Локальды есептеу желілері


Жоспар:
Кіріспе
1 Компьютерлік желілер технологиясы
1. 1. Компьютерлік желілер түрлері
1. 1. 2 Желіні физикалық құру
1. 1. 3 Желіні логикалық құру
1. 2 Сегменттеу арқылы ішкі желі қорғанысын күшейту
1. 3 Күрделі желілер
2 Хаттамалар
2. 1 OSI үлгісінің деңгейлерінің өзара әсірлесуі
2. 2 Желілік хаттамалар
3 Эксперименттік бөлім
Екі немесе одан көп дербес компьютерді қосу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
3
5
5
9
10
17
19
21
21
24
28
28
32
33
Кіріспе
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев (2004 ж. Наурыз) халыққа арнаған Жолдауында компьютерлік сауатсыздықпен күресті өткен ғасырдың сонау 30-жылдарындағы жаппай сауатсыздықты жою мәселесімен теңеген болатын. Сол кезде қысқа мерзім ішінде түрлі методикалық нұсқаулар мен оқулықтар да басылып шықты. 2005-2007 жылдары еліміз «Электронды үкімет» құру ісіне кірісіп кетті.
Бүгінгі білім саласы қызметкерлері алдында тұрған міндет одан да күрделілеу. Бірақ, техникалық базамыз өткенмен салыстырғанда көш ілгері кеткені бәрімізге аян. Қазіргі таңда Президентіміздің тікелей тапсырмасы бойынша мектептерді бүкіләлемдік Интернет жүйесіне қосу жұмысы аяқталып келеді. Ал сол Интернетті оқу үрдісінде пайдаланудың әдістемесі әлі де жетілмеген деп айтуымызға да болады. Әрине, бұдан басқа байланыс жүйесінің ескіріп тозғаны, шалғайлығы, кейбір жерлерде мүлдем жоқтығы да қол байлау болатыны шындық. Интернетті білім саласында дамытуда өзге елдер (алысқа бармай-ақ көрші ТМД елдері: Ресей, Украина, Балтық жағалауы) ілгері кетті десек қателеспейміз. Бұған сол бүкіләлемдік Интернеттегі ақпараттар куә.
Күнделікті сабақты - қоғамның білім беру саласына қойып отырған әлеуметтік сұранысы ретінде қарастыратын болсақ, онда біз бүгінгі кезеңде мектеп бітіруші түлектің компьютерлік сауаттылғы «Дербес компьютерді қолданушы» ретінде жұмыс істеу деңгейіне көтерілдік. Бұл қоғамның рухани құндылықтары мен экономиканың даму деңгейінің бүгінгі күнгі талаптар. Білімді дайын күйінде беру кезеңі келмеске кеткені бәрімізге белгілі. Оқытудағы негізгі мәселе оқушының жаңа білімді іздену, түйсігімен қабылдау және өңдеуді өздігінен орындауына қойылып отыр.
Ақпараттың бүгінгі қоғамдағы алып отырған рөлі мен орны бізді білім беру мазмұнын басқа қырынан қарастыруға алып келді. Жаңа заман мұғалімі - оқу үрдісін ұйымдастырушы, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне көмекші, жетекші ретінде көрінуі керек. Әрине, Интернетке жаппай қосылу, оны сабақта қолдану салдарынан елімізде білім беру сапасының лезде жоғарылап кетуін де күтуге болмайды. Алайда, жаңа технологияларды білім беру саласында қолдану - қазіргі заман талабы.
Мектепте әрбір оқушыны «жеке тұлға» ретінде қарастыратын болсақ, әрбір оқушының да өзінің «сүйікті пәні» болатыны сөзсіз. Міне, осы Интернет баланың сүйікті пәнін өздігінен меңгеруіне көмектесіп мықты құрал ретінде қызмет етпек. Неге десеңіздер, Интернетте «Жоқ!» деген сөз мүлде болмайды. Ғылым және білім министрлігінің WWW. ENT. KZ сайты арқылы оқушының интерактивті режимде мұғалімсіз өздігінен тест тапсыруы осыған дәлел. Қазіргі кезде ұстаздар мен оқушылардың жалпы ақпараттық мәдениеттің бір бөлігі Интернет-технологиялар деп айтуға да толығынан болады.
ХХІ ғасыр ақпараттық білім кеңістігі енді-енді ғана толығу үстінде. Осы ақпараттық ресурстарды жүйелі түрде толтыру үшін тәжірибелі ұстаздар өз еңбектерін сандық түбінде сақтамай жалпыға бірдей көрсете білуі шарт. Шыны керек, мектептерде мұғалімдердің «папка» (жеке іс-қағаздар), шығармашылық есептер, буклеттер жинау үрдісі қалыптасқан. Әрине, бұл сөз жоқ әрбір ұстаздық өз маңдай терімен келген еңбегінің, талмай ізденуінің нәтижесі. Алайда, сол еңбектерді жұртшылықпен таныстыру үшін кітап (мейлі, «кітапша» немесе брошюра бола қойсын!. . ) қылып басып шығару ісі өте қиын екені бәрімізге белгілі. Папкалар мен буклеттерді тамыз маслихаттарына немесе арнайы өткізілетін семинарларға қатысушылар ғана көретіні де шындық.
Ақпараттар тасқыны күшейген, жаңа технологиялар өте жоғары қарқынмен дамып келе жатқан, дүбірлеген ХХІ ғасырда жас жеткіншектерді білім көкжиегіне жетелеуде заман көшінен қалып қоймасын дегім келеді!
Компьютерлік желілер. Желі не үшін қажет?
Әр қолданушыда, ол бағдарламаушы немесе қарапайым ойынқұмар болса да ешқашан керекті ресурстардың барлығы өз қолында бола бермейді. Біреулеріне жаңа құралдар және құжаттар керек. Енді біреулеріне - жылдам, әрі ыңғайлы ақпаратты жіберу керек, ал үшіншілеріне - жаңа бағдарламалар, жаңартулар «Мен не істеп қойдым, оны қалай дұрыстаймын?» деп сауал қою мүмкін. Ойынқұмарларға жаңа ойын алып, басқа ойыншылар - деймерлермен шайқасқысы келеді. Сонымен қатар барлығы тәулік бойғы арзан телефон қолданусыз Интернетті және жаңа жаңалықтарды алуды қалайды.
Дәл осы мүмкіндіктерді желі бере алады. Бірақ желінің ең басты ерекшелігі- өзіңді қызықтыратын ақпаратпен басқа адамдармен бөлісіп, олармен хабарласа алу.
Қазіргі желі біз үшін - бұл біз аңғармайтын түсінік. Біз оны жер немесе ауа сияқты, біздің өміріміздің міндетті түрдегі бір бөлігі сияқты аңғармаймыз.
1 Компьютерлік желілер технологиясы
1. 1 Компьютерлік желілер түрлері
Компьютерелрдің немесе басқа құрылымдардың біріктірілген тобын желі деп атайды. Компьютерлік желілердің негізгі қызметі ресурстарды ортақ пайдалану, бір немесе бірнеше өнеркәсіп ішінде және сырттай өзара интерактивті байланыс орнату. Ресурстар дегеніміз - берілгендер, қосымшалар, дискіжетек, принтер, манипулятор тетігі, модем сияқты сыртқы құрылғылар. Интерактивті байланыс түсінігі нақты уақыт аралығында хабарламалар алмасу процесін білдіреді.
Локальды және территорияға бөлшектенген желілер
Локальды желі (LAN) бір ғимараттағы ішінде орналасқан дербес компьютерлер мен принтерлерді байланыстырады (ғимараттардың комплексінің) . Территорияға бөлшектенген желілер (WAN) алыста орналасқан бірнеше локальды желіні біріктіреді.
Локальды желілер
Локальды желілер (ЛЖ) желілердің ішіндегі ең қарапайым дербес компьютерлердің тобын қуаты жоғары желілік сервер деп аталатын компьютермен қосады (1. 1-сурет) . Локальды желідегі барлық дербес компьютерлер желілік серверде сақталған арнайы қосымшаларды қолдануы және ортақ құрылғыларды, принтерлерді, факстерді пайдалануы мүмкін. Локальды желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желілік түйін деп аталады.
1. 1-сурет. Клиент-серверлік үлгі.
Локальды желілер жеке қолданушыларға өзара жеңіл және жылдам қарым-қатынас мүмкіндік береді. Локальды желінің кейбір қызметтері:
- құжаттармен ортақ жұмыс жасау;
- құжат алмасу процесін жеңілдету арқасында қолданушы өз жұмыс орнында отырып құжаттарды көріп шығуға, дұрыстауға, түсініктеме беруге мүмкіндік алады;
- сервердегі өз жұмысын сақтау және архивтеу;
- сервердегі қосымшаларға жеңіл кіру;
- принтерлер, CD-ROM дискіжетектері, қатты дискілер және қосымшалар (мысалы, мәтіндік редакторларды, мәліметтер қорының программалық жабдықталуын) сияқты жоғары бағаланатын ресурстарды ортақ пайдалану жеңілденеді.
Аймақтық бөлшектенген желілер.
Аймақтық бөлшектенген желілер локальды желілер сияқты артықшылықтар бере отырып үлкен территорияны қамтиды. Көбінесе ол үшін жалпылай қызмет көрсететін, модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік желі арқылы коммутацияланған телефон желісі қолданылады (PSTN, Public Switched Telephone Network ) және комплексті түрде қызмет көрсетеді (ISDN, Integrated Services Digital Network ) . ISDN көбінесе бейне немесе дыбыс түріндегі үлкен файлдарды тасымалдау қызметін атқарады (1. 2-сурет) .
1. 2-сурет. Аймақтық бөлшектенген желілер.
Негізгі локальды желілерге модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлік желі арқылы коммутацияланған телефон желісі арқылы жасалған аймақтық бөлшектенген желілердің функционалдылығын қосу арқылы сыртқы коммутациялардың артықшылығын пайдалануға болады, оның ішінде:
- хабарларды электрондық пошта арқылы қабылдау және жіберу (e-mail) ;
- Internet-ке кіру.
Internet көпшілікке кіру мүмкіндігін жасайтын бүкіл әлем қолданушыларын деректер, дыбыс және бейне қоймалармен қосатын ауқымды желі. Internet- тің негізгі функциялары электрондық пошта және зерттеулер мен қызығушылық орталары ортақ топтар арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ету болып табылады. Қазіргі кезде Internet қашықтан оқыту жүйелері және алыстан емдеу, диагностика сияқты дамушы дыбыстық және бейне қосымшаларын қолдайды.
Компьютерлік желінің сипаттамасы.
Кез келген компьютерлік желі:
- топологиясымен;
- хаттамаларымен;
- интерфейсімен;
- желілік техникалық және программалық құралдарымен сипатталады.
Компьютерлік желі топологиясы оның негізгі элементтерінің арасындағы құрылымдық байланысты көрсетеді.
Желілік техникалық құралдар - компьютерлерді ортақ компьютерлік желіге біріктіретін әртүрлі құрылымдар.
Желілік программалық құралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарады және онымен қолданушы арасында ыңғайлы ортаны қамтамасыз етеді.
Хаттамалар - желінің функционалдық элементтерінің өзара әсерлесуін көрсететін қағидалар.
Интерфейстер - желінің функционалдық элементтерін өзара қосатын құралдар. Функционалдық элементтер ретінде жеке құрылғылар немесе программалық модульдер қоданылуы мүмкін. Сондықтан да, программалық және жабдықтық интерфейстерді бөліп қарастырады.
Негізгі желілік топологиялар.
Желіні құру барысында оған қойылатын талаптарға сай төменде келтірілген желілік топологиялардың біреуі қолданылуы мүмкін.
1. 3-сурет. Негізгі желілік топологиялар.
Ортақ шина . Бірдей құқықты құралдар ортақ арнайы пайдаланады. Негізгі артықшылығы қарапайым және арзан. Негізгі кемшілігі арнаға енудің кезекпен ұйымдастырылуы. Бұл топология Интернет жүйесіндегі кең таралған бірдей құқықты қолданушылардың радиоарнасы.
Сақина . Арнайы қолданушылар бір немесе бірнеше тәуелсіз арна арқылы сақина түрінде біріктірілген. Біріншісі жалпы шина ұқсас. Айырмашылығы сақинадан жіберілетін деректерді жойып отыру керектігінде. Ең кең тарағаны Token Ring және FDDI технологиялары. Арнаға енуді басқаруды талап етеді. Екінші жағдайда деректер ретрансляциялаумен жіберіледі, бірақ станциялар бір-бірінен тәуелсіз деректер алмаса алады. Дерекетерді жіберетін екі жолдың болуы желі өнімділігін және сенімділігін арттырады. Сақина көбінесе ерекшеленіп бөлінген арналарда ұзақ қашықтықтарға қолданылады.
Толық байланыс. Әрбір қос түйін өзара жеке арна арқылы қосылған. Қымбат кабельдік жүйе болып есептеледі. Бұл арқылы жоғары өнімділікке, сенімділікке және жылдамдыққа жетуге болады. Телефон желісінде ортақ қолданылатын АТС құрған кезде пайдаланылады.
Ұяшықтық топологиясы ( mesh ) толық байланысқаннан кейбір байланыстарды алып тастау арқылы пайда болады. Бұл желіде тікелей тек деректер алмасу тығыз жүретін компьютерлер ғана байланысады да басқалары үшін аралық байланыс арналары қолданылады.
Тармақтық. Элементтердің функционалды қызметтеріне байланысты құруға және кабельді үнемдеуге жол ашады. Барлық күрделі жүйелердің құрамына кіреді.
Жұлдызша. Тармақтық құрылымның элементі болып келеді. Кабельдік жүйесінің қымбаттылығымен ерекшеленеді. Бұл көбінесе түйіндер алыс орналасқан кезде білінеді. Деректерді жіберу және адрестеу барысында туатын проблемаларды бір жерде жинақтауға мүмкіндік жасайды. Құрылымдық кабельдер жүйесінің, кеңтаралатын радиоарналарының негізі болып табылады.
Күрделі құрылым. Типтік және классикалық құрылымдардың жиынтығы.
Желілік техникалық құралдар.
Локальды және аймақтық бөлшектенген желілердің архитектурасымен байланысты негізгі компонеттер мен технологиялар:
- Кабельдер.
- Желілік интерфейстік тақша (NIC, Network Interface Card) .
- Концентраторлардан.
- Коммутаторлардан.
- Бағыттауыштардан (аймақтық бөлшектенген желілер) .
- Модемдерден (аймақтық бөлшектенген желілер) тұрады.
Кабельдер.
Иілгіш қос сым.
Иілгіш қос сым түріндегі кабель екі түрде кездеседі: экрандалған иілгіш қос сым (TP, Twisted Pair ) және экрандалмаған иілгіш қос сым (UTP, Unshielded Twisted Pair ) . Кабельдің екеуі де өзара байланған мыс сымдардан тұрады. Экрандалмаған иілгіш қос сым типті кабель өзінің арзандығымен, жұмсақтығымен, орнатуға жеңілділігімен белгілі. Бұл типті кабельдің жалғыз ғана кемшілігі электірлік және сымдардағы кедергілерге төтеп бере алмауын. Иілгіш қос сым типті кабельдер 3, 4 және 5 категориялы болып келеді. Категория нөмірі жоғарылаған сайын ол кабель жоғарғы жылдамдықты қолдайды.
Жіңішке және жуан коаксиальды кабель.
Бұл типті кабельдер теледидардың кабельдеріне ұқсас келеді. Олармен жұмыс істеу қиындық тудыратын болғандықтан, кейінгі кезде иілгіш қос сым түріндегі мен оптикалық талшықты кабельдер қолданылады.
Оптикалық талшықты кабельдер.
Оптикалық талшықты кабельдер пакет түріндегі деректерді 10, 100 немесе 1000 Мбит/с жылдамдықпен өткізеді. Деректер оптикалық талшықтар арқылы импульстар түрінде жіберіледі. Ол электр сымдарындағы кедергілерден қорғауды және деректерді алыс қашықтыққа жіберуді жақсы қамтамасыз ететіндіктен, көбінесе орталық магистральдық желілерде қолданылады.
Желілік интерфейстік тақша.
Желілік интерфейстік тақша (NIC, Network Interface Card) дербес және протативті компьютерлерге қойылады. Олар локальды желідегі басқа құрылымдармен байланысты қамтамасыз етеді. Өнім шығарушыларға әртүрлі талап қоятын дербес компьютерлерге арналған желілік тақшалардың түрлері көп.
Қазіргі заманғы желілік тақшалар (желілік адаптерлер) өнімділікті арттыруда, желідегі трафикке жауап беру кезіндегі үстемдікті анықтауда, трафик мониторингісінде үлкен рөл атқарады. Олар орталық станциядан алыстан екпіндету немесе конфигурацияларды алыстан өзгерту сияқты қызмет атқарады.
1. 1. 2 Желіні физикалық құру
Физикалық құру үшін мынадай құрылғылар қолданылады: қайталаушылар, концентраторлар.
Қайталаушылар.
Ақпараттар немесе электр сигналдары желі бойына кабельдің бір шетінен екінші шетіне өтуі арқылы тарайды. Бұндай да ештеңе қолданбаса, сигнал кабельдік бір шетіне барып шағылады. Ал сигнал шағылғанда басқа компьютерлер байланыса алмайды. Сол себепті кабельдің әр шеттеріне терминатор ( terminators ) деген құрылғыларды орнатады, олардың жұмысы осы сигналдарды шағылыстырмай, өзіне сіңіріп алу.
Желіні үлкейту үшін, кабельдерді ұзартады. Ұзарту кабельдің бір ұшына басқа кабельді қосады. Бұл екі жолмен орындалады. Біріншісі баррелконнектор (barrel connector), екіншісі қайталаушы (repeater) ( 1. 4-сурет) . Қайталаушы коннекторға қарағанда сигналды күшейтеді, келесі сегментке жібереді.
1. 4-сурет. Қайталаушы.
Концентраторлар.
Желінің тәртіптіленген кабельдік конфигурациясы кіретін барлық ДК-лер концентратор арқылы байланысады. Концентратор (hub) - көп кірісті құрылғы, жұмысы бірнеше ДК-лерді, яғни физикалық сегменттерді біріктіреді.
Желіні құру үшін концентраторлардан бастап орталық түйіннің қызметін атқаратын күрделі құрылымдар және әртүрлі стандарттар қолданылады (Ethernet, Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, FDDI) . Стектік, өсіруші концентраторлар желіні біртіндей ұзартуға мүмкіндік береді. Олар бірінің артына бірі кабельдер арқылы қосылады да бір концентратор сияқты жұмыс істейді.
Олар бір желілік сегменттің аймағын қолдай отырып, өздеріне қосылған қолданылушыларға бір жіберу жолағын ұсынады. Порттарды кіріктіруді пайдаланатын концентратор немесе сегментелінген концентраторлар қолданылушыларға концентратордың ішкі төрт сегментінің бірін ұсыну арқылы проблемаларды шешеді ( Super Stack II PS Hub ) . Мұндай үрді жіберу жолағын қолданушылар арасында дұрыс бөлуге және желіге түсетін ауырлықты теңдестіруге жол ашады.
Қосжылдамдықты концентраторлар ( dual speed ) желілік сегменттерді ортақ пайдаланатын қазіргі заманғы желілерде қолданылып жүр. Олар бар арналарды Ethernet 10 Мбит/с қолдай отырып, жаңадан пайда болған арналарды ( Fast Ethernet 100 Мбит/с) түсінеді және конфигурацияны қолдан икемдемей-ақ олардың қосылу жылдамдығын автоматты түрде қабылдайды. Бұл, мысалы, Ethernet- тен Fast Ethernet -ке өткен кезде қосылыстарды жаңалауды жеңілдетеді.
Сонымен қатар, концентратор кабельдерді қосқан кезде конфигурацияларды өзгерту, бұзылуларды табу, орталықтан басқару сияқты амалдарды орындауды жеңілдететін орталық нүктенің рөлін атқарады.
1. 1. 3 Желіні логикалық құру
Желінің қандай да бір сегменті үшін тек осы сегмент аймағында трафикті таратуды трафикті жергіліктендіру (бөлектеу) деп айтады. Желіні логикалық құру дегеніміз - оны трафикті жергіліктендіру (бөлектеу) арқылы сегменттерге бөлу процесі. Желіні логикалық құру үшін көпір, коммутатор, бағыттауыш, шлюз сияқты коммуникациялық құрылғылар қолданылады.
Көпір (bridge) желінің бөлінген ортасын логикалық сегменттер деп аталатын бөліктерге бөледі және ақпараттарды бір сегменттен екінші сегментке, егер ондай тасымалдау шынында да қажет болса, яғни, қабылдаушы компьютер басқа сегментте орналасқан жағдайда жібереді. Сонымен, көпір бір желінің трафигін екіншісінен бөледі де сол арқылы деректердің желі бойынша тасымалдану өнімділігін арттырады. Желіні жергіліктендіру оның өткізу мүмкіндігін үнемдеп қана қоймай, кадрлар өз сегментінен шықпайтындықтан, деректерге рұқсатсыз енуге тосқауыл болады.
Коммутатор - порттар арасындағы пакеттерді кірістіруді қамтамасыз ететін көппортты құрылым. Коммутатор өзіне қосылған әрбір құрылымға желінің өткізу жолағын түгелдей береді. Бұл өнімділікті арттыра отырып, сегментке хабарласатын қолданушылардың саны есебінен желінің жауап беретін уақытын азайтады. Егер олар жіберу жылдамдығын автоматты түрде танитын құрылғылармен қамтамасыз етілген болса, тиімді жылдамдыққа өздері икемделеді де конфигурацияны қолдан өзгертудің қажеті болмайды.
Коммутатор.
Коммутатордың көпірден негізгі айырмашылығы оның әрбір портында кадрларды көпір алгоритмі бойынша басқа порттың процессорларынан тәуелсіз өңдейтін арнайы процессор орналасқандығында және оны өз кезегінде коммуникациялық мультипроцессор деп те қарастыруға болады.
Әрбір портта қабылданатын барлық пакеттерді жан-жаққа тарататын концентраторлардан коммутаторлардың айырмашылығы олар пакеттерді тікелей арнайы құрылғыға (адресатқа) ғана жібереді, себебі желіге қосылған әрбір құрылғының МАС-адресін (Media Access Control) біледі. Соның нәтижесінде трафик азайып, желінің жалпы жіберу мүмкіндігі артады.
Қазіргі заманғы коммутаторлар трафиктің үстемдігін тағайындау, желіні басқару, көп адрес бойынша жіберу сияқты функцияларды да атқарады.
Көпірлер мен коммутаторларды қолдануға қойылатын шектеулер коммуникациялық құрылғылар қатарын бағыттауыштармен (router) толықтыруға әкеледі. Бағыттауыштар көпірлерге қарағанда неғұрлым сенімді және үнемді, желінің жеке бөліктерінің трафиктерін бір-бірінен бөледі. Бағыттауыштар жазық аппараттық емес, сандық адрестерді қолданатындықтан нақты адрестеу арқылы логикалық сегменттер құрады. Бұл адрестерде желі нөмірі өрісі көрсетілгендіктен, осы өрістің мәні бірдей компьютерлердің барлығы бір сегментке тиесілі ( subnet ) .
Бағыттауыштар жабық контурлы желіде бірнеше мүмкін бағыттар ішінен ең тиімді бағытты таңдау қызметін атқарады.
Атап өткен құрылғылардан басқа желінің жеке бөліктері шлюз ( gateway ) арқылы қосылады. Көбінесе әртүрлі типті жүйелік және қолданбалы программалық жабдықталған желілерді қосу қажет болған жағдайда шлюзді қолданады. Сонымен қатар шлюз кейбір қосымша эффектілер ретінде трафикті локализдейді.
Модемдер дербес компьютер қолданушыларының өзара ақпарат алмасу мүмкіндігіне ие болуын қамтамасыз етеді және Интернетке қосады. Модем термині құрылымның қызметіне қарай алынған және МОдулятор/ДЕМодулятор деп белгіленеді. Жалпы қолдануға арналған телефон желістерімен берілетін аналогтық сигналдардың дербес компьютерінен түскен цифрлік сигналдарды модем модульдейді, ал екінші модем, керісінше, желі соңында қабылдау барысында аналогтық сигналды цифрлік сигналға ауыстырып отырады.
Қолданушыларға ортақ сырттан ену мүмкіндігін беретін бағыттауыштарға қарағанда модем әр уақытта тек бір қосылуды қолдайды.
Сымсыз желілер.
«Сымсыз орта» тіркесі желіде сымның мүлдем жоқтығын білдіретіндіктен, түсініспеушілік тудыруы мүмкін. Шындығында, сымсыз компоненттер жіберу ортасы ретінде кабельдер қолданылатын желімен әсерлеседі. Осындай қоспа компоненттерден тұратын желіні гибридті желі деп атайды.
Сымсыз желілерді технологиясына байланысты үш типке бөлуге болады:
- локальды есептеу желілері;
- кеңейтілген локальды есептеу желілері;
- мобильді желілер (тасымалданатын компьютерлер) .
Бұл желілер типтерінің бір-бірінен негізгі айырмашылығы жіберу параметрлерінде болады.
Локальды есептеу желілері.
Локальды есептеу желілерінің құрылысы мен жұмыс істеу принципі жағынан кәдімгі желіге ұқсас, айырмашылығы тек жіберу ортасында ғана. Сымсыз желілік адаптер трансверлері әрбір компьютерде орнатылған және қолданушылар компьютерлері желісіне кабель арқылы қосылғандай жұмыс істей береді. Кейде ену нүктесі ( access point ) деп те аталатын трансивер өзара сымсыз қосылған компьютерлер мен желінің басқа бөлігін қосады. Сымсыз ЛЕЖ-де қабырғалық трансиверлер қолданылады. Ол тасымалданатын компьютерлер арасында радиоқосуды жүзеге асырады. Мұндай желілерді осы трансиверлер қолданғандақтан да толық сымсыз деуге болмайды. Сымсыз ЛЕЖ деректерді жіберудің төрт тәсілін қолданады:
- инфрақызыл сәулелену;
- лазер;
- тар спектрдегі радиожіберу (бір жиілікті жіберу) ;
- шашырған спектрдегі радиожіберу.
Инфрақызыл сәулелену.
Мұндай жүйелерде өте күшті сигналдарды жіберу қажет, ал кері жағдайда жарықтың басқа көздері едәуір әсер етеді. Бұл тәсілді инфрақызыл сәулесінің жиілігі өте жоғары болғандықтан, сигналдарды жоғары жылдамдықпен жөнелтуге мүмкіндік береді. Инфрақызыл желілер 10 Мбит/с жылдамдықты тіркеуге қабілетті.
Лазер.
Лазерлік технология жіберуші мен қабылдаушы арасында тікелей көруді талап етумен инфрақызылға ұқсас келеді. Егер қандай да бір әсерден сәуле үзілсе, деректерді жіберу процесі де тоқтайды.
Тар спектрдегі радиожіберу (бір жиілікті жіберу) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz