Сот бұйрығын шығару


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

К і р і с п е

1 ҚАДАҒАЛАУ САТЫЛЫ СОТЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Бұйрық арқылы іс жүргізу түсінігі

1. 2 Ерекше талап қоюмен іс жургізу - азаматтық істі сотта жүргізу түрі

2 ҚАДАҒАЛАУ САТЫЛЫ СОТЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ

2. 1 Сот актілерін қайта қараудың тәртібі мен негіздері

2. 2 Істерді талап ету және сотқа жүгіну мерзімдері

2. 3 Қадағалау тәртібімен іс жүргізуде соттың өкілеттігі

Қ о р ы т ы н д ы

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3

5

5

9

19

19

21

27

32

34

К і р і с п е

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бап 2-тармағына сәйкес, әркім өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқылы [1. 7 б. ] .

Сот азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайтын, ол бұзылған жағдайда оны қалпына келтіретін ықпалды орган болып табылады.

Соттарға мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану құқығы берілген. Сот азаматтық және шаруашылық істер жөніндегі шешімдермен кінәлі тарапты (талап қоюшыны немесе жауапкерді) тиісті тәртіпке шақырады, оларды міндеттері мен жауапкершілігін орындауға, оның ішінде жауапкердің есеп шотынан талап қоюшының пайдасына ақшалай қаражат өндіртуге не мүліктерін өндіруге мәжбүрлейді.

Қадағалау тәртібімен өндіріс жүргізу жөнінде іс жүргізу заңымен ерекше ережелер белгіленген болып, бұл іс жүргізу түрінің басты ерекшелігі - қадағалау тәртібімен заңды күшіне енген сот актілері қайта қаралады. Азаматтық іс жүргізудің бұл кезеңі процедураларының күрделілігі мен көпсатылығы дәл осы мән-жаймен түсіндіріледі.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2010 жыл тамыз айының 17-ші жұлдызында шығарылған жарлығы бойынша ҚР құқық қорғау органдарын жетілдіру қажеттігі айтылып, соның ішінде сот органдарының алатын орны ерекшелігіне аса көңіл бөлінген.

ҚР сот органдары азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғайтын мемлекеттік орган болып табылады, азаматтық істер бойынша да шешім шығарып, әділдікке апаратын ең басты органның бірі. Қылмыстық іс бойынша шығарылатын үкімдер де, азаматтық іс бойынша шешімдер де заң негізінде барлық талаптарды қамтамасыз етіп, әділ төрелігін жүргізеді.

Азаматтық іс жүргізу құқығы өзге құқық салаларының арасында маңызды орынды иелейді. Сондықтан да заң факультетінің түлектерінің болашақта судья, прокурор, адвокат және басқа да құқық қолданылатын қызметтерде жоғары нәтижелерге жету шарттарының бірі болып, азаматтық іс жүргізу құқығын терең зерттеу болып табылады.

Қазақстан Республикасында сот ісін жүргізу регламентациясы, салыстырмалы жақында ғана қабылданған АІЖК бойынша жүргізілуіне байланысты, зерттелетін мәселе әлі толық қаралған емес. Сот және құқық қорғау жүйесінің принциптері, АІЖК-нің құқықтық негізі Конституцияда белгіленеді.

ҚР қабылдаған АІЖК-нің позитивтік жақтарын алсақ, онда азаматтық соттардың юрисдикцияларының кең болуы, айтысу регламентациясы талаптарының сапалы белгіленуі.

Құқықтық жүйе құрылымының принциптері ретінде, демократияны және заңнаманы либералдау жолын таңдау, ҚР азаматтық іс жүргізу құқығына да үлкен әсерін тигізеді. Конституциялық принциптерді өмірде іске асыру үшін әрбір заңнамалық адымды толық, теориялық зерттелген идяларды қолдана отырып, жасау қажет. Ол үшін мемлекетімізге жоғары сапалы заңгерлер, заң жағынан білікті мемлекеттік қызметкерлер қажет. Бұл кәсіп, әсіресе, қоғамның әлеуметтік құрылуы, жаңа экономикалық және саяси бағдар таңдауы кезінде жоғары бағаланады.

Сонымен, азаматтық іс жүргізудің мәні болып, оларда құқықтың және оның ең маңызды институттарының демократиялық белгілері мен жалпы бағытының айнасы көрінетіндігі, осыған байланысты олар осы құқық саласының түбірін, жалпы түрде оның және дербес институттарының қоғамдық сипатын түсінуге мүмкіндік беретіндігінде.

Сот актісінің заңды күшіне енгендігі, бұл фактінің орын алуымен шешімге әрі қарай шағымданудың жалпы қол жетерлік тәсілдері аяқталды деп саналады. Шешімнің занды күшіне енгендігі туралы құжаттық растау алған соң өндіріп алушы (сотта талапкер болған тұлға) оның орындалуынан үміттенуге құқылы, себебі сотқа талап арыз берудегі бастапқы мақсаты және өзге де іс жүргізу әрекеттерінің соңғы нәтижесі ретінде ол сот актісінің орындалуын көздеген болатын.

Осылайша, сот актілерін қадағалау тәртібімен қайта қарауды азаматтық процестің айрықша кезеңі деп атайды, себебі:

  • бұл өндірісте орындалатын процедуралар мен шарттардың күрделілігімен сипатталады;
  • сот актілерін кайта қараудың бұл кезеңінде (стадиясында) арнайы мерзімдер сақталуы керек;
  • заңды күшіне енген сот шешімі орындалу белгісінен (қасиетінен) айырлады (іс жүргізу заңында атап айтылған жағдайларда) ;
  • шешімді қайта қарау туралы өтінімнің берілгендігі сот талқылауының өткізілетініне кепілдік бермейді;
  • сот актілерін қайта қарау өкілеттігіне тек жоғарғы соттық орган ие.

Курстық жұмыстың объектісі - қадағалау сатылы сотының өкілеттіктері.

Курстық жұмыс тақырыбының пәні - азаматтық іс жүргізудің заңи нормалары, ҚР-ның Конституциясы.

Курстық жұмыстың мақсаты - қадағалау сатылы сотының өкілеттіктерінің мазмұнын ашу.

Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспе, үш негізгі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрып, жалпы көлемі 68 бетті құрайды.

1 ҚАДАҒАЛАУ САТЫЛЫ СОТЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ТҮРЛЕРІ

1. 1 Бұйрық арқылы іс жүргізу түсінігі

Біздің азаматтық сот ісін жүргізу процесін реттейтін 1999 жылы жаңадан қабылданған АІЖК-сі азаматтық іс жүргізуде жаңа бұйрық арқылы іс жургізу институтының құқықтық мәртебесін қалыптастырды және анықтады. Сонымен жалпы іс қарау процедураның проблемасын шешті және кейбір категория істер үшін оларды оңайлатылған нысанда қарап сот бұйрығын шығару арқылы белгілеген.

Бұйрық арқылы іс жүргізу - бұл бірінші сатыдағы сотта іс жүргізудің бір түрі [37. 139 б. ] .

Бұйрық арқылы іс жүргізу өндіріп алушының арызы бойынша қозғалады.

ҚР АІЖК-нің 21-бап 1-тармағына сәйкес сот азаматтық істер жөніндегі сот актілерін шешім, ұйғарым, қаулы және бұйрық нысанында қабылдайды.

Сот бұйрығы азаматтық іс бойынша шығарылатын болғандықтан оны шығарардан бұрын судьяның ұйғарымымен іс қозғалады. Бұл ұйғарым шағымдануға жатпайды.

Сот бұйрығы - бұл өндіріп алушының ақшалай сомаларды өндіріп алу немесе жылжымалы мүлікті борышкерді немесе өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тындау үшін шақырмай-ақ және сотта іс қарамай-ақ, даусыз талаптар бойынша борышкерден талап ету туралы арызы бойынша шығарылған судьяның актісі. Сот бұйрығы- атқарушылық құжат күші бар сот актісі, яғни мәні және күші бойынша сот шешіміне теңестірілген.

Сот бұйрығы (сот қаулысына қарағанда) азаматтық іс жүргізу барысында беріледі, бірақ оңайлатылған нысанда, бұнда тараптар ретінде талап қою бойынша іс жүргізуде сияқты талап қоюшы мен жауапкер қатыспайды, ал сотқа жүгінген өндіріп алушы және борышкер - өндіріп адушының талабы бойынша жауап беретін тұлға қатысады. Сот бұйрығы заңмен белгіленген мүліктік сипаттағы ақшалай сомаларды немесе жылжымалы мүлікті талаптар бойынша беріледі. Қалған барлығы - мүліктік емес сипаттағы және жылжымайтын мулікті өндіріп алу - бұл ережелерге сәйкес келмейді. Сот бұйрығы АІЖК-ніц 140-бабында аталған талаптары бойынша берілуі мүмкін:

1. Егер өндіріп алушы сот бұйрығын беру туралы арызбен қоса борышкердін міндеттемелігін растайтын құжаттарды олардың сәйкесті көшірмелерімен ұсынса. Ал табыс етілмесе судья арыз қабылдаудан бас тартады.

2. Жоғарыда аталған талаптар бойынша сот бұйрығы беріледі, егер ұсынылған құжаттар борышкердің міндеттемелігін нақты және айқын растайтын болса (мысалы, ұсынылған жазбаша келісім-шарттың шарттары түсінікті, дау болу мүмкіндігін жоққа шығаратын болса) . Егер ұсынылған құжаттар негізінде шешуге жатпайтын құқық туралы дау көрініп тұрса, судья сот бұйрығын беруден бас тартады.

3. Сот бұйрығы берілуі мүмкін, егер борышкерден белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түспесе. Егер борышкер қарсылығын білдірсе, судья сот бұйрығының күшін жойып, сот бұйрығын беруден бас тартады.

Егер сот бұйрығын беру туралы арыз заң талаптарын сақтап берілсе және мемлекеттік баж төленсе, судья оны қабылдайды, оның кешірмесін дереу борышкерге жібереді және борышкерге сот бұйрышның көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзім ішінде мәлімделген талапқа келіспеген қарсылыгын беруге мүмкіндік береді. Сондықтан өндіріп алушының арызы және оған қоса мәліметілген талапты растайтын құжаттар көшірмелері борышкер саны бойынша берілсе, олар борышкерге (борышкерлерге) сот хабарлаулары немесе хатымен жіберіледі.

Егер борышкер белгіленген 10 (он) күн мерзімде сотқа жауап бермесе немесе мәлім етілген талаппен келіскені туралы жауап бермесе, судья сот бұйрығын береді [2. 44 б. ] .

Сот бұйрығы азаматтық іс жүргізу заңымен белгіленген нақты нысан бойынша шығарылады және оның мазмұнында:

1) жүргізілетін істің нөмірі және бұйрықтың шығарылған күні;

2) соттың атауы, бұйрық тығарған судьяның тегі және аты-жөні;

3) өндіріп алушының атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері;

4) борышкердің атауы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері;

5) талапты қанағаттандыруға негіз болған заң;

6) өндіріп алынуға жататын ақша сомаларының мөлшері немесе оның құны көрсетіле отырып, талап етілуге жататын жылжымалы мүліктің белгіленуі;

7) егер оны өндіріп алу заңмен немесе шартпен көзделсе, тұрақсыздық айыбынын мөлшері;

8) борышкерден өндіріп алушының пайдасына немесе жергілікті бюджетке өндіріп алынуға жататын мемдекеттік баждың сомасы;

9) сот бұйрығына шағым берудің мерзімі мен тәртібі көрсетіледі. Кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіріп алу туралы сот бұйрығында жоғарыда аталған 1) -5), 8) тармақшаларында көзделген мәліметтерден басқа, борышкердін туған күні мен туған жері, оның жұмыс орны, оларды күтіп -бағуға алимент алып берілетін әрбір баланың аты мен туған күні, борышкерден ай сайын өндіріп алынатын төлемдердің мөлшері және оны өндіріп алудың мерзімі көрсетіледі (ҚР АІЖК 146-6. ) .

Судья қол қойған сот бұйрығы екі данада жасалады, оның біреу сот жүргізетін істе қалады, екіншісі соттың мөрімен куәландырылады және өндіріп алушыға береді. Бұл сот ісін жүргізудің оңайлатылған ерекшелігі, сол сот бұйрығы:

• сотта істі қараусыз;

• өндіріп алушыны және борышкерді шақырмай-ақ;

• және олардың түсіндірмелерін тыңдамай-ақ беріледі.

Оған қоса процессуалдық әрекеттер жасалғаны туралы хаттама жүргізілмейді. Сот бұйрығы мазмұны бойынша сот шешіміне қарағанда айтарлықтай қысқа, оның сипттау және дәлелдеу бөліктері жоқ, тек атқарү парақтарында көрсетілетін мәліметтер бар.

Даусыз талаптардың түпкілікті тізімі ҚР АІЖК-нің 140-бабында керсетілген.

Сот бұйрығы судьямеи жеке-дара шығарылады:

1) егер талап нотариатта куәландырылған мәмілеге негізделсе;

2) егер талап жазбаша мәмілеге негізделсе және оны жауапке таныса;

3) егер талап төленбеген вексельге, акцептің болмауына жын нотариус жасаған акцептің күпі белгіленбеуіне білдірілген наразылыққа негізделсе;

4) егер әкеліктің белгіленуіне немесе үшінші тұлғаларды тар қажеттігіне қатысы жоқ, кәмелетке толмаған балалар үшіп алименттерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

5) егер азаматтардан және заңды тұлғалардан салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша бересіні өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

6) егер қызметкерге аударылған, бірақ төленбеген жалақы мен өзге де төлемдерді өндіріп алу туралы талап мәлімделген болса;

7) егер жауапкерді немесе борышкерді іздестіру жөнілдегі шығындарды өндіріп алу туралы талаптарды ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы мәлімдеген болса.

Егер талап "Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы" Заңынын 20-бабының ережелеріңе негізделген болса және борышкер оны мойындаса, сомасы 50 (елу) айлық орта көрсеткішке дейінгі мөлшердегі тұтынушылар құқықтарын корғау туралы талап, сот бұйрыгын шығару тәртібімен қаралуға жатады. Тауардың (жұмыстардың, қызметтердін) тиісті емес сапасымен келтірілген шығындарды өтеу туралы талаптар ғана емес, өзге де өтеу туралы талаптар мәлімделген кезде (моральдық зиянның орнын ақшалай толтыру, айыппұл, іс жүргізу жөніндегі шығындарды өтеу және т. б. ), өтініш талап қою бойынша өндірісінің тәртібімен қаралуға жатады.

Сот бұйрығының күшін жою туралы арызын бере алатын борышкер заңмен белгіленген мерзіммен шектелген. Борышкер сот бұйрғының көшірмесін алған күннен бастап 10 (он) күн мерзімде байланыстың кез келген құралдарын пайдалана отырып, мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын бұйрық шығарған сотқа жіберуге құқылы (ҚР АІЖК 147-бап 2-бөлігі) .

Бірақ бұндай арызды белгіленген мерзімде беру сот бұйрығының күшін жою үшін әлі жеткілікті емес. Бұны жасауы мүмкін, егер борышкер дәлелді себептер бойынша сот бұйрығының күшін жою туралы арызды уақытылы ұсынуға мүмкіндігі болмағанын дәлелдесе.

Егер ондай мән-жайлар болмаса, судья сот бұйрығының күшін жоюдан бас тартады. Бұл жағдайда борышкер сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарымына апелляциялық тәртіпте шағымдануға құқылы. Сонымен қатар ол қадағалау тәртібі бойынша сот бұйрығының өзіне шағым беруге құқылы.

Егер борышкерден-белгіленген мерзімде мәлім етілген талапқа келіспеген қарсылық түссе, судья сот бұйрығының күшін жойып, ол туралы ұйғарым шығарады. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымда судья өндіріп алушы мәлім еткен талаптың талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен қойылуы мүмкін екенін түсіндіреді. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымының көшірмесі оны шығарғаннан кейін 3 (үш) күннен кешіктірілмей тараптарға жіберіледі. Сот бұйрығының күшін жою туралы ұйғарымы шағымдануға немесе наразылық келтіруге жатпайды (ҚР АІЖК 148-6) .

Сот бұйрығын шығару

Сот бұйрығын шығару туралы арыз ҚР АІЖК-тің 3-тарауында белгіленген соттылықтың жалпы ережелері бойынша сотқа беріледі, ал оған қоса тіркелетін құжаттар көшірмелерімен борышкерлер саны бойынша ұсынылады.

Арыз жазбаша нысанда беріледі. Арызда:

1) арыз берілетін соттың атауы;

2) өндіріп алушы жеке тұлға болса оның аты, тұрғыдықты жері немесе тұрған жері, заңды тұлға болса - реквизиттері;

3) борышкер жеке тұлға болса оның аты, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, заңды тұдға болса - реквизиттері;

4) өндіріп алушының (жеке немесе заңды тұлғаның) талаптары және ол негізделген мән-жайлар;

5) мәлім етілген талаптарды растайтын қоса тіркелетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.

Жылжымалы мүлік талап етілген жағдайда арызда осы мүліктің құны көрсетілуге тиіс.

Арызға өндіріп алушы немесе өкілі қол қояды. Өкіл беретін арызда оның өкілеттігін куәландыратын құжат қоса тіркелуге тиісі (ҚР АІЖК 61-бап, 141-бап 4-бөлігі) .

Сот бұйрығын шығару туралы арызға талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен сотқа талан қою арқылы жүгінген жагдайда дауға салынатын сомадан аударымдарды негізге ала отырып, 501 (еду) пайыз ставка мөлшерінде мемлекеттік баж төленеді. Арызды қабылдаудан бас тартылған немесе сот бұйрығының күшіні жойған жағдайда өндіріп алушы енгізген мемлекеттік баж өндіріп алушы борышкерге талап қою бойынша іс жүргізуі тәртібімен талап қойғап жағдайда ол баждың төленуге тиісті шотына есептеледі.

Арызды қабылдаудан бас тарту туралы судья ұйғарым шығарады, ал оған өндіріп алушымен жеке шағым берілуі мүмкін.

Арызды қабылдаудан бас тарту өндіріп алушы мен сол талап бойынша талап қою бойынша іс жүргізу тәртібімен талап қою мүмкіндігіне жол беріледі.

Борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап күн мерзімде оның күш жою туралы арызды сол сотқа беруге құқылы, егер ол дәлелді себептер бойынша мәлімделген талапқа келіспеген қарсылығын уақытылы білдіруге мүмкіндігі болмаса. Бұл жағдайда судья сот бұйрығынын күшін жояды, одан кейіп өндіріп алушының мәлім еткен талабы талап қою бойыиша іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін.

Сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарымына жеке шағым берілуі мүмкін.

Егер белгіленген он күн мерзімде борышкерден сотқа қарсылық келіп түспесе, судья өндіріп алушыға оны орындауға көрсету үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығын береді.

Өндіріп алушының өтінуі бойынша сот бұйрығы және жергілікті бюджеттің кірісінде борышкерден мемлекеттік бажды өндіріп алу үшін соттың мөрімен куәландырылған сот бұйрығының жеке данасы тікелей соттың орындауы үшін жіберіледі.

Өндіріп алушыға берілген сот бұйрығының көшірмесі сот жүргізетін істе қалады (ҚР АІЖК 149-бабы) .

1. 2 Ерекше талап қоюмен іс жургізу - азаматтық істі сотта жүргізу түрі

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер - азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың, лауазымды және мемлекеттік қызметкерлердің, олардың ішінде сот орындаушылардың, шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) даулар айту туралы істер [37. 236 б. ] .

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер бойынша сот азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер, ұйымдар, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметкерлерді» екінші жағынан араларындағы туындаған құқық туралы дауды қарап, шешеді.

Билік өкілеттігі бар органдармен не тұлғамен шығарылған құқықтық актіні сотта шағымданған азамат мемлекеттік органның (лауазымды адамның) іс-әрекеттерімен (әрекетсіздіктермен) келіспейтіні туралы мәлімдейді және оларды заңсыз деп тануды талап етеді. Ал лауазымды адам (мемлекеттік немесе өзге де орган) сотта өз іс-әрекеттсрін (әрекетсіздіктерін) заңды екенін және азаматтың талабы орынсыз екенін дәлелдеу тиіс.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істердің талап қою бойынша іс жүргізу істерімен жалпы ұқсастығы және бір-бірінен айырмашылығы бар.

Жалпы ұқсастығы:

-құқық туралы дау.

-АІЖК-де белгіленген талап арызды (арызды) қабылдаудан бас тарту туралы, талап арызды (арызды) қараусыз қайтару туралы немесе оны қозғаусыз калдыру туралы ережелер (ҚР АІЖК-нің 154, 155-баптары) .

Жалпы бір-бірінеи айырмашылығы:

-талап қою істер бойынша дау "азаматтық, отбасылық еңбек құқықтық қатынастарынан туындайды, субъектілер өз ара тен құқылы, ал мемлекеттік, әкімшілік және қаржы құқықтық қатынастарының қатысушылары (бір жағынан азамат пен заңды тұлға, ал екінші жағынан - мемлекеттік қызметкер) үшін билік және бағыну қатынастары тән. Бірақ бұл теңсіздік тек материалдық-құқықтық қатынастарында орын алады. Егер құқық туралы дау туындаса азамат пен заңды тұлға бір жағынан және мемлекеттік орган (лауазымды адам) екінші жағынан сот алдында тең қүқылы.

-Талап қою бойынша іс жүргізу талап арызбен, ал ерекше талап қою бойынша іс жүргізу шағым немесе арызбен қозғалады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастарынан туындайтын істер қараудың процессуалдық тәртіп негізін азаматтық сот ісін жүргізудің жалпы ережелерін құрайды, яғни азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудың жалпы тәртібін.

Ерекше талап қоюмен іс жүргізу істер ҚР АІЖК-нің 3-бөлімшесінде көрсетілген.

Олардың қатарына келесі істер жатқызылады:

1. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК 25-тарау) .

2. Әкімшілік құқық бүзушылық туралы істер қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) қаулыларына дау айту туралы істер бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК 26-тарау) .

3. Мемлекеттік өкімет, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктердің ұйымдардың, лауазымды адамдар мен мемлекеттік қызметшілердің шешімдері мен әрекеттеріне (немесе әрекетсіздігіне) дау айту туралы іс бойынша іс жүргізу (ҚР АГЖК 27-тарау) .

4. Нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына орай даулар туралы іс бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК 28-тарау) .

5. Прокурордың органдар мен лауазымды адамдардың актілері мен іс-әрекеттерін заңсыз деп тану туралы жүгінуі (ҚР АІЖК 29-тарау) .

Енді әрқайсысын жеке қарастырайық.

1. Сайлауға, референдумдарға қатысушы азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау туралы арыздар бойынша іс жүргізу (ҚР АІЖК 25-тарау) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұйрық арқылы іс жүргізу - азаматтық сот ісін жүргізу түрі
Бұйрық арқылы іс жүргізу: түсінігі, маңызы және негіздері
Бұйрық арқылы іс жүргізу
Азаматтық iс жүргiзудегi сот бұйрығы
Азаматтық сот өндірісінің пәні нақты азаматтық істер
Сот актілерінің түсінігі
Қазақ тiлiнде iс жүргiзiлгенде азаматтық iс жүргiзу құжаттарының толтырылуында және жүргiзiлуiнде сот бұйрығында қандай проблемалар бар екенiн зерттеу және қазақ тiлiнде бұл құжаттардың заң терминологиясы бойынша дұрыс аталуы және реттiк кезекпен дұрыс жүргiзiлуi
Сот актілерін орындау өндірісі
Мемлекеттік баж салығы
Отбасы мүшелері арасындағы алиментті құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz