Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қағидалары, олардың маңызы

Жоспар

Кіріспе

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің жетекші саласы
1.2 Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бастаулары (қайнар көздері)
1.3 Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ, ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
2.1 Барлық азаматтардың теңдігі туралы қағида
2.2 Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы қағида
2.3 Құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы қағида
2.4 Азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағида

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер
3

5

5

6

8

12
12

15

19

25

27
29

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы үлкен жылдамдықпен даму үстінде. Бұған себеп - аз ғана уақыттың ішінде екі Конституцияның: 1993 жылғы Конституция мен 1995 жылғы Конституцияның қабылдануы және 1998 жылдың 7 қазандағы және 2007 жылғы 21 мамырдағы Конституцияға өзгертулердің енгізілуі. Мемлекеттік егеменділік туралы Декларация қазіргі кезде БҰҰ мүшесі болып табылатын және әлемдік қауымдастықпен мойындалған жаңа мемлекеттің негізін салды.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы курсының негізін Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының ұйымдастырылуына және қызмет етуіне, адам және азаматтың құқықтары мен міндеттеріне, оларды қамтамасыз ету кепілдіктеріне қатысты нормативтік актілер құрайды.
Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы курсының міндеттері тәлімгер-заңгерді Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ғылымының негізгі теоретикалық ережелерімен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары жүйесімен, республиканың сайлау құқығы мен сайлау жүйесінің негізгі ерекшеліктерімен, азаматтық институтының құқықтық негіздерімен таныстыру болып табылады.
Тәлімгер тек оқу материалын біліп қана қоймай, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Конституциясын, монографиялық әдебиеттерді, мерзімдік басылымдағы, соның ішінде заңдық басылымдардағы мақалаларды білуі тиіс.
Ерекшелеп айта кететін жағдай, Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы өте жылдам дамуда, конституциялық заңнаманың қалыптасу үрдісі жүріп жатыр. Осыған байланысты тәлімгерлерге жаңа нормативтік актілердің шығарылу үрдісін байқап отыру ұсынылады. Негізгі нормативтік актілер Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысында және Президент пен Үкіметтің актілерінің жинағында жарияланады.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болуы жолында, аса маңызды және қолайлы құрал ретінде заңдылық орын алады. Қазіргі кезде республиканың түбегейлі заңдылық процессінің құқықтық-конституциялық біліктілікпен сәйкес келуі республиканың дамуына аса қажет етіледі. Заңның басты көздеуі - қоғамда заң үстемдігін орнату, құқықтық тәртіпті орнату, саяси және экономикалық өмірде қатал тәртіппен тұрақтылықты орнату. Қазақстан Республикасының Конституциялық мемлекет ретінде қалыптасу барысы республиканың конституциялық заңдылықтарын үнемі жетілдіріп отыру міндетін алдыға тартады.
Қазақстан Республикасында болып жатқан түбегейлі өзгерістер конституциялық заңдылықтарды ынталы түрде жаңартып отыруға негіз болуда. Ол өз кезегінде көптеген конституциялық өзгерістерге жаңаша көзқараспен қарап, талдауды талап етеді. Сондықтан да мемлекетіміздің конституциялық құқығының негізгі институттарын зерттеп-тану айрықша маңызға ие болып отыр.
Бұл курстық жұмыс Конституция ұғымын, конституциялық заңдар және өзге де нормативтік-құқықтық актілерді меңгеруге мүмкіншілік береді. Республикада мемлекеттік билікті ұйымдастыру, адам және азаматтың құқықтық мәртебесін анықтау - конституциялық құқықтың үзілмейтін зерттеу тақырыбы.
Осы орайда курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қағидалары, олардың маңызын көрсету; ҚР-ның мемлекеттік билік құрылымымен таныстыру; қоғамның ең қымбат қазынасы деп танылатын адам және азаматтың құқықтық мәртебесін реттеу ерекшеліктерін білуге бағыт-бағдар беру.
Курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің жетекші саласы

Конституциялық құқық - құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқықтық нормалар жиынтығын көрсететін Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің басты саласы болып табылады, сондай-ақ құқықтың басқа салалары нормаларынан ерекшеленеді.
Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрылыс, оның ұйымдармен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салаларды барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметтік, діни байланыстардың негізін қалайды.
Осылайша, Конституциялық құқық - бұл Қазақстан Республикасының конституциялық құрылыс негіздерін іске асырушы қоғамдық қатынастарды, адам мен азаматтың құқықтық мәртебесін, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары және жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін реттеуші және бекітуші құқық нормалар жиынтығынан құралады.
Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі, тыйым салу әдісі, рұқсат ету әдісі, тану әдісі.
Міндеттеу әдісі мемлекеттік органдарға да, жеке тұлғаларға да қатысты, олардың барлық қызмет салаларында қолданылады. Бұған мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 18-бабының 3-тармағын жатқызуға болады.
Тиым салу әдісі көбінесе мемлекеттік органдарға, қоғамдық құрылымдарға қатысты қолданылады. Бұл әдіс азаматтарға қатысты шектеулі жағдайларда ғана қолданылады. Бұған, мысалы, ҚР Конституциясының 39-бабының 3-тармағы жатады.
Рұқсат ету әдісі көп жағдайда адамның және азаматтың мәртебесін белгілеу үшін қолданылады. Рұқсат ету әдісі мемлекеттік органдардың өкілеттігін белгілеу кезінде де қолданылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 4-тармағы жатады.
Құқықтық реттеудің тағы бір әдісі - тану әдісі. Кеңестік кезеңнен кейінгі конституциялық құқық жөніндегі әдебиеттерде мұндай әдістің қолданылу мүмкіндігі байқалмайды. Оның үстіне бұл әдіс объективті фактордан - адамдардың табиғи құқығын заң тұрғысынан танудан туындайды. Бұған, мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 12-бабының 2-тармағы жатады.
Конституциялық-құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе, Конституцияның азаматтың құқығы мен бостандығы туралы бөлімінде анық көрінеді. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Мұндай конституциялық-құқықтық нормалар көп емес. Конституциялық құқық қорғау нормалары салыстырмалы түрде көп болғанымен олардың мәні мейлінше зор, олар конституциялық құрылысты нығайтуда, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғауда, саяси тұрақтылықты сақтауда үлкен рөл атқарады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Басқаша айтқанда, субъектіге қандай да бір жағымды әрекет жасауға құқық береді. Осындай құқық беруші нормалар көп мөлшерде азаматтарға беріледі. Бұлар азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік құқықтары туралы конституциялық нормалар. Тыйым салушы нормалар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Мысалы, Конституция діни негізде саяси партиялар құруға, заңсыз қарулы құрамалар ұйымдастыруға тиым салады. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілігін белгілейді.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз - конституциялық құқық нормаларымен реттелінетін және өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілердің арасындағы заңдық байланысты қамтитын қоғамдық қатынастар.
Конституциялық құқықтық қатынастардың негізгі мазмұнын оған қатысушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері құрайды.
Конституциялық құқықтық қатынастардың субъектілері - бұл конституциялық құқықтық қатынасқа қатысушылар болып табылады. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе, сол субъект бола алады. Олар екіге бөлінеді: жеке және заңды тұлғалар. Оларға мемлекет, халық, депутаттар, мемлекеттік билік органдары, сайлау органдары, қоғамдық бірлестіктер, азаматтар, өзін-өзі басқару органдары және тағы басқалар жатады. Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілеріне материалдық игіліктер және материалдық емес игіліктер жатады.
Конституциялық құқықтық институттар дегеніміз - өздерінің заңдық мазмұнының жақындығы бойынша топтасқан құқықтық нормалар жиынтығын білдіреді. Конституциялық құқықтың конституциялық институттары конституциялық-құқықтық нормалардың ықпалындағы қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскелерін реттеуді көздейді. Әр құқықтық институт шартты түрде конституциялық құқық саласының дербес құқықтық нормалар тобын білдіреді.
Әр конституциялық-құқықтық институт тек қоғамдық қатынастардың белгілі бір учаскесін ғана реттемейді. Оның нормаларында арнаулы ұғымдар, терминдер, қағидалар жатыр. Мысалы, азаматтық институты мазмұны азамат, азаматтық, азаматтық алу, азаматтықты жоғалту, азаматтықтан шығу, азаматтың құқы, бостандығы және жауапкершілігі тағы басқа осындай ұғымдардан көрінеді. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделеді.

1.2 Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының бастаулары (қайнар көздері)

Құқық ғылымында құқықтың заңдық бастаулары ұғымы қалыптасқан. Бұл орайда құқықтың бастаулары ретінде құқық нормалары көрініс беретін нысандар ұғынылады. Құқықтық нормалар нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясында құқық бастауларын анықтауға қатысты бірқатар ерекше белгілері бар. Біріншіден, Конституцияда құқық бастаулары аталады. Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сай келетін заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттың және өзге де Республиканың міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағы).
Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің қатарына мемлекеттік мағынадағы нормаларды бекітетін конституциялық заңдар кіреді. Конституциялық заңдардың өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды.
Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Парламентімен қабылданған жай заңдар да жатады. Қазақстан Республикасы Мәжілісінің Регламенті, Сенатының Регламенті, Парламенттің Регламенттері де конституциялық құқықтың қайнар көздеріне жатады.
ҚР Конституциялық құқығының қайнар көздеріне ҚР Президентінің нормативтік жарлықтары да жатады: конституциялық заңдық күші бар жарлықтары, әдеттегі заң күші бар жарлықтары, заңға сәйкес нормативтік жарлықтар.
Конституциялық құқықтың қайнар көздерінің ішінде ерекше орынды 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация алады. Онда егемендік принципі жарияланып, ол кейіннен ҚР Конституциялық Заңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы және 1993, 1995 ж.ж. Қазақстан Республикасының Конституцияларында бекітілген.
ҚР-сы таныған халықаралық-құқықтық актілердің нормалары да конституциялық құқықтың қайнар көзі болады. Олар адам құқы, қоғамдық құрылымдар және басқалар туралы конституциялық мәні бар құқықтық нормалардан тұруы мүмкін.
Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне конституциялық - құқықтық нормаларды қамтитын жергілікті өкілетті органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының нормативтік құқықтық актілері де жатады (шешімдер, қаулылар, ережелер). Олардың заңдық сипаты кеңістікте шектеледі және олар жергілікті сипатта болады.
Конституцияның құқықтық нормалары сала ретінде конституциялық құқықтың тура және тікелей қайнар көзі болып табылады. Конституцияның құқықтық нормаларының сипаттамасы:
1. ҚР-ның Конституциясында бүкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституцияның құқықтық нормалары конституциялық - құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен дамуының негізі болып табылады.
2. ҚР Конституциялық құқық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Әрине, Конституцияның құқықтық нормалары аталған салалардағы қоғамдық қатынастарды жан-жақты реттемейді. Ол тек қоғамдық қатынастардың мәнді, басты бағыттарын ғана реттейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының құқықтық нормалары құқықтың басқа салаларының құқықтық нормаларынан осынысымен ерекшеленеді.
3. ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың басқа қайнар көздерімен салыстырғанда оның жоғарғы заңдық күші бар және Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік құқтық актілер Конституциядан негіз алуы қажет және оған қайшы келмеуі қажет. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса, онда олар заңсыз деп танылады және қолдануға жатпайды.
4. Қазақстан Республикасы Конституциясының тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ құқықтың басқа да салаларының қайнар көзі болып табылады. Себебі, онда халықтың мемлекеттік еркі, олардың құқықтық демократиялық мемлекет құру, дүниежүзілік қауымдастыққа оның тең құқылы мүшесі ретінде қосылу жөніндегі табандылығы көрініс тапқан.
5. Конституция құқықтың басқа қайнар көздерінен, тұтастай қоғамның негізгі заңы екендігімен ерекшеленеді. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды. Ал, ҚР-сы Конституциясының идеялары, құқықтық нормалары бүкіл қоғам өмірінің мейлінше мәнді бағыттарын реттейді.
6. Конституция конституциялық құқықтың басқа бастауларынан өзгерістер мен толықтырулар қабылдаудың ерекше тәртібін белгілеумен де ерекшеленеді. Мұндай тәртіп Конституцияның мемлекет пен қоғамның негізгі заңы ретіндегі және олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттігінен туындайтын мәнімен сипатталады.
7. Қазақстан Республикасы Конституциясының тағы бір өзіндік қыры - онда оның басқа қайнарларының нысандары: конституциялық, жәй заңдары, Президентттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, ҚР Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау, күшін жою тәртібі көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы заңы 1998 жылы 24 наурызда қабылданған.
Нормативтік құқықтық акт - бұл референдумда, не болмаса мемлекеттің уәкілетті органы немесе лауазымды тұлғасымен қабылданатын, құқық нормасын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе жоятын, қатаң түрде белгіленген нысанда шығарылатын жазбаша ресми құжат (НҚА ҚР заңының 1-бабы, 1-тарау).
Нормативтік құқықтық актілер екіге бөлінеді: негізгі және туынды.
Нормативтік құқықтық актілердің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) ҚР Президентінің Конституциялық заң күші бар Жарлықтары; ҚР Президентінің заң күші бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтік құқықтық Жарлықтары;
3) ҚР Парламенті мен оның палаталарының нормативтік қаулылары;
4) ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
5) ҚР Конституциялық Кеңесінің, Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық Сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлері мен өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
7) Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары;
8) Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
9) Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Нормативтік құүқықтық актлердің туынды түрлеріне мыналар жатады:
1) Регламент - қандай да бір мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
2) Ереже - қандай да бір мемлекеттік органның немесе оның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін реттейтін нормативтік құқықтық акт;
3) Қағида - қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейтін нормативтік құқықтық акт;
4) Нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында қолданылуын егжей-тегжейлі көрстетеін нормативтік құқықтық акт.

1.3 Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің негізгі заңы

Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялық, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.
1. ҚР Конституциясы халықтық Конституция болып табылады, себебі ол мемлекетпен тағайындалған жоқ, 1995 жылы 30 тамызда референдумда халықпен қабылданған.
2. Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан, елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылатындығынан құрылтайшылық сипат туындайды. Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және құрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық қағидалары нығайтылған. Ол мемлекеттің құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.
ҚР Конституциясының құрылтайшылық сипаты оны қабылдау мен оған өзгерістер енгізудің ерекше тәртібін, ұлттық құқықтық жүйені қалыптастыру мен дамытудағы мейілінше ерекше орын, Парламент, Президент, Үкімет үшін, лауазымды адамдар, сот органдары үшін оның құқықтық қағидаларының еш шүбәсіздігін қамтамасыз етеді.
3. Конституцияның маңызды ерекшелігі бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен, аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық, экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Осыған байланысты қоғам, оны құрушылар өз қызметімен Конституцияға негіздеуі тиіс.
Конституцияның мәні оның қызмет ету сипаттамасынан айқын көрінеді. Ол үш негізгі қызметті жүзеге асырады:
1) заңдық (құқықтың басты қайнар көзі ретінде);
2) саяси (мемлекеттің құрылымын реттейді);
3) идеологиялық (қоғамның алтын қазынасын адам және азаматтың өмірін, құқықтары мен бостандықтарын дәріптеуші қызметін атқарады).
Демек, Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық заң салаларының заңдық базасы болып табылады, ал оның нормалары басқалар үшін нормалық принцип болып есептелінеді. Қазіргі кездегі Қазақстандағы құқықтық жүйенің қалыптасуы елімізде құқықтық мемлекет құру бағытымен ұштастырылуда. Сондықтан еліміздің Конституциясының мәні мен оның алатын орны барған сайын жоғарлауда.
1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы қазіргі кезеңдегі қоғамның жағдай мен мемлекеттіліктің дамуын көрсетеді, ол преамбуладан және 9 бөлімнен тұрады.
Преамбула Конституцияның құрылтайшылық сипатын көрсетеді және оны қабылдаған ерекше субъект - Қазақстан халқына сілтеме жасайды.
Жалпы ережелер деп аталатын 1-бөлім Қазақстан Республикасы қызметінің түбегейлі принциптеріне арналған. Жалпы алғанда ол принциптер мемлекеттік құрылымның негіздерін құрайды.
2-бөлім Адам және азамат деп аталады. Баптарда адамның құқықтық мәртебесінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығының негіздері жан-жақты айшықталған. Сонымен қоса осы бөлімде республикада адам және азаматтың құқықтары жөнінде жалпыға бірдей халықаралық құқықтың принциптері мен нормалары құрметтелетіні де айтылады. Бірінші рет Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті және ешкім айыра алмайды деп мәлімдеді (12-бап).
3-бөлім Қазақстан Республикасы Президентіне арналған. Басқарудың президенттік нысаны конституциялық түрде бекітілді. Осы орайда жаңа Конституция бойынша Қазақстан мемлекетіндегі басқару жүйесінің басты ерекшелігі президенттік институтын барынша нығайту болып табылады.
4-бөлім заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган ретіндегі Парламенттің құқықтық жағдайын айқындайды. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сөйтіп, халық атынан заң шығару билігін өкілетті жүзеге асырушы идея ретінде парламентаризм одан әрі дамуда.
5-бөлім Қазақстан Республикасы Үкіметі қызметінің негіздерін белгілейді. Үкіметтің және Премьер-Министрдің құзыреті конституциялық түрде бекітіледі. Конституцияға сәйкес Үкімет атқарушы органдардың жүйесін басқарады.
6-бөлім Конституциялық Кеңестің құқықтық жағдайын айқындайды. Конституциялық Кеңес Конституция нормаларына ресми түсіндірме береді (72-баптың 4-тармағы).
7-бөлім сот жүйесіне және Қазақстан Республикасындағы сот төрелігінің негізгі принцптеріне арналған. Тұңғыш рет Конституцияда соттардың тұрақтылығы принциптері (79-баптың 1-тармағы), сондай-ақ соттардың нормативтік құқықтық актіні конституциялық емес деп тану туралы Конституциялық Кеңеске жүгінуге мүмкіндігі барлығы бекітілді (78-бап).
8-бөлім жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың негізгі бастауларына анықтама береді. Конституцияның 85-бабына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі міндеті жергілікті маңызды мәселелерді шешкен кезде тұрғылықты халықтың дербестігін қамтамасыз ету болып табылады.
Соңғы 9-бөлім жекелеген конституциялық тұжырымдамалардың орындалуын қамтамасыз ететін қорытынды және өтпелі ережелерді құрайды.
Бұл Конституцияға екі рет 1998 жылы 7 қазанда және 2007 жылы 21 мамырда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңдарының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ КСР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Аталған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттің қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.
1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Онда республиканың жаңа Конституциясын дайындау үшін негіз ретінде маңызы жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-ның басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды.
Сонымен бірге Декларацияда: Қазақ КСР-ы ұлттық мемлекетті қорғау, сақтау және нығайту жөнінде шаралар қолданады деп алғаш рет ұлттық мемлекеттік туралы жария етілді, онда қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың Қазақ КСР-ның мемлекеттілігінің ең маңызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді.
Декларация - Қазақ КСР-ның бұрын буржазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығаратын билік бөлісу принципін бірінші рет жариялаған акт.
Заң шағару билігі Жоғарғы Кеңеске беріледі, ал Президент республика басшысы болады және жоғарғы атқарушы билікті иеленді. Сот билігі Жоғарғы Сотқа беріледі.
Декларация Қазақстан аумағындағы бүкіл экономикалық және ғылыми-техникалық, барлық табиғи ресурстары тек Қазақ КСР-ның меншігінде болатынын жариялады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады. Заң конституциялық деп аталмаса да, ол шындығында сондай болды, өйткені Қазақ КСР Конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізді. Мұнымен бірге мемлекеттік ұйымдастырудың идеологиялық негізі алынды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылданды, онда Республиканың тәуелсіздігі жарияланып, Қазақ халқының еркін көрсетіп, қазақ ұлтының өзін айқындау құқығы бекітілді.
Бұл Конституциялық заңда алғаш рет тәуелсіздік жарияланып, онда тәуелсіз мемлекеттерге тән элементтер бекітілді: ортақ азаматтық, территориялық мемлекеттік органдардың өзіндік жүйесі, өзіндік экономикалық жүйе, өзінің қарулы күштерінің болуы.
Бұл кезеңде бұл конституциялық заңмен бірге Қазақ КСР Конституциясы нормалары және КСРО мен Қазақ КСР заңдары әрекет етті, өйткені олар мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға қайшы келмеді.
Сонымен қатар бұл кезеңде 1978 жылы Конституцияға мағыналы өзгерістер енгізген бірнеше конституциялық заңдар қабылданды. 1991 жылы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң КСРО азаматтығын және қос азаматтық институтын жойды. Бұл заңмен Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жаңа негізі бекітілді.
Осы енгізілген өзгерістер мен қосымшалардың ешқайсысы одақтың республика Конституциясының егеменді мемлекет Конституциясының талаптарына сай келмейтінін көрсетті. Осыған байланысты 1991 жылы маусымда Конституциялық комиссия мен жаңа Конституцияның жобасын дайындауға жұмыс тобы құрылды.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады. 1993 жылғы Конституция 1978 жылы Қазақ КСР-ның кейбір жағдайларын сақтап қалды, мысалы, Жоғарғы Кеңес бір палаталы өкілетті және заң шығару органы болып қалды, бірақ енді барлық билікті қамтыған орган болмады. Жергілікті өкілетті орган ретінде кеңестер сақталып қалды. Азаматтардың көптеген құқықтары мен еркіндіктерінің 1978 жылы Қазақ КСР-нің Конституциясында жарияланған жағдайлар мен идеяларды сақтап қалды.
Мұнымен бірге 1993 жылы Конституцияның бірқатар қайшылықтары да болды. Қазақстан Республикасы қазақ ұлтын өзіндік айқындаушы мемлекеттік форма ретінде жариялады, сондай-ақ қазақ халқы Республиканың мемлекеттік билігінің жалғыз көзі деп бекітілді. Осыған байланысты мемлекеттік егемендіктің негізінде қазақ ұлтын айқындауда қиындықтар туындады.
Конституцияда алғаш рет зайырлы және унитарлық мемлекет түсінігі қолданылды, ол діни ұйымдар мемлекеттерінен бөлінгендігін және ҚР аумағында саяси, сонымен қатар мәдени автономияны құру мүмін еместігі көрсетілді.
Конституция қарама-қайшылық пен ұстамдылық жүйесін қолдана отырып билік тармағы арасындағы өзара әрекеті туралы жағдайды бектті.
1993 жылы 10 желтоқсанда республиканың Жоғарғы Кеңесі Президентке уақытша заң шығару өкілеттілігін берді. Ол бойынша Конституциялық Соттың қаулысына сәйкес Президент әдеттегі заңдармен қатар конституциялық заңдық күші бар қаулылар қабылдау құқығы берілді. Жоғарғы Кеңестің мұндай шешімін Конституцияға енгізілген өзгерту мен толықтыру деп бағалауға болады, өйткені 1993 жылы Конституция мұндай мүмкіндікті қарастырмаған.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдары болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық Сот Конституциялық Кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҚАҒИДАЛАРЫ, ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
2.1 Барлық азаматтардың теңдігі туралы қағида

Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және 1991 жылы 20 желтоқсанда қабылданған ҚР-ның азаматтығы туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар:
oo барлық азаматтардың теңдігі туралы;
oo азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы;
oo құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы;
oo азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген.
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртіптерін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.
Азаматтық туралы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп аталады.
Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттің азаматтығында болуы танылмайды.
Қазақстан Республикасының азаматтығы:
1) тууы бойынша;
2) Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде;
3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша;
4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған негіздер бойынша алынады.
Бала өмірге келген кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда бала:
1) Қазақстан Республикасының территориясында туса;
2) Қазақстан Республикасынан тыс жерде туса, бірақ, ата-анасының немесе олардың біреуінің бұл кезде Қазақстан Республикасы территориясында тұрақты тұрғылықты жері болса, ол Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі Қазақстан Республикасының азаматы болған жағдайда, егер осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса, Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.
Бала туған кезде ата-анасының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтығында болып, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, не оның азаматтығы белгісіз болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.
Қазақстан Республикасы территориясында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік құқықтық актілер жайлы мәлімет
Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны
Бұйрық пен өкімді дайындау мен рәсімдеудің ерекшеліктері
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Төтенше жағдайлар министрлігінің регламенті
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
Нормативті құқықтық актілер: түсінігі мен түрлері
Нормативтік құқықтық актілерді жүйеге келтіру
Нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу
Құқықтық мемлекет туралы
Пәндер