Ресми және жай сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударма және қазақ тілінен орыс тіліне аударуда кездесетін стильдер
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН КОДИФИКАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ БЕКІТІЛГЕН
СӨЗДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ
1.1 Тіл білімінің негізгі міндеттерінің бірі әдеби тілді қалыптастыру ... ... ... ...6
1.2 Еміле және тыныс белгілері - сауаттылықтың кепілі ... ... ... ... ... ... ... . 10
2 РЕСМИ ЖӘНЕ ЖАЙ СӨЗДЕРДІ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРУДА КЕЗДЕСЕТІНСТИЛЬДЕР
2.1 Ресми және жай сөздерді орыс тілінен қазақ тіліне аударма және
қазақ тілінен орыс тіліне аударуда кездесетін стильдер ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Заң саласындағы терминдерді қазақшаға аудару мәселесі ... ... ... ... ... ... 17
2.3 Ресми және жай сөздерді аударуда кездесетін мәселелер ... ... ... ... ... ..23
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ҚАЗАҚ РЕСМИ СТИЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
В данной статье исследуются особенности официально-делового стиля, для которого характерно наличие общепринятой формы изложения, стандартного изложения материала, широкое использование терминологии и номенклатурных наименований.
The article is devoted to the problems of the official business style whish is characterised by the standard forms of presenting the material, wide usage of terms and standard denominations.
Қазіргі қазақ тіл біліміндегі бірқатар өзекті мәселелердің қатарында жан-жақты қарастыруды талап етіп отырған проблемалардың бірі - ресми іс қағаздарының тілі мен стилі. Мәселенің маңызды болуының себебі қазіргі кезде а) қазақ тілінде шығарылатын заңнамалық құжаттардың көлемі барынша ұлғайды; ә) заңнамалық құжаттарды негізінен өзге тілден қазақ тіліне аудару үрдісі қалыптасқан, ал бұл қоғам мүшелері арасында ресми құжаттардың тілі мен стиліне қатысты қарама-қарсы пікірлерді туғызуда; б) өткен ғасырлардағы осы мәселеге қатысты зерттеулерде жасалған тұжырымдар бойынша ресми стиль бәсең дамыған сала болып аталған еді, ал соңғы жылдары қазақ тілінің коммуникативтік қызметінің өсуіне, қазақ тілі қолданылатын салалардың кеңеюіне және біздің еліміздегі тіл саясатына байланысты ресми стиль әдеби тілдің нормалары мен қалыптануына, динамикалық жай-күйіне әсер ете алатын тармақ деңгейіне көтерілді; в) демек, бұл жайт функционалды стильдер жүйесіндегі осы тармаққа бүгінгі заманғы ғылыми бағыттар, тіл дамуындағы өзгерістер тұрғысынан қарауды қажет етеді.
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алған кезеңнен бастап [1] қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің зерттелуге тиіс проблемалары [2; 3], жекелеген стильдердің ерекшеліктері [7; 8] туралы еңбектер жарық көрді. Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуы функционалдық стильдердің сапалық үлес-салмағын да өзгертті; атап айтқанда, ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін жеке стильдік тармақ ретінде формалды түрде аталып келген қазақ ресми-іскери стилінің стильдер қатарындағы орны мен рөлі жоғарылады.
Ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінездеме және т.б.) бастап күрделі түрлеріне (жарғы, жарлық, ереже, келісім және т.б.) дейін қазақ тілінде көрініс тапты және олар түгелдей дерлік аударма процесі арқылы жүзеге асырылады. "Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығының" дерегіне сүйенсек, әр жыл сайын бір мыңға жуық нормативті-құқықтық актілер қабылданады екен. Қазірдің өзінде мыңға жуық заң, жиырма мыңға жуық нормативті заң актілері бар. Осының бәрі орыс тілінде жазылып, содан соң барып мемлекеттік тілге аударылады..." (Ана тілі, 2003, желтоқсанның 4-і). Бұл мәселенің қазіргі жай-күйі және болашағы Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында" нақтыланған: "Құжат мәтіндерін мемлекеттік тілде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тілден аударудың кең тараған тәжірибесінің мемлекеттік органдар жұмысында одан әрі беки түскен үрдісі белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара ретінде қарастырылуға тиіс. Сондықтан мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру керек" [10; 11]. Бұл ретте назар аударатын жайт - аударма - тілдің дамуына игілікті әсер етіп отыратын құбылыс. Тәржімаланған ресми құжаттардың барлық түрлері экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен тілде жүріп жатқан қарқынды процестердің барлығын да қамтыды: жалпы қолданыстағы лексиканың термин ретінде актуалдануы, әдеби тілден шеткері орналасқан лексикалық единицалардың терминдік мағынаны иеленуі, синонимдік өзгерістер тәрізді лексикалық парадигмалардың жаңалықтары ресми-іскери тілде белсенді түрде байқалады. Демек, бастапқы мәтін мен тәржіма мәтіндегі лексикалық единицалардың өзара қарым-қатысын анықтау арқылы негізінен орыс тілінен қазақ тіліне аударылған ресми құжаттардың әдеби тіл лексикасының динамикасындағы үлес-салмағын көрсету зерттеу жұмысының өзектілігінің қатарынан танылады.
Қазақ әдеби тілінің лексикалық-грамматикалық құрылымындағы қарқынды қозғалыстар функционалдық стильдердің дәстүрлі орналасуына, олардың ішкі тармақтарына, стильдік айырым белгілеріне де ықпал етті. Қазақ тілтанымында әсіресе көркем әдебиет стилі мен публицистика стилі (оның ішінде мерзімді басылымдар тілі), ауызекі сөйлеу тілі стилі диахронды - синхронды тұрғыдан терең зерттелді (Е. Жанпейісов, Р. Сыздықова, Ш. Сарыбаев, Б. Әбілқасымов, Р. Әміров, Б. Шалабай, А. Алдашева, Б. Момынова). Ал ресми-іскери стильдің диахронды аспектілері әдеби тіл тарихына қатысты еңбектерде талданды; белгілі бір кезеңдегі ресми іс қағаздарының тілдік ерекшеліктері анықталған еңбек бар (Н. Ерғазиева). Алайда отызыншы жылдардан бері қарайғы кезеңдегі ресми-іскери стиль зерттеулер назарынан тыс қалып қойды; бұған соңғы онжылдықтарға дейін ресми-іскери стильдің қазақ тілінде бәсең көрінуі себеп болды. Ал соңғы кезеңдерде ресми-іскери стиль мазмұндық-жанрлық, подстильдік- түрлік жағынан анағұрлым кеңейді. Қазақ тілі функционалдық стильдеріне қатысты еңбектерде ресми-іскери стильдің өзіндік атауы да тұрақтала қоймады; ол "ресми стиль", "ресми іс қағаздары стилі", "іс қағаздары стилі" деген бірнеше атаулармен ғылыми әдебиеттерде орнықты. Олардың түрлері ретінде қарапайым құжаттар (өтініш, өмірбаян, анықтама, хаттама) талданды. Ресми-іскери стильдің қоғамдық қызметі мен қабылдаушы адресаты артқан қазіргі кезеңде 100-ден астам ішкі жанрлық-түрлік тармақтары бар екендігі анықталып отыр. Олардың әрқайсысы - нысан түріндегі ресми құжаттар (бланкілер), ақпараттық-анықтамалық құжаттар (ұсыныс, баяндама, есеп, акт), нормативті-жарлықшы құжаттар (қаулы, өкім, бұйрық, жарғы, ереже, үндеу) - дербес зерттеулер жүргізуді қажет етеді.
Қазақ тілінде жазылатын ресми құжаттардың ең маңызды түрі - нормативті-жарлықшы құжаттар. Біз бұл топқа заң жарғы, жарлық, ереже, өкім, бұйрық, қаулы, үндеу сияқты күрделі мәтіндердің корпусын енгізіп отырмыз. Өйткені, біріншіден, орыс тілінен аударлып жүрген, көпшіліктің сынына ұшырап жүрген мәтіндер осы топқа жатады, екіншіден, нормативті-жарлықшы құжаттар ресми істерге тән басты стильдік белгілерді жинақты, кешенді түрде таныта алады. Атап өтетін жайт, "нормативно-распорядительные документы" - деп аталатын ұғым үшін нақты терминдік балама қалыптаспаған. "Стандарттар мен нормативті құжаттарды енгізу тәртібінің негізгі ережелерінде осы ұғым үшін ұйымдастыру-өкімгерлік құжаттар" (2001, №1. 3-бет) деген атау ұсынылған;
Кейбір нормативті актілерде ұйымдастырушы-өкімші құжаттар; жарлықшы құжаттар тәріздес баламалар беріледі.
Қадағалануы міндетті, орындалуы талап етілетін құжаттардың жиынтығы үшін біздің тарапымызданнормативті-жарлықшы құжаттар деген атау шартты түрде ұсынылып отыр.
Біз өз тарапымыздан анықтама ұсынамыз:
Ресми-іскери стиль - құқықтық, саяси, өндірістік, әкімшілік, қоғамдық қызметтерде және халықаралық қарым-қатынастарда қолданылатын, қоғамда қалыптасқан экстралингвистикалық факторлардың ықпалымен қазіргі кезеңде ішкі тармақтарының (подстильдерінің) тарамдалуы, стильдік белгілерінің айқын көрініс табуы жағынан күрделі тармаққа айналып отырған қазақ әдеби тілі функционалдық стильдерінің бірі.
Осы ретте ресми-іскери стильдің негізгі стильдік-тілдік белгілерін де қоса көрсетеміз.
Қалыптасқан қағидалар бойынша әрбір стильдің өзіндік стильдік белгілері болуы шарт. Стильдік-тілдік белгілердің өзі қолданысқа түскен тілге (речь) тән "стильдік құралдар", "стильдік байлаулы единицалар" (стилистически маркированные единицы; делініп түрліше аталып жүр. Жалпы алғанда, әрбір функционалдық стильдің стильдік белгісі дегеніміз - жазылған (немесе айтылған) мәтінді қандайда бір стиль үлгісі деп тануға мүмкіндік беретін, лексикалық-грамматикалық құралдардың ішкі сапалық сипаттамасы.
Мысалы, ауызекі сөйлеу тілінің стильдік белгілері ретінде мыналар танылады:
- лексикалық-грамматикалық құрылымға тән тілдік единицалардың құрылымының толық емес болуы, яғни әсіресе синтаксистік-морфологиялық құрылымдарда эллипсистің орын алуы;
- лексикалық единицалардың көбіне-көп нақты мағыналарда қолданылуы;
- субъективті бағалауды білдіретін лексикалық единицалардың қолданылуы;
- жіктеу есімдіктерінің белсенді игерілуі;
- вербалды емес құралдардың ілесіп жүруі.
Осыған байланысты ресми-іскери стильдің стильдік белгілері былайша анықталады:
- стереотипті тілдік құралдардың жан-жақты пайдаланылуы, яғни ресми-іскери стильдің стильдік белгісіне стереотипизация және дәстүрлілік тән; әсіресе құжаттардың сыртқы формасыстереотип болып табылады (әртүрлі бланкілер үлгілері, келісімшарт, өсиет жазудың стандарттары). Стереотипизация мен дәстүрлілікті мәтінде тұрақты қолданылатын графикалық тәсілдер де: мәтіннің абзацтарын нөмірлеу; тақырыптық бөлшектерге бөлу - жатады.
- баяндау тәсілдері үшін міндеттілікті білдіретін тілдік құралдардың қолданылуы, мыс., бұйрықта - императив тұлғалар; заңда, ережеде - орындалуды жүктейтін мағынаны білдіретін тұлғалар;
- эмоционалдық бояудың барынша бәсеңділігі, яғни ресми-іскери стиль мәтіндерінде образды сөздер, эмоционалды-экспресивті тұлғалар қолданылмайды;
- лексикалық құрамының шектеулі болуы, яғни ресми-іскери стильде ақпаратты нақты жеткізе алатын сөздер тура мағынасында қолданылады;
- терминдердің жоғары жиілікпен қолданылуы;
- ойды аяқтаушы және дәнекерлеуші тілдік құралдардың жоғары жиілікте игерілуі.
Осы аталғандар қазақ ресми-іскери стилінің ішкі сапалық сипаттамасын жасап, оның стильдік белгілерінің барынша шектеулі екендігін көрсетеді.
Қазіргі кезеңдегі қазақ ресми-іскери стиілінің басты белгілерінің бірі - терминдердің жоғары жиілікпен жұмсалуы. Бұл ретте функционалдық стильдердің осы саласы қазақ терминжасам жүйесінің қалыптануы мен реттелуіне елеулі үлес қосып келе жатқандығын атап өткен жөн. Мәселен, "Қазақстан Республикасы министрліктері мен ведомстволары нормативтік актілерінің бюллетенінде (№3, 1994) қазақ тілі лексикасының терминделуі мынадай сипатта көрінді: сызылма - чертеж; иесіздендірілген құқық - отчуждаемое право; бап - статья; тіркегіш (тіркегіште тіркелді) - реестр (зарегистрировано в реестре); торлы жабылма - вентиляционные короба; дабылдатқыш - сигнализация; тексеру пунктінің шоғырландырғышы - концентратор контрольно-пропускного пункта; шек (дабылдатқыштың бірінші шегі) - рубеж (первый рубеж сигнализации); әкімшілік - администрация; қатер дабылдатқыш-тревожная сигнализация; тетік - кнопка; тежегіш - педаль; ілмек - запоры; қатырғыш - пломбы; заттарды босату - отпуск изделий; қорғанша (биіктігі 1,8 м. кем емес қорғанша) - ограждение (ограждение высотой не менее 1,8м.); тіке сым - прямые проводы; қатырғыланған ярлык - опломбированный ярлык; қайта жаңғыртылған - реставрированный; тізімдеу - инвентаризация;; ағаш көгі - древесная зелень; зақымдану - повреждение; өкілетті орган - полномочный орган; негіздеме - обоснование; өтінім - заявка (ұзартуға өтінімнің болмауы) - (отсутствие заявки на продление); жағдаят - ситуация, өмірлік жағдаят - жизненные ситуации және т.б.
Осы аталғандармен қатар заңнамалық құжаттарда идара - ведомство; ізерлеу - досконально; бәсіре - именный; мүкаммал - инвентарь; әлпешті - фаворит; мәміле - компромисс; тоғанақтау - фасовка; ұйытқы - застрельщик; баян - легенда; тәркілеу - конфискация; тылсымдау - мистификация; бейін - профиль; ғибара - транскрипция; пәтуа - консенсус; тәмсіл - притча; тастанды - выброс; үлбір - пленка; секілді сирек қолданыстағы немесе көнерген сөздердің қолданысқа енгендігі байқалады, бұл жайт әрбір ұғым-түсініктің, құбылыстың, әрекеттің жеке-жеке атауының болуы қажеттігінен туындап отыр
Ресми мәтіндердегі қазақ әдеби тілі терминжасам жүйесінің көрінісін талдау үшін көрсетілген мәліметтер мыналарды дәлелдейді:
Қазақ тіліндегі ұйымдастырушы-қадағалаушы заңнамалық құжаттар мәтінінде кездесетін жаңа атаулардың сандық-сапалық жағына талдау жасау нәтижесінде анықталған жайттар:
- қоғам мүшелері арасындағы әлеуметтік, еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің шынайы өмір объектілерімен тығыз байланыстылығы жалпы қолданыстағы сөздердің (сирек қолданылатын кітаби сөздердің) ресми мазмұндағы мәтінде термин дәрежесіне ауысу қажеттігін тудырады. Бұл жағдайда, жалпы қолданыстағы сөздің лексикалық мағынасы тұтас түрінде емес, тек мәтін мазмұнындағы ақпараттық доминантқа сәйкес, белгілі бір қолданыс аспектісінде ғана көрінеді
- қазіргі кезеңдегі қазақ-ресми іскери стилі, әсіресе оның қатарындағы басты ішкі тармақ (подстиль) нормативті-жарлықшы құжаттар мәтіні - әдеби тілдегі терминдену процесін толық қамтитын және терминжасамның динамикасын толық таныта алатын жанрлық-стильдік күрделі құрылым.
- интернационалдық терминдердің қолданысын атамағанның өзінде қазіргі қазақ ресми-іскери стилі қазақ тілінің төл әлеуеті арқылы жасалған терминдердің ену мерзімін нақтылауға мүмкіндік береді (мыс., санат, сынып, мәтін, төлқұжат, тек, рәміз); кей реттерде жарыса қолданылған аталымдардың нормалық, мағыналық тұрғыдан сұрыпталуын таныта алады (мыс., әкімгер - әкімші; түпнұсқа - телнұсқа; мөртаңба - мөртабан); сөзжасам тұлғаларының сөз тудыруының сөз тудыру процесіндегі дәрежесін айқындайды; өзге тілдегі лексикалық қозғалыстарды танып-білуге, әрі қарай зерделеуге толық мүмкіндік жасайды.
Қазақ әдеби тілі дамуының қазіргі кезеңінде тіл біліміндегі стиль, стилистика, функционалдық стиль және оның тармақтары туралы іргелі зерттеулер жасалуы қажет. "Қазақ тілінің стилистикасы" атты еңбек өз мерзімінде бірқатар маңызды қажеттіліктерді өтегенін атап өтеміз. Дегенмен қазіргі тұста еңбектегі көзқарастар мен фактілік материалдар актуалды емес, олар ескірді және оның үстіне аталған зерттеуде 1950-1960 жылдары орыс тіл білімінде қалыптасқан дәстүрлі көзқарастарға сүйеніш жасалғандығы да - нақты жайт.
Бұл турасында ғалым Р.Сыздықованың еңбектерінде дәлелденген [3]. "Қазақ стилистикасы мәселелерін зерттеушілер тіл білімінің бұл саласына қатысты өз ойларын айтып, тың теориялық ізденістерге бармайды, - деп жазады ғалым Р. Сыздық, - ... стилистика мәселесімен айналысқан зерттеушілер біршама фактілерді көрсетіп келді. Дегенмен, олардың дені орыс тілінің функционалдық стильдерін сөз еткен еңбектерден алынған. Бұған публицистикалық, ғылыми әдебиеттің және ресми іс қағаздарының көбінесе орыс тілінен аударма түрінде ұсынылып келгендігі себепкер болғандығын, екіншіден, функционалдық стильдер табиғатының тіл-тілдің қай-қайсысында да кейде біршамада болып танылатындығы да ықпал еткен болар" [3, 170].
Бұл пікір мәселенің ғылыми және практикалық маңыздылығын барынша нақтылай түседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасындағы Тілдер туралы заң. Терминологический сборник. - Алматы: Сөздік-словарь, 2002.
2. Сыздықова Р. ХVIII-ХIХ ғ.ғ. Қазақ әдеби тілінің тарихы, Университеттер мен педагогика институттарының филология факультеттеріне арналған. - Алматы: Мектеп 1984. - 248-б.
3. Сыздық Р. Сөз құдіреті. - Алматы: Санат, 1997. - 244-б.
4. Момынова Б. Газет лексикасы. - Алматы: Арыс, 1999. - 228-б.
5. Жақсыбаева Ф. Газет мәтінінің прагматикалық функциясы: автореф. дисс. ... канд.филол.наук. - Алматы, 2000. - 23-б.
6. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Терминологиялық жинақ - Терминологический сборник. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2002. - 76-95 б.
7. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы, 1999. - 531-534 б.
Аударма - қазақ ісқағаздарын қалыптастыру жолдарының бірі
Қазақ тілінің қоғамдық қызметінің артуына байланысты ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін жеке стильдік тармақ ретінде формалды түрде аталып келген қазақ ресми-іскери стилінің функционалдық стильдер қатарындағы орны мен рөлі жоғарылады. Дегенмен қазақ ісқағаздары осы кезде ғана пайда болған жанр деп айтуға болмайды. Өйткені қазақ - бағзы заманнан шешен сөйлеген, сөйлесе, қара қылды қақ жарған халық. Яғни ұлттық тілдің өзі ресми қарым-қатынас тілі ретінде қолданылғандығы белгілі.
Қазақ тілінің функционалды стильдерінің тарихы Р.Сыздық, М.Балақаев, Е.Жанпейісов, Б.Әбілқасымов, Б.Момынова, Л.Дүйсенбекова және т.б. сияқты қазақ ғалымдарының еңбектерінде қарастырылды. Ғалымдардың зерттеулерінде қазақ ресми тілінің тарихы жазба кітаби тіл материалдарынан басталады. Біздің ойымызша, біріншіден, қазақ ісқағаздарының тарихын руна жазбаларынан бастаған жөн сияқты. Өйткені онда жазылған ақпараттың иесі (адресат) белгілі, қандай да тарихи мәлімет берілген, кімге арналғаны (адресант) да айқын жазылған. Екіншіден, би-шешендеріміздің ауызша ресми тілі қалыптасқаны да ісқағаздарының дамуына үлкен ықпалын тигізді деп ойлаймыз. Қазақ ісқағаздарының қалыптасуының үшінші арнасы - қазақ хандарының өзара немесе орыс патшаларымен жазысқан хаттары. Ал қазақ ісқағаздарының даму тарихындағы қазіргі кең таралып отырған үрдіс орыс тіліндегі құжаттарды аудару екендігі баршаға мәлім. Сондықтан бұл үрдісті қазақ ісқағаздарының төртінші қалыптасу көзі деп санаймыз.
Қазіргі кезде қазақ тілінде ресми-іскери стильдің қарапайым үлгілерінен (өтініш, арыз, мінездеме және т.б.) бастап, нормативтік-құқықтық құжаттарға (жарғы, жарлық, ереже, келісім, заң және т.б.) дейінгі үлгілері болғанымен, олар түгелге жуық аударма процесі (кейбір құжаттардың ағылшын тілінен тікелей аударылатынын қоспағанда, негізінен орыс тілінен аудару) арқылы жүзеге асырылады. Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының дерегіне сүйенсек, әр жыл сайын бір мыңға жуық нормативтік-құқықтық актілер қабылданады екен. Қазірдің өзінде мыңға жуық заң, жиырма мыңға жуық нормативтік заң актілері бар. Осының бәрі орыс тілінде жазылып, содан соң барып мемлекеттік тілге аударылады... [1]. Бұл ертеректе келтірілген дерек болғанымен (Ана тілі, 2003 жылғы 4 желтоқсан), бұдан кейінгі жағдай күрт өзгерді деп айта алмаймыз. Қабылданып жатқан нормативтік-құқықтық құжаттарды, стандарттарды және т.б. орыс тілінде әзірлеп, қазақ тіліне аудару жалғасып келеді. Түпнұсқасы қазақ тілінде жазылып, қабылданған заңнамалық құжаттар саусақпен санарлық. Сондықтан қазақ ісқағаздарын қалыптастырудағы аударманың рөлін зерттей түсу лингвистикалық тұрғыдан өзекті мәселенің бірі ретінде қалып отыр.
Бұл мәселе турасында Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: Құжат мәтіндерін мемлекеттік тілде даярлаудың орнына оларды ресми қолданылатын тілден аударудың кең тараған тәжірибесінің мемлекеттік органдар жұмысында одан әрі беки түскен процесі белең алып барады. Соған қарамай, ол тек уақытша шара ретінде қарастырылуға тиіс. Сондықтан мемлекеттік тілде жасауға кезең-кезеңімен көшуді жүзеге асыру керек, - делінген [2, 89]. Бұдан кейінгі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында аталған: Қазақ тілі толыққанды күнделікті қызметтік және кәсіптік қарым-қатынас тіліне айналуға тиіс. ...Халықаралық кездесулер өткізіп, шарттарды, келісімдерді және өзге де халықаралық актілерді ресімдеу кезінде мемлекеттік тіл негізгі тіл болуға тиіс - деген міндеттер қойылды [3]. Осы мақсатта атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Десек те, қазақ ісқағаздарын, ғылым тілін қалыптастыруда аударма оң әсер ететін (әрине біліксіздік пен немқұрайдылықтан туындайтын теріс әсерді есептемегенде) құбылыс ретінде саналады.
Сондықтан тәржімаланған ресми құжаттардың барлық түрлері тілде жүріп жатқан қарқынды үдерістердің барлығын да қамтыды: жалпы қолданыстағы лексиканың термин ретінде актуалдануы, әдеби тілге ене қоймаған лексикалық бірліктердің терминдік мағынаны иеленуі, синонимдік қатарлардың мәнмәтіндік, стильдік қызметінің артуы, сөзжасам жүйесіндегі сапалық-сандық өзгерістер тәрізді лексикалық парадигмалардың жаңалықтары ресми-іскери тілде белсенді түрде байқалады [4, 94]
Қазіргі кезде ісқағаздарын орыс тілінен аударудың себептерін филология ғылымдарының докторы, профессор Л.С.Дүйсембекова былайша түсіндіреді: Бұған бірінші себеп біздің мамандарымыз бен ісқағаздарын жүргізушілеріміздің бірден қазақ тілінде ісқағаздарын жүргізуге дайын еместігі, екінші себеп ісқағаздарын қазақша жүргізуде белгілі бір тәжірибенің, қалыптасқан жүйенің болмауы. Осыған байланысты бүгінгі таңда ісқағаз мәтіндерін түгелдей орыс тілінен аударып, бір сөзін, бір тіркесін мүлт жібермей тізіп отыру, іс қағаздарының мәтіндерін орыс тілінің заңдылығына орай қалыптастыру құбылысы белең алып отыр[5, 112]. Ғалым қазіргі қазақ ісқағаздар тілін қалыптастыруда аудармаға қатысты қалыптастыра алмай, ретке келтіре алмай жатқан тұстарымызға мысалдар келтіреді. Мәселен, жоғары оқу орындарында Введение в политическую науку деген пән бар, оны диплом қосымшасында Саяси ғылымға кіріспе деп жазып жүрміз. Саясаттану ғылымына кіріспе немесе қысқа да нұсқа етіп Саясаттануға кіріспе деп алсақ дұрыс болар еді. Сондай-ақ О переводе студентов на последующий курс обучения деген бұйрық Студентті курстан курсқа көшіру туралы деп аударылып жүр. Сөзбе-сөз аударсақ Студентті оқытудың келесі курсына көшіру туралы болады. Дұрысы Студентті келесі курсқа көшіру туралы сияқты, орысша нұсқасында обучение деген сөз болғанымен, қазақша нұсқасына оқытудың деген сөз қажет емес, себебі мұнда студент деген сөздің болуының өзі-ақ мәселенің оқу туралы екендігін білдіріп тұр.
Қазақ тарихының сахнасына тіл білімінің негізін қалаған тұғырлы тұлғалар сап түзеп шыққан 1920-1930 жылдары қазақ ресми ісқағаздар тілін, бұқаралық ақпарат құралдар тілін қалыптастыру мақсатында қыруар жұмыс жүргізілгені көзі қарақты зиялы қауымға аян. Қазақ тілінде аударма сипаттағы жаңа сөздер (терминдер) ғана емес, жаңа морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік құрылымдар пайда болды. Алайда мұндай құбылыстар, бір жағынан, ісқағаздар стилін қалыптастыруға септігін тигізгенімен, екінші жағынан, сол кезде жасалған морфологиялық тұлғалардың бірқатары, мысалы, -мыш, (айтылмыш мәселелер - айтылған мәселелер), -а шақ (жазылып тұрашақ - жазылып тұратын), -дүр (тиісдүр - тиісті) тұлғалары қазақ тілінің табиғатына жат болғандықтан, тілімізге сіңісті болмай, уақыт өте келе, қолданыстан шығып қалды. Сол кезеңде пайда болған морфологиялық тұлғалардың бірі - тұйық етістіктің -у жұрнағы мен жатыс септіктің -да, -дежалғауын қосу арқылы осы шақтағы белгілі бір үдерістің созылыңқылық күйін, яғни әрекеттің әлі де жүріп жатқандығын білдіретін -уда форманты. Бірақ бұған қарап іс-әрекеттің қазір болып жатқанын, әлі де болатынын білдіретін тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, синтаксистік құрылымдар) қазақ тілінде Октябрь төңкерісіне дейін болмаған екен деген ұғым тумауы керек. Іс-әркеттің мұндай өту сипаты 1920 жылдарға дейін бұл сияқты формада емес, отыр, тұр, жатыр, жүр көмекші етістіктері арқылы берілетін. Мысалы, өтіп жатыр, болып жатыр, жазып жүр, көбейіп тұр, пайдаланып отыр т.б.
Қазақ тіліндегі қимылдың болып жатқандығын, әлі де болатындығын жасанды -уда форманты арқылы емес, қазақ тілінің өз заңдылығына сай көмекші етістіктер арқылы берілуін дұрыс деп есептейміз. Игі іс жалғасын табуда демей-ақ Игі іс жалғасын тауып отыр. Олардың қатары күн сайын өсуде демей-ақ,Олардың қатары күн сайын көбейіп отыр десек, қазақша болмас па еді, - деген ой тастайды ғалым Л.Дүйсембекова [5, 114].Алайда көпшілікке әсер ету күші басым бұқаралық ақпарат құралдарында (телеведение, радио, газет-журнал) сөз тіркестерін, оралымдарды қайталамау, жазуда (айтуда) үнемділікке ұмтылу, тыңдаушыға (оқушыға) әсер ету сияқты мақсаттарда -уда формантының жұмсалу жиілігі, яғни қолданымдық белсенділігі артып отырғанын жасыра алмаймыз.
Ісқағаздарын аудару кезінде шығыс (аударылатын) және кіріс (аударма жасалатын) тілдің лексикалық (негізінен терминдер) бірліктерін аудару және қалыптастыру бірінші мәселе болса, екіншіден, синтаксистік құбылыстар жете ескерілуі қажет. Мысалы, орыс тілі мен қазақ тілінің заңдылығы әртүрлі болғандықтан, сөйлем құрылысы, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі бір-біріне сай келе бермейтіні белгілі жайт. Осындай жайттарды ескермеудің салдарынан төмендегі мысалдан тілдік нормадан ауытқуды және қазақ тіліне аударылып отырған құрылымдардың түпнұсқа тілінің (бұл жерде орыс тілінің) ықпалына түсуін байқауға болады. Түрлі құжаттарда, мәселен, бұйрық пен өкім соңында төмендегідей сөздер жазылады:
Внесено: ___________ Учебно-методическое управление
СОГЛАСОВАНО: ________ Проректор по учебно-методической работе
Мұндай құрылымдар орыс тілінің синтаксистік жүйесінің әсерінен қазақ тіліне қате аударылып жүр:
Енгізілді: ______________ Оқу-әдістемелік басқарма
КЕЛІСІЛДІ:___________ Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор
Бұл құрылымдағы сөздердің орын тәртібі орыс тілінің заңдылығына емес, қазақ тілінің заңдылығына сүйене отырып, былайшаберілугетиіс:
Оқу-әдістемелік басқарма _____________ ЕНГІЗДІ
Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректормен_______ КЕЛІСІЛДІ[5, 115].
Қазіргі іс жүргізудегі аударма материалдарды: а) салалық құжаттар тіліндегі оралымдардың аудармасы; ә) салалық кәсіби сөздердің аудармасы; б) жекелеген жаңа сөздердің аудармасы (қазіргі тіл білімінде терминдердің бір түрі ретінде пайда болып, жасалып, өзге тілдерден алынып жатқан ұғымдарды неонимдер деп атайды - Е.Ә.); в) салалық терминдердің аудармасы және т.б. деп топтастырып көрсетуге болады [6, 124]. Көріп отығанымыздай, ісқағаздары аудармасында да тілдің әртүрлі деңгейлері қамтылып, мұндай аударма мәтіндер (әрине сәтті шыққан жағдайда) ұлттық тілдік қордың бір көзі ретінде қалыптасып келеді.
Аударманың арқасында қазақ тілінің ісқағаздар стилі әртүрлі тілдік бірліктермен толығып отырғаны оң нәтиже болса, екінші қырынан, жоғарыдағы мысалдардан аңғарғанымыздай, қазақ тілінің сөйлем құрылымдарын шұбалаңқы өзге ойлау жүйесіне салып жатқан тұстар, қазақ тілінің табиғатына жат қолданыстар да аз емес. Біздіңше, бұл да аудармашылардың шеберлігіне немесе тәжірибесіздігіне, қабілетсіздігіне орай болып жатқан жайттар. Ісқағаздарының аудармасында орыс тіліндегі сөйлемдегі бірде-бір сөзді қалдырмай аударуға тырысу үдерісі бар. Бұл сөзбе-сөз аударуға, құрылымды өзгертпей аударуға деген ұмтылыстан туындап отыр. Бұл кемшілікті түзетуге жетелейтін тәсіл мазмұнды ұғынып, оны беруде қазақ тілінің құрылымын дұрыс пайдалану деп санаймыз.
Ресми қарым-қатынаста дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білу үшін ресми стильдік элементтерді бейтарап стильдік элементтерден ажырата білу, қазақ тіліндегі сөйлем құрылысының заңдылығын сақтау, орфографиялық, орфоэпиялық, синтаксистік норманы білу, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет деген талаптар қойылады [5, 116]. Өкінішке қарай, бұл талаптарды әліге дейін толыққанды орындай алмай жатқан жағдайларымыз кездеседі. Мысалы, мекемелер мен кәсіпорындарда бірінші басшының лауазымына немесе басшылық құрам өкілдерінің лауазымдарына айрықша мән беру үшін Басқарма Төрағасы, Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасарыжәне т.б. атауларды орыс тіліндегі Председатель Управления, Первый заместитель Председателя Управления деген қолданыстардың аударма-көшірмесі (!) ретінде жазу дағдыға айналып барады. Бұл, әрине, орфографиялық заңдылыққа сыймайтын қателік. Өйткені белгілі бір атауды білдіретін сөз тіркестерінің, дұрысында күрделі атаулардың бірінші сөзі ғана бас әріппен жазылуға тиіс.
Қазіргі қазақ тілінде қысқарған сөздерді бірізге түсіру (қысқарған сөздердің сөздігін жасау) мәселесі де өткір тұр. Мысалы, мекемелерде құжаттар тілінде сөздерді, атауларды қысқартып қолдануға деген құштарлық (орыс тіліндегі мәтінде қысқарған сөз қолданылған жағдайда) байқалады. Осы орайда, кейбір сөздердің қысқартылуы түсініксіз болып қала берсе, кейбір қысқартулар бірдей нұсқада болып шығады. Мысалы: ҚҚБ - құқықтық қамтамасыз ету басқармасы, ҚҚБ - құжаттық қамтамасыз ету бөлімі және т.б.[6, 126].
Сонымен қатар қазіргі ісқағаздарын аудару үдерісінде жалпы аудармаға қойылатын түсініктілік, қарапайым стильмен беру, сөйлемнің жатықтығы мен сөздердің, сөйлемдердің арасындағы байланыстың болуы сияқты талаптардың ескерілмей жатқандығын айта кеткеніміз жөн. Ісқағаздарын аудару кезінде қолданылатын жекелеген сөзді, грамматикалық тұлғаларды ресми стильге оңтайландырыла қолдану үшін орын алмастыру, ауыстыру, қосу, түсіріп кету сияқты трансформациялық процестердің қай-қайсысын да орнымен, мүмкіндігінше пайдалануға болады деп санаймыз.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында жасалған Энциклопедияларды, ғылыми-публицистикалық, іскерлік, көркем және басқа да әдебиеттерді түпнұсқа тілінен қазақ тіліне аудару ісін ұйымдастыру және көп таралыммен шығару мемлекеттік тілдің қазіргі қолданбалы ғылым тілі ретіндегі рөлін барынша күшейтуге мүмкіндік береді [3] деген тұжырым да аударма ісінің қоғамның барлық саласындағы маңызды рөлін аңғартады. Сөз соңында қазақ ісқағаздарын аудару арқылы қалыптастыру тіл саясатын жүргізудің, ісқағаздарын қазақша жүргізудің алғашқы кезеңіндегі құбылыс болып қалып, ісқағаздарын бірден қазақ тілінде жазып, қазақ тілінде жүргізіп жатсақ, нұр үстіне нұр болар еді дегіміз келеді.
Әдебиет:
1. Ана тілі газеті, 2003 жылғы 4 желтоқсан.
2. Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығымен бекітілген Терминологиялық жинақ - Терминологический сборник. - Алматы: Сөздік-Словарь, 2002. - 76-95-бб.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
4. Әшірова Б. Қазіргі қазақ ресми ісқағаздары туралы Аударматану(ғылыми-практикалық көмекші құрал). - Алматы: Тіл оқу-әдістемелік орталығы, 2008. - 94-100-бб.
5. Дүйсембекова Л. Ресми ісқағаздарын аудару мәселелері Аударматану(ғылыми-практикалық көмекші құрал). - Алматы: Тіл оқу-әдістемелік орталығы, 2008. - 111-118-бб.
6. Әбдірәсілов Е. Ісқағаздарын аудару тәжірибесінен Аударматану (ғылыми-практикалық көмекші құрал). - Алматы: Тіл оқу-әдістемелік орталығы, 2008. - 121-126-бб.
Ресми - іскерлік құжаттардағы терминологияның кейбір мәселелері
Ресми -іскерлік стиль-басым көпшілігінде құжаттар стилі. Қызмет ететін негізгі саласы-халықаралық, мемлекеттік, қызметтік құжаттар. Бұл стиль қоғамның мемлекеттік, қоғамдық, саяси өміріндегі әр түрлі акттерде құжаттаудағы сұранысын, адамдар мен заңды тұлғалар арасындағы әкімшілік, іскерлік қарым-қатынастарды қанағаттандырады.
Ресми-іскерлік стильдің маңызды бір белгісі-дәлдік.
Орыс ғалымы Л.В.Щерба пікірімен айтсақ, "В речи деловой точность - это не допущение инотолкования" [1, 81], "для деловой речи первичными стилевыми чертами окажутся предписующе-долженствующий характер речи, ее неличный характер и точность (не допускающая инотолкования)" [1, 83]. "Основным требованием к содержанию документа является его максимальная точность и понятность (ясность). Точность изложения предполагает однозначность понимания содержания, изложенного в документе". "Точность и понятность документа достигаются с помощью самых различных лингвистических средств" [2, 222]. Для оформления деловой речи характерно стремление к предельной точности выражения недопустимости инотолкования и терминированности. [1, 115].
Тілдегі дәлдік - термин сөздер қолданумен жүзеге асады. "Іскерлік тілдің стильдік белгісі - басқаша талдауға болмайтындай дәлдік - арнаулы терминология қолдану арқылы жүзеге асады", "іскерлік тілдің өзіне тән ерекшелігі - бір сөздердің, әсіресе терминдердің қайталана беруі". Терминдер орыс тілші ғалымы Г.О. Винокур айтқандай "ерекше сөздер емес, ерекше міндет атқаратын сөздер" болғандықтан, ресми-іскерлік стиль саласында да ерекше қызмет атқарады.
Ресми-іскерлік саладағы термин, терминология мәселелеріне тоқталмастан бұрын, жалпы тіл білімінде термин, терминология, терминдердің сипаты, қоғамның басқа салаларындағы қызметі жөніндегі ғалымдар еңбектері, зерттеулеріне шолу жасау қажет. Бұл әрекет қоғамның басқа салаларында термин жасау, қолданудағы кемшіліктер, қиындықтардың - ресми-іскерлік салаға да қаншалықты қатысты екендігін анықтауға мүмкіншілік береді.
Жалпы термин, терминология, олардың тарихы, ерекшеліктері, сипаты, принциптері, даму кезеңдері, тағы басқа терминге қатысты маңызды мәселелер туралы жазылған ғалымдар еңбектері, зерттеулері өте көп. Қазақ терминолог ғалымы Ш.Құрманбайұлының пікірінше "бұл сала әсіресе орыс тіл білімінде Ресейде 30-жылдардан бастап-ақ жақсы зерттеліп, бүгінде біздегіге қарағанда едәуір мән беріліп, үздіксіз зерттеліп келе жатыр". Д.С. Лотте, Г.О. Винокур, А.А. Реформатский, В.П.Даниленко, Т.Л. Канделаки, Л.И.Скворцов, А.В. Суперанская, В.А. Татаринов, Ю.Н. Марчук т.б. көптеген орыс тіл білімін зерттеуші ғалымдары қоғам дамуының әр кезеңінде терминология мәселелеріне көп үлестерін қосты.
Қазақ тіл білімінде терминология саласының қалыптасуында қазақ оқығандарының арасында А.Байтұрсынұлының алатын орны ерекше. "Ол жүздеген тіл, әдебиет және жалпы мәдениетке қатысты терминдерді жасап, оларды қолданысқа енгізе отырып, өз замандастарына ана тілінде термин жасаудың жарқын үлгісін көрсете білді" [3, 13]. Сонымен қатар бұл мәселелерді алғашқы рет көтерген қазақ зиялылары М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы, Н.Төреқұловтар. Кейінгі жылдарда термин, терминология төңірегінде тілші ғалымдар К.Мұсаев, Ә.Қайдаров, Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, А.Әбдірахманов сияқты тіл мамандарының зерттеу еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар бұл мәселе жөнінде Ш.Құрманбайұлының еңбегін ерекше атап өтуге болады.
Ғалымдар термин, терминология мәселелері жөнінде қазақ тіл білімінде, тіпті орыс лингвистикасында да белгілі бір пікір қалыптаспағанын айтады. Белгілі терминолог ғалым Ө.Айтбаев "совет тіл білімпаздарының сонау 20-30 жылдардың өзінде-ақ ой толғап, оның мәні, мазмұны, ғылыми білім игеруге жасайтын септігі жайында еңбектер жазған. Термин жайында бүкіл түркология, оның ішінде қазақ тіл білімінде, сондай-ақ орыс лингвистерінің өзінде де осыған тоқтайық дейтін бәтуәлі пікір, ақиқат тұжырым тізгінін ұстаудың өзі қиын"-дейді [4, 7].
Ғалымдардың еңбектерін саралап, олардың термин, терминология ұғымы, атқаратын қызметі, өзіне тән сипаты, ерекшеліктеріне қандай анықтама беретініне тоқталсақ.
Терминдердің негізгі сипаты-дәлдік және бір ғана мағыналық жүк арқалайтыны белгілі. Бұл жөнінде "термин-бұл белгілі мағынасы бар сөз... Термин бір мағыналылыққа ұмтылады", "термин-бір мағыналы, бейтарап сөздер: термин сөздер бір мағыналыққа ұмтылумен ғана емес, көңіл-күйді білдіретін реңкінің жоқтығымен де ерекшеленеді", "мағыналық шекараның дәлдігімен сипатталады" [5, 37]. "Термин дегеніміз, негізінен, арнайы ұғымдар, түсініктер атауы. Ол қандай ұғым, қандай мағына арқаласа да бір мәнді болуы тиіс. Олардың қатарында кездесетін көпмағыналық, синонимдік нышандар мәтінде (тексте), сөйлеуде кездесіп қалғанмен, бұл қасиет оның негізгі табиғатына тән емес [3, 200].
Терминді таным табиғатымен байланыстырып, жаңаны айқындау үшін қолданылатыны жайлы "термин-зерттеулердің ең маңызды бөлігі болып табылады, ол тек ғылыми түсінікті барынша дәл көрсету үшін ғана емес, танымның ерекше бір қаруы ретінде қызмет етуі қажет, өзі қызмет ететін ғылыми саласында жаңаны айқындау үшін қажет" [5, 28], жаңа терминдерге "сөздің ішкі құрылысы ешқандай қосымша, қоспасыз, таза атаулық жүк арқалауға тиіс" [4, 151], "термин ғалым үшін жұмыс құралы да, жай жұрт үшін - таным құралы" [6, 104], "терминнің танымдық табиғаты - ғылыми ұғым сол тілге, тіл арқылы ұлт өкілдеріне түсінікті болғанда ғана қоғам өміріне ықпал ете алмақ. Термин тілі арқылы-ақ ғылым-білімді көпшілікке жақындататындай, ел игілігіне айналдыратындай етіп жасалуы тиіс [6, 106], "термин - қоғам үшін бейтаныс, жаңа ұғымдарды атап, тіркеп қана қоймай, аталушы нәрсенің тіл арқылы таным жүйесінде орнығып, өзіндік бейнесі қалыптасуын қамтамасыз етуші сөз тобы десек болады" [6, 105] деген анықтамалар беріледі.
Терминдердің арнаулы бір салаға қатыстығы және салалық ұғымдар сипаты жөнінде "термин -слово или устойчивое словосочетание, которому приписано определенное понятие, употребляемое в науке, технике и искусстве и других областях специальной деятельности", "термин дегеніміз - белгілі бір арнаулы салаға тән сөз, ал терминологияның сол арнаулы ұғымдар атауларының жиынтығы екендігі мәлім" [4, 200], "термин арнайы сала ұғымын білдірсін, бірақ оның аз адамға ғана түсінікті болып, басқаға белгісіз болуы шарт емес" [6, 105], термины используемые в управленческой документации,-это, во-первых, отраслевая терминология, отражающая содержание той предметной области, которой посвящен документ; во-вторых, это специальные слова и выражения сложившиеся в сфере административного управления" [1, 85].
Терминология және терминология қарастыратын мәселелер жөнінде "тілдің арнайы лексикасының даму заңдылықтарын тексеретін ғылым, сонымен бірге ол ғылым мен техниканың жеке салалары терминдерінің жиынтығы және терминология ғылымы шеңберінде көптеген пікірлер ағынына қарағанда мынадай мәселелер қарастырылып шешім табуға тиісті:
1. Ғылыми-техникалық ұғымдардың классификациясы, ұғымдар мен ұғымдар жүйесінің арасындағы байланысты анықтау;
2. Ұғымдар анықтамасын құру;
3. Терминдерді талдап, іріктеп түзу;
4. Терминдер жүйесін жасау" [4, 14 ].
Келтірілген пікірлерден терминологияның - терминдер атауларының жиынтығы, ал терминнің - жаңа арнайы ұғым, түсініктердің атауы және терминнің атауларды бір ғана мағынамен, бейтарап, жалпыға түсінікті түрде беруі шарт екендігін тұжырымдауға болады.
Ресми - іскерлік құжаттарда қолданылатын терминдердің де осы шарттарға сай болуы тиіс екендігін орыс ғалымдары Л.В. Рахманин, Н.М. Лозинаның бұл мәселе жөніндегі еңбектерін қарастыру барысында көз жеткізуге болады. Бұл ғалымдардың пікірі бойынша, іскерлік құжаттардағы терминдердің мағынасы да баршаға түсінікті болуы шарт. "Употребление терминов в строго фиксированном значении обеспечивает однозначность понимания текста, что очень важно в деловом общении", "точность, однозначность и необходимость машинной обработки официального документа предполагает использование в нем слов только в одном из значений, принятых в официально-деловой письменной речи. Необходимо также, чтобы каждому понятию сответствовал только один термин" [2, 227].
Орыс тілші ғалымдары ресми-іскерлік құжаттарда қолданылатын терминдерді бірнеше топқа бөледі.
1. Тек кеңсе тіліне тән арнаулы лексика. Бұл ресми-іскерлік стильдің басқару саласында ғасырлар бойы қалыптасқан сөздер: мысалы, надлежащий, завизировать, должный т.б. Бұл топтағы сөздердің кейбірі ескіріп, жаңа нұсқалармен айырбасталады.
2. Ресми-іскерлік стильдің арнаулы термин сөздері басым көпшілігінде етістіктен жасалған зат есімдермен белгіленеді: исполнение (орындау), решение (шешу), нахождение (табу) т.б.
3. Арнаулы салалық лексика. Бұл құжаттар тілінде белгілі бір саладан келген терминдер. Олар ғылымда ғана емес, құжаттар тілінде де қолдануға ыңғайлы. Бұл құжаттарда заңнамалық, финанстық, дипломатиялық терминдер қолданылады: келісім, лицензия, кодекс т.б, финанстық құжат құрастыру үшін-осы саладан қаржы, кредит, бартер, крилинг, лизинг т.б. сөздерді пайдаланады.
4. Адамдарды қызметі, лауазымы, іс-әрекетіне қарай атайтын атаулар: куәгер, қызметкер, доцент, заказ беруші т.б. [2, 227]. Мысалы, адам деген сөз ресми құжаттарда - азамат, жолдас, телефон станциясында - абонент, ательеде - заказ беруші, шаштаразда - клиент, ауруханада - науқас, санаторийде - демалушы, танығушы, транспортта - жолаушы т.б. болып айтылады [7, 105].
Ресми - іскерлік құжаттардағы терминдерді қолдануда орыс тілші ғалымдарын да, отандық тілші ғалымдарды да толғандыратын мәселелердің ортақ екендігін байқауға болады. Қоғамның дамуына байланысты, жаңа сұранысқа жауап бере алатын жаңа ұғым, түсініктерді атайтын жаңа атаулар, құжаттардың жаңа түрлері пайда болды және компьютерлік технология мен жаңа идеяларды көрсететін шетел сөздері қолданысқа көптеп енді. Ресей үшін бұл өзгерістер кезеңі ХХ ғасырдың 90 жылдары болса, отандық ресми-іскерлік саладағы түбегейлі өзгерістерді еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған кезеңнен бастауға болады.
Қазақ тілінің сөздік қоры бұрыштама виза, екінші нұсқа дубликат сияқты тіліміздің қорында бар сөздер негізінде жасалған соны терминдермен және хаттама протокол, төлқұжат паспорт, парақша листок, сауалнама анкета, жарғы устав, мадақтама грамота, алғысхат - благодарственное письмо, анықтама - справка, ашықхат - открытка, лездеме - летучка, өтінім - заявка, адресат-қабылдаушы, адресант-жолдаушы, биография-өмірбаян, компетенция-құзіреттілік, реквизит-деректеме, рекомендация-ұсыныс т.т, тікелей орыс тіліндегідей атаулармен қолданылып келген терминдердің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz