Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
Мазмұны
Кіріспе
1 ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҮСІНІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН МӘНІ
1.1 Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің концепциясының тарихи аспектілері
1.2 Қазіргі отандық теориядағы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет түсінігінің мазмұны
1.3 Қазақстан Республикасында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың теориясы мен тәжірибесі
2 ҚАЗАҚСТАНДА ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ ЖОЛЫ
2.1 Конституция - Қазақстан республикасының негізгі заңы
2.2 Мемлекеттік саяси биліктің Конституциядағы саяси көрінісі
2.3 Конституциядағы көрсетілген ҚР азаматтарының міндеттері мен құқықтары
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ, ЗАЙЫРЛЫ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТ БОЛЫП ДАМУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУЫ
3.1 Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қағидалары
3.2 Еліміз демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік жүйесінің даму жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
3
5
5
8
12
14
14
15
16
18
18
22
25
27
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы "Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық Өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері" атты халыққа жолдаған жолдауында Стратегиялық жоспарын іске асырудың базалық шарттары экономиканы жаһандық қалпына келтіруге дайындау және оның сыртқы сынақтарға тұрақтылығын арттыру үшін біртұтас үш міндеттінің бірі: сенімді құқықтық орта қалыптастыруды жалғастыру екендігі айтылған[1].
Осы мәселені ескере отырып, әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру мақсаты ұлттың ұлы идеясын ұстанып отырған мемлекетіміздің өмірінде, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құру жолында саяси реформалар ерекше орын алады деген пікір баршылық. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің нақты-тарихи қалыптасу тәжірибесі мен дамуы онын әлеуметтік-экономикалық және саяси деңгейімен, қоғамдық кұқықты сезіне алушылығымен, ұлттық және тарихи салт-дәстүрлермен анықталады. Мұндай жағдайлардың бірі - аталған мемлекеттің бар болуы болып табылады. Құкыктык мемлекет проблемаларымен айналысып жүрген ғалымдар, соның ішінде заңгерлер мен саясаттанушылар, ең алдымен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің түсінігіне, оның принциптеріне, заңдылықтарына басты назарларын аударады. Бұл жолда, әрине, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет жайындағы теориялық концепцияларды ескермей болмайды.
Мемлекет дүниеге келгенге дейін азаматтық қоғам болған. Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген. Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынастарды азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.
Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстанда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуын талдау. Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, иелер құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің - мемлекеттің пайда болуына әкелді.
Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттарының нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды, қоғамды басқару мемлекеттің қолына көшті. Мемлекет нығая келе азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіндеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.
Америка мен Еуропа елдерінде либералдық демократияға көшу азаматтық қоғам институттарын қайта өмірге әкеліп, оның қызметтерін жандандыра түсті.
Дамудың демократиялық жолына түскен посткеңестік мемлекеттерде азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағытталды. Азаматтық қоғамды құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгінде берік қалыптасқан.
Сонымен, халықтың басым бөлігі - саясаткерлер де, қарапайым көзі ашық азаматтар да ден қоя бастаған бұл азаматтық қоғам деген не?
Құқықтың мемлекет терминінің өзі ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында неміс ғалымдарының еңбектерінде жарық көрді. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамының көне заманнан негізгі мақсаты болды. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың алғашқы жартысында демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет теориясы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет жөніндегі үстемдігін бекітті. Қазіргі кезеңде теорияның даусыз мойындалып отырған белгісі - мемлекет пен адам арасындағы байланыста басымдықтың адамға берілуі. Мемлекеттің міндеті тек адамдардың кейбір топтарына ғана қатысты емес, жекелей алғанда әрбір адамның мүддесіне қатысты басқарушылық шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.
Сондықтан да демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың мәселелерін кешенді түрде талқылау бірінші кезектегі міндетке жатады.
Осы жұмысты жазу кезінде көптеген арнаулы ғылыми, ғылыми-көпшілік әдебиеттер, мемлекет пен құқық теориясы мен тәжірибелеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқық теориясына, шетелдік мемлекеттердің мемлекеті мен құқық теориясына арналған әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары пайдаланылды.

Мемлекетпен құқықтың пайда болуы мен дамуы алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты өзгеріп, жаңарып отырады. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірбиесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінеді: Малшылық,жер игеру, өнірістік және саудагерлер тобы.
Оның бәрі еңбектің өнімділігін артырады, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.
Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың - қосымша өнімнің пайда болуы: жеке меншіктің қалыптасуы: топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайды қайшылықтарды реттеп, қоғамдық басқару үшін өмірге мемлекетпен құқық келеді.
Мемлекеттің дамуы-мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс- әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларын басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күш-қуатына үйренетін басқару жүйесі.
Құқықтың дамуы - адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамда қарым қатнастарда реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесіндер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенеді. Мысалы, Индия да Ману заңына сүйенеді, ал мұсылман елдерінде - Құраң заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатнастардың мемлекеттік органнының өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарады.
Адам қоғамның мыңдағын жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүде - мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.
* Теологиялық теория -мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
* Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлып тапқан жоқ, олар адманың өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсалюттік ұғымдар деп атайды.
* Тарихи теория - осы теорияны ұсынғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
* Патриарқалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірбиесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде - мақстарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
* Писхологиялық теория - адамдардың писхологиялық біріккен көз қарасы, іс-әрекетті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және т.б[1].
Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып-білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз ете ала ма? Азаматтық қоғам көпшіліктің өмірден күткен сұраныстарына толық жол ашатын бірден-бір институт феномен бе, әлде олардың көңілі ауған уақытша қызығушылық па? Сонда азаматтық қоғам дегеніміз не?
Азаматтық қоғам ұғымымен қатар, соңғы кезде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет идеясы заңды ойлаудың тағы да ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.
Қазіргі заманда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті құру, қалыптастыру мәселесі ғаламдық проблемаға айналды. Өйткені адам қоғамының даму тарихында ешқашан, еш елде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болған емес. Қазіргі кезде де жоқ. Болашақта да барлық елдерде бір мазмұнды, бір нысанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болуы мүмкін емес. Себебі әр елдің экономикасы, мәдениеті, әлеуметтік жағдайы, рухани санасы, саясаты бір деңгейде болмайды. Бұған қоса олардың географиялық, ұлттық ерекшеліктері болады.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың маңызды алғышарттарының ішінде азаматтық қоғамның алар орны бір төбе. Ал азаматтық қоғам алуан түрлі қоғамдық қатынастардың мемлекеттен біршама дербес болуын мақсат тұтса, бұл игі мақсат мемлекеттік биліктің құзыреті заңмен шектеліп, адам құқығы алдыңғы орынға шыққанда ғана емес, әрбір жеке адамның мүдделеріне қатысты басқарушылық саяси шешімдер мен бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың формасы ретінде қоғамдық өмірдің барлық салаларында құқықтың үстемдігі принципімен аса күрделі ұштасуына, биліктің бөлінуіне, бүкіл мемлекеттік механизмнің құқықпен байланыстылығына, заңдардың үстемдігіне, заңдылықтың жүзеге асуына, халық егемендігінің қамтамасыз етілуіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының, ар-абыройларының сақталу кепілдігіне, қоғамның және мемлекеттің мүдделеріне, жалпыазаматтық құндылықтарды және әлемдік практиканы есепке алуға негізделеді.
Азаматтық қоғамның қалыптасу процесіне, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау құқықты-демократиялық мемлекет үшін маңызды мәселелердің бірі. Азаматтық қоғам ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның әлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет әлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.
Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол - құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тәуелсіз, бірақ онымен өзара әрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дәрежелі әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени және моральдық мәртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал мен идеалдық жобаның және осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мәнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады.
Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси және әлеуметтік бостандықтарын және олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген және психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген әлеуметтік-саяси қызметтің материалдық және идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мәселе.
Соңғы кездері демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет идеясы заңды ойлаудың тағы бір ең маңызды идеясына айналуда, себебі ол жалпы азаматтық құндылықтар санатына жатады.

Қазақстан халқы егеменді мемлекеттің ұлттық өркендеу процесінің негізін 90-жылдары қалай бастады. Біздің ата-қонысымыз мыңдаған жылдар бойына талай басқыншылықты басынан кешті. Қаншама көне қалалар, мәдени орталықтар қирады, кітаптар өртеліп, жазықсыз жандар кұрбан болып, өлшеусіз қан төгілді. Бірақ қандай қырғын болса да алтын бесік ата-баба жері, атамекен дәл бүгінгідей ойрандалған емес. Жер ананың аялы алақанында аман қалған әрбір от басынан рулы ел тарап, халық қашан да еңсесін көтеріп, ел болып дамып кете беретін. Халқымыздың ата-қоныс қара орманға деген ұрпақтық сүйіспеншілігінің түп-тамыры да дәл осында жатыр. Сондықтан да ата-бабамыз осындай ұлан-ғайыр жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мұра еткен.
Өкінішке орай, осы бір тарихи жалғастық Қазақстанды да өз уысында ұстаған тоталитарлық мемлекет кезінде үзіліп қалды. 70 жыл ішінде жүргізілген аяусыз зұлмат тек қазақ халқын сан жағынан ғана селдіретіп, өз отанында азшылыққа ұшыратып қойған жоқ, ол өмір сүретін табиғи ортаны да ойрандады, халық санасын уландырды, оның тарихында мыңдаған жылдар бойына мәңгілік болып саналып келген талай табиғи байлық ондаған жылдардың ішінде-ақ сарқылып келмеске кетті.
КСРО өзінің 70 жылдық тарихында ұлттардың, этникалық топтардың, аз халықтардың теңдігі мен құқы жөнінде жар салудан жалыққан емес, ал іс жүзінде халықаралық міндеттерді сақтау былай тұрсын, тіпті, конституциялық заң ережелері де орындалмады. Шынайы демократия болмағандықтан да заң әрқашан қағаз жүзінде қалып отырды. Тек егеменді Қазақстан Республикасы жағдайында ғана демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың шынайы мүмкіндігі туып отыр. Біздің жас мемлекетіміздің Конституциясында міне осы қадам тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуының кепілі ретінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар , адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғамөмірінің адалнысандарын іздеу , демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотелъ, Полибии, Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктң арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талпынғандағы мақсаттары сол дәуірегі қоғамдықамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттіке жатады." Заңның күші жоқ жерде - Аристотелъдің айтуы бойынша - мемлекеттік құрылым нысаны жоқ". Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп. Ертедегі Грецияаның және Римнің мемлекеттік құқықтық идеялары, институттары, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізеді.
Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастардытуғызуға мәжбүр етеді және оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.
Федолизм ыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттілік идеяларды тарихитұрғысынансол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макивелли және Ж. Боден айтқан. Макивели өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірбенің негізінде, саясаттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттің нұсқасын салуды көздеді.
Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысаныны мейірі түсті, себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Бұдан мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.
Буржуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан: Г.Гроций, Б.Спиноза, Т.Гоббс, Д.Локк, Ш.Монтескье, Д.Дидро, П.Гольбах, Т.Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық мемлекет туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми - теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз.
Гроций - табиғи - құқықтықмектептің, біріншітеорилықмаманыболды. Оның теориясы бойынша: табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтың шығатын көзіне адам табиғаты, адамдық ақыл - ой жатады.
Табиғи құқықтың ұйғарымына: басқа адамның нәрсесін алмауға, өзін - өзі ұстау, уәдеге тұру міндеттілігі, кінәлілердің шығынды төлеуі, сонымен қатар "Воздаяние" адамдарды қылмысына қарай жазалау жатады. Ерікті белгіленген құқық, мемлекеттен шығып, түгелімен табиғи құқық принциптеріне сәйкес келулері қажет.
Феодализмнің құқықтық институттарын Гроций адам табиғатына қарсы деп жариялады, сондықтан "ақыл-ой заңдылығына жауап беретін" жаңа талаптарға сай құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің мақсатын құқықпен бекіту арқылы, жеке меншікті қорғау, көпшіліктің келісімі бойынша, әр адамға, өзінің мүлігімен еркін пайдалануды қамтамасыз ету деп білді. Әр түрлі нысандағы мемлекеттің құрылуы, Гроцийдің ойынша, қоғамдық келісім, сондықтан халық мемлекетті құрғанда кез-келген басқару нысанын алуға мүмкіндігі бар, бірақ оны белгіленгеннен кейін, халық оның басқарушыларына бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өзгертуге қоғамдық келісім жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің идеясы мен мұраттарының жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болады, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демократияландыру перспективасы, әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда.
Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерекшеліктерімен ерекше сипаттарын баяандау, қоғам өміріндегі ақиқат ролінкөрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болады.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтанда тек қана ресми оргындармен лауазымды тұлғалардың ниетін емес, сондай-ақ азаматардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандармен әдістерге басымдық береді. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағы өзара қарым - қатынас саласында кірісу жат құбылыс. Ол қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айырықша қамқорлық көрсетеді және оның сақталуын қадағалап отырады.
Өзінің бүкіл қызметінде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынастың басқа субъектілерінің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына есептелген қатал басқарушылық және бұйрықты нұсқаулардың нысандары мен әдістері басым болып келетін этатистік мемлекет оған қарама-қарсы болып табылады. Бұдан басқа, аталған субъектілердің бостандығымен дербестігі, олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің ролінің шектен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан экономиканың, әлеуметтік қатынастардың барлық салаларының, азаматтардың жеке өмірін тікелей өз қарауына және бағынысына алуға деген талпынысынан, екінші кезектегі және ұсақ - түйек мәселелердің шешуге араласуынан тұратын этатистік қоғамың басқа ерекшелігі де осымен байланысты. Жеке тұлғаның және тұрақты заң нұсқауларынан ғана емес, олардың күнделікті араласып отырған мемлекеттік оргындармен лауазымды тұлғалардың субъективті қарауына да байланысты.
Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасындағы аралық типтегі түрлі мемлекеттер болады, олардың бірінші және екінші типтің белгілері үйлесіп жатады. Олардың кейбіреуі этатистік мемлекеттерге анағұрлым жақын, алайда сөйте тұра жеке құқықтық принциптер мен бастауға тырысады. Басқалары этатизмнің белгілерін жоғалтпай-ақ құқықтық мемлекетке жақындауда.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік - құқықтық процестердің ұзақ эволюциясының заңдастырылады, реакциялық институттардың орнына озат, прогрессивті және тиімді институттардың өзіндік ерекше селекциясы мен мұқият іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанының әміршілдігі-әкімшілік және полецейлік-бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалығын теориялық ұғыну негізі болады. Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа айналады деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) құқықтың позитивті ролін ескермейінше, мемлекеттің құрылымымықты, тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пікірлер айтып кеткен. Құқықтың ролі мемлекеттің басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдік ретінде қаралады: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек, өйткені барлық оргындардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың әректерін бағыттап отыруға арналған[2].
Алғашқыларда бытыранқы және кедей жекеленген болжамдар түрінде пайда болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізін салушылар ретінде Дж. Локкты, И. Кантты, В. Гумбольдты, Г. Еллинекті, К. Шмитті және басқаларды атауға болады. Жекеленген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір-біріне ерекшелігі болғанымен, басты мәселеде - құқықтық нұсқаулардың мемлекет өзі сөзсіз орындап отыруы қажет екендігін де және қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығынан осыны талап етуінде - олардың ойы бір жерден шығып отырды.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының ережелерін бір қаттар елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік жіне қоғамдық қызыметтің барлық жағының терең жаңғыруымен бірге жүрді - мемлекетік жүйенің принциптері жетілдірілді, жеке адамның міртебесі айқын мазмұнмен толықты , құқықтық құндылықтар бірінші дірежелі маңызға ие болады, шенеуліктердің бассыздығы азайып, олардың қызыметі біртіндеп реттелген жіне тіртіптелген арнаға түсе бастады.
Адамзат қоғамындағы саяси дамудың жаңа кезеңінің белгісі құқықтық мемлекеттер отбасының пайда болып , көбеюі. Бұл - мемлекеттік - құқықтық теория мен практиканың ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы. Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен , өмірдің барлық саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар болуда, оларға әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде.
Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекеттердің саны әлемде этатистік мемлекеттердің санының азаюы есебінен өсетін болады. Бірақ бұл - қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдерде әлеуметтік - саяси күштердің айқын ара қатнасына байланысты болжауға қиын өзгерістер болуы мүмкін, бұл өзгерістер, мысалы құқықтық мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе авторитарлық режимдер жағынан қарай бұрылып кететін жекелеген елдер жоғарыда көрсетілген дамудың жалпы тенденсиясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет принциптерін нығаюы болып табылады.[3].

Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру мен қоғамды демократияландыру - қайшылықты, ұзақ та күрделі процесс. Бұл біздің жас мемлекетіміздің аяғынан қаз тұру жолынан да жақсы байқалады. Тоталитарлық жүйеден демократиялық қоғам өміріне өту қажеттілігі айқын болған күннен бастап-ақ Қазақстан тұрғындарының алдында ең алдымен Қазақстан мемлекетінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғау міндеті тұрады.
Бұл орайда демократияны дамыту - меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемлекеттің қалыптасуына қолайлы жағдай туғызудың толассыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат - жас егеменді мемлекетті қуатты президентті республика етіп қалыптастыру. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың теңдігі барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген. Әрине, кейбір жағдайда жергілікті ұлт - қазақтардың мүддесі ерекше ескеріледі. Мұндай жағдайға ұлттық мәдениетті, тілді өркендету, қазақ диаспорасының рухани-мәдени және басқа да байланыстарын қалпына келтіру, олардың өз Отанына қайтып оралуына қолайлы жағдайлар туғызу жатады.
Басқа елдер деңгейімен салыстырмалы түрде алғандағы экономикалық байлыққа қол жеткізудің алғышарты - бүкіл қоғамдық өмірді демократияландырған тұрақты демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру болып саналады.
Құқықтық демократиялық мемлекетте Конституция, яғни біздің қоғам өмірінің Негізгі Заңы аса жоғары мәнге ие. Конституция жобасы Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап жасалына бастады. Конституция қабылдаудан бұрын бүкілхалықтық талқылаудан өтті.
Біздің Конституциямыз бойынша Қазақстан халқы егемендіктің иесі, республикадағы мемлекетік биліктің жалғыз қайнар көзі болып табылады. Республикада тек қазақтар ғана емес, басқа ұлт өкілдері де тұрады. Сондықтан саяси ымыраға келу қажет болғандықтан қазақ халқы өз қамын күйттеумен қатар, жас мемлекетіміздің тыныштығын, оны одан әрі нығайтуды ойлауы керек.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру, қоғамдық өмірді демократияландыру, жалпыұлттық келісім мен ынтымақ Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықтың лайықты толық мүшесі болып енуінің басты шарты болып табылады.

Республиканың президенті Н.Ә.Назарбаевтың тікелей басшылығымен тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы қысқа мерзім ішінде әзірленді. Ол халық талқылауынан өтіп, референдум арқылы өз күшіне енді.
Жаңа Конституцияның өмірге келуі, жан-жақты сараптамадан өтуі Н.Назарбаевтың атымен тікелей байланысты. Конституцияның бас авторы - Назарбаев Н.Ә деп толық сеніммен айтуға болады.
Конституция Қазақстанның демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамуына қолайлы жағдай жасайды. Заңда белгіленген барлық тұжырым, қағидалар өмірдің барлық салаларын өркениетті заң жүзінде басқаруға жағдай жасап отыр.
Еліміздің бұл Негізгі Заңы бірінші рет Қазақстан Республикасын президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет деп жария етті. Бұл мемлекеттің құзырына өз аумағының тұтастығын, сырттан қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз ету толығымен жатқызылады.
Конституцияда демократияның түпкі мәні ерекше айқындалады. "Демократия" деген грек сөзін өз тілімізге аударсақ, халықтың билігі деген мағына шығады. Осы тұжырым қағида Негізгі Заңның үшінші бабында нақты бейнеленген. "Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық" нақты жазылған.
Конституцияда республикадағы мемлекеттік билік біртұтас деп жарияланған. Бұл билік Конституция бойынша үш тармаққа - заң шығарушы, атқарушы және сот жүйесі болып болып дараланған. Мұндағы мақсат билікті біржақты иемденіп кетушілікті болдырмау үшін олардың аражігі ажыратылып, әрқайсысынан конституциялық өкілеттіктері айқындалған. Олар бір-бірінің ісіне қол сұқпайды, әрқайсысы өз құзырларынша қызмет етеді.
Негізгі Заңда саяси бостандықтарға кең кепілдік берілген. Саяси қозғалыстар Конституция шеңберінде емін-еркін өмір сүріп, қызмет ете алады. Оған ешқандай қысым жасалмайды.
Жаңа Конституцияның тағы бір басты артықшылығы - меншіктердің әралуандығын мойындап, оны заң жүзінде бекітті. Енді Қазақстан республикасында мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншік те өз күшіне еніп, заңмен қорғалады.
Неігзі заң меншіктің қызмет аясы мен мақсатын да айқындап берді. Меншік атаулы қоғам игілігіне ғана жұмсалуға тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс, ол адамзат мүддесіне қарсы қызмет етпеуге тиіс. Сонда ғана меншік иесін қорғауға кепілдік жасалады.
Демократиялық принциптер Конституцияның арнайы "Адам және азамат" атты екінші бөлімінде айқын көрініс тапқан.

Мемлекеттің саяси жүйесі Конституцияда нақты көрініс тапқан. Саяси жүйенің негізгі тұғыры - президенттік басқару жүйесі Конституцияда алғаш рет заңдастырылған. Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланған. Президентке елдің ішкі және сыртқы саясаттарын анықтау міндеті жүктелген. Ол мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және олардың халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент заң шығарушы, атқарушы, сот жүйелерінің бәріне бірдей қатынаста болады. Бәрінің жұмысын үйлестіріп, мемлекеттік биліктің дұрыс жүргізілуіінің кепілі болып танылады.
Біздің президентіміздің Негізгі Заңда көрсетілген конституциялық ауқымда жемісті жұмыс істеп отырғанына бүкіл ел куә. Еліміздегі саяси тұрақтылық, орын алып отырған үлкен қиындықтарға қарамастан макроэкономикалық деңгейдегі ілгерілеу, отандық өнеркәсіпті жандандыруға шетел инвестицияларын көптеп тарту, шикізат көздерін игеріп, жер асты байлықтарын экономиканы аяққа тұрғызуға пайдалану, алыс-жақын шетелдермен оңды қатынастар орнату, ұлттардың татулығын қамтамасыз ету, еліміздің руханиятын, қорғанысын дамытуға күш салу және басқа сан-салалы қызметтерді құптауға әбден тұрарлық.
Президент ел халқына "Қазақстан-2003" атты Жолдауын жариялады. Алда тұрған дамуымыздың басты бағыттарын көрсетті.
Жаңа Конституция елімізде екі палаталы тұрақты жұмыс істейтін Парламентті заңдастырды. Ол республиканың заң шығарушы ең жоғарғы өкілетті органы болып табылады. Парламентіміздің жаңа демократиялық сипатта дамуына конституциялық негіз қаланды. Парламент өз жұмысын саясаттандыруға бейімдемей, экономикалық және саяси реформаны елімізде жеделдетуге қажетті заңдарды қабылдауды алдына негізгі мақсат етіп қойды.
Конституцияда Парламент депутаттарының құқықтары мен міндеттері нақтылап көрсетілген. Конституциялық шеңберде әрбір депутаттың жемісті жұмыс толық негіз бар.
Парламент Елбасының ұсынысы бойынша Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, республикалық бюджетті бекітіп, оның орындауын қолдайды, бұл туралы Есеп комитетінің есептерін бекітеді. Үкімет басшысының бағдарламасын тыңдап, оны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды. Соғыс және бітім мәселелелерін шешеді. Республиканың халықаралық шарттарын қадап бекітеді және олардың күшін жояды.
Республика Үкіметі Конституция белгілеп берген өкілеттіліктерінің негізінде экономикалық-әлеуметтік дамудың барысына басшылық жасап, ұйымдастыруға, ең алдымен жауапты.
Парламент депутаттары да атқарушы органға шексіз билік берілген деген пікірден құралақан емес. Шындығына келгенде, Үкімет те Конституцияда көрсетілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz