СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

1 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары

1. 2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

2. 1 Қазақстан Республикасының әлемдік экономика құрылымындағы орны

2. 2 Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатының кейбір аспектілері

3 ЖАҢА СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3

5

5

8

14

14

17

20

27

29

Кіріспе

Алдымен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын. Қай елдің болмасын экономикасының дамуын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі - ол сыртқы сауда саясаты. Осы тақырыпты таңдағанымның Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайындағы сыртқа сауда саясатының ролі мен мәнін талдап, тереңірек зерттеу .

Жаһандану жағдайында әлемдік экономиканың үрдістерінен сырт қалу елдің экономикалық жағдайының, даму деңгейінің, технологиялық даму мен ұлттық бәсекелестік қабілеттілігінің шегеріп қалуына әкелуі мүмкін. Сондықтан сыртқы экономикалық қатынастардың ырықтандырылуы қазіргі заманның талабы болуда. Қазақстан өз экономикалық даму бағдары да сыртқы экономикалық іс-әрекетті ырықтандыруға, әлемнің жаңа технологияларын жетістіктерін кеңінен пайдалануға бағытталған. Мемлекеттің сыртқы ашықтық деңгейі жоғарлаған сайын сыртқы экономикалық факторлардың даму үрдісіне әсері де күшейе түсіп, сыртқы экономикалық қауіпсіздік мәселесін өзектендіре түседі.

Сыртқы экономикалық, қатынастарды ырықтандыру ең алдымен елдің сыртқы саудасында шектемелерді жоюымен көрінеді. Біздің ойымызша оның үрдісі жергілікті, отандық өндірушілердің шетел тауарларымен бәсекелестік қабілетін қолдаудың кең тарамды шаралар жүйесін қалыптастырумен қатар жүргізілуі тиіс. Өйткені ұлттық капиталдың қорлануының алғашқы кезеңіндегі Қазақстандық өндірушілер үшін қаржылық қуаттылығы мол, технологиялық озықтығы әйгілі, бизнестік тәжірибиесі қомақты шетел өндірушілермен тең дәрежелі бәсекелесу мүмкіндігі екі талай болады. Бұл жағдай елдің сыртқы саудасын ырықтандыру мен сыртқы экономикалық қашықтық дәрежесі арасында тікелей өзара байланыстылығы барын көрсетеді.

Қазақстан Республикасы сыртқы сауда саясатын жүзеге асыруда мемлекеттің орнына айрықша мән беріледі. Оның ұлттық экономикалық мүдделерге сай келуі мен халықаралық аренада бәсекелестік қабілетті жоғарлатуға үлкен ықпал ету мүмкіндігімен көрінеді. Сондықтан кез - келген елдің сыртқы сауда саясаты шетел тауарларының келуін реттеу және ел мүдделеріне сәйкес келетін халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына әсер ету сияқты мақсаттарды көздейді. Осы мақсаттарды орындау барысында халықаралық сауда ағымдарының елдің экономикалық қауіпсіздігіне әсер ету мәселесі ерекше мәнге ие болатындығын Қазақстан Республикасының қызметкерлері жақсы біледі.

Біріншіден халықаралық сауда қатынастарында әрбір ел өз мүдделерін жүзеге асыруға тырысатындықтан, әлемдік нарықта мемлекеттер шиеленісті мүдделер қақтығысы негізінде бәсекелеседі. Екіншіден ғаламдану үрдісінін белен алуы, сыртқы экономикалық катынастардың ырықтандырылу бағытының басым болуы, шаруашылық байланыстардың интерұлттандырылуы ел алдына туындайтын сыртқы қауіп - қатерлерден қорғану шараларын халықаралық келісімдерге сәйкестендіре жасақтауды қажет етеді.

Осы «Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясаты» атты курстық жұмысты жазу барысында, оның бөлімдерін толықтай қарастырылып, негізгі үш бөлімге бөлінді. Яғни сыртқы сауда саясаты, мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдарын нақты көрсетіп және Қазақстан Республикасының кедендік тарифтерінен нақты цифырларын келтіріп, Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатындағы әріптестік қатынастырына тереңірек мән беріп, Қазақстан Республикасының «Дүниежүзілік Сауда Ұйымына» енуге жасап жатқан әрекеттеріне тереңірек тоқталынады

1 СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Сыртқы экономикалық саясаттың мәні, принциптері және мақсаттары

Сыртқы экономикалық саясат (СЭС) - бұл сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) реттеу тәртібін анықтау және елдің халықаралык еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен оның органдарының нысаналы түрде бағытталған іс-әрекеттері.

Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі құраушыларына жататындар:

• сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді) ;

• шетел инвестицияларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат;

• валюталық саясат.

Сонымен бірге, сыртқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен, аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қызметті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:

• тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда-саттығы;

• материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Көптеген мемлекеттерде сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымы мен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа елдермен сыртқы экономикалық байланысы мен сыртқы экономикалық саясатын да белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын саудалық-саяси механизм ретінде қарастыруға болады.

Сыртқы экономикалық саясаттың негізгі принциптері.

Тиімді сыртқы экономикалық саясатты кұру үшін оның негізгі принциптерін нақты түрде анықтап алу керек. Сыртқы экономикалық саясаттағы негізгі орын - сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың іс-әрекеттерін экономикалық-құқықтық реттеуге берілген, оның себебі - бұл реттеу жалпы ұлттық мүдделерге жауап беруі тиіс.

Енді сол төрт принципті жеке-жеке атап өтейік:

1) мемлекеттік қайта өзгерту (жаңарту) қызметі. Бұл қызмет салалар мен аймақтардың даму саясатын қалыптастырады. Осы саясатқа сәйкес елдің сыртқы экономикалық саясаты да кедендік құралдары және шетел инвестициялары үшін арнайы тәртіп бар) қалыптасады;

2) ұлттық фирмаларының сыртқы экономикалық саясатының, бір реттік сыртқы экономикалық байланыстардан сыртқы нарықтарын кеңейту мақсатында, жалпы шаруашылық қызметі тұрақты бөлігі ретіндегі, сыртқы экономикалық саясатқа бағытталуы нәтижесіндегі өзгерісі;

3) үкімет тармақтары, ведомстволары сонымен бірге федерация және оның субъектілері арасында сыртқы экономикалық саясатты да жүзеге асыру қызметтерін айқын түрде бөлу;

4) сыртқы экономикалық саясат - кез келген мемлекеттің сыртқы саясатының құрамдас бөлігі.

Егер дипломатия соғысқа қызмет етпесе, онда саудаға қызмет етеді, сондықтан әлемдік нарықта ресейлік экспортерлар үшін қолайлы жағдайлар жасау - ресейдің сыртқы саясатының ең маңызды міндеттерінің бірі болуға тиіс.

Сыртқы экономикалық саясат - сыртқы экономикалық қызметтің бүкіл жиынтығын, яғни тауарлар мен қызметтердің материалдык, еңбек, ақшалай және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысын реттейді.

Ал сыртқы экономикалық саясаттың құрамдас бөліктеріне: сыртқы сауда саясаты, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық саласындағы саясат, несиелік саясат, шетел швестициялары саласындағы саясат, технологиялармен айырбас жасау саласындағы саясат, жұмысшы күші миграциясы саласындағы саясат және тағы басқалар жатады.

Сыртқы сауда саласындағы саясатты жүзеге асыруі құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік шаралары, саудалық эмбарго, кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласына: валюталарды сатып алу-сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы валюталық операцияларға шектеулік белгілеу жатады. Төлемдік қатынастармен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу мөлшерлемелері мен процентерінің деңгейлері реттеледі.

Шетел инвестициялары саласындағы саясатты жүзеге асыру формаларына жататындар: шетелдік капиталдарды енгізуге рұқсат беру шарасы, экономиканың бір салаларына шетелдік инвестициялардың енгізілуіне тыйым салу және шектеу, ал кейбір салаларына қолайлы жағдай жасау, жергілікті компаниялардағы шетелдік қатысудың үлесін шектеу және т. б.

Технологияларды айырбастау және жұмысшы күші миграциясы саласындағы құралдар: белгілі бір елдерге технологиялардың белгілі бір түрін экспорттауға тыйым салу немесе шектеу, шетелдік жұмысшы үшін импорттауға шек қою. Бұл шарттардың барлығы дерлік халықаралық келісім-шарттар мен келісімдерде бекітіледі.

Сыртқы экономикалық саясат құралдарының қазіргі кезде кең арналы мемлекеттерге өзінің сыртқы экономикалық байланыстарының құрылымы мен бағыттарының қалыптасуына, сонымен бірге басқа елдердің сыртқы саясаты мен экономикасын белсенді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді.

Өзіміз білетіндей, кез келген мемлекеттің қызмет ету ұлттық және мемлекеттік мүдде категорияларына сүйенеді. Бірақ та, кез келген қоғамда оның элитасының негізгі сегменттері, белгілі бір ұлыстары өз мүдделерінің терең мәнін әр түрі қөзқарастарда түсінеді.

Бұл түсініктің мазмұндылығы -ұзақ мерзімдік мақсатта жүйесімен түсіндіріледі. Оларды үкімет өзінің ішкі және сыртқы саясаттарында жүзеге асыруға ұмтылады.

Әр түрлі мемлекеттердің сыртқы экономикалық саясат векторларының тоғысуы кезінде мүдделерді түсінуі үшін біз халықаралық құқық нормаларын қолдануға мәжбүр боламыз, өйткені соңғы оншақты жылдар ішінде бұл нормалар статусына жалпы адамзаттық құндылықтар кірді. Бірақ ұлттық деңгейде біркелкі емес мемлекеттерде мұндай заңдылықтың түсіндірілуі жеткіліксіз болып есептеледі.

Егер «ұлттық» және «мүдде» деген терминдерге терең талдау жасалса, онда ұлттық мүдде деген түсініктің белгілі бір дәрежеде шартты сипатта екендігі анықталады. Бірақ осы категориямен қазіргі таңда міндеттердің басымдылығы анықталады. Ол міндеттерді елдің ішкі немесе сыртқы саясаттарында шешу қажет. Бұл түсінікке деген көп векторлық көзқарас оның субъективті де, объективті де мазмұндылығын қарастыруға мүмкіндік береді. Аман қалу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, әлеуметтік орталықты қажет ету - абстрактылы нәрсе емес, ол тарихи және құрылымдық мағынасы бар нақты сапалы жағдай.

Қазақстан басқа көптеген мемлекеттер сияқты өз алдына белгілі бір мақсаттарды алға қоюға қабілетті. Белгілі бір тарихи кезеңдерде мақсаттардың сипаты өзгеріп отырады. Сөзсіз түрде, ол мемлекет ретінде мақсаттарды алға қоюға және оларды жүзеге асыруға қабілетті болуы тиіс.

Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, осындай қабілеттілік белгілі бір бағыт-бағдар ретінде қарастырылады, яғни ол мемлекеттік саясатқа «ұлттық мүдде» сипатын береді. «Ұлттық мүдде» ең алдымен мемлекеттік мүддені айқындайды, ұлттық ресурстарды ұлғайту, ұлттық қауіпсіздік қатеріне қарсы әрекет ету сияқты мемлекет қажеттілігі ретінде анықталады. Мемлекеттік мүдде көп қырлы түсінік және де геосаясат көзқарасын қолдану жағдайларында оның бірқатар құраушылары «ұлттық мүдде» түріне айналады.

Оны өлшеу үшін екі әдіс қажет: құндылық және ұтымдылық.

Кез келген мемлекеттің қоғамы - мемлекеттік саясаттың территориялық бағыттылығын мойындауда ортақ, біртұтас. Қазақстан мен Ресей экономикаларының тығыз байланысуы Ресейдің империялық мүддесін айқын көрсетті.

Қазіргі кездегі дуниеде «үлттық мүдде» саясаты бір түр^ рөлдерді атқарады, олардың бірқатары жабық түрде айқындалады. Атап айтқанда, шетел баспасөзі НАТО-ны Шыгыск карай кеңейту шараларын, бір жагынан, текті өкілеттілп ретінде, яғни Еуропага бейбітшілікті ныгайтатын үлі өкілетгілігі ретінде, екінші жагынан - Шығыс Еуропага әскері саяси және экономикалық бақылау қою ретінде түсіндіреді.

Кез келген елдің ұлттық мүддесі әр түрлі елдердің ұлттық мүдделері ықпалымен шектеледі. Ол халықтардың ұйымдасқан мүдделерге қол жеткізуі үшін мемлскеттердің күш-әрекеттер біріктіруге ұмтылуынан көрінеді.

Демек, республиканың халықаралық арнаға табысты түрі енуіне сәйкес, оның әлемдік шаруашылық жүйесіндегі орны анықталады.

Бұл кезде ұлттық мүдделердің сәйкес түрде жүзеге асуына ұлттық рухани және мәдени құндылықтармен қатар әлеуметті экономикалық және саяси фактор құрушыларының жүйеле де ықпал етеді. Әлемнің саяси картасында, әсіресе ТМД кеңістігінде Ресей Федерациясының ұлттық мүдделері айқын формада белгіленген. Ол өзінің ұзақ мерзімдік мақсаттарын қоғамдық қатынастардың гуманистік сипатымен қатар, әлемнің ірі және дамыған державасы ретіндегі Ресейді құруға ұмтылады.

Сонымен бірге, орташа мерзімдік мақсаттар да нақты түр; белгіленген, олардың құрамына мыналар кіреді: ТМД шеңберіндегі тұрақты өзара байланыстар, жалпы еуропалық қауіпсіздікті сақтау, сонымен бірге белгілі бір жергілікті аймақта сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда ресейлік кәсіпорындарға жағдайлар жасау.

Осы айтылғандардан мынадай қорытынды жасауға болады яғни сыртқы экономикалық саясат белгілі бір міндеттер жүзеге асырудың формаларын, әдістерін негіздеуді, сонымен бірге оны жүзеге асыру үшін белгілі бір технологиялар қолдануды талап етеді.

Бұрынғы кеңестік мемлекеттердің сыртқы эконимикалық саясатымен салыстырғанда Ресейдің сыртқы экономикалық саясаты халықаралық ынтымақтастықтың балама бағыттарымен қаныққан.

Дегенмен осы елдердің сыртқы экономикалық саясатының принциптері белгілі бір дәрежеде ұқсас болып келеді Олар төмендегілерден тұрады:

• ұлттық мүдделердің басылымдылығынан;

• негізгі және жергілікті сыртқы саяси мүдделерден;

• екінші реттегі мүдделер мен олардың сәйкестілігінен;

• қауіпсіздіктің ұжымдық жүйелеріне қатысты кейбір жағдайларда ұлттық мүдделер шебінен;

• ғаламдық мәселелерді бірлесе шешуге ұмтылуынан;

• ХЭҚ (халықаралық-экономикалық қатынастар) субъектілерінің шынайы теңдігінен;

• дамудың белгілі бір жолын таңдағандағы ел кұқығын құрметтеуінен;

• халықаралық келіспеушіліктерді шешуде ымыраға келуден;

• сыртқы экономикалық стратегияны жүзеге асырудың жүйелік жолы және т. б.

Техникалық революцияның жаңа толқыны кейбір елдерді айналып өтті яғни өз дамуында алдыңғы қатарлы елдерден артта қалып бара жатқан осы елдердің мүдделері мынада-қоғамдық қатынастарды жетілдіру негізінде еңбекті ұйымдастыру әдістерінің жетілдіру қажеттілігі.

1. 2 Қазіргі кезеңдегі сыртқы экономикалық саясат

Экономикалық саясат - мемлекеттің экономикалық іс-шараларының жүйесі, яғни мемлекет, үкімет жүргізетін іс-қимылдардың, экономиканы басқару саласындағы шаралар жүйесі, елдің мақсаттарына, міндеттеріне, мүдделеріне сәйкес экономикалық үдерістерге белгілі бір бағыттылық беру. Экономикалық саясаттың мақсаттары мен құралдары қоғамдық құрылыстың сипатымен, елдің дамуының ішкі және халықаралық жағдайларымен айқындалады. Экономикалық саясат құрылымдық, инвестициялық, қаржы-несие, әлеуметтік, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық, салық, бюджет саясатын қамтиды.

Экономикалық саясаттың пайда болуы алғашқы мемлекеттердің қалыптасуымен байланысты болды. Ежелгі және орта ғасырларда Экономикалық саясат әдетте салықтар алумен, ақша, айналыс және жер қатынастарын реттеумен шектелді. Капиталдың бастапқы қорлануы кезеңінде Экономикалық саясатқа капит. мануфактуралардың құрылуына және сауданың дамуына септігін тигізген меркантилизм мен проекционизм тән болды, ал өнеркәсіптік буржуазияның өсуіне қарай еркін кәсіпкерлік саясат пен фридредерлік барған сайын үлкен рөл атқара бастады. Қазіргі заманғы монополистік капитализмге мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі сияқты Экономикалық саясат белгілері тән: мемлекет ұдайы өндіріске белсене араласады, халық ш-ндағы секторды дамытады, экономиканы бағдармалайды, дағдарысқа, инфляцияға қарсы шараларды жүзеге асырады, фирмалардың, соның ішінде халықаралық монополистік ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін реттейді. Экономикалық саясаттың нысандары мен әдістері көбінесе экономиканың жай-күйіне, нарықтық экономиканың ұдайы өндіріс үдерісін мемлекеттік реттеумен ұштастырылуына байланысты. Экономикаға оны жанама түрде реттеудің кейнстік теориясына негізделген мемл. ықпал ету идеялары мемлекет тиісті салық және несие-қаржы саясатын жүргізе отырып, қор жинауға бейім шаруашылық жүргізуші субъектінің психологиясын ықпал ете алады, қоғамның тиімді жиынтық сұранымына ынталандыра алады, сол арқылы нарықты реттеп, бағыттай алады, экономикалық өрлеуді жеделдете алады, халықтың жұмыспен қамтылуы деңгейі мен оның әлеуметтік әл-ауқатын арттыра алады дегенге саяды. 1929 - 33 ж. Ұлы тоқырау кезеңінде АҚШ Президенті Ф. Рузвельт кейнстік идеялар тұрғысынан Экономикалық саясат жүргізді, бұл саясат “жаңа бағыт” деп аталды. Соғыстан кейінгі жылдары көптеген елдер жаңа дағдарысқа қарсы шараларды әзірлеу, соғыс қиратқан шаруашылықты қалпына келтіру және өрге бастыру кезінде де осы кейнстік қағидаларды басшылыққа алды. Алайда 1950 - 60-жылдардан бастап Экономикалық саясатта неолибералдық монетаристік доктриналардың ықпалы белең алды. Мұнда нарықтық шаруашылыққа ерекше орын берілді, мұның өзі экономика мемлекеттің араласуын қажет етпейді деген идеяға алып келді. Кейнсшілдікке қарама-қарсы қағида болып табылатын монетаризм теориясына сәйкес сұранымды ынталандыру жөніндегі Экономикалық саясат шаралары экономиканың жағдайын жақсартпайды, қайта үйлесімсіздік туғызады, жағдаятты нашарлатады, өйткені “теңдестіруші” нарықтық тетіктердің әрекетіне кедергі жасайды. Монетаристер тиімді жиынтық сұраным қағидатын емес, ұсыным қағидатын, кәсіпкерлік қызметті мемл. реттеудің күшін жоюды бірінші орынға қойды. Олар кәсіпкерлерден алынатын салықты азайтуды, бюджет тапшылығын төмендетуді, бағаның құралуын ырықтандыруды, ақша шығарылымын шектеуді, сондай-ақ әлеум. мұқтаждарға жұмсалатын шығынды азайтуды жақтады. Олардың пайымдауынша, мемлекеттің Экономикалық саясатның атқарымы ақша шығарылымын және несиелендіруді реттеумен шектелуге тиіс. Монетаризм идеясы бірқатар елдерде: Ұлыбританияда (тэтчеризм), АҚШ-та (рейгономика), Чилиде, Израильде, Ресейде жүргізілген Экономикалық саясатта көрініс тапты. Экономиканы басқарудың әкімшілдік-әміршілдік жүйесі қираған, өтпелі экономикасы бар, қазіргі заманғы нарықтық тетіктері әлі қалыптаса қоймаған бұрынғы соц. елдерде Экономикалық саясаттың өздеріне тән ерекшеліктері болды. Қазақстанның Экономикалық саясаты нарықтық қатынастарды батыл енгізе отырып, мемлекеттің рөлін арттыруға, барлық деңгейде экономиканың басқарылуын қалпына келтіруге негізделді. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында әлемдік тәжірибе ескерілді, экономиканы нарықтың өзін-өзі реттеуі мен мемлекеттік реттеудің өркениеттік тетіктері оңтайлы түрде ұштастырылды. Нәтижесінде Қазақстанның Экономикалық саясат ТМД елдерінің ішінде алғашқылардың бірі болып өтпелі кезеңдегі экономиканың дағдарысын еңсеріп, экономиканың қарқынды өрлеуі жолына түсті, қоғам дамуының толғағы жеткен міндеттерін дәйектілікпен шеше бастады. [1]

Қазақстан өзі нарықтық экономикада дамушы ел болғандықтан, өзінің экономикасын осы күнге дейін дұрыс жүзеге асырмауда, оның дәлелі сонау КСРО кезінен бері кеңес одағының шикізат көзі болып табылған Қазакстан, кәзірдің өзінде де шикізаттың арқасында өзінің экономикасын дамытып жатыр. Осыған байланысты мен өзімнің мақаламдаҚазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстарын зерттеп, дамыту жолдарын қарастырамын. Менің мақаламда осы тақырыпты алған себебім Қазақстан Республикасы табиғи байлықтарға бай бола отырып, Менделеев таблицасының химиялық элементтеріне ие бола отырып, не үшін еліміздің экономикасы мен өнеркәсібі артта калып келеді? Сонымен қатар жүзге жуық мемлекеттермен сауда катынастарын жасай отырып, айтарлықтай экономикалық жетістіктеріміз жоқ.

Сыртқы сауда кез-келген мемлекеттің экономикасында аса маңызды роль атқарады. Оның дәлелі сонау тарихи оқиғаларды алып қарасақ, сол кездің өзінде-ақ ежелгі мемлекеттер бір - бірімен сауда қатынастарын жасай бастаған. Бүгінгі күні сыртқы сауданың арқасында мемлекеттер дамыған мен дамушы мемлекеттер болып өзара бөлініп жатыр. Осы дамушы елдердің сыртқы саудасын қарай отырып, оларды екі топқа бөлеміз: бірінші топқа: сыртқы саудада электрониканың арқасында дамып жатқан, Оңтүстік Шығыс Азия (ОША), Корея, Сингапур, Малазия және тағы басқа мемлекеттер жатады. Екінші топқа: "мұнай шуының" (нефтянной бум) немесе шикізатты сатудың арқасында экономикасы жедел дами бастаған Парсы шығанағының елдері Катар, Кувеит, Біріккен Арап Әмірлігі, Багам, Бермуд мемлекеттері мен Латын америкасының бірнеше елдері кіреді. Бұл топқа кіретін елдердің экономикасы осы шикізат сатудың арқасында қарқынды өсу жолында, соның бірі Қазақстан Республикасын осы топтың екіншісіне, яғни "мұнай шуының" еліне жатқызуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты еңбекпен қамту туралы алғашқы
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Саяси партияның қызметтері
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясаты: саяси талдау
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Қазіргі заманғы саяси процесс саяси ғылымның зерттеу объектісі ретінде
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатының қазіргі жағдайының даму перспективалары
Аймақтық өсу теориялары
Саяси зерттеулердің негізгі әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz