Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ
1.1 Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері
1.2 Қазіргі отандық теориядағы құқықтық мемлекет түсінігінің мазмұны
1.3 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі

2 ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖОЛЫ
2.1 Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
2.2 Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
2.3 Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ БОЛЫП ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
3.1 Құқықтық мемлекеттің қағидалары
3.2 Еліміз құқықтық жүйесінің даму жолдары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3

5

5

8

12

14
14

18

19

22
22
26

28

30

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық Өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған [1].
Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, құқықтық мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Құқықтық мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен құқықтық мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, құқықтық мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды.
Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанда құқықтық мемлекеттің қалыптасуын талдау. Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің - мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.
Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.
Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.
Сонымен, халықтың басым бөлігі - саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?
Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында құқықтық мемлекет теориясы құқықтық мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.
Сондықтан да құқықтық мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

1 ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ
1.1 Құқықтық мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық , әлеуметтік, құры-лымдық , басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты өзгеріп, жаңарып отырады. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірбиесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінеді: Малшылық, жер игеру, өнірістік және саудагерлер тобы. Оың бәрі еңбектің өнімділігін артырады, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар паида болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың- қосымша өнімнің пайда болуы: жеке меншіктің қалыптасуы : топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайды қайшылықтарды реттеп, қоғамдық басқару үшін өмірге мемлекетпен құқық келеді.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке мменшіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс- әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларын басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күшқуатына үйренетін басқару жүиесі.
Мемлекеттің пайда болуыының, дамуының бірнеше түрлері бар .
1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т.б. шығыс типтегі елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғаұшылықпен күресу. Міне ос күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуліктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.
Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау ;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;
- барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.
Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, тонаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келеді ( Қытай, Иран т.б.).
2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаңғ күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.
Германияда мемлекеттің қалыпиасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болады, федолдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т.б. қалыптасты.
Құқықтың дамуы - адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамда қарым қатнастарда реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып,салт-дәстүр,мораль,діни нормалары) нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесіндер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенеді. Мысалы, Индия да Ману заңына сүйенеді, ал мұсылман елдерінде - Құраң заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатнастардың мемлекеттік органнының өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарады.
Адам қоғамның мыңдағын жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс- әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүде - мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
* Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
* Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлып тапқан жоқ, олар адманың өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсалюттік ұғымдар деп атайды.
* Тарихи теория - осы теорияны ұсынғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
* Патриарқалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірбиесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде - мақстарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
* Писхологиялық теория - адамдардың писхологиялық біріккен көз қарасы, іс-әрекетті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және т.б [1].
Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?
Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы кезде құқықтық мемлекет идеясы заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде құқықтық мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды құқықтық мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.
Құқықтық мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.
Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. Азаматтық қоғам ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.
Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол - құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.
Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.
Соңғы кездері құқықтық мемлекет идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

1.2 Қазіргі отандық теориядағы құқықтық мемлекет түсінігінің мазмұны

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана құқықтық мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар , адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу , құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ,Демокрит,Платон,Аристотелъ, Полибии,Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктң арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талпынғандағы мақсаттары сол дәуірегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша , ең адал мемлекеттіке жатады." Заңның күші жоқ жерде- Аристотелъдің айтуы бойынша - мемлекеттік құрылым нысаны жоқ".Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп . Ертедегі Грецияаның және Римнің мемлекеттік құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізеді.
Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді және оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.
Федолизмыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларды тарихи тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макивелли және Ж. Боден айтқан. Макивели өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірбенің негізінде , саяасттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттң нұсқасын салуды көздеді.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті, себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Бұдан мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
Бурдуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан: Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро, П.Гольбах, Т.Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық м емлекет туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми - теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз.
Гроций - табиғи - құқықтық мектептің, бірінші теорилық маманы болды. Оның теориясы бойынша: табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтың шығатын көзіне адам табиғаты, адамдық ақыл - ой жатады.
Табиғи құқықтың үйғарымына: басқа адамның нәрсесін алмауға, өзін - өзі ұстау, уәдеге түру міндеттілігі, кінәләрдәң шығынды төлеуі, сонымен қатар "Воздаяние" адамдарды қылмысына қарай жазалау жатады. Ерікті белгіленген құқық, мемлекеттен шығып, түгелімен табиғи құқық принциптеріне сәйкес келулері қажет.
Феодализмнің құқықтық институттарын Гроций адам табиғатына қарсы деп жариялады, сондықтан "ақыл -ой заңдылығына жауап беретін"
жаңа талаптарға сай құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің мақсатын құқық пен бекіту арқылы, жеке меншікті қорғау, көпшіліктің келісімі бойынша, әр адамға, өзінің мүлігімен еркін пайдалануды қамтамасыз ету деп білді. Әр түрлі нысандағы мемлекеттің құрылуы, Гроцийдің ойынша, қоғамдық келісім, сондықтан халық мемлекетті құрған да кез келген басқару нысанын алуға мүмкіндігі бар, бірақ оны белгіленгеннен кейін, халық оның басқарушыларына бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өзгертуге қоғамдық келісім жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.
Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарының жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болады, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демократияландыру перспективасын , әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда.
Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын ашу ,оның ерекшеліктері мен ерекше сипаттарын баяандау , қоғам өміріндегі ақиқат ролін көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болады.
Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр , сондықтан да тек қана ресми оргындар мен лауазымды тұлғалардың ниетін емес , сон-дай-ақ азаматардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын , бостандықтары мен мүделерін қамтамасыз етіп , кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді . Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық , әлеуметтік және рухани процестерге , сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағ өзара қарым - қатынас саласында кірісу жат құбылыс . Ол қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып , олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айырықша қаморлық көрсетеді және он сақталуын қадағалап отырады.
Өзінің бүкіл қызыметінде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынастың басқа субъектілерінің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына есептелген қатал басқарушылық және бұйрықты нұсқаулардың нысандары мен әдістері басым болып келетін этатистік мемлект оған қарама қарсы болып табылады. Бұдан , басқа , аталған субъектілердің бостандығы мен дербестігі . олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің ролінің шектен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан экономиканың , әлеуметтік қатынастардың барлық салаларының , азаматтардың жеке өмірін тікелей өз қарауына және бағынысына алуғ деген талпынысынан , екінші кезектегі және ұсақ - түйек мәселелердің шешуге араласуынан тұратын этатистік қоғамың басқа ерекшелігі де осымен байланысты. Жеке тұлғаның және тұрақты заң нұсқауларынан ғана емес, олардың күнделікті араласып отырған мемлекеттік оргындар мен лауазымды тұлғалардың субъективті қарауына да байланысты.
Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасындағы аралық типтегі түрлі мемлекеттер болады , олардың бірінші және екінші типтің белгілері үйлесіп жатады. Олардың кейбіреуі этатистік мемлекеттерге анағұрлым жақын, алайда сөйте тұра жеке құқықтық принциптер мен бастауға тырысады. Басқалары этатизмнің белгілерін жоғалтпай - ақ құқықтық мемлекетке жақындауда.
Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік - құқықтық процестердің ұзақ эволюциясының заңды салдары, реакциялық институттардың орнына озат, прогрессивті және тйімді институттардың өзіндік ерекше селекциясы мен мұқият іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанының әміршілдігі -әкімшілік және полецейлік-бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалығын теориялық ұғыну негізі болады . Құқықтық мемлекеттің теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа айналады деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) 090ы0ты4 позитивті ролін ескермейінше, мемлекеттің құрылымы мықты, тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пілірлер айтып кеткен. Құқықтың ролі мемлекеттің басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдік ретінде қаралады: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек өйткені барлық оргындардың, лауазымды тұлғалардың жіне азаматтардың әректерін бағыттап отыруға арналған.[ 2 ].
Алғашқыларда бытыранқы және кедей жекеленген болжамдар түрінде пайда болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізін салушылар ретінде Дж. Локкты, И. Кантты, В. Гумбольдты, Г. Еллинекті, К. Шмитті және басқаларды атауға болады. Жекеленген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір біріне ерекшелігі болғанымен , басты мәселеде - құқықтық нұсқаулардың мемлекет өзі сөзсіз орындап отыруы қажет екендігінде жіне қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығынан осыны талап етуінде - олардың ойы бір жерден щығып отырды.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының ережелерін бір қаттар елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік жіне қоғамдық қызыметтің барлық жағының терең жаңғыруымен бірге жүрді - мемлекетік жүйенің принциптері жетілдірілді , жеке адамның міртебесі айқын мазмұнмен толықты , құқықтық құндылықтар бірінші дірежелі маңызға ие болады, шенеуліктердің бассыздығы азайып , олардың қызыметі біртіндеп реттелген жіне тіртіптелген арнаға түсе бастады.
Адамзат қоғамындағы саяси дамудың жаңа кезеңінің белгісі құқықтық мемлекеттер отбасының пайда болып , көбеюі. Бұл - мемлекеттік - құқықтық теория мен практиканың ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы. Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен , өмірдің барлық саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар болуда , оларға әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде.
Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекеттердің саны әлемде этатистік мемлекеттердің санының азаюы есебінен өсетін болады. Бірақ бұл - қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдерде әлеуметтік - саяси күштердің айқын ара қатнасына байланысты болжауға қиын өзгерістер болуы мүмкін, бұл өзгерістер, мысалы құқықтық мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе авторитарлық режимдер жағынан қарай бұрылып кететін жекелеген елдер жоғарыда көрсетілген дамудың жалпы тенденсиясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет принциптерін нығаюы болып табылады.[3].

1.3 Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі

Құқықтық мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру - қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту - меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат - жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт - қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты - бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты құқықтық мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Құқықтық мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

2 ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖОЛЫ

2.1 Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы

Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен принципті айырмашылығына көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге болады.
1. Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган, әрбір лауазымды тұлға өз қызыметіне жеке алғанда құқықтық принциптер және нұсқаулар мен байланысты өздерінің барлық шараларын солармен сәйкестендіреді. Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай -ақ мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың құқық шегінен шығып кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емес нәрсе. Егер етатистік мемлекетте ресми органдар мен лауазымды тұлғалар құқықты екінші кезектегі және өзі үшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көз қарасқа құқықтық мемлекет жағдайында жол берілмейді және ол біртіндеп жойылып та кетеді.
2. Құқықтық мемлекет құқық пен занның арасындағы этатистік мемлекетке тән мұндай үлкен қарама - қарсылықты білмейді. Онда мемлекеттік органдардың барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және рәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп бұзушылықтың жүзеге асырылуы мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары критерийлеріне сай келеді. Заң құқықтық принциптердің жүйелігіне негізделеді, одан қалмайды. Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативті актілер қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.
3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап оны жариялау мен ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардың міндетті түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағытындағы қызыметті приориттіктің қатарына жатады, қағаз жүзіндегі, қолданылмайтын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, ал этатистік мемлекетте оның қоқыстарын ешкімнің тіпті тазалағысы да келмейді. Қоғамдық қатнастың әрбір субьектісі мемлекеттік оргындардың қолданылып жүрген нормативті актілерін орындау міндетті түрде екендігіне көзі жеткендіктен ( басқаша болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің тұрақты болуының айрықша жағдайын жасауға мүмкіндік туғызады және қоғамда заңдық нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсенбеушілік қатнасынасының тарауына кедергі жасайды.
4. Құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттің нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясына сақтау болып табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялық қатал жүйесі қалыптасады, әрекет етеді және дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның заңды күшіне байланысты. Бұл жүйенің шыңын, немесе, бейнелеп айтқанда, құқық бастауларының пирамидасын жоғары заң күші бар конситутция құрайды. Басқа ешқандай құқық бастаулар тура немесе жанама мағанасында конситутцияның принциптерімен нормаларына қарама - қайшы келе алмайды. Керісінше, мемлекеттік органдардың барлық нормативті актілері және құқықтың басқа да бастаулары конситутцияны негізге алып, оның мазмұнын тәптіштеп, нақтылап және дамытуы тиіс. Конситутциялық және кәдімгі заңдар соған сәйкес түзіледі, ал заң пирамидасының келесі қабаттарын мемлекет басшысының актілері, үкіметтің қаулылары мен жарлықтары,министірліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулықтары, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілері, құқықтық әдет - ғұрып, сот және әкімшілік прецеденттері құрайды.
5. Құқықтық мемлекетте жеке адамның және қоғамдық қатнастардың басқа субъектілерінің мәртебесі былайша ерекшеленеді, біріншіден, олардың қалыпты тіршілік әрекетін және олардың алдында тұрған міндеттерді табысты шешуді қамтамасыз етуге жеткілікті құқықтар мен бостандықтардың кең кешенін қарастырады: екіншіден, құқықпен ажырамас бірлікте болу онымен шамалас болуды жіне міндеттер жүйесінің теңбе - тең болуын міндеттейді:үшіншіден, оны міндетті түрде жүзеге асыру айқын заң кепілдіктерімен бекітілді. Қоғамдық қатынас субъектілерге теңдігін олардың бір түрі шегінде, таптық, ұлттық, рулық-топтық және басқа жеңілдіктерді және біреуінің басқалардың мұндай жеңілдіктермен артықшылықтан айырылып қалған жағдайдағы артықшылықтарын бекітуге тырысуы көрініп тұр.
6. Барлық мемлекеттік және қоғамдық институтар мен құрылымдарды заңды деп тану - құқықтық мемлекеттің ерекшелік белгілерінің бірі. Мұнда жеткілікті заң базасына арқа сүйемейтін институттар мен құрылымда аз кездеседі. Егер алда - жалда мұндайлар болатын болса , онда ұзақ уақыт тіршілік етуге және жұмысын табысты жүргізуге перспективасы бомайды және жеңуге болмайтын қйындықтарға кездескен соң өзі де сахнада тез-ах кетеді. Институттармен құрылымдардың басым көпшілігі белгіленген ережелермен проседуралармен сақтаға заңның негізіндн, құралады және олардың мақсаты, міндеті, қызымет етуінің нысаны мен әдіс ресми түрде тәптіштеп регламенттеледі. Атап айтқанда, бұл заңды деп тануды тіркеу, рұқсат ету немесе лицензиялық тәсілінің үйлесуіме, сондай ах тиісті мемлекеттік оргындардың бақылау- ривизиялық өкілетілігін пайдаланумен қамтамасыз етіледі
7 Құқықтық мемлекетте билікті болу принсіпі жариаланады және жүзеге асырылады. Осға сәйкес біп тұтас мемлекетік билік шеңберінде бір біріне тежемелік әрі тепе теңдік жүйесін пайдаланып өзара іс- қймыл жасайтын дербес арі тәуелсіз үш тармақа - заң шығарушы, атқаруш және сот тармақтарына бөліну қамтамасыз етіледі. Бір билік тармағының басқа бір билік тармағының таптауына, оларды бағынышты жағдайға қоюға жол беруге болмайды қаралып отырған принсіптің мәнісіі бір оргында немесе бір лауазымды тұлғада биліктің шектен тыс жоғырлануына қарсы әрекет етеді жән, оның мемлекеттік апарттың ішінде біріңғай бөлінуін қамтамасыз ете отырып, диктаторлық режимнің орнауына кедергі жасайды.
8. Құқықтық мемлекетте елдің ішкі заңымен халы аралы құқықтың көпшілік таныған принсиптері мен нормаларының арасындағы тиімді ара қатынасты орнату жөніндегі шаралары жүзеге асырылуда. Халық аралық құқық өзінің қазіргі заманғы құқықтық өркенйетің жетістіктерін нақты көрсетуде. Ол жетістіктерге құқықтық мемлекет қалай болғандада қосылады өйткені олар ідетте халықаралық келісімдер приоритетерін олардың заңдарын алдына орнықтырады және бұл келісімдер тікелей өздерінде қолданылады деп айрықша бөліп айтады. Осылайша бұл елдердің заң жүйесінде сырттқы әлемнен болуы мүмкін оқшаулануы мен тасалануынан құтылуға болады: Олар әлемдік қауымдастықтың құқықтық жүйесіне жақывндасқандай болады, оларды қабылдай отырып және өзінің нормативті актілерінің жағдайын солардың деңгейіне жеткізе отырып, оның көптеген маңызды принциптері мен нормаларын қолдана бастайды.
9. Құқық тәртібі бұзылғандығы белгілі болған жағдайда (әсіресе азаматтардың құқығы мен бостандығы бұзылса) бірден құқықтық реттеу және құқықтық қорғау механизімі іске қосылады, мұнда бірінші кезектегі роль сотқа беріледі. Бұл механизм кешенді түрде жаңа басталған құқық бұзушылықтың алдын алуды, бұзылған құқықты қалпына келтіруді, келтірілген зиянды өтеуді, кінәліліерді жазалауды, жаңа құқық бұзушылықтың алдын алуды, азаматтарға және қоғамдық қатнастардың басқа субъектілеріне мемлекеттің барлық нормативті нұсқаулар ешқандай ерекше жағдайларды ескерместен, міндетті түрде орындалуын шешеді. Құқықтық мемлекеттің юрисдикциялық, құқық қорғау және превентивті ескерту қызыметі құқықтық талаптарды қатан сақтауға негізделетіндігі, соның негізінде қоғам өмірінің құқықтық көңіл - күйі айтарлықтай жоғары болатындығы маңызды.
10. Құқықтық қоғам үшін азаматтардың мемлекет алдындағы және мемлекеттің азаматтар алдындағы өзара жауап кершілігі тән. Мемлекет әрбір адамға тумысынан берілетін, ешкім айыра алмайтын құқықтар мен бостандықтарын мойындап қана қоймайды, сондай - ақ олардың ресми рәсімделуі, жүзеге асуы, қол сұғушылықтан қорғау үшін барынша қолайлы жағдай туғызуға талпынады. Өз кезегінде, азаматтар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын мемлекетке, басқа азаматтарға, басқа қоғамдық қатнастар субъектілеріне зиян келтірмейтіндей етіп қана пайдалана алады; олар өздеріне жүктелген міндеттерді қатаң сақтауы керек.
Басқаша айтқанда мемлекет пен азаматтардың байланысы күрделі әрі көп қырлы, ол олардың бірінің біріне деген қарым - қатнасы тұрғысынан белгілі бір құқықтар мен міндеттегені сияқты, бір - бірінің алдындағы белгілі бір міндеттерін орындауы түрінде де көрінеді.
Жоғарыда көрсетілген белгілердің жиынтық әрекеті қоғамда және мемлекетте құқықтың билік құратындығы, оның үстемдігі,приоритеті, басымдық жағдайы қабылданған дегенге алып келеді. Бұл жақсы да, өйткені құқық - адамзат өркениетінің көрнекті жетістігі, реттеудің жинақталған әлуметтік тәжірибесінің квинтэссенциясы, басқару және ықпал ету, әділеттіліктің жалпы адамзатқа тән құндылықтар мен мұраттарды, демократия мен тәртіпті жүзеге асырудың нысаны, мәдениеттің қажетті компоненті. Құқықтың қоғам өміріндегі ролін және оның не үшін арналғанын терең түсініп, соған лайық іс - қимыл жасайтын мемлекетті құқықтық мемлекеттің қатарына жатқызуға болады.
Құқықтық мемлекеттің жоғары да аталған белгілерін бір - бірінен бөліп қарамай, біртұтас түрінде алып қараған дұрыс. Егер этатистік мемлекеттің құқықтық мемлекетке айналу динамикасын қарайтын болсақ, онда мемлекеттілік құрылымдағы, іс - қимыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі
Құқықтық мемлекет: ой тұжырымынан жүзеге асыруға дейін
Құқықтық мемлекет қағидаларын қарастыру
Президентінің құқықтық мәртебесі
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі негіздері
Қаақстан Республикасының Президенттік басқару нысаны
Геосаясаттың теориялық-концептуалдық маңызы мен негіздері
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ
Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің қорғалу механизмдері
Пәндер