Целинный темір жолдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ҚАЗАҚСТАН ТЕМІР ЖОЛ ҰҚАҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ АҚПАРАТ
1.1 ҰҚҚТЖ АҚ-ның пайда болу тарихы,
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Компанияның миссиясы мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.3 ҰК ҚТЖ АҚ-ның басшылық және бақылау
органдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9

2. КОМПАНИЯНЫҢ БҮГІНГІ ЖАҒДАЙЫ, АЛАТЫН РОЛІ МЕН МАҢЬІЗДЫЛЫҒЫ
2.1 Корпоративті басқару Департаментінің жалпы
ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Темір жол жолдарының біріккен ұйымдары ішінде Қазақстанның алатын үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.3 Халықаралық ынтамақтастық қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

3. КОМПАНИЯНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ
3.1 ҚТЖ ҰК Акционерлік қоғамның негізгі өндірістік
көрсеткіштері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.2. Қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

ҚОСЫМШАЛАР

Кіріспе
ҚТЖ ҰК АҚ бүгінгі күні магистралдық темір жол желісінің ұлттық операторы ғана емес, ол ең алдымен қазақстан экономикасының тұрақты бәсекелестік дамуын қамтамасыз ететін әлемдік көліктік жұйеге интеграцияланған көп профильді қазіргі заманғы көлік холдингі.
Жүк және жолаушылар тасымалы,логистика,телекомуникация инвестициялық жобалар Компания мүдделерінің саласына жатады.
ҚТЖҰҚ АҚ-тың қолданыстағы активі бұл 14 мың километрден асатын темір жолдар, 1,5 мыңнан аса бірліктен тұратын локомотив паркі, 44 мың жүк және 1700 жолаушылар вагоны.
Жұмыс сапасының артуы баcқарушы компания-Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандағы холдингіакционерлік қоғамы жүргізіп отырған корпаротивтік басқару принциптерінің енгізілуіне байланысты.Компанияда Корпоративтік басқару кодексі қабылдаған,Директорлар Кеңесінің құрамына тәуелсіз директорлар енгізілген,менеджмент пен есептіліктің халықаралық стандарттары енгізілуде.
Табиғи монополист бола тұра, Компания бәсекелестікті белсенді түрде дамытуда және мемлекеттік жеке меншік әріптестік принциптерін енгізуде.Мысалы,2009 жылы Қорғас-жетіген, Манғышлақ-Баутино, Мақсат-Қандығаш, Алматы-Ақтоғай және Ақтоғай-Мойынты тармақтарының құрылысы мен жайғастырылуы концессияға берілетін болды.
2008-2012 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламаны әзірлеп,ол Қазақстан Республикасының Үкіметімен мақұлданды,оны іске асыру магистиральдық темір жол желісін кешенді дамытуға мүмкіндік береді.Бағдарламада 5 жыл ішінде жүк тасымалдарына тарифтердің өсуін және Бағдарламада заемдық қаржылырын ескере отырып, салаға 890 млрд. Теңгеге инвестиция салу көзделген.
Инвестициялық бағдарламаны іске асыру ҚТЖ ҰК АҚ-қа экономиканың жыл сайынғы жүк айналымының 5%- дейін өсуге деген сұранысын қанағаттандыруға,жекелеген учаскелерді жолаушылар поезының қозғалыс жылдамдығын 100 кмсағ-қа дейін,жүк поездерінің-80 кмсағқа дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Компания бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруда,оның ішінде Астана қаласында General Electrics технологиясы бойынша локомотивтерді шығару жөніндегі зауыт құрылысы, сатып алынатын жолаушылар құрамына қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорын құрамына қызмет көрсету бойынша бірлескен кәсіпорын құру,жаңа темір жол желілерін салу оның ішінде халықаралық маңызы бар темір жол желілерін салу болып есептелінеді.
1. ҰК Қазақстан Темір Жол АҚ туралы жалпы ақпарат

1.1 ҰК ҚТЖ АҚ-ның пайда болу тарихы, құрылымы
Қазақстан темір жолының бастауы және құрылымы ретінде Оренбург-Ташкент жолының басталуымен 1904 жыл есептелінді. Өзіндік бір ғасырлық ғұмыры бойынша Қазақстанда темір жолы үлкен және қиын даму жолын өтті. Өткен жылдар Троицк-Орск-Турксиб,Локоть-Защита,З ащита-Лениногорск, Петропавлск-Бурабай-Ак-молинск-Кара ганда, Гурьев-Кандыгаш және т.б. жолдардың салынуымен айқындалады. 1958 жылда Қазақстан темір жолдарының ұзындығы 10,3 км құрастырылған болатын. Түркістан-Сібір,Ташкент, Қарағанды, Омск, Оренбург және Оңтүстік Орал. Мұндағы күрделі құрылым оперативті түрде тасымалдау үрдісін қиындататын, сол себептен 1958 жылы біріңғай Қазақ темір жолы ұйымдастырылды. Ол Ресей мен Украина мемлекеттерінен кейін темір жолдардың ұзындығы бойынша үшінші орынға иеленді. Соның барасында жол бөлімдерінің саны 15-ке дейін көшірілді.1977 жылы сәуір айында Қазақ темір жолдары Алма-Ата, Батыс Қазақстан және Целинный жолдарын біріктіру.

1997 жылына дейін Темір жолдарының құрылымы
ҚР көлік және
коммуникация министрлігі

Целинный темір жолдары
Батыс-Қазақстан темір жолдары
Алма-Ата темір жолдары

Қазақстан Республикасының егемендік алғанымен және ортақ шаруашылық комплекстің құлдырауынан еркін комплекісін құруға қажеттілік туындады. 1991 жылы көлік министирлігі құрылып 1992 жылы оның өкілеттілігіне темір жолдар беріліп, мемлекеттік және шаруашылық қызметінің қағидаларын бөліп берілген болатын.31 қаңтардың
1997 жылы Алматы, Целинный және Батыс-Қазақстандық темір жол көліктерін біріктіру қызметі нәтіжесінде мемлекеттің қаулысы бойынша біріккен темір жол көліктерін басқару жүйесін құрастыру мақсатында Республикалық мемлекеттік кәсіпорын Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы темір жолдарының кәсіпорындарын қайта құру туралы 1997 жығы 31 қаңтардағы №129 қаулысымен республикалық республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды: Алматы темір жолының басқармасын қосу жолымен құрылды.
Біріктірудің мақсаты тасымалдау процесін басқару құрылымын оңайлантыру және артық буындарды тарту,темір жол саласын қаржылық экономикалық сауықтыру болып табылады.
Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамын құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 наурыздағы №310 қаулысымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясы жабық акционерлік қоғамы құрылды.
Акционерлік қоғамдар туралы 2003жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2004 жылғы 2сәуірдегі ҚТЖ ҰК ЖАҚ-ты ҚТЖ ҮК АҚ-қа қайта тіркеу жүргізіледі.
Қазіргі таңда ҚТЖ ҰК АҚ-тың тасымалдау процесінде темір жол саласының функционалдық тұтастығын және басқарылуын қамтамасыз етуге бағытталған холдинглік құрылымы бар. Самұрық қазына мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамы ҚТЖ ҰК АҚ-тың жалғыз акционері болып табылады, ол карпортивтік басқару жүйесін жетілдіру,бюджеттің ашықтығын арттыру міндеттерін шешеді және белсенді акционер ретінде әрекет ете отырып, ҚТЖ ҰК АҚ-тың оперативтік жұмысына араласпай оның қызметін директорлар кеңесі арқылы басқарады.
Және де, ҚТЖ ҰК АҚ Қазақстан Республикасының Көлік және комуникация министирлігіне есеп береді, ол Темір жол көлігі 2001 жылғы 8 желтоқсандағы №266-2 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган ретінде темір көлігі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, Қазақстан Республикасындағы көлік кешенінің қызметін үйлестіреді, реттейді және бақылайды.
ҚТЖ ҰК АҚ магистиральдық темір жол желісінің операторы функциясын орындау,темір жол көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау тәрізді қызмет түрлерін жүзеге асырады. Аталған қызмет тиісінше Темір жол көлігі туралы, Табиғи монополиялар туралы Қазақстан Республикасының Заңдарымен реттеледі.
Қазіргі таңда темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік құрылымы ең маңызды құрамдас бөлігі бөлып табылады. Қазақстанның географиялық жағдайы,аумақтың кеңдігі, өндірістің шикизаттық құрылымы және өндіруші күштерді орналастыру, автокөліктік инфрақұрылымының дамығандығы теміржол көлігін экономикада ерекше маңызды етеді.
Қазақстанның темір жол саласы жоғары рентабельдігі, динамикалық түрде дамып отырған сала болып табылады, оның өндірістік және техникалық әлеуеті соңғы кездері тұрақты түрде өсуде әрі 140 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр.
Реструктизациялау қызметінің басты шарты болып тасымалдаушылардың тасымалдаушылардың арасында бәсекелестік нарықты құру үшін жаңа тарифті құру болып келеді. Нәтіжесінде осы бағдарламаны жүзеге асыру барасында темір жол көліктерінің құрылымы келесідей жүзеге асады:
Қазақстан Республикасының темір жол саласынды қызмет ететін құрылымы
Самрук-Казына АҚ
Қазақстан Республикасының
коммуникация және көлік министрлігі

ҰК Қазақстан темір жолы
(табиғи монополия)

Бәсеке нарығы
Бәсеке нарығы
Қазтемиртранс АҚ (вагондарды беру қызметі)
Локомотив АҚ
(локомотивті тарту қызметі)
Пассажирские перевозкиАҚ (ұлттық жолаушылар тасымалдау тасмалдаушысы)

Вагондар мен контейнерлердің жеке меншік операторлары
Локомотивтерді жөндеу кәсіпорны
Қазтранссервис АҚ (арнайы контейнерлер мен вагондарды қамтамасыз ету)
Локомотивный сервисный центр АҚ (локомотивтерді техникалық қызметпен қамтамасыз ету)
Компания Жолаушылартранс ЖШС (аймақтық жолаушылар тасмалдау қызметі)

Вагондарды жөндеу кәсіпорындары
Военизированная железнодорожная охрана АҚ (жүктерді қорғау қызметі)
Центр транспортного сервисаАҚ (келу жолдарына байланысты қызмет к-рсету)
Пригородные перевозки АҚ

Тәуелсіз жолаушылар тасмалдаушы
Пассажирская лизинговая вагонная компанияАҚ (жолаушылар вагондарын жалға беру және лизинкке беру қызметі)
Жолды жөндеу кәсіпорындары
Лесозащита ЖШС (орманды қорғау қызметін қамтамасыз ету)
Транстелеком АҚ (телекоммуникация қызметі)

Кедентранссервис АҚ (67%) (терминалды шаруашылықтың қызметі)
Кедентранссервис АҚ (терминалды шаруашылықтың қызметі)(33%)
Багажные перевозки АҚ
Теміржолжылу АҚ (жылуды қамтамасыз ету қызметі)
Вагонсервис АҚ Жолаушыларв агондарын техникалық қызметпен қамтамасыз ету
Кәсіби емес орта
Кәсіби емес орта
Теміржолсу АҚ (сумен қамтамасыз ету қызметі)
Каскортранссервис АҚ (Ақтау қаласында келу жолдарына қызмет көрсету) (12,69%)

Вокзалсервис АҚ
Сумен қамтамасыз ету объектілері

Вагон-ресторандарда қызмет көрсету
Теміржолжөндеу АҚ (жол жөндеу қызметі) (23,43%)
Казыкурт-Юг ЖШС (вагондарды жуу және бууындыру)
Оперативно-технологический центр управления пассажирскими перевозками ЖШС

ЖШС Ертіс-сервис (вагондарды жуу және бууындыру)
Ақжайық-Запад 2006 ЖШС (вагондарды жуу және бууындыру)

Вокзалдар (1-5 класс)
Алматинский вагоноремонтный заводАҚ
Жылумен қамтамасыз ету объектілері

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпанда №145 қаулысымен бекітілген 2004-2005 жылдарға арналған темір жол, вагондар және локомотивтер жөндеу жөніндегі кәсіпорындар-жол, вагондар және локомотивтер жөндеу жөнінде кәсіпорындар ҚТЖ ҰК АҚ-тың негізгі қызметінен бөлініп алынып, кейіннен сатылады. Қазіргі таңда жөндеу қызметін көрсететін рынокта жеке меншік нысанындағы 45 дербес кәсіпорындар жұмыс істеуде.
Локомотивтік тартым қызметтеріне тасымалдаушылардың барлығының бірдей қол жетуі үшін локомотив шаруашылығының негізінде Локомотив АҚ құрылды,локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункктері мен локомотив бригадаларының демалыс үйлері Локомотивтік сервистік орталық АҚ-қа берілді.Барлық мүкәммал жүк вагон паркі Қазтеміртранс АҚ-ға берілді.
Жергілікті халыққа қызмет көрсететін магистралдық темір жол желісінің қызмет істеуімен байланыспаған жылу және сумен жабдықтау объектілері,сондай-ақ 1-5 сыныпты вокзалдар жергілікті атқарушы органдарға берілген.
Тасымалдау процесінің жаңа субъектісінің пайда болуына және әр-бір қатысушының көрсететін қызметінің құнын есепке алу қажеттілігіне байланысты уақытша прейскурант әзірленді және енгізілді оның негізінде магистирандық желінің,локомотивтік тартымның,вагон паркімен қамтамасыз ету қызметтеріне кететін шығындар және енгізіледі,оның негізінде магистиралдық желінің,локомотивтік тартымының,вагон паркімен қамтамасыз ету қызметтеріне кететін шығындар және жүк және коммерциялық жұмыстар үшін төлемдер кіреді.
Қайта құрылымдау бағдарламасында,көзделген ұйымдастырущылық өзгерістер 2006 жылы аяқталады.
Сонымен бірге қайта құрылымдау бағдарламасының құрылымдау бағдарламасының мақсаттары орындалған жоқ.Осыған байланысты саланың мақсаттық моделін нақтылау жөніндегі жұмыстар жүргізуде,оны реформалау жалғастырылуда,онда тасымалдау процесіне қатысушылардың өзара әрекеттесу механизмін қалыптастыру,нарыыққа жеке инвесторларды тарту және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру көзделген.
Аталған шараларды іске асыру темір жол көлігінің мемлекет және қоғам үшін қызмет істеудің оңтайлы жүйесіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

1.2 Компанияның миссиясы мен мақсаттары

ҚТЖ ҰК АҚ-тың миссиясы ресурстарды ұтымды пайдалана отырып,жүк жөнелтушілер мен тұрғындардың сұраныстарын барынша қанағаттандыру мақсатымен тасымалдау процесін тиімді ұйымдастыру,үйлестіру және қамтамасыз ету.
ҚТЖ ҰК АҚ қызметтінің мақсаттары:
-таза пайда алу арқылы акционерлік кипиталды барынша үлкейту;
-темір жол саласының қызметтеріне мемлекеттік, әлеуметтәк және экономикалық сұраныстарды үздіксіз әрі сапалы қамтамасыз ету;
-жылжымалы құрам паркін және магистиралдық темір жол желісінің ифрақұрылымын жоспарлы әрі кешенді күтіп ұстау және дамыту;
-темір жол саласындағы қарым-қатынастардың нарықтық механизмдеріне бейімделу.
1997-1998 жылдары темір жолда орталық көлденең басқару жүйесі құрастырылды. Ол арқылы сызықтық бөлімшілер сәйкестіндірілген департаменттерге және басқармаларға тәуелді болып келеді. Бұл арқылы өндірістік,қаржылық, және басқармаларға тәуелді болып келеді. Бұл арқылы өндірістік,қаржылық және адам ресурстарын тиімді қолдану мүмкіндігі пайда болды. Қаржылық-экономикалық қызметті оптимизациялау, барлық қаржы көздерін консолидациялау барлық тасымалдаудан келген табыстарды орталықтандыру қызметі, өндірістік емес шығындарды кішірейтуге, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың деңгейін азайтуға бюджет алдында және төлем ақы бойынша қарыздарды деңгейін азайтуға, бюджет алдында және төлем ақы бойынша қарыздпрды өтеуге, сонымен қатар босатылған қаражаттардытттц ыыыыыыыыыыыьыкйь темір жол көліктерінің техникалық базаларын жақсартуға жіберілді. 1999 жылдан бастап экономикамыздың өсуі байқалғаннан кейін темір жол көліктерінің қазіргі заман өзгерістеріге бейімделуінталап етілу басталады. Нарықтық қарым қатнастарын енгізу, жекеменшілік-кәсіпкерлік талпынысты тудыруды және инвестицияны тартумен енгізілген. 4маусымның 2001 жылына арналған үкіметтің қаулысымен ҚР 2001-2005 жылдарына арналған темір жол көліктерін реструктуризициялау программасы қабылданады. Бұл программа темір жол кәсіпорындарының дамуын, сондай-ақ республикамыздың экономикалық сұраныстарына жауап бере алатын көз қарастан қарағанда темір жол көліктерін реформалау бойынша негізгі бағыттарын айқындайды.
Көрсетілген құжаттамада реформалаудың негізгі мақсаттары көрсетілген:
-магистиральді темір жол жүйесіне мемлекеттік қадағалаудың сақталуынмен байланысты темір жол көліктерінің нарық жағдайына бейімделуі;
-инвестицияларды салаларға және жекеменшік талпынысты тарту арқылы тасымалдау және қамтамасыз ететін қызметте бәсекелестікті тудыру арқылы темір жол көліктерін тиімділігін қамтамасыз ету;
-темір жол көліктерінің қажеттілігіне арнап импортты ауыстырылатын өндірістік базаны дамыту;
-транзиттік тасымалдау нарығында темір жол көліктерінің бәсекелестігін
қамтамасыз ету;
Қойылған мақсаттарға жүзеге асыру үшін басқарудың жүзеге асыру үшін басқарудың негіздерін және темір жол көліктерінің қызметін, қабылданған құжаттамаларға өзгерістерге енгізу және көліктерінің жаңа құқықтық базаның құрылыуын талап етіді. 2001 жылы саланы реструктурзациялау үшін темір жол көлігі туралы заң қабылданды.
Барлық екінші деңгейлі мемлекеттік кәсіпорындар Ремпуть, Жол жөндеуші, жолды жөндеу бойынша, Ремлокомотив және Желдорреммаш локомотивтерді жөндеу бойынша, Желедорводотеплоснабжение кәсіпорындарды су мен жылуды қамтамасыз ету бойынша, Транстелеком байланысты қамтамасыз етуге негізделінген Пассажирские перевозки - адамдарды, жеке заттарын жүктерді тасымалдау қызметін көрсету әр қайсысы жеке заң акционерлік қоғамдарға айналады.Осының арқасында басқару және бақылау АО НК ҚТЖ жүзеге асырмастан олар өз тараптарын өздерінің нарық механизмдерін қызметін икемді етіп жүзеге асыра алады.
Жүкті тасуға арналған составтарды ремонттауға байланысты бәсекелестікті кеңейтуге аясында өндірістік кооперативтер мен жауапкершілігі шектеулі кеңейтуге аясында өндірістік кооперативтер мен жауапкершілігі шектеулі қоғамдастықтар Ремлокомотив, Ремвагон, Желдорремаш, және Пессажирские перевозки секілді құрылды. Орта және кішігірім кәсіпорындар көптеген активтерін бөліп бергеннен кейін ҚТЖ Қазақстан Республикасы алдында қойған мемлекеттік стратегиялық тапсырманы,яғни кіші және орта бизнесті қолдау тапсырмасын толықтай қолдады.Қазақстан Темір жолының 2002 жылының ортасында ЖАҚ Ұлттық компания Қазақстан темір жолына ауытырылуы реструктуризицияның бірінші кезеңі бітіп,екінші кезеңі басталғанын айқындады.Басты маңызды қадам болып темір жол магистираль жүйесінің мүліктік комплекісін ЖАҚ ҰК ҚТЖ жекеменшігіне өтуі.Акционерлік бірге ЖАҚ ҰК ҚТЖ қызметті қамтамасыз ететін акционерлік кәсіпорындар ауыстырылады.Осы орайда ремонт жасау тұрғыда бәсекелестік нарықтық қарым-қатнастар туындады, сондағы АҚ ҰК ҚТЖ барлық қызмет көрсету аясындағы сатып алуларды конкурс жүзінде өткізеді.Осылайш қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындар арасында бәсекелестік тудырып,қызмет көрсету аясында шығындарды азайтуға мүмкіндік тудырады.
Бүгінгі таңда АҚ ҰК Қазақстан темір жолы- Қазақстан Республикасында ең ірі ұлттық компания болып табылады.Темір жолдың жаңа мәртебесі саланың мүлкі мен табыстарын қадағалауға және активерді тиімді етіп басқаруға мүмкіндік береді.

1.3 ҰК ҚТЖАҚ-ның басшылық және бақылау органдар

Директорлар кеңесі (10062008 ж.жағдай бойынша)
Бозымбаев Қ.А.-Холдинг Самұрық АҚ Басқармасының Төрағасы, ҚТЖҰКАҚ директорлар Кеңесінің мүшесі;
Қасымбек Ж.М.-Қазақсан Республикасының Көлік және коммуникация Вице-министрі,директорлар Кеңесінің мүшесі;
Байдәулетов Н.Т-Холдинг Самұрық АҚ-тың Көліктің және өндірістік активтерді басқару жөніндегі депортамент директоры,директорлар кеңесінің мүшесі;
Мамин А.Ұ.-ҚТЖҰК АҚ Президенті,директорлар кеңесінің мүшесі;
Шомади К.-Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы комитетінің атұарушы хатшысы,тәуелсіз директор;
Есенғарин Н.К.-Қазақстан тасымалдаушылары мен вагон операторы ассоциациясының төрағасы,тәуелсіз директор;
Жәукенов М.А-Еуразиялық даму банкі АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары,тәуелсіз директор;
Қарымсақов Е.Ә-ҚТЖҰК АҚ-тың корпоротивтік хатшысы.
Директорлар Кеңесі стратегиялық мақсаттарды,дамудың басым бағыттарын белгілейді және Қоғамның ұзақ мерзімді перспективалы қызметінің негізгі бағыттарын белгілейді,алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін қжетті қаржы және адам ресурстрымен қамтамасыз етеді.
Директорлор Кеңесі Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының Заңына және ҚТЖ ҰК АҚ-тың Жарғысына сәйкес ҚТЖ ҰК АҚ-тың атқарушы органының қызметіне бақылауды жүзеге асырады.
2007 жылы ҚТЖ ҰК АҚ-тың Директорлар кеңесінің 19 мәжлісі өткізілді,оның 6 мәжлісі тікелей, 13 сырттай өткізілді,оларда 75 мәселе қаралды.
ҚТЖ ҰК АҚ-тың Директорлар кеңесінің жұмысынан,қаржылық және өндірістік қызметінен реттейтін 39 құжат әзірленіп,бекітілді.
Директорлар кеңесі жанында ҚТЖ ҰК АҚ-тыңКорпаротивтік хатшысы сайланды,аудит және сыйақылар жөніндегі Комитетттер құрылды.
Басқарма (10.06.2008 ж.жағдайы бойынша)
Мамин Асқар Ұзақбайұлы-Басқарма Төрағасы- ҚТЖ ҰК АҚ Президенті;
Таласпеков Қадыл Секенұлы-Бірінші Вице-президент;
Сұлтанов Ерік Хамзаұлы- Вице-президент;
Алпысбаев Қанат Қалиұлы - Вице-президент;
Акчурин Асхат Харисович-Аппарат басшысы;
Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы-бас инжинер;
Хасенов Данияр Пернебекұлы-Басқарушы директор;
Сәмбетов Қалтай Сәмбетұлы-Басқарушы директор;
Таджияқов Ержан Бисенғалиұлы-Басқарушы директор;
Сәуірбаев Қайрат Әбенұлы-Басқрушы директор- ҚТЖ ҰК АҚ-тың Магитиральды желі дирекциясы филиалының директоры.
Басқрма ҚТЖ ҰК АҚ-тың алқалы атқарушы органы болып табылады,оның құзырына Темір жол көлігі туралы Қазақстан Республиканың Заңымен,Қазақстан Республикасының өзге заңнамалық актілермен және Жарғымен басқа органдардың және ҚТЖ ҰК АҚ-тың лауазымды тұлғалардың құзырына жатқызылмаған ҚТЖ ҰК АҚ қызметінің барлық мәселелерін шешу жатады.
Ішкі аудит қызметі.
Ұлттық компанияларда корпоротивтік басқару принциптерін құру аясында ҚТЖ ҰК АҚ-тың құрылымында құрамы 11адамнан тұратын ішкі аудит қызметі құрылды.
Шетелдегі өкілдіктер
Теміржол көлігі саласында Қазақстан Республикасының шекаралас елдермен сыртқы экономикалық байланыстарын дамыту және қызмет аясында аумақтық кеңейту мақсатында ҚТЖ ҰК АҚ-тың шет елдерде алты өкілдігі бар:
-Ресей Федерациясында Мәскеу қаласында:
Басшысы-Алтаев Нұрлан Ескендірұлы
Басшысының орынбасары-Расстрыгин Юрий Александрович
-Орталық Азия өңірінде Ташкент қаласында:
Басшысы Нұрбеков-Нұржан Қолдыбайұлы
Басшының орынбасары-Досжанов Алмас Құдайбергенұлы
Қытай халық Республикасында және Оңтүстік Шығыс Азия елдеінде, Пекин қаласында;
Басшы-Ыбырайымов Амонжол Ізтілеуілұлы
Қхр-дың Синьцзянь-Ұйғыр автоном ауданында Үрімші қаласында;
Басшысы-Шыныбаев Сауыт Қожанұлы
Басшының орынбасары-Батрышев Гайдар Мухаматович
-Әзірбайжан Республикасында және Кавказ өңірі елдерінде, Баку қаласында;
Басшысы-Кенжебеков Нұрлан Тұрашұлы
Басшының орынбасары-Бахшиев Октай Агасам оглы
-ТМД-ның еуропа елдерінде және Балтық елдерінде Киев қаласында;
Басшысы Құдайбергенов Рахметолла Әнуарбекұлы
Кадырлық және әлеуметтік саясат
ҚТЖ ҰК АҚ компониялар тобы қызметкерлерінің жалпы саны 2007 жылдың соңында 142 мыңнан астам адамды кұрады, олардың ішінде: басшылар - 8 мыңнан астам, мамандар - 23 мыннаң астам, қызметшілер - 11 мыннаң астам, жұмысшылар - 100 мыңға жуық
ҚТЖ ҰК АҚ қызметкерлерінің жалпы саны 2007 жылдың соңында 82 мыңнын астам адамды құрады, олардың ішінде: басшылар - 6 мыңга жуық, мамандар - 16 мыңнан астам, қызметшілер - 9 мыңга жуық, жұмысшылар - 51 мыңнан астам
2007 жыл ішінде жұмысшы кадрлардың біліктілігін көтеру мәселелеріне айрықша назар аударылды, мәселен өткен жылы біліктілігін көтеру курстарынан ҚТЖ ҰК АҚ-тың 6980 қызметкері өтті, ол 2006 жылдың деңгейінен 63%-га жоғары.
2007 жылы ҚТЖ ҰК АҚ-тың әлеуметтік шығыстар бюджеті 1 761,5 млн. тг. құрады, ол ҚТЖ ҰК АҚ-тың 339 826 қызметкері мен зейнеткеріне әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етті. Аталған қаражат ҚТЖ ҰК АҚ қызмаеткерлері мен зейнеткерлерін медициналық қамтамасыз етуге, балалардың жазғы демалысына, материалдық көмекке, курорттық қамтамасыз етуге, мерекелік іс-шараларға, санаторийді күтіп ұстауға, дене шынықтыру және спорттық іс-шараларға, сондай-ақ Мамандандырылған поезды (медициналық қызмет көрсету, концерттік бағдарлама және спорттық іс-шаралар) ұйымдастыруға жұмсалады. 534 станцияның қызметкерлері тиісті профилактикалық қарап тексеруден өтті. Бұдан басқа, медициналық көмек алу уақытын қысқарту үшін медициналық сақтандыру бағдарламалары аясында ҚТЖ ҰК АҚ-тың ірі құрылымдық бөлімшелерінде, тораптық станцияларда тұрақты лицензияланғанмедициналық қызмет көрсету пункттерін ашу мүмкін.
ҚТЖ ҰК АҚ қызметкерлері мен зейнеткерлерін медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін медициналық сақтандырудың корпоративтік жүйесі енгізілуде.

2. Компанияның бүгінгі жағдайы, алатын ролі мен маңыздылығы
2.1 Корпоративті басқару Департаментінің жалпы ережесі

1. Жалпы ережесі
Корпоративті басқару департаменті Ұлттық Компания Қазақстан Темір жолы Акционерлік қоғамы корпоративті приоритеттер мен стратегиялық бағыттарды анықтау мақсатында кұрылған.
Корпоративті басқарушының қол астында болып, компанияның құрылымындағы бөлімі болып табылады.
Департаменттің ұйымдастырушылық құрылымы ұйымдастырушылық даму мен реструктуризация басқармадан, корпоративті жобаларды нормативті қамсыздандыру, корпоративті стандарттар мен стратегиялық жоспарлаудан тұрады.
2. Департаменттің құзыреттілігі мен тапсырмалары
1 Тапсырмалары
4. Департаменттің тапсырмалары болып табылады:
Жүзеге асқан кұрылымға талдау жасап оны жетілдіру компаниядағы құрылымдардың жаңаруын үнемі қадағалау;
өзге мемлекеттерде темір жол көліктерінде реформалардың талдауын жүргізу;
Компанияның реформалдау стратегиясын жүзеге асыру қызметін ұйымдастыру;
Компанияның корпоративті басқару жүйесін дамыту жөнінде жобаларды жүзеге асыру;
Темір жол көлігі аясында заңнаманы жетілдіру;
Компанияның қазіргі және болашақ жағдайыны талдау жүргізу.
2. Құзыретілігіне жатады
1) Темір жол көлігін дамуындагы стратегиялық жоспарларды қадағалау мен отандық және шетел ғылыми орталықтарын және ұйымдарды тарту;
2 ) темір жол көліктері жөніндегі сұрақтары бойынша халықаралық ұйымдар мен халықаралық комиссиялардың қызметіне қатысу;
темір жол көліктері бойынша стратегиялық даму мен реформалау сұрақтары бойынша халықаралық конференцияларда қатысу;
4 ) темір жол көліктерінің қызметін қадағалайтын нормативті құқықтық актілерді қабылдау мен қарастыру туралы нұсқауларды Компания басшылығына көрсету;
5) Компанияның құрылымдық бөлімшілерден қажетті өндірістік, статистикалық, бухгалтерлік және өзге де есеп беру түрлерін қабылдау;
6 ) Конкурс жүзінде темір жол көліктерін реформалдау мен нормативті кұқықтық, нормативті техникалық актілер мен стратегиялық жоспарды дамыту, жобаларды жүзеге асыру қызметі үшін сырттан консультанттарды шақыру;
3. Қағидалары
5. Департаменттің қағидалары басқарма қағидаларынан тұрады.
1. Департаменттің бөлімшілері мен басқармалардың қағидалары Ұйымдастырушылық даму мен қайта құрылымдау басқармасы
Ұйымдастырушылық даму мен қайта құрылымдау басқармасы қайта құрлымдау бөлімінен, активтерді басқару мен ұйымдастырушылық жобаландырудан тұрады.
Активтерді басқару мен қайта құрылымдау бөлімі келесі қағидалардан тұрады:
1) темір жол құрылымын оптимизациялау және қайта кұрылымдау бағдарламасын дайындау;
) Компанияның реструктуризация жоспарларын қадағалау қызметі;
) темір жол көліктерін реструктуризациялау туралы әлемдік тәжірбие жөнінде зерттеу мен талдау жұмыстарын жүргізу;
компанияның бөлімдерін қайта құрылымдау сұрақтары бойынша кеңес беру;
тасмалдау үдерісіне қатысушыларды команияның web- сайты арқылы компанияның қызметі жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету;
ұйымдастырушылық жобалаудың бөлімшесінің қағидалары:
1) компанияның ұйымдастырушылық кұрылымының моделін жүзеге асыру;
2) жүзеге асқан ұйымдастырушылық құрылымына және оны жетілдіру жөнінде талдау жүргізу;
3) реструктуризация бағытында темір жол көлік саласындағы ұйымдардың қарым-қатынастардағы механизмдер мен схемаларды қарастыру;
4) темір жол көлігінің жолаушылары мен жүк тасмалдаушылар арасындағы қарым-қатынастары жөніндегі модельді қаркастыру;
5) компанияның ұйымдастырушылық даму бағыттарын қадағалау;
6 ) компанияның негізгі бизнес-үдерістері жөнінде нұсқауларды жетілдіру қызметін қадағалау;
7) компанияның қаржылық және ақпараттық ағымдарын жетілдіру.
Корпоративті жобаларды нормативті қамтамасыз ету басқармасы
Корпоративті жобаларды нормативті қамтамасыз ету басқармасы мемлекеттік органдар мен нормативті қамтамасыз ету бөлімшілерден тұрады.
Мемлекеттік органдармен қызмет атқаратын бөлімшілердің қағидалары:
1) табиғи монополия субъектілерінің қызметін қадағалайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау;
) Компанияның қызығушылықтарын мемлекеттік органдарда антимонополдық заңнаманы қолдану сұрақтары бойынша қолдау;
) Департамент қызметінің құқықтық жағдайын қамтамасыз ету;
) Компанияның корпоративті даму жөнінде құқықтық талдау;
) Компания басшылығының бұйрығы бойынша мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдар арасында корпоративті басқару мәселесі бойынша жұмыс жүргізу.
12 Нормативті қамтамасыз ету бөлімінің қағидалары:
темір жол көлігіне байланысты нормативті құқықтық актілер аясында жұмыс жүргізетін жұмыс топтарына қатысу;
табиғи монополия субъектілерінің қызметін қадағалайтын нормативті құқықтық актілерге байланысты нұсқауларға қосымшылар мен өзгерістер енгізу;
өзгерістерді енгізу туралы жұмысшы топтар комиссияларына халықаралық келісім сөздер бойынша қатысу (халықаралық жүк тасымалдау, халықаралық жолаушылар туралы келісім создер және вагондарды пайдалану туралы ережелер;
трансшекаралық жерлердің қиындықтарын шешуге байланысты қатысатын жұмысшы топқа қатысу;
5 ) темір жол көліктер аясында компанияның атқаратын қызметі барысында нормативті құқықтық актілерді қадағалау;
Корпоративті стандарттар мен стратегиялық жоспарлауға байланысты басқарма
Корпоративті стандарттар мен стратегиялық жоспарлауға байланысты басқармасы стратегиялық жоспарлау мен корпоративті құралдарын енгізу бөлімшілерден тұрады.
Стратегиялық жоспарлау бөлімшесінің қағидалары:
1) Компанияның даму стратегиясын құрастыру мен жүзеге асыру;
2) Компанияның қызметі бойынша приоритеттерді анықтау қызметі туралы нұсқауларды дайындау;
Қазақстан Республикасының және компанияның даму жөнінде жоспарларды кұру қызметіне катысу;
компанияның стратегиялық жоспарлары компанияда болып жатқан қаржылық-экономикалык жағдайына сәйкес болуына баға беру;
5) стратегиялық басқару саласында барлык құрылымдық бөлімшілердің соның ішінде екінші деңгейлі және тәуелді ұйымдардың қызметін қадағалау;
6) темір жол көліктерін дамыту сұрақтар шеңберінде мемлекеттік және өзге ұйымдардың қызметі бойынша жұмыс жасау;
15. Корпоративті басқару құралдарын енгізу бөлімшенің қағидалары:
1) Компанияға және екінші деңгейлі, тәуелді ұйымдарға корпоративті құралдарын енгізу қызметі жүзінде мониторинг жүргізу.
) корпоративті құралдарын енгізуіне байланысты нормативті және методологиялық базаны қалыптастыру;
) корпоративті құралдарын енгізуіне байланысты комплексті жоспарларды қалыптастыру;
) инновациялық басқару әдістерді темір жол көлігіне ендіру мүмкіншілігін зерттеу;
) темір жол көлігінің дамуы жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі.
2.2 Темір жол жолдарының біріккен ұйымдары ішінде Қазақстанның алатын үлесі
ҚТЖ ҰК АҚ Темір жолдар ынтымақтастығы ұйымы (ТЖЫҰ), Темір жолдардың халықаралық одағы (ТЖХО), Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) сияқты бірнеше ұйымдарда ұсынылған, ТМД және Балтық елдері Темір жол көлігі орталық кеңесінің (ТКОК) құрамына кіреді.Қаржылық-шаруашылықтың тиімді қызметі және
реструктуризацияның бірінші кезегінің оң нәтижелері ҚТЖҰҚ АК кредит рейтингінің жоғарлауына әсер тигізді. 2002 жылда әлемдік рейтингттері бойынша компаниялар үш рет оны жоғарлатты. Қазіргі таңда ұзақ мерзімді кредит рейтингі қойылып тұрақты болжаммен анықталынған. Республика бойынша қолданыста жүрген жолдарының ұзындығы 13 мың.км. Қазақстан бойынша магистральдердің орналасу ауқымы 5,5 км-ге 1000км2 территория. Мұндағы Қазақстан темір жол инфрастуктурасының көптеген бөлігі солтүстік аумақтарында темір жолдардың ұзындығы 5719 км тұрады, ал республиканың батыс шығыс және оңтүстік аумақтарында ол сәйкесінше 2460 км, 2438 км, 2264 км тұрады. АҚ ҰК ҚТЖ қол астында тұрған 300 км темір жолдары Ресей және Қырғызстан республикалардың территорияларында өтеді.

ТЖБҰ арасында жолдардың ұзындығы бойынша Қазақстан
Республикасының алатын бөлігі

4,9% Қазақстан
Теміржол
жолдарының
біріккен
ұйымдары

ТЖБҰ-ң арасында тауар жүктерін тасмалдауда Қазақстанның үлесі

Евразияның ортасында орналасқандықтан Қазақстанның транзиттік потенциалы - өзіндік инфраструктураны 5 халықаралық транспорттық коридорлары арқылы өткізе алады. Оның негізгісі болып Трансазиаттық маршрут болып табылады. Болашақта ол Оңтұстік-Шыгыс Азия Батыс Еуропа теңізіне бәсекелес бола алады. Трансазиаттық маршруттың Тынық мұхиттан шығыс еуропаның шекарасына дейін 11 мың км-ден тұрады. Соның ішінде 4 мың км Қытай территориясына жатса 2 мың.км- Қазақстанда. Трансазиаттық маршрут бойынша жүктерді тасмалдау 23-26 күнге созылады. 6 ақпаннның 2004 жылында Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен № 145 2004-2006 жылдарына арналған Темір жол көліктерін реструктуризациялау жайлы бағдарлама тағайындалды. Бекітілген бағдарлама келесі мақсаттарды көздейді:
темір жол көліктері аясында нормативті-құқыктык базаны жетілдіру;
негізгі қызметтен бөлек қызмет ететін болім;
барлык тасмалдаушы қатысушыларға темір жол магистраль жүйесіне
бірдей қатысулары мүмкін бола алатын бәсекелі нарықты құру;
темір жол көліктерінің тиімділігін жоғарлату жэне өндірістік қуатты
оптимизациялау;
адамдарды тасмалдау туралы сұрақтарды шешу.
Көрсетілген бағдарламаны жүзеге асырып адам мен жүк тасмалдау қызметінде бәсекелестікке төзімді нарықты құру барысында 2003 жылдың аяғында Локомотив акционерлік қоғамы құрылды. Оның негізгі қызметі локомотивті тарту және Казжелдортранс - ұлттық тасмалдаушының қағидаттарын атқарушы. Сонымен бірге АҚ ҰК ҚТЖ құрамында келесі құрылымдар бар: Магистральді жүйенің басқармасы, яғни темір жол магистралінің қолданысты болып қызмет етуіне жауап беретін және диспетчерлік басқаруға жауап беретін тасмалдау басқармасы.
2.3. Халықаралық ынтамақтастық қызметі
ҚТЖ ҰК АҚ темір жол әкімшіліктерінің сарапшылары мен уәкілетті өкілдері қатысқан 3 отырысы мен 40-тан астам кеңестеріне және жұмыс топтарының 17 кеңесіне қатысқан.
Өткізілген кеңестердің қорытындылары болып келесі шешімдердің қабылдануы табылады:
Бекітілген және қолданысқа енгізілген:
Астарахань су-көлік торабының порттары Махачкала (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) арқылы тікелей халықаралық темір жол-паром қатынасында жүктерді тасымалдау ережесі.
Оля (Ресей) және Ақтау (Қазақстан) порттары арқылы тікелей халықаралық темір жол-паром қатынасында жүк вагондары мен контейнерлерді пайдалану, нөмірлік есепке алу және пайдаланғаны үшін есеп айырысу ережесі.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер, Латвия Республикасы, Литва Республикасы, Эстон Республикасы араларында халықаралық қатынаста тез бұзылатын жүктерді вагон-термостарда тасымалдау тәртібі.
Халықаралық қатынаста есеп айырысуларды ұйымдастырудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін үйлестіру комиссиясы туралы ереже, ҚТЖ ҰК АҚ Комиссияның Теңтөрағасы болып табылады.
локомотив бригадаларын шектес аумақтардағы жұмыс үшін дайындаудың негізгі принциптері.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, Латвияның, Литваның, Эстонияның темір жол әкімшіліктерінің халықаралық қатынаста пайдалану жұмысын және көліктік қызмет көрсетуін жетілдіру жөніндегі 2007 жылға арналған ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-консртукторлық және технологиялық жұмыстарының жоспары.
Басқа мемлекеттердің меншігіндегі жүк вагондарын пайдалану, нөмірлік есепке алу және оларды пайдаланғаны үшін есеп айырысулар ережесіне өзгерістер енгізумен жүк вагондарын пайдаланғаны үшін ставкалар (қолданыстағы ставкаларды 15%-ға көтерумен) келісілген, олар 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген.
Бірқатар нормативтік-қүқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
2007 фрахталық жылы халықаралық қатынаста жүк тасымалдауға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттер темір жолдарының 16 Тарифтік конференциясы өткізілген (2007 жылғы қазан, Душанбе). Темір жол көлігінде халықаралық қатынаста жүк тасымалдарының өсіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Арпа сорттарының өсімдік жиілігі
Қазақстан Республикасы атом өнеркәсібінің тарихы
Майлы зығырды өсіру технологиясы
Дүние жүзілік отын-энергетика кешені және атом энергетикасы
КазАтомПром
Астық тұқымдастар және тұқым себу мөлшерін анықтау
Уран өндіру
ҚР транспорттың дамуын талдай келе, оның экономикалық объекті ретіндегі статусын анықтау
Мектептің білім беру мазмұнында ауыл шаруашылығы жұмыстарын оқыту мүмкіндіктері
Пәндер