Көркем әдебиет стилінде көп мағыналы сөздердің қолданылуы


Мазмұны
Кіріспе
1 Көп мағыналы сөздер туралы жалпы түсінік
2. Көркем әдебиет стилінде көп мағыналы сөздердің қолданылуы
3. Полисемия мен омонимияның айырмашылығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Таза сөйлеу - ой айқындылығының белгісі. Шешендікті қадірлеген халық «Адам аласынан сөз аласы жаман, от шаласынан сөз шаласы жаман» дегенде ана тілінің байлығын бағаламай, туған тілінде таза сөйлей алмаған адамдардың қойыртпақ тіліне қарап қынжылып айтса керек.
Ойдың айқындылығы сөз қолданыстағы дәлдікпен тығыз байланысты. Сөз қолданыстағы дәлдік сөйлеушінің тақырыпты қаншалықты меңгергенімен, ойлау жүйесінің тереңдігімен, кез келген әдеби тілінің байлығы мен нормасын жетік білуімен өлшенеді. Сөз мағыналарын жақсы білген адам сөзді орнымен жұмсай алады. Сөйлеуші сөздердің табиғи мүмкіншіліктерін тура мағынасын, көп мағыналылығын, синонимдік, антонимдік, омонимдік қасиеттерін кең түрде пайдаланумен бірге, сөздерді ауыспалы мағынада, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдерді қыбын тауып қолдана білгені жөн.
Әрбір қолданыста әр түрлі мағынаға ие болатын көп мағыналы сөздерді өз орнында ұтымды қолдана алса, ой мен ұғым дәлдігіне жетеді. Мысалы, дүние деген сөздің қанша мағынасы бар болса, сонша рет қолданысқа түседі: бүкіл әлем, жер жүзі; өмір, тіршілік; мал, мүлік, көңіл-күй одағайы, т. б. немесе мағынасы бір-біріне жуық, мәндес сөздер болғанымен, синонимдер көп жағдайда бірінің орнына бірі жүре алмайды.
Ал бір-біріне кереғар, қарама-қарсы мағынадағы антоним сөздер - ойды әсерлі, бейнелі түрде жеткізудің оңтайлы құрамы болып есептеледі.
Кез келген тілде дыбысталуы бірдей, бірақ басқа-басқа мағыналарды білдіретін сөздер қаншама! Ондай сөздерді омонимдер деп атайды. Омонимдерді орнымен қолдану сөйлеуде қателік жіберуден сақтандырады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні мақал-мәтелдер мен фразеологизмдер дәлдікпен қолданғанда, ойдың айқындалғанымен қоса, сөйлеудің көркемділік деңгейін көтереді.
Қайсібір тілді алсақ та олардың сөздік қорында сөздерге мағыналық өң беріп, бейнелі тіркестер жасалу мүмкіндігі шексіз екендігін көреміз.
Жұмыстың мақсаты. Көпмағыналы сөздерге нақты сипаттама бере отырып сөз бен оның мағынасының көпмағыналылықты қалай құрайтынын және шығарма контекстіндегі шарттармен қалай үйлесетінін көрсету. Сөздердің көп мағынаға ие болуы оның шығармада дағы қолданысында қарама-қайшылықтар туғызып отырады. Бірақ сөздердің басқа да жуық мағыналары шығармады тиісті бағытта жұмсалуы қажет. Сөз көп мағыналылығын тереңірек аша отырып, қолдану барысында оларды бір-бірінен айыра білу және шығарма контексті арқылы қандай мағынада жұмсалғанын көрсету.
Жұмыс алдына мынадай тапсырмаларды қояды: тілдің лексикалық мәселелерін жалпылама сипаттама беру және жүйелеу; полисемия мен оның түрлеріне жалпылама түсінік беру, көпмағыналы сөздердің көрінісін тереңірек ашу және осы қолданыстағы материалды оқулық ретінде және кәсіби мақсаттарға пайдалану үшін жүйелеу.
Әдістемелік негізі. Жұмыста полисемиялық құбылыстарды зерттеуде талдау әдісі қолданылды. Талдау әдісі - шығармалардағы көп мағыналы сөздердің өзге де мағыналарын тауып, олардың сол мағыналары шығармада қалай жұмсалады және контекстте қалай анықтай білу керек екендігі талданады.
1 Көп мағыналы сөздер туралы жалпы түсінік
Көп мағыналы сөздер өздерінің сырт формасы жағынан омонимдерге ұқсайды. Олардың осы сырт ұқсастығы бірінен-бірін ажыратуда көп ретте қиындық та келтіріп жүр. Студенттер стилистика сабағындағы талдау жұмыстарында бұл екеуіне байланысты кейде қате де жіберіп жатады. Мысалы, ай_зат есімі - Қазақ тілінде әдетте көп мағыналы сөз де, сондай-ақ омоним ретінде де қаралады.
Ол көп мағыналы сөз ретінде астрономиялық атауды да (ай туды, ай батты), уақыт өлшемін де (екі ай, айдан асты), теңеу құралы қызметінде жұмсалып әдемілік, көрік үғымын да (айдай, ай десе аузы…, Айсұлу), ауыс мағына да (айға қолы жеткендей) білдіреді. Демек, ай есімі төрт түрлі мағынада қатар қолданылып тұр. Төрт жердегі айсөзінің ұғымы басқа-басқа болғанымен, олардың арасында мағыналық байланыс бәрібір сақталған. Төрт жердегі ай да айналып келгенде бір-ақ сөз. Омоним де осындай, сырт формасы (тұлғасы) бірдей сөз. Осы жағынан алғанда, ай сөзі тілімізде омоним түрінде де айтылады: кәріліктің айы өтті, соның айы өтіп тұр; ай, Айша, бері келші; ай далада ақ отау, аузы-мұрны жоқ отау. Міне осылардағы “ай”-лар және әлгі көп мағыналы сөз ретінде келген “ай”-лар өз ара омоним. Немесе ат сөзін алайық. Ат - зат есім, ат - етістік. Алайда, бұл екі “ат”-тың арасында да, сондай-ақ жоғарыдағы “ай”-лардың арасында да мағы-налық байланыс жоқ. Екеуі жеке-жеке екі сөз. Көп мағыналы сөз бен омоним стиль түрлеріне қатысы жөнінен де өзді-өзіне тән ерек-шеліктері, айырмашылығы бар, бір-бірінен алшақ тұрған құбылыстар. Енді осы екеуін стильдік сипаты жағынан жеке-жеке алып талдайық.
Сөздің көп мағыналыры жалпы халықтық ауыс мағынаның негізінде жасалады. Көп мағыналы сөз қай стильде болса да қолданылады. Бірақ оның ең көп жұмсалатын жері - көркем шығарма.
Бер жағына бір кірпіштен соң бір кірпішті қойып, телмірген көздерден денесін жасыра бастады (М. Әуезов) . Қалаға барып ескі көздерді көрген соң, қыресіңнен шығып кетті (сонда) .
Бүгінгі күн түрленген қынаулымын
Айналамда көз де көп сынаулымын (сонда) .
Әжесі тірі болған күн Қасымның көңілінен сұлу сағымдай, жазғы-тұрғы мамық түсті бұлттай болып, қайта оралмастай боп жоғала бастады. Қасымның үміті, жарық күні де батты. Сізді мен күтке-мін, ол кезде сіз үшін кіммен болса да, кетісуге шыдағамын. Бірақ ол күндер өтті (сонда) .
Бұл үзіндідегі көз және күн сөзінің екеуі де көп мағыналы. Екеуінің осылай түрлі-түрлі мән алуы көбінесе көркем әдебиет стилінің табиғатымен тығыз байланысты. Өйткені, жазушы мұнда әрбір тілдік құбылысты белгілі бір көркемдік мақсатта қолдануға тырысады. Ал ондайға әдетте көп мағыналы сөздер бейімірек.
Мысалы, жоғарыда келтірілген көз сөзі әуелі адам деген ұғымды, одан соң таныс мағынасын, соңғы сөйлемде ел (жұрт) мәнін білдіріп түр. Көз есімінің әр алуан мағынасын осылай түрліше ыңғайда пайдалану - жалпы сөз қайталаудан қашқандық. Көп мағыналы күн сөзінің стильдік қолданылу аясы бұдан да әр тарап. Соны авторлар көркем әдебиет стилінде өте шебер пайдаланады. Ілгерідегі мысалда күн сөзі кез, уақыт (шақ) мәнінде алынған. Бірақ стильдік жатықтығы жағынан әжесі тірі болған кез (уақыт) деуден гөрі әжесі тірі болған күн деген ұтымдырақ. Сондай-ақ қайғысыз, қамсыз шағы (кезі), ол кез (ондайга бел байлаған кез), ол уақыт дегенге қарағанда, үмітті жарық күні, ол күндер (өтті) деп алғанның көркемірек екенін, стильдік жағынан ұтымдылығын оңай байқауға болады. Әсіресе күн есімінің көп мағы-налылығы сөйлеу стилінде, өте-мөте көркем әдебиет стилінде жан-жақты көрінеді. Ол тіпті бір ғана Абай өлеңдерінің өзінде неше алуан стильдік астар береді. Солардың (бәрі емес) кейбірі мына төмендегі тәрізді:
Не күн туды басыңа…
Не қорлық, құр қылжаңмен күн өткізбек…
Ит қорлық немене екен сүйткен күні…
Сасып қалдым күн тығыз
Тың тұяқ күнім сүйтсе де
Қор болды жаным
Сенсіз де менің күнім…
Біреуінің күні жоқ біреуінсіз (Абай) .
Күн сөзі мұнда не зор (туды), қиын-қыспақ не жағдай, уақыт, кез, өмір, келешек деген тәрізді мағыналарда жұмсалған. Сөзді осылай әр қырынан алып, түрлі мәнде қолдану, яғни көп мағыналы сөзді бұлай пайдалану публицистикалық стильден де (жоғарыда айттық), сөйлеу стилінен де ара-тұра байқалады. Өзге стильдерде: ғылыми, ресми, кеңсе қағазы стильдерінде көп мағыналы сөздің қолданылуы мүлдем басқаша.
2. Көркем әдебиет стилінде көп мағыналы сөздердің қолданылуы
Көркем әдебиет стилінде ақын, жазушылар өздерінін, шығармаларында көп мағыналы кейбір сөзді екі не үш мағынасында қатар алып та жұмсай береді. Жарыстыра пайдаланады. Ресми, кеңсе, ғылыми стильдерде көп мағыналы сөзді пайдаланудың бұл түрі жалпы сирек кездеседі. Мысалы, жаңағы күн сөзінің, сондай-ақ көп мағыналы жан зат есімінін, бір сөйлемдегі қайталануына сәл көңіл аударып көрейік.
Сонымен кәрі әженің ықтиярынан бір күн шет жайлап көрмеген Жәмеш алдыңғы күнін өз бетімен ойлаған да жоқ-ты (М. Әуезов) . Әжесі өлген соқ, көңілінде бір күн тіршілігіне сүйсінгендей ашық күн болған жоқ (сонда) . Мейрам күннің түс мезгілтен бері қарай, бақшаға барамыз деп әзірленген бозбала мен әйелдер күн батардан-ақ бөлек-бөлек жайрақдаған топ болып, үзілместен келіп жатыр (сонда) . Келер күні күн көтеріле бере… кәнігі Қөкқасқа көп ұзамай Құламаға кезігетіндерін сезінді (Ғ. Мүсірепов) .
Бұл күніме бір күні
Боламын ғой деймін зар…
Менің де күнім күн емес…
Екі күймек бір жанға эділет пе,
Қаны қара бір жанмын, жаны жара (Абай) .
Соңғы екі жол өлеңде жан сөзі үш рет келтірілген. Екі жерде адам мағынасында (бір жанға, бір жанмын) алынған. Одан соңғы, яғни ең кейінгі жолдағы жан көңіл, ақыл-ой, сана деген мәнді аң-ғартады (жаным жара, көңілім қаяу, уайымдымын, мұңдымын деген тәрізді мазмұнда айтылып тұр) . Ал бірінші жолда автордың осы екі мағынаны қайсысында алып отырғанын дәл басып айту қиын. Өйткені оқушы оны адам ұғымында да, сондай-ақ тура жан мағынасында да түсінуіне болады. Автор бұл сөзді бірінші жолда осы екі мағынада тіпті бірдей алғанға да ұқсайды. Сөздің көп мағыналылығымен байланысты мұндай өзгешелік көркем әдебиет тілінен жиі ұшырасады. Осы ерекшелік ғылым мен техника жөнін-дегі зерттеулерден, оқулықтардан үнемі байқала бермейді.
Жоғарыдағы екі жол өлеңде үш рет қолданылған жан есімінің мағыналық сипаты әр басқа, яғни стильдік қолданылуы жағынан осы үш жердегі жан сөзі өз ара бір емес. Сөздің көп мағыналығы мен стилистиканың бір-біріне қатысы деген мәселе міне осы тұрғыда аңғарылады.
Бұл сөздің осы бір стильдік ұтымдылығы, яғни оны жоғарыда аталған екі мағынасында қатар қойып жұмсау тәсілі көркем әдебиет стилінде жалпы жиі кездесіп отырады. Жан есімі әлгі екі түрлі мағынасында, кейде бір өлең жолының өзінде-ақ бүлай іркес-тіркес келіп отырса, енді бірде ол басқарақ ыңғайда, бір-бірінен сәл алшақтау да қолданылып келеді. Мысалы:
Тән сүйгенін бермесе,
Жан шыдамас жаны ашып…
Сүйкімді тірі жанға неткен жансың?/. .
Арамдықпен бар ма екен жаннан аспақ…
Сүйер жансып, “сүйкімді бет берем” деп…
Қысылған жерде жан жалдау…
Сол досты сая таппай іздейді жан.
Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім (Абай) .
Жауымнан айырған жан алсын дейін,
Әлібек жаны болса іле қусын, (М. Әуезов) .
Бір жанына сыйып тұр бар дүниенің мол жаны,
Талай жан өткен екен шамшырақтай
Айтыста ақылымен жан шыдатпай (О. һайям) .
Бір сөзді осылайша қайталап қолданудың нәтижесінде оның стильдік қызметі, мағыналық аясы кейде сәл өзгере түседі. Сөйтіп, стильдік қолданылу ерекшелігіне қарай көп мағыналылығы барын-ша айқын көрінеді. Мұны ілгерідегі үзіндіден байқауға болады: Сүйкімді тірі жанға неткен жансың… Бұл жолдағы жан сөзінің бі-рінші қолданыстағы ұғымы ел дегенге бейімірек. Ол тірі есімімен мағыналық байланысқа түсіп, елдің бәріне (бар елге) дегенді біл-діріп тұр. Ал бұған жарыстыра қолданылған жан есімі кәдімгі адам мәнінде алынған. Демек, автордың айтайын дегені. елдің бәріне сүйкімді не еткен адамсың деу.
Бірақ ақын бұл ойын осылай созалаңға салмайды, шұбалтпайды. Қайта көп мағыналы бір сөздің өзін әр түрлі мәнде қатарластыра алып жұмсайды. Солай еткендіктен өлең жолындағы әрбір сөз стильдік жағынан өз ара ұтымды орайласқан, ондағы ой да анық. Жан сөзінің көп мағына-лылығымен байланысты сөз қолданыстағы осындай стильдік ұтым-дылық прозалық шығармалардан да кездеседі. Жанды жеген азаппен қиналып шыққан Қарагөзді білген жан жоқ (М. Әуезов) .
Қостадым, жаным, жаныңмен үріккен зарыңды (сонда) . Соңғы мысалда да жан есімі екі түрлі мәнде қолданылған, алдыңғысында айналайын, қарғам тәріздес мағынада алынған да, кейінгіде өзінің тура ұғымында жұмсалып тұр. Демек әр түрлі стильдік ыңғайда құбылтып қолданудың нәтижесінде жан сөзінің көп мағыналылығы бұл сөйлемде өзінің тағы бір қырын аша түскен.
Тілімізде сондай-ақ көп, мал сөздері де көп мағыналы болып кездеседі. Мұның да қолданылудағы стильдік аясы әр жақты. Жеке бір сөздін, әр түрлі мағыналары әдеби тілдегі стильдердін, бәрін-де де және сөйлеу стилінде де (рас бірінде аз, екіншісінде одан көбірек) қатар келтіріледі. Бірақ солардың ішінде көп мағыналы сөздің қолданылуындағы осы бір стильдік ерекшелік көбінесе жеке ақын, жазушылардың тілінде белгілі бір көркемдік мақсатқа байланысты барынша ерекшелене түседі. Мысалы:
Абұйыр, атақ сол жанда
Кімді көп жұрт мақтаса.
Ол мақтаудан не пайда
Көп мақтауын таппаса,
Көптің бәрі көп деме, көп те бөлек
Көп ит жеңіп көк итті күнде жемек…
Көптің аузын күзетсең күн көрмейсің…
Мал құмар көңлі - бек соқыр,
Ақыл таппак,, мал таппақ, адал жүрмек…
Арын сатқан мал үшін ант ұрғаннық (Абай) .
Жоғарыдағы жолдардағы көп есімі де, мал сөзі де ғылыми стильде, кеңсе, ресми, іс қағазы стильдерінде дәл мұндай дәрежеде қолданылмайды. Жалпы көп мағыналы сөзді сан алуан құбылтып, көбінесе көркем әдебиетте, сондай-ақ публицистикалық стиль мен ара-тұра сөйлеу тілінде, қоғамдық ғылым саласындағы зерттеулерде пайдалануға болады. Өйткені ауыс мағына да, ауыс мағынадан келіп шығатын көп мағыналық та әуелі соларда жиірек қалыптасады.
Көркем әдебиет стиліндегіге қарағанда көп мағыналы сөзді әсіресе қатар алып қолдану жағы публицистикалық стильде сирек ұшырасады.
“Моральдық басымдықты” қайткен күнде де қолдай отырып, күн сайын шамалы болса да табыстарға жетіп отыру керек (В. И. Ленин. Жастар туралы, 219-бет) . Сондықтан жұртшылық жұмысының болашағы бұлыңғыр, күні күңгірт еді (“Ғани Мұратбаев”, 1972) . Ал СССР чемпионаты мен кубогы жолындағы жарыстар да көп көңілінен шығуда (газеттен) .
Көп мағыналы сөз кейде ғылыми стильде де қолданылады. Мысалы сағат сөзі бір сөйлемде өзінің екі түрлі мағынасында да ара-тұра қолданылады.
Егер сағат әр сағат сайын согып отыратын болса, ол бір тәулік ішінде неше рет соғады (Алгебра) .
3. Полисемия мен омонимияның айырмашылығы
Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы (негіз) болады. Олар бұрынғы тура мағынасының үстіне жаңадан бір не бірнеше қосымша, яғни тура мағыналарға ие болып жатады. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да дамып, жетіліп, тілдің байлығы артады. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:
Бас (зат есім) - 1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі; 2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы; 3) таудың ең үсті; 4) өзеннің, бұлақтың басталған жері; 5) таяқтың ұшы; 6) балтаның, шоттың жүзі бар жағы; 7) бір нәрсенің айналасы.
Омонимия (грек homonymiа - аттас атаулар) - тіл білімінде мағыналары бөлек тіл бірліктерінің дыбыстық сәйкестілігі. Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер.
Омонимді мына мысалдан көруімізгі болады.
1. Жүз - жүз (сан есім) .
2. Жүз - өң, бет, әлпет (зат есім) .
3. Жүз - суда жүз (етістік) .
Полисемия мен омонимдерді бір - бірінен ажырата білу қажет. Бұларды бір - бірінен ажырату мәселесі тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселеле болып табылады. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар - омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер. Бұл омонимдер құбылысының қатарында қарастырылғанда, сөздердің, сондай-ақ кейбір сөз тіркестерінің орфографиялық жағы мен орфоэпиялық жағының ара қатынасы ескеріледі.
К. Аханов омонимдердің төрт түрлі пайда болу жолын көрсеткен.
1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика - семантикалық тәсілі арқылы пайда болған. 2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшарап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған. 3) Омонимдер сөздердің түбірлеріне омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады. 4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады. Омонимдік қатарға енетін сөздердің өзгеру, түрлену, түрлену жүйелерінің бір-біріне қаншалықты дәрежеде сәйкес келуіне қарай омонимдер лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалық омонимдер және аралас омонимдер деп аталады.
Полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырата білу керек. Бұларды бір-бірінен ажырату проблемасы тіл білімінде өте-мөте күрделі мәселе болып саналады. Сөздіктерді жасауда бірде-бір лексикограф (сөздік жасаудың маманы) полисемия мен омонимияны бір-бірінен ажырату проблемасына соқпай өтпейді.
Лексикалық омонимдер айтылуы бірдей, бірақ мағыналары (семалары) бөлек сөздер. Омонимдердің айрықша түрлері болады. Олар - омофондар мен омографтар, омофоралар мен паронимдер.
Сөздің мағыналық жағынан дамуына сыртқы себептер де ықпал етеді. әсіресе, сөздің мағынасының өзгеруіне ішкі себептерден гөрі сыртқы себептер көбірек әсер ететіндігі байқалады. Сөз мағынасының ішкі (линвистикалық) өзгерістерінің бір себебі, жаңа сөз немесе жаңа мағына сөздік құрамға келіп қосылғанда, бұрыннан тілде бар сөздердің мағыналары мен өзара қарым - қатынасқа түсіп, солармен синонимдік байланыста жұмсалады. Мұндай жағдайда байланыс екі жағдайда болуы мүмкін. Сөздік құрамға келіп қосылған жаңа сөз не жаңа мағына бұрыннан тілде өмір сүріп келе жатқан байырғы сөздер мен байырғы мағыналардың жаңа сөздер мен жаңа мағыналарға да сондай әсері болуы ықтымал.
Сөз мағынасының дамуы нәтижесінде мағына не кеңейіп, не тарайып отыру заңдылықтары туады. Сөз мағынасының кеңеюі деп сөздің тұлғасын өзгертпей-ақ бұрыннан белгілі мағынасының үстіне жаңа қосымша мағыналарға ие болуын айтамыз. Ол негізінде метафоралық, метонимиялық, синекдохалық тәсілдер арқылы іске асады. Осы күні жиі айтылатын, қарау, табыс, табыс, жарыс, мүше, құру, құрылыс, қатынас, байланыс, жұрнақ, жалғау, тасымал, айналым, құн т. б. бәрі де халықтық бұрынғы мағынасының негізінде жаңа мағынаға ие болған сөздер.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz