Корпорациялардың қаржы механизмі
жоспар
кіріспе
I БөлІм. Корпоративтік қаржы: ұйымдастыру принциптері және олардың қаржылық ортасының мазмұны
1.1 Корпоративтік қаржылыр ұғымы мен мазмұны, ұйымдастыру қағидаттары, олардың функциялары
1.2 Корпорациялардың қаржы механизмі
II БӨлІм. Корпоративтік қаржы функциялары
2.1 Ақшаның уақытша құндылығы түсінігі. Компания капиталының нақтылы (ағымдағы) және болашақтағы құны
2.2 Дисконттау және компаудинг
2.3 Жай және күрделі пайыздық мөлшерлемелер
2.4 Жай және күрделі есептік пайыздық мөлшерлемелер
III бӨлІм. Корпорациялардың негізгі және айналым капиталы
3.1 Негізгі капиталдың түсінігі және қаржыны ұйымдастырудағы ролі. Негізгі қорлар мен материалдық емес активтердің құрамы мен құрылымы
3.2 Амортизация, оның есептелуі және негізгі капиталды жаңартудағы ролі
3.3 Айналым капиталының маңызы, жіктелуі. Айналым капиталын ұйымдастыру принциптері
3.4 Нормаланатын және нормаланбайтын айналым капиталы. Өндірістік қорлар, несиелік қарыздар, ақшалай қаражаттар
Қорытынды
ӘДЕБИЕТТЕР
кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан экономикасының әлемдік шаруашылық қатынастарына, интеграциялық үрдістерге кірігуі отандық кәсіпорындардан, әсіресе ірі өндірістік бірлестіктер- корпорациялардан, қаржылық тұрақтылықтың жоғарғы деңгейін қажет етеді. Егер әрбір кәсіпорын экономикаға үлкен қаржылық нәтижелер әкелсе, онда экономика салаларының және мемлекеттің макроэкономикалық көрсеткіштері жоғарылайды. Сондықтан қазіргі кезде әрбір шаруашылық субъектісінің қаржылық қызметін басқару мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы - мемлекеттің қаржы жүйесінің ерекше саласы, орталықтандырылмаған бөлігін құрайды. Бұл ең алдымен жалпы қоғамдық өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық құрылатын материалдық өндіріс саласына қызмет көрсетумен айқындалады. Жоғары даму барысындағы бәсекелестік жағдайында кәсіпорын жағдайын бағалау бәсеке қабілеттіліктің қосымша факторы болып табылады және кез-келген саладағы қаржылық тұрақты кәсіпорындар санының өсуі экономиканың дамуы мен бюджетке төленетін тұрақты түсімдердің негізі болып табылады. Неғұрлым корпорацияның қаржылық жағдайы берік болса, соғұрлым жалпымемлекеттік және аймақтық ақша қорлары толығымен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік-мәдени және қоғамның басқа да қажеттіліктері жеткілікті қанағаттандырылады.
Корпорациялар деңгейіндегі қаржылық жүйесін басқарудың қажетті құралы ретінде қаржылық жағдайдың жалпы деңгейіне әсер ететін барлық факторлардың өзара байланысы алынады.
Курстық жұмыстың мақсаты - корпоративтік қаржылар ұғымдарын және корпоративтік қаржыны басқарудың негізгі механиздерін игеру, қаржылық қатынастарды түсіну, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылырының мәнін түсіну,негізгі капиталды, айналым капиталын басқаруды үйрету, корпорацияның қаржылық- шаруашылық, экономикалық әл-ауқатына жетудегі әдістері мен құралдарын қолдануды дарыту.
Курстық жұмыстың мазмұны меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу мен пайдалану, сондай-ақ негізгі және айналым капиталын, табысты бөлу және қайта бөлу барысында пайда болатын ақша қатынастарының жүйесін зерттеуге бағытталған.
Курстық жұмыс корпоративтік қаржылар ұғымын, мәнін, оның атқаратын қызметін түсінуге, кәсіпорынның қаржылық қатынастарын басқару мен бақылау, жоспарлау мен болжамдау әдістері мен қағидаларын тәжірибеде орынды қолдануға көмек көрсетеді.
I БӨЛІм. Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржылық ортасының мазмұны

Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы - мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша саласы, орталықтандырылмаған қаржы ресуртарының бір бөлігі. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің сипаты бойынша коммерциялық және коммерциялық емес негіздерде жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілер болып ажыратылады.
Коммерциялық кәсіпорындар қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі ақшалай қатынастардың жиынтығын айтады.
Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру келесі қағидаттарға негізделген:
1. Коммерциялық- шаруашылық есеп - кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық - қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылықты жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағмдаты шығындарды шаруашылық қызметтен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды қажет етеді.
2. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістерәне жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Кәсіпорынның болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржылық көрсеткіштерді егжейлі - тегжейлі пысықтаудың - жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (ұлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қоытындылаудың негіінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады.
3. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары - мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңи ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс - әрекет жасайды, мүлікті кез - келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.
4. Корпорацияның қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты басқаруың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.
Осы қағидаттарға негізделіп кәсіпорындар өздерінің қаржы механизмін қалыптастырады. Корпорацияның қаржы механизмі негізгі мақсаттарына жету және дамуы үшін қаржы қатынастарын ұйымдастыру нысандарының, қаржы ресурстарын қалыптастыру, тиімді пайдалану әдістерінің жиынтығы. Кәсіпорын қызметінің мақсаты - қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда табу.
Корпорацияның қаржысы қаржы қатынастарын ұйымдастырудың түрлерін, нысандарын және әдістерін пайдаланудан қалыптасады.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.
Корпорацияның қаржысы келесі функцияларды орындайды:
- негізгі және айналым капиталын табыстар мен ақша қаражат қорларын қалыптастыру негізінде қамтамасыз ету (жинақтаушы функция);
- табыстар мен ақша қаражат қорларын пайдалану (бөлу функциясы);
- бақылау функциясы.
Корпорацияның қаржы қорларындағы белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттары үнемі қозғалыста болады: түседі, жинақталады, жұмсалады.
Кәсіпорындар үшін маңызды қорлар: жарғылық қор, резервтік капиталдар, қорлану қоры, тұтыну қоры, валюталық, жөндеу қорлары.
Шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржысына тән негізгі белгілерді профессор К.К.Ильясов пен В.Д.Мельников келесідей анықтаған: 1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы;
2) өндірістік капиталдардың міндетті болуы;
3) жоғары белсенділік;
4) шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады.
ішкі
Кәсіпорын қаржылық дамуына әсер
ететін факторлар
сыртқы
Демографиялық жағдай;
Экономикасының жағдайы;
Бүкіл әлем мен мемлекет шекарасындағы инфляцияның жоғарғы деңгейі;
Саяси тұрақтылық және ішкі саясаттың бағыттылығы;
Ғылым мен техника деңгейі;
Халықтың мәдениеттілік деңгейі мен ұлттық дәстүрлер;
Бизнес бойынша серіктестердің қаржылық жағдайы;
Халықаралық жағдай.
Инвестициялық
Қаржылық
Операциялық
Тиімсіз қаржылық стратегия;
Активтердің тиімсіз құрылымы;
Қарыз капиталының жоғарғы үлесі;
Дебиторлық қарыздың өсуі;
Қаржылық тәуекелдердің мүмкін болатын шекті деңгейлерінен жоғарлауы;
Тиімсіз қаржы менеджменті.
Тиімсіз қор портфелі;
Аяқталмаған құрылыстардың едәуір ұзақтығы;
Инвестициялық ресурстардың қайташығындалуы;
Инвестициялық жобалар бойынша жоспарланған табыс көлемін алмау;
Тиімсіз инвестициялық менеджмент.
Тиімсіз маркетинг;
Ағымдық шығындардың тиімсіз құрылымы;
НҚ-ды пайдаланудың төменгі деңгейі;
Сақтандыру және маусымдық қорлардың жоғарғы деңгейі;
Жеткіліксіз диверсификацияланған өнім ассортименті;
Тиімсіз өндірісітік менеджмент.
Сурет 1- Кәсіпорын қаржылық дамуына әсер ететін факторлар
1.2 Корпорациялардың қаржы механизмі
Корпорацияның қаржы механизмі - қаржы әдістерінің көмегімен қаржы тұтқаларын пайдалану арқылы корпорацияның қаржы қатынастарын басқару жүйесі.
Корпорацияның қаржы қатынастары көп қырлы, олардың нысандары мен мақсатты бағыттары сан алуан. Корпорацияның қаржы қатынастары корпорацияның қаржылық-шаруашылық қызметі процесінде пайда болады, олар келесі ақша қатынастарының тобынан құрылады:
1) басқа шаруашылық жүргізуші субьектілермен;
2) кәсіпорынның еңбек ресурстарымен;
3) мемлекетпен;
4) қаржылық - несиелік мекемелермен, ұйымдармен;
5) құрылтайшылармен.
Корпорацияның қаржы механизмінің элементтері мыналар: қаржы қатынастары, қаржы әдістері, қаржы тұтқалары.
Корпорациялардың қаржы қатынастары көп қырлы, олардың нысандары мен мақсатты бағыттары сан алуан. Корпорацияның қаржы қатынастары корпорацияның қаржылық-шаруашылық қызметі процесінде пайда болады, олар келесі ақша қатынастарының тобынан құрылады:
6) басқа шаруашылық жүргізуші субьектілермен;
7) кәсіпорынның еңбек ресурстарымен;
8) мемлекетпен;
9) қаржылық - несиелік мекемелермен, ұйымдармен;
10) құрылтайшылармен.
Қаржы әдістері- қаржы қатынастарына әсер ету тәсілдерінің жиынтығы. Қаржы әдістерінің негізгілері мыналар: қаржылық жоспарлау, қаржылық болжау, қаржылық реттеу, қаржылық бақылау, қаржылық талдау, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық есеп, инвестициялық бағдарламалар, бағалы қағаздар шығару, салық салу, бухгалтерлік есеп-қисап жүйелері, сақтандыру.
Қаржы тұтқалары - кәсіпорынның шаруашылық қызметіне әсер етуші қаржылық көрсеткіштерінің жүйесі. Олар: таза табыс, қаржылық санкциялар, баға, дивидендтер, пайыздар, еңбек ақы, т.б.
II БӨЛІМ. Қаржылық - несиелік шешімдерді қабылдаудағы қаржылық- экономикалық есептеулердің математикалық негіздері

Қаржылық операцияларға қатысатын ақшалай ресурстардың уақыт аралық құндылығы бар. Кез - келген қаржылық операцияның тиімділігін пайыздық мөлшерлеме арқылы сипаттауға болады.
Пайыздық ақшалар - капиталды түрлі нысанда қарызға беруден немесе капиталды инвестициялаудан түсетін кіріс.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер мен ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздарды бағалау және көрсету қажеттілігі ақшаның уақытша кұнын анықтау әдістемесімен байланысты. Ақшаның уақытша құны теориясы әр актив болашақта экономикалық пайда әкелетін ресурс болып табылады деген тұжырыммен байланысты.
Уақытша құнның 6 анықтамасын ажыратады:
Ағымдағы құн - болашақта алынатын қаржылық кұралдардың ағымдағы құны.
Болашақ құн - бүгінгі күнгі қаржылык құралдарының болашақтағы құны.
Төлемдер - әр уақыт кезеңінің соңында алынатын сома.
Пайыз мөлшерлемесі - болашақ немесе ағымдағы кұнда анықтау үшін қолданылатын пайыз мөлшерлемесі немесе дисконт мөлшерлемесі.
Уақыттық кезең - каржы құралдарының ағымдағы және болашақ құнын есептеу үшін қолданылатын кезеңдер саны. әдетте 1 жыл алынады, алайда 1 айға дейін қысқартылуы мүмкін. Жылдык пайыз мөлшерлемесі уақыт кезеңінің ұзақтығына сәйкестендірілуі қажет.
6. Аннуитет - тең кезеңдік төлемдерді сипаттау үшін қолданылатын термин. Мұндай төлемдер түсім ретінде де, төлем ретінде де қолданылуы мүмкін.
Ақшаның уақытша қүнының принциптерінен 2 салдар шығады:
:: Қаржылық операциялар кезіндегі уақыт факторын есепке алудың қажеттілігі;
:: Әр түрлі кезеңдердегі ақшалай көлемдерді қосудың сәйкессіздігі.
Пайыздық мөлшерлеме өсімнің (FV) базалық капитал мәніне ( PV ) қатынасымен анықталады.
Есептік мөлшерлеме пайыз есептеу қарқындылығын сипаттайтын шама, өсімнің қайтарылатын немесе өскен FV шамасына қатынасымен анықталады.
Өсім коэффициенті - бастапқы капитал қанша есеге өскенін көрсететін көрсеткіш.
Есептеу кезеңі - пайыз есептелетін (кіріс алынатын) уақыт аралығы. Есептеу кезеңі ақша берілетін мерзіммен үйлеседі, есептеу аралықтарына (интервалына) бөлінуі мүмкін.
Есептеу аралығы (интервалы) - пайыз есептелетін ең аз уақыт мерзімі.
Пайызды анықтау мен есептеудің декурсивті және антисипативті тәсілдері қолданылады.
Декурсивті (кері бағамдық) тәсілде пайыз әрбір есептеу аралығының соңында есептеледі. Оның мөлшері берілетін капиталдың мөлшеріне орай анықталады. Кері бағамдық пайыздық мөлшерлеме берілген аралықта есептелген табыс сомасының осы аралықтың басындағы сомаға пайыздық
катынасы болып табылады (і = ІРV ).
Антисипативтік тәсілде пайыз әрбір есептеу аралығының басында есептеледі. Пайыздық ақшаның сомасы өскен сомаға орай анықталады. Берілген аралық үшін төленетін табыс сомасының осы аралықта алынған өскен сома мөлшеріне пайыздық қатынасы есептік пайыздық мөлшерлеме болып табылады. Осы тәсілмен анықталған пайыздық мөлшерлеме есептік мөлшерлеме немесе антисипативтік пайыз деп аталады (d = DFV )
Әлемдік практикада пайыздың кері бағамдық есептеу тәсілі кеңінен қолданылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде пайыз есептеудің антисипативтік әдісі, әдетте, инфляция жоғары кезеңдерде қолданылды.
Пайыз есептеудің екі тәсілінде пайыздық мөлшерлеме жай және күрделі болады. Егер есептелетін бүкіл кезең бойына сол бір бастапқы қарыз ақша сомасына колданылса, онда пайыздық мөлшерлеме жай пайыздық мөлшерлеме деп аталады. Егер әрбір есептеу аралығы өткеннен кейін қарыз ақша сомасына және өткен аралықтар үчшін есептелген пайызға қолданылса, онда пайыздық мөлшерлеме күрделі пайыздық мөлшерлеме деп аталады.
Қаржылық операцияларда дисконттау коэффициенті ретінде пайыздық мөлшерлеме (математикалық дисконттау) немесе есептік мөлшерлеме (банктік дисконттау) қолданылады.
Жай пайыздар сызбасы есептеу жүргізілетін базаның өзгеріссіз қалатынын қарастырады.
Күрделі пайыздар сызбасы капитализацияны қарастырады, яғни есептеу жүргізілетін база тұрақты түрде өсіп отырады.
Күрделі пайыздардың жиі есептелуі өсірілген соманың тез ұлғаюына әкеледі.
Несие берілген және несие қайтарылған күн бір күн деп алынады. Тура пайыз күндердің тура санына негізделіп есептеледі, ал қарапайым - жыл ішіндегі күндер саны жуықталып алынады.
Несиені есептеуде келесі нұсқалар болуы мүмкін:
несиенің өсірілген қайтарылатын сомасын есептеуде дәл күндер саны пайдаланылады, ол жылдың әрбір күннің рет нөмірі көрсетілген арнайы кесте бойынша анықталады; қарыз аяқталатын тиісті күннің нөмірінен бірінші күннің нөмірі шегеріледі;
несиенің өсірілген қайтарылатын сомасын есептеуде несиені пайдаланудың жуықталған күн саны алынады, яғни бір айдың ұзақтығы 30 күнге тең болады деп қабылданады; бұл әдіс қарыз ішінара өтелгенде, нақты дәлділік талап етілмеген жағдайда қолданылады.
Жыл саны бөлшек болып келетін пайыздар есептелгенде аралыс сызбаны қолдану тиімді, себебі күрделі пайыздар бүтін санға, ал жай пайыздар бөлшек санға есептеледі.
Тиімді пайыздық мөлшерлемелер есептеудің әр жиілігінде және әр түрлі пайыздық мөлшерлемелерде қаржылық операцияларды салыстыруға мүмкіндік береді.
і пайыздық мөлшерлеменің үлкен емес мәндерінде жетпіс екіні і мөлшерлемеге бөлу арқылы бастапқы сома күрделі пайыздық мөлшерлемені (ереже бойынша 72) қолданып есептегендегі өсімінің период санын көрсетеді.
2.2 Дисконттау және компаудинг
Кез келген қаржылық операцияларда үш шама FV, PV, і беріледі. Олардың екеуі беріледі, ал үшіншicі анықталуы тиіс. Алғашқы алынған қарыз сомасы мен пайыздық мөлшерлеме мәні беріліп, ұлғайған соманы анықтау процесі компаудинг, яғни өсіру процесі деп аталады. Болашақта ұлғайған соманың мәні мен пайыздық мөлшерлеме (дисконттау коэффициенті) мәні беріліп, алғашқы алынған қарыз сомасын анықтау процесі дисконттау деп аталады. Бірінші жағдайда ақшалай ағынның қозғалысы, ал екіншісінде болашақтағы соманың нақтыға айналуы қарастырылады.
Компаудингтің, яғни өсіру процесінің экономикалық мәні инвестордың операция соңында қалайтын немесе алатын сомасының мөлшерін есептеуде жатыр. r пайыздық мөлшерлемесін пайдаланудан келесі анықталады,
FV = PV+ PV*і және PV*і 0,
сонымен, уақыт ақшаны өзгерте алады, яғни ақша уақытша құндылыққа ие болады.
Дисконттаудың экономикалық мәні әртүрлі есептеу аралықтарында әр түрлі ақшалай ағынның қозғалысын уақытпен реттеуге негізделеді. Дисконттау коэффициенті инвестицияланатын капиталдан әр жыл сайын қанша қайтару пайызын қалайтынын немесе алатынын көрсетеді. Мұнда анықталатын PV болашақтағы FV мөлшерінің қазіргі мәнін көрсетеді.
Ссудалық - қарыздық операциялар коммерциялық есептеулердің негізін салады. Осындай операцияларда ақшаның уақытша құндылығы көрінеді.

Ссудалық жай пайыздық мөлшерлемелер әдетте қысқа мерзімді қаржылық операцияда қолданылады.
Қарыз берушіге жыл сайын пайыздарды есептеуде келесі жағдайлар тиімді болады:
- ссуда мерзімі бір жылдан аз болса, онда жай пайыздарды есептеу сызбасы тиімді;
- ссуда мерзімі бір жылдан артық болса, онда күрделі пайыздар сызбасы тиімді;
- есептеу мерзімі бір жыл және пайыздарды біржолғы есептеу кезінде екі сызба да бірдей нәтиже береді.
Келесі көрсеткіштерді қарастырайық:
i (%) - ссудалық пайыздың жылдық жай мөлшерлемесі;
i - жылдық мөлшерлеменің салыстырмалы мәні;
I - барлық кезеңдегі жиынтық пайыздың ақшалай сомасы;
Іж - жыл бойы төленетін пайыздық ақша сомасы
РV - бастапқы ақшалай соманың көлемі;
FV - ұлғайған сома;
k - өсім коэффициенті;
n - жыл саны;
d - есептеу кезеңінің күнмен саналған ұзақтығы;
К - бір жылдың күнтізбелік ұзақтығы (күндер).
Ссуданы қарызға беру және оны қайтару уақыты әр уақытта 1 күн бойынша есептеледі. Осыған байланысты 2 нұсқа қарастырайық:
1 нұсқа. Күндер санын белгілі бір кесте арқылы есептелелі. Ол кестеде әр күннің ретті сандары бар. Сол арқылы ссуданы қайтару уақыты нақты есептеледі.
2 нұсқа. Мұнда 1 айда 30 күн бар деп есептеледі. Бұл көбінесе қарызды бөлшектеп қайтару кезінде қолданылады.
Келесі формулалардағы қатыстырайық:
i(%)= I2 p* 100% (2.1)
i= Iжp (2.2)
I=Iж*n (2.3)
FV=PV+I (2.4)
k=FVPV (2.5)
n=dK (2.6)
Осы формулаларды қолдана отырып жай пайыздық мөлшерлемені пайдаланып есептеуде төмендегі негізгі формулаларды аламыз:
FV=PV*(1+ni), (2.7)
Немесе
FV=PV(1+dK *i) (2.8)
Тәжірибиде, керісінше ұлғайған сома белгілі болып, алғашқы ақша сомасының көлемін табу керек болады.
Ұлғайған сома FV арқылы қазіргі РV сомасын табу дисконттау деп аталады. Ал болашақ FV сомасын табу компаундинг деп аталады.
Пайыздық молшерлемеларды есептеуде математикалық дисконттау түсінігі жиі кездеседі. Бірақ ол есептік молшерлемеларда қолданылмайды.
(2.7) формуладан дисконттау формуласын аламыз:
PV= FV (1+ni) (2.9)
Мысал №1. Банк 10млн.теңге ссуда 2 жылға 20 % жай пайыздық мөлшерлемемен берген. Банкке қайтарылатын соманы анықтау керек.
Шешуі:
FV=PV*(1+ni), FV=10млн.теңге * (1+ 2*0,20)= 14млн.теңге.
Мысал№2. 500мың теңге банктік ссуда 1 наурыздан 1 маусымға 18% жай жылдық пайыздық мөлшерлемемен берілген. Банкке қайтарылатын соманы анықтау керек.
Шешуі:
FV=PV(1+dK *i) формуласын пайдаланамыз.
Алдымен несие берілген тәуліктер санын анықтаймыз: d=31+30+31= 92 тәулік.
FV=500мың теңге *(1+92365 * 0,18)= 522,68 мың теңге
Жылдық табыс бастапқы инвестицияланған сомаға емес, бұрын есептелген пайыздарды қоса алынған жалпы сома арқылы анықталса, онда инвестициялар күрделі пайыздық мөлшерлеме шартымен алынғаны. Мұндай жағдайда пайыздардың капитализациясы жүргізіледі, пайыз есептелетін база өсіп отырады. n - ші жылдың соңында инвестицияланған капитал келесі формулаларды аламыз:
FV = PV(1+i)n (2.10)
Қаржылық шешім қабылдауда күрделі пайыздық мөлшерлемені есептеу формуласы негізгі болып саналады, келісімдерде жылдық пайыздық мөлшерлеме мен оны есептеу саны белгіленеді. Күрделі пайыздық мөлшерлеме арқылы өскен сома:
FV=PV(1+іmjm)nm (2.11)
Мұнда m- бір жыл ішіндегі есептеулер саны.
Егер есептеу аралықтарының мерзімі бүтін жыл саны болмаса, онда есептеу формуласының түрі мынадай болады:
FV=PV(1+іjm)w(1+іf) (2.12)
Мұнда w- есептеу аралығының бүтін бөлігі,
f- қалдық бөлігі,
Сонымен, n = (w+f) , есептеу кезеңдерінің бүтін саны үшін күрделі пайыз формуласы, ал қалған бөлік үшін - жай пайыз формуласы пайдаланылады.
Егер есептеу аралықтарының мерзімі бүтін жыл саны болмаса, онда формуласы келесідей болады:
FV=PV(1+іmjm)wm(1+f·im) (2.13)

Пайыз арқылы алынатын табыс несие беру кезінде төленсе, онда мұндай есептесу нысаны есептік деп, ал қолданылатын пайыздар аванстық немесе антисипативтік деп аталады. Бұл тәсілде пайыздар есептеу аралығы өткеннен кейін алынатын сомаға байланысты, яғни өскен сомаға қолданылады. Есептік (дисконтты) мөлшерлеме бойынша алынған табыс, яғни несиенің қайтарылатын мөлшері мен қарызға алынған соманың арасындағы айырма дисконт деп аталады.
Төмендегілер:
d(%) - жай жылдық есептік мөлшерлеме ;
d - есептік мөлшерлеменің салыстырмалы мөлшері;
Dж - жыл ішінде төленетін пайыздық ақшаның сомасы;
D - пайыздық ақшаның жалпы сомасы;

FV - қайтарылуға тиіс сома;
РV - қарызға алынатын сома.
Сонда несиенің қайтарылатын мөлшерін есептеуде келесі формулалар алынады:
FV=PV(1-nd), (2.14)
немесе
FV=PV(1-dK *d) (2.15)
Күрделі есептік пайыздық мөлшерлеме бойынша компаудинг пен дисконттау келесі формулалар бойынша жүзеге асырылады:
FV = PV(1-d)n
PV = FV(1-d)n
Әдебиетте есептеудің декурсивті әдісінде қарыз алушы үшін тиімді, ал антисипативті - несие беруші үшін тиімді деген тұжырымдаманы жиі кездестіруге болады. Бұны тек қана алшақтық елеулі болмағанда үлкен емес пайыздық мөлшерлемелерге сәйкес келеді деп санауға болады. Бірақ пайыздық мөлшерлеменің ұлғаюымен өсірілген соманың мөлшеріндегі айырмашылық үлкен болады (бұл жағдайда ол n-нің өсуімен бірге өседі) және екі әдісті пайдалылық көзқарасынан салыстыру өз мәнін жоғалтады.
Декурсивті әдісте сияқты, антисипативті пайыздарды есептеудің әр түрлі тәсілдері болуы мүмкін (қысқа аралықта - бір жылдан аз - есептеу, жылына m рет есептеу және т.б.). Оларға дәл сондай түрмен алынған формулалар сәйкес келеді.
Осылайша, есептеу аралықтарының мерзімі бүтін жыл саны болып табылмайтын есептеу аралығы үшін мына формуланы аламыз:
FV=PV(1-іjm)w(1-іf) (2.16)
III БӨЛІМ. Корпорациялардың негізгі капиталы

Капитал салымдарының нәтижесінде кәсіпорында ( корпорацияда ) негізгі және айналым капиталдар қалыптасады. Атқарылуы үдерісінде негізгі капитал айналыстан тыс активтер формасын, ал айналыс капиталы айналымдағы активтер формасын қабылдайды.
Негізгі капитал құрамында материалдық активтер, орнатылатын құрал-жабдықтар және материалдық құндылықтарға табысты салымдар кіреді. Негізгі капитал - бұл материалдық заттық құндылықтарға ақша құралдарының жиынтығы, кәсіпорынның ( корпорацияның ) щаруашылық іс-әрекеті үдерісінде ұзақ уақыт қатысады, және ұзақ уақыт бойы ( 1 жылдан жоғары ) өз құнын дайын өнімнен біртіндеп шығарып отырады.
Кәсіпорында алғашқы капитал салымдары негізгі құралдарға жүргізіледі. Осының нәтижесінде бизнес жүйесі атқарылады және дамиды. Бүгінгі күнде табыс табу, негізгі және айналым құралдарына капитал салымдары шешімдерінің дұрыстығына байланысты. Мұндай шешімдер кәсіпорын операцияларының әрекет етуіне, жұмыс істеуіне дейін қабылданады.
Айналымнан тыс актив және негізгі капитал деген ұғымдар барабар болып табылады. Негізгі капиталға: материалдық емес актив; жаңа ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция (салым); негізгі құрал-жабдық, оның ішінде аяқталмаған ұзақ мерзімді инвестиция кіреді.
Негізгі капитал
(айналымнан тыс активтер)
Негізгі құралдар
Материалдық емес
активтер
Ұзақ мерзімді
қаржылық
инвестициялар
Аяқталмаған ұзақ
мерзімді инвестициялар
Сурет 2- Негізгі капиталдың құрамы
Негізгі құралдар қызметіне, құрамына, функциясына байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
oo ғимараттар;
oo құрылыстар;
oo қондырғылар;
oo машина және құрал-жабдықтар, сонымен қатар ауыр жұмыс құралдары;
oo өлшеуіш және реттеуіш аспаптары;
oo есептеу техникасы;
oo көлік құралдары;
oo өндірістік құрал-саймандар және жабдықтар;
oo басқа да негізгі құралдар.
Өндірістік процеске қатысты және оған тікелей байланысты өндірістік негізгі құралдар активтік ( өндірістік жер телімдерінің шешімдеріне қызмет етеді және кәсіпорынның өндірістік мүмкіншіліктерін мінездейді ) және пассивтік ( ғимарат, құрылыс, құрал - сайман, негізгі қорлардың активтік элементтерін тұрақты атқарылуын қамтамасыз етеді.
Негізгі құралдар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялардың кәсіпорынның қаржылық жағдайына және жұмыс нәтижесіне көп жоспарлы әрі жан-жақты әсер етеді. Мұндай әсерлерге сипттама келесі №1 кестеде көрсетілген.
Кесте 1- Негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялардың кәсіпорынның қаржылық жағдайына және жұмыс нәтижесіне жан-жақты әсері
Операция мазмұны
Кәсіпорынның қаржылық жағдайына және жұмыс нәтижәсіне әсері
1
2
Негізгі құралдар түсімі
Негізгі құралдарды заңды және жеке тұлғадан өтеусіз алу.
Кәсіпорынның меншікті капиталының көлемі ұлғаяды. Бұл қаржылық жағдайының тұрақтылығына алып келеді. Екінші жағынан өнімнің өзіндік құнын жөндеуге амортизациялық шығарылымдар және шығындар көп бөлінеді. Өтеусіз алынған негізгі құралдарға қор қайтарымы аз болса, онда табыстылығы және тиімділігі азаяды.
Негізгі құралдарды сатып алу.
Кәсіпорынның айналыстан тыс активтері көбейеді, кәсіпорындағы капитал құрылымы өзгереді. Жалпы алғанда барлық капитал айналымы бәсеңдейді, өте икемді активтердің көлемі азаяды, төлемдік қабілет нашарлайды. Өндірістік шығындар транспорттық құралдарға салынатын салық сомасы бойынша көбейеді
Негізгі құралдарды ұзақ мерзімді жалға алу.
Айналыстан тыс активтер сомасы және жалға берушілер алдындағы қарыз көбейеді. Уақыт өте жалға беретін нақты ақша сомасы жене жал бойынша пайыз азаяды. Таза табыс және жинақ қоры пайыз сомасы бойынша азаяды.
Негізгі құралдарды ағымдық жалға алу.
Айналыстан тыс активтер сомасы және жалға берушілер алдындағы қарыз көбейеді. Уақыт өтежалға беретін нақты ақша сомасы жене жал бойынша пайыз азаяды. Таза табыс және жинақ қоры пайыз сомасы бойынша азаяды. Жалға берушінің шығындары жал көлемі сомасына ұлғаяды ( егер жалға берушінің келісілген шартында болса )
Негізгі құралдардың істен шығуы
Негізгі құралдарды өтеусіз жалға алу.
Таза табыс немесе қор жинағы немесе өткен жылдағы анықталмаған табыс негізгі құралдардың қалдық құнына азаяды. Оған қосылған құралдардың істен шығуы қосылған ҚҚС. Негізгі құралдардың сомасы азаяды.
Кестенің жалғасы
Еншілес кәсіпорынның жарғылық капиталына салым салу.
Салым қалдық баға келісімінен жоғары болса, онда кәсіпорынның өндірістік емес кірістері өседі. Басқаша айтқанда, залал таза табыстың немесе қор жинағының азаюына қатысты болады.
Негізгі құралдарды сату.
басқада өндірістен қаржылық нәтиже қалыптасады ( пайда немесе залал ). Ол кәсіпорынның табыс балансының ұлғаюына ( төмендеуіне ) әсер етеді. Негізгі құралдар көлемі азаяды, баланс өтімділігі жоғарылайды, барлық капитал айналымы тездетіледі.
Негізгі құралдарды жою.
Әрбір жойылған обьекті бойынша қаржылық нәтиже көрінеді. Кәсіпорынның меншік көзі ҚҚС бойынша бюджетке төленбеген соммаға және жойылатын обьектінің амортизацияланбаған соммасына азаяды.
Негізгі құралдарды қолдануда қаржылық көрсеткіштер келесі топтарға бөлінеді:
oo Негізгі құралдардың көлемі, құрылымы және динамикасы бойынша көрсеткіштер.
oo Негізгі құралдардың өндірісі және айналысы бойынша көрсеткіштер.
oo Негізгі құралдарды тиімді пайдалану көрсеткіштері.
oo Негізгі құралдарды пайдалануға тұрақтандыруға кеткен шығындардың тиімділігінің көрсеткіштері.
Материалдық емес активтер - ұзақ мерзімді активтерінің бір түрі, ол физикалық мағынасы жоқ, бірақ шаруашылық жүргізуші субъект үшің бағалы актив.
Материалды емес активтерге болашақта табыс әкелетін құқықтар жатады. Олардың физикалық формасы жоқ және күтілетін пайдаға байланысты болады.
Материалды емес активтердің негізгі нысандары:
oo "Гудвилл" корпорацияның іскерлік аты;
oo патенттер, авторлық құқықтар, сауда маркалары, жалға алынған мүлікке құқықтар;
oo табиғи ресурстарды игеруге кететін шығындар құқықтары;
oo формулалар, технологиялар, нұсқалар;
oo ноу-хау;
oo тауарлық белгі;
oo лицензиялар;
oo мүліктік құндылықтардың басқа да түрлері.
Материалды емес активтерге сонымен қатар ұйымдастыру шығындары жатқызылуы мүмкін.
Халықаралық стандарттарға сәйкес материалды емес активтерді бағалаудың 2 әдісі бар:
* бағалау әдісі;
* мүмкін балама әдіс.
ҚР Заңнамасына сәйкес, материалды емес активтер бағаланады:
1. жарғылық капиталға салынған құрылтайшылар салымы жақтардың келісуімен жүргізіледі. Бағалаудың мұндай түрі тәуелсіз аудитормен расталуы қажет;
2. басқа шаруашылық субъектілері мен азаматтардан сатып алынғандар - сатып алу мен оларды дайын жағдайына келтіру кеткен шығындары;
3. басқа шаруашылық субъектілері мен азаматтардан сый ретінде алынғандар үшін бағалау сараптама немесе келісілген баға арқылы жүргізіледі.
Материалды емес активтердің амортизациясының сомасы үнемі аралығында бөлініп отырады:
* падалану мерзімінде;
* 10 жылда, бірінші тану күнінен бастап.
Материалды емес активтер құны оларды пайдалану мерзіміне байланысты амортизация есептеу арқылы өтеледі. Мына әдістер арқылы жүргізіледі:
* құнды біркелкі есептен шығару;
* өндірістік әдіс;
* жеделдетіп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz