Еңбекке сұрныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста


Мазмұны
Кіріспе
1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Еңбек нарығы, еңбек сұранысы мен ұсынысы
1. 2 Еңбек нарығының ерекшелігі
1. 3 Еңбек нарығының шетелдік реттеу үлгілері
2 ЕҢБЕК НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
2. 1 Қазақстандық еңбек нарығында бәсеке қабілеттілікке жетудің маңызды көрсеткіштері
2. 2 Еңбек ресурстарының тиімділігін қолдану шаралары
3 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. 1 Қазақстан Республикасы бойынша 2010 -2012 жж. еңбек нарығының негізгі индикаторлары
3. 2 Еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамуды жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
3
5
5
6
11
14
14
18
24
24
27
29
30
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасының еңбек нарығын реттеу және жетілдіру бойынша ғылыми тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Курстық зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- еңбек нарығының жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;
- еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап, тиімділік деңгейі мен салааралық ерекшіліктерін анықтау.
Зерттеу пәні болып еңбек нарығын реттеу мен халықты жұмыспен қамтудың жетілдіру жолдары таңдалды.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері ретінде еңбек нарығы мәселесі бойынша отандық және шетелдік ғалым-экономистердің ғылыми жұмыстары, Қазақстан Республикасының заңдары, еңбек мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және статистикалық органдардың ресми мәліметтері алынды.
Зерттеу жұмысындағы қорытындылар мен тұжырымдамалар салыстырмалы талдау, материалдарды графикалық өңдеу, экономикалық-математикалық болжамдау, зерттеудің әдістерін қолданумен негізделеді.
Зерттеу жұмысының нормативтік-ақпараттық базасы. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика Агентігінің, Халықаралық еңбек ұйымының, Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің және әлеуметтік бағдарламалар Департаментінің материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЕҢБЕК НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Еңбек нарығы, еңбек сұранысы мен ұсынысы
Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т. с. с.
Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.
Еңбек нарығы-бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етуімен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.
Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған.
Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір - бірімен үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен модельдері болады.
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар) ;
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар) .
Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирма ішінде жылжуына бейімделген.
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :
1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;
3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.
Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.
Қазақстандық экономикалық әдебиеттерде зерттеушілердің біреуі “еңбек нарығы” терминін қолданса, ал екінші біреулері “жұмыс күшінің нарығы” терминін қолдануда. Соған байланысты осы екі терминнің біреуін, яғни “еңбек нарығы” терминін қолданған дұрыс деп ойлаймын.
1. 2 Еңбек нарығының ерекшелігі
Еңбек нарығының ең негізгі айырмашылығы онда ұсынылған тауар қасиетіне байланысты. Сонда осы нарықта не сатылады, не сатып алынады? Бүл сұрқтың жауабы мынадай - әрине, еңбек. Бірақ еңбек дегеннің өзі жұмысшының қызметі, оның игіліктер өндіргенде дене және ой еңбегіне жұмсалған энергиясы. Еңбек адамнан бөлінбейді, ол - жеке түлғаның өмір сүру формасы. Яғни осыдан еңбекті экономикалық, саяси тұрғыдан еркін қоғамда не сатуға, не сатып алуға болмайды. Ерікті адам сатылмайды (қүлиеленушілік мемлекеттер сияқты) және де адамға тиісті қызметтерді де сату, сатып алуға жатпайды, еңбекті де осы тұрғыдан қарастыруға болады. Еңбек нарығында еңбек емес, жұмыс күші сатылады. Жұмыс күшінің саны мен сапасы көптеген факторларға байланысты: жұмысшының кәсіби дайындылығы, квалификациясы, тәжірибесі, жауапкершілігі және де т. б. Жұмыс күшін сату - сатып алуы ерікті жұмысшының келісіліп алынған шарттар бойынша жұмысқа орналасуы ( алынуы ) арқылы жүзеге асады. Шарттар көбінесе жұмыс күнінің үзақтығына, жалақының көлеміне, лауазымына және т. б. аспекттер бойынша жасалынады. Жұмысшыны жұмысқа алған уақытта - мемлекет немесе кәсіпкерлік қызмет көрсетуді қолдануды сатып алады, ал еңбектің иегері болып жұмысшының өзі қалады. Сол себептен « еңбек нарығы » дегенде біз еңбекті тікелей сату немесе сатып алу емес, жұмыс күшін сату немесе сатып алуды қарастырамыз. Әрі қарай еңбек нарығы дегенде біз осы үғымда қарастырамыз.
Еңбек нарығындағы сұрныс басқа да ресурстар нарығындағы сияқты туынды, ол тікелей осы ресурсты қолданып өндірілген тауарлар сұрнысына байланысты. Мысалға, сапалы жолдарға деген қажеттіліктің жоғарылауы жол жұмысшыларына сұранысты арттырады, ал автокөлікке сұраныстың түсуі автокөлік жасаушы жұмысшылардың қызмет көрсетуіне сұранысты түсіреді.
Жоғарыда айтылған тауардың ерекшелігі мен формасының нарықтағы сату, сатып алуы осы нарықтың төмендегідей ерекшеліктерін көрсетеді:
- біріншіден, сатушы мен сатып алушының үзақ мерзімді қарым қатынасы. Басқа түтыну нарықтарында сатушы мен сатып алушының қарым- қатынасы сату объектісін сатып алушының меншігіне берумен аяқталады. Ал еңбек нарығында сатушы мен сатып алушының қарым - қатынасы келісім - шартта белгіленген уақыт аралығында жүргізіледі. Сатушы мен сатып алушының қарым - қатынасының үзақтығы қызмет көрсетуді сату мен сатып алу операцияларына байланысты.
- екіншіден, еңбектің ақшалық емес факторлары ( жоғары мәртебе, еңбек ету жағдайы, денсаулыққа қауіпсіздігі, кәсіби өсу, жұмыс орнындағы моральді климат) үлкен роль атқарады.
- үшіншіден, әр түрлі институционалды қүрылымдардың кәсіби бірлестіктер, мемлекеттің жұмыспен қамтамасыз ету, кәсіби деңгейін көтеру саясаты, кәсіпкерлер бірлестігі, т. б. Бүл негізінен қызмет көрсетуді сатушылар - жалданған жұмысшылар халықтың басты тобын құрайтынына тікелей байланысты. Ал жалданып жұмыс істеу олардың табыс көзі.
Жалақы түтынушылардың ең негізгі табыс көзі, сол себептен жалақы түтынушылардың сұрнысы мен тауарлардың бағасына әсер етеді. Жалақы дегенде біз « еңбек » деген өндіріс факторынан алғандағы табысты айтамыз. Егер түптеп қарастыратын болсақ, жалақы дегенде біз бір уақыт көлеміндегі еңбек бірлігін қолданғанды айтамыз.
Жалақының номиналды және нақтылы екі түрі бар. Номиналды жалақы дегеніміз жалданған жұмысшының жұмыс істеген сағатына, күніне, аптасына, айына, жылына алатын ақша көлемі. Номиналды жалақыныңкөлеміне қарай жалақының деңгейін, табысты біле аламыз. Нақтылы жалақы дегеніміз алынған ақша көлеміне сатып алуға болатын игіліктер мен қызметтер жиынтығы. Ол номиналды жалақыға тікелей байланысты және керісінше, түтыну тауарларының, ақылы қызметтердің қүнына, сонымен қатар жұмысшының төлейтін салығына байланысты.
Жұмыс күшіне баға сұрныс пен ұсынысқа байланысты қойылады. Еңбек нарығында сұрныс субъектісінің ролін мемлекет немесе кәсіпкерлік, ал үй шаруашылығы - ұсыныс субъектісі болады.
Жетілген бәсеке жағдайында кәсіпкерлердің жұмысқа жалдаған жұмысшылар саны мынадай екі көрсеткішпен анықталады: жалақының көлемі мен тауардың шекті қүндылығы ( ақшалай өлшемде ) . Жалданған жұмыскерлердің саны көбейген сайын шекті өнімнің көлемі азаяды. Қосымша еңбек бірлігінің көбею шекті еңбек өнімінің ақшалай қүны жалақы көлемімімен теңесетін болған жағдайда тоқтатылады.
Еңбекке сұрныс көлемі жалақы көлеміне кері байланыста. Жалақының өсуі кезінде басқа жағдайларды тұрақты деп алсақ, кәсіпкер тепе - теңдікті сақтау мақсатында еңбекті қолдануды азайту керек, ал жалақы көлемі төмендеген кезде еңбекке сұрныс көлемі көбейеді. Жалақының көлемі мен еңбекке сұрныс көлемінің арасындағы қатынасты еңбекке сұрныс қисығы арқылы көре аламыз.
Абцисса осінде қажет ететін жұмыс күшінің көлемі ( L), ал ординат осінде жалақының мөлшері (W ) көрсетілген.
W
D L қисығындағы әрбір нүкте жалақының әр мөлшеріндегі еңбекке сұрныс көлемін көрсетеді. Қисықтың кері бағыты жалақының өте аз мөлшерінде сұраныс көлемінің көп екендігін және керісінше, жалақының ең көп мөлшерінде еңбекке сұраныс мөлшерінің аздығын байқаймыз. Еңбекке сұраныс көлемінің функциясы басқаша. Абцисса осінде қажет ететін қызмет көрсетудің көлемі ( L ), ал ординат осінде жалақының мөлшері ( W ) көрсетілген.
W
Еңбек ұсыныс көлемі де жалақының мөлшеріне байланысты. Еңбек нарығында сатушылар жетілген бәсеке жағдайында жалақы мөлшерінің өскен кезінде қызмет көрсетуге ұсыныс көлемін үлғайтуға тырысады. Сол себептен еңбек ұсыныс қисығы оң бағытта.
Еңбек ұсынысының S L қисығы жалақының мөлшері өскен жағдайда жұмыс күшіне ұсыныс көлемі өскенін, ал жалақы мөлшері төмендегенде еңбекке ұсыныс көлемі азайғанын көрсетеді. Қоғамдағы көптеген факторлар жалпы ұсыныс көлеміне, саны мен сапасына әсер етеді. Факторларға халықтың жалпы саны, экономикалық белсенді халықтың мөлшері, жұмыс күнінің орташа үзақтығы, кәсіби құрамы және т. б. жатады.
Еңбекке сұраныс пен ұсыныс қисықтарын қоспай тұрып тағы да бір өте қызық экономикалық құбылысқа тоқталайық. Яғни бұлар : алмастыру эффектісі мен табыс эффектісі. Бүл жағдайды біз жеке индивидумның еңбек ұсынысы жалақының мөлшері өскен кезде қалай өзгеретінін зерттегенде көре аламыз. Бір қарағанда, еңбекке ұсыныс көлемі өсу керек. Бірақ олай емес.
Графикте жалақының берілген мөлшерінде жұмысшының істейтін уақытының жалпы мөлшері берілген. Бұл қисық сұраныс немесе ұсыныс қисықтарынан өзгеше.
W
L S
L
қисығы
Li
I нүктесінде бізді қызықтыратын қисықта еңбек күшіне ұсыныс көлемінің жалақының жоғары мөлшерінде жоғары екенін анықтаймыз. Бірақ
I нүктесінен өткеннен соң S L қисығы бағытын өзгертеді. Қисық өз бағытын кері бағытталып ордината осіне барынша таянады. Бүл өте қызық парадокс, жалақының жоғары мөлшерінде жұмыс күшінің ұсынысы азаяды. Осыдан жалақының тек белгілі бір мөлшеріне дейін ғана ұсыныс көлемі артады, ал одан кейін кеми бастайды. Жалақы мөлшерінің өсуі ұсыныс көлемінің үлғаю мен кішіреюіне әкеледі. Бүл сонда қалай?
Жалақы мөлшері ұлғайған сайын бір сағаттағы істелген жұмыс көлеміне төлем де жоғары болады, ал әр бос өткізілген уақыт жұмысшы үшін бос, далаға кеткен уақыт, сол уақытта табыссыз қалдық дейді. Осы
9 табыс бос уақытты жұмыс уақытына айналдырған кезде ғана мүмкін болады. Сәйкесінше, бос уақыт жұмыс уақытымен ауыстырылады, осы қосымша уақыт аралығында қосымша өнім өндіріледі. Жоғарыда айтылғандарды алмастыру эффектісі деп атаймыз. Берілген графикте I нүктесіне дейінгі аралықта алмастыру эффектісі көрсетілген.
Табыс эффектісі алмастыру эффектісіне қарағанда керісінше және жұмысшының жоғары материалды қамтамасыз етілуі кезінде байқалады. Күнделікті нан табудың мәселелері шешілген кезде бос уақытты өткізу жайлы біздің көзқарасымыз өзгереді. Оған бос уақыт бүрынғыдай қосымша жалақы сияқты көрінбейді. Жоқ, бүл демалу уақыты болып көрінеді және жалақыға қосылмай қалған қаржыны есептемейді. Жоғары деңгейлі жалақы да бүған мүмкіншілік береді. Осыдан тек қана көбірек тауарлар сатып алу ғана емес, көбірек бос уақыт алуға да талаптанады. Ал осыны еңбекке ұсыныс көлемін азайту арқылы ғана іске асыруға болады. Ол үшін бос уақытты қода бар ақшаға емес, бос уақыт үшін жалақыдан алынатын алымға сатып алу керек. Қисық I нүктесінен өткеннен кейін табыс эффектісі басым бола бастайды, бүл жоғары жалақы мөлшерінде ұсыныстың төмендеуіне әкеледі. Жұмысшы көбірек дем алуға үмтылады.
Қай эффектінің басымырақ екеніне жауап табылмаған. Бірақ айта кететін бір жайт, бүл қарастырып отырғанымыз тек жеке индивидтің ұсынысымен байланысты.
Ұсыныс және сұрныс қисықтарын біріктіре отырып өз зерттеуімізді әрі қарай жалғастырайық.
Сұраныс және ұсыныс қисықтарының қиылысу Е нүктесіне көңіл аударайық. Бұл нүктеге графиктеде көрсетілген жалақы мөлшері W E мен осы мөлшердегі L E ұсынысты көрсетеді. Е нүктесінде еңбекке сұрныс көлемі еңбекке ұсыныс көлеміне тепе тең жағдайда. Бүл дегеніміз осы мөлшерде жалақы төлейтін кәсіпкер өзіне қажетті жұмыс күшін ала алады, яғни жұмыс күшіне сұрныс толығымен қанағаттандырылады. Нарықтық тепе - тең жағдайында барлық жұмысшылар жұмыспен қамтамасыз етілген. Е нүктесі жұмысшылардың толығымен жұмыспен қамтылғанын көрсетеді.
Жалақының W E басқа мөлшерінде еңбек нарығындағы тепе - теңдік жағдайы бұзылады. Еңбекке сұрныс пен ұсыныстың сәйкес келгенінде жалақы нарықта тепе - теңдік мөлшері ретінде анықталады.
Жалақы мөлшерінің тепе - тең жағдайынан жоғары болуы W еңбек нарығындағы ұсыныстың сұрныстан жоғары болғанын көрсетеді ( О - L s ) . Осы жағдайда толық жұмыспен қамтылудан ауытқу болады, барлық жұмыс күшін сатушыларға жұмыс орны жетіспейді. Жұмыс күшіне ұсыныс артып кетеді, графикте абцисса осінде L D - L s көрсетілген.
Жалақы мөлшерінің нарықтық тепе - тең жалақы мөлшерінен төмендеген кезінде (мысалы W) еңбек нарығындағы сұрныс ұсыныстан асады L s - L D . Себебі ретінде төменгі жалақы мөлшеріне келіспейтін жұмысшылар жетіспегендіктен бос жұмыс орындары пайда болады.
Осы екі жағдай да (жұмыссыздық пен бос жұмыс орындарының болуы) жетілген бәсекелі нарықта тұрақты бола алмайды, олар нарық механизмдері әсерінен толық жұмыспен қамтылуға дейін өзгертіледі.
Шындығында да, еңбекке ұсыныс сұраныстан жалақы мөлшерінің тепе - тең деңгейінен жоғары болған жағдайында көп болғандықтан жұмыссыздар төмен жалақы деңгейіне қарамастан жұмыс істеуге дайын тұрады. Сондықтан жұмысы барлар жұмысынан айырылып қалмау үшін төмен жалақы мөлшеріне жұмыс күшін ұсынуға мәжбүр болады. Кәсіпкерлер төмен жалақы деңгейінде көбірек жұмысшыларды алуға ынталанады. Осыдан жалақының төмендеуіне тек сұрныс емес, сонымен қатар ұсыныс та әсер етеді.
Сұраныс ұсыныстан асқан жағдайда жұмыс берушілер бос орындарды толтыру үшін жалақы деңгейін көбейту арқылы жұмысшыларды жұмыс орындарына шақырады.
1. 3 Еңбек нарығының шетелдік реттеу үлгілері
Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп, айқындалған. Ал, ресейлік Саткина М. А., Гибриков Г. Г. және қазақстандық Н. К. Мамыров және т. б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми тұрғыдан беруде әр түрлі көзқарасты ұстанады.
Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.
1945 жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде ерекшеленді. АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан өндіріс қуаты және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше, Батыс Еуропа және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің халқы интенсивті құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура келді. Бұл жағдайлар мысалы, Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға дейін жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және жұмыссыздықты болдырмады.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. «Өмірлік жалдану» жүйесінің мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.
Швециядағы жұмыспен қамтуты басқару.
Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың Шведтік түрі экономикалық және өмірлік деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель ерекше «технологиялық рента» алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта елдің алатын
өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция өте жақсы әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.
Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-шараларына келесілер жатады:
- кіші және жанұялық кәсіпорынға мемлекеттік субсидиялар мен несилерге жағдай жасау, яғни бастапқы капитал 10 пайызды ғана құрайды, 70 пайызы субсидия, 20 пайызы несие, егер кәсіпорын пайда ала алмаса 4 жылға салықтан босатылады;
- географиялық мобильділік, яғни жұмыс күші тапшылық жерлерге жанұяларды көшіріп апарады. Оларға үй, жұмыс тауып береді, жағдай жасайды;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz