Андронов мәдениетінің ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе
1. Қазақстан территориясындағы қола дәуірі
2. Андронов мәдениеті
3. Андронов мәдениетінің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Б.з.д. 2 мыңжылдықтың алғашқы ширегі бітер кезде Волга мен Алтай арасында мал шаруашылығымен айналасқан адамдар қола жасауды меңгерді. Мыс пен қалайының қосындысы қола. Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосынан қола дәуірі ескерткіштері алғаш рет табылды. Оны 1913 ж. Б.Г. Андрианов ашты. Ғылымда шартты түрде Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерін Андронов ескерткіштері деп атайды. Бұл атауды ғылыми айналымға 1927 жылы С. А. Теплоухов енгізген. 1927 жылы археолог М.П.Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тапты. Андронов ескерткіштері Қазақстан, Орта Азия, Сібір жерлерінен табылып отыр.
Ескерткіштері
Андронов мәдениеті шартты түрде үш кезеңге бөлінеді. Ерте қола -- б.з.д. 18-16 ғғ, орта қола б.з.д. 15-12 ғғ., кейінгі қола б.з.д. 12-8 ғ.б. Андронов мәдениеті 8-9 ғасырға созылады (б.э.д. 17-9 ғасырлар).
Орталық Қазақстан
Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі -- жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Келесі -- Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.
Кейінгі кезеңі -- Бегазы-Дәндібай мәдениеті. Оның ерекшелігі -- мәйіттерді шалқасынан жатқызып қою. Мысалы: Ақсу-Аюлы −2 қабыры. Жер бетіне тастан қалап қабырғалы тұрғын үйлер салу рәсімі кең жайылады. Сондай-ақ ағаш та қолданылған.
Солтүстік және Батыс Қазақстан
Солтүстік Қазақстан жеріндегі қола ғасырын, соның ішінде Андронов мәдениетінің ескерткіштерін зерттеген ғалымдар - К. А. Ақышев, Ә. М. Оразбаев, Г. Б. Зданович, С. Я. Зданович және т. б. Солтүстік Қазақстанның қола ғасырының кезеңдерге бөлуді, Андронов мәдениетінің сатыларын, олардың хронололгиялық мерзімдерін Геннадий Борисович Зданович көпжылдарға созылған Жабай-Покровка, Боголюбово, Куропаткино және тағы да басқа ескерткіштерде жүргізілген қазба жұмыстарының негізінде анықтады. Алексеев қонысы мен Тасты-бұтақ қорымы кеңінен мәлім болды. Топырағы төбешік болып үйілген, дөңгелек және тікбұрышты қоршаулары бар қорымдар көп кездеседі. Челябинск және Қостанай облыстарының шекарасынан Арқайым қонысы ежелгі қалалардың мысалы болады. Қазіргі Қостанай облысында Садчиков қонысы, Ақмола облысындағы, Зеренді ауданындағы Павловка (Шағалалы)қоныстары - Андронов тарихи-мәдени қауымдастығының айшықты ескерткіштері.
Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу
Ескерткіштері -- Таңбалы, Қаратау сияқты тастағы суреттер, Таутары қорымы. Сырдарияның төменгі жағынан Арал алқабынан - Тегіскен кесенесі ашылды.
Шаруашылығы
Андроновшылар қоныстары дала өзендері мен оның жағаларына егін, бау-бақша салып қоныстанған. Тары ботқасы күйген құмыралар табылды. Қоныстардың бәрінен табылған ортақ олжалар: дәнүккіштер, келсаптар, орақтар мен тас кетпендер.
Мал өсіру маңызды роль атқарды. Негізгі тамағы сүт болды, сүзбе, ірімшік жасаған. Ет өте аз болған, оны мейрамдарда ғана, құдай жолына құрбандық жасағанда ғана пайдаланған. Негізгі мал қой, сиыр, жылқы. Жылқының үш тұқымы болды: биіктігі 128-136 см., басы үлкен, қалың жалды жатаған жылқы. Қазіргі монғол жылқысына ұқсас. 2). Шоқтығы орташа не биік 136-152 см-ге дейін салмағы 350 килоға дейін жететін жылқылар. 3). Асыл тұқымды биіктігі 152-160 см., аяқтары жіңішке, сымбатты, қой мойынды жылқылар. Олар соғыс арбасына жегілетін болған. Андроновшылар мал бағудың қыр-сырын жетік меңгергендер болды. Олар дүние жүзінде алғаш рет малды қолда ұстауды енгізді. Қыста төлді жылы жерде ұстаған, ол үшін үйдің бір жағын қоршап бөліп тастаған. Тұрғын үйлерге жалғаса мал қора салды. Андроновшылар қос өркешті бактриан түйелерін өсірді.
Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.
Ежелгі кеншілер
Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Үй кәсіптері Андроновшылар үй тіршілігіне қажетті нәрсені өздері жасады. Жіп иіру, тоқу, теріні өңдеу, киімді түрлі-түсті жіппен әдіптев бәрін игерген. Матаға қажетті жіпті мал жүнінен игерген. Тоқыма станогы, ұршық болды. Олар өкшесіз аяқкиім киген, жүннен тоқыған, теріден тіккен құлақшын киген. Әйелдер көбіне ұзын жеңді етегі жер сызған жүн көйлек киіп жүрді. Әшкейлік бұйымдар сырға, салпыншақтар, моншақтар таққан. Ерлері қоладан үшкірлеп жасалған садақтармен қаруланды.
Халық, қоғам, әдет-ғұрып

Олар үлкен үйде отбасылық қауым болып өмір сүрді. Ағайын-туыстар шаруаны бірге атқарды. Обалар, қабырлар қазу ісінде өзгешеліктер болған. Бұл андронов қоғамының біртекті болмағандығын көрсетеді. Байлар, текті адамдар өлгенде олар ерекше құлпытас орнатылған мазарларға жерленді. Жауынгерлер, патшалар абыздар тәрізді әлеуметтік жік болған.
Діні мен өнері
Өліктер қабырда бастары батысқа немесе оңтүстік-батысқа қаратылып қойылды. Бұл о дүниемен байланыс жасайтын құдайға қарату деген мағынаны білдірді. Мәйіт бүктей жатқызылды. Сондай-ақ мәйітті өртеп жіберу де болды. Ол отқа табынудан шықса керек. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Оған сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Тіпті балаларды да құрбандыққа шалған, оны үй едені астына көмген. Үйдің ошағы отбасының ең қасиетті жері болды.
Тастағы суреттер
Қола дәуірінің жартастар бетіне салынып, кілегей қоңыр қабыршақпен жабылып қалған суреттерінің өзіндік ерекшелгі бар. Бұл суреттер -- жануарлар, күн бейнелі адамдар, соғыс арбалары, шайқас көріністері туралы тасқа салынған суреттер олардың дүние-танымын көрсетеді. Жартастағы суреттер-петроглифтер Қазақстанда Таңбалы, Ешкіөлмес, Қарату мен Маймақ, Тарбағатай мен Бөкентауда табылды.
Жалпы, Қазақстанда Андронов мәдениетімен бірге, қима мәдениет ескерткіштері Батыс Қазақстанда табылған. Қима мәдениетінің бас ерекшелігі -- қайтыс болған адамдарды қиылған ағаштың арасына салуы. Андронов мәдениетінің ескерткіштері Казақстанда мол кездесетін болғандықтан, осы хронологиялық кезеңді Андронов мәдениеті арқылы қарастырады.
Қазақ халқының шығу тегін зерттеу, оны оқыту мәселесін қарастырғанда, біз көне дәуірлерде жерімізде өмір сүрген тайпалар тарихына соқпай өте алмаймыз. Әрине, бұдан 3 -- 4 мың жыл бұрын қазақ жерінде өмір сүріп, көне мәдениеттің ескерткіштерін қалдырған тайпаларды қазақ халқының тікелей ата-бабасы деу шындықтан алысырақ болар. Сонымен қатар бұл тайпалардың қазақ мәдениетінің, дәстүрлі шаруашылығының, т.б. этностық қасиеттерінің қалыптасуына қатынасы болған-болмағандығын саралау -- ғылыми қажеттілік деп есептейміз
Қандай болмасын халықтың шығу тегі -- этногенезі оның мәдениетінің шығу тегімен (культурогенез), тілінің шығу тегімен (глоттогенез), түр-сипатының қалыптасуымен (расогенез) байланысты.
Қазақстан жерін көне заманда мекендеген тайпалар бізге қола дәуірінен бастап белгілі. Дегенмен олардың этностық атауы жөнінде нақты деректер жоқ.
Қазақстан аумағын және көрші аймақтарды б.з.д. 2-мыңжылдық мен 1-мыңжылдықтың арасында мекендеген тайпаларды біз олардың мәдениетінің атымен андрондықтар деп атаймыз.

Андрондықтардың этностық тегі жөнінде әлі дәлелденген пікір жоқ. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, андрондықтар фин-угор этностық тобына жатқан. Фин-угорлар дегеніміз -- кейінгі финдер, марийлер, мордвалар, т.б. осы тілдес халықтардың ата тегі. Бір топ ғалымдар андрондықтар унді-иран немесе арийтектес халык деп есептейді. Үнді-иран, арий тілінде сөйлегендер қазіргі үнді, иран, пуштун, тәжік, т.б. халықтардың ата тегі. Андрондықтар -- үнді-иран тектес деуші ғалымдар сан жағынан басым. Кейінгі кезде жекелеген ғалымдар: "Андрондықтар -- түркі тілдес халық болған" деген пікір айтуда.
Андронов тарихи-мәдени бірлестігінің іздері Батыс Сібірден, Енисейден, оңтүстікте Орталық Тянь-Шаньнан, Оңтүстік Тәжікстаннан, Ауғанстаннан, тіпті Солтүстік Пәкстан жерінен де табылуда. Андронов мәдениетін қалдырушы қола дәуірі тайпаларының негізгі орталығы Қазақстан жері болды. Бұдан біз, негізінен, Қазақстан жерін мекендеген андрон тайпаларының сол көне заманның өзінде-ақ көп жұрттармен мәдени-этностық байланыста болғандығын байқаймыз.
Андрондықтар Қазақстан жерін 1 мың жылдай мекендеді, Қазақстан жерінде өздерінің ең көрнекті мөдени ескерткіштерін қалдырды, олар -- қоныстар мен жерлеу орындары. Бұлардың жақсы зерттелгендері Орталық, Шығыс және Солтүстік Қазақстан жерінде.
Қазақ жерімен көршілес далалы аймақтардағы кемінде 3 мың жылдық тарихы бар көшпелі шаруашылық, тұрмыс, мәдениетінің негізін осы андрондықтар салды. Андрондықтар Еуразия даласындағы алғашқы металл өндірушілер болды. Оған -- қола құрал-сайман, қару-жарақ жасауға қажетті шикізаттар -- мыс пен қалайы кеніштерінің көп табылуы бірден-бір дәлел.
Андрондықтардың қыш ыдыстарындағы "балдақ", "үшкіл", т.б. өрнектерін кейінгі қазақтардың бау, басқұр, алашаларынан көруге болады.
Қола дәуіріндегі тайпалардың отқа, күнге табынуы, ата-баба аруағына сиыну, құрбандық шалу, туыстас адамдарды ортақ қорымға қою салты, жылқы мен қой малын көп өсіріп, солардың еті мен сүтін көп пайдалануы олардың қазақтармен мәдени тектестігін көрсетеді.
Андронов мәдениетінің ескерткіштерінің өте үлкен территорияда табылуына және оның үлкен кезеңді қамтуына байланысты ғылымда қазір Андронов тарихи-мәдени қауымдастығы деген термин қолданылады.Біздің заманымыздан бұрынғы екі мың жылдықта мал және егіншілік шаруашылығымен қоса металл өңдеу кәсібі дами бастады. Мұның өзі Қазақстан жеріндегі әлеуметтік-экономикалық жағдайларды өзгертуге жол ашты. Мал өсіруші тайпалар ірі және қуатты бірлестіктер құрды. Бұлардың арасында әр түрлі себептермен келіспеушіліктер болып, қарулы қақтығыстар да орын алды. Қару енді жабайы аңдарды аулау үшін ғана емес, сонымен қатар тайпалардың соқтығыстарына да жиі қолданылатын болды. Қару жасау бірте-бірте металл өңдеудің дербес саласына айналды.
Б.з.б. 2 мың жылдықтың ортасында Қазақстан тайпалары қола заттарын жасауды меңгерген. Қола-әр түрлі өлшемдегі мыс пен қалайынның, кейде сүрменің, күшаланың, қорғасынның қорыптасы. Мыспен салыстырғанда қола өте қатты және балқыту температурасы төмен, түсі алтын сияқты әдемі болып келеді. Ол еңбек құралдары мен қару жасау үшін қолданылатын негізгі шикізат болып табылды. Қазақстан жерінде түсті металдар өңдеуге, әсіресе, мал өсіруге мықтап көңіл бөлген. Сөйтіп, б.з.б. 2 мың жылдықтың аяғында - I мың жылдықтың басында дала халықтары шаруашылықтың жаңа түрі - көшпелі мал шаруашылығына ауысады.
Қола дәуіріндегі экономикалық басты-басты екі бағыттағы: мал шаруашылығы мен металл өңдеу кәсібінің тез дамуы, ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті. Мұның өзі қоғамда еркектер рөлінің күшебне әкелді. Сөйтіп, аналық рудың орнына аталық ру (патриархат) пайда болды. Қоғамдық өмірдегі ірі өзгерістер өндірістік күштердің өсуіне, қоғамдық еңбектің мамандануына, патриархаттық қатынастың дамуына байланысты еді. Жеке отбасылар бөлініп оқшауланды, меншік ұлғайып кеңейді, рулық қауым ішінде мүлік теңсіздігі көрініс бере бастады.
Қола дәуірінде Сібірдің, Қазақстанның және Орта азияның кең-байтақ далаларын тегі және тарихи тағдырының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар бір үлгідегі, бір-біріне ұқсас мәдениет қалдырды. Олар қалдырған ескерткіштердің табылған жері Сібірдегі Ачинск маңындағы Андроново селосының атымен ғылымда шартты түрде Андронов мәдениеті деп аталды.
Андронов мәдениетінің негізгі орталықтарының бірі-Қазақстан жері Археологиялық деректерге қарағанда, Андронов мәдениеті дәуірінде халық- тың басым көпшілігі отырықшылықта өмір сүрген. Өзендердің, көлдердің жағасындағы жайылымы мол жерлерге орналасқан патриархаттық отбасылардың үйлері мен үлкен жер төбелері болған. Олардың жанынан әр түрлі шаруашылық жайлар мен мал қамайтын орындар салынған. Өйткені, бұл кезде мал бағу кәсібі басымырақ еді. Тайпалар малшылық-егіншілікпен аралас шұғылданды.
Андронов мәдениеті дәуірінде адамдар металдан еңбек құралдарын, қарулар және сәндік заттар жасауды жақсы білген. Олар түбі шығыңқы балталар, сағасында ойығы бар пышақтар, балға, шоттар, найзалар мен жебелердің өзгеше ұштары, білезіктер, айналар, моншақтар және әр түрлі ілмешектер, егінді оратын орақ, пішенді шабатын шалғы сияқты құралдарды өздері жасап күнделікті тұрмыста кеңінен қолданды.
Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштерін 1914 жылы А.Я. Тугаринов ашты. Содан бергі өткен уақыт ішінде Кеңес елінде, сонымен бірге Қазақстанда бұл мәдениетке қатысты орасан көп археологиялық материалдар жиналды. Андронов мәдениеті қола дәуірінің алғашқы кезеңін (б.з.б. XVIII-XVI ғасырлар) және орта кезеңін (б.з.б. XV-X ғасырлар) түгелдей қамтиды.
Орталық Қазақстанда қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. X-XIIIғасыр- лар) Андронов мәдениетімен салыстырғанда анағұрлым жоғары Дәндібай-Беғазы мәдениеті болғанын білеміз. Ол Қарағанды қаласы маңын- дағы Дәндібай ауылында және Балқаштың солтүстік төңірегіндегі Беғазы қойнауында қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жаріне қарай аталған. ДәндібаБеғазы мәдениеті Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ даладан табылған көптеген ескерткіштерімен сипатталынады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3, кешендері жатады. Бұл ескерткіштерге тән нәрсе, бір жағынан Андроновтық дәстүрлердің сақталуы, екінші жағынан, мәдениеттің жаңа элементтерінің,тұрпаты ерекше бәйттік тамдардың, жатаған, домалақ ыдыстардың пайда болуы. Жерлеу ғұрпы да Андронов мәдениетіне тән емес. Әдеттегі бүктелген қаңқалармен қатар аяқтарын созып, шалқасынан жатқызылған қаңқалар да кездеседі. Мұндай жерлеу ғұрпы кейінгі ерте темір дәуірінде Қазақстан жерінде тұрған малшы тайпаларда кеңінен тараған.
Беғазы мәдениеті дәуірінде дерленгендерден мүлік теңсіздігінің болғанын да байқаймыз. Басына обалар жасалып, оның айналасы ірі гранит тақталармен белдеуленген молалар да кездеседі. Бұл патриархаттық-рулық қоғамның көрнекті мүшелерінің қабырлары. Тағы малдарды, жануарларды қолға үйрету көшпелілер қоғамы дамуының заңды кезеңі.
Қазақстан жерінде мал шаруашылығымен қатар неолит дәуірінен бастап егіншілік дамыған. Мәселен, Усь-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Тастан астық үгетін құралдар: астық түйгіштер, тоқпашалар, келілер, келсаптар жасалған. Егін жинауда алғашқы кезде пышақ пайдаланылған болса, соңғы қола дәуірінде әр түрлі қола және мыс орақ, шалғы қолданылады. Алқаптарда негізінен бидай, қарабидай, тары егілген.
Қола дәуірінде адам қоғамының өндіргіш күштерінің дамуына мал өсіру және егін егумен қатар әр түрлі рудаларды өндіру, тас пен сүйекті пайдалану аса маңызды роль атқарған. Оған Қазақстан жеріндегі мыстың, қалайының және алтынның бай кендерінің болуы қолайлы жағдай жасаған.
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде мекен еткен тайпалардың қоныс жайларын анықтау мақсатында бірнеше қазба жұмыстары жүргізілді. Солар- дың нәтижесі көрсеткеніндей, әдетте қоныс өзендердің жағасында, жайылы- мы мол мүйісте, көлдің маңына орналасқан. Қоныстар 6-10 үйден 20 үйден тұрды. Өзен жағасында олар бір немесе екі қатар болып тізілген. Мүйістегі үйлердің ортасынан кең алаң-қотан қалдырылған. Тұрғын үйлердің аумағы кең 100 шаршы метрден 300-400 метрге дейін жеткен.
Қола дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалардың өмірге керекті және үй тұрмысына қажетті заттарды істеп шығара бастағанын байқаймыз. Мал шаруашылығы адамдарды тек тамақтандырып қана қойған жоқ, сонымен қатар киім-кешекпен және аяқ киіммен де қамтамасыз етті. Сойған малдың жүнін түтіп, оны иіріп киім етіп қию үшін жаңадан ұршық және қарапайым тоқыма станогі пайда болды. Бұлар бірнеше қазбалардан табылды. Мұның өзі сол тұста қазақ даласындағы үлкен жетістік еді. Адамдар малдың терісін өңдеп, үстіне тон, басына тымақ, аяғына киім етіп киетін болды. Жүн киімдер қойдың биязы жүні мен ешкінің түбітінен тоқылды.
Қоныстарды мекендеушілерге керамика ыдыстарын жасау кеңінен дамыған. Оның бәрі шаруашылық пен тұрмыста пайдалануға арналды. Бұл тұстағы құмыра жасаушылардың көбі әйелдер екен. Күйдірген балшықтан ыдыс-аяқтардың бірнеше түрі жасалған. Ыдыстарға әшекейлеп өрнек салын- ған. Соңғы қола дәуіріндегі құмыралардың дені иіні дөңгелек, бүйірі шығыңқы болып жасалынды.
Қола дәуіріндегі тайпалар жауынгерлік қару жасап, оларды үнемі жетілдіріп отырған. Ол кездегі негізгі қарулар найза, күрзі, дүмі шығыңқы балта, шот. Кейбір жауынгелердің қанжарлары болған.
Қоғамда азық-түліктің көбеюіне байланысты артық заттарды айырбастау, осындай айырбас сауда барысында байлықтың қорлануы етек ала бастайды. Малт шаруашылығының қарқынды дамуы қоғамдық алғашқы ірі еңбек бөлісін туғызды, басқалардан өз алдына бақташылар бөлініп шықты. Сол сияқты егіншілік кәсіпте біраз өзгерістер болады. Өңделіп егілген жерлердің көлемі өседі. Бұл өзгерістер қоғамдық еңбекте үлкен бөлінуді туғызып, матриархаттық қатынастар патриархаттық-рулық қатынастармен ауыса бастады.
Патриархаттық отбасылық қауымның бірнеше сатыдан өткенін айту керек. Ерте кезде мұндай қауымдар әке жағынан туыс адамдардың төрт-бес ұрпағынан құралады және аумағы 200 шаршы метрдей, немесе одан да кең үлкен үйлерде бірге өмір сүрді. Әрбір патриархаттық-рулық қоныс-мекен осындай бірнеше үйлерден құралатын еді.
Отбасылық қауым отбасылық-өндірістік ұжым болды, ал ұжымдық еңбек тұсында өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнім ортақ меншікке айналды.
Қола дәуірі. (б.з.б. 2-1 мың жылдықтар). Тас ғасыры аяқталғаннан кейін, қола ғасыры басталады. Қола ғасыры деп аталуының себебі, осы кезде Евразияда қола өндіру тәсілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Андронов мәдениеті археологиялық ескерткіштер кезеңдері және негізгі ерекшеліктері
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Қола дәуіріндегі андронов мәдениеті
Қола дәуірінің тарихнамасы
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
Дәуірдің ерекшеліктері
Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары. Дәуірдің ерекшеліктері
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Қола дәуірінің ерекшелігі
Пәндер