Ақша массасының жылдамдығы
Жоспар:
Кіріспе
1. Ақша массасының түсінігі және мәні
1.1 Ақша массасы және оның жылдамдығы
1.2 Ақша массасының мультипликациясы және міндетті нормасы
2. Ақша агрегаттарының түсінігі және мәні
2.1 Ақша агрегаттарының құрылымы
3. Қазақстан Республикасындағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет
Кіріспе
Әр түрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.
К. Маркстің пікірінше, ақша қызметін алтын орындаған кезде айналысқа қажетті ақша мөлшері автоматты түрде стихиялы жолмен реттелген: егер ақша нақты қажетті деңгейінен асып кетсе, онда алтын айналыстан шығып асыл қазынаға (қор жинауға) , яғни жеке қазына жинауға кететін. Егер ақшаға деген қажеттілік артатын болса, онда алтын асыл қазынадан айналысқа қайтып оралатын. Осыған ұқсас ахуал алтынға еркін айырбасталатын банкнот айналысында да орын алды, яғни қағаз ақшалар ақша бірліктерінің ролін мүлтіксіз (мінсіз) орындады.
К. Маркстің айналыс заңына сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі керек.
Проблема ештеңемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін артығымен (шамадан тыс) көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырған жағдайда ғана пайда болады. Ақша айналысының негізгі принципі - айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты, ақша массасының және ақша айналымының теориялық мәселелері, олардың нарықтық қатынастар жағдайында қызмет етуінің заңдылықтары мен ағымы, сондай-ақ экономикалық нарықтық тұрғыдан түрлендірілуі, Қазақстандағы ақша массасы,Ұлттық банктің қызметі мен операцияларының жаңа жағдайда өзгеруі қарастырылған.
Ал курстық жұмыттың міндеті, ақша массасының және ақша айналымы теориясы. Курстық жұмыс негізінен үш тараудан және бірнеше тақырыпшалардан, әдебиеттер тізімдері мен қосымшалардан тұрады.
Бірінші, тарауда ақша массасының теоретикалық аспектілері туралы жазылған. Мұнда ақша массасының элементтері және типтері, ақша массасының құрлымы қарастырылады.
Екінші, тарауда Ақша массасының мультипликациясы және міндетті резервтер нормасы және Қазақстан Республикасындағы ақша массасы, оның түрлері зерттелген. Үшінші, тарауда Қазақстан Республикасындағы ақша массасын реттеудің ерекшеліктері жазылған.
1. Ақша массасы
Ақша массасы -- жеке тұлғаларға, кәсіпорындарға және мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.
Белгілі бір күндегі және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.
Өнеркәсібі жағынан дамыған елдердің қаржылық статистикасында ақша массасын анықтау барысында төмендегідей ақша агрегаттары қолданылады:
Ml агрегаты, яғни ол айналыстағы нақты ақшаларды (банкноттар мен монеталарды) және банктегі ағымдық шоттардағы қаражаттарды камтиды;
М2 агрегаты, ол Ml агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі мерзімді және жинақ салымдарынан (төрт жылға дейінгі) тұрады;
МЗ агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі жинақсалымдарын кұрайды;
M4 агрегаты, ол МЗ агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.
Қазақстанда ақша массасына Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі банкілердің баланстық шоттарын шоғырландыру негізіңде анықталады және оның құрамына айналыстағы қолма-қол ақша және резидент занды тұлғалар мен үй шаруашылығы (жеке тұлғалардың) депозиттері жатады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық Банктің 12.01.1995 жылы Директорлар кеңесінің № 2 хаттамасымен бекітілген Ақша массасын, ақша базасын анықтау әдісі және ішкі және сыртқы активтерді анықтау барысында баланстық шоттарды жіктеу туралы ережесіне сәйкес ақша базасы мен ақша массасы есептеледі.
Қандай да болмасын елдің ақша - несие саясатын сипаттайтын негізгі параметр болып ақша массасы саналады. Ақша массасын тауарлар мен көрсетілген қызметтерді төлеу үшін ақша қаражаттарының жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ақша массасы экономикалық өсуге, бағалардың динамикасына, жұмысбастылыққа, төлеу - есеп айырысу жүйесінің тоқтаусыз жұмыс істеуіне әсер етеді.
Ақша массасының компоненттерін анықтаудың әр түрлі концепциялары бар. Бірінші концепция бойынша ақша массасы айналыстағы қолма - қол ақша мен қолма - қол ақша айналысынан немесе қолма - қол емес ақшалардан тұрады. Төлем айналысындағы ақшалардан басқа әр түрлі бағалы қағаздар қолданылуы мүмкін - вексельдер, чектер депозиттік сертификаттар, тағы басқалары.
Екінші концепцияны қолдаушылар вексельдерді, чектерді және кей кезде басқа да бағалы қағаздарды қолма - қол емес ақша айналымына жатқызады.
Үшінші концепцияны қолдаушы экономистер қолма - қол ақшаның барлығына қарсы шығады да, ақша деп тек қолма - қол ақшаларды санайды.
Ақша массасының құрамы сол елдегі несие - ақша жүйесімен анықталады.
Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекттің өзіне тән ақша - несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ- та ақша массасын анықтау үшін - төрт, Швецария мен Германияда - үш, Ұлыбританияда- бес, Францияда - екі ақша агрегаттары қолданылады.
Қазақстан Республикасының ақша массасының құрлымына келесі ақша агрегаттары кіреді:
М0 - айналыстағы қолма- қол ақша;
М1 - өзіне М0 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есеп шоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының, чектік және аккредитивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалырдың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді;
М2 - өзіне М1 агрегатын, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың мерзімді салымдарын біріктіреді;
М3 - өзіне М2 агрегатын және мемлекіттік займ облигацияларын біріктіреді;
Ақша массасы бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
банкноталар мен монеталар эмиссиялау есебінен.
Орталық банктен коммерциялық банктердің несие алуымен;
мемлекеттк бюджеттің кемшілігін жабу үшін орталық банктің үкіметке несие беруімен
Орталық банктің асыл металлдарды, шетел валютасын және мемелекеттік бағалы қағаздарды сатып алуымен;
чек шығарумен немесе коммерциялық банктердің салым тарту негізінде заим беруімен (депозиттер негізінде несие ақшаларын шығару);
Ақша массасының көлемі және оның өсу темптері маңызды экономикалық айнымалыларға әсер ететіндіктен, ұлттық экономика дамуының негізгі мақсаттарына да әсер етуі мүмкін.
Ақша массасын өлшеудің екі түрі бар: трансакциондық және өтімділік бойынша өлшеу.
Ақша массасын трансакциондық өлшеу ақшаның айналым құралы ретіндегі функциясына негізделеді. Бұл ойды қолдаушылар ақшаның мәні тауарлармен қызметтерді төлеу үшін қолданылады деп санады. Олардың ойынша , айналыс құралы қызметін атқаратын ақшалар, яғни активтерді басқа активтерден ерекшелендіретін маңыздылығы осыда. Барлық активтер құнды сақтау қызметін атқарады, олардың ішіндегі кейбіреулері ғана айналыс құралы ретінде қолданылады.
Ақша массасын трансакцонды өлшеу айналыс құралдары қызметін атқаратын активтерді ғана есептеу керек. Мұндай активтерге көбінесе төлем құралы ретінде қолданылатын монеталар және қағаз ақшалар жатады. Сонымен қатар, оларға чектік депозиттерді ( ағымдағы шоттарды ) жатқызуға болады.
Өтімділік бойынша ақшаның массааын өлшеу ақшаның мәні оның өтімді актив болу қасиетімен байланыстырылады. Өтімділік сатушының берілген берілген тауарды кез келген уақытта аз шығындармен және жеңіл өткізуін білдіреді. Бұл ой бойынша ақшалар басқа активтерден сапа жағынан ешқандай айырмашылығы жоқ. Біз активтерді тек оның өтімділік дәрежесі бойынша ғана ажырата аламыз. Әрбір актив құнды сақтау қызметін атқарады, бірақ олардың өзгешелігі тек олардың өтімділігінде.
Ақшалар - ең өтімді активтер; ақшаның иесі тауарды немесе қызметті сатып алудың алдында оларды басқа еш нәрсеге айырбастамау керек. Ал, мысалға үйді алатын болсақ, оның өтімділігі өте төмен. Өтімділігі төмен тауарларды сату көп уақытты алады.
Тауарлы айналымды реттеу үшін қажетті ақшаның көлемін білу қажет. Ақша айналымының жылдамдығы әрбір ақша бірлігі бір жыл көлемінде кез келген келісім шарт жасау үшін жасаған айналыс санымен өлшенеді.Тауар бағасының қажетті сомасысын және ақшаның айналымын ескере отырып, айырбастың теңдігі алынған болатын. Оны Фишер теңдігі деп атайды, ол келесідей:
MV = PQ, немесе M = PQ V
Мұндағы:
M - ақша айналымына қажетті ақша массасы;
PQ - тауар бағасының сомасы;
V - ақша айналымының жылдамдығы;
Бұл теңдікті Фишер атымен байланыстырса да, ол бұдан ертерек те мәлім болған. К.Маркс өзінің Капиталының І томында бұл теңдікті былай көрсеткен болатын:
Ақша массасы = тауарлар сомасы ақша бірліктерінің айналым саны
Сондай - ақ К.Маркс қажетті ақша көлемін толығырақ сипаттады:
М = ( Ц*Т - Кц + П - Вп ) n
Мұндағы:
Ц*Т - тауар бағасының сомасы;
Кц - несиеге сатылған тауарлар сомасы;
П - ертерек сатылған тауарлар сомасы, бірақ олар бойынша төлемдер ағымдағы периодта жүзеге асады;
n - ақша бірлігінің айналым саны;
Коммерциялық банктердің несиелік ақшаларды шығару интенсивтілігі депозиттерді міндетті түрде резервтер көмегімен реттеп отырады, қаншалықты резервтеу нормасы жоғары болса, соншалықты банктер несиелеу үшін аз қаражатты пайдаланады. Осыған сәйкес депозиттер негізінде несиелік ақшаларды жасау интенсивтілігі артады және ол ақшаны мультипликациялау коэфицентімен анықталады. Яғни, ақша массасының көлемі Орталық банк жүргізетін ақша - несие саясатымен тығыз байланысты деп айтуға болады. Мұндағы ең басты мақсат ақша масссасының өсуін сақтау екенін көруге болады. Мақсатты белгілеуде Орталық Банк келесі көрсеткіштерді ескереді:
нақты бейнелеудегі ЖҰӨ -нің болжанатын өсімі;
жоспарлы кезеңдегі ақша айналысының есептелетін жылдамдығы;
жоспарланған кезеңдегі инфляцияның максималды рұқсат етілген деңгейі;
Ақша массасы өсуінің бақылау көрсеткіштері елдің экономикалық потенциалының болашақтағы ұлғаюын және оның пайдалану дәрежесін ескере отырып есептеледі. Бұл көрсеткіштің тәжірибе үшін де маңызы зор.
Ақша массасы көлемінің өзгеруіне айналыстағы ақша массасының өзгермелілігімен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етеді.
1.1 Ақша массасының жылдамдығы
Ақша массасының жылдамдығы - ақша қозғалысының интенсификациялы көрсеткіші. Яғни, Самуэльсонның ойы бойынша, ақша айналымының жылдамдығы табыс айналымының жылдамдығын көрсетеді″.
Ақша массасының айналым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға, экономиканың циклы мен өркендеуіне, сонымен бірге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелік операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы процент деңгейіне және тағы басқаларға байланысты өзгереді.
Ақша массасы айналымының баяулауы - ұлттық жиынтық өнімді орналастыру коэфицентінің төмен екендігінің көрсеткіші. Егер ақша айналысының жылдамдығы артса, онда жоғары конъюктураның барлығын және ақша қаражатын жұмсаудың шапшаңдығын көрсетеді. Ақша айнаысының жылдамдығы айналыстығы ақша санына кері пропорционалды әсер етеді, яғни ақша санына кері пропорционалды әсер етеді. Ендеше қосымша ақша эмиссиясының қажеттілігі азаяды деп санауға болады.
Ақша массасы айналысының баяулауы шаруашылық субъектілерінің ақша қорын жинауға ұмтылысын және ақша массасының құрылымында банктердегі ұзақ мерзімді салымдардың ұлғаюын көрсетеді.
Айта кететін нәрсе - ақша айналысының жылдамдығы және төлемдердің өту жылдамдығы деген ұғымдардың бір - бірінен ерекшелігі бар. Соңғысы, сөзсіз, шапшаң болуы қажет. Оны шапшаңдататын факторларға:
өзара есеп айырысу жүйесін дамыту, банк ісіне электронды есептегіш техниканы және электрондық ақша жүйесін енгізу жатады.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ақша массасы айналымының екі көрсеткіші болады:
Табыс айналысы аясындағы айналымның жылдамдық көрсеткіші - жиынтық ұлттық өнімнің немесе ұлттық табыстың ақша массасына, дәлірек айтқанда М1 не М2 агрегатына қатынасы. Бұл көрсеткіш ақша айналымы мен экономикалық даму процестерінің арасындағы байланысты көрсетеді.
Төлем айналысындағы ақша айналымының көрсеткіші - банктік ағымдық шоттар бойынша аударылған қаражаттар сомасы мен ақша массасының орташа көлеміне қатынасы.

Мультипликатор - (латын тілінде multіplіkator - көбейтуші) - табыстың өзгеруі инвестициялардың өзгеруіне байланысты екенін көрсететін коэффициент. Мультипликатор идеясын экономика ғылымына алғаш рет 1931 ж. ағылшын экономисі Р.Кан енгізді. Ол инвестицияның халықтың сатып алу қабілеті мен жұмыспен қамтылуын қалай еселейтінін (мультификациялайтынын) көрсетіп берді. Дж. М. Кейнс "Жұмыспен қамтылудың, пайыздың, ақшаның жалпы теориясы" (1936) деген еңбегінде мультипликатордың жалпылама түсініктемесін берді. Мультипликатор теориясы бойынша белгілі бір өндіріс аясына жұмсалған шығын басқа өндіріске және жұмыспен қамтылуға ынталандырушылық ықпал етеді. Жалпы ұлттық өнім көлеміндегі бұл оң, өскелең нәтиже мультификациялық нәтиже деп аталады. Мультипликатор инвестиция мөлшері көбейгенде жалпы ұлттық өнімнің өсу көлемін көрсететін сандық коэффициент болып табылады. Мысалы, инвестиция 100 млрд. теңгеге өссе, мұның өзі жалпы ұлттық өнімді 300 млрд. теңгеге өсіреді, демек, мультипликатор=3, егер жалпы ұлттық өнім 200 млрд. теңгеге артса, онда мультипликатор 2-ге тең болады. Кейнстік мультипликатор теориясы шеңберінде үкімет (мемлекеттік тапсырыс), фирмалар, халық жұмсаған ірі көлемдегі шығынның (инвестицияның) оң ықпалы ұлттық өндірістің тиімділігіне және өсуіне игі әсерін тигізетіні негізделді. Кейіннен мультипликациялану (көбею) құбылысы уақыт факторын ескере отырып қарала бастады және мультипликатордың динамикалық серпінді үлгісі пайда болды. Ол бастапқы инвестиция нәтижесінің қайталанып отыратындығын басшылыққа алып жасалды. Жинақ ақша мен инвестиция серпініне талдау жасауда мультипликатор теориясын пайдалану жиынтық сұранымның, жалпы ұлттық өнім көлемінің және халықтың жұмыспен қамтылуының өзгеруіне ықпал етудің нақты тұтқаларын көрсетеді. Бұл теория түрлі бағыттар тарапынан сынға ұшырағанымен, тиімді сұраным тұжырымдамасын, нарықтық экономиканы реттеу қажеттігі мен мүмкіндігін негіздеуде ерекше рөл атқарды. Түрлері: инвестициялық мультипликатор - күрделі жұмсалымның жиынтық табысқа ықпалы; ақша мультипликаторы - ақша-несие жүйесіне салымның көбеюі не азаюы нәтижесінде ақша массасының бір бірлікке шаққанда қанша артатынын не қысқаратынын көрсететін сандық коэффициент; депозиттік (несиелік) мультипликатор - банк депозиттеріндегі болмашы өзгерістердің ақша мөлшеріне және банк жүйесі мен несие рыноктарында бір мөлшердегі ақшаның сан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz