ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ СОТ АКТІЛЕРІНІҢ КҮШІН ЖОЮҒА НЕГІЗДЕР



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1 ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ТҮРЛЕРІ
1.1 Ерекше іс жүргізу түсінігі
1.2 Сырттай іс жүргізу тәртібі мен ерекшелігі

2 ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ СОТ АКТІЛЕРІНІҢ КҮШІН ЖОЮҒА НЕГІЗДЕР
2.1 Бірінші сатыдағы сот актілері түсінігі
2.2 Заңды күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі
2.3 Істі қарауды кейінге қалдыру түсінігі

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

3

6
6
8

13
13

17
23

34
36

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Азаматтық процестің міндеттері адамды және азаматты негізсіз айыптау мен соттаудан, олардың құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектеуден қорғауды, кінәсіз адам заңсыз айыпталған немесе сотталған жағдайда оны дереу және толық ақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, құқықты құрметтеу көзқарасын қалыптастыруға жәрдемдесу болып табылады. Азаматтық процестің барлық институттары осынау мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететіндей етіп құрылған. Еліміздің заңнамасы осыларды жүзеге асырудың кепілдігі ретінде процеске қатысушының оның ойынша заңсыз, негізсіз деп табылған үкімдерді, содан кейін қабылданған сот қаулыларын қайта қарату құқын, сонымен қатар, процеске қатысушы басқа адамның әлгі сот шешімдерін қорғап шығу құқын белгілейді.
Облыстық және соларға теңестірілген соттардың, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қадағалау алқалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Қадағалау алқасының қаулыларына жасалған Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының ұсынысын, Қазақстан Республикасы бас прокурорының наразылығын қарау жүктелген Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының Жалпы отырысы тізбесі мен мазмұны ҚР ҚІЖК-нің 10-31-баптарында көрсетілген, азаматтардың алдыңғы сот сатыларында бұзылған конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауды мұрат тұтады. Қадағалау сатыларындағы соттар қайта қараудың заңда көзделген процессуалдық тәртібін (сот қаулыларының күшін жою, өзгерту немесе оларды өзгеріссіз қалдыру құқы) қолдана отырып, төменгі сатылардағы соттарды қолданыстағы заңнамалардың мәні мен мазмұнын дұрыс түсінуге бағыттайды және олардың дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді.
Қадағалау өндірісін реттейтін заңнама республикамыздың азаматтық сот өндірісі туралы басқа да заңнамалары сияқты даму және жетілдірілу үстінде. Ұлттық заңнамаларымыздың дамуы адам құқықтарының басымдығы туралы конституциялық ұстанымдарға сай олардың кепілдіктеріне деген ықыласты тереңдете түсумен сипатталады. Осы бағытта қол жеткізілген табыс ретінде процеске қатысушылардың қадағалау өндірісі сатысындағы құқықтарына байланысты кепілдіктердің нығая түсуіне мүмкіндік берген Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне соттылықтың аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы №111-III заңын атауға болады (әрмен қарай 2005 жылдың 30 желтоқсанындағы ҚР заңы) [3, 6 б.]. ҚР АІЖК-нің осы Заңмен толықтырылып, процеске қатысушының қадағалау шағымын тиісті қадағалау алқасының үш судьясынан құрылған сотта алдын ала қараудың және сол бойынша қадағалау іс жүргізуін қозғау немесе одан бас тарту туралы қаулы қабылдаудың тәртібін бекітті. Алдын ала қараудың тәртібі прокурордың қадағалау наразылығы үшін де белгіленген. Жаңа Заң айыптау мен қорғау тараптарының заңды күшіне енген сот шешімдерін қадағалау тәртібімен қарау сатысында кездесетін процессуалдық құқықтары арасындағы сәйкессіздікті (прокурордың наразылығы қадағалау тәртібі бойынша, қорғау тараптарының қадағалау шағымдарынан айырмашылығы, міндетті түрде тиісті қадағалау сатысындағы сотта тікелей қаралуға жататын) жойды [4, 21 б.].
Сонымен, сот шешімдерін қайта қарау мәселесінде бүгінгі заман талабы мен кейінгі уақыттарда қабылданып жатқан заңнамалардағы өзгерістерге орай мейлінше актуалды проблемалардың туындап отырғанын байқау қиын болмаса керек.
Бұл жұмыс қадағалау өндірісі саласындағы Қазақстан Республикасының жаңғырған азаматтық іс жүргізу заңнамасы аясында заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау проблемаларын саралауға бағытталған зерттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру барысындағы қадағалау сатысы соттарының мәнін, маңызды механизмдерін анықтау, қадағалау тәртібінде сот актілерінің күшін жоюға негіздер жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
Курстық жұмыстың міндеті. Белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді іске асыру көзделеді:
- қадағалау өндірісі туралы республикалық заңнаманың қазіргі жағдайын және ұлттық сот өндірісіндегі сот шешімдерін қайта қарау институттарының даму заңдылығын анықтау;
- осы институттың регламенттелу принциптерін пайымдау мақсатымен шетелдік мемлекеттердің азаматтық іс жүргізу заңнамаларындағы заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау институттарының рөлі мен мазмұнын зерттеу;
oo сот шешімдеріне шағымдану жөніндегі тараптардың құқықтарын жүзеге асыру жолдарын кеңейту және олардың істі қарауға қатысуын қамтамассыз ету мәселелерін негіздеу;
- заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау барысында істі ревизиялық тәртіппен қайта қараудың мазмұнын ашу және істі қараудың шектерін анықтау;
oo сотталғанның жағдайын нашарлатуға жол берілетіндігіне байланысты қадағалау сатысындағы сот өкілеттігінің шегін белгілеу;
oo қадағалау сатысындағы соттардың қосымша материалдарды қолдану тәжірибелерін зерттеу және оларды пайдаланудың теориялық негіздерін нақтылау;
oo заңнамаларды, ғылыми зерттеу еңбектерін, құқық қолдану тәжірибелерін талдау арқылы заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға байланысты мәселелерді реттейтін азаматтық іс жүргізу заңнамаларын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды негіздеу.
Зерттеудің обьектісі азаматтық сот өндірісінде заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулылырын қайта қарауға байланысты туындайтын құқықтық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Зерттеудің негізіне диалектикада қарастырылып, салалық ғылымдарда жасалынған арнайы тәсілдерімен толықтырылған ғылыми білімнің жалпы методологиясы алынды. Ұсыныстарды әзірлеуге байланысты нормативтік материалдарды, сот тәжірибелерін, арнайы әдебиеттерді зерттеу барысында сараптаудың жүйелі-құрылымдық, салыстырмалы-құқықтық, формальды- логикалық, нақтылы-тарихи тәсілдері, статистикалық қорытындылау және тағы басқадай жекеше-ғылыми тәсілдер кешенді қолданылды.
Қосымша материалдарды қадағалау өндірісінде пайдаланудың құқықтық негізі жөніндегі мәселеге келсек, бұл процессуалдық заңның ұқсастығын қолдану арқылы мүмкін болмақ, өйткені апелляциялық өндірісте қосымша материалдарды ұсынудың және пайдаланудың тәртібін реттейтін заңды ұқсастығы бойынша қолдану азаматтық іс жүргізу құқығындағы заңды ұқсастығы бойынша қолданудың жалпы теориясының жекелеген жағдайы болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бес тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ТҮРЛЕРІ

1.1 Ерекше іс жүргізу түсінігі

Ерекше іс жүргізу - азаматтық сот ісін жүргізудің үшінші түрі, оның талап қоюмен іс жүргізу және ерекше талап қоюмен іс жүргізуден айырмашылығы бар. Бұл айырмашылық сот ісін жүргізудің осы түрінің құқықтық тегіне және оның жалпы процессуалдық ерекшеліктерінің сипатына, сондай-ақ ерекше іс жүргізуге әр санаттағы істердің жеке ерекшеліктеріне байланысты [37.255 б.].
Ерекше іс жүргізу - бұл арнайы соттыц азаматтық саыаттағы істеріне жатқызылган, құқық туралы дауы жоқ жәие қоргаудың арнайы құралдар мен тәсілдерді қолданумен сипатталатын азамат-тық іс жүргізудіц дербес түрі. Сот олардың заң фактілерін (әрекеттерін, оқиғаларын, жағдайларын) айқындау арқылы азаматтар мен ұйымдардьщ заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асырады.
ҚР АІЖК-не сәйкес заң фактілерін анықтаудың екі тәртібі бар:
1) әкімшілік тәртіп;
2) соттық тәртіп.
Енді әр қайсына жеке анықтама берейік.
Ақиқат фактілер, яғни тиісті органның лауазымды адамының алдында жасалып жатқан немесе ресми құжаттармен растауға болатын фактілер (баланың тууы, өлім, некені тіркеу, некені бұзу және т.б.) әкімшілік тәртіпте куәландырылады.
Ақиқат емес фактілер, яғyи не ресми тіркелуге жатпайтын (біреудің асырауында болу, тіркелмеген неке, әкелікті тану, хабар-ошарсыз кету және т.б.), не олардың жоғалуына байланысты ресми құжаттармен расталуға келмейтін (некені тіркеу факті, құқық беретін кұжаттардың тиістілігі) фактідер сот тәртібінде куәдандырыдады, өйткені олар тиісті бір фактіні растайтын дәлелдерді зерттеуді талап етеді. Ал егер талап қою бойынша іс жүргізу кезінде бұзылган немесе даулы қүқықты қорғау үшіи тиісті зан фактісін белгілеу керек болса, онда ерекше іс жүргізуде арыз берушінің мүддесі фактіні айқындаумен шектеледі. Фактіден туындайтын субъективті Құқықтар туралы мәселе ерекше іс жүргізу тәртібінен тыс шешіледі. Мысалы, егер баланың әкесі айқын болмаса, ол ер азаматтан алименттер өндіріп алуга болмайды. Сондықтан осы ер азамат баланың әкісі болып табылатын факті анықтайды, содан кейін сот ар-Қьіды одан арыз беру аркылы алименттер өндіріп алуға болады.
Айқындалған заң фактісіне негізделген субъективтік құқықтарға басқа адамдардың дауласуы болмау ерекше іс жүргізуде құқық туралы даудың жоқ екендігін білдіреді.
Азаматтық іс жүргізудің жалпы принциптері - заңдылық, диспозитивтік, тең құқылық, тікелейлік және т.б. - ерекше іс жүргізуінде қолданылады. Ерекше іс жүргізуде істер азаматтық іс жүргізудің барлық сатыларынан (іс қозғау, істі әзірлеу, сотта істі қарау жәнеі т.б.) өтеді. Дәлелдеудің, хаттама жүргізудің, сот шешімдерін шығарудың және т.б.
Ерекше жүргізілетін істерді сот арыз беруші мен мүдделі адамдардың қатысуымен қарайды.
Егер ерекше іс жүргізу тәртібімен қарау кезінде соттың қарауына жататын құқық туралы дау туындаса, сот істі талап кою тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Іс талап қою тәртібімен оның қозғалу орны бойынша қаралады. Арыз беруші мен басқа да мүдделі адамдарға ҚР АІЖК-нің 150,151-баптарында көзделген талаптарды сот белгіленген мерзімде орындау қажеті екндігі түсіндіріледі. Мүддеді адамдардың қарсылыктары болған жағдайда сот істі аумақтық сотта қарау ережелері бойынша басқа соттың қарауына беруі мүмкін.
Ерекше жүргізілетін істерді ҚР АІЖК-тің 31-38-тарауларында белгіденген алынысгармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды.
Сот ерекше іс жүргізу тәртібімен қарайтын істерге:
1)заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы;
2)азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы;
3) азаматты әрекетке қабілеті шектеулі немесе әрекеіке қабілетсіз деп тану туралы;
4)азаматты психиатриялық стационарға мәжбүруіен жатқызу туралы;
5) заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық туралы;
6)жылжымалы затты иесіз деп тану және жыджымайтын мүдікке коммуналдық меншік кұқығын тану туралы;
7)азаматтың хал актілері жазуларының дұрыс еместігі анықтау туралы;
8)нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;
9) бағалы қағаздарды көрсетуші адамның жоғалған бағалы қағаздар және ордерлік бағалы қағаздар (шақырту ісіп жүргізу) бойынша құқықтарын қалпына келтіру туралы істер;
10) бала асырап алу туралы істер жатады.
КР АІЖК-де ерекше іс жүргізу тәртібімеп басқа да істерді қарау көзделуі мүмкін.
Ерекше іс жүргізудің басқа сот ісін жүргізу түрлерінен айырмашылықтарын белгілеуге болады. Ол құқық туралы даудың жоқтығы. Бұл іс жүргізуде тараптар, яғни талап қоюшы мен жауапкер жоқ. Ерекше іс жүргізу ісін қозғаган адам арыз беруші болып аталады. Ерекше іс жүргізу тәртібі бойышла қаралатып істерге қатысушы үшін мүдделі адамдар (азаматтар, ұйымдар, қаржы мекемелері, әлеуметтік сақтандыру органдары және т.б.) шақырыдады. Ерекше іс жүргізу тәртібі бойынша қаралатын істерге үшінші тұлғалар қатыспайды. Ерекше іс жүргізуде кұқық туралы да және талап арызы жоқ болғандықтан, онда талап арызын (толық немесе жартылай) тану немесе одан бас тарту, бітімгершілік келісім жасау, талап арызын қамтамасыз ету, қарсы талап, және т.б. ұғымдар қолданылмайды.
1.2 Сырттай іс жүргізу тәртібі мен ерекшелігі

Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу кодексінің 260-бап 1-бөлігіне сәйкес: Отырыстың өткізілетін орны мен уақыты тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмей қалған жағдайда, егер талап қоюшы бұған қарсы болмаса, іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін[3.76 б.].
Сырттай іс жүргізуге тән белгілерді атайтын болсақ, олар келесілерден тұрады:
Біріншіден, сырттай іс жүргізу ұғымы бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге жатқызылған, яғни ол сотта іс қараудың бір бөлігі болып танылады. Ал апелляциялық және қадағалау инстанцияларында істі сырттай іс жүргізу тәртібімен сот қарамайды.
Екіншіден, сырттай іс жүргізу тәртібімен тек талап қою бойынша істер қаралады, себебі Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексінде талап қоюшы, жауапкер, талап ұғымдары ерекше талап қоюмен іс жүргізу және ерекше іс жүргізу тәртібі бойынша бөлімдерде көзделмеген. Сонымен заң, бірінші сатыдағы сотта талап қоюмен іс жүргізу бойынша істі сот, жалпы немесе сырттай тәртіппен қарауын бекітеді.
Үшіншіден, сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша іс қарау үшін келесі 5 (бес) негіздемелер болуы қажет:
1) жауапкер келмеген жағдайда;
2) жауапкер тиісті түрде сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы хабарланса;
3) іс бойынша талап қоюшы қарсы болмау;
4) жауапкер өзінің келмей қалуының себептерін хабарламаған болса;
5) жауапкер істі өзі жоқта қарауды сұрамаған болса.
Жоғарыда аталған негіздемелердің барлығы талап қоюмен істі қарауда орын алғанда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.
Іс ҚР АІЖК-нің 260-бап 1-тармағында көрсетілген негіздемелер жиынтығы болған жағдайда ғана:
oo жауапкер істің қаралу орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілсе;
oo жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себептермен келмей қалса немесе келмей қалуының дәлелді себептері туралы хабарламаса;
oo жауапкердің істі өзі жоқта қарау туралы өтініші болмаса;
oo талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісімі болса;
oo талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісіміне қарамастан, жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себепсіз екінші рет келмей қалса, сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша қаралуы мүмкін.
Осы жоғарыда көрсетілген негіздердің кез келген біреуінің болмауы, істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қараудың мүмкіндігін жояды.
Талап қоюшының істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қаруға келісімі жазбаша ретінде арызда немесе ауызша айтып сот хаттамасында қол қоюымен бекітіліп көрсетілуі мүмкін. Сонымен қатар талап қоюшы өз талаптарын қанағаттандыру жөнінде талап арызда жазбаша былай деп белгілеуі мүмкін: Жауапкер келмеген жағдайда сырттай шешім шығаруды сұраймын.
Егер сот отырысына келген талап қоюшы жауапкер жоқта істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот істің қаралуын кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды. Бұл жағдайда сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша істі қарауына сот талап қоюшыдан келісім сұрамайды.
Егер іске бірнеше жауапкер қатысқан кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін [3.76 б.].
Сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарағанда сот осы іс бойынша талап қоюшы және басқа да іске қатысушы адамдармен ұсынылған дәлелдемелер негізінде зерттеу мен бағалауды жүзеге асырады. Талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес, себебі жауапкерге жіберілген сот шақыру қағазымен талап арыздың көшірмесінде бұл өзгерістер көрсетілмеген, яғни ол өзгерістер туралы жауапкер білмейді. Егер де талап қоюшы сырттай іс жүргізу тәртібі бойынша іс қарауда талаптың элементтерінің біреуін (негіздемесін немесе нысанасын) өзгертуге ықыласын білдіретін болса, онда сот істі қарауды кейінге қалдыруға тиіс. Талаптың кез келген өзгерістерін сот істі соттың сот отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы, егер ол өзгерістер туралы жауапкер тиісті түрде хабарланған болса және оған қарсылық немесе түсініктемелер беруге құқығы берілсе. Мұнда азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады [3.6 б.].
Сонымен сырттай іс жүргізу - бұл тиісті түрде хабарланған, келмей қалуының дәлелді себептерін хабарламаған және істі өзі жоқта қарауды сұрамаған жауапкер сот отырысына келмеген жағдайда, талап қоюшының келісімі бойынша талап қою істерін бірінші сатыдағы сотта іс қарау.
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады. Бұл ұйғарым апелляциялық тәртіп бойынша шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды. Егер жауапкер іс бойынша іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса, сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы [3.54 б.].
Сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қараудағы мақсаттары:
oo жауапкерді тәртіпке салу;
oo өзінің мінез-құлқы үшін жауапкершілікті нығайту;
oo жауапкер тарапынан қиянат жасаудың алдын алу;
oo азаматтық істі тез қарап шешу.
Сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.
Сырттай шешім және оған шағым жасау тәртібі.
ҚР АІЖК-нің 262-бабы сырттай шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай шешімнің мазмұны ҚР АІЖК 221-бабының ережелерінде белгіленеді. Сырттай шешім кәдімгі сот шешімі сияқты кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қарар бөліктерінен тұрады. Осылай сырттай шешімнің:
oo кіріспе бөлігінде сырттай шешім шығарылған уақыт пен орын, сырттай шешім шығарған соттың атауы, судьяның, сот отырысының хатшысы және тараптар тегі, аты-жөні, даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі;
oo сипаттау бөлігінде сырттай іс жүргізу негіздері көрсетіледі;
oo сырттай дәледі шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді, яғни сырттай шешім істі қарау аяқталған соң бірден дәлелді нысанда шығарылады;
oo қарар бөлігінде жауапкердің бұл шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуге тиіс.
Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оның шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі. Сырттай шешімнің көшірмесі сот отырысына қатыспаған талап қоюшыға да ол шығарылған күннен бастап үш күннен кешіктірілмей, оның тапсырылғаны туралы хабарланатын етіп жіберіледі.
Сырттай шешім ҚР АІЖК-нің 235-бабының ережелері бойынша заңды күшіне енеді, егер оған шағым, наразылық жасалмаса, апелляциялық шағымдану 15 (он бес) күн мерзімі өткен соң. ҚР АІЖК-нің 237 және 238-баптары негіздеріне сәйкес сырттай шешім дереу орындалуға жіберілуі мүмкін.
Егер соттың сырттай шешіміне апелляциялық шағым немесе наразылық берілсе, бірақ оның күші жойылмаса, онда апелляциялық қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді[3.106 б.].
ҚР АІЖК-сі сырттай шешімге шағым жасаудың екі әдісін белгілейді.
Бірінші әдісі, тек жауапкер ғана қолдана алады. Жауапкер сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беруге құқылы. Сырттай шешім шығарған сотқа жауапкер шешімнің көшірмесін алған кезден бастап 5 (бес) күн ішінде арыз беруге тиіс.
Екінші шағымдану әдісін талап қоюшы мен жауапкер тең қолдана алады. ҚР АІЖК-нің 264-бап 2-бөлігіне сәйкес сырттай шешімге апелляциялық тәртіппен тарап (талап қоюшы немесе жауапкер) шағым беруі немесе прокурор наразылық келтіруі мүмкін.
Апелляциялық шағым немесе наразылық берудің 15 (он бес) күн мерзімі сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру 5 (бес) күн мерзімі өткен соң есептеледі. Егер арыз берілген жағдайда - бірінші сатыдағы сот арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған кезден бастап 15 (он бес) күн есептеледі. Сондықтан бұл нормаға сәйкес жауапкер осы екі шағым жасау әдістерін қолдана алады: біріншіден сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз беру арқылы, екіншіден - апелляциялық шағым беру арқылы.
Сот сырттай шешім шығарып, одан кейін жауапкердің сырттай шешімді бұзу туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған жағдайда, жауапкер соттың шешімі мен ұйғарымына шағымдануға құқылы. Іске қатысушылар сырттай шешімді бұзу туралы ұйғарымға шағымдануға құқылы емес, себебі ол істің әрі қарай жылжуына кедергі жасамауды және мұндай ұйғарымға шағымдану құқығы заңда көрсетілмеген.
ҚР АІЖК-нің 265-бабына сәйкес сырттай шешімнің күшін жою туралы арызда:
1) сырттай шешім шығарған соттың атауы;
2) арыз берген жауапкердің атауы;
3) жауапкердің сот отырысына дәлелді себептермен келмей қалуын куәландыратын мән-жайлар туралы мәліметтер және бұл мән-жайларды растайтын дәлелдемелер, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер етуі мүмкін дәлелдемелер;
4) арыз беруші жауапкердің өтініші;
5) арызға қоса тіркелетін материалдардың тізбесі болуға тиіс.
Арызға жауапкер немесе өкілеттігі болған жағдайда оның өкілі қол қояды. Іске қатысушы адамдардың саны бойынша жауапкер сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың көшірмесін сотқа ұсынады.
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызға мемлекеттік баж төленбейді [3.77 б.].
В.И.Решетняк және И.И.Черныхтардың айтуы бойынша бұл нормада қарама-қайшылық бар, яғни бір жағынан заң шығарушы жауапкерді жағымсыз жағдайға соқтырады, екінші жағынан - сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз берумен байланысты шығыннан босатады. Олардың ой-пікірлері боынша талап-арызды қарау кезде сот және талап қоюшы үшін материалдық шығындар туындайды, сондықтан жауапкер сырттай шешімнің күшін жою арызын беруде мемлекеттік баж төлеуі тиіс. Осындай арызды қабылдағаннан кейін сот іске қатысушы адамдарға сырттай шешімнің күшін жою туралы арыздың қаралатын уақыты мен орнын хабарлайды, оларға арыздың және оған қоса тіркелетін материалдардың көшірмесін жібереді.
Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды сот оның сотқа келіп түскен кезінен бастап 10 (он) күн ішінде сот отырысында қарайды. Сот отырысы өткізілетін уақыт пен орын туралы хабарланған іске қатысушы адамдардың келмей қалуы арыздың қаралуына кедергі болмайды. Сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарау жөнінде соттың өкілеттігі ҚР АІЖК-нің 268-бабында көзделген.
Сот сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қарап болған соң келесі ұйғарымдардың біреуін қабылдайды:
1) сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы;
2) сырттай шешімнің күшін жою және істі мәні бойынша соттың сол құрамында немесе өзге құрамында қайта қарау туралы.
Соттың сырттай шешімнің күшін жою туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым (наразылық) жалпы тәртіп бойынша берілуі мүмкін [3.101 б.].
Сырттай шешімнің күшін жоюдың негіздемелерінің толық тізімі ҚР АІЖК-нің 269-бабында көзделген. Осылай сырттай шешімнің күші жойылуға тиіс:
oo егер жауапкердің сот отырысына келмей қалуына дәлелді себептер болса;
oo егер жауапкер дәлелді себептер туралы сотқа мезгілінде хабарлауға оның мүмкіндігі болмағанын сот анықтаса;
oo егер жауапкер шешімнің мазмұнына ықпал етуі мүмкін дәлелдемелерді табыс етсе.
Сырттай шешімнің күші жойылған жағдайда сот істі мәні бойынша қайта қарайды.
Сот отырысының өткізілетін уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер келмей қалған жағдайда, істі жаңадан қараған кезде сот шығарған шешім сырттай шешім деп танылмайды. Жауапкердің бұл шешімді сырттай іс жүргізу тәртібімен қайта қарау туралы қайталап арыз беруге құқығы жоқ.

сурет 1

жауапкер істің қаралу орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілсе;
жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себептермен келмей қалса немесе келмей қалуының дәлелді себептері туралы хабарламаса;
жауапкердің істі өзі жоқта қарау туралы өтініші болмаса;
Сырттай іс жүргізу негіздемелері (ҚР АІЖК 260-бабы):
талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісімі болса;

талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісіміне қарамастан, жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себепсіз екінші рет келмей қалса.

жауапкер істің қаралу орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабардар етілсе;
жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себептермен келмей қалса немесе келмей қалуының дәлелді себептері туралы хабарламаса;
жауапкердің істі өзі жоқта қарау туралы өтініші болмаса;
Сырттай іс жүргізу негіздемелері (ҚР АІЖК 260-бабы):
талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісімі болса;

талап қоюшының істі жауапкер жоқта қарауға келісіміне қарамастан, жауапкер сот мәжілісіне дәлелді себепсіз екінші рет келмей қалса.

2 ҚАДАҒАЛАУ ТӘРТІБІНДЕ СОТ АКТІЛЕРІНІҢ КҮШІН ЖОЮҒА НЕГІЗДЕР

2.1 Бірінші сатыдағы сот актілері түсінігі

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің 21-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық істер бойынша сот шешім, қаулы, ұйғарым және бұйрық ретінде сот актілерін шығарады [3.8 б.].
Бірінші сатыдағы сот актідері - жазба нысанында жасалынып, сот билігін жүзеге асыратын актілер1.
Сот актісі - бұл құқықтық қолдану актісі. Мұнда құқық туралы дау немесе өзге дауды мәселені шешу үшін іс жүргізуде сотпен материалдық және процессуалдық құқық нормаларын қолданғанның аяқталғаны және қорытындысы көрінеді.
Сот актілеріне тән белгілер:
-қүқық нормалары негізінде және оларға сәйкес қолданумен жасалады;
-нақты бір жағдайда қолданылады;
-ресми акт болып танылатын - құжат.
Сот актілердің басқа құқықтық қолдану актілерінен ерекшедігі сот қызметімен, сот төрелігін жүзеге асырумен сипатталады. Яғни сот актісі:
-сот органның ерікті (жігерлі) актісі;
-тараптардың және үшінші тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауға бағытталған;
-істі дұрыс шешуді және оны шығару талаптарын сақталуын кепілдік ететін белгіленген процессуалдық тәртіпте шығарылады;
-белгіленген дәйектілікте қабылданады (өз қүрылымы бар);
-ҚР-сы аумағында тұратын немесе орналасқан барлық жеке және занды тұлғалар үшін міндетті болады.
ҚР АІЖК бойынша іс жүргізу құжаттары ретінде бірінші сатыдағы сот қабылдайтын актілердің төрт түрі бар:
1) сот қаулысы;
2) сот шешімі;
3) сот ұйғарымы;
4) сот бұйрығы.
1.Сот қаулысы - бұл іс жүргізу кезінде азаматтық істі қарап және шешкен соң сот шығаратын акт. Азаматтық процесте бірінші сатыдағы сот қаулысы сотпен (жеке-дара, алқа құрамда) жасалатын іс жүргізу әрекеттерін ресімдейтін және тікелей заң зардаптарын туғызатын сот актісі. Бірінші сатыдағы соттың барлық іс жүргізу қызметінің нысаны бойынша ҚР АІЖК кейбір нормаларында "қаулы" ұғымы қолданады. Мысалы, Г.В. Воронков "азаматтық процесте сот актілері" ұғымын қолдануды ұсынады. ҚР АІЖК
2.Сот шешімі - істі мәні бойынша шешетін бірінші сатыдағы сот қаулысы (ҚР АІЖК 217-6.1-6.). Соттар қайсыбіреулердің еркіне қарамастан тек Конституция мен Республика заңдарына сәйкес, өздеріне Республика атынан берілген билікті жүзеге асырады, іс жүргізу нысанында заңмен белгіленген сот ісін қарауға процесс мүшелерінің барлығының да белсенді түрде қатысу мүмкіндігі қамтамасыз етеді, істің ақиқатын ашады және ол бойынша заңды және негізделген шешім шығарады. Әр азаматтық істі мәні бойынша қарағаннан кейін сот шешім шығарумен аяқтайды. Сонымен сот жарыссөздерінен кейін немесе прокурор іс бойынша қорытынды бергеннен кейін сот шеғым шығарады. Шешім шығарған кезде сот дәлелдемелерге баға береді, іс үшін маңызы бар қандай мән-жайлардың анықтадғанын және қандай мән-жайлардың анықталмағанын, тараптардың құқықтық қатынастарының қандай екенін, осы іс бойынша қандай заң қолданылуға тиісті екенін және қойылған талаптың қанағаттандырылуға жататынын-жатпайтынын айқындайды [3.60 б.].
Әрбір сот шешімі Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Сот шешімі мынандай 4 (төрт) бөліктерден тұрады:
1- кіріспе бөлігі;
2- сипаттау бөлігі;
3- дәделдеу бөлігі;.,
4- қарар бөлігі.
Кіріспе бөлігінде шешім шығарылатын уақыт пен орын; шешім шығарған соттың атауы; соттың құрамы; сот отырысының хатшысы; сот приставы; тараптар; іске қатысушы басқа адамдар және өкілдер; даудың нысанасы немесе мәлімделген талап көрсетіледі.
Сипаттау бөлігі талап қоюшының талаптарын, жауапкердің қарсылығын және іске қатысушы басқа адамдардың түсініктемелерін қамтуға тиіс.
Дәлелдеу бөлігінде істін сот анықтаған мән-жайлары, құқықтар мен міндеттер туралы соттың қорытындылары негізделген дәлелдемелері; сот қабылдамай тастаған белгілі бір дәлелдемедердің негіздері, және сот басшылыққа алған заңдар көрсетіледі. Жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда дәлелдеу бөлігінде тадап қоюдың танылғаны және оны соттың қабылдағаны ғана көрсетілуі мумкін.
Қарар бөлігі талап қоюды қанағаттандыру туралы немесе талап қоюдан толық немесе оның бір бөдігінен бас тарту туралы сот қорытындысын, сот шығындарының бөлінуін, шешімге шағым беру мерзімдері мен тәртібін көрсетуді, сондай-ақ өзге де қорытындыдарды қамтуға тиіс. Сот шешімінің қарар бөлігінде сот шешімді орындаудың белгілі бір тәртібі мен мерзімін белгілеген немесе шешімді дереу орындауға жіберген немесе оның орындалуын қамтамасыз етуге шаралар қолданғаны туралы көрсетіледі.
Судья заң талаптарын сақтай отырып шешімді жазбаша түрде толтырады. Одан кейін сот шешімді жариялайды. Жарияланған шешімге судья қол қойып, ол іске қоса тіркелуге тиіс. Іс жөнінде шешім жарияланғаннан кейін шешім шығарған соттың оны жоюға немесе өзгертуге құқығы жоқ. Шешімге түзету судьяның қол қоюының алдында айтылуға тиіс.
Сот істі мәні бойынша шешкен кезде:
:: қысқаша (қысқартылған) шешім;
:: дәлелді шешім шығарады.
Олардың бір-бірінен айырмашылығы:
-қысқаша (қысқартылған) шешімнің сипаттама бөлігі жоқ (ҚР АІЖК 220-6.1-6.);
-айрықша күрделі істер бойынша дәлелді шешім жасау 5 (бес) күннен аспайтын мерзімге дейін қалдырылуы мүмкін, ал қысқаша (қысқартылған) шешімді сот істі қарау аяқталған отырыстың өзінде жариялауға тиіс (ҚР АІЖК 229-6.).
Сот өз бастамашылығымен немесе іске қатысушы адамдардың өтініші (арызы) бойынша:
● шешімде жіберілген қате жазулар мен айқын арифметикалық қателерді түзете алады. Түзетулер енгізу туралы мәселе сот отырысында шешіледі. Ол жөнінде іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі түзетулер енгізу туралы мәселені қарауға кедергі болмайды. Сот шешіміне түзетулер енгізу турады сот ұйғарым шығарады (ҚР АІЖК 230-6.).
● қосымша шешім шығара алады:
- егер іске қатысушы адамдар дәлелдемелер ұсынған және түсініктемелер берген қандай да бір талап бойынша шешім шығарылмаса;
- егер сот құқық туралы мәселені шеше отырып, алып берілген соманың, берілуге тиісті мүліктің мөлшерін немесе жауапкер жасауға тиісті әрекеттерді көрсетпесе;
- егер сот шығындары туралы мәселені сот шешпесе;
- егер сот шешімінің орындалуын қайта бұрып атқару туралы мәселені сот шешпесе.
Қосымша шешім шығару туралы мәселе шешім орындалатын (жалпы тәртіп бойынша екі ай) мерзімнің шегінде қойылуы мүмкін. Іске қатысушы адамдарға сот отырысының уақыты және орны туралы хабарланады, алайда олардың келмеуі қосымша шешім шығару туралы мәселені қарауға кедергі болмайды. Қосымша шешімге шағым жасалуы немесе наразылық келтірілуі мүмкін. Судъя қосымша шешім шығарудан бас тартқан жағдайда, ол туралы ұйғарым шығарады. Бұл соттың ұйғарымына жеке шағым берілуі немесе жеке наразылық келтірілуі мүмкін. Сот шешімі:
:: заңды болуға тиіс, яғни іс бойынша қолдануға жататын материалдық құқық нормаларына сәйкес және іс жүргізу құқығының нормаларын сақтай отырып шығарулуы қажет (ҚР АІЖК 6, 218-баптары);
:: негізді болуға тиіс, яғни сот отырысында жан-жақты және толык зерттелген дәлелдемелерге, істі мәні бойынша шешу үшін барлық мән-жайларға негізделген шешім.
Сот шешімінің заңды күшіне енуі.
Сот шешімі күшіне енгенге дейін ешкім де істі соттан сұрап ала алмайды. Шешім заңды күшіне енгеннен кейіністі заңмен қарсылық білдіруге уәкідетті адам ғана қадағалау төртібімен сұратып ада алады. Сот түпкілікті түрде шешім шығарған кезден бастап 15 (он бес) күн өткеннен кейін заңды күшіне енеді, егер оған апелдяциялық тәртіпте шағым немесе наразылық берілмесе (ҚР АІЖК 235-6.1-6., 334-6. 3-6.).
Апелляциялық тәртіппен шағым немесе наразылық берілген жағдайда, егер шешімніц күші жойылмаған болса, апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарған күні заңды күшіне енеді (ҚР АІЖК 235-6. З-б., 368-6.).
Сот қабылдаған шешім тек мемлекеттік өкімет органдары, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін ғана емес, соттың өзі үшін де міндетті түрде орындалуы тиіс. Сот шешіміыің тек оның тиісті сот сатыдарында заңмен шектелген қатаң тәртіпте кайта карау тәртібімен күші жойылуы және езгертілуі мүмкін.
Сот шешімін қасақана орындамағаны не оны орындауға кедергі келтіргені үшін жауаптылық көзделген.
Сот шешімі заңды күшіне енген соң, оған белгілі қасиеттер тән болады:
-ерекшелік, яғни сотқа қайта сол талап арызбен (арызбен) жүгіне алмауы;
-міндеттілігі, яғни барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, басқа да заңды тұлғалар, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін бірдеп міндетті (ҚР АІЖК 21-6.);
-преюдициалдық яғни соттың азаматтық іс бойынша заңды күшіне енген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді (ҚР АІЖК 71-6. 2-6.);
-атқарулық, яғни сот шешімі ҚР-ның бүкіл аумағында оны орындауға міндетті тұлға (борышкер) мүлтіксіз орындауға тиіс.
Сот шешімінін заңды күшінінің субъективті және объективті шектері болады (О.В. Арсентьев).
Субъективті шектеулер сот шешімінің күші іске катысушы адамдар санымен шектелуді түсіндіреді.
Объективті шектеулер іс қарауда сотпен анықталған деректерге және құқықтық қатынастарға сот шешімінің күші жүретінің түсіндіреді.
3. Сот ұйғарымы - істі мәні бойынша шешілмейтін бірінші сатыдағы сот актісі (ҚР АІЖК 251-6.1-6.).
Сот ұйғарымын мазмұны, субъектісі, нысаны, шығару тәртібі және шағымдану әдісі бойынша жіктеуге болады.
Мазмұны бойынша сот ұйғарымдары:
Әзірлеумен байланысты ұйғарым - бұл азаматтык істі қозғау туралы, ісін сотта қарауға әзірлеу туралы (сараптама тағайындау, мүдделі тұлғаларды іске қатыстыру және т.б. турады), істі сотта іс қарауға тағайындау ұйғарым.
Қорытынды ұйғарым - мүдделі тұлғалардың өз еркілері бойынша істі қысқарту жөнінде (талап қоюдан бас тарту және бітімгершілік келісімін жасау туралы) ұйғарым.
Сот шешімін жүзеге асыруы бойынша ұйғарым - бұл сот шешімінің қателіктерін түзетуге және оны жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ұйғарым.
Жеке ұйғарым - сот отырысында іс қарау кезінде ұйымдар, басқару қызметін атқаратын лауазымды немесе өзге де адамдар заңдылықты бұзған жағдайда сотпен қабылданатын ұйғарым. Бұндай ұйғарымда сотта іс қарау кезінде жасалган қателіктер және құқық бұзушылық анықтағаны, оларды жоюға шаралар қолданбағанда ұсыныстар көзделеді. Жеке ұйғарымның көшірмесін алған күннен бастап қабылдаған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде хабарлауға міндетті. Лауазымды түдға жеке ұйғарымды қараусыз қалдырғанда, көрсетілген заң бұзушылықтарды жоюға шаралар қолданбағанда, сондай-ақ кабылданған шаралар туралы заңда көзделген мерзімде хабарламау занға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
Мүдделеріне қатысы бар жеке ұйғарымға адамдар ҚР АІЖК 344-бабының 4-бөлігінде көзделген тәртіппен шағым бере алады [3.101 б.].
Субъектісі бойынша ұйғарымдар белгілі бір тұлғаға арналған, мысалы, заң бұзушылықты жою туралы, еріксіз келтіру туралы, айып салу және т.б.
Нысаны бойынша ұйғарымдар дербес іс жүргізу құжаты немесе сот отырысының хаттамасьша енгізілуі түрде шығарылады.
Шығару тэртібі бойынша ұйғарымдар судьямен жеке-дара немесе алқалы құрамда шығарылады, ол туралы сот отырысының хаттамасына белгілейді. Шағымдану әдісі бойынша:
-апелляциялық тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мумкін ұйғарымдар;
-қадағалау тәртібі бойынша шағым берілуі немесе наразылық келтірілуі мүмкін ұйғарымдар.
4.Сот бұйрығы дегеніміз- бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымайтып мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардьщ түсіндірмелерін тындау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болады (ҚР АІЖК 139-бабының 1 және 3-бөліктері; ҚР "Атқарушылық іс жүргізу" заңының 5-бабының 1-бөлігінің 1-1) тармақшасы). Біз бұл сот актісі түрін жеке және толығымен мазмұнын "Бұйрық арқылы іс жүргізу" тақырыбында көрсетілген.

2.2 Заңды күшіне енбеген сот актілеріне апелляциялық шағым беру және наразылық келтіру тәртібі мен мерзімі

Осы тарауда көзделген ережелерге сәйкес заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық тәртіппен шағым мен наразылық жасалуы мүмкін.
Апелляциялық сатыдағы сот (ағыл. court of appellate jurisdiction) - заңды күшіне енбеген, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының шешімдерінен басқа, бірінші сатыдағы сот шешімдеріне апелляциялық шағым мен наразылықты қарайтын екінші сатыдағы (жоғары тұрған) сот.
Апелляциялық сатыдағы сотта істер, бірінші сатыдағы сотта істерді қарау ережесі бойынша АІЖК-нің ерекшеліктерімен қаралады.
Апелляция - бір қатар мемлекеттерде (қылмыстық және азаматтық істер бойынша) сот қаулысына шағымданудың бір нысаны, тараптардың шағымдары бойынша және шағымда көзделген талап шегінде істі мәні бойынша қарайтын екінші сатыдағы сот.
Бұл ұғымның екі мағынасы бар: істі қараған төменгі сот қаулысын қайта қарату мақсатында жоғары тұрған (апелляциялық) сотқа жүгіну; жоғары тұрған сотқа шағым, онда қате немесе әділетсіз төменгі тұрған сот қаулысын өзгерту немесе күшін жою туралы дәлелді өтініш.
Сот шешіміне жазбаша нысанда апелляциялық шағым мен наразылық берілуі мүмкін.
Сот шешіміне апелляциялық шағым жасау құқығы іске қатысушы тараптар мен басқа да тұлғаларға тиесілі. Сот шешіміне апелляциялық наразылық келтіру құқығы істі қарауға қатысушы прокурорға тиесілі. Жалпы ереже бойынша Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өздерінің құзыреті шегінде істі қарауға қатысуына қарамастан сот шешіміне наразылық келтіруге құқылы.
ҚР АІЖК-нің 332-бап 4-бөлігіне сәйкес іске қатысуға тартылмаған, бірақ сот құқықтары мен міндеттері жөнінде шешім қабылдаған тұлғалар да (мысалы, үшінші тұлғалар) апелляциялық шағым беруге құқылы [3.98 б.].
Апелляциялық шағымдар, наразылықтар, шешім, қаулы шығарған сот арқылы іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса беріледі. Егер судья қажет етсе апелляциялық шағымды немесе наразылықты берген тұлғаны апелляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қадағалау сатысындағы соттың қылмыстық істі қарау тәртібі
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырудың себептері мен негіздері
Сот қадағалау тәртібімен іс жүргізудің мәні мен маңызы
Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді қозғаудың себептері мен негіздері ұғымы
Сотта мемлекет мүддесін білдіру― прокуратура қызметінің бағыты ретінде
Жаңадан ашылған мән жайларға байланысты іс бойынша іс жүргізуді қайта бастау
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Қазақстан Республикасы прокуратурасының Конституциялық – құқықтық мәртебесі
Прокурордың қадағалау сот сатысына қатысуы
Прокуратураның қызметі. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың орны
Пәндер