Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

І бөлім. Коммерциялық банктердің және банк емес ұйымдардың лизингтік операцияларының теориялық аспектілері
1.1 Лизинг түсінігі, ұғымы
1.2 Лизинг операцияның субъектілері мен объектілері
1.3 Лизингтік операцияларды қолдану ережелері

ІІ бөлім. Коммерциялық банктердің лизингтік операциялардың жүзеге асырылуына талдау
2.1 Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларына сипаттама
2.2 Лизингтіну қолданылуына талдау
2.3 Лизингтік операциялар сараптамасы

ІІІ бөлім. коммерциялық банктердің және банк емес ұйымдардың лизингтік операциялардың жағдайлары мен песрпективалары
3.1 ҚР коммерциялық банктердегі лизингтік операциялардың қазіргі жағдайы мен перспективасы
3.2 Коммерциялық банктердің лизингтік операциялардың кемшіліктері мен артықшылықтары

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстанның әлемнің 50 бәсекелестік елдерінің қатарына кіруі Стратегиясы туралы ҚР Президентінің жолдауындағы негізгі міндеттердің бірі - Қазақстан экономикасын әрі қарай жаңарту және диверсификациялаудың тұрақты экономикалық өсудің негізгі ірге тасы ретінде көзделуі де жай емес. Бұл стратегия Қазақстан экономикасының тек шикізат бағытында дамуының жеткіліксіздігін, яғни шикізат емес сектордың дамуына көңіл бөлу қажеттігін айқындады.
Қазақстан экономикасының шикізаттық бағытта дамып отырғандығын ескеріп, ҚР Үкіметі оның бағытын өзгерту жолында республикамыздың 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық стратегиясында еліміздің өндірістік секторындағы қызмет ететін негізгі құралдарды жаңарту міндетін белгілеген болатын.
Кеңес одағының тұсында қызмет етіп отырған кейбір құрал-жабдықтардың отандық өндіріс орындарында қолданылып келуі, бүгінгі қазақстандық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсеке қабілеттілігін арттыруға кері ықпал етіп отырғаны жасырын емес. Нақтырақ айтсақ бүгінгі отандық өндірістегі негізгі құралдардың 60-70 % ескі немесе тозған негізгі құралдар.
Өндірістік сектордағы құрал-жабдықтарды жаңартудың негізгі қаржыландыру түрі лизинг екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлттық экономиканы көтерудің басымды шаралардың біріне инвестицияларды пайдалану жатады және бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде сонымен қатар көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады деген болатын.
Осы жерде кәсіпорындарды орта және ұзақ мерзімді қаржыландырудың қазіргідей тиімді формасы лизинг бола алады. Лизинг қазіргі кезде қызмет жасайтын және жаңадан құрылатын лизинг алушылардың активтерін ұлғайтудың ең тиімді құралы болып саналады.
Әлемдік тәжірибеде бұл құрал шағын және орта бизнестің қолжетімді қаржыландыру көзіне айналған. Бастапқы кезде лизингтің дамуы үшін мемлекеттің қолдауы қажет екендігі белгілі. Мемлекет лизингтің дамуы үшін жасайтын қадамдарына салықтық жеңілдіктер және кеден бажынан босату сияқты шаралары бәсекеге қабілетті өндірісті дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Лизингтің дамуы үшін қолайлы макроэкономикалық және нормативтік ахуалдың болуы қажет. Экономикалық қатынастар тұрғысынан алғанда лизинг бұл өндіріске капитал инвестициялауға байланысты банктің қаржылық қызметтерінің біріне жатады.
Қазақстандағы лизингтік қызметтер нарығы 2000 жылдан бастап қана белсенді дами бастады. Бұл жерде лизингтік мәмілелердің басым бөлігі Қазақстандағы ауылдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған агроазық-түлік бағдарламасы төңірегінде үкіметтің бастамасымен 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен құрылған лизингтік компанияларға тиесілі. Қазіргі кезде Қазақстанда қаржылық лизинг сияқты қаржы нарығының бір секторы қалыптасып дамып отыр десе болады.
Қазақстан мемлекеті бүгінгі күні лизингтің дамуына үлкен көңіл бөлуде. Ең бастысы лизингтік қатынастардың дамуына қажетті заңдылықтар базасы жетілдіріліп, салық салуға байланысты жеңілдіктер жасалды.
Коммерциялық банктерде бүгінгі күні өздерінің лизингтік компанияларын құру арқылы және лизингтік операцияларды жүзеге асыру арқылы мұндай үрдістің дамуына біршама өз үлестерін қосуда. Қазіргі кездегі Қазақстандағы жұмыс жасайтын 20-дан астам лизингтік компаниялардың 8-і отандық коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың еншілес компаниялары болып саналады.
Лизинг бүгінгі әлемдік экономикалық дағдарыс жағдайында маңызы бар инвестициялық саясаттың құралы болып табылады. Лизингті дамытудың өзектілігі қазіргі кезде отандық кәсіпорындарды қаржыландырудың балама көзіне айналуымен сипатталады. Сондықтан да бұл қызмет түрі өзінің экономикалық табиғаты жағынан ұлттық экономикамыздың сауығуына және әрі қарай өркендеуіне үлкен үлес қосатын, ал екінші жағынан халықаралық деңгейде отандық өндірушілердің шетелдік серіктестермен жаңа байланыстар орнатуға, оны нығайтуға ықпал ететін қаржылық қызмет түріне жатады.
Лизинг - шетелден елімізге жоғарғы технологияларға ие құрал-жабдықтардың келуіне жол ашатын және кәсіпорынға қаржылық өтімділігін сақтай отырып, негізгі капиталға инвестиция жұмсаудың балама көзі.
Біздің ойымызша, отандық банктердің лизингтік компаниялары арқылы лизингті қаржыландырумен қатар банктер өздерінің де лизингтік операцияларын дамытуға көңіл аудару қажет.
Мұндай мәселелерді шешуде қазақстандық коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік қызметін дамыту және жетілдірудің маңыздылығы теориялық және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі.
Ендеше, коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік қызметін дамыту барысындағы жоғарыда аталған мәселелердің бүгінгі күнге дейін оң шешімін таппай отырғаны және олардың отандық ғылыми жұмыстарда терең де жете зерттелмей келуі, осы курстық жұмыстың тақырыбын таңдауға себеп болды.
Коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік операцияларын дамыту мәселелерін теориялық тұрғыдан оқып-білу, оның Қазақстандағы лизингтік қызмет көрсету нарығын дамытуға байланысты талаптарына қаншалықты жауап беретіндігі туралы өзекті мәселелер, өз кезегінде курстық зерттеу жұмысының мақсаты болып және оның басты міндеттерін анықтап отыр.
Курстық зерттеу жұмысының мақсаты және басты міндеттері:
Курстық жұмыстың мақсаты - лизингтік қызмет көрсету нарығында нарықтық қатынастарға сай қызмет ететін коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік операцияларын дамытудың қажеттігі мен маңыздылығын теориялық және әдістемелік тұрғыдан негіздей отырып, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы тәжірибелеріне талдау жасау, сондай-ақ коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік операцияларын дамыту және жетілдіру жолдарын іздестіру болып табылады.
Көзделген мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
oo банктердің лизингтік операциялары ұғымын нақтылау;
oo коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерін көрсету;
oo шетел тәжірибесіндегі коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік операцияларын зерделеу;
oo ҚР-ғы лизингтік қызметтер нарығындағы коммерциялық банктер қызметтерінің жағдайына талдау жасау және проблемаларды айқындау;
oo коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік операцияларын дамытуы арқылы экономиканың шағын және орта бизнестің дамуын қаржыландыру әдістерін жетілдіру жолдарын қарастыру;
oo коммерциялық банктер қызметіндегі лизингтік тәуекелді басқару әдістерін қарастыру.
Зерттеу пәні коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік операцияларының аясында қалыптасатын экономикалық қатынастар.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі жатады.
Зерттеу жұмысының әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік операцияларын дамытудағы орын алатын мәселелері туралы және оның тиімді қызмет етуінің экономиканы модернизациялау мен диверсификациялаудағы рөлін сипаттайтын зерттеулері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктерінің және ҚР Қаржылық қадағалау агенттігінің жылдық есеп деректері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік операцияларының дамуы жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды.
Коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік операцияларының дамуының теориясы мен тәжірибесіне қатысты мәселелер осы күнге дейін шетелдік ғалымдардың еңбектерінде басты орын алуда, атап айтсақ, Т.Кларк, В. Хойер, М. Гордон, В.Д. Газман, В.М. Джуха, Е. Кабатов, Е.Н. Чекмарев, В. А Перов, П.А. Анреев, О.И.Лаврушин, К.Р. Тагирбеков, Г.Г. Коробовой, В.И.Колесников, О.М.Марков, В.М.Усоскин, Е.Ф.Жуков, Е.Б.Ширинская және өзгелер.
Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы банктердің лизингтік операцияларының дамуының теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: К.Ә. Сағадиев, Қ.О. Оқаев, Ғ.С. Сейітқасымов, У.М. Искаков, Н.Н. Хамитов, Ж.О. Ихданов, А.С. Смағұлов, Т.Ә. Есіркепов, С.Б. Мақыш және т.б. еңбектерінде кездеседі.
Құқықтық негізіне ҚР Президентінің заңдары мен заң күші бар жарлықтары, ҚР Ұлттық банктің нормативтік құжаттары мен актілері және әр түрлі әдістемелік нұсқаулары жатады.
Коммерциялық банктердің және банктік емес ұйымдардың лизингтік қызметін зерттеу белгілі экономистердің еңбектерінде әр жақты құбылысты байқатып отыр. Сондықтан да, банктердің лизингтік қызметінің түсініксіз мазмұны және оның қаржылық-несиелік аспектілері, сондай-ақ оның қызмет етуі барысындағы орын алатын өзекті мәселелері және оларды ғылыми тұрғыдан оқып білу, бұл курстық жұмыстың тақырыбын анықтауға негіз болды.
Ғылыми жаңалығы:
oo лизинг және қаржылық лизинг терминдерінің ұғымы авторлық көзқарас тұрғысынан нақтыланды және лизингтің жаңа функциялары мен белгілері ұсынылды;
oo кешенді талдау арқылы қаржы лизингінің несиелік аспектілері жүйелендірілді;
oo Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының қызметінің дамуына әсер етуші факторлар айқындалды;
oo лизингтік мәмілелердегі тәуекелді басқару әдістерін жетілдірудің жолдары ұсынылды;
oo Қазақстандағы лизингтік операциялардың болашақтағы даму бағыттары айқындалды.
Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:
oo лизинг және қаржылық лизинг терминдерінің ұғымы авторлық көзқарас және оның экономикадағы атқаратын функциялары мен белгілері;
oo қаржылық лизингтің несиелік аспектілері мен олардың өзара байланысы;
oo екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының қызметінің қазіргі жағдайы мен даму үрдісі;
oo Қазақстандағы лизингтік операциялардың дамуына әсер етуші факторлар;
oo банктік лизингтік бизнестегі тәуекелдерді басқарудың қазіргі блок-сұлбасы.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Курстық жұмыста жасалған қорытындылар мен ұсыныстар екінші деңгейдегі банктердің лизингтік компанияларының несиелік қызметтерінде болашақта пайдалануы мүмкін.
Жұмыстың жалпы бағыттары мен зерттеу логикасы курстық зерттеудің ішкі біртұтастығы мен құрылымын анықтайды.
Зерттеу жұмысының ғылыми негізделген тұжырымдары мен ұсыныстары БТА ORIX Лизинг АҚ және Темірлизинг АҚ лизингтік компанияларының қызметтеріне енгізілді.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

І бөлім. Коммерциялық банктердің және банк емес ұйымдардың лизингтік операцияларының теориялық аспектілері
1.1 Лизинг түсінігі, ұғымы

Көптеген экономикалық әдебиеттерде лизинг ұғымы туралы ғылыми негізделген пікірлердің болғанымен де, оның банк қызметімен байланысты зерттелген тұстары сирек кездеседі.
Лизингтік компанияның өзін қаржыландыратын банктік мекемелерге тәуелділігінің нәтижесінде банктік капиталдың лизингтік бизнеске қатысуының жанама әдісі пайда болады.
Лизинг пен несие арасында айырмашылық бар. Несие беру саласында инвестиция кез келген кәсіпкерлік іс-әрекетке бағытталады, ал лизингте өндіріс іс-әрекетін дамытуға бағытталады. Несиелік келісімді жасау барысында мақсатталған қаражат шығынын бақылау қиындық туғызады, ал лизингте жалға нақты бір мүлік беріледі.
Сонымен қатар, бірінші жағдайда несиені қайтаруға және оны пайдаланғаны үшін пайыздық мөлшерлемені қайтаруға жүз пайыздық кепілдеме қажет, ал екінші жағдайда сол объектінің өзі кепілдеме болып саналатындықтан кепілдеме мөлшері лизингке сатылатын мүлік құнынан төмендетіледі.
Несиелік келісім жасау барысында иемденетін мүлік кәсіпорын балансында тіркеледі, ал лизингтік келісім жасау барысында иемденетін мүлік лизинг алушының немесе лизинг берушінің балансында тіркеледі.
Соңында несие төлемі кәсіпорын пайдасынан алынған салық төлемінен кейін қалған кірістен төленеді. Лизингтік төлемдер өнімнің өзіндік құнына енеді және ол салық төлемін азайтады. Қаржы лизингі кезінде лизингтік төлемді төлеу келісім-шарт соңына дейін жүзеге асады, тіпті ғылыми-техникалық прогрестің жетістігі лизингке алынған мүлікті моральды тозуға ұшыртады.
Қаржы лизингі несиенің бір нысаны ретінде қарастырылады. Халықаралық тәжірибеде қаржы лизингі - капиталды лизинг немесе лизингке берілетін активтің толық өзін-өзі өтейтін лизинг ретінде сипатталды. Қаржы лизингі жалгерлік, саудалық, несиелік және өзге де экономикалық қатынастар жиынтығын білдіреді. Бұл жерде қаржы лизингін несиенің нысаны ретінде, яғни оның қызмет етуімен және басқарылу ерекшелігімен байланысты несиелік қатынастар жиынтығы ретінде қарастырамыз.
Қаржы лизингінің несиелік қатынастары көп аспектілі және кең мағыналы болып келеді. Мұндай қаржылық лизингтің несиелік аспектілері мыналармен сипатталады (1-сурет):

1. Қаржылық лизинг - бұл ұзақ мерзімді несие түріндегі заемдық капиталға деген қажеттілікті қанағаттандырады
2. Қаржылық лизинг кәсіпорындардың заемдық қаражаттарға деген нақты да мақсатты қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандырады
3. Қаржылық лизинг автоматты түрде несиені толық қамтамасыз етеді және шығынды азайтады
9. Қаржылық лизинг бойынша кәсіпорын лизингке алатын активтің біртіндеп аммортизациясын жасайтындықтан да ондай актив бойынша негізгі қарызды қайтару қорын құру қажет етілмейді
4. Қаржылық лизинг бойынша тартылатын несиенің барлық көлемі салықтық жеңілдіктерге ие болады
8. Қаржылық лизинг лизингтелетін активтің жойылу құны есебінен несиенің құнын төмендетуді қамтамасыз етеді
5. Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты кең көлемді төлемдерді қамтамасыз етеді

7. Қаржы лизингі
банктік несиеге қарағанда несиенің оңайлатылған рәсімделу процедурасын сипаттайды
6. Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты төлем мерзімдерінде үлкен икемділікке ие
Қаржылық лизингтің несиелік аспектілері

Сурет 1 − Қаржылық лизингтің несиелік аспектілерінің сипаты

Ескерту - автормен құрастырылған.

1. Қаржылық лизинг бұл ұзақ мерзімді несие түріндегі заемдық капиталға деген қажеттілікті қанағаттандырады. Қазақстанның бүгінгі экономикалық даму жағдайында кәсіпорындарды ұзақ мерзімді банктік несиелеу мәселесі орын алып отырғаны белгілі. Бұл өз кезегінде кәсіпорындардың айналымнан тыс активтерін жаңартуға және олардың құрамын кеңейтуге байланысты инвестициялық қызметті жүзеге асыруды тежеуде. Сондықтан да осындай мақсаттарға қаржы лизингін пайдалану кәсіпорындардың ұзақ мерзімді несиеге деген қажеттіліктерін біршама қанағаттандыруға тиіс.
2. Қаржылық лизинг кәсіпорындардың заемдық қаражаттарға деген нақты да мақсатты қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандырады. Қаржы лизингін кәсіпорындардың айналымнан тыс активтерін жаңартуға және олардың құрамын кеңейтуге байланысты пайдалану, кәсіпорынға меншікті және қарыздық қаражаттар есебінен аталған үдерісті қаржылдандыру мәселесін толығымен шеше отырып, кәсіпорынның банктік несиелеуге деген тәуелділігін азайтады.
3. Қаржылық лизинг автоматты түрде несиені толық қамтамасыз етеді және шығынды азайтады. Ондай қамтамасыз ету нысанына лизингке берілетін актив жатады және оны кәсіпорын банкротқа қаржылық тұрақсыздыққа ұшырай қалған жағдайда несие беруші төленбеген лизингтік төлемдердің бір бөлігін және мәміле бойынша тұрақсыздық ақысын өндіріп алу мақсатында сатып жібере алады. Сонымен қатар мұндай қамтамасыз етудің қосымша нысанына лизинге берілген активтің лизингке алушының тарапынан міндетті түрде сақтандырылуы жатады. Мұндай мәмілеге сәйкес несиелік тәуекелдің төмендеуі тәуекел үшін алынатын сыйақыны төмендетіп, банктен алынатын несиеге қарағанда аталған несие формасын тарту құны азаяды.
4. Қаржылық лизинг бойынша тартылатын несиенің барлық көлемі салықтық жеңілдіктерге ие болады. Лизингтік төлемдер тартылатын несие бойынша негізгі қарыздың барлық сомасы аммортизацияны сипаттайтындықтан, олар кәсіпорынның салық салынатын пайда көлемін азайтады. Сонымен бірге лизингтік мәміледе лизинг берушіге қатысты салықтық жеңілдіктер де қолданылады.
5. Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты кең көлемді төлемдерді қамтамасыз етеді. Банктік несиеде негізгі қарыз ақшалай нысанда жүзеге асатын болса, ал қаржы лизингінде ақшалай төлемдермен қатар, өзге де нысандарда, айталық лизингтік активтік қатысумен алынған өніммен жабдықтау нысанында да жүзеге асуы мүмкін.
6. Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты төлем мерзімдерінде үлкен икемділке ие. Банктік несиеге қызмет ету және қарызды өтеу тәжірибесімен салыстырғанда қаржылық лизинг кәсіпорынға лизингтік төлемдерді лизингтелетін активтің қызмет ету мерзімінен байланысты кең көлемді диапазонды пайдалану мүмкіндігін береді. Осындай сипатына қарай қаржы лизингі кәсіпорын үшін ең жақсы несиелік құрал ретінде саналады.
7. Қаржы лизингі банктік несиеге қарағанда несиенің оңайлатылған рәсімделу процедурасын сипаттайды. Отандық және шетелдік тәжірибе көрсеткендей, лизингтік келісімшарт бойынша шығын және қажетті қаржылық құжаттар тізімі банктік несиелеуге қарағанда біршама аз болып келеді. Оған алынған несиенің көзделген мақсатқа қатаң пайдалану мен сенімді қамтамасыз етуінің болуы ықпал етеді.
8. Қаржылық лизинг лизингтелетін активтің жойылу құны есебінен несиенің құнын төмендетуді қамтамасыз етеді. Себебі, қаржылық лизинг бойынша лизингтің мерзімі аяқталғаннан кейін лизингтік актив толығымен лизинг алушының меншігіне өтетіндіктен, және оның толық амортизациясы жасалғаннан кейін лизинг алушы ол активті жойылу құны бойынша сатып жіберу мүмкіндігіне ие болады. Сөйтіп, лизингтік келісім-шарттағы несие бағасынан жойылу құнының сомасы шегеріледі.
9. Қаржылық лизинг бойынша кәсіпорын лизингке алатын активтің біртіндеп аммортизациясын жасайтындықтан да ондай актив бойынша негізгі қарызды қайтару қорын құру қажет етілмейді. Өйткені қаржы лизингінде негізгі қарызға қызмет ету және оның амортизациясын жасау бірқатар жүзеге асырылатындықтан да лизингтік мерзім аяқталған кезде лизингтік актив бойынша негізгі қарыздың сомасы нолге тең болады. Бұл кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен қарызды қайтару қорын құру мәселесінен толық босатады.
Қаржы лизингінің жоғарыда аталған несиелік аспектілері кәсіпорынның экономикалық дамуын қамтамасыз етуге арналған заемдық капиталды тарту үдерісінде біршама тартымды несиелік құралы ретінде анықтайды.
Қазақстандағы лизингтің дамуы көп қырымен Еуропадағы лизингтің қалыптасуына ұқсас. Қазақстандағы алғашқы лизингтік компаниялар да Еуропадағы секілді қаржыландыру жобасы бар банк қарамағында пайда болды. Лизингтік компаниялардың негізгі клиенттері даму сатысында банктің корпоративтік клиенттері болды.
Қазіргі таңда Қазақстанда 20 лизинг компанияларының реті жұмыс істейді, олардың сегізі жергілікті банктердің компаниялары болып табылады және олардың үлесіне лизингтің жалпы үлесінің 51% тиеді де, 26% КазАгроФинанс лизинг компаниясының үлесіне тиеді.
Қазақстанда қызмет ететін лизингтік компанияларды мынадай белгілеріне қарай жіктеуге болады (2-сурет).

Қазақстандағы лизингтік компаниялар құрылымы
Мемлекеттің
100
қатысуымен құрылған лизингтік компаниялар

ЕДБ-дің қатысуымен
құрылған еншілес лизингтік компаниялар
Сауда-өнеркәсіптік палаталарының құрамына кіретін лизингтік компаниялар
Шетелдік капиталдың қатысуымен құралған лизингтік компаниялар

Сурет 2 − Қазақстандағы лизингтік компаниялар құрылымы

Ескерту - автормен құрастырылған

Мұндағы мемлекеттік лизингтік компанияларға КазАгроФинанс және БРК-Лизинг компаниясы жатады.
Екінші деңгейдегі банктердің еншілес компаниялары ретінде құралған лизингтік компаниялар: Альянс Лизинг АҚ; БТА ОRIX Лизинг АҚ; Халық Лизинг АҚ; Центр Лизинг ЖШС; НурИнвест Лизинг ЖШС; Темірлизинг АҚ; АТФ Лизинг АҚ; Альфа Лизинг Компаниясы ЖШС.
Қазақстандағы ЖІӨ-гі лизингтің үлесі туралы мәліметтер 1-кестеде берілген.

Кесте 1 − ЖІӨ-гі лизингтің үлесі

Көрсетікіштер
01.01.2006ж.
01.01.2007ж.
01.01.2008ж.
01.01.2009ж.
ЖІӨ-гі лизингтің үлесі, %
0,28
0,40
0,44
0,52
Негізгі қорларға салынатын инвестициялар көлеміндегі лизингтің үлесі, %
1,01
1,53
1,52
1,86
Ескерту - ҚР статистика агенттігі материалы негізінде құрастырылған

Қазақстан қаржылық лизинг нарығының алдағы уақытта қарқынды дамуын көрсететін барынша ұқсас қаржылық қызметтер нарығы бар ТМД елдері арасында ЖІӨ көлемінде лизингтік қызметтің ең аз үлесін алып отыр.
Қазақстандағы лизингтік нарықтың даму негізі 2000 жылы Қаржы лизингі туралы заңның қабылдануымен байланысты болды. Лизинг нарығы қаржы нарығының ең бір тез дамып отырған нарығының біріне жатады. 2002 және 2008 жылдар аралығында лизингтік операциялар көлемі 75 есеге өскен (3-сурет).
Лизингтік нарықтың мұндай қарқынмен дамуы өндірістің негізгі құралдарының жоғары дәрежеде тозуы, жаңа өндірістің дамуы, алдыңғы жылдардағы қарқынды құрылыстың дамуымен, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен тікелей байланысты.
Бірақта, Қазақстанда біршама лизингтік операциялардың көлемі өскенімен, лизинг негізгі құралдардың жаңаруын қаржыландырудың толық қанды құралына айнала алмай отырғандығы жасырын емес. Сарапшылардың бағалауынша лизингтік операциялардың көлемі 2002 жылы 22 млн. АҚШ долларын құраса, ал 2008 жылы оның көлемі 1 600 млн. АҚШ долларына жуық шаманы құраған.

0
200
400
600
800
1000
1200
1400
1600
1800
2002
2003
2004
2005
2006
2007
2008
Жылдар
мың АҚШ долларымен

Сурет 3 − Лизингтік операциялардың жалпы көлемі,
мың АҚШ долларымен

Ескерту - ҚР статистика агенттігі материалы негізінде құрастырылған

2008 жылы лизинг арқылы негізгі құралдарға салынған инвестициялардың сомасы 6,2 құрады. Ал Германияда аталған көрсеткіш 18 , Ұлыбританияда 38 , Швецияда 28 және Ирландияда 25 құрап отыр. Халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, аталған бизнестің біздің елімізде болашағының барлығына күмән келтіруге болмайды.
Лизингтік қызметті құқықтық жағынан қамтамасыз ету міндетті түрде керек, бірақ лизинг даму шарты жеткіліксіз. Лизингтік сектордың қалыптасуы - жұмыс істеуді қажет ететін экономикалық шарттарға тәуелді және алғашқы кезекте кіші және орта кәсіпкерлікті инвестициялаудың қаржылық институттардың мүмкіндіктері.
Қазақстан үшін экономикалық өсуде соңғы үш жылда жоғары қарқын көрсетілген, кәсіпкерлік құру мен инвестиция тартудың негізгі механизмінің бірі лизинг болу керек, бұған оның барлық жетістіктері бар. Лизинг дамуының оптималды шарты Қазақстанда жергілікті өнеркәсіп пен инвестиция көлемін лизингтен ортақ дүниежүзілік пропорцияға дейін әкелді. Алайда Қазақстандағы лизинг секторының өсуі бүгінгі күні оның потенциалымен саластыруға келмейді. Оның себебі - қаржы ресурстарына шектеулік, сонымен бірге лизинг механизмі арқылы кіші және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру көп инвестиция қажет етеді.
Ендігі жерде лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің нарықтық экономика жағдайындағы мәні
Коммерциялық банктердің актив және пассив операциялары
«Лизинг- инвестицияның қысқа мерзімді қаржыландырудың әдісі ретінде»
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері
Коммерциялық банктер қызметтері
Банктердің қызметтері және операциялары
Банктердің халықаралық операциялары
Коммерциялық банктердің операциялары мен қызметтері туралы
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Банктің қаржы жағдайы, оны бағалау және банк операцияларын басқару (АҚ «Нурбанк» Алматы қ.мысалында)
Пәндер