Орталық басқару органдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
кіріспе

кіріспе
Мемлекет механизмі түсінігі
0.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары
0.2 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары
0.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі

2 Қазақстан Республикасының мемлекет механизміндегі Президент пен Үкімет
2.1 Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттік биліктің кепілі
2.2 Үкімет

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3
4
4
9
10
12
12
29
23
25

Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы Қазақстан Республикасының мемлекет механизміндегі Президент пен Үкімет деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік механизмі ұғымы, нысандары, құрылымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып беру.
Мемлекеттік аппарат мемлекеттік органдардың жүйесін өзімен байланыстырады және мемлекет алдындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру арқылы өз қызметін айқын көрсетеді. Қандай да болмасын мемлекеттің ең негізгі құрамды элементі - бұл аппарат болып табылады.
Мемлекетті сан қилы қызметін атқаратын механизмі болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар - құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылады. Олардың қатарына мыналар жатады:
oo мемлекеттік аппараттың жалпы сипаты, нақтырақ айтқанда түсінігі, белгілері және нысандары;
oo мемлекеттік аппараттың құрамын құрайтын мемлекеттік органдардың түрлеріне нақтырақ толық мәлімет беру,
oo мемлекеттік аппарат қызметінің және ұйымдастырылуының негізгі принциптерін талдап беру.
Жалпы мемлекеттік аппарат өзінің мақсаты бар және оны орындау үшін - өз құзіреті бар мемлекеттік аппараттың бір буынына жатады. Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін, әр сұрақты жеке - жеке қарастырып өтелік.
Мемлекетттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекет механизмі түсінігі
0.1 Мемлекет механизмінің құрылымы мен аппаратты ұйымдастыру, қызмет қағидалары

Демократиялық құқықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынандай органдардан тұрады:
1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді:
1) Жоғары өкілдік орган - Парламент. Парламент - бірден - бір заң шығаратын орган.
2) Жергілікті өкілдік органдар - оюлыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар.
2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент.президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді.
3. Атқарушы орган. Қазақстанда жооғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер.
4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенттіктер, ведомстволар жатады.
5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғары Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады.
6. Прокуратура. Ол заңдардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган.
7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады.
8. Барлау, қарсы барлау органдары.
9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
Мемлекеттік механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі - мемлекеттік орган. Мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден тұрады, бұлардың айрықша түрі - лауазымды тұлғалар болып табылады. Мемлекетік қызметкерлерді материалдық игіліктерімен қамтамассыз ету - қоғамның міндеті.
Мемлекеттік органның биліктік өкілеттері болады. Олар:
oo атқарылуы міндетті болып келетін нормативтік- құқытық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
oo мемлекетік органдар қабылдаған актілерді басшылыққа алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамассыз ету болып табылады.
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
1. Туынды тәсілдер бойынша:
а) Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мұрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы құрылмайды;
б) Туынды (үкімет, прокуратура,т.б). Бұларды бастапқы органдар құрады және бұларға үкіметтік (биліктік) өкілеттерді солар береді.
2. Биліктік өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) Ең жоғары (үкімет);
б) Жергілікті (әкімшілік);
3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) Құзырлары жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) Құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары).
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы(Әділет және т.б. министірліктері);
в) Сот органдары (соттар);
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) Алқалыоргандар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайттындар (Папламент,Үкімет және т.б.)
б) Жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызметін атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар - мемлекеттік органдарды құру және олардың қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері.
Принцип түрлері:
1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты - адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, бұлжытпай қорғауы болатын міндеттерін айқындайды.
2. Демократиялық қағидат - азаматтардың мемлекеттік ооргандарды құру және олардың қызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
3. Билік бөлінісі қағидаты - үкімет органдары мен лауазымды адамдар тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды бодырмаудың механизмдерін құрудың, жасаудың басты шарты мен негізі.
4. Заңдылық қағидаты - Конституцияны, заңдар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын қажет екендігін білдіреді.
5. Жариялық қағидаты - құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамассыз етуді айқындайтын негіз.
6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты - мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі жоғары мамандарды пайдалану ісін іс жүзінде тәжірибеге енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке- дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты - мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамассыз етудің алғышартының міндеттік негізі.
8. Сайланбалылдық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты - мемлекеттік басқару ісінде жекелендіру мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.
9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты - мемлекеттік аппартта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.
Мемлекеттің саяси режимі:
Саяси режим дегеніміз - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.
Саяси режімдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық;
Антидемократиялық саяси режіим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси реждимнің белгілері:
1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етуі, қызмет атқаруы.
2. Идеологиялық плюрализм, қоғамда әртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
2. Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.
Тооталитарлық режимнің белгілері:
1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйытқысы болады.
2. Бір ғана идеология үсьемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір алуандығы) болмайды.
3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.
4. Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы басқарылады.
5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
6. Шектен шыққан әлеуметтік даурықпалық (демагогия) орын алады.
мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл басқару-орындау қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен
бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға бағыну негізінен теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық, интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық, білімділік және т.б).
Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз. Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.
Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің тұрақты болуының себебі оның институциализациясында, әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады.
Яғни, билік әлеуметтік теңсіздік негізінде пайда болады, бірақ бұл теңсіздік автоматты түрде билік қатынастарына ықпал етеді деген сөз емес. Мысалы, мекеме директоры көрші заводтың жұмыскерлеріне өкім бере алмайды. Билік беруге басқару, екіншісіне бағынуды мазмұндайтын
нормалар мен ережелер бекітілгенде ғана және осы ережені бұзғандар бойынша санкция шыққанда ғана пайда болады. Міне, біз осы ережелерден кейін ғана билікті әлеуметтік институтқа, әлеуметтік теңсіздікке негіздеген
деп айта аламыз.
Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі жөніндегі шешімдер болуы мүмкін. Биліктің бұл түрі осы еңбегіміздің мазмұнынан және бір бөліміне арқау болып отырған - мемлекеттік билік.
Мемлекеттік биліктің негізінен әлеуметтік теңсіздіктің ерекше түрі енеді - ол саяси теңсіздік. Саяси теңсіздік бұл - саяси мәртебелердің теңсіздігі. Адам жауапкершілігі мол шешім қабылдау құқығын Үкімет мүшесі бола отырып, Парламент депутаты бола отырып, қоғамның иерархиялық құрылуында өзінің ерекше мәртебесіне байланысты ала алады. Адамның осындай дәрежеге жетуіне ықпал етуші факторлардың қатарына жеке тұлғаның ерекше өзгешеліктерін атап айтуға болады: білім деңгейі, саяси ұйымдар қолдауы, жаппай ақпарат құралдарына қол жеткізу және т.б.
Әлеуметтік теңсіздік қоғамды басқару үшін мүмкіндік туғызады. Себебі социумның өмірлік координациясы үшін басқару орталығы ми штабы, сонымен бірге жекелеген және топтық мүдделердің өзімшілдігін жеңу қажет.
Демек, қоғам тарихы - саяси теңсіздікті жою тарихы емес, бұл - қоғамды ұйымдастырудың тиімді әдістерін құру және іздеу. Саяси билік қашанда қоғамның дамуына үлес қосқан.
Саяси (мемлекеттік) билік қатынастарын реттейтін нормаларды сақтау саяси социализация үрдісімен қамтамасыз етіледі: адам бала шағынан өзінен орындауды талап ететін бұл нормалармен танысады. Жеке тұлға норманы сақтауы өзіндік әдет, қарапайым іс болып кетеді.[1] [1]Чиркин В.Е., Легализация, лигитимизация государственной власти Государство и право. М. 1995. №8
Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі, сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады.
Мемлекеттік билік органдары - мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді.[1]
Мемлекеттік билік органдары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:
1. Конституциямен, республикалық заңдармен мемлекет қызметін және міндетін тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен бекітілетін органдар. (Республика Үкіметі, Парламенті, сот органдары).
2. Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар (Президент әкімшілігі және тағы басқалары).
Мемлекеттік билік органдары мемлекет механизмін қамтиды.
Мемлекеттік механизмі түсінігі мемлекеттік аппарат категориясымен тығыз байланысты. Соңғысын екі мағынада: тар және кең мағынада түсінуіміз қажет. Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекеттік органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес келеді. Неғұрлым тар (арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі.
Ендеше, мемлекет механизмі (аппараты) бұл - Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де республикалық заңдарда бекітілген, тепе-теңдік және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі. Яғни, мемлекеттік билік органдары мемлекеттік механизмге тоғысады. Біз қай тұрғыдан болмасын, мемлекеттік билік органдарын қарастырғанда мемлекеттік механизмді де қарастыруымыз қажет.

6.2 Мемлекеттік аппараттың түсінігі және оның нысандары

Мемлекеттік аппарат - бұл қоғамды басқару үшін арнаулы құрылған мемлекет органдарының біртұтас жүйесі. Оның нышандары: мемлекет қоғамды басқаратын және тек қана қызметпен шұғылданатын адамдардан тұрады; мемлекеттік аппарат мекеме мен органдардың байланыс жүйесі; мемлекет органдарының қызметі ұйымдастырушылық, материалдық және әкімшілік кепілдіктерімен қамсыздандырылады; мемлекеттік аппарат азаматтардың заңды мүдделер мен құқықтарын қорғау үшін құрылады 1, 48б..
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы Заңының 2-бабында: Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік органдар мен олардың аппаратында конституциялық негізде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыруға, мемлекеттің өзге де міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған кәсіби қызмет делінген 2, 3б..
Мемлекеттік аппаратың ерекше ішкі құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бір жүйеге біріктіріледі. Бұл жүйенің негізін экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезім құрайды. Осы жүйеде әрбір органның өзінің орны, бір-бірімен қарым-қатынастары, қызметінің негізгі принциптері көрсетіледі. Дамудың әрбір кезінде мемлекеттік органдардың орындайтын қызмет бабы және істері өзгеріп отырады. Шығыс мемлекеттерде бүкіл аппаратты бір орталыққа бағындыратын - патшаның билігі орнаған Парламенттік республикада негізгі функциялар парламенттің қолында болады. Мемлекеттік аппарат дамуының объективтік бағыттары байқалады: бюрократизация, дифференция, профессионализмнің өсуі. Мемлекеттің әрбір типіне мемлекеттік аппараттың ерекше нышандары сәйкес келеді. Мемлекеттік қызмет - конституциялық негізде баянды етілетін азаматтардың мемлекеттік органдар мен оның аппаратындағы мемлекеттік басқаруды, басқа да мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді атқаруды жүзеге асыратын кәсіптік қызметі 1, 48б..
Әдетте заң әдебиеттерінде мемлекеттік аппарат және мемлекет механизмі түсініктері синоним сөздер ретінде қолданылады. Мемлекеттік аппарат - бұл мемлекеттің басқарушылық қамтамасыз етушілік және қорғаушылық функцияларын іске асыру бойынша жұмыстарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың біртұтас, иерархиялық жүйесі 3, 5б..
Мемлекет аппаратының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық салаларының тиісті ұйымдасуы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызмет құрайды.
Бұл қызметтің нысандары көп жағдайда басқарудағы заңдар мен құқықтық механизмдердің қолданылу шамасына байланысты. Осыған сәйкес, мемлекеттік аппарат қызметінің келесі нысандарын бөліп қарастыруға болады:
1) тікелей басқарушылық - бұл ғылыми ұсыныстар жасаумен, тәжірибе алмасумен байланысты, құқықтық сипатты иеленбеген қызмет түрлері;
2) құқықтық нысандар - бұл құқықтық заңды сипаттағы қызмет түрлері, яғни, олар барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады және мемлекеттік міндетті салдарды туындатады. Мемлекет аппараты қызметінің негізгі құқықтық нысандарына мыналар жатады:
а) құқықшығармашылық қызмет - бұл нормативтік актілер жобаларын дайындауға, оларды қабылдау мен жариялауға байланысты қызмет;
б) құқыққолданушы қызмет - бұл құқықтық нормаларды жүзеге асырумен байланысты қызмет;
в) құқыққорғаушы қызмет - бұл заңдардың сақталуын бақылаумен және қадағалаумен, кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартумен т.б. байланысты қызмет 3, 22б..
Осы жерде мемлекеттік аппараттың жалпы сипаттағы белгілеріне тоқталып өтелік.
Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқарумен шұғылданатын адамдардан тұрады (заң шығарумен, заңды орындаумен, оларды бұзудан қорғайды).
Екіншіден, мемлекеттік аппарат органдардың және мекемелердің қиын жүйесі, өздерінің негізгі билік қызметтерін іске асыруға тығыз байланыста болады.
Үшіншіден, мемлекеттік аппарат бөліктерінің барлық қызметтері ұйымдастыру және қаржы құралдарымен қамтамасыз етіледі 4, 69б..

6.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі

Мемлекеттік билік органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу жолдары - қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.
Мемлекеттік билік органдары Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге белгілі жас мемлекетіміз - Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау тігіп, тәуелсіздік алғанына он төрт жылдың жүзі болды. Көптен күткен тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі он төрт жылда еліміздегі мемлекеттік билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі соңғы бес-алты жыл болар. Олай болса, отандық мемлекет және құқық теорияларында мемлекеттік билеу органдары туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз аман келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік органдары туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!
Біз бұл еңбегімізде мемлекеттік билік органдарының түсінігін, түрлерін ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін қолдана отырып ашық көрсетуге тырыстық. Бұл жөніндегі еңбектерден Ғ.Сапарғалиевтың Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын, А.М.Барнашевтың Теория разделения властей. Становление, развитие, применение - деп аталатын әдебиетін, А.А.Гарановтың Парламент и законодательная власть Казахстана монографиясын, тағы басқа бір қатар еңбектерді атар едік.
Біз осы еңбекті жазарда алдымызға еңселі мақсат қойдық. Ол халық игілігі аталатын мемлекеттің билік органдарын жинақталған материалдар мен өзіміздің түйген ой-пікірлерімізді жүйелеп, саралап, тереңірек зерттеу.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары туралы бір ауыз сөз айтып, мақала жазбаған ғалымдар, заңгерлер, студенттер кемде-кем. Соған қарамастан мемлекеттік билік органдары әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Мемлекеттік билік органы бұл - күрделі тақырып. Ал еңбектің басты мақсаты - осындай күрделі құқықтық құбылыстың түсінігін ашып, түрлерін айқындап, жан-жақты тану.
Өскен, өркендеген елдерде мемлекеттік билік органдары сияқты даңғыл жүйелердің түсінігін, түрлерін, қызметтерін оларды, қайта құру жобаларын жілікше шағып, егжейлі-тегжейлі талдаумен тынбай, мемлекеттік билік органдарының жасаған әр қадамын, қызметтерінің әр сәтін үлкен әнгіменің арқауы етіп жатады. Осындай мінез бізге де ауадай қажет. Жас алаш газетінің 2003 жылы 16 мамырдағы 57 номерінде Ақ жол партиясының саяси реформалар бағдарламасы шықты. Ал осы бағдарлама біздегі мемлекеттік билік органдарының қалыптасып, нығайюына үлкен ықпал етер еді. Біздің тарапымыздан бір ұсыныс - Қазақстан Республикасындағы барлық саяси партиялар саяси реформалар бағдарламасын әзірлеп - халыққа, ел басына ұсынса. Ал осындай істердің нәтижесінде бағдарламада көзделген жүйелі амалдар қорытындыланып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары жаман жақтары болса, солардан арылып жақсы істерге бет бұрар еді, сонымен қатар мемлекеттік билік органдарының құрылымына өзгерістер, жаңалықтар енеді.

2 Қазақстан Республикасының мемлекет механизміндегі Президент пен Үкімет
2.1 Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекеттік биліктің кепілі

Қазақстан Республикасының Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституциясының мызғымастығының, адам мен азаматтық құқықтары мен бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынның себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президенттің мемлекет биліктің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-біріне жатпайды, оның барлық тармақтарының келісіммен қызмет етуін қамтамасыз етуі тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа да заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: басқарудың президенттік жүйесін мемлекеттің бүгінгі таңдағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен амбициялары емес, объективті факторлар тудырады. Және, бұл, біздің еліміз үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет деп жазды.1 Он екінші шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзінен өзі тарқағаннан кейін және Президентке заң шығару органдарының кейбір өкілеттігі уақытша берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша жедел және сапалылық деңгейі айтарлықтай жоғары Конституциялық жай заңдық күші бар жүздеген Жарлықтар шығарады.
Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа келген, өмірлік мол тәжірбие жинақтаған болуы тиіс. Осыны ескере келе, Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде отыз бес жасқа толған азаматы сайлана алатындығы белгіленді.
Қазақстан Республикасының Конституциясымен рұқсат етілетін ең жоғарғы жас шегі де белгіленген. Қазақстан Республикасының 65 жастан аспаған азаматы Президент бола алады. Жастың жоғары шегін белгілеудің бір ғана себебі бар: қабілетсіздігіне қарамастан, адамдардың әбден қартайғанша билік басынан кетпейтін кеңестікке кезең тәжірибесін қайталаудан сақтандыру.[1]
Қазақстан Республикасының Президенттікке үміткер адам міндетті түрде тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін және Қазақстанда кемінде он бес жыл тұру қажеттігін белгілейді. Мұндай талаптың қойылуы дұрыс, себебі мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді, халықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс.
Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік (қазақ) тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты сақталуын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі - оны сақтау болып табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті атқарудан туындайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентті сайлау үшін барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге сайлаушылардың елу пайыздан астамы қатысса сайлау өткізілген болып есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 пайызынан астамы алған кандидат сайланған болып есептелінеді. Егер кандидаттың бірде-бірі аталған дауыс санына ие бола алмаса, қайтара дауыс беру өткізіледі.
Қайтара дауыс беруге көпшілік дауысын алған екі кандидат қатысады.
Дауыс беруге қатысушылардың көпшілік дауысын жинаған кандидат сайланған болып есептеледі.
Мұндай өкілеттіктер мемлекеттік билік органдарының қызметтерін үйлестіріп отыруда зор ықпал етеді. Енді осы өкілеттіктерге тоқталып өтсек.
Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды, Парламенттік өкілеттік мерзіміне Сенатқа жеті депутатты тағайындайды, Парламенттің бірінші сессиясын шақырады, Парламент депутаттарының Қазақстан халқына антын қабылдайды, Сенат төрағасы лауазымына кандидат ұсынады, Палаталардың кез-келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарында қатысуға және сөз сөйлеуге құқылы, Үкімет мүшесі Заңдарды орындамаған жағдайда Парламент Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен босату жайындағы өтінішін қарайды. Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті тарата алады.
Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің келісімімен Республиканың Премьер - министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдарын құрады, таратады және қайта құрады, Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды, Премьер - министрдің оның қызметінің бағыттары туралы баяндамасын тұрақты түрде тыңдайды, өте маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық етеді, Үкімет немесе оның кез-келген мүшесі орнынан түсуі жөнінде мәлімдегенде шешім қабылдайды, конституцияда және заңдарда көзделген өзге де атқарушылық қызметті жүзеге асыруды Үкіметке жүктеуге құқылы.
Президенттің Соттарға және судьяларға қатысты өкілеттігі: Президент
Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысы бойынша қызметке сайлау және қызметтен босату үшін Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот алқалары төрағалары мен судьяларды Сенатқа ұсынады, облыстың және соған теңестірілген соттардың төрағаларын, облыстық және соған теңестірілген сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындайды, Әділет министрінің ұсынысы бойынша республиканың басқа соттары төрағалары мен судьяларын тағайындайды.
Президенттің әкімдерге қатысты өкілеттігі: Премьер - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті атқарушы билік органдары
Атқарушы билік органының ұғымы және негізгі белгілері
Мемлекетті басқару органдарының жіктелуі
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Орталық атқарушы органдар әкімшілік құқықтың субъектісі ретінде
Жергілікті мемлекеттік органдар түрлері
Заң шығарушы билік органдары
ҚР жергілікті атқарушы билік
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Жергілікті өзін-өзі басқару органдары: жағдайы және даму басымдылықтары
Пәндер