Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҒЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша азаматтығы ұғымы және азаматтық алу тәртібі
1.2 Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының азаматтық мәселелері жөніндегі өкілеттіктері

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ
2.1Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен міндеттері және қорғау негіздері
2.2 Қазақстан Республикасының азаматтарының жауаптылығы

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
3

5

5
11

14

16

16
21

26
29

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан республикасының азаматтығы туралы заңы - Қазақстан Республикасының азаматтығы адамның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысынайқындайды, бұл байланыс олардың өзара құқылары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді. Қазақстан Республикасында әрбір адамның азаматтық алуға құқығы бар. Қазақстан Республикасының азаматтығы осы заңға сәйкес алынады және тоқтатылады. Қазақстан Республикасының азаматын ешқандай жағдайда азаматтығынан, өзінің азаматтығын өзгерту қүқығынан айыруға, сондай-ақ оны Қазақстаннан тыс жерлерге аластауға болмайды.
Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік органдары мен лауазымды адамдары арқылы Республика азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасы алдында жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, Қазақстан Республикасының мүдделерін, оның территориялық тұтастығын қорғауға, мемлекеттік тіл мен оның аумағында тұратын барлық ұлттардың тілдеріне, әдет-ғұрпына, дәстүрлеріне құрметпен қарауға, Қазақстан Республикасының күш-құдыретін, егемендігін және тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдесуге міндетті.
Қазақстан Республикасының азаматтығы Қазақстан Республикасының Конституңиясымен, осы Заңмен және Қазақстан Республикасының соған сәйкес шығарылатын басқа да заң актілерімен реттеледі. Осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты түратын; Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында түрмайтын; осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады. Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды. Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың үрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттерде территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды. Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша
2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша
4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады.[1]
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы жолында, аса маңызды және қолайлы құрал ретінде заңдылық орын алады. Қазіргі кезде республиканың түбегейлі заңдылық процессінің құқықтық-конституциялық біліктілікпен сәйкес келуі республиканың дамуына аса қажет етіледі. Заңның басты көздеуі - қоғамда заң үстемдігін орнату, құқықтық тәртіпті орнату, саяси және экономикалық өмірде қатал тәртіппен тұрақтылықты орнату. Қазақстан Республикасының Конституциялық мемлекет ретінде қалыптасу барысы республиканың конституциялық заңдылықтарын үнемі жетілдіріп отыру міндетін алдыға тартады.
Қазақстан Республикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер конституциялық заңдылықтарды ынталы түрде жаңартып отыруға негіз болуда. Ол өз кезегінде көптеген конституциялық өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарап, талдауды талап етеді. Сондықтан да мемлекетіміздің конституциялық құқығының негізгі институттарын зерттеп-тану айрықша маңызға ие болып отыр.
Бұл курстық жұмыс Конституция ұғымын, конституциялық заңдар және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді меңгеруге мүмкіншілік береді. Республикада мемлекеттік билікті ұйымдастыру, адам және азаматтың құқықтық мәртебесін анықтау - конституциялық құқықтың үзілмейтін зерттеу тақырыбы.
Осы орайда курстық жұмыстың мақсаты ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету; ҚР-ның мемлекеттік билік құрылымымен таныстыру; қоғамның ең қымбат қазынасы деп танылатын адам және азаматтың құқықтық мәртебесін реттеу ерекшеліктерін білуге бағыт-бағдар беру.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТЫҒЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Қазақстан Республикасының конституциясы бойынша азаматтығы ұғымы және азаматтық алу тәртібі

Азаматтық - бұл адамдардың дара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін адам мен мемлекет арасындағы тұрақты саяси - құқықтық байланысы.
Азаматтық ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады: 1) адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2) адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады; 3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.
Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, Ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында жауапты.
Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның азаматтығы туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар:
oo барлық азаматтардың теңдігі туралы;
oo азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы;
oo құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы;
oo азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртіптерін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Азаматтық туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп аталады.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған негіздер бойынша алынады.
Бала өмірге келген кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі құрылымына мынадай элементтер: жеке адамның құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары мен міндеттері кіреді.
Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтық қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттілігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі қағидаттарын біліп көрсетуге болады.
Қазақстан Республикасының азаматтық туралы Заңы бойынша: осы заң күшіне еңген 1992 жылдың 1 наурызынан бастап Республика аумағында тұрақты тұратын адам Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:
- туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11- бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;
- басқа мемлекет азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде. Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына ҚР-сы аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан немесе Қазақстан азаматымен 3 жыл некеде тұрған адамдар қабылдана алады. Өтінішті ҚР Президенті қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздемелер бойынша. Қазіргі кезде мұндай шарттарды біздің еліміз Қырғызстанмен, Ресеймен, Украина және Беларусь Республикасымен бекітілген. Қазақстанда жақын туыстары бар жоғарыда аталған мемлекеттер азаматтарының жеңілдетілген тәртібі бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға құқығаы бар;
- Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңда көзделген басқа негіздемелер бойынша. Осы заңның 18- бабына сәйкес бұрын Қазақстан Республикасы азаматтығында тұрған адам өзінің өтініші бойынша сол азаматтығын қалпына келтіре алады;
- егер өтініш беруші Қазақстаннан тысқары жерде тұрса, сол адамның Әділет министрлігі органдары арқылы Қазақстан Республикасы Президентінің атына немесе сыртқы істер министрлігіне берген өтініші негізінде шешілетін Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
- тұлғаның басқа мемлекеттің билік және басқару қызметіне алыну немесе алдын ала жалған мәліметтер немесе жасанды құжаттар ұсынунәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтығын алу салдарынан немесе Азаматтық туралы заң мен Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген басқа да негіздер бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру - Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтатуға негіз болып табылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы

Азаматтық алу
Азаматтығын тоқтату
Азаматтыққа қабылдамау
-тумысынан
-ҚР азаматтығына қабылдау нәтижесінде;
-халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша;
-ҚР азаматтығы туралы Заңда қарастырылған өзге де негіздер бойынша;
- ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрса, ҚР азаматы мен кемінде 3 жыл некеде тұрса
- азамат басқа мемлекеттің әскери қызметіне кірсе, қауіпсіздік органдарына, полицияға, заң органдарына немесе мемлекеттік билік пен басқарудың басқа органдарына қызметке орналасса;
- ҚР азаматтығын жалған құжаттар негізінде алған болса;
- халықаралық шарттарда қарастырылған негіздер бойынша
- адамзатқа қарсы қылмыс жасаса;
- ҚР-ның тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
Ұлтаралық және діни өшпенділікті тұтатса;
- терорлық әрекеті үшін сотталған болса;
- сотпен аса қауіпті қылмыскер деп танылса;
- басқа мемлекеттің азаматы болса

Қазақстан Респуликасының азаматтығы тұлғаның мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысын белгілейді, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын көрсетеді. Қазақстан Республикасында әр адамның азаматтық алуға құқығы бар.
Сонымен, республика азаматтығын алудың негізгі аспектілерін қарастырайық. Осыны алдына мақсат етіп қойғандардың көпшілігінің әр алуан сұрақтарға кезігетіні анық. Мәселен, қандай органдарға қандай құжаттар тапсыру керек, оларды қарау мерзімі қанша уақытқа созылады, өтінішті қанағаттандырудан бас тартуға не нәрсе себеп болуы мүмкін және т.б.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңының 10 бабына сәйкес азаматтық:
oo тууы бойынша;
oo азамат Қазақстанда 1992 жылғы 1 наурызға дейін тұрақты тұрып келсе, және де 1992 жылғы 1 наурызға дейін Қазақстан Республикасының азаматы болуды қаламайтыны туралы өтініш бермеген болса;
oo Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде алынады.
Егер де Сіз өзге мемлекеттің азаматы болсаңыз немесе азаматтығыңыз мүлде болмаса, онда өтініш беру арқылы төмендегі нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдана аласыз:
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңы;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссия туралы ереже;
Азаматтыққа байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қарау тәртібі туралы нұсқаулар;
Қазақстан Республикасы шетелдік мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері туралы құжаттарды рәсімдеуі бойынша нұсқау.
Азаматтық туралы Заңның 16 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығына:
Қазақстан Республикасының аумағында кемінде 5 жыл тұрақты тұрып келе жатқан тұлғалар (азаматтыққа қабылдану туралы өтініш берген уақытта Қазақстан Республикасында тұрудың 5 жылдық мерзімі үздіксіз болуы қажет);
Қазақстан Республикасының азаматымен некелескен тұлғалар (ең кемі 3 жыл);
Қазақстан аумағында тұратын және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бір жақын туысы бар тұлғалар қабылдана алады.
Жақын туыстарға әкесі, анасы, туған аға-інілері мен әпке-қарындастары, жұбайы, зайыбы, балалары, әжесі, атасы жатады, олардың Қазақстан территориясында қанша уақыт тұратыны маңызды емес.
Соңғы екі негіз бойынша азаматтыққа қабылдану республика аумағында тұру мерзіміне қатыссыз жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданудың көпшілік мақұлдаған тәртібі
Жеңілдетілген тәртіпте азаматтыққа қабылдану құқығына ие емес және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдағысы келетін шетел азаматтары өзінің тұрақты тұру орны бойынша көші-қон полициясының аймақтық бөлімшелеріне өтінім беруі тиіс. Өтінім Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылады. Өтініште азаматтыққа қабылдануға не түрткі болғаны көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қарау тәртібі туралы нұсқаулықтың 15 тармағына сәйкес өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі:
oo белгіленген нысандағы сауалнама-өтініш;
oo 3,5 х 4,5 см мөлшерлі төрт фотосурет;
oo Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемелер (Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтау туралы);
oo соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
oo жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі, баланың туу туралы куәлігі;
oo өзге мемлекет азаматтығының болмауы немесе тоқтатылғандығы туралы тиісті мемлекеттің құзыретті органы берген анықтама;
oo келген мемлекетінің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғасына наториалды куәландырылған шетел азаматтығынан бас тарту туралы жазбаша өтініш; (бұл құжатты жоғарыдағы тармақта көрсетілген құжаттың орнына Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бір жақын туысы бар: (баласы (оның ішінде асырап алынған), жұбайы (зайыбы), ата-аналарының бірі (асырап алушылар), апа-қарындастары, аға-інілері, атасы немесе әжесі) бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары ұсынады);
oo 1 АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығының төленгендігі немесе оны төлеуден босатылғандығы туралы құжат;
oo бейінді мемлекеттік орган өтініші (мамандықтар тізбесі талаптарына және азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленетін тұлғаларға қатысты талаптарға сай азаматтар үшін);
oo оралман куәлігі және келген мемлекетінің азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдайтын лауазымды тұлғасына бұрынғы азаматтығынан бас тарту туралы наториалды куәландырылған өтініш (тарихи Отаны ретінде Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін оралған тұлғалар үшін);
oo неке куәлігінің наториалды куәландырылған көшірмесі (өтініш берген уақытта Қазақстан Республикасы азаматымен некеде тұрған тұлғалар үшін);
oo Қазақстан Республикасы азаматтарымен туыстық дәрежесін растайтын құжаттар (туу туралы куәлік, неке куәлігі және т.б.) (Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген және Қазақстан Республиксының азаматы болып табылатын бір жақын туысы бар бұрынғы одақтас республикалар азаматтары үшін).
Аудандық (қалалық) ішкі істер органдары облыстардың және Алматы, Астана қалаларының Ішкі істер департаменттеріне азаматтыққа қабылдау жөніндегі мәліметтерді тапсырады. Ал олар өз кезегінде мәліметтерді тексеріп, солар бойынша тұжырымдама жасап, Ішкі істер министрлігіне табыстайды. ІІМ ол мәліметтерді өз тұжырымдамасымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жібереді.
Тұлғаның қай уақыттан бастап Қазақстан Республикасының ааматы болып табылатынын анықтау үшін Заңның 37 бабын пайдалану қажет, соған сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығы:
oo Қазақстан Республикасы Президентінің азаматтыққа қабылдау туралы Жарлығы шыққан;
oo кәмелетке толмаған балалар дүниеге келген немесе асырап алынған;
oo Қазақстан Республикасы Пезидентінің кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарын Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы Жарлығы шыққан;
oo мемлекетаралық келісім-шарттарда көзделген тәртіпте азаматтарды тіркеу (мысалы, ішкі істер органы Украина азаматтарына қатысты жеңілдетілген тәртіпте азаматтыққа қабылдау туралы тұжырымдаманы бекіткен күн Украина азаматтығының тоқтатылған уақыты болып саналады) күндерде қабылданады.
18 жасқа толмаған балалар, сондай-ақ іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтар жайында азаматтыққа қабылдау туралы нотариалды куәландырылған өтінішті олардың заңды өкілдері (ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары) береді. Өтінішке баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, іс-әрекетке қабілетсіздікті растайтын құжат және іс-әрекетке қабілетсіз азаматтың заңды өкілінің өкілеттігін растайтын құжат қоса беріледі. 14 жастан 18 жасқа дейінгі бала үшін оның өзі қол қойған және нотариалды куәландырылған жеке келісім талап етіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығына қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қарау тәртібі бойынша нұсқаулықтың 10 тармағына сәйкес жергілікті ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдарында, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде және өзге де мемлекеттік органдарда өтініштердің қаралу уақыты осы органдардың әрқайсысында - бір айдан, ал жинақтай алғанда алты айдан аспауы тиіс. Қабылданған шешім туралы өтініш берушіге көші-қон полициясы бөлімшесінің қызметкері телефон арқылы немесе өзінің жеке қабылдауында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шыққан уақыттан бастап 7 жұмыс күні ішіндегі мерзімде хабарлайды. Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылданған шетел азаматтарына немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматының жеке бас куәлігін және төлқұжатын беруге негіз болып табылатын анықтама беріледі.

1.2 Қазақстан Республикасы азаматтығын тоқтату негіздері

Азаматтықтан шығу - бұл ҚР Президентінің атына берілген өтініш бойынша жүзеге асырылатын, өз еркімен азаматтықты тоқтату.
ҚР азаматтығынан шығар кезде, егер өтініш беруші адам республика алдындағы міндеттемелерін немесе республика аумағындағы азаматтардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің алдындағы мүліктік міндеттемелерін орындамаса, онда азаматтықтан шығуға рұқсат етілмеуі мүмкін.
Егер шығу туралы өтініш жасаушы адам айыпкер ретінде қылмыстық жауапқа тартылған болса не заң жүзінде күшіне енген сот үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе, немесе ол адамның Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының мемлекет қауіпсіздігі мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы азаматтығынан:
1) адамдардың, ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, басқа мемлекеттің әскери қызметінде, қауіпсіздік, әділет органдары немесе өзге де мемлекеттік өкімет және басқару органдарына орналасуы салдарынан;
2) егер Республика азаматтығы теріс мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;
3) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
4) егер Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адам дәлелсіз себептермен үш жыл бойы консулдық есепке тіркелмесе;
5) егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса, айырылады.
Азаматтықтан шығу -- аталмыш мемлекетпен азаматтық қатынасты белгіленген тәртіптегі азаматтың заңмен көзделген тоқтату құқығы. ҚР азаматтығынан шығумен байланысты мәселелер Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы 20.12.1991жылғы ҚР Заңымен және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығумен байланысты мәселелерді Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының қарастыруы бойынша нұсқаулықпен реттеледі.
Көші-қон полициясының бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы құжаттарды тапсыруда өтініш беруші ҚР азаматтығынан шығу шарттары және салдарларымен танысқаны, сондай-ақ қазақстандық құжаттарды Көші-қон полициясының басқармасына қазақстандық құжаттарды тапсыруға міндеттенеді.
Ішкі істер органдары құқықтық статистика органдарындағы сұраныс беруші тұлға туралы мәліметтерді және Бас прокуратурадағы және оның аумақтық бөлімшелеріндегі айыпкер ретінде қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы немесе сот үкімі бойынша олардың жазаларды өтеуі туралы ақпаратты сұрайды.
Азаматтықтан шығу туралы қорытындыларда ішкі істер органы мәліметтерді көрсетеді:
азаматтардың, мемлекеттік және басқа ұйымдардың мүліктік міндеттері немесе мемлекет алдындағы орындалмаған міндеттемелерінің өтініш берушіде болуы немесе болмауы;
оны айыпты ретінде қатыстыру туралы;
оның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмейтіні туралы.
Осылайша, егер азамат айыпты ретінде қылмыстық жауапкершілікке тартылса немесе сот үкімі бойынша жазасын өтесе, Қазақстан Республикасының алдында орындалмаған міндеттемелері болса немесе тұлғаның азаматтықтан шығуы республиканың мемлекеттік қауіпсіздік мүдделеріне қайшы келмесе, ҚР азаматтығы туралы Заңның 20-бабына сәйкес оған азаматтықтан шығудан бас тартылатын болады.
Көші-қон полициясының басқармасына ұсынылған барлық құжаттарды тексергеннен кейін және жинағаннан кейін, барлық материалдар негізді шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің аппаратына жіберіледі.
Сіз азаматтықтан шығудың қадамдық рәсімімен таныса аласыз, сондай-ақ осы сілтеме бойынша өтіп, біле аласыз.
Адам азаматтықтан шыққанда өзінің зейнетақы жинақтарын алуға құқылы. Ол үшін оған зейнетақы тағайындау туралы шарт жасалған зейнетақы қорының филиалына жүгіну және қажетті құжаттарды ұсыну қажет. Зейнетақы жинақтарын аудару және алу туралы неғұрлым толығырақ осы сілтеме бойынша өту арқылы біле аласыз.
Азаматтар сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұра отырып, азаматтықтан шығу туралы өтініш бере алады. Қазақстанннан тыс тұрудың өзі қазақстандық азаматтықтың тоқтатылуына әкелмейді, алайда шетелде тұрудың белгіленген шарттарын сақтамау Қазақстан азаматтығының автоматты жойылуына әкелуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының шетелде тұрақты тұратын азаматтары (яғни тұру еліндегі қазақстандық консулдық мекемелерде есепте тұратын және тұрғылықты тұру орнына шетелге шығуға рұқсат алғандар, Қазақстан ішкі істер органдарында тіркеуден шыққандар), Қазақстан Республикасының Президентінің атына қазақстандық консулдық мекемелер арқылы өтініш береді.
Өтінішке қоса беріледі:
2 данадағы белгіленген нысандағы анкета-өтініш;
2 дана ерікті нысанда құрастырылған автобиография;
4 х 5 см өлшемді 3 фотосурет;
балалардың туу туралы куәлігі, неке туралы (некені бұзу туралы, ерлі-зайыптылардың бірінің қайтыс болуы туралы) куәліктердің нотариалды расталған көшірмелері;
паспорттың көшірмесі (келу еліне ТТ шығуға рұқсат туралы паспортта белгімен, бұл сияқты белгі болмағанда - келу еліне тұрғылықты тұруға шығу туралы белгімен Қазақстанның көші-қон полициясының органынан мекенжайлық кету парағы);
келген елде тұру ықтиярхатының көшірмесі;
консулдық алымды төлеу туралы құжат.
Азаматтықтан шығу туралы құжатты консулдыққа почта бойынша жіберуге болмайды. Оларды жеке немесе өкіл арқылы нотариалдық сенімхат бойынша ұсыну қажет.
Шетелдік мемлекеттің азаматтығына ие болғаннан кейін бірден Қазақстан Республикасының ұлттық паспортын тиісті мемлекеттегі Қазақстан Елшілігінің консулдық бөліміне тапсыру қажет.
Қазақстан азаматтығына қабылдау туралы өтініш егер де өтініш беруші тұлға:
адамзатқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне саналы түрде қарсы шықса;
Қазақстан Республикасы территориясының тұтастығы мен бүтіндігін бұзуға шақырса;
мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына зиян келтіретін құқыққа қайшы іс-әрекет жасаса;
мемлекетаралық, ұлтаралық және діни алауыздық тудырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілінің қолданылуына кедергі болса;
лаңкестік іс-әрекеті үшін сотталған болса;
сотта аса қауіпті баукеспе ұры деп танылса;
өзге мемлекеттердің азаматтары қатарында болса, қабылданбайды. Бұл ереже, егер де ішкі істер органдарына шетелдік азаматтықтан бас тарту туралы жазбаша өтінішпен жүгінген болса, Қазақстан Республикасында тұрақты тұру мақсатымен келген, жақын туыстарының бірі Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бұрынғы одақтас республикалар азаматтарына қатысты емес.

1.3 Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының азаматтық мәселелері жөніндегі өкілеттіктері

Қазақстан Республикасының заңдылықтары Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы істерді шешу тәртібін және азаматтық туралы істерді жүргізетін мемлекеттік органдардың шеңберін анықтайды.
Қазақстан Республикасыеда азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан Республикасының азаматығына қабылдау туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы шешімдер қабылдайды.
Басқа мемлекеттік органдар дайындық жұмыстарын жүргізеді. Бұл органдар - Ішкі істер министрлігі, Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия.
Азаматтық мәселелері бойынша арыздар Қазақстан Республикасы Президентінің атына жазылады. Арыздарды қарау мерзімі алты айдан аспауға тиіс.
Қазақстан Республикасында азаматтық мәселелер жөнінде шешім қабылдайтын лауазымды адам Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдау туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығын қалпына келтіру туралы;
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығару туралы шешімдер қабылдайды.
Iшкi iстер органдары:
1) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелерi жөніндегі өтініштер қабылдайды және оларды қажеттi құжаттармен бiрге Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына жiбередi;
2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделгендей, Қазақстан Республикасының азаматтығын алуды және Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды тiркеудi жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айрылуын тiркейдi;
4) жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азматтығына қабылдауды ресімдейді;
5) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын (болмауын) айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен) Қазақстан Республикасының азаматтығын алу тәртібін бекітеді
Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi:
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері жөнінде арыздар қабылдайды және оларды қажетті құжаттармен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жібереді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылуына тіркейді;
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұрақты тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізеді.
Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болуын айқындайды.
Белгілі бір елде Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi болмаған ретте бұл органдардың міндеттерін тиісті шарттар негізінде басқа мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелері атқарады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТАРЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ

2.1Қазақстан Республикасының азаматтарының құқықтары мен міндеттері және қорғау негіздері

Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері бар, азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасы территориясында туған баласы Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша ҚР Азаматтық туралы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығына:
Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.
Жоғарыда аталған шарттардың болуы мынадай тұлғалар үшін талап етілмейді:
- кәмелетке жасы толмағандар;
- әрекетке қабілетсіздер;
- Қазақстан Республикасына ерекше еңбек сіңіргендер;
- Қазақстан аумағынан кеткен адамдар мен олардың ұрпақтары, егер олар тарихи Отаны ретінде тұрақты тұру үшін Қазақстан Республикасына қайтып орлағандар.
Қазақстан Республикасы азаматтары ішінде жақын туыстарының бірі - баласы (оның ішінде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының біреуі (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-інісі, атасы немесе әжесі бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзіміне қарамастан, қабылданатын болады.
Егер Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініш жасаушы адам:
1) азаматқа қарсы халықаралық құқықта көзделген қылмыс жасаса, Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігіне әдейі қарсы шықса;
2) Қазақстан Республикасы территориясының бірлігі мен тұтастығын бұзуға шақырса;
3) мемлекет қауіпсіздігіне, халықтың денсаулығына нұқсан келтіретін құқыққа қарсы іс-әрекет жасаса;
4) мемлекетаралық, ұлтаралық және діни араздықты қоздыратын болса, Қазақстан Республикасы мемлекеттік тілінің қолданылуына қарсы әрекет жасаса;
5) лаңкестік әрекеті үшін сотталған болса;
6) сот ерекше қауіпті баукеспе деп таныса;
7) басқа мемлекеттің азаматы болса, оның өтініші қабылданбайды.
Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтініші бойынша Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы Заңына сәйкес оның Қазақстан Республикасы азаматтығы қалпына келтірілуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;
Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.
Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтары қатарында болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады.
Ата-анасының азаматтығы әр түрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарында болған жағдайда бала:
oo Қазақстан Республикасы аумағында дүниеге келсе;
oo Қазақстан Республикасы аясынан тыс жерде дүниеге келіп, бірақ ата-анасы немесе олардың бірі осы уақытта Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрған болса
oo Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әр түрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары қатарында болып, және осы уақытта ата-ананың екеуі де Қазақстан Республикасы аясынан тыс жерде тұрақты тұрған болса, Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерде дүниеге келген баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрдегі келісімімен анықталады. Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азамат болып, ал екіншісінің азаматтығы болмаса немесе оның азаматтығы белгісіз болса, бала туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Әкелікті анықтау жағдайында анасының азаматтығы жоқ болып, ал әкесі ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекеттің негізгі заңы
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
Қазақстан Республикасының азаматтығының ұғымы
Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Қазақстан Республикасының азаматтығы жайлы мәселелер
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары
Азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылардың теңдігі
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Қазақстан Республикасының азаматтығының жалпы мәселелері
Қазақстан Республикасында Қазақстан азаматтарының шетел азаматтарымен некеге отыруы
Пәндер