Дәстүрлі құқықтық жүйе


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР:

Кіріспе

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Құқығының құрылымы және БЕЛГІЛЕРІ

1. 1 Құқықтың жүйесі

1. 2 Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері

1. 3 Құқықтық нормаларға түсіндірме беру ұғымы мен түрлері

2 Қазіргі заманғы құқықтық жүйелер

2. 1 Мұсылмандық-құқықтық жүйе

2. 2 Роман-германдық құқықтық жүйе

2. 3 Англо-саксондық құқықтық жүйе

2. 4 Көшпелі қазақ өркениетіндегі құқық

2. 5 Дәстүрлі құқықтық жүйе

3 Құқық салалары ЖӘНЕ НЕГІЗГІ АЖЫРАТЫЛАТЫН БЕЛГІЛЕРІ

3. 1 Құқық салаларының жалпы сипаттамасы

3. 2 Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы

3. 3 Мемлекеттік қаржылар мен қаржылық жүйелер

3. 4 Еңбек құқығының пәні мен әдістері

3. 5 Азаматтық құқық туралы ұғым

3. 6 Отбасы құқығы: ұғымы, негіздері мен принциптері

3. 7 Экология құқығының ұғымы

3. 8 Қылмыстық құқықтың ұғымы

3. 9 Қылмыстық іс жүргізу ұғымы

3. 10 Азаматтық іс жүргізу құқығының ұғымы

3. 11 Қазіргі кезеңдегі халықаралық құқық ұғымы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

3

6

6

7

9

17

17

18

18

19

19

20

20

22

23

24

25

26

26

27

27

28

29

31

33

Кіріспе

ХХІ ғасырдың қарсаңында Қазақстан түбегейлі қайта жаңғыру дәуіріне қадам басты. Қазақстан Республикасы өз қызметін құқықтық мемлекет қалыптастыру жолында жүзеге асыратындығын, бейбіт сүйгіш азаматтық қоғам негізін қалай отырып, мемлекеттің басты қазынасы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары екендігін жария етеді. 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы адамзаттың ортақ құндылығы құқықтың үстемдігін бекітеді. Сонымен бірге Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық ғылымында толғымен айқындалып үлгермеген әлеуметтік, демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет категорияларында бекітіп отыр. Осыған орай көрсетілген ұғымдардың теориялық негізін жасау қажеттілігі туындап отыр. Бұл өз кезегінде құқықтық мемлекет қалыптастыруда ең бастауын және даму заңдылығын тереңінен түсінуге мүмкіндік беріп, конституциялық-құқықтық қызметтің институттарын жетілдіре білу бойынша ғылыми-негізді әдістемесін жасауға жағдай жасайды.

Тақырыптың өзектілігі . Қазақстан Республикасында жаңа ұлттық құқықтық жүйе құрылып жатыр. Бұған мемлекетіміз тәуелсіздік алғаннан кейін құқықтық реформа жүзеге асырыла бастаған алғашқы жылдары қабылданған барлық бағдарламалық құжаттар бағытталған. 1994 жылғы 12 ақпандағы «Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасында (негізгі бағыттар) » заң жүйесін кеңестік тоталитаризмнен мұра болып қалған кемшіліктерден тазарту қажет екендігі, республиканың заң жүйесі терең тоқырауды бастап өткеріп жатқаны және қоғамыздың заң саласын тереңінен реформалау қажет екені, ал соңғы жылдары заң саласында қабылданған заң актілерінің жүйесіз екендігі әрі бір-біріне, азаматтардың, шаруашылық етуші субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қайшы келуінің жиі орын алатыны, оларда ведостстволық мүдде басым болып отырғандығы айтылған.

Аталмыш Бағдарламада қоғам алдында әлемдік тәжірбиені ескере отырып Қазақстанның демократия, нарықтық экономика, адамгершілік пен әлеуметтік әділдік принциптеріне негізделген, сапалық тұрғыдан алғанда жаңа, шын мәніндегі құқықтық жүйесін құру мақсатындағы кейінге қалдырмас, терең, кешенді және ауқымды құқықтық реформа жүргізу міндеті тұрғаны ашық айтылған. Сонымен бірге, конституциялық құқықты табиғи құқық, құқықтық мемлекет, қоғамдық шарт доктринасының идеяларымен, құндылықтарымен мазмұнды етудің және осы негізде бүкіл заң шығару жүйесінің Конституцияға сай болуын одан әрі бекітудің заң шығару жұмысының маңызды қағидатты қыры екендігі көрсетілген.

Тақырыптың зерттелу деңгейі мен тарихнамасы. Еліміздің құқықтық реформа жүріп жатқан он жылдан астам уақыттың ішінде (егер мемлекетіміздің егеменді мен тәуелсіздігі жарияланған алғашқы негізгі актілерді оның іс жүзінде басталуы деп есептесек) оның құқықтық жүйесін қалыптастыру мен оның әр түрлі қырларын ғылыми тұрғыда зерттеуде біршама жетістіктерге қол жетті. Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 20 қыркүйектегі Жарлығымен мақұлданған «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасы» арқылы құқықтық реформаның бірінші сатысының қортындысы жасалып және іс жүзінде осы реформаның келесі екінші сатысының негізгі бағыттары ресми түрде анықталған. Аталмыш аса маңызды бағдарламалық құжатты әзірлеу және қабылдау кезінде 1990 жылғы 25 қазандағы «Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациядан бастап жиналған бай тәжірби ғана емес, сондай-ақ отандық және шетелдік ғылымдардың ғылыми зерттеулерінің қортындылары да пайдаланылды [1] .

Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының академигі М. Баймахановтың «Құқық үстемдігі құқықтық мемлекет ұғымының жүйелеуші белгісі ретінде» атты еңбегінде құқықтық мемлекет ұғымының кешенді мәселелеріне арналған. Ғалымның пікірінше, « . . . үстем болуымен сипатталатын және мемлекеттілік институттарына қарағанда басымдылықты болатын құқық құқықтық мемлекет түсінігінің жүйе құрушы белгісі болып табылады. Құқық үстемдігінің жинақталған түрі құқықтық мемлекетті этатистік мемлекеттен ажырататын аса маңызды ерекшеліктерді көрсетеді және оның сипаты мен табиғатына толық дәрежеде сәйкес келеді. Өзге де заңдық белгілер мен ерекшеліктері үйлестіре алынған құқық үстемдігінің арқасында ғана құқықтық мемлекеттің бүкіл қызметін тереңінен қайта құруға ықпал етуге шамасы келеді, оған демократиялық және адамгершілік сипат береді, оның дамуын халықтың мүддесіне сай әрекет ететін саяси жүйенің құрамдас бөлігіне айналу жолына бағыттайды ».

Осы мәселенің өзектілігі профессор В. Сергиевскийдің пікірінен де байқалады. Оның айтуынша, « Қазіргі кезде Қазақстанда таптық идеологияның орнына жалпы адами құндылықтары келгенде . . . ғылыми ой-пікірлер заңтанудың мазмұнын қайта қарауды, қайта түйсінуді қажет етеді . . . ».

Бұрынғы тоталитарлық жүйеде «табиғи құқық» тарихи-құқықтық тұрғыдан ғана қарастырылып, мойындалмайтын, ал « жеке құқық » үзілді-кесілді қабылданбайтын. Сондықтан қазіргі посткеңестік республикалар құқықтық жүйелерін «жетілдіруге» емес, демократиялық қоғамының жаңа жүйесін құруға тиіс.

Батыс елдері мен бұрынғы КСРО-да мұндай зерттеулердің жүргізіле бастағанына көп болған жоқ . Шетелдерде бұлар құқықтық мемлекет жағдайында құқықтық құблыстар дамуының белгілі бір нәтижесі ретінде болса, КСРО-да бұл либералды заңгерлердің құқықтық қоғамда лайықты орын алатынына деген үміті болды.

КСРО-да қайта құру жүріп жатқанда, ТМД елдері құрылғанда Р:Давид, К. Жоффе-Спинози, К. Цвайгерт, Х. Кетц, Л. Фридмэн, Ж. Карбонье және т. б. авторлардың еңбектері өте танымал болды. Олардың еңбектерінде құқықтың жүйесі ерекше құқық түсінігі ретінде қарастырылады.

Тақырыптың мақсаты мен міндеттері. Құқықтың жүйесі және оның құрылымдық элементтерінің проблемаларын- оның ұғым-категория аппаратын, құрылымдық ұйымдастырылуын, ішкі және сыртқы өзара байланыстарын, қоғамда алатын орнын, сондай-ақ қоғамның өмір сүруі мен дамуының аса маңызды алғы шарты ретіндегі рөлін ғылыми тұрғыдан зерттеу әрдайым өзекті болады. Әсіресе, тоталитарлық режимді жеңіп, құқықтық, демократиялық мемлекеттер ретінде қалыптасып жатқан, бостандық, теңдік пен келсім идеалдары негізінде азаматтық қоғам қалыптастырып жатқан, кең көлемді құқықтық реформалар жүргізіліп жатқан, жаңа ұлттық құқықтық жүйелерді құру кезінде қиындықтар мен қарама-қайшылықтарды басынан кешіп жатқан Қазақстан жағдайына кеңінен тоқталып өту. Осыған байланысты мынандай міндеттер туындайды :

  • құқықтық жүйенің қызмет етуін қамтамасыз ететін қолданыстағы заңнама одан әрі дамытуды жолдарын қарастыру ;
  • құқықтық жүйені Конституция негізінде ілгері дамыту негіздері ;
  • құқықтық мемлекеттің конституциялық идеялаларын қалыптастыру;
  • ұлттық заңнаманы жүйелендіру бойынша жұмыстардың жоспарының жүргізілуі және т. б.

Тақырыптың теориялық және практикалық мәні мен маңызы. Ұлттық құқықтық жүйе қалыптастырудың теориясы мен практикасының әдістемелік проблемалары да өзекті болып отыр. Құқықтық жүйе категориясы мен тақырыптың көптеген мәселелері белгілі дәрежеде құқық философиясына, құрлымдық-функционалдық талдаудың социологиялық проблемаларына және т. б. жатады. Қазір Қазақстанның ғылымында өзінің философиялық-құқықтық зерттеулерін, соның ішінде құқық пен құқықтық құблыстардың жүйелілігіне арналған зерттеулерді дамыту қажет.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ Құқығының құрылымы және БЕЛГІЛЕРІ

1. 1 Құқықтың жүйесі

Жүйе деп әртүрлі байланыстармен және өзара қатынастарымен біріккен жеке элементтерден тұратын кеделі ұйымдасқан тұтастық түсініледі.

Элемент - бұл күрделі тұтастықтың құрамды бөлігі. Демек, жүйе ішкі» құрылысты, құрылымды, байланысты, бөлшекке даралап белгілейді. Сонымен бірге жүйе белгілі бір заңдар немесе принциптер бойынша реттелген жеке элементтерден тұратын біртұтас құрылым болып табылады. Құқық теориясында жүйедей реттелінетін қоғамдық қатынастардың сипатымен айқындалатын тарихи қалыптасқан, ақиқат бар құқықтың ішкі құрылымы түсініледі [1] .

Құқықтың жүйесі оның ішкі бірлігін білдіреді, ол қалыптасқан қоғамдық қатынастардың жүйесімен байланысты. Оның бастапқы элементі құқықтық нұсқау - құқық нормасы болып табылады. Құқық нормаларының көбінің бір тұтасқа бірігуі, олардың арасындағы өзара іс-қимылы оның жеке бөлшектеріне тән емес жаңа сапа туғызады.

Жүйелер туралы жалпы теория идеяларын құқық жүйесін сипаттағанда толығынан қолдануға болады, оның аса маңызды белгілері: біріншіден, құқық нормаларының тұтастығы, бірлігі; екіншіден, құқықтың жүйелілігі болып табылады. Соңғыны құқық жүйесінің сыртқы қасиеті ретінде айыруға болады. Оның ең басты сапасы - қайшылығы жоқтығы, үйлесімсіз ережелердің болмауы.

Құқық нормалары бірімен бірі өзара байланысты, өзара келісімді болуы керек, құқық тек жалпы экономикалық жағдайға ғана сәйкес, жәй ғана оның көрінісі болып қоймай, қайта ішкі қайшылықтарына байланысты өзін-өзі жоққа шығармайтын ішкі үйлесімінің көрінісі болуға тиіс.

Әрбір жүйе екі негізгі бөліктің, біріншіден, құрылымды - қандай да болмасын бірыңғай тым жалпы бір тұтастықтың (процестің, құбылыстың) шеңберінде біршама дербес элементтердің жекеленуі мен "жиынтығының" және, екіншіден, құрылым элементтерінің өзара қатынасы болуын көздейді.

Құрылым дегеніміз элементтердің тұрақты бірлігің, қатынастардың реттелінгендігін, тұрақтылығын білдіретін элементтер байланысының заңы; ол құбылыстың жүйе ретінде тұтастығын, бірлігін сақтауды қамтамасыз етеді, оның негізгі қаңқасын құрайды. Сонымен бірге элементтердің бірлігі олардың өзара бір-бірімен келіскен әрекеттестікте болуын көздейді, бұл жүйенің өмір сүруінің амалы болып табылады. Өзара әрекеттестіктің арқасында әрбір элемент бүкіл жүйеге тән өзгеше сапаға ие болады. Оның жүйеден тысқары өмір сүруі мүмкін емес.

Құқық жүйелі құбылыс ретінде нақ осы ерекшелігіне толығырақ тоқталайық, құқық жүйесі құрылысының негізі мен принциптерін қарастырайық. Құқықты жеке бөліктерге бөлудің негізіне материалдық белгі - құқықтық реттеудің негізіне жататын қоғамдық қатынастардың сипаты алынады. Құқық жүйесін жеке бөліктерге болу қандай да болсын нормалаудың қоғамдық қатынастардың қай саласын реттейтіндігіне байланысты, яғни құқық жүйесінде салаларды бөлудің белгісі құқықтық реттеудің тақырыбы болып табылады [2] .

Құқық жүйесінде салаларды бөлудің қосымша белгісіне құқықтық реттеудің әдісі жатады, ол дегеніміз заңдық тәсілдер мен амалдардың жиынтығы, солардың көмегімен сапасы жағынан біртектес, жекеленген қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу жүзеге асырылады. Оны құқықтың салаларын бөлудің заңдық белгісі деп айтады.

Құқықтық реттеу тақырыбы бойынша ерекшеленетін құқық жүйесінің жеке бөліктері құқық салалары деп аталады, олар біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде түсініледі.

Егер нормативтік нұсқама (құқық нормасы) құқықтың бастапқы элементі, негізгі клеткасы, тұтас құқықтық материя болатын болса, онда құқықтық институт құқық саласының негізгі элементі, саланың бастапқы, дербес құрылымдық бөлшегі болып табылады, онда құқықтық нормалар өздерінің заңдық мазмұны бойынша топтастырылады. Заңдық нормалар саланы тікелей емес, құқықтық институттар арқылы құрады. Құқықтық институт - бұл біртектес қоғамдық қатынастардың дербес түрін реттейтін құқық саласының бөлігі.

1. 2 Құқықтық қатынастардың ұғымы, айрықша белгілері мен түрлері

Құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.

Олар:

!) Құқықтық қатынас - бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады;

2) Адамның мінез-құлқына құқықтық пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұл тартпас байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады;

3) Құқықтық қатынас - бұл субьективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықта қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады: адам , ұйым, мемлекеттік орган;

4) Құқықтық қатынас - ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет (мүліктік қатынастар) . Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады) ;

5) Құқықты қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып мемлекет құқықтық қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады.

Құқықтың қатынастардың түрлері:

1. Реттейтін құқықтық қатынастар - субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтың қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек т. б. құқықтық қатынастар.

2. Қорғайтын құқықтық қатынастар - субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты - қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

4, Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.

Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз - қатысушыларының субъективтік құқықтары мен заңда көрсетілген міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген айғақтарға (фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қоғамдық қатынастар.

Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөлшектерден: құқық субъектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады [3] .

Құқық субъектісі - заңды немесе жеке тұлға. Заңды тұлғалаларға жататындар мемлекеттік органдар , қоғамдық бірлестіктер, т. с. с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп аталады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлғалар болып саналады.

Субъективтік құқық - тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шек аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па ол тұлғаның өз еркі.

Заңды міндет - заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жіктеледі. Занды міңдеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бұл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.

Құқықтың қатынастың объектісі (заты) - табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

1. 3 Құқықтық нормаларға түсіндірме беру ұғымы мен түрлері

Түсіндірме беру қажеттілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері қыруар заңдар және одан туындайтын өзге де нормативтік актілер қабылданып, бекітілген соң дереу іске қосылды. Солардың ішінде іске аспай мардымсыз болып жатқандығы да бәрімізге мәлім. Оның объективтік және субъективтік өзіңдік сыры бар. Осындай келеңсіз, қолайсыз жағдайлардың объективтік сыры мынада: тіпті басқасын қойғанда заң актілерінің өздері есепсіз шығарылуында, олардың бір-бірімен қабылдай, бұрынғы актілердің тұжырымдарын оңайларының бұрмалауында, сөйтіп, олардың қарама-қайшылығы, кемістігі, ақырында соқтыруы, әркелкілігі, қазіргі өскелең өмір талабымен сыйыспайтындығында. Әрине бұдан келіп, бірте-бірте нормативтік актілердің түрлері көбейеді, оларды білін үйренуге кері әсерін тигізеді, інжарлыққа, керітартпалыққа әкеліп соқтыратыны сөзсіз. Сөйтіп, заңның жоғарлығына сенімсіздік тудырады, заңсыздыққа әкеліп тірелетіні өмірден көріп отырмыз. Бұларға қоса, нормативтік актілердің арқауына өзге де объективтік жағдайлар өз септігін тигізуде: айталық, құқықтық норма жалпы мәндес болып табылатындықтан, оны нақтылы өмір талабына бейімдеп қолдану дұрыс, дәлме-дәл, бұлжытпай пайдалану әркез болса да селқостықтың, алшақтықты кесірінен көңілден шықпауы; заң нормаларында көптеген арнаулы құқықтық терминдердің, ұғымдардың жөнді-жөнсіз қаптап кетуі; заң техникасының әлі де болса пісіп жетіспеуі» оны дұрыс қолданбауы, нормативтік актілердің тілінің анық түсінікті, дәлме-дәл болмауының нәтижесінде, олардың кейбір тұжырымдары шашыраңқы, тұманды, екі ойлы болып келуі; сондай-ақ, құқық нормаларының мәтіндеріндегі заңгердің қосқан "т. б, т. с. с өзге де" сөздердің кажетлігі.

Әрине, заң шығарушы қызметкерлердің кәсіптік, қала берсе дайындық деңгейінің төмендігі де нормативтік актілердің кемістігіне өз әсерін тигізеді.

Сөйтіп бұлардың барлығы жинақтала келе құқықтық нормаға түсіндірме беруге итермелейді [6] .

Құқықтық түсіндірме - дегеніміз құқықтық нормаларын оларда айтылған сөздерді біркелкі түсінуге және оны іс бойынша мәніне сәйкес дұрыс, әрі дәлме-дәл қолдануға байланысты түсінік беретін құқықтық субъектілерінің қызметі.

Түсіндірменің объектісі заңдар және одан туындайтын (заңнан өзге) нормативтік актілер болып табылады. Түсіндірменің пәні нормативтік актілеріге пайымдалған заң шығарушының еркі. Түсіндірме өзінің құрылымдық жағынан екі жақтық қызмет болып табылады. Оның бірінші жағы ұғыну, яғни, субъектінің өзінше түсінуіне бағытталған, оның өзіндік сана сезімінің шегінен аспайтын, ішкі ой-өрісінің процесі. Ұғыну - бұл құқықты іске асырудың барлық нысандарына (сақтау, орындау, пайдалану, қолдану) қажетті жағдайы болып табылады. Ол түсіндірудің алдындағы алғы шарт. Ал, құқықтық түсіндірудің бірыңғай (тұтас) процесінің екінші жағы түсіндірме өзіне емес өзге қатынастарға қатысушыларға арналған қызмет.

Демек, құқықтық түсіндірме - құқықты іске асыру, әсіресе құқық қолдану процесінің ең қажетті және басты элементі. Ең алдымен, белгілі бір құқықтық норманы қолдану үшін оның шынайы мәнін ұғыну қажет, ал келер жағдайларда оны түсіндіру керек. Бұл құқықтық нормалардың дәл мәнін анықтап түсіндіру мен мемлекеттің еркін тануға бағытталған интеллектуалды процесс болып табылатын әр түрлі субъектілердің ең күрделі және көп қырлы кызметі.

Субъектілерге қарай құқықтық нормалар түсіндірмесі мынадай түрлерге бөлінеді: ресми түсіндіру оған уәкілетті субъектілердің (мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың) берген түсініктемесі, ол арнаулы актіде бекітіледі және басқа субъектілер үшін міндетті мәні болады. Ол құқық қолданушыларды құқықтық нормаларды біркелкі түсінушілікке және оларды бірқалыпты қолдануға бағыттайды. Сөйтіп , нормативтік құқықтық актілерді түсіндіруді, елімізде жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бірі. ҚР-ның Конституциялық Кеңесі, ол Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді.

Бұл қызметтің барысыңда осы аталған орган заңдар мен халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін не сәйкес еместігін зерттеп, анықтайды. Нәтижесінде Конституциялық Кеңес шешімдер қабылдайды, олар сол күннен бастап күшіне енеді. Республиканың бүкіл аумағында жалпыға бірдей міндеті, түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды (ҚР Конституциясы, 74-бап) .

Заңға тәуелді актілердің ресми түсіндірмесі оларды қабылдаған органдар немесе лауазымды адамдар береді (Үкімет, Президент, т. б. ) . Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот практикасының шешімі бойынша, түсініктер беріп отырады (ҚР Конституциясы, 36 бап) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтың түрлері
Қазақтың дәстүрлі қоғамындағы билер билігі
Құқық және құқықтық жүйе
Құқықтық жүйелер
Қазіргі заманның негізгі құқықтық жүйесі
Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы
Социалистік құқықтық жүйе
Құқықтық жүйе және Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Қазіргі кездегі негізгі құқықтық жүйелер
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz