Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары
1.2 Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ИНСТИТУТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Мемлекеттік қызмет институтының тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі
2.2 Мемлекеттік қызмет институтының қазіргі даму жағдайын талдау
2.3 Мемлекеттік қызметтегі кадрлық саясат
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3
5
5
9
18
18
24
29
34
36
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Мемлекеттік қызмет - қазіргі заманның басты өзекті мәселелерінің бірі, ол қоғамдағы іс-әрекеттерді реттеудің, қадағалаудың басты құралы.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі. Мемлекеттік қызмет мемлекеттің заңдар жинағымен бекітілген, нормалар және ережелермен негізделген қызметтің ашық саласы болып табылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің бір тұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген.
Заманауи жоғары тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтің қалыптасуы - қазіргі таңда бірінші орынға қойылатын басты мәселелердің бірі. Құқықтық мемлекеттің бой көтеруі, елдің дамуы мен жалпы тұрақтануы, қоғамның демократия жолымен жылжуы, елдегі экономикалық реформалардың барысы көбіне мемлекеттік басқару машинасы мен шенеуніктердің кәсібилігіне, олардың әрекеттілігі мен ынтасына, белгіленген бағыт бойынша қызмет етуіне байланысты.
Мемлекеттік қызмет әлемде үш мың жылдан бері бар. Осы уақыт ішінде ол патриархтық тұрпаттан ұтымды-құқықтық тұрпатқа дейінгі елеулі өзгерістерден өтті. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 халыққа Жолдауында: ...Мемлекеттік қызметтің беделін биік көтеру және қолдап отыру - біздің таяу жылдарда шешуге тиіс стратегиялық міндетіміз деп атап көрсетті.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметтің жүргізілуінің басты мақсаты - халыққа қызмет көрсетудің тиімді, оңтайлы, қажеттілікті қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыру, мемлекеттің ішкі экономикалық дамуына ықпал ететін саясат жасау, халықтың мемлекеттік қызметке деген сенімін арттыру.
Курстық жұмыс тақырыбы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет институтын ұйымдастырудың құқықтық негіздері.
Курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік қызметтің жағдайын зерттеу, зерттеу негізінде жетілдіру, тиімділігін арттыру жолдарын қарастыру, сонымен қатар, мемлекеттік қызметті бағалаудың әдістемелік есептеу әдісін анықтау.
Қойылған міндеттері:
Халықтың қажеттілігін тиісті деңгейде қанағаттандыру;
Мемлекеттік қызметтің қызмет ету жүйесін оңтайландыру;
Мемлекеттік қызметті бағалау жүйесін қалыптастыру;
Шет елдердегі мемлекеттік қызмет тиімділігін ҚР жағдайына пайдалану;
Зерттеу объектісі - мемлекеттік қызметтің жалпы жүйесі, қалыптасуы мен дамуы, ағымдағы жағдайы, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет істері Агенттігі.
Курстық жұмыста мемлекеттік қызметтің жалпы жүйесі, ұйымдастырылу мен тиімділігін бағалау бағыттары және көрсеткіштері, дамыған мемлекеттердің тәжірибесін Қазақстан жағдайына қолдану, мемлекеттік кадр мәселесін жетілдіру, сондай-ақ, әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған.
Жұмысты даярлау барысында ақпараттық-аналитикалық база ретінде осы бағыттағы әдебиетпен қоса Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілері және мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттіктің материалдары пайдаланылды.
Курстық жұмысты құқықтық және ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етуде ҚР Конституциясы, Мемлекеттік қызмет туралы Заң және нормативтік актілері, ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің статистикалық материалдары қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімдерінен тұрады.
Бірінші бөлімде Мемлекеттік қызмет: түсінігі және қағидалары, мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері, мемлекеттік қызметтің тиімділігін бағалау әдістері жайында жазылған.
Екінші бөлімде Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі, мемлекеттік қызметтің қазіргі даму жағдайын талдау қарастырылған.
Үшінші бөлімде дамыған мемлекеттердің мемлекеттік қызмет тәжірибесін зерттей отырып, Қазақстан жағдайында қолдану, Әкімшілік реформалар негізінде мемлекеттік қызмет тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі жөнінде толықтай жазылған.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қазіргі уақытта дамудың қалыпты жағдайында. Сол себепті оның дамуы мен тиімділігінің артуына аса назар аударған жөн.
Мемлекеттік қызмет халыққа жұмыспен қоса, сенімді болашақ пен алға ұмтылушылық ынта қалыптастырады. Мемлекеттік қызметтің артықшылығы - ол халыққа қызмет көрсете отырып, олардың қажеттілігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Елдің басты міндеті де әл - ауқатты арттыру.

Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттігін атқару жөніндегі қызметі.

Ауыспалы экономикаға тән елдердің ерекшелігі - қоғамдық және экономикалық қатынастардағы өзгерістермен қатар, мемлекет рөлінің трансформациялану үрдісінің қатар жүруі.
Заманауи жоғары тиімді мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметтің қалыптасуы - қазіргі таңда бірінші орынға қойылатын басты мәселелердің бірі. Құқықты мемлекеттің бой көтеруі, елдің дамуы мен жалпы тұрақтануы, қоғамның демократия жолымен жылжуы, елдегі экономикалық реформалардың барысы көбіне мемлекеттік басқару машинасы мен шенеуніктердің кәсібилігіне, олардың әрекеттілігі мен ынтасына, белгіленген бағыт бойынша қызмет етуіне байланысты.
Мемлекеттік қызмет - мемлекеттік органдардың азаматтарға, бизнеске және басқа да мемлекеттік органдарға көрсетілетін белгілі мөлшердегі нормативті қызметі. Мұнда қарапайым қызметтер де, соның ішінде азаматтардың, бизнестің, басқа да ведомствалардың сұрауымен, бір және бірнеше ведомствалармен өзара қатынасы аясында болатын және жүзеге асатын қызметтер де бар.
Мемлекеттік қызмет әлеуметтік қатынастар жүйесінде қоғамның қалыпты өмір сүруі мен басқа да әлеуметтік қызмет түрлерін, ең алдымен өндірісті санаткерлік қатынаспен қамтамасыз етудің қажетті алғышарты ретінде қалыптасты. Көп уақытқа жуық қызметтің ақыл еңбегі саласы ретінде танылуы бекер емес. Алайда қазіргі уақытта мұндай тезис қызметтің басқа әлеуметтік қызмет түрлерінен шектеудің критериі ретінде жоққа шығарылуда. Мұнда басты фактор ретінде қызметті іске асыру барысындағы әсер ету объектісі танылады. Қызмет басқа адамдар үшін еңбек әрекеті. Қызмет барысында әсер ету объектісі болып адам, тұлға танылады, сонымен қоса бұл әрекет - тікелей емес, ал адам - нақты. Ол қоғаммен бірге қоғам шеңберінде және қоғам үшін туындады және дамыды.
Қызмет әрекеті барысында қатынасушылар арасында екі түрлі қатынас орнатылады. Біріншісі, қызметін іске асырушы тұлға мен әсер ету объектісі арасында. Екіншісі, еңбек барысында емес, еңбекке қатысты белгілі тұлға мен қызмет бойынша басқа да тұлғалармен қатынасы. Жалпы мағынада қызмет - әлеуметтік, қоғамдық және мемлекеттік өкілеттіктерді іске асыру және атқаруды ұйымдастыру бойынша белгілі бір тұлғаның кәсіби қызметі.
Қызмет басқару, мемлекеттік қызметті іске асыру, басқарудың өзін қамтамасыз ету, адамдарға әлеуметтік - мәдени қызмет көрсетуден тұрады. Бұл жерге тағы да төменгі лауазымдық деңгейде орналасқан басқарушылық қызметтің техникалық қамтамасыз етуін де жатқызуға болады.
Мемлекеттік қызметтің ішкі мазмұны екі жақтан тұрады: біріншіден, ұйым, қызметті реттеу (лауазымды бекіту, әрбір лауазым бойынша өкілеттіктерді анықтау, лауазымдарды ауыстыру тәртібін бекіту, қызметті өтеу, қызметтен босаудың тәртібі мен негіздері); екіншіден, қызметтің өзі (лауазымдық өкілеттіктерді іске асырудың уақытша кезеңі мен барлық үрдісі).
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік лауазымдармен іске асырылады. Лауазым - мемлекеттік қызметтің қажетті элементі, реттелген тәртіпте қалыптасатын, бір жұмысшыға қарастырылған, аппараттың бастапқы ұяшығы. Сәйкес органның құқықтық актілерімен оның атауы, қызметтік иерархиядағы орны, ауыстыру тәртібі анықталады. Ол лауазымның штаттық кестесі мен бірыңғай лауазым номенклатурасына кіреді.
Мемлекеттік қызметтің нақты белгісі болып лауазымды ауыстыру танылады. Лауазым ретінде белгілі бір ұйымның белгіленген тәртіпте анықталған өкілеттігінің көлемі мен мазмұнын анықтаушы бастапқы құрылымдық бірлігі түсініледі.
Г.В. Атаманчуктың пікірінше, мемлекеттік қызмет мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін ғана емес, мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін мемлекет мәнін, оның тағайындалуы толық іске асуы үшін, өз азаматтарының қажеттіліктерін және қызығушылықтарын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Мемлекеттік қызмет мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі қызметтің түрлілігі, заңды құқықтар мен азаматтар еркіндігін, олардың қауіпсіздігін іске асыруға, мемлекеттің әлеуметтік міндеттерін шешуге, қоғамда орын алған шиеленістердің жағымсыз нәтижелерін азайтуға бағытталған, мемлекеттік аппараттың жұмысшыларының мемлекеттік функцияларды тәжірибелік іске асыруына негізделеді.
Мемлекеттік қызметтің негізгі міндеті - мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін орындау, яғни әрбір құрылымға өмір, шаралар кешенін, құралдар, нақты тәжірибелік қызмет үшін әдістер енгізеді. Мемлекеттік қызмет қызметке түсу, одан өту, қызметтен босау тәртіптерін құрайтын процессуалды аспектіден тұрады. Ол әкімшілік қана емес, құқықтың басқа да салаларының нормаларымен реттеледі.
Мемлекеттік қызмет көптеген және түрлі функцияларға ие және соның негізінде маманданады. Қызмет пен ұйымның өзара келіскен байланысы нәтижесінде ұйым беделі қызметтің мазмұнын және қызмет мәртебесін, оның түрлерін анықтайды. Барлық ұйымдар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға бөлінеді. Мемлекеттікке мемлекеттік міндеттерді іске асыру үшін мемлекетпен құрылатын ұйымдар жатады. Олар мемлекеттік органдар, мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер мен олардың бірлестіктері, қарулы қалыптасулар.
Мемлекеттік қызмет мемлекет пен қоғамның барлық дерлік салаларында қызмет етеді. Мысалы, әлеуметтік - мәдени саланы басқару (білім, денсаулық, ғылым, халықты әлеуметтік қорғау); экономиканы басқару (өндіріс, ауыл шаруашылығы, табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау, сауда, қаржы, сыртқы экономикалық қызмет); әкімшілік - саяси саланы басқару (қорғаныс, қауіпсіздік, ішкі және шет елдік істер, заң).
Мемлекеттік қызмет кәсіби негізде іске асады. Бұл мемлекеттік мекемелердің қызметін үзіліссіз, артылықшылықты және құзыретті іске асырудың қажеттілігімен негізделген.
Мемлекеттік қызмет түсінігін анықтауда алдыңғы болып кәсіби қызмет танылады. Кәсіби қызмет ретінде арнайы машықтар мен білімге негізделген қызмет түсініледі. Ол ретінде мемлекеттік лауазымдағы мемлекеттік орган тұлғаларының үзіліссіз, артықшылықты және өкілеттікті құзыреттерін қамтамасыз етуді білдіреді.
Мемлекеттік органдардағы, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардағы қызмет адамдардың әлеуметтік қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Мемлекетке қызмет мемлекеттің өзімен, оның ролімен және қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты.
Заң - мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесін, соның ішінде мемлекеттік қызметтен өту шарттары мен тәртібін, көтермелеу түрлері мен қызметкерлердің жауапкершілігін, мемлекеттік қызметті тоқтату мен басқа да мәселелерді регламенттейтін, мемлекеттік қызметтің құқықтық институтын қалыптастыратын құқықтық нормалар жиынтығы. Оған конституциялық, еңбектік, азаматтық, қаржылық және құқықтың басқа да салаларының нормалары кіреді.
Мемлекеттің қалыптасуы барысында мемлекеттік қызмет алғашқы ұйымдастыру құралы ретінде әрекет етеді. Мемлекеттік қызметтің құрылымында қатынастардың екі тобы ажыратылады: мемлекеттік қызметті ұйымдастыру, оның дайындығы және қызметі, әрбір қызметшінің және барлығының қызметтік өкілеттіктерін іске асыруы. Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру қызмет үшін қалыптасуды білдіреді: лауазымдық атаулардың бекітілуі мен әрбір лауазым бойынша өкілеттіліктерді анықтау, мемлекеттік қызметке түсудің ережелерін құру, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру, қызмет бойынша көтермелеу, сыйақы беру және жауапкершілікке тартудың шараларын қолдану, қызметті өткеру және қызметтік қатынастарды тоқтату және басқа да ережелер. Бұл кадрлармен байланысты қарым - қатынастардың үлкен саласы және тәжірибелік қызметтің дайындық мақсатына ие.
Мемлекеттік қызметтің басқа жағы - ол өзіне жүктелген өкілеттіліктерді іске асыру бойынша мемлекеттік қызметшілердің тәжірибелік қызметі.
Теориялық тұрғыда мемлекеттік қызмет әлеуметтік, саяси, құқықтық, ұйымдастырушылық, құлықтылық аспектілерінде болуы мүмкін. Құқықтық мағынасында мемлекеттік - қызметтік қатынастардың заңдық бекітілуі зерттеледі. Мемлекеттік қызмет - күрделі әлеуметтік - құқықтық институт болып табылады. Бұл институт мемлекеттік - қызметтік қатынастарды регламенттейтін құқықтық нормалар жүйесін білдіреді, яғни, құқықтар, міндеттер, шектеулер, тыйым салулар, ынталандыру, қызметкерлердің жауапкершілігі, мемлекеттік қызметтен өту, қызметтік қатынастардың қалыптасу тәртібі мен тоқтатылуы.
Дәстүрлі теория негізінде мемлекеттік қызмет ретінде мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар және бірлестіктердегі қызмет түсініледі.
Мемлекеттік қызметтің қағидалары дегеніміз - бұл негіз қалаушы нормативтік - құқықтық бастама, мемлекеттік қызметтің қызмет етуі мен ұйымдастырылу жүйесіндегі объективті заңдылықтарын, ерекшеліктерін, негізгі мазмұны мен даму бағыттарын білдіретін бекітулер. Және қағидалар бұл атап айтқанда құқықтық, яғни, нормативтермен бекітілген және осы саланы реттеуші барлық құқықтық көздерде кездеседі. Олар мемлекеттік қызметтік қатынастардың мәнділігін, заңдылығын және әлеуметтік құндылығын негіздейді.
Негізгі қағида - бұл одан бас тартпайтын ғылыми немесе құндылықтық бастама, негіз, ереже. Қандай да бір ұстанымның болуы белгілі бір құрылымды өзгешелеп, көпшіліктен ерекшелейді. Сондықтан құқық пен оның институтының әрбір саласы үшін қағидалардың жиынтығы іргелі мәнге ие. Шешім қабылдауда бұл қағидаларды елемеуге жол берілмейді. Өйтпеген жағдайда заттарға, құбылыстарға көзқарас жүйесі өз құрылымы мен мәнін және мақсатын жоғалтады. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет келесі қағидалаға сүйеніп, қызмет атқарады:
1) заңдылық;
2) Қазақстандық патриотизм;
3) мемлекеттік өкіметтің заң шығарушылық, атқарушылық және сот
тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
4) азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы;
5) жалпы қол жетімділік, яғни Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатылуға тең құқығы;
6) азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
7) мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі мен жоғары біліктілігі;
8) мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекке ақыны тең төлеу;
9) жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттігі шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төменгі мемлекеттік органдардың қызметшілері үшін міндеттілігі;
10) мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
11) мемлекеттік құпиялар немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып есептелетін қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
12) мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
13) мемлекеттік қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
14) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
15) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруды үздіксіз жүргізу.
Барлық қағидалар бір - бірімен тығыз байланысты және келесі жүйеде қызмет атқаруға бағытталған: біреуін сақтау басқаларының іске асуына ықпал етеді және қағидалардың біреуін орындамау қалғандарының орындалуына кері әсерін тигізеді. Мемлекеттік қызметтің қағидалары мемлекеттік кадр саясатының қалыптасуы мен іске асуының маңызды негізі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің қызмет етуінің нормативтік-құқықтық негізі кемелдену мен толық аяқталғандықтан әлі де алыс екенін атап өткен жөн; мемлекеттік қызметті материалды, қаржылық, әлеуметтік қамтамасыз ету мықты және таза мемлекеттік бюджеттің қалыптасуымен тығыз байланысты. Қазір мемлекеттік қызметкерлердің материалдық жағдайы оңды нәтижені үміттендіреді. Және де бұл шенеуніктер арасындағы жемқорлықтың өрістенуінің, кадрлардың бизнес саласына өтуінің, кәсіби жетілуде ынтаның жоқтығының себептерінің бірі. Бұдан мемлекеттік басқару жүйесі кадрлардың үздіксіз дайындығы мен қайта даярлауды, олардың мамандануын, қызметінің материлды-техникалық қамтамасыз етілуін күшейтуді қажет ететіні байқалады. Әлбетте ұлттық ерекшеліктер мен дәстүрлер мемлекеттік қызметтің формасы мен мазмұнына елеулі әсер етеді.
Бұл жағдайдан шығу жолын көптеген мамандар мемлекеттік басқару жүйесіндегі әлемдік стандарттарды енгізу, мемлекеттік қызметте халықаралық қағидаларды орнатуда деп тұжырымдап отыр.
Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет ел аузындағы елеулі мәселелердің бірі. Ондаған жыл бұрын мемлекеттік қызмет халықтың ойы тұрмақ, аузында да болмаған. Заман өзгере келе мемлекеттік қызметке деген сұраныспен қатар, оған деген қызығушылық та күннен күнге артуда. Оған басты себептің бірі - мемлекеттік қызметтің ұсынар тұрақтылығы мен ертеңге деген сенімді ұялатуында. Мемлекеттік қызметтің артықшылығы - ол халыққа қызмет көрсете отырып, олардың қажеттілігін жоғары деңгейде қамтамасыз ету. Елдің басты міндеті де әл - ауқатты арттыру.
1.2 Мемлекеттік қызметтің заңнамалық негіздері.
Мемлекеттік басқарудың бар құрылымын күшейтпей қоғамның заманауи жағдайда жаңалануы мүмкін емес. Алайда мемлекеттік басқару жүйесінің өзі жеделдетілген реформалауды қажет етеді. Бұлардың барлығы келесідей мәселелерді туындатады:
- мемлекеттік аппарат олардың қайтарымсыздығының реформалары мен кепілдерінің басты қозғаушы ролін өзіне жүктеуге тиіс; - мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық, материалдық, қаржылық және әлеуметтік қамтамасыз етілуі мықты бюджеттің қалыптасуымен тығыз байланысты және бұл жемқорлықтың, кадрдың жоғарғы тұрақсыздығының, кәсіби жетілудің ынтасының жоқтығының басты себебі.
Мемлекеттік қызметтің қалыптасуы бірнеше кезеңдерден тұрады. Қазақстандық үлгісін өрістете дамытудың төрт кезеңін ұсынуға болады:
1) Мемлекеттік қызметтің ымырашылдық мерзімі (1991-1995ж.ж.)
oo Тәуелсіздік жағдайындағы мемлекеттің жаңа саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени ерекшеліктері.
oo Коммунистік идеологияға қатысы жоқ азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу мүмкіндігі.
oo Кәсіптік білімі мен тәжірибесі жоқ қызметшілердің едәуір құрамының мемлекеттік аппаратқа келуі.
oo Экономикалық құлдырау және құқықтық вакуум жағдайында сыбайлас жемқорлықтың, патронаждың, кадр жеткіліксіздігінің пайда болуы.
2) Мемлекеттік қызметті институттандыру кезеңі. (1995 - 1999 ж.ж.)
Бұл кезең елімізде 1995 жылы Ата заңымыз қабылданып, 26 желтоқсан 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік қызмет туралы Заң күші бар Жарлығының баспада жарық көруіне тұспа - тұс келеді. Осы Жарлықта мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін тұрғызу, мемлекеттік қызметті өткеру тәртібін заңды рәсімдеу, мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен құқықтық ережелерінің, олардың әлеуметтік қорғалуы шараларының айқындалуы негізге алынған. Мемлекеттік лауазымдар: премьер министр лауазымынан бастап селолық округтердің жетекші маманына дейінгі лауазымдарды жеті санатқа бөлуі, мемлекеттік қызметшілерге кәсіби дайындығы деңгейіне қарай біліктілік сыныптары дәрежесінің берілуі жасақталған.
Мемлекеттік қызмет туралы Жарлық қабылданғаннан кейінгі өткен кезеңдерде мемлекеттік қызмет институтын қалыптастыру тәжірибесін талдау барысында бірқатар проблемелар анықталды. Мемлекеттік қызметке іріктеуде патронаждау тәжірибесінің жалғасуы, кадр тұрақтылығының төмендігі, басшылардың ауысуы кезеңінде аппарат қызметкерлерінің себепсіз орын ауыстыруы, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы, атқарылатын тапсырмалардың шектен тыс болуы және сол сияқтылар.
3) Mемлекеттік қызметте реформаның тереңдетілу кезеңі. (1999-2007 жж)
Бұл кезеңде Агенттік өзінің өмір сүру кезеңінде Мемлекеттік қызмет туралы Заңының жаңа редакцияда жобаларын әзірлеп шығаруға ат салысты.
Бүгінгі күні он жылдан астам уақыт бойы жүзеге асрылып келе жатқан 23 шілде 1999 жылғы Мемлекеттік қызмет туралы Заңы мен 20 астам нормативтік актілер қабылданып, іс жүзінде жұмыс жасауда, олар:
oo Мемлекеттік қызметтің мемлекеттік саяси және әкімшілік лауазымдарына және санаттар тобына бөлінуі.
oo Жұмысқа түсу кезінде конкурстық іріктеу және саяси басшылықтарды ауыстыруда әкімшілік лауазымдардың тұрақтылық кепілдігі.
oo Мемлекеттік саяси қызметшілерді ротациялау институтын енгізу.
oo Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларын күшейту.
oo Әрбір мемлекеттік лауазымға тек біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызметке қабылдау және мансаптық жоғарылау.
oo Бұрынғы жергілікті атқарушы органдардың бақылауында болған тәртіптік кеңестерді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында тәртіптік кеңестерін құру.
4) Мемлекеттік қызметтің жаңа концепциясы
2012 жылдың 17 маусымында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференциясында Елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы мемлекеттік қызметтің рөлі туралы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың баяндамасында үндестірілді. Оның негізі:
oo АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің халықаралық тәжірибелерін зерттеу;
oo Қазақстандық ерекшелігімізді, көзқарасымызды, әлеуетіміз бен әлсіз жақтарымызды ескеріп еліміздің жаңа моделін жасақтау.
Осылайша төрт кезең Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің заңнамалық қалыптасуын толықтай сипаттайды.
Қазақстан Республикасында 1995 жылғы Конституция мен Мемлекеттік қызмет туралы 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 Президенттің жарлығымен мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрудың, шенеуніктердің мемлекеттік қызметке өтуінің заңды рәсімделуінің негізі қаланды. Мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастардың реттелуі, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы мен олардың әлеуметтік қорғалуы, республикадағы мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылу негізі жарлықта көрсетілді. Нәтижесінде кадрларды тұрақтандыруға, сонымен қатар бірыңғай еңбекақы төлеу саясатын жүргізуге мүмкіндік тудырған мемлекеттік қызметкерлердің біліктілік талаптары, категориясы мен мәртебесі заңды түрде рәсімделді.
Жарлықтың қабылдануы мемлекеттік қызметтегі қатынастарды, қағидаларды, мемлекеттік лауазымдардың жоғарыдан төмен иерархиясын бекіту жолымен, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебесін анықтауға, жемқорлыққа қарсы сипатқа ие мемлекеттік қызметкерлерге шектеу енгізуге және қызметкерлерге әлеуметтік кепіл белгілеуге мүмкіндік тудырды.
Президент Н.Ә.Назарбаевтің 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиясы Өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқаттарын жақсарту атты жолдауының жариялануымен елде нақты мақсаттар мен міндеттер қойылған, мемлекеттің реформалануының қатаң бағыты қолға алынды.
Мемлекеттік қызметке ең мықты, адал, өз елінің патриоты болатын азаматтарды іріктеу міндеті 1998 жылдың қыркүйегінде құрылған ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігіне жүктелді.
# Агенттіктің қалыптасуы барысында екі негізгі мәселелер қарастырылды: Мемлекеттік қызмет туралы Заңның жаңа басылымының жобасын әзірлеу;
# Мемлекеттік қызметке қабылдау барысында конкурстық іріктеу қағидасын енгізу.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің көрінісі - жоғары уәжді, жоғары сапалы және жоғары мәнерлі мемлекеттік қызметшілер корпусын қалыптастыруға мақсаттанған мемлекеттік қызмет персоналы мен институттарын дамыту болып табылады. Осылайша, мемлекеттік қызметті реформалау өзінің институционалды рәсімделуіне ие болды (2 сурет).
Төраға
төрағаның Орынбасары
Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті
(18 адам)
Мемлекеттік қызметті кадрлармен қамтамасыз ету департаменті
(14 адам)
Ұйымдастыруды қамтамасыз ету басқармасы
(10 адам)
Ақпараттандыру және тестілеу орталығы ММ (8 адам)
Мемлекеттік қызмет аясындағы заңнамалардың сақталуын және Тәртіптік Кеңес пен комиссияның жұмысын бақылау бөлімі
Мемлекеттік қызметшілерді дамыту мен оқыту бөлімі
Құжаттармен қамтамасыз ету, бақылау және кадрлық жұмыс бөлімі
Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі
Есептеу-қаржылық бөлімі
Үйлестіру және бақылау
МҚІА Аумақтық басқармасы
МҚІА Тәртіптік Кеңесі
Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы жетілдіру бөлімі

Сурет-1. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің құрылымы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің миссиясы - мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға мақсаттанған мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
Басқа елдердің тәжірибесін зерттеу мен отандық мемлекеттік қызметтің қызмет етуін саралау барысында, мемлекеттік қызмет саласын реттеуші заңдар мен біршама заңдық актілердің өзгеруі қажет екені анықталды. Мемлекеттік қызмет туралы заңның өзгеруі барлық саяси және экономикалық жүйенің реформасымен, қаржылық және бюджеттік құқықтың өзгеруімен, мемлекеттік басқару реформасымен, тағы да жаңа мемлекеттік міндеттердің қойылымымен келісілді.
Тексерулер мен сауалдардың нәтижесі мемлекеттік органдардың кадр қызметін оқытудың қажеттігі мен кемшілігін көрсетті. Сондықтан Агенттікпен 1999 жылдың сәуірінен жергілікті және орталық атқарушы органдардың кадр қызметінің қызметкерлерінің қатысуымен, республикалық және халықаралық ұйымдардың бірігуімен, мемлекеттік қызметкерлердің персоналын басқару мен ұйымдастыру мәселелері, мемлекеттік қызметті реформалау бойынша оқыту семинарлары мен кездесулер өткізілді. АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей және басқа да бірқатар елдердің сәйкес құрылымдарымен әріптестік қатынастар орнатылды, сонымен қатар бірнеше халықаралық институттар мен білім беруші орталықтармен ынтымақтастыққа қол жеткізілді.
Мемлекеттік қызмет туралы Заңның жаңа басылымының шығарымы мұқият жалғастырылды, 1999 жылдың 23 шілдесінде Мемлекеттік қызмет туралы Заң қабылданып, 2000 жылдың 1 қаңтарынан өз күшіне енді.
Қазақстан Республикасының Президентінің, мемлекеттік қызметшінің анты, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика Ережесі, мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Ережесі, кадр резервінің қалыптасу реті мен мемлекеттік қызмет саласындағы қатынастарды реттеуші басқа да актілер: Үкіметтің мүлікті сеніп тапсыру ережесі туралы қаулысы, ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің актілері - әкімшілік лауазымдарды иеленуге байланысты конкурстың өткізілу Ережесі, мемлекеттік әкімшілік лауазым категорияларының типтік біліктілік талаптары бекітілген Жарлығы қабылданды. Соңғы онжылдықтағы Қазақстандағы мемлекеттік басқару жүйесі маңызды өзгерістерді бастан өткерді. 1994 жылдың ортасында мемлекеттік басқарманың республикалық органдарының құрылымына 43 министрлік пен комитет, 15 Министрлік Кабинеті жанындағы ведомствалар мен агенттіктер кірді. Мемлекеттік басқару жүйесі 1997 жылдың наурыз айында министрліктің саны 24 азайғанда түбегейлі өзгеріске ие болды, ал қазір Қазақстанда 17 министрлік бар.
Мемлекеттік қызмет туралы әрекет етуші Заң мен жиырма бестен астам заңдық актілер лауазымдардың жіктелуі мен еңбек ақы төлеудің жаңа жүйесін анықтады, конкурс пен тестілеуді жүргізу барысын, тәртіптік жазаға тарту, аттестаттау, ант қабылдау, сыйақы беру, мемлекеттік қызмет өтілін есептеу, кадр резервін қалыптастыру, мемлекеттік қызметкерлерді оқыту, мүлікті сенімді басқаруға табыстау, үлгілік біліктілік талаптары, сонымен қатар басқа да көптеген мемлекеттік қызметтен өту мәселелерін ретке келтірді. Осылайша, Қазақстанда мемлекеттік қызметтегі қатынастарды реттеуші заңның жеке саласы құрылды.
Мемлекеттік қызмет туралы Заңның жаңа енгізілімі:
1.Мемлекеттік лауазымдар саяси тағайындалғандардың ауысуы барысында әкімшілік қызметкерлердің құқықтық қорғалуына кепіл беретін саяси және әкімшілікке бөлінді. Мұның барлығы әкімшілік қызметкерлердің саяси бейтараптылығы мен олардың мансабының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған, нәтижесінде бұл әкімшілік мемлекеттік қызметтің кәсібилігіне жағымды әсер етеді. Халықаралық сарапшылардың зерттеулері көрсеткендей, саяси тағайындалу тереңдігі (басшылардың ауысуы кезіндегі ауысым деңгейі) үлкен елдерде, мемлекеттік аппараттың тиімділігі аса төмен болады (3 сурет) [12].
Шығыс Азия елдері
Филиппин
Хатшы
Хатшының орынбасары
Хатшының көмекшісі
Бюро директоры
Өңірлік директор
Қызмет атқару директоры
Бөлім бастығы
2 Деңгей
3 Деңгей
4 Деңгей
Бөлім бастығы
Министр
Саяси тағайындалушылар
Ескерту: Шығыс Азиядағы басқа мемлекетер: Индонезия, Малайзия, Сингапур, Тайван (Қытай), Тайланд.
Еңбекақы төлеудің жіктелген қойылымы жоғарғы деңгейдегі мемлекетік шенеуніктер үшін алынған. 1984-1988 жылдар арасындағы мерзім белгілері.
Бюрократияның тиімділік индексі
Филиппин
Шығыс Азия елдері
Кәсіби мемлекет
Тиімсіз мемлекет
Шығыс Азия елдері
Филиппин
Бюрократиялық тиімділігі
Саяси тағайындаудың тереңдігі
Сурет-2. Саяси тағайындалу тереңдігі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік қызметтік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші;
Мемлекеттік саяси қызметші - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы мен қызметі саяси - айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.
Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі тағайындау не сайлау негізінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген басқа да реттерде, тәртіп пен жағдайларда жүзеге асады. Ал, мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Министр
Вице-министр
Департамент директоры
Директор орынбасары
Басқарма бастығы
Бөлім бастығы
Министр
Вице-министр
Департамент директоры
Директор орынбасары
Басқарма бастығы
Бөлім бастығы
Мамандар
Мамандар
Бұрынғы жүйе кезінде
Жаңа жүйе кезінде
Саяси тағайындалушылар
Тереңдік деңгейі
1
2
3
4
5
6
7
* патронаж
* жабық болу
* құқықтық қорғаусыздық
* саяси және әкімшілік болып бөліну
* кәсіптілікті арттыру
* құқықтық және әлеуметтік қорғалу
* тұрақтылық
* демократиялы болу
.
Министр
Вице-министр
Департамент директоры
Директор орынбасары
Басқарма бастығы
Бөлім бастығы
Министр
Вице-министр
Департамент директоры
Директор орынбасары
Басқарма бастығы
Бөлім бастығы
Мамандар
Мамандар
Бұрынғы жүйе кезінде
Жаңа жүйе кезінде
Саяси тағайындалушылар
Тереңдік деңгейі
1
2
3
4
5
6
7
* патронаж
* жабық болу
* құқықтық қорғаусыздық
* саяси және әкімшілік болып бөліну
* кәсіптілікті арттыру
* құқықтық және әлеуметтік қорғалу
* тұрақтылық
* демократиялы болу
.
Саяси үрдістердің кәсіби қызметкерлердің аппаратына әсерін төмендететін, саяси тағайындаулардың шегі заңмен анық бекітілген. Министрлік деңгейіндегі саяси мемлекеттік қызметшілерге министр мен оның орынбасарлары, аймақтық деңгейде - облыс әкімдері мен олардың орынбасарлары, аудан, қала, село мен ауылдардың әкімдері, биліктің атқарушы бұтағындағы басқа лауазымдар әкімшілікке жатады (4 сурет).
Сурет-3. Қазақстанның мемлекеттік қызмет жүйесіндегі саяси тағайындаудың тереңдігі
Мемлекеттік қызметтің 90 % құрайтын әкімшілік қызметкерлер, саяси тағайындалушылардың ауысуы барысындағы жөнсіз босатулардан Заңмен қорғалған және мемлекеттік қызмет жүйесіндегі өзіндік жетілуге ынталандырылды. Әкімшілік мемлекеттік қызметке өту міндетті конкурсты сипатқа ие және меритократия қағидасына жауап беретін біліктілік талаптарына сәйкестігін болжайды.
2. Міндетті конкурстық іріктеу жолымен азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қол жетімділігінің конституциялық құқығының іске асу механизмі бекітілген. Әкімшілік мемлекеттік қызметке міндетті конкурстық іріктеудің енгізілуі және қызметтегі жоғарылаудың конкурстық сипаты мемлекеттік лауазым басшысына жеке берілгендік пен протекционизм қағидасы бойынша қабылдауды жоюға мүмкіндік тудырады, бұл патронажды жүйеден бас тартуды білдіреді.Ашық, жария конкурсты іріктеу азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қол жетімділігінің іске асуының жалғыз механизмі. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бос орны бар мемлекеттік органдардың конкурстық ресімдеулерді жүргізе бастағанын атап өткен жөн. Әкімшілік мемлекеттік лауазымға конкурстың өткізілу шарты мен тәртібі, сонымен қатар конкурстық комиссияның қалыптасу тәртібі уәкілетті органмен анықталады. Конкурстық комиссияның шешімі әкімшілік мемлекеттік лауазымға орналасудың не болмаса аталған лауазымға сәйкессіздіктің негізі болып табылады. Уәкілетті орган конкурстың тек бір деңгейіне ғана - үміткерлерді тестілеуге қатыса алады. Тестілеу дайын емес кадрлардың құрықталуына арналған. Тестілеуден өткендердің соңғы іріктелуін мемлекеттік органдардың өздері жүргізеді. Осылайша, әкімшілік мемлекеттік қызметке іріктеу барысы қоғам үшін максималды түрде ашық және жария болады. Сонымен қатар, заңымыздың айрықша ерекшелігі бір лауазымды санаты шеңберінде, тағы да саяси мемлекеттік қызметшілер, Парламент депутаттары мен маслихат депутаттары арасындағы лауазымды тұлғалардың конкурстан тыс иеленуге мүмкіндіктің орын алуы болып табылады.
3. Мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясаттың жүзеге асуын қалыптастыратын уәкілетті органның институты заңмен бекітілген.
4. Ант қабылдау, мемлекеттік қызметші мен оның міндеттерінің қиылысуы немесе қарама-қайшы келуі жағдайында жоғары тұрған лауазымды тұлғаны хабардар етуі бекітілді [15]. 5. Мемлекеттік қызметтің кадр резервінің қалыптасуының нақты тетігі қарастырылған.
6. Мемлекеттік қызметке кіру немесе аттестаттау барысында заңды білуінің компьютерленген тестіленуі енгізілген [16].
7. Мемлекеттік қызметтің сапасының өзіндік стандарты болатын, білімі мен тәжірибесі бойынша лауазымға сай келетін азаматтардың тағайындалуына кепілдеме беретін әкімшілік лауазымдардың әрқайсысына біліктілік талаптары бекітілген (5-сурет). Алдағы уақытта мемлекеттік қызметтің лауазым иелерінің ағылшын тілін меңгеруі талаптар қатарына енгізілетін болады.
Мемлекеттік қызметке байланысты барлық мәселерді бір заң шеңберінде қарастыру мүмкін емес. Заңға сәйкес 30 аса нормативтік-құқықтық актілер құрастырылған [17].
Қазақстан Республикасының Президентінің 2005 жылғы 18 ақпандағы жолдауындағы тапсырмасын іске асыру мақсатында Мемлекеттік қызмет туралы әрекет етуші Заңға Агенттікпен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, сол себепті 2005 жылдың 8 шілдесінде №75 Мемлекеттік қызмет туралы ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заң қабылданды.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптар
білім деңгейіне
білімі мен дағдыға
еңбек өтілі мен тәжірибеге
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға арналған біліктілік талаптары
кәсіптік білім берудің бағыты мен деңгейі, мемлекеттік қызметшілердің мамандығына оның сәйкестігі
еңбек өтілі мен тәжірибесі
кәсіби дағды мен шеберлікке
Кәсіптік құзыреттілігі (функционалды міндеттерін атқару үшін керекті білім)
Сурет-4. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының біліктілік талаптары

Мемлекеттік органның құқықтық жағдайы, өкілеттіктері мен қызмет саласы мемлекеттік орган туралы Ережемен реттеледі; мемлекеттік орган болып табылмайтын мемлекеттік мекеменің беделі, өкілеттігі және қызметі - мемлекеттік мекеме туралы Жарғымен реттеледі.
Мемлекеттік биліктің бірлігі мен оның заңдық, атқарушылық және сот жүйесі тармақтарына бөлінуінің конституциялық қағидасына сәйкес: биліктің заңдық тармағын Қазақстан Республикасының Парламенті, атқарушы тармағын - Қазақстан Республикасының Үкіметі, сот жүйесін - Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты атқарады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстан атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға болып табылады.
Мемлекеттік қызмет туралы Заңның 1 тарауының 3 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет мемлекеттік биліктің заңдық, атқарушы және сот билігіне бөлінгеніне қарамастан мемлекеттік қызметтің бірлік қағидасы жүйесіне негізделеді.

2.1 Мемлекеттік қызмет тиімділігін бағалаудың қазіргі жүйесі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1125 Жарлығына қосымша Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi бекітілген. Аталмыш жүйе орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi - бағаланушы мемлекеттік органдар) қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында әзiрлене отырып, мемлекеттік органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалаудың негiзгi ережелерiн, принциптерiн, бағыттарын белгілейді, органдар жүйесiн және жүргiзу, анықтау және оларға шағымдау тәртiбiн айқындайды.
Тиімділікті бағалау үшін ақпарат көздері болып табылатындар: мемлекеттiк органдардың есептi кезеңде жүргiзген қызметi туралы есебі;
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгi және бағалау жүргізуге уәкілетті органдар жүргiзген тексерулер нәтижелерi; Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнің Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының, Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын бақылау нәтижелерi; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрi Кеңсесi Басшысының актiлерi мен тапсырмаларының орындалуын Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесi бақылауының нәтижелерi; мемлекеттік органдардың бақылау актілері; ресми статистикалық мәліметтер; тәуелсіз сарапшылар қорытындылары; тиімділікті бағалаудың белгілі бір бағыты бойынша әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерi; тиімділікті жалпы бағалауды дайындау барысындағы үкiметтiк емес ұйымдардың (қоғамдық бiрлестiктердiң) ақпараты және тағы басқалар.
Тиімділікті бағалауды жүзеге асыру барысында бағаланушы мемлекеттік органдардың тиісті бағыттар бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдарға есепті жылдың қорытындылары бойынша есепті ақпаратты және бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдардың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бағалаудың нәтижелері туралы қорытындысын, сондай-ақ, мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органның Сараптамалық комиссияға бағыттар бойынша жалпы бағалау нәтижелері туралы қорытындысын қамтиды. Нәтижесінде, сараптамалық комиссияның Қазақстан Республикасының Президентіне тиімділікті бағалау нәтижелерін ұсыну мерзімдерін қамтумен аяқталады.Тиімділікті бағалау жүргiзу кестесiн мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi орган әзірлейді және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгі бекiтеді.
Тиімділікті бағалауда негізгі бес қағидат қолданылады:
Жариялық қағидаты
- құпиялылық режимiн, заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғауды қамтамасыз ету, БАҚ-на жариялау.
Ашықтық қағидаты - ақпарат көздерінің шығу тарихын тексеруге мүмкіндік беру.
Дәйектiлiк қағидаты - тиiмдiлiкті бағалау нәтижелерiн тиiстi құжаттармен растау
Әдiлдiк қағидаты - жан-жақты және толық тәуелсіз бағалау жүргізу, мүдделер қақтығысын болдырмау.
Заңдылық қағидаты тиiмдiлiкті бағалау ҚР заңнамасына қатаң сәйкестiкте жүргiзіледі.
Тиімділікті бағалау қағадаттары
Сурет- 6. Тиімділікті бағалау қағидаттары
Тиiмдiлiкті бағалау органдарының жүйесiн бағалауда мынадай уәкілетті мемлекеттік органдар қызмет атқарады:
1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгi;
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz