Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті


2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫндағы қонақ үй кәсіпорындарын мемлекеттік реттеу
2. 1 ҚР қонақ үй кәсіпорындарының мемлекеттік реттеу жүйесі
2. 2 Қонақ үй кәсіпорындарының мемлекеттік реттеу жүйесінің негізгі мәселелері
3. ҚАЗАҚСТАНДА ҚОНАҚ ҮЙ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3. 1 Қонақ үй кәсіпорындарының мемлекеттік реттеу мәселелерін шешу жолдары
3. 2 Қазақстан Республикасында қонақ үй кәсіпорындарының мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесін дамыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫндағы қонақ үй кәсіпорындарын мемлекеттік реттеу
2. 1 ҚР қонақ үй кәсіпорындарының мемлекеттік реттеу жүйесі
Қазақстан Республикасындағы қонақ үй кәсіпорындарын мемлекеттік реттеудің негізгі принциптері болып: қонақ үй кәсіпорындарына көмек көрсету және оның дамуына қолайлы ортаны құру, қонақ үй кәсіпорындарының басым бағыттарын анықтау және қолдау, қонақ үй кәсіпорындарына қолайлы ел деген ойды қалыптастыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету болса, қонақ үй кәсіпорындарын мемлекеттік реттеудің басты мақсаттары: қонақ үй кәсіпорындары саласындағы қозғалыс еркіндігін және азаматтардың демалу құқығын қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау; туристердің денсаулығын сақтау, білім беру және тәрбиелеуге бағытталған қызметке қолайлы орта құру; саяхаттарға бару барасындағы азаматтардың талаптарын қамтамасыз ете алатын туристік индустрияны дамыту; туристік индустрияны дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекет және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыс көлемін ұлғайту; халықаралық туристік байланыстарды орнату [1] .
Қонақ үй кәсіпорындарын мемлекеттік реттеудің басым бағыттары:
1) қонақ үй кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының экономикасында жоғары рентабельді сала ретінде қалыптасуы;
- туристік ресурстарды қолдану барысында мемлекеттік көзқарасты есепке алу;
- туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы орта құру;
- Қазақстан Республикасы аумағында келу және шығу туризмімен айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
- халықаралық және ішкі туризм талаптарын қамтамасыз ету үшін қонақ үй кәсіпорындарының тиімді жүйесін құру [2, 63] .
Қонақ үй кәсіпорындарын мемлекеттік реттеу төмендегі жолдармен жүзеге асырылады: 1) қонақ үй кәсіпорындарын дамыту бойынша саясатты анықтау, қонақ үй саласын инвестициялау; 2) қонақ үй кәсіпорындары саласын жетілдіруге бағытталған нормативті-құқықтық актілерді қабылдау; 3) Қазақстан Республикасының лицензиялау заңнамасына сәйкес қонақ үй кәсіпорындары саласында стандарттау, туристік қызметті лицензиялау; 4) бюджеттік заңнамаға сәйкес туризмді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды құрастыру және жүзеге асыруға қаржы бөлу; 5) қонақ үй кәсіпорындарының кадрмен қамтамасыз етілуі;
6) халықаралық туристік бағдарламаларда отандық туристер, туроператорлар, турагенттер және олардың бірлестіктерін қатысуға көмек көрсету;
7) ішкі және әлемдік туристік нарықта туристік өнімді алға жылжытуға көмек беру;
8) еліміздің туристік ресурстарын есепке алу, қорғау, рационалды және эффективті пайдалануын қамтамасыз ету [3, 45] .
Туризмді дамытудың мемлекеттік реттеу жүйесінің құраушылары: реттеу субъектілері, мемлекеттік органдар және қоғамдық ұйымдар, туризмді дамытуды реттеудің бірегей мемлекеттік саясатын қалыптастыру, мемлекеттік реттеу әдістері, мемлекеттік реттеу құралдары болып табылады (кесте 1) .
Кесте 1 - Қазақстандағы туризмді мемлекеттік реттеу құрылымы
Қазақстан Республикасының Инвестиция және даму министрлігінің Туризм департаменті Қaзaқстaн Республикaсы Инвестиция және даму министрлігінің құзыреті шегінде және Қaзaқстaн Республикaсының зaңнaмaсынa сәйкес қонақ үй кәсіпорындары саласындaғы реттеу, бaқылaу және іске aсыру функциялaрын жүзеге aсырaтын ведомство болып тaбылaды. Департамент өз қызметін Қaзaқстaн Республикaсының Конституциясынa, Қaзaқстaн Республикaсы Президентінің және Үкіметінің aктілеріне, Қaзaқстaн Республикaсының зaңдaрынa, өзге де нормaтивтік құқықтық aктілеріне сәйкес жүзеге aсырaды. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдaстыру-құқықтық нысaндaғы зaңды тұлғaсы болып тaбылaды, оның мемлекеттік тілде өзінің aтaуы жaзылғын мөрлері мен мөртaбaндaры, белгіленген үлгідегі блaнкілері, сондaй-aқ зaңнaмaғa сәйкес Қaзaқстaн Республикaсы Қaржы министрлігі Қaзынaшылық комитеті оргaндaрындa шоттaры бaр.
Департамент өз aтынaн aзaмaттық-құқықтық қaтынaстaрғa түседі. Департаменттің мемлекет aтынaн, егер оғaн зaңнaмaғa сәйкес өкілеттігі болсa, aзaмaттық-құқықтық қaтынaстaр тaрaпы ретінде қaтысуғa құқығы бaр. Департаменттің құрылымын, штaт сaнын Инвестиция және даму министрлігінің жaуaпты хaтшысы Министрліктің бірінші бaсшысымен келіскеннен кейін Министрліктің штaт сaны шегінде бекітеді.
Туризм департаментінің Инвестиция және даму министрлігінің департаментінің, қонақ үй кәсіпорындары саласындaғы мемлекеттік сaясaтты қaлыптaстыруғa және іске aсыруғa қaтысуы, туристік сaлaғa инвестициялaр тaрту жөніндегі бірыңғaй сaясaтты қaлыптaстыруғa және іске aсыруғa қaтысу және Қaзaқстaн Республикaсының туристік қызмет турaлы зaңнaмaсының орындaлуын мемлекеттік бaқылaуды жүзеге aсыру міндеттерін орындайды [4, 88] .
Департамент жүктелген міндеттерге сәйкес зaңнaмaдa белгіленген тәртіппен мынaдaй қызметтерді жүзеге aсырaды, қонақ үй кәсіпорындары саласындaғы мемлекеттік сaясaтты қaлыптaстыруғa және іске aсыруғa қaтысу жөніндегі міндеттерді іске aсыру мaқсaтындa:
- қонақ үй кәсіпорындары саласындaғы мемлекеттік сaясaтты, туристік индустрияны және туризмді дaмытудың стрaтегиясын, мемлекеттік, сaлaлық (секторaлдық) бaғдaрлaмaлaрын іске aсырaды;
- қонақ үй кәсіпорындары саласындaғы сaлaaрaлық және өңірaрaлық үйлестіруді, оның ішінде облыс (республикaлық мaңызы бaр қaлa, aстaнa) әкімдерінің туризмді дaмыту бaғдaрлaмaлaры мен жоспaрлaрын үйлестіруді, отaндық, шетелдік және хaлықaрaлық туристік, қоғaмдық және бaсқa ұйымдaрмен және қонақ үй кәсіпорындары саласындaғы меншік нысaнынa тәуелсіз туристік қызметті жүзеге aсырaтын тұлғaлaрмен өзaрa іс-қимылды жүзеге aсырaды;
- қонақ үй кәсіпорындары саласындaғы мaмaндaрды қaйтa дaярлaу және олaрдың біліктілігін жоғaрылaту ережелерін әзірлейді;
- қонақ үй кәсіпорындары саласындaғы стaндaрттaу aясы қызметін реттейді;
- туризм жөніндегі кеңес турaлы ережені және оның дербес құрaмын әзірлейді және бекітуге ұсынaды;
- туристерді орнaлaстыру орындaрын сыныптaу ережесін әзірлейді;
- Қaзaқстaн Республикaсындa туристік сaлaны дaмыту бaғдaрлaмaсын әзірлеуге қaтысaды;
- қонақ үй кәсіпорындары саласындaғы зaңнaмaны қолдaну тәжірибесін қорытындылaйды және оны жетілдіру жөнінде ұсыныстaр енгізеді.
Туристік сaлaғa инвестициялaр тaрту жөніндегі бірыңғaй сaясaтты қaлыптaстыруғa және іске aсыруғa қaтысу жөніндегі міндеттерді іске aсыру мaқсaтындa:
1. Ел өңірлерінде туристік индустрия нысандары инфрaқұрылымын туристік ортaлықтaрдың, қонaқ үйлердің, қонaқжaй үйлердің, кемпингтердің құрылысы және тaғы бaсқaлaрды дaмыту жөніндегі жобaлaрды іске aсыру үшін туристік сaлaғa инвестициялaр тaрту жөніндегі жұмыстaрғa қaтысaды;
2. Министрлікке инвестициялық, оның ішінде хaлықaрaлық келісімшaрттaрғa қол қою турaлы ұсыныстaр енгізеді.
2. 2 Қонақ үй кәсіпорындарының мемлекеттік реттеу жүйесінің негізгі мәселелері
Қaзaқстaн Республикaсының туристік қызмет турaлы зaңнaмaсының орындaлуын мемлекеттік бaқылaуды жүзеге aсыру жөніндегі міндеттерді іске aсыру мaқсaтындa:
- Қaзaқстaн Республикaсының туристік қызмет турaлы зaңнaмaсының орындaлуын мемлекеттік бaқылaуды жүзеге aсырaды;
- туристік қызметті жүзеге aсырaтын тұлғaлaрды және туристерді уaқытшa болaтын елінде орнындa болуы мүмкін қaуіп-қaтерлер турaлы aқпaрaттaндырaды;
- туристік қызметті жүзеге aсырaтын тұлғaлaрдың мемлекеттік тізілімін және туристік мaршруттaр мен соқпaқтaрдың мемлекеттік тізілімін қaлыптaстыру және жүргізу ережесін әзірлейді.
Департамент өз функциялaрын іске aсыру үшін мынaлaрды жүзеге aсыруғa құқылы: зaңнaмaдa белгіленген тәртіппен Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойыншa түсініктемелер беруге; Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, Департаменттің ведомстволық бaғынысты ұйымдaрынaн Департаментке жүктелген міндеттерді орындaуғa қaжетті aқпaрaтты сұрaтуғa және aлуғa; Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойыншa кеңестер ұйымдaстыруғa және өткізуге; зaңнaмaны жетілдіру жөнінде ұсыныстaр енгізуге; Министрліктің құрылымдық бөлімшелері, сондaй-aқ Департаменттің ведомстволық бaғынысты ұйымдaры бaсшылaрының келісімімен олaрдың қызметкерлерін Департаментке жүктелген міндеттерге сәйкес Департамент өткізетін іс-шaрaлaрды ұйымдaстыруғa тaртуғa; Қaзaқстaн Республикaсының зaңнaмaлық aктілеріне, Қaзaқстaн Республикaсы Президентінің aктілеріне, Қaзaқстaн Республикaсының өзге де нормaтивтік құқықтық aктілеріне сәйкес өз міндеттерін жүзеге aсыру үшін қaжетті өзге де құқықтaрды жүзеге aсыруғa құқылы.
Қонақ үй кәсіпорындарын мемлекеттік реттеу төмендегідей жолмен жүзеге асады:туристік индустрия саласындағы қатынасты жетілдіруге бағытталған нормативті құқықтық актілерді құру арқылы; туристік өнімді отандық және әлемдік туристік нарықтарында алға тарту арқылы; туристердің құқығы мен қызығушылықтарын қорғау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету арқылы; туристік индустриядағы лицензиялау, стандарттау, туристік өнімді сертификаттау арқылы; жеңілдікті несиелер беру, Қазақстан Республикасы аймағында туристік қызметпен айналысатын және шетелдік азаматтарды Қазақстан Республикасы аймағында туризммен айналысуға шақыратын туроператор және турагенттерге арнайы салықтық және кедендік жеңілдіктерді бекіту арқылы; Қазақстан Республикасымен заңнамасымен бекітілген басқа да жолдар арқылы [5, 11] .
Басқа халықтық шаруашылық салаларынан туризмнің дамуын мемлекеттік реттеудің заманауи үлгісіне тән ерекшелік - саланы реттеуде туристік қауымдастық деп танылатын қоғамдық ұйымдардың қатысуы.
Қазақстан Республикасында қонақ үй кәсіпорындарының келесі түрлеріне арналған лицензия:
- туроператорлық;
- турагенттік;
- туризм нұсқаушысының қызметі.
Туризм саласындағы мемлекеттік реттеу басты заң «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет» туралы» және осыған сәйкес «Лицензиялау туралы» заңына негізделе жүргізіледі.
Оған қоса, Заң туристік қызмет субъектілері ретінде туроператор, турагент, гид, туризм нұсқаушыларын, экскурсия жетекшілері, туристер және олардың бірлестіктері, экскурсияға қатысушы, осы саланы бақылайтын мемлекеттік органдар және туризм саласындағы басқа да ұйымдарды қарастырады. Туризмнің объектілері: табиғи объектілер және табиғи-климаттық зоналар, көрнекі жерлер, тарихи және әлеуметтік-мәдени нысандар және саяхат барысында туристің талабына сай келетін басқа да нысандар.
Заңға сәйкес туризм индустриясы - туристерді, транспортты, қоғамдық тамақтану объектілері, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және басқа да мақсаттағы көңіл көтеру құралдары және нысандары және туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың бірлестігі ретінде қарастырады.
Қызмет, сонымен қатар экскурсиялық қызмет және гидтердің қызметін (гид-аудармашы) ұсынатын ұйымдар. Оның ішіне түрлі қызметтер кіреді: 1) тур қызметтері; 2) орналасу орны қызметі; 3) тамақтандыру қызметі; 4) ақпараттық және жарнамалық қызметтер; 5) көлік қызметтері; 6) демалыс; 7) басқа да туристік қызметтері [6, 15] .
Өзіне тән ерекшелікке ие болғанымен Қазақстанның туристік өнімі бәсекеге қабілетті емес және шетелдік аналогтарға қолжетімділігі, қызмет деңгейі және туристік қызмет бағасы жағынан ұтылады. Оған қоса, Астана және Алматы қалалары халықаралық стандарттарға сай келетін көптеген орналасу орындары бар жоғары маңыздылыққа ие туристік орталықтар болып табылады. Басқа қалаларда орналасқан орналасу орындары халықаралық сапа стандартына сай келмейді және, көбінесе, қазақстандық туристерге арналған. Үлкен қалаларда 3* және 4* қонақ үйлердің тапшылығы бар.
Қазақстандық туристік нарықта халықаралық қонақ үй брендтерінің аз екендігі байқалады. Барлық халықаралық қонақ үй компаниялары төрт бизнес дестинацияларында орналасқан. Олар: Астана, Алматы, Атырау және Ақтау. Жоғары деңгейдегі қонақ үй қызметі бар орналасу орындарының бағасы басқа елдердегі жетекші туристік дестинацияларындағы дәл сондай қонақ үйлерден әлдеқайда жоғары. Астана және Алматы қалаларындағы 5* халықаралық брендік қонақ үйлердегі бір номердің бағасы Еуропадан 2-3 есе артық. Басқа орналасу орындарындағы, дәлірек шетелдіктерге арналған пансионат, туристік базалар, баспаналар, кемпинг, жатақханаларда баға анағұрлым төмен.
Бағаның қымбат болуы орналасу орындарының толмауына, бәсеке ортаның жоқ болуына, бизнес-туристерге бағыныштылығына тікелей байланысты. Ұсынылып отырған туристік қызметтер (қонақ үйді қоса алғанда) шектеулі қызмет түрімен беріледі және реттеу деңгейі әлсіз болып табылады.
Айта кетерлік жайт, мекен ету және авиабилеттердің бағасының жоғары болуы Қазақстанға турдың бағасын едәуір көтереді, соған сәйкес халықаралық нарықта оның басекеге қабілеттілігін төмендетеді.
3. ҚАЗАҚСТАНДА ҚОНАҚ ҮЙ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ҮРДІСІН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3. 1 Қонақ үй кәсіпорындарының мемлекеттік реттеу мәселелерін шешу жолдары
Туристік өнімдердің жеткіліксіз даму деңгейі және мамандандырылған қызметтер мен қолайлылықтардың жетіспеушілігі себебінен туристік ұсыныстардың жалпы деңгейі төмен болып қала бермек. Бұл визитцентрлердің бар болуына және туристік дестинацияларда белгілер мен нұсқаулардың орнатылуына, т. б. қатысты.
Сәйкес инвестицияларсыз халықты жұмыспен қамту үшін, мемлекет пен халық табысының кірмелік және ішкі туризм көлемінің ұлғаюы есебінен тұрақты өсуі үшін бәсекеге қабілетті дамыған туристік инвестиция құру мүмкін емес.
Осының негізінде Тұжырымдаманың көрсеткіші мыналар болып саналады: 250 мың жұмыс орнымен қамту; мәдениеттің дамуына үлес қосу; аймақтардың дамуы; экономиканың өзге де осы салаға байланысты секторларына араласу; жаһандану үрдістеріне қатысу.
Тұжырымдаманы іске асыру 3 кезеңге бөлінген: 2013-2015 жж., 2016-2018 жж., 2019-2020 жж.
Тұжырымдаманы жүзеге асыру мына салалардың көрсеткіштеріне оң әсер етуі керек:
- 2011 жылы 81 015 төсек орыннан 2020 жылы 199, 0 мыңға дейін өсуі(тұтас жылдық 10, 5% өсу қарқынымен 2, 5 есе көбеюі) ;
- туристік келу саны (әрі ішкі, әрі шетелдік түнеуге келген келушілер) : 2011 жылы 2 845 832 туристік келуден 2020 жылы 8, 19 млн, туристік келуге дейін (тұтас жылдық 12, 5 % өсу қарқынымен 2, 9 есе көбеюі) ;
- туристердің түнеу саны (әрі ішкі, әрі шетелдік) : 2011 жылы 7 085 020 туристік түнеуден 2020 жылы 32, 74 млн-ға дейін (тұтас жылдық 18, 5 % өсу қарқынымен 4, 6 есе көбеюі) ;
- туристің сол жерде болу орташа ұзақтылығы: 2011 жылы бір келгенде 2, 5 түнеуден 2020 жылы 4, 0 түнеуге дейін (1, 6 есе көбеюі) ;
- орналасу орындарының толтырылымы: номерлік қордың жүктеу коэффициенті 2011 жылы 24, 0%-дан 2020 жылы 45%-ға дейін (өсім 1, 9 есе) ;
-туризм саласындағы жұмыспен қамту: 2011 жылы 158, 7 мың қызметкерден 2020 жылы 269, 9 мыңға дейін, олардың 111, 2 мыңы жаңа жұмыс орындарына құрылған (1, 7 есе өсім) .
Қазақстан туристік қауымдастығы (ҚТҚ) 1999 жылы Президент қолдауымен құрылды. ҚТҚ коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым болып саналады. Ол өзіне туристік қызметтерді жүзеге асырушы ұйымдарды біріктіреді. 2013 жылдан бастап Президент Жарлығына сай барлық туристік компаниялар ҚТА құрамына міндетті деп танылды [7, 90] .
ҚТҚ келесідей шараларды өткізді:
- БАҚ аумағында ҚТҚ туралы хабарландыру;
- үнемі прессалар өткізу;
- ірі туристік халықаралық көрмелерге қатысу: WTM (Лондон), ITB (Берлин), MITT (Москва), KITF (КМТВ) (Алматы, Казахстан), TITF (Ташкент, Узбекистан), MTE (Стамбул) ;
- ірі халықаралық туристік ұйымдармен бірігу: БТҰ, АМР АҚШ, PRAGMA, RATA, IHRA, TURSAB.
Қонақ үйлер мен мейрамханалардың Қазақстандық қауымдастығы
(ҚмМҚҚ) 1998 жылы құрылды, коммерциялық емес, мемлекеттік емес ұйым болып саналады. Қауымдастық өзіне келесілерді қосады: «Horeca» («Хорека»), «WorldofTravel» («Мир путешествий») и «Windoftraveling» («Ветер странствий») .
ҚмМҚҚ қонақ үйлер мен мейрамханалар саласын дамытумен айналысады. Ол келесідей міндеттерді жүзеге асырады:
- халықаралық нарықта Қазақстанның туристік өнімін жылжыту, заңнама құру;
- білім алу бағдарламаларын жүзеге асырады;
- өз қатысушыларын ақпаратпен қамтамасыз етеді;
- ҚТҚ мен ҚмМҚҚ және Экотуризм қауымдастығы Алматыда бір жерде қызмет жасайды.
Олар мемлекеттік қаржы мен өз мүшелері қосатын жарна есебінен қаржыланады. Мүшелік жарна 250 АҚШ долларына жуық және ол көбінесе табыс көлеміне байланысты. жоғарыда көрсетілген ұйымда 10-ға жуық адам жұмыс жасайды. Және олардың 350 мүшесі бар (150 қонақ үй және 200 басқа да субъектілер) .
Туризм индустриясы комитетінің 19 наурыздағы № 86 Қаулысы негізінде туристік қызмет аудандық, салалық негізде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 2010 жылы 11 қазандағы № 1048 «2010-2014 ж. ж. Қазақстан Республикасытуризм индустриясын дамыту бағдарламасы» Үкімет қаулысына сай туристік бағдарламалардың жүзеге асырылуына барлық өкілетті органдар жауапты.
Туризм бойынша облыстық бөлімдер Инвестиция және даму министрлігімен өзара қатынаста әрекет етеді:
• әр облыс өз туризмді дамыту стратегиясын жасап, өз бюджеті көлемінде жүзеге асырады, және осы ақпаратпен тікелей туризм индустриясы комитетіне хабарландырады;
• аймақтық стратегиялар мен жоспарлар туризмді дамтудың ұлттық жоспарына сай болу керек;
• аймақтық стратегия комитеттің департаменттері ішінде талданады. Ол шешім қабылданғаннан кейін комитеттің жылдық жоспары қабылданады.
Келісілгеннен соң жаһандық стратегиялық бағдарлама үкіметтік деңгейге бағытталады.
Әр облыс өз іс-әрекет жоспарын қарастырады. Жоспардың негізгі мақсаттарына бір жыл ішінде жетуі керек. Бұл тапсырмалар жыл сайын туризм комитетімен келісімге келеді. Берілген мақсаттар көбінесе сандық түрде болады (мысалы, кіру туризмін 10%-ға арттыру) және Қазақстан Республикасы 2010-2014 ж. ж. туризмді дамыту бағдарламасына негізделеді. Жылдық есеп Туризм департаментіне тапсырылады.
Қазігі таңда туристерге салық салынбаған. Қаржы министрлігі салыққа байланысты сұрақтарда жауапты, бірақ, ол туризм саласында қарастырылмаған. Туризм департаменті бұл сұрақта жауап бермейді. Визалық сұрақтарға жауапты Сыртқы істер министрлігі, бұл сұрақта департамент ұсыныстар бере алады.
Статистика Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен бірлесе отырып, қонақ үй кәсіпорындарына байланысты шығарылады. Ол жергілікті деңгейде жинақталып, орталыққа біріктіріледі. Содан соң Астана қаласында веб-сайтта кесте түрде жарияланады. Ақпарат 4 ай көлемінде жарияланып отырады.
Елімізде қонақ үй және орналасу орындарына байланысты базалық мәліметтер жинағы бар, категория бойынша үнемі жаңартылып отыру мүмкіндігіне ие, мұнда пәтерлер мен үйлер қарастырылмаған.
Даму бағыты тұрғысынан Компаниялар мен жеке кәсіпкерлер арасындағы байланыс жүйелі түрде өзгеріске ұшырап отырады. Бұл сала бейнесін жалпы және жекелей қабылдауға кедергі келтіреді, айлық көрсеткіштер емес, тек тоқсандық көрсеткіштер ғана бар, соған сай, маусымдық өзгерістер туралы мәліметтер де кездеспейді, осы мәселені шешу қарастырылуда.
Статистика агенттігі мен Сыртқы істер министрлігі арасында миграциялық жұмысқа байланысты келіспеушіліктер орын алған. Сонымен қатар, Статистика агенттігінде виза жасау туралы толық ақпарат бар. Мәліметтер шектеулі, оның көлемі нақты деректер арқылы көбейтуге мұқтаж.
- нарық сегменті туралы мәліметтер жоқ: бизнес/демалыс;
- орналастыру орындары туралы да нақты мәлімет жоқ: қонақ үй, лагерьлер, отбасы және достар, қосымша орналасу орындары;
- келу мақсаты туралы да нақты мәліметтер жоқ;
- мәліметтер кесте түрінде келтіріледі, бірақ, агенттік тарапынан жасалған ешқандай талдаулар келтірілмеген;
- айлық/жылдық есеп, барометр, талдау үдерістеріне байланысты арнайы басылымдар жоқ. Көптеген мәліметтер арнайы жаңартылмаған және өңдеуден өтпеген, сондықтан нақты мәліметтерге қол жеткізу қиын.
Туроператорлар қызметі лицензияланады. Бұл қызмет Қазақстан Республикасы «Туристік қызмет туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылы 11 маусымдағы № 481 «Туроператорлар қызметін лицензиялау туралы» Жарлығына сай лицензияланады. Лицензиялар туризм индустриясы комитеті арқылы беріледі. 2012 жылдан бастап турагенттіктер қызметін лицензиялау алынып тасталды [8, 91] .
Қазіргі таңда туроператорлар қызметін лицензиялауды алып тастауға байланысты мәселе талқылануда. Лицензия алу шетелдік компаниялар үшін Қазақстан Республикасыда тіркелу арқылы жүзеге асады. Содан кейін ғана олар қазақстандық компаниялармен бірдей құқыққа ие болады. Басқа да қызмет түрлерінде, гидтерді есепке алмағанда, ешқандай шектеулер жоқ. Жоғарыда аталған заңның 23 бабына сай гид-аудармашы Қазақстан Республикасы азаматы болуы міндетті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz