Жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ
1.1 26-ХҚЕС Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептіліктің халықаралық стандарттары
1.2. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІ ДАМУЫ
2.1. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі дамуының қазіргі жағдайы
2.2 Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық іс-әрекеттеріне талдау жүргізу мен олардың даму тенденциялары ... 26

3
3.1 Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің шетелдік тәжірибелері
3.2 Еңбек ақыдан ұсталатын міндетті төлемдер есебі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Қазақстан Республикасында әлеуметтік-экономикалық жүйелердің барынша қарқынды дамыған бөлімдерінің бірі - зейнетақы жүйесі. Бүгінгі таңда, зейнеткерлердің жинақтаған қорларының зейнеткерлікке шыққаннан кейінгі өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіздігі, демографиялық мәселелердің толық қанды шешілмегендігі, өмір сүру ұзақтығының және еңбек ақы төлеудің әр түрлілігі, ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшеріндегі айырмашылықтары қазіргі кездегі шешімін таппаған өндірістегі мүгедектік мәселелердің болуы және зейнетақымен қамтамасыз ету түрлерінің өзгеруінің барлығы да - мемлекет тарапынан дұрыс реттеуді қажет ететін әлеуметтік - экономикалық мәселелер болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан - 2030"Жолдауында "Барлық қазақстандықтардың гүлденуiнің, қауiпсiздiгiнің және дамуының басым бағыттарының бiрi -- халықтың материалдық және әлеуметтiк өмiр сүру деңгейiн жақсарту" деп атап өтті. Әлемнің тиімді дамып келе жатқан 50 елінің қатарына енуі үшін мемлекет халықты зейнетақымен қамтамасыз етудің деңгейi мен сапасын жақсарту нәтижесінде Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасауы тиіс. Ол үшін халықтың экономикалық және әлеуметтiк жағдайларының маңызды құраушыларының бірі -- Қазақстандағы жинақтаушы зейнетақы қорлары әрі қарай қарқынды дамып, зейнетақы жүйесі бәсекелестікке қабілетті болуы керек. Бұл Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кешіктіріліп берілетін зейнетақы жойылып, зейнетақы жүйесі оң нәтижелерге ие болуда. Зейнетақы жарнасы қазіргі кезеңде салымшылардың нақты зейнетақысын көбейтуге және ел экономикасын инвестициялауға бағытталған екі қызметті атқаруда.
Аталған жетістіктермен қатар, зейнетақы қайта құрулардың әдістемелік есептеулерде жіберген қателіктер де болды. Атап айтқанда, 1998 жылдан бастап қосылған құн салығы, табыс салығы сияқты салықтар қатарына еніп кеткен біріңғай әлеуметтік салықтың (БӘС) енгізілуінде болып отыр.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің бүгінгі күндегі маңызды кемшілігі - жоғары дәрежедегі зейнетақымен қамтудың болмауы. Қазіргі таңда зейнетақы мөлшері халықтың өзекті мәселесіне айналған. Нарыққа сай барынша жоғары болмай отыр және азаматтардың еңбектік салылымы дұрыс ескерілмеген. Бұл ҚР Президентінің жолдауындағы: "Зейнетақының мөлшеріндегі бұрынғы еңбек үлесіне сүйеніп анықталатын табысты шектеу өзгертілсін" деген ойымен де расталды.
Қазіргі кезде ірі құрылтайшылары бар ЖЗҚ қызмет етуде. Мұндай қорлардың сәтті қызмет етуі, құрылтайшылардың жағдайына және салымшыларының санына тікелей байланысты. Яғни, қосымша зейнетақымен қамтамасыз етуге, әзірше, тек ірі кәсіпорындардың, банктердің және өндірістік - қаржы топтарының жұмыскерлері ғана сенуіне болады. Зейнетақы төлемдерін сатып алу қабілеттігі күрт төмендеуімен қатар, мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етуге қатысу мотивтері де, сақтандыру жарналарын төлеу де төмендеді. Сонымен қатар, келешектегі зейнетақы мөлшері және оны есептеу тәртібі көптеген салымшыларға түсініксіз болып қалуда.
ҚР-ның зейнетақымен қамтамасыз етудегі қайта құру мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етудегі шеңберінде түпкілікті өзгеріс жасауды қажет етеді. Егер уақытында зейнетақымен қамтамасыз етуде институтционалдық, құрылымдық тұрғыда қажетті шаралар қабылданбаса, зейнетақыны сақтандыру үшін және табыс алу үшін активтерді инвестициялау арқылы болашақ зейнеткерлерді ұзақ уақыттың дивидендтермен кепілдендірмесе зейнетақы қайта құруларының барлық нәтижелері уақытша сипатқа ие болады. Осыған байланысты жеткілікті зейнетақымен қамту, яғни Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін әсіресе экономикалық және заңдылық базасын, қаржыландыру жүйесі мен субьектілердің құқықтық қатынас жауапкершіліктерін жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан да зерттеу жұмысы тақырыбының таңдалу себебі әлеуметтік-экономикалық дамудағы тұрғындардың әлеуметтік жақсаруына бағытталған зейнетақы жүйесінің даму заңдылықтарын зерттеудің қажеттілігімен негізделеді.
Курстық мақсаты. Осы әдістемелік ұсынымдарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті Азия даму банкісі кеңесшілерінің толық және тығыз ынтымақтастығымен, Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 88-ө өкімімен бекітілген ХҚЕС-ке көшу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау үшін, сондай-ақ Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарын (ХҚЕС) қолдану кезінде ұйымдарға тәжірибелік көмек көрсету үшін әзірледі.
Берілген ХҚЕС-ті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар ХҚЕС болып табылмайды және Қазақстан Республикасында 26 Зейнетақы жоспарлары бойынша есеп және есептілік БЕХС (IAS) (бұдан әрі - БЕХС 26) қолдануда тәжірибелік көмек көрсетуге ғана арналған. Берілген әдістемелік ұсынымдарда ешбір ереже БЕХС 26 теріске шығармайды.
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесi қызметінің ұйымдастырушылық-экономикалық тетігін жетiлдiру бойынша әдістемелік нұсқаулар дайындап, ғылыми негiзделген ұсыныстар беру.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтiк-экономикалық мәнін нақтылау және теориялық негіздеу ;
- экономикасы дамыған елдердегi зейнетақымен қамтамасыз етудің тәжiрибелеріне ғылыми шолу жасап, отандық зейнетақы жүйесімен салыстыра зерттеу;
- тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуді реттеудегі мемлекеттің мүмкіндіктерін зерттеу және талдау;
- зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін арттырудың факторлары мен көрсеткіштерін жүйелендіру;
- зейнетақы қорларының қызметтерін кеңейтудің қажеттілігін ғылыми негіздеу;
- зейнетақы жүйесін жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық - экономикалық тетіктерін жасау;
- зейнетақы жүйесінің тиімді әрекет етуін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар жасауда экономика-математикалық үлгілерін ұсыну
Курстық жұмыстың негізгі тұстары:
1. Берілген әдістемелік ұсынымдар БЕХС 26 сәйкес зейнетақы жоспарлары бойынша есеп жүргізу және есептілік жасау тәртібін түсіндіреді және зейнетақы жоспарлары бойынша есеп пен есептілік жасау және беру кезінде қолданылады;
2. Берілген әдістемелік ұсынымдар есептіліктің осындай түрін жасайтын ұйымдарда зейнетақы жоспарлары бойынша есептілік үшін қолданылады;
3. Зейнетақы жоспарлары кей кезде басқаша, мысалы, зейнетақы схемасы, еңбек сіңірген жылдар бойынша зейнетақы схемасы немесе зейнетақылық қамтамасыз ету схемасы деп аталады. БЕХС 26 зейнетақы жоспарын есеп беретін объект ретінде, жоспарға қатысушылар жұмыс берушілерден бөлек қарастырады.;
4. БЕХС 26 барлық қатысушылар үшін тұтастай, топ есебінде зейнетақы жоспары бойынша есеп пен есептілікке қатысты. Оның жоспардың жеке қатысушылары үшін олардың зейнетақы төлемдеріне құқығына қатысты ешқандай қатысы жоқ;
5. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік- экономикалық мәнінің ғылыми тұжырымдамасы;
6. Жинақтаушы зейнетақы қорларының активтерін сақтандыру жүйесін тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етуге енгізу қажеттілігіне тұжырымдама;
7. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру бағытында міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын қалыптастырудың әдістемелік негізі;
8. Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қаражаттарды тиімді пайдалану, қор активтерін сақтандыру және салымшылар санын арттыру мақсатында зейнетақы жүйесін жетілдірудің экономикалық - математикалық үлгілері мен даму болжамы.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 2011 жылғы 1 мамырдағы ағымдағы жағдайы

2011 жылғы 1 мамырда республикада 13 жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан əрі
- қорлар) өз қызметін жүзеге асырды. Сəуір айында заңды тұлғаларға зейнетақы жарналарын тарту жəне зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензия берілген жоқ.
16 заңды тұлғаның қорлардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға лицензиясы бар, оның ішінде 13 қор зейнетақы активтерін дербес басқару лицензиясына ие.
Есепті күнде 10 екінші деңгейдегі банк кастодиандық қызметті жүзеге асырды.
Сонымен бірге, 6 екінші деңгейдегі банк қорларға кастодиандық қызмет көрсетті:
HSBC Банк Қазақстан АҚ еншілес банкі, Банк Центр Кредит АҚ, Қазақстан Халық Жинақ Банкі АҚ, Еуразиялық Банк АҚ, АТФ Банк АҚ, Ситибанк Қазақстан АҚ.

Қорлардың салымшылары (алушылары)

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 2 380,6 млрд. теңге жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасымен 8 023 415 болды. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны сəуір айында
6 699 (0,1%) ұлғайды, жинақталған зейнетақы қаражаты да 39,8 млрд. теңгеге (1,7%)
ұлғайды.
2011 жылғы 1 мамыр айында міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының ең көп саны 3 қорда жинақталды: барлық қорлар салымшыларының жалпы санының Қазақстан Халық Банкі - 26,4%, ГНПФ - 22,6% жəне Ұлар Үміт - 22,0%.
Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар (алушылар) шоттарының саны 2011 жылғы 1 мамыр айында жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы
1,2 млрд. теңгемен 38 935 болды. Ерікті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылар шоттарының саны сəуір айында 202 бірлікке (0,5%) азайды.
Ерікті кəсіби зейнетақы жарналары бойынша салымшылар шоттарының саны
2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 105,2 млн. теңгемен 4 100 болды.

Cалымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты

Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаты 2011 жылғы сəуір айында 37,9 млрд. теңгеге (1,7%) ұлғайып, 2011 жылғы 1 мамыр айында 2 206,6 млрд. теңге болды.
Зейнетақы жарналарының жалпы түсуі ағымдағы жылдың сəуір айында 147,8
млрд. теңгеге (7,7%) төмендеп, 2011 жылғы 1 мамыр айында 1 767,7 млрд. теңге болды.
Зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен, салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген таза инвестициялық кіріс сомасы (комиссиялық сыйақыны шегергенде) 2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 557,1 млрд. теңге болды. Сəуір айында таза инвестициялық кіріс 29,5 млрд. теңгеге (5,0%) азайды.
Салымшылардың (алушылардың) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде жинақталған зейнетақы қаражатының көлемі мынадай көрсеткіштермен сипатталды:

млрд. тенге

Күні

1.01.10

1.01.11

1.05.11

1.01.11 салыстырғ андағы өсім
1.01.11
салыстырға ндағы өсім (%-бен)
Жинақталған зейнетақы қаражаты 1 860,5 2 258,2 2 386,3 128,1 5,1

Зейнетақы жарналары 1 488,8 1 821,7 1 767,7 -54,0 -3,0

Таза инвестициялық кіріс 481,7 571,4 557,1 14,3 2,5
Таза инвестициялық кірістің

жинақталған зейнетақы қаражаты
25,9 25,3 23,3 - -2%- дық

сомасындағы үлесі тармақ

2011 жылғы 1 мамыр айына ең көп жинақталған зейнетақы қаражатының сомасына 5 қор ие болды: барлық қорлардың жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы көлемінен Қазақстан Халық Банкі - 787,1 млрд. теңге (33,0%), ҰларҮміт -
441,1 млрд. теңге (18,5%) ГНПФ - 412,4 млрд. теңге (17,3%), Грантум - 178,0 (7,5%), Капитал - 120,6 (5,0%) немесе жиынтығында осы 4 қордың үлесіне барлық жинақталған зейнетақы қаражатының 81,3%-ы келді.

Зейнетақы жарналарының, таза инвестициялық кірістің жəне жинақталған зейнетақы қаражатының өзгеру динамикасы

3000

2500

2 258
2 276 2 300 2 346 2 386

2000

млрд. тенге
млрд. тенге
1500

1000

1 208

1 185

1 421

1 489
1 861

1 822 1 851 1 883 1 916

587

1 768

500
912

339 307
482 571 569 569
557

0
1.01.08 1.01.09 1.01.10 1.01.11 1.0 2.11 1.03.11 1.04.11 1.05.11

зейнетақы жарнасы пенсионные взносы инвесткіріс инвестдоход
жинақталған зейнетақы қаражаты пенсионные накопления

Міндетті зейнетақы жарналарын уақтылы аудармау, жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасауды уақтылы жүзеге асырмау жəне зейнетақы активтерін тиісінше басқармау үшін өсімпұл сомасы сəуір айында 1,5 млрд. теңгеге (11,1%) азайып, 2011 жылғы 1 мамыр айында 12,0 млрд. теңге болды.
Зейнетақы төлемдері жəне қорлардан сақтандыру ұйымдарына аударымдар
2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 192,2 млрд. теңге болды немесе сəуір айында 14,9 млрд. теңгеге төмендеген (7,2%).
2011 жылдың басынан бастап зейнетақы аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру ұйымдарына алушылардың жинақталған зейнетақы қаражатын аударым жасау жалпы сомасы 4,2 млрд. теңгеге 2 921 алушыға жүзеге асырылды. Зейнетақы аннуитет шарттарына сəйкес сақтандыру ұйымдарына алушылардың жинақталған

зейнетақы қаражатын аударым жасаудың жалпы сомасы 2011 жылғы 1 мамыр айында
18,9 млрд. теңгені құрады.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі жөніндегі ақпаратты уəкілетті органның сайтында орналастыру, сондай-ақ қорлардың ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауы салымшыларға (алушыларға) қорды дербес таңдауға жəне зейнетақы заңнамасы бойынша берілген жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару құқығын пайдалануға мүмкіндік береді.
2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жинақталған зейнетақы қаражатын бір қордан екінші қорға аудару, 1 126,2 млрд. теңгені құрады.

Қорлардың зейнетақы активтерінің құрылымы

2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ЗАИБЖАҰ-да инвестициялық басқаруда болған зейнетақы активтерінің жиынтық көлемі 2011 жылғы сəуір айында
42,6 млрд. теңгеге немесе 1,8%-ға өсіп, 2 389,5 млрд. теңге болды.
2010 жылғы 1 мамырдан бастап 2011 жылғы 1 мамырға дейінгі кезеңде зейнетақы активтерінің орташа айлық өсуі 33,5 млрд. теңге болды.

Зейнетақы активтерінің жиынтық көлемінің өзгеру динамикасы

2 400

2 200

2 000

1 986,6 2 000,3 2 018,5 2 052,2

2 089,3

2 129,8 2 170,0

2 207,7
2 260,1 2 276,2 2 300,7
2 346,9 2 389,5

млрд.тенге
млрд.тенге
1 800
1 600

1 400

1 200

1 000

1.05.10 1.06.10 1.07.10 1.08.10 1.0 9.10 1.10.10 1.11.10 1.12.10 1.01.1 1 1.02.11 1.03.11 1.04.11 1.05.11

ЗАИБЖАҰ ЖЗҚ
зейнетақы активтері

млн. теңге
%-бен

ЗАИБЖАҰ ЖЗҚ
зейнетақы активтері

млн. теңге
%-бен

Зейнетақы активтерінің жиынтықты көлемін бөлу

Қазақстан Халық Банкі жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ
788 824
33,01
"Жетісу" ЗАИБЖАҰ" АҚ
441 058
18,46
"ҰларҮмiт" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
441 058
18,46
"ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
413 315
17,3
"GRANTUM Asset Management" ЗАИБЖАҰ" АҚ (Қазкоммерцбан
АҚ ЕҰ)
к
178 280
7,46
"ГРАНТУМ жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
178 280
7,46
Капитал ЖЗҚ АҚ - Банк ЦентрКредит АҚ еншілес ұйымы
120 725
5,05
"Мұнайгаз - Дем" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
85 178
3,56
"Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры " АҚ
79 238
3,32
"Нұр-Траст" ЗАИБЖАҰ" АҚ, "Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы
73 206
3,06
"Атамекен" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
73 206
3,06
"Отан" ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
65 345
2,73

"РЕСПУБЛИКА жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
63 360
2,65
"АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ
56 780
2,39
"Қазақмыс жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ 24 185 1,01
ЖИЫНТЫҒЫ: 2 389 494 100,00

Инвестицияланған зейнетақы активтерінің көлемі бір ай ішінде 55,5 млрд. теңгеге немесе 2,42%-ға өсіп, 2011 жылғы 1 мамыр айында 2 346,7 млрд. теңгені құрады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфеліндегі ҚР эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздар үлесі 2011 жылғы 01 мамырда инвестицияланған зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 45,32%-ын құрады, ол
1 063,6 млрд. теңгеге сəйкес. ҚР эмитенттерінің мемлекеттік бағалы қағаздар көлемінің сəуір айында ұлғаюы ЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінде 42,8 млрд.теңгені құрайды.
ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздар үлесі 2011 жылғы 01 мамырда инвестицияланған зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 31,38%-ын құрады, ол 736,4 млрд. теңгеге сəйкес. ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздар көлемінің сəуір айында ұлғаюы ЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінде
17,8 млрд.теңгені құрайды.

Қаржы құралдары
на 1.04.2011г.
на 1.05.2011г.

млн. тенге
%
млн. тенге
%

Қаржы құралдары
на 1.04.2011г.
на 1.05.2011г.

млн. тенге
%
млн. тенге
%

ЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелі

ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары, оның ішінде
1 020 751
44,55
1 063 619
45,32
ҚР еурооблигациялары
0
0,00
0
0
Қаржы министрлігінің бағалы қағаздары
916 676
40,01
907 560
38,67
Ұлттық Банктің ноттары
98 585
4,30
150 548
6,42
жергілікті атқарушы органдардың бағалы қағаздары
5 489
0,24
5 511
0,23
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздары

227 385

9,92

223 982

9,55
акциялар
87 787
3,83
84 728
3,61
облигациялар
139 598
6,09
139 254
5,94
Шетел инвестициялық қорларының пайлары
0
0,00
0
0
Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы

қағаздары
54 311
2,37
59 928
2,55
Шетел эмитенттерінің мемлекеттік бағалы

қағаздары
36 220
1,58
12 893
0,55
Тазартылған алтын
53 517
2,34
73 935
3,15
ҚР эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы

қағаздары, оның ішінде
718 567
31,36
736 367
31,38
акциялар
173 219
7,56
173 086
7,38
облигациялар,оның ішінде:
545 347
23,80
563 281
24,00
шетел валютасында номинирленген
18 395
0,80
18 017
0,77
теңгеге номинирленген
526 952
23,00
545 264
23,24
Екінші деңгейдегі банктердегі салымдар
180 550
7,88
176 052
7,50
Туынды бағалы қағаздар -113 0,00 -108 0
Жиынтығы 2 291 189 100,00 2 346 666 100

Эмитенттер бағалы қағаздар шығарылымы бойынша дефолтқа жол берген бағалы қағаздардың үлесі 2011 жылғы 1 мамырда зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің
0,85%-ын құрады, бұл абсолютті мəн бойынша 20,3 млрд. теңге болды.

Қорлардың номиналды кірісінің коэффициенті туралы мəліметтер

2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері бойынша номиналды кірістің орташа алынған коэффициенті:
- 5 жылдық кезең ішінде (2006 жылғы сəуір - 2011 жылғы сəуір) - 35,78% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі - 62,02%). Номиналды кірістің орташа алынған түзетілген коэффициенті - 35,49%;
- 3 жылдық кезең ішінде (2008 жылғы сəуір - 2011 жылғы сəуір) - 14,27% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі - 26,31%).
- 12 айда ішінде (2010 жылғы сəуір - 2011 жылғы сəуір) - 3,5% (ұқсас кезеңдегі инфляцияның жинақталған деңгейі - 8,4%).

Жинақтаушы зейнетақы қорларының номиналды кірісі коэффициентінің өзгеруі
2011 жылғы 1 мамырда 2011 жылғы 1 сəуір айындағы көрсеткішімен салыстырғанда мынандай сипатта болды:
- 60 ай ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 1,37 пайыздық тармаққа азайды;
- 36 ай ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 0,05 пайыздық тармаққа өсті;
- 12 ай ішіндегі номиналды кіріс коэффициенті 0,24 пайыздық тармаққа өсті.

2010 жылғы қаңтардан 2011 жылғы сəуірге дейінгі кезеңде 60 айдағы номиналды кіріс коэффициентінің 46,16 мəнінен 35,78 мəніне дейін төмендеу үрдісі байқалады.

Қорлардың жинақталған зейнетақы активтері мен номинальді кіріс коэффициенттерінің арақатынасы

2400
2100
1800
1500
1200
900
600
300
0
50
40
30
20
10
0
1.01.10 1.01.11 1.02.11 1.03.11 1.0 4.11 1.05.11

Зейнетақы активтері, млрд теңге ЖЗҚ номиналды кіріс коэффициенті (12 ай)

ЖЗҚ номиналды кіріс коэффициенті (36 ай) ЖЗҚ номиналды кіріс коэффициенті (60 ай)

Қорлардың қаржылық жай-күйі

Қорлардың жиынтық капиталы 2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 77,7 млрд. теңге болды, оның ішінде жарғылық капитал - 40,5 млрд. теңге немесе жиынтық капиталдың жалпы көлемінің 45,4%-ы болды. Қорлар бойынша активтердің жалпы сомасы 2011 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 89,2 млрд. теңге болды.
2011 жылғы қаңтар-сəуір айларында 2 қор (АМАНАТ Қазақстан жəне
Отан) жалпы сомасы 0,8 млрд. теңге шығынға ұшырады, бұл ретте 11 қор жалпы сомасы 8,1 млрд. теңге пайда алды. Қорлардың таза кірісінің жалпы сомасы 201 жылғы
1 мамырдағы 7,3 млрд. теңге болды.
Қорлардың меншікті активтері есебінен қаржы инвестициялары 2011 жылғы
1 мамырдағы жағдай бойынша 73,9 млрд. теңге немесе қорлардың жиынтық активтерінің 82,9%-ы болды.
Қорлар меншікті активтерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына - 64,1%, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына - 15,8%, екінші деңгейдегі банктердегі салымдарға - 17,5%, шетел эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына - инвестициялардың жалпы көлемінің 1,6%-ын орналастырды.

Республика экономикасындағы зейнетақы секторының
ролін сипаттайтын
қатысты көрсеткіштердің динамикасы

1.01.06

1.01.07

1.01.08

1.01.09

1.01.10

1.01.11

1.05.11

Республика экономикасындағы зейнетақы секторының
ролін сипаттайтын
қатысты көрсеткіштердің динамикасы

1.01.06

1.01.07

1.01.08

1.01.09

1.01.10

1.01.11

1.05.11

Республика экономикасындағы зейнетақы секторының ролі

ЖІӨ млрд.теңге
Жинақталған зейнетақы
7 453,0
10 139,5
12 849,8
16 052,9
17 007,6
21 513,5
23 780,9*
қаражатының ЖІӨ-ге
қатынасы, %-бен
8,7
9,0
9,4
8,8
10,9
10,5
10,0
Зейнетақы жарналарының
ЖІӨ-ге қатынасы, %-бен
6,9
6,7
7,1
7,4
8,8
8,5
7,4
Таза инвестициялық
кірістің ЖІӨ-ге қатынасы,
%-бен

2,1

2,5

2,6

1,9

2,8

2,7

2,3
Қорлардың жиынтық
капиталының ЖІӨ-ге

0,2

0,2

0,2

0,3

0,4

0,4

0,3
қатынасы, %-бен

* - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму жəне сауда министрлігінің болжам деректері

Жоспар

Кіріспе

I Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері.

1.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ұғым.
1.2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесін құрудың алғышарттары.

II Қазақстан Републикасының зейнетақы нарығына экономикалық талдау.

2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының жалпы нарықтық жағдайы туралы.
2.2 Зейнетақы активтері мен қорлардың инвестициялық қызметіне экономикалық талдау.

III Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің алдындағы тұрған қиындықтары және оларды шешу жолдары.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе

Қазақстан Республиканың егемендік алуымен әлеуметтік мәселе жөнінен әр-түрлі туындай бастады. Осы мәселенің ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі алдынғы орынға шықты. өйткені зейнеткерлер қамқорлықты қорғауды қажет ететін тұлғалардың алдынғы қатарына жатады. 1990 жылдардың басты кезендерінде зейнеткерлерге зейнетақы төлемдері ретінде төлейтін қаражаттардың болмауы олардың әлеуметтік жағдайының нашарлауына әкелді. Зейнетақымен қамтамассыз ете алмау мәселесі келесі себептерге байланысты болды:
1 мемлекетте қарттардын көбеюі
2 зейнетақы жарналарын есепке ал ып отыратын арнайы үйымның болмауы.
3 өз бетімінен жүмыс істеп жатқан тұлғаларға деген бақылаудын болмауы
4 Бюджеттік емес қорлардың қолдануындағы бақылаудың болмауы
5 әрбір облыстын жағдайын есепке алмай жергілікті бюджеттен ақша төлеудің мүмкіндігінің болуы және т.б.
1998 жылдың 1 қантарынан бастап зейнетақы нарығында күрделі өзгерістер пайда болуы негізінде 1997 жылдың 20 маусымында жарық көрген Қазакстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамассыз ету туралы заң жатыр. 1998 жылдын 1 қантарына дейінгі зейнетке шыққан тұлғалар және еңбек етуші тұлғалар, олар зейнетақы төлеу орталықтары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігіне ие болды. Ал 1998 жылдың 1 қаңтарынан бері қарай еңбек етерлі тұлғалар өздерінің жеке зейнетақы шоттарын ашып, қаражат жинақтау мүмкіндігіне ие болды.
Активтер басқаратын компанияның жұмысы дұрыс көрсетілмей жатыр деп агенттік зейнетақы қорына айтса, онда қор басқа компанияны тандауына болады. Зейнетақының белгілі бір бөлігі депозит түрінде болады. Ал, көп бөлігі бағалы қағаздарға салынады. Көбінесе мемлекет бағалы қағаздарды сатып алуға жүмсалады, қандайда компанияның банкроттыққа үшырауынан тек 10 % -ды жоғалтады. Ал, 90 % қолда қалады.

I Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негіздері.

1.1 Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы түсінік.

Зейнетақы реформасының байы мақсаты-экономикалық тұрақтылықты ескеріп тұратын қаржылық жағынан тұрақты және әділетті жүйені қүру. Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан Чили мемлекетінің моделін негіз етіп алды.
1997 жылы үкімет зейнетақы жүйесің реформалау басталды, оның басты мақсаты әлеуметтік (салидарная) жүйеден жинақтаушы жүйеге біртіндеп көшу болып табылады.
1998 жылы "Зейнетақы жүйесі туралы" заң қабылданды. Бұл заң бойынша зейнетақы жүйесі 2-ге бөлінеді:
1 Ынтымақтастық
2 Жинақтаушы
Зейнетақы дегеніміз- орталықтан, жинақтаушы зейнетақы қорларынан, ал әскери қызметшілер, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері үшін тиісті қызметтерді ұстауға көзделген қаражат есебінен төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Ыңтымақтастық жүйенін құрамына әлеуметтік салықтар және республикалық бюджетке түсетін басқа да салымдар жатады. Ал, жинақтаушы жүйенің қүрамына әрбір азаматтың еңбек ақысының 10 % , мен еркін салымдар кіреді. Жинақтаушы жүйеге көшу ұзақ уақытты қажет етеді, сондықтан біздін жағдайда толығымен бұл жүйеге көшу 2040 жылға дейін жалғасады. Жинақтаушы жүйеге көшкен кезде мемлекет толығымен зейнеткерлердің зейнетақыларын алатынына уәде береді.
Сонымен қоса мемлекет зейнетақы жүйесінің субектілерін үнемі қадағалаумен айналысады. Олар: жинақтаушы зейнетақы қорлары, банк-кастадиан және зейнетақы активтерін басқаратын үйымдар.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары- мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары.
Банк-кастодиан - клинттердін сеніп тапсырған бағалы қағаздарымен ақша қаражаттарын жауапкершілікпен сақтау және есепке алу жөнінде қызымет көрсететін банк.
Жинақтаушы зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания - мемлекеттік емес зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардын міндеті зейнетақы жарналарын жинайтын және алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлейтін, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті жүзеге асыратын және оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банкілердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңды түлға.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры - салымшылардын міндеті және ерікті зейнетақы жарналарын жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, сондай-ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру жөнінде қызметті және осы заңда белгіленген тәртіппен оларды зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания арқылы инвестициялайды асыратың заңды түлға.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлері :
1 Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры:
1) ашық
2) корпоротивтік болуы мүмкін.
2 Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жүмыс істейтін және түратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады.
3 Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол кордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды түлғалардың алушы-қызметкерлері үшін құрылады.
4 Алушынын заңды тұлғамен - акционермен еңбек шартын бұзуы Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорымен Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы шартын бұзу үшін негіз болды .
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары, міндеттері және қызыметін жүзеге асыру
1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының
1) зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға
2) өзінің қызыметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға
3) зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзгеде қүқықтарды жүзеге асыруға қүқығы бар.

1. Жинақтаушы зейнетақы қорлары
1) алушыларға Қазакстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен зейнетақы төлеуге
2) Жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға
3) Салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сүрау салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпарат беруге
4) Алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай күйі туралы ақпараттың қүпиялығын қамтамассыз етуге
5) Қазакстан Республикасының зандарына сәйкес зейнетақы заңдарымен зейнетақы шартынын ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге
6) Алушынын қарызы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорынан екіншісіне аударуға
7) Зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниямен (мемлекеттiк бiр жинақтаушы қорын қоспағанда) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға
8) Бір, үш, бес, он күнтүзбелік жылғы стандарттық уақыт кезендеріндегі өз қызметі туралы статистикалық және өзге де ақпаратты жариялауға міндетті, бұл орайда жинақтаушы зейнетақы қорларына салымдар бойынша табыстарға кепілдікті немесе уәдені қамтитын ақпаратты жариялауға жол берілмейді
9) жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамассыз етуге
10) Қазакстан Республикасының зандарына сәйкес басқа да міндеттерді атқаруға міндетті.

1.2 Жинақтаушы зейнетақы жүйесін құрудың алғышарттары.

Халықтық тәжіребе көрсеткендей халықтың салымдары инвестициялау мақсатпен дүрыс қолданып жатыр. Оларды тартумен мемлекеттік емес институттар жүйесі айналысады. Олар қаржылық делдалдар және ұжымды инвесторлар түрінде қызметтерін атқарады нарықтық экономикасы даиыған елдердін тәжірибесі бойынша үлттық инвестицияның барлық көлеміне бұл институттардын қосқан ұлесі зор. Бұндай институтарға, сонымен қатар мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары да жатады, олар халықты зейнетақымен қамтамассыздандыру арқылы әлеуметтік шараларды шешумен және үлкен инвесторлар ретінде қызметпен айналысады
Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің реформасы зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесін қалыптастыруға әкелді оның басты субектілері мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерін басқару мен айналысатын компаниялар және банк кастодияндар болып табылады. Бұндай институттардын дамуынын бастапқы жылдарындағы жүмыстары арқылы мынандай шешімге келуге болады, қажетті жағдайларды жасап және сәйкес мемлекеттік реттеу кезінде жинақтаушы зейнетақы қорларынын активтері экономикаға аса қажетті инвестициялар ретінде бола алады, негізінен үзақ уақытты болады.
Әлемде 2 зейнетақы жұйесі бар: ынтымақтастық және жинақтаушы.
Біріншісінде, ынтымақтастық жүйеде бүгінгі зейнеткерлер өз зейнетақыларын бүгінгі күнгі жұмысшылар арқасында алып жатыр. Бұл жүйе бойынша жүмысшыларға үлкен ауырлық түседі, себебі зейнетақы қорларына үлкен көлемде салымдар жіберілуі тиіс. Халықтын ішінде зейнеткерлер саның өсуі бүгін үлкен қиындықтардын бірі. Бұл жүйе шығынды деп танылды.
Жинақтаушы жүйеде зейнеткер зейнетақыны өз жинақтарынан алады. Зейнетақы жүйесін реформалау кезінде женілдіктер қысқарады, зейнетақыға шығу уақыты өседі, жеке зейнетақы қорлары дамиды және т.с.с. Әлеуметтік қорғаудын кепілдігінің болмауы жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі тәуекелділік.
Зейнетақы жүйесінің ұйымын тандаудын басты критериі - оның қаржылық тұрақтылығын қамтамассыздандыру.
Қаржылық тұрақтылығын қамтамассыздандыру.
ынтымақтастық жүйе үшін - бұл зейнеткерлер мен жүмысшылар санының, орташа зейнетақы мен орташа енбекақынын орташа мөлшерінің ара қатынасы, сонымен қатар салымдарды жинау денгейі.
жинақтаушы жүйе үшін- бұл активтерді салу, болашақтағы
зейнетақы мөлшері, өмір сұру денгейі мен жұмыс стажынын ара қатынасы.
Өмір сүру денгеінің үзақтығы және өте жоғары зейнетақылар үшін екі жүйеденде салымдардын жоғары мөлшерін қажет етеді.
Реформалаудын мақсаты біреу- кәрі адамдарды қорғау және экономикалық өсуге үлесін қосу.
Қазақстанда жұмыс істеген зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесі жұмыс істеуге жарамсыз халықты қамтамассыздандыруда өзінің тиімділігін көрсетті. Қазақстан Республикамен қабылданған зейнетақы жүйесінің 3 денгейінің қалыптасуының қажеттігің айқындайды, оларға банктік және сақтық компаниялардын үсынатын қызметтері және арнайы маманданған мемлекеттік емес зейнетақы қорлары арқылы мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамассыздандырады.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары халықтын психологиялық қажеттіліктерін қамтамассыздандырады яғни кәрілік кезінде жүмысқа қабілетсіз болған кезде жинаған ақша салымдарын материялдық негіздері ретінде пайдалану. Зейнетақы қорларынын активтері кәсіпорындардын, үйымдардын, азаматтардын салымдарымен, сонымен қатар инвестициялаудан түсетін табыстардан құралады. Зейнетақы салымдарынын ерекшелігі олар ұзақ уақытқа салынады, яғни салымдардын түскен уақыты мен оларды өтеу уақыты ұзақ болып табылады. Сонымен зейнетақымен қамтамассыздандыру жүйесі арқылы ақша қаражаттарын жинақтау ұзақ уақытты болды. Сәйкесінше, бұл уақыт аралығында инфляция жағдайында өз құнын сақтау мақсатымен, олар қысқа мерзімді қаржылық құралдарға, сонымен қатар үзақ мерзімді активтерге және инвестициялық бағдарламаларға салынуы мүмкін.
Қор нарығының дамуына жинақтаушы зейнетақы қорлары үлкен үлес қосуда, себебі өзінің ісінің ерекшклігіне байланысты ұзақ мерзімді инвестициялаумен айналысады және осыдан қаржы нарығынын ұзақ мерзімді секторының қатысушы болып табылады.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде зейнетақы қорлары ең мықты, сенімді және тұрақты жүмыс істейтін әлеуметтік қаржылық институттар болып келеді. Осыдан, ұзақ уақыт жүмыс істейтін зейнетақы қорларында ауқымды мөлшерде қаражатар жинақталады.
Қаржы нарығында мемлекеттік емес зейнетақы қорынын инвестор ретінде үлесі зор және активтерінің қарқыны өте жоғары, сонымен қатар кейбір мемлекеттерде мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері мен инвестициялаудын түсетін табыстарына салық төлеуде женілдіктер беріледі. Осыған байланысты қорлардын жұмыстарына батыс елдерінің қызығушылығы туып жатыр. Бұл құбылысты онай түсіндіруге болады, себебі:
1) Қосымша, зейнетақымен қамтамассыздандыру саласынын институттар жүйесінін дамуы мемлекеттін халықты әлеуметтік қорғау ауытпалығын төмендеуге көмектеседі
2) Мемлекет экономиканың көлемінде мемлекеттік емес зейнетақы қорларынын қаражаттарды жүмылдыру жинақтардын қсуіне және тұтынудын қысқаруына әкеледі.
Дамыған мемлекеттерде мемлекеттік емес зейннетақы қорларының инвестициялық шегі 40-60 жылды құрайды. Осыцған ұқсас инвесторлар жоқ, банктер және қаржылық корпорациялар ұзақ мерзімді инвестицияларын 12-15 жылға жоспарлайды. Сонымен бірге мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен шоғырланған активтер үзақ мерзімге қаржылық құралдарға салынады да, осы уақыттағы айналыстан шығарылады. Осылайша қаржы нарығында алыпсатарлық сұраныстың төмендеуін қамтамассыздандырады. Басқа сөзбен айтқанда, зейнетақы қорларының активтері мемлекеттің қаржы жүйесінің стабилизаторы болып табылады.
Осылайша мынандай қорытындыға келеміз, зейнетақы қорлары қаржылық ресурстарды шоғырландырып, оларды біздін мемлекетке бөлудін дүрыс үйымдастыруына өз ықпалын тигізе алады. Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының активтері ұзақ мерзімді айналысқа негізделгендіктен, Қазақстан экономикасына аса қажетті ұзақ мерзімді инвестицияның бір көзі, сонымен қатар Қазақстаннын қор биржасынын өзіндік стабилизаторы бола алады.
Зейнетақы жүйесін бұрынғы күйінде сақтап қалу аның күйзелісіне және толық құлдырауына әкелетіе еді. Оны бұлдырмас үшін 1997 жылдын 20 маусымында "Қазақстан республикасында зейнетақымен қамтамассыздандыру туралы" заң қабылданды. Осы заң бойынша 1998 жылдын 1-ші қантарынан бастап мемлекетте зейнетақы жүйесі енгізілді және ол нарықтық экономиканың талаптарына жауап беретін болды. (1 сурет)
Жұмысшылардын есебінең қамтамассыздандырылған зейнетақы жүйесін қалыптастыру үшін басқару мен бақылауға байланысты іс-
шаралар қабылданды. Бұның мақсаты зейнетақы төлемдерінің дұрыс бөлінуін, салымдары жоғалтып алу тәуекелінен аулақ жүру үшін және зейнетақы жинақтарын құнсызданбауын қадағалау. Мемлекет жеке түлғалардың жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдар мөлшерін белгілейді. (2сурет)
Зейнетақы жүйесінің тағы бір зейнетақы ерекшелігі зейнетақы жинақтарын тек салымшылардың салымдары арқылы тек ғана жинау емес, сонымен қатар әр түрлі қаржылық құралдарға салу арқылы инвестициялық табыстар арқылы жүргізіледі. Зейнетақы салықтарын бағалы қағаздарға салумен зейнетақы активтерін басқару компаниялары айналысады. ( КУПА- ЗАБК) ЗАБК- ның жұмысын баға қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының үлттық комисиясы бақылайды.
Бұгінгі танда зейнетақы алымдарын тарту және занда белгіленген тәртіппен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыратын бір мемлекеттік және он бес мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары мемлекеттік лицензияны иемденді.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жабық акционерлік қоғам ретінде құрылады. Олар ашық немесе корпоративтік болуы мүмкін. Ашық зейнетақы қорының құрушысы заңды және жеке тұлға бола алады. ЖЗЖ жұмысын бақылаумен айналысатын комитет қордын әр түрінің минималды жарғылық иқорына талаптар қояды және нормативті активтері арқылы лицензиянын болуын, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларынын жұмысын қадағалайды, басқарады да, зейнетақы жинақтарының сақталуын және қайтарымдылығын қамтамассыздандырады. Ұлттық зейнетақы агентігінің талаптары бойынша әрбәр қор зейнетақы еретелерін құрастырады және өзінің қызыметі олар арқылы басқарады. Зейнетақы қоры жеделдік қызыметінің шығындарын зейнетақы салымдарынаң 1% мөлшерінде комиссиондық тқлемдер мен инвестициялық табыстар 10% мөлшерінде жабады.
Зейнетақы активтерін басқаратын компания жабық акционерлік қоғам түрінде құрылады, оның мүшелері занды және жеке түлғалар бола алады. Қазақстан Республиканың бағалы қағаздар жқніндегі Ұлттық, комиссиясы компанияның қызметін қадағалайды, реттейді және лицензия береді.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры (МЕЖЗҚ) қызыметі кәсіпорындакрдың, ұйымдардын және азаматтардың еркін, ақша салымдарын тартуға зейнетақы активтерін басқарумен айналысатын компанияға өз активтерін салуға, зейнетақы жүйесінің қатысушыларына өмір бойы немесе ұзақ мерзім бойы үнемі салымдарын төлеп тұруға бағытталған комерциялық ұым. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының мемлекеттік емес қордан айырмашылығы, мемлекет азаматтардын салымдарыны сақтығын қамтамасыздандырады. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері тек қана тәуекелі өте төмен және табысты аз әкелетін құралддарға, яғни мемлекеттік бағалы қағаздар, халықаралық қаржылық үйымдардын бағалы қағаздарына салынады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының активтерінің үлкен бөлігін активтерді басқарумен айналысатын компания мемлеккеттік бағалы қағаздарға және банктердін депозиттеріне салады. Ал белгілі бір бөлігі Қазақстандық кәсіпорын дамуына үлес қосу мақсатымен, олардын акциа мен облигацияларын иемденуге бағытталады. Бірақ бұларда Қазақстанның қор биржасынан алған А митингі болуы керек. Осылайша мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорлары мемлекеттік жинақтаушы қорға қарағанда инвестиция бойынша көбірек табыс алады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жинақтарының салығын Қазақстан Республиканың Үкіметі қабылданған шаралар жиынтығы қамтамассыздандырады. Сақтаудын ең манызды денгейі мемлекеттік емес зейнетақы қоры зейнетақы қаражаттарын инвестициялаумен айналыспайды. Бұл жүмыспен жеке занды тұлға яғни зейнетақы активтерін басқарумен айналысатын компания айналысатын болды. Сонымен қатар барлық операциялар, арнайы лицензияланған банк- кастодиан арқылы жүргізіледі.
Үкімет тарапынан мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесін, зейнетақы активтерін басқарумен айналысатын компаниямен банк-кастодианды бақылауды 3 органға тапсырды. Олар: жинақтаушы зейнетақы қорының жүмысын реттеумен айналысатын еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің комитеті, бағалы қағаздар жөніндегі Қазақстан Республиканың Үлттық комисиясы және Қазақстан Республиканың Үлттық банкі.
Заңмен қарастырылған шаралар жүйесі салымшылардың зейнетақы жинақтарының жоғары денгейдегі сақтығын қамтамассыз етеді.

II. Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығына экономикалық талдау.

2.1 Жинақтаушы зейнетақы қорларының жалпы нарықтық жағдайы туралы.

1997 жылдың 20 маусымда Қазақстанда "Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы" заң қабылданды, бұл заң зейнетақымен қамтамасыздандырудың ынтымақтастық жүйесін 2 бөлікке бөліп, яғни жинақтаушы және ынтымақтастық, 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске аса бастады. Социалистік кеңістікте ең алғаш рет міндетті жинақтаушы зейнетақымен қамтамасыздандыру қағидаты жарияланды. Бұл кезде жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттік реттеудің қатаң жүйесі қалыптасты. Жүйе жинақтаушы зейнетақы қорының, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарының және банк-кастодиандардың қызметін бақылауды қолға алды.
Қазақстан Республикасында 1998 жылдың ішінде 8 зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын компания (ЗАИБЖК), 1 мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры, 12 мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры және 5 банк-кастодиан пайда болды. Бір жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің барлық инфрақұрылымы қалыптасты деп айта аламыз.
1998 жылдың соңында зейнетақы активтерінің көлемі 23,5 млрд теңгені құрады.
1999 жылы зейнетақы активтерін салуға рұқсат берілген қаржылық инструменттеркөлемі кеңейді. Әсіресе, ЗАИБЖК зейнетақы активтері есебінен,енді шетел эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздарын сатып алу мүмкіндігіне ие болды.
1999 жылдың соңында зейнетақы жинақтарының көлемі 64,5 млрд теңгені, ал жинақтаушы зейнетақы қорының нақты табысының орташа жылдық коэффициенті 41,38% -ды құрады. Бұл көрсеткіштің жоғарылауының басты себебі, осы жылы теңгенің девольвациясы әсерінен жинақтаушы зейнетақы қорыдағы валютадағы активтердің, курстық бағамның ауқымынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқару мәселелері
Зейнетақы жүйесі туралы
Қазақстан Републикасының зейнетақы нарығына экономикалық талдау
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін талдау
Жинақтаушы зейнетақы қорының маркетингтік қызметтерінің әмбебаптылығы
ЖИНАҚТЫҚ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы зейнетақы қорлары
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі туралы
Жинақтаушы зейнетақы қорлары
Пәндер