Байдаркамен есу техникасының элементтері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
қазақстан республикасында су туризм түрлерінің даму тенденциясы және негізгі мәселелері
Мазмұны

Кіріспе

Негізгі бөлім
1 Кемені саяхатқа дайындау
2 Кемелерді тиеу және маневрлар
3 Салдағы туристік ағын
4 Туристердің режимі және кемелердің қозғалысы
5 Апаттар және оларды жою
6 Байдаркамен есу техникасының элементтері
7 Әдеттегі судағы кедергілерден өту кезінде техниканы қолдану

Пайдаланылған әдебиеттер
3

4
4
5
6
7
7
9

12

Кіріспе

Судағы туризм техникасы жағынан күрделі, сондықтан судағы саяхаттың өзіндік дайындықтары бар. Дәрежесіз жорық бағыт үшін, сонымен қатар І дәрежелі күрделілігі жағынан әр бір жүзгіш құрылғылары жатады. Барлық кемелер үшін келесідей жүзу сапалықтары болу керек: жүзгіш, жүйрік, бағыт бойынша тұрақты, орнықты, ептілігі, сапалы және жүк көтергіш болу керек.
Судағы саяхатқа келесідей түрлі жеңіл жүзгіш кемелерді қолдануға болады. Алты ескекті ЯЛ-6 әскери-теңіз кемесі. Ол 13 адамға арналған (рулді, алты ескекті және жолаушылар). Бір діңгегі бар және ауданы 18,2м2 болатын қаруланған желкен. Жүк көтергіші жағынан бос кездегі бату тереңдігі 25см - 2,5 тонна, толық кездегі бату тереңдігі 53см. Кеме тұрқының салмағы - 500 кг.
Төрт ескекті ЯЛ-4 әскери-теңіз кемесі. 9 адамға есептелген. Жүк көтергіші жағынан бос кездегі бату тереңдігі 25см - 1700 кг. Толық кездегі бату тереңдігі - 36см. Кеме тұрқының салмағы - 310кг. Желкеннің ауданы - 11м2.
Ялдарды су қоймаларында жүзетін кеме бағыттарында, сонымен қатар теңіз бен үлкен көлдерде қолдануға болады.
Желдің көмегімен тумен шығу 4 бал есебінде қауіпті екенін есте сақтау керек. Кеме барлық ескектермен жүзу тиіс. Бұл кезде ескекшілер қос-қостан отырып бір ескекпен жұмыс істейді. Ялдарды аспалы немесе стационарлы мотормен жабдықтауға болады.
Вельбот. Бұл төрт немесе алты ескекті тұмсығы үшкір қайық. Жүзуі Ялдарға қарағанда жеңіл, бірақ жүк көтергіші жағынан төмен.
Ленинградтық ялик (фофан). Бұл қос қайықты кең бату тереңдігі 30см жуық. Жүзу қорегі төмен, бірақ тұрақты. Бұл қайыққа жүгі бар төрт-бес адам сыяды.
Жазық түп. Бұл кеменің түбі жайпақ, жүзуі қиын, бірақ кішкене су қоймаларда жүзгенге ыңғайлы. Ұзақ жүзу бағытына жарамсыз, өйткені толқында шылқылдайды, ал суға толған кеме тұрақтылығын жоғалтады.
Байдарка. Бұл саяхатта қолданылатын басқа кемелерге қарағанда жеңіл. Оның тұрқы темекі тәрізді мұрны мен ұшы үшкір. Палуба -дека орта жағында ескекшілерге арналған (кокпит) тесік бар. Мұрын мен ұшында іші кең ыдыстар бар (алдыңда форпик, артқы жақта ахтерпик). Оларды жорық жабдықтарына қолдануға болады.
Салют, Таймень секілді байдаркалар рөлдерімен шығарылады.
Байдаркалардан басқа туристер желкенмен және мотормен жүзуге арналған неғұрлым алмалы- салмалы қайықтарды пайдаланады.

1 Кемені саяхатқа дайындау

Кәдімгі қайықтарға жөндеу жинағы. Егер су саяхатына жергілікті құрылатын ағаштан жасалған қайықты қолданса, онда топ жөндеуге қатысты керек жарақтарды алу керек: тігістерді жамауға арналған қара май, жөке, қалдық талшықты, шүберектер, мүк, конопаткиге арналған мақта, шегелер, бұрандалы шегелер, жапырақ металла кесектері, зімпералы қағаз, балта, қайрақты қайрақ, қолараны ағашпен, бұрайтын аспап, қашау, тістеуік, пассатиждар, ағаштан жасалған кішкене балға, сүргі.
Кішкене бірдіңгекті қайықтар үшін жөндеу жинағы. Егер топ кішкене бірдіңгекті қайықтармен кетсе, онда өзіңмен бірге майға езген бояу, бор, олиф, май лагы, жаққышты алу керек.
Байдаркалар үшін жөндеу жинағы. Туризм үшін жинамалы байдаркаларды қолданса, егер олар жаңа болса, суға түсер алдында жинайды, бөлшектерді таңбалайды, соңына дейін жабдықтайды.
Егер жорыққа бұрынғы пайдаланған байдаркаларды қолданса, онда барлық негізгі қаңқа бөлшектерін қарап алып, бекіткішті, жамауға және ауыстыруға қажеттіні бір жаққа қою керек. Жорыққа шығатын инвентарьда әрбір байдаркаға қосымша ескекті қосуға, қырқатын, ескек үшін резеңке сақиналар, 25 м мықты арқан, тіреу ілмек, соңғы резеңке шлангының ұшын арттыру үшін су отсосы арналған сепкіш, сүртетін соңылар және ремнаборды қосу қажет. Жөндеу жинағының құрамы: пассатиждер, бұрғы, тістеуік, ара металлмен, қайшылар, екі-үш бұрғылар, қайрақты қайрақ, желкенді инее, капронды жіп, жұмсақ сым иірген арқандар және бау кипернойы, шегелер жәшігі, бұрандалар мен бұрандалы шегелермен, алюминді түтіктер, мата негізді изолента. Ремнаборды арнайы жиналмалы құтыда сақталады. Көрсетілген құралдардан басқа топқа бұрылғылардың жинағымен және балғамен қол бұрғы болу керек.

2 Кемелерді тиеу және маневрлар

Қайықтар мен ялдарда алдыңғы банкіге дейін заттарға жартылай бак бөлінеді. Команда артында орналасады. Азық- түлікті жәшіктер мен чемодандарда ұстау ұсынылады. Жеке ыдысты өңдегеннен кейін шелекке жинап, ыңғайлырақ жерге бекіткен дұрыс. Оттық және жатын жабдықтарды, шатырларды, қармақтарды борттардың қасында ішінен бекітіп қою керек. Әрбір қайықта зерттеушілік жұмыс үшін немесе басқа себеппен топтан бөлініп кеткен жағдайға жатын жабдық заттар, жеке заттар, ыдыс- аяқ, нан, азық- түліктер болуы керек.
Тыныш құрғақ түпті емес жерде түнеген кезде қайықты түнде ағаштың немесе сынаның артына мықтап бекітіп, суда қалдыруға болды. Ескектерді жағаға алып қою керек.
Қайықты алғанда оны жерде сүйреуге болмайды. Заттарды түсіруді ол суда болған кезде жүргізу керек. Отырғызу кезінде адамдар қайыққа секірмеуі керек.
Ялдағы маневрлер. Жағаға жақындап келіп, басқару тұтқасындағы адам қайықты ағысқа қарсы бұрып, оны өте кіші бұрышпен жағаға бағыттап, Шабаш! деп бұйыруы керек. Ескекшілер ескектерін бортқа қойып, басқару тұтқасындағы адам жылдамдығын пайдаланып, қайықты бортпен қайықты нығыздап әкеледі.
Егер топ байдаркамен келе жатса, онда олардың шағын тұрақтылығыны ескеріп, барлық операциялар өзгедей тәртіпте жүргізілуі керек.
Сол жабдықта кильсонға консервілерді және аяқ-киімді, ал конепитке жақын деконың астындаға бос жерге тамақ жабдықтарын, бидон және ыдыс-аяқ пен бақырды салуға болады. Киімді, іш-киімді және басқа жеңіл киімдерді кемедегі зат қоймаларына су өтпейтін цилиндр тәріздес қаптарға салып қоюға болады. Үрлемелі және ұйықтауға арналған қаптарды су өткізбейтін қапқа салып ескекшілерге үстіне отыруға болады. Аяқ астына шүберек төсеу қажет, ал алдыңғы ескекшінің артын артындағы ескекші аяғымен суламас үшін бір затпен жабады. Бүріккішті шетке мықты арқанмен байлап қойған жөн. Көзілдірік, сағат, қол орамалды кеуде немесе байдаркалық қалталарда ұстаған ыңғайлы.
Байдаркадағы маневрлар. Байдаркаға отыру үшін келесідей түрде орындау керек: артқы ескекші мидельшпангоуттағы комингспен кемені екі қолмен ұстап, ал алдыңғы ескекші форштевнге бетімен тұрып кильсонға жағын аяғын үстіне қояды, содан соң тұрқыны бұрып, қолмен комингске қолдарын тірейді, осы қалыпта екінші аяғын кильсонға қойып дайын орындыққа ақырын отырады. Артқы ескекші оған ескекті беріп, сол сияқты өзі де отырып ескегін алады.
Байдаркадан шыққанда форштевнге бетімен қарап шығады. Бұл жағдайда ескекші ескегін кеме тұрқы бойымен немесе көлденең қойып, компингске қолын тіреп бүгілген қалыпта бір аяғын, содан соң екінші аяғын шығарады.
Егер судың тереңдігі тізеден жоғары болса, онда қайыққа отыруға және шығуға болмайды. апат болған жағдайда байдаркадан бірінші ескекші шығады.
Байдарка тұрағында оларды судың жағасына шығарып, оттан алыс шатырдың жанына қою керек. Жағаға жақындау үшін байдарканы ағысқа қарсы есу керек.

3 Салдағы туристік ағын

Салдағы ағынға затты аз мөлшерде алу керек. Осылай салмен туризм жасауға болады. Үрлемелі плоттар туризм жүзінде кең орын алды. Үрлемелі плоттың негізі болып сырғауылдан жасалған жиектеріне жабдықтау бөлшектері бекітіліп, ал астына жүзу әсерін беретін автомобиль камералары немесе қолдан жасалған үрлемелі қаптар бекітіледі. Мұндай плот топпен екі-үш күн бұрын жиналып, ағаш плотты төрт-бес күн бұрын жиналады. Үрлемелі плоттар ағаш плотқа қарағанда өзгеше ерекшеліктері бар. Ол ағаш плотқа қарағанда жеңіл болғандықтан кедергілерді айналып өтуге оңай және тастардан оңай шешіледі. Үрлемелі плот ағыс қатты болған жағдайда қабырғасымен тұрып қалмайды. Сонымен қатар үрлемелі плот ағаш плотқа қарағанда қауіпсіз.
Үрлемелі плотты жабдықтау үшін МАЗ-200, МАЗ-205 автомобильдерінің камераларын пайдалануға болады. Жиекті кеменің өлшеміне қарай диаметрі 8-12см болатын шырша сырғауылынан жасауға болады. Диаметрі 2 миллиметр болатын сыммен әр түйіліскен жерін орайды. Жиекті капронды баумен тоқуға да болады. шеткі сырғауылдарды - лонжерондарды - кесекпен алдымен, ал ортадағыларды - кесекпен артқа қояды. Төмендегі камералар арасындағы ложенрондарды көлденең бекітеді. Төсеніш сырғауылдарын мұрын мен ұш жақтан үстіңгі және төменгі көлденең жаққа қозғап қояды.
Сал жабдықтары. Салмағы 1,2-1,5кг болатын балта, ара, қашау, бұрғы, өлшеуіш, қарандаш (көк және қызыл), брезентті қолғаптар, 140-200 мм шегелерден 14-30 дана, арқандар болу қажет. Арқандар
oo швартты таспа (ескектер астындағы бөлшектерді, жүкті, қосымша ескекті, арқа қоржынды бекітуге арналған негізден немесе шыттан жасалған, 10 мм, ұзындығы 20-40м жіп);
oo киперлі таспа немесе оның сапасына сай бау (50-100м);
oo тұрып қалған, тастан босату және басқаға апаттарда салды тартуға арналған ұзындығы 30-40 м бос репбау;
oo үрлемелі салдың камерасын байлауға арналған 5-7мм және әр камераға 10м жіп.
Үрлемелі плотқа жоғарыда аталған жабдықтардан басқа камералар, автомобиль насосы, камераны жөндеуге арналған құрал-саймандар, жиекті бекітуге арналған сым, пассатиждер (бір топқа бір-екі дана).
Әр қатысушы құтқарушы кеудеше, бәкі, су өткізбейтін қалта, су өткізбейтін қалтада шырпы болу қажет.

4 Туристердің режимі және кемелердің қозғалысы

Күн тәртібі жыл мезгілі мен географиялық кеңістікке және аймақтың ауа-райына қарай орнатылады. Таңертең тұрғаннан кейін суға 1,5 сағаттан кейін шығады. Жүзгенде екі тәртіп орындалады: кильватерлі тізбек және пеленг немесе кемерлі тізбек. Екі жағдайда да әр кеме өзіне жақын алдыңғы және артқы кемемен назар және дауысты байланыста болу керек. Жетекші топты жақсы көретіндей жерді таңдап алып, басқарушы және тұйықтаушы адамды белгілейді. Басқарушыны басып озуға және тұйықтаушыдан қалуға болмайды.
14-16 уақыт шамасында ыстық басылғанда күндізгі тұрақтан шығуға болады. Жарықта лагерді ұйымдастырып, кешкі және келесі күнге таңертеңгі асты әзірлеу үшін күннің батуына дейін 40 минут бұрын түнеуге дайындалу керек.

5 Апаттар және оларды жою

Әр түрлі апат жағдайында барлық топ қатысушылары дүрмелі болады. Негізгі ауыр жұмысты апатқа түскен кеме экипажы мойнына алады. Жетекші апатты жою бұйрықтарын береді.
Бос толқында кеменің аударылуы. Бұл жағдайда саяхатшылар алдында жүзіп келе жатқан кеме апатқа түскен кеменің заттарын аулайды, ал апатқа түскендер сол мезеттегі жағдайға қарап құтқару шешімдерін қарастырады. Егер ол жер терең емес болса, онда олар сол мезетте кемені шабаққа орнатып, батып кеткен заттарды шығарып, кептіру қажет. Егер апат терең жерде болса, онда топ кемені қолмен шығарып немесе терең емес жерге тартып шығарады.
Кеменің жағаға жақын жерде аударылуы. Аударылған кеменің тобы кеменің жиектерінен ұстап жағаға шығрады. Жетекшілер кеменің алдыңғы жағында тұрып батып кеткен заттарды аулайды.
Кеменің тесілуі. Бұл жағдайда тесілген жерді матамен бітеп, жағаға шығару қажет.
Кеменің тасқа немесе бағанаға тірелуі. Тұрақтылықты сақтау үшін кемені артқа немесе алдыға қарай итеру керек. Егер қайық қатты қисайса, онда қайық жүзіп шығу үшін қайықтың қарама-қарсы жағына шығып суға секіреді.
Егер батып жатқан адамды қайықтан құтқару үшін оған мұрнымен немесе ұшымен келу керек. Содан соң бір адам мұрын немесе ұшында жатқан қалыпта оған қайыққа шығуға көмектеседі. Батып жатқан адамды қайықтың ортасынан құтқармайды, өйткені қайық аударылып кетуі мүмкін. Егер батып жатқан адам судың астына кетіп қалса, онда құтқарушы белден бауланып оның артынан суға түседі де, содан соң топ ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Логопедиялық жұмыста тыныс алудың маңызы
Спорттық туризмнің тактикасы
Революциядан кейінгі жылдарда туризмнің дамыған түрлері
Орталық Қазақстанның табиғат жағдайы
Дене тәрбиесінің амалдары
Дене үзілісінің маңыздылығы
Жүзе білудің маңызы
Яхталардың жіктелуі түрліше
Балқаш көлінің географиялық жағдайының туризмге әсері
Жүзу кезіндегі аяқ қимылдары
Пәндер