ерікті қоғамына көмек көрсеттік.
2008 - 2010 ж.ж. арасында шамамен 40 бала Қазақстанның алдыңғы қатарлы клиникаларында және шетелде жоғары кәсіби емделуге мүмкіндік алды.
Біз көмектесеміз жобасына сәйкес, Астана қаласының арнайы түзету мектеп-интернатына, Шырақ Қоғамдық қорына санаторлық-курорттық емдеу орындарына мүгедек балаларды жеткізу бойынша үлкен материалдық көмек көрсетілді.
Қызылағаш зардап шеккенде де Компания сыртта қалмады. Алматы облысындағы зардап шеккендерге адрестік көмек көрсету үшін Компаниядан 220 млн теңгеден астам қаржы бөлінді. Біз зардап шеккен аймақтағы қираған үйлерді қалпына келтіруге де көмек көрсетеміз.
Мемлекетіміздің тұрмысы төмен халық бөлігіне көрсетіп жатқан Компанияның көмегі, еш күмәнсіз, Қазақстанның алыс жатқан аймақтарындағы және жалпы Республикамыздағы әлеуметтік мәселелердің шешілуіне өз ықпалын тигізеді. Теміржол компаниясының көрсетіп отырған қайырымдылық көмегінің тек қана бөлшегі. Бүгін біз сіздерді бұдан да мәнді жобалармен таныстырайық деп едік, бірақ біз бұл аймақтағы жаңа түрлерді іздестіру жолындамыз.
Сөзсіз, бұл конференция біздің қоғамымыздың қайырымдылық тұрмыстағы маңызды оқиға. Және мұндай мәселелерді бірлесіп шеше алатынымызға сенімдімін:
1) Қайырымдылық жобалар мен акцияларды жүзеге асыруда әріптестерді іздестіру. Бірлескен жобаны құру үшін компанияларды құшақ жая қарсы аламыз, жобалардың нәтижелерін мониторингілеу және жаңа түрлерін құру үшін ҮЕҰ шақырамыз.
2) Қайырымдылық пен демеушіліктің дамуына аса зор қаражат бөлетін компанияларға салықтық жеңілдіктер беру мүмкіншілігін қарастыру үшін мемлекеттік құрылымдарды тартуға үміттенеміз.

0.2 Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің қазақстандық моделін қалыптастыру мәселесі

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жайында мәселе соңғы уақыттарда жиі көтеріле бастады. Осыдан біраз жыл бұрын бұл жайында айту ертерек болатын, көптеген ұйымдар ол уақытта өндірістерін жаңадан дамытып жатқан, және мемлекет бизнесмендерге аяқтарына тұрып, Қазақстан экономикасынан өз орындарын алуына уақыт берген.
Бүгінде сол ұйымдардың көпшілігі өндірістік алыптарға айналып үлгерді. Басшылар әлеуметтік сұрақтарға көп 0көңіл бөле бастады. Мемлекет және бизнес арасындағы әлеуметтік серіктестік жайындағы алғашқы бірлескен әрекет шамамен 10 жыл бұрын жасалынған. Дәл 1998 жылы Қазақстанда Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы құрылды.
Зейнетақы жарналарының толыққанды және уақытында берілуі -- бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігін түсінуі.
Бүгінде Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығында мәліметтерді электронды өңдеуді қолданатын әлеуметтік төлемдерді тіркеуді ұйымдастыратын және іске асыратын жаңа технология енгізілген, жердемақы мен зейнетақы алушыларының орталықтанған базасы құрылған. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық қызметінің негізгі бағыттары:
Мына тағайындаулар мен төлемдер бойынша құжаттарды қабылдау:
-- Зейнетақы,
-- Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар (мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылуы бойынша, жасына байланысты)
-- № 1 және № 2 Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар
-- Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар (17 түрі)
-- Баланың туылуына байланысты біржолғы берілетін жәрдемақы
-- Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлем
-- Жерлеуге арналған жəрдемақы: зейнеткерлерді, ҰОС қатысушылары мен мүгедектерін жерлеуге жәрдемақылар
-- Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры АҚ-нан (еңбекке жарамсыздығы жағдайында, асыраушысынан айырылған жағдайда, жұмысынан айырылған жағдайда, жүктілік пен бала тууға байланысты, Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдер)
2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы базасында біріңғай тіркеу орталығы құрылды. Нәтижесінде Жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылған салымшылардың саны жөнінде объективті ақпарат алуға, қосарлы және одан да көп зейнетақы шоттары мәселесін ашуға мүмкіндік туды.
Сол арқылы Бір салымшы -- бір қор принципін сақтауға жол ашылды [1, 115б.].
Сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналарын аудару тәртібі де өзгерді. Бұрын егерде, жұмыс беруші әр Қорға жеке рәсімдесе, енді қорды көрсетпей-ақ барлық жұмысшыға бір ғана тапсырып құрастырылады және жарналар Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударылады.
Салымшы қорын өзгерткен жағдай да, жұмыс беруші аударым процедурасын өзгертпейді, яғни төлем құжаттарын құрастыру бойынша есептік бағдарламаларды өзгерту шығыны болмайды.
Бұрын қателік болған жағдайда, жұмыс берушіге Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан барлық жұмысшы бойынша барлық сумма түгелдей қайтарылатын. Енді тек қате толтырылған реквизиттардың ғана суммасы қайтарылады.
Жасалынған жұмыстар зейнетақылық жарналарды аудару процедурасын белсендендіріп қана қоймай, жеңілдете түсті, сол арқылы мүмкіндігінше жұмыс уақытын және бюджет пен жұмыс берушінің қаражатын үнемдеуді қамтамассыз етті. Әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әлеуметтік бөлулердің мерзімділігі мен жүйелілігі маңызды әсер етеді.
Яғни, нақты адамға тағайындалған әлеуметтік төлемнің мөлшері жұмыс беруші қаншалықты жауапты болғанына байланысты.
Бізде мемлекеттік жауапкершілігі қатал бекітілген, себебі біз бірінші деңгейдеміз. Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылғанына байланысты, жүктілікке және бала тууына байланысты біз ескі жүйені қалыптастырдық, бізде бұл рөлді мемлекет атқарып келген. Ал жұмыс беруші мен азаматтың өзі бұл үрдіске қатыспайтын. Және біз бәріміз белгілі бір деңгейде өзімізге жауаптымыз және өкінішке орай ешкім кәрілік, мүгедектік, асыраушысынан айырылу сиякты қатерлерден сақтандырылмаған.
Бір уақытта, халықаралық тәжірибені зерттей отырып, бірінші деңгей бойынша мемлекет өзінің әлеуметтік бағытталғандығын көрсетіп, өз міндеттерін атқара білді, ал бұдан кейін екінші деңгей -- әлеуметтік сақтандыру болып табылады, сақтандыру дегеніміз -- бұл жұмыс берушінің барлық қауіптерден жұмысшысын сақтандыруы.
Ана мен баланы әлеуметтік қорғау мәселесіне үлкен мән бере отырып, елбасымыз өзінің кезекті Қазақстан халқына жолдауында 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жұмыс істейтін әйелдер үшін жүктілік және бала туу, аналығына байланысты міндетті сақтандыру түрін енгізді.
Осыған байланысты 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерді беру іске асырып жатыр. Атап өту керек, егер бұрын жүктілік пен бала тууына байланысты әлеуметтік жәрдемақыны және еңбек демалысын жұмысшыға жұмыс беруші өз қаржысынан төлеп тұруға міндетті болған.
Ал қазір бұл төлемдер әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорынан төленетін болды. Ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандырудың енгізілуіне байланысты 2009 жылдан бастап әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорына аударылатын жұмысшылардың төлемі кезең бойынша көбейді. Сақтандыру қызметін көрсету арқылы әлеуметтік кепілдемелермен қамтамассыз ету. Мемлекеттік ануитетті компания Қазақстанда ануиеттік сақтандырудың дамыту мақсатында құрылған алғашқы және жалғыз мемлекеттік мамандандырылған ұйым.
МАК негізгі міндеттерінің бірі -- жұмысшының еңбек міндеттерін атқару кезіндегі өміріне және денсаулығына төнген залалдарға жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі және зейнетақымен қамтамассыз ету жөніндегі заңдарыныңорындалуына көмек беру. Жұмыс берушіге компания ануитетті сақтандару қызметін ұсынады, қызметтік міндеттерін атқару кезінде жұмысшы тосын оқиғаға тап болған жағдайда, яғни жұмысшы мүгедек немесе қаза тапқан жағдайда МАК зардап шеккен жұмысшыға немесе оның қарауындағы жандарға әлеуметтік төлемді іске асырады. Айта кету керек, жұмысшы өз қызметкерлерінің өмірін сақтандырған жағдайда, салық кодексінде кіріс салығы және әлеуметтік салықтарды төлеуде салықтық жеңілдіктер қарастырылған. Бүгінгі күні Қазақстанның 700-ден астам ірі мекемелерімен ануитетті келімшарттар жасалған. Мемлекеттік ануитетті компанияның серіктестерінің арасында Қазақстанның ірі өндірістік мекемелері -- Миттал Стил Темиртау АҚ, АО Алюминий Казахстана АҚ, Қазақмыс корпорацирясы, Қазақтелеком АҚ және тағы басқалар. Еңбек қорғау стандарттарын сақтау -- жұмыс орындарында қауіпсіздікті қамтамассыз етудің маңызды шарты болып табылады.
Жыл сайын еңбек қызметіне байланысты әлемде 2 миллионнан астам адам қаза тауып, 200 миллионға жуығы ауру-сырқат алады.
2003 жылы Халықаралық еңбек қорғау ұйымы қаза тапқандары еске алудың халықаралық күні концепциясын өзгертуді ұсынды, және негізгі упор өндірісте орын алуы мүмкін тосын жағдайларды және кәсіби сипаттағы ауруларды алдын алуға берілу қажеттігі жайында айтылды. Сонымен қатар, 3 ереже шығарылған:
1. Өндірістегі өлімдер алдын алуға мүмкіндігі жоқ фотальды жағдай емес;
2. Тосын жағдайлар -- өздігінен орын алмайды;
3. Ауру -- жоқ жерден пайда болмайды.
Барлық тосын жағдайлардың себебі бар -- көпшілік қайғылы жағдайларды алдын алуға болады. Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғалыми зерттеу орталығының маңызды міндеттерінің бірі -- республиканың өндіріс орындарындағы жарақат алу деңгейін төмендету. Ғылыми орталық қызметкерлері үш жыл ішінде отызға жуық ғылыми зерттеулер жүргізген, олар Миттал Стил Темиртау АҚ, Қазақмыс корпорацирясы, Тау машиналары зауыты, Энергия зауыты сынды мекемелер тәжірибесінде сәтті қолданып келеді. Зерттеулердің тәжірибеге ендірілуі тосын оқиғалардың және жұмысшылардың кәсіби ауруға ұшырауларының санын төмендетуге көмектеседі. Осылайша Қазақмыс корпорациясында үш жыл ішінде тосын оқиғалардың саны біржарым есеге қысқарған.
Бүгінде, біздің бизнес толығымен аяғына тұрып үлгерді, және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге көптеп көмектесе алады. Бұл үшін біз әлеуметтік индикаторлар қай бағытта жасалуын, бұл мәселелерді шешу үшін бизнес қандай мөлшерде көмектесуі керектігін анықтап алуымыз керек.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің ішкі және сыртқы түрі бар екендігі белгілі. Бизнес құрылымдармен бизнестің ішкі жауапкершілігі бойынша келісімшартқа отырғымыз келеді, мұнда біз жауапкершіліктің қандай да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мәдениеті ( XVIII ғ. мен ХХ ғ. басы)
Кəсіпорынның қызметкерлерін басқару жəне кадр саясатын қалыптастыру
Бас жоспардың негізгі архитектуралық - қала құрылысы идеясы
Ұлы Отан соғысы. Шайқас даласындағы қазақтандықтардың ерліктері
Теміржол көлігінің қазақстандағы экономикалық рөлі
Қазақстандағы темір жолдың даму тарихы
Қазақстанның екі мегаполисі
Темір жол көлігі жайлы
Индустриялық-инновациялық даму
Орынбор - Ташкент темір жолы
Пәндер